Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

БЖД Нуржан

.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
211.97 Кб
Скачать

Өміртіршілік қауіпсіздігі

  1. Қосалқы станцияда еңбек шартына талдау жасау.

Еңбек шарттары адамның денсаулығын және жұмыс қабiлетiн анықтайды. Жұмыс шартының жағдайы өндiрiстiк факторлардың болуымен анықталады.Өндiрiс орындарында көптеген факторлар бар. Физикалык өндiріс факторларына: - қозғалмалы механизмдер, өндiрiс жабдықтарының қозғалатын бөлiктерi, орын ауыстыратын бұйымдар, жұмыс орнының орналасуының жерден айтарлықтай биiктiктегi өткiр жиектерi, жоғары шаңдылық және ауаның газдануы; - жабдықтар беттерiнiң, ауаның температурасының жоғарылауы; - шу деңгейiнiң жоғарылауы, дiрiл жатады. Еңбек шартын талдау өндiрiс факторларын зерттеудiң барлық кешенiн болжайды.Әр әсер ету параметрiн өлшеу әдiсi сәйкес нормативтi кұжаттармен және әр түрлi әдiстермен, мысалы практикаға пайдалы дәлдiкпен дерексіз сандарда көрсетiлген мәдердi қолдана отырып, эксперттiк (мамандық) әдiспен регламенттенедi. Мұнда шарттың әр элементi оның түрiне және жұмыс iстеп тұрған адамға әсер ету уақытындағы қандай да бiр бал санымен бағаланады.

Қосалқы станция қоршаған ортаға әсерін тигізеді, олардың негізгілері: электромагниттік өріс, радио кедергі, трансформаторлар шу көздері және жер асты қабірларына майдың ағуы.

Тіршілік ету әрекеті мен еңбек кауіпсіздігі - адамзаттың ғылыми және тәжірибелік мүдделерінің басым жақтарының бірі болып табылады. Жарақаттану және кәсіби ауруларды болдырмайтын қауіпсіз және тиімділігі жоғары еңбек жағдайларын жасау еңбек өнімділігін арттыруға негізделген мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады.

Жаңа техникалар енгізу және арнайы құрылғылар қолдану, жұмыстың технологиялық процестерін жетілдіру және, еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі бойынша ұйымдастыру шараларын өткізу цехте өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулардың азаюына мүмкіндік туғызады.

Қосалқы станцияның электр бөлігіндегі еңбек жағдайларын талдау объектілері: технологиялық процестер және электр жабдықтар, еңбек операциялары және өндірістік жағдай болып табылады. Өндірістік жағдайларды талдау өндірістік санитария мен еңбек гигиенасының тақырыбы. Өндірістік жағдай қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс қабілеті мен көңіл күйіне әсерін тигізіп, оны шаршау және кәсіби ауруға ұшыратып, апаттық жағдайлардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

Еңбек шартын талдау өндіріс факторларын зерттеудің барлық кешенін болжайды.Жұмыс кезіндегі өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулар себептерін үш топқа бөлуге болады: техникалық, ұйымдастыру және санитарлык техникалық. Жұмыс орнының қолайлылығы еңбек өнімділігін арттырады, адам денсаулығына да пайдалы. Жұмыс күйі қозғалыс сипатына байланысты. Сондықтан, жұмыс орнын жоспарлаған кезде, қызметкер қолайлы шарттарда минимум жеңіл, өндірісті және қауіпсіз қозғалыстарды жасау керек. Өндірістегі қауіпсіз және денсаулыққа кері әсер етпейтін еңбек шарттары басшылардың еңбекті қорғауды дұрыс ұйымдастыруына байланыста болады. Басқару обьекті ретінде жұмыс орнындағы жағдайды қалыптастыратын техникалық қызметтер мен бөлімшелер қарастырылады.

Электр машиналар, трансформаторлар, светильниктер, аппараттар және басқа да тоқ көзін өткізбейтін бөлшектер корпусқа қысқа тұйықталу болған кезде, кернеу астында болуы мүмкін. Егер корпус жерленген болса, кернеу кіші мәнге ие және адам өміріне қауіпсіз. Адам өміріне қауіпсіз кернеу -36 В және 6 А құрайды.

Әуе электр беріліс желілерінде жұмыс үш категорияға топталады:

  • өшірілген желіде жұмыс басқа да жұмыс істеп тұрған желіден алшақ;

  • өшірілген желіде жұмыс, басқа да жұмыс істеп тұрған желіге жақын;

  • желідегі кернеу астындағы жұмыс.

Өшірілген желідегі қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін басқа да оған қатысты ӘЭБЖ сөндірлген желі жерге қосылған болу керек. Сондықтан, сөндірілген желідегі жұмыс, жерге қосып қана қоймай қосалқы станцияның кезекші жалпы ережелерге сәйкес, жөндеу бригадасы жұмыс істеу учаскісінде бір немесе бірнеше қосымша жерлендіру керек. Олардың арақашықтығы бір-бірінен 2 м-ден кем болмауы керек.

Кернеу астында жұмыс істегенде, қауіпсіз жағдай болуы мүмкін егер, адам денесінен тоқ өткізгіш арасындағы потенциал жоқ болған кезде. Сондықтан, адам жерден де тоқ өткізгіштерден де оқшаулану керек.

Электр қауіпсіздігі – бұл адамдарды электр тоғының, электр доғасының, электромагнитті өрістің, статикалық электрліктің зиянды және қауіпті әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық шаралардың жүйесі.

Адам денесі арқылы өтетін электр тоғы жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етуі мүмкін. Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылулыққа ауысуы кезінде байқалынылады және терінің, бұлшықеттердің, қан тамырларының қызуын тудырады. Тоқтың биологиялық әсері бұлшықеттердің тартылуынан байқалынады. Электромагниттік әсер ету электр тоғы қанның ұйыуын тудырады және оның құрамын өзгертеді.

Электрлік күйулер электр тоғымен жылулық әсер ету кезінде пайда болады. Ең қауіпті болып электрлік соққының әсерінен пайда болған күйулер табылады, себебі оның температурасы 3000 0С – дан жоғары болуы мүмкін.

Адам денесі арқылы өтетін тоқ электр қондырғының кернеуінен, адамның қосылу сұлбасынан, нейтрал режимінен, жерге қатысты электр торабының сыйымдылығынан және кедергісінен тәуелді.

Электр қондырғының кернеу өтіп жатқан жеріне адамның жанасуын екі және бір полюсті деп бөледі. Екі полюсті жанасу дегеніміз кернеу өтіп жатқан қондырғының екі полюсіне бір уақытта жанасу. Бір полюсті жанасу деп бір полюскежанасуды айтамыз.

Егер электр қондырғы айнымалы тоқта жұмыс істесе, онда мұндай жанасулар сәйкесінше екі және бір фазалы деп аталынады. Сымның жерге тұйықталу кедергісі көп болған сайын, адам денесі арқылы ағатын тоқ соғұрлым аз.

Осылайша талдау, нейтралы оқшауланған үш фазалы тораптарда қалыпты жұмыс кезінде бір фазалы жанасу нейтралы жерге терең тұйықталған тораптар-ға қарағанда азырақ қауіпті, ал апаттық жағдайда – керісінше екенін көрсетті. Сондықтан оқшаулама кедергісін жеткілікті жоғары деңгейде ұстап тұру мүмкіндігі болса, онда нейтралы оқшауланған тораптарды пайдаланған дұрыс, егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда нейтралы жерге терең тұйықталған торап-тарды қолданады.

Қазақстандағы электрлендірудің шапшаңдығы электр жеткізу (ЭЖЖ) желілерінің ұзындықтарының тез өсуі мен олардың номиналды кернеуінің жоғарлауына байланысты. Желімен жылына 40 млрд.кВт·сағ энергия таратылуы мүмкін, ал тоқтың экономикалық тығыздығы j, А/мм2 бойынша фазаның қимасы – 2400-3000 мм2.

Одан басқа аса жоғары кернеулі ӘЭЖЖ қоршаған кеңістікте электр магнит өрісін, ал жерде – кезбе тоқтарын тудырады. Электр магнит өрісі (ЭМӨ) жағымсыз (кедергі жасайтын және кейде адамдар мен аппараттарға қауіпті) тоқтар мен байланыс желілерінде, радио-телекоммуникацияда, жерлендіру құрылғыларында, көлік құралдарында, құбырларда және т. б. кернеулерді индукциялайды. Адамның ӘЭЖЖ мен қосалқы станциясының қасында ұзақ уақыт болуы денсаулығына кері әсерін тигізеді.

ӘЭБЖ электр магнит өрісінің биологиялық әрекетін экспериментті зерттеу, оның организмге жағымсыз әрекеті электр өрістің кернеулігі 5 кВ/м жоғары болғанда туатынын көрсетті. Одан жоғары кернеуліктер, мысалы, 20кВ/м организмде физиологиялық ауытқулар мен бұзылуларға әкеп соғады. Өрістің кернеулігінің үлгілік максималды мәндәрі кестеде көрсетілген.

Жердің магнит өрісі – қоршаған ортаның толық өтімді, толық қамтитын факторы. Оның аясында планетамыздағы организмдердің көпғасырлық эволюциясы өткен. Геомагниттік өрістегі өзгерістер негізінен күннің активтілігіне байланысты. Жердің магниттік өрісі барлық тірі организмдерге, соның ішінде адамдарға да әсерін тигізеді. Сонымен магниттік боран кездерінде жүрек аурулары көбейеді, қан қысымы жоғары адамдардың жағдайы нашарлайды.

2 Диспетчер бөлмесіндегі жарықтануды таңдау, жасанды жарықтану eceбi

Жарықтың екі түрі бар:

- Табиғи жарық;

- Жасанды жарық.

Табиғи жарықтандыру жарық саңылаулары арқылы іске асып, жұмыс орындарын жарықтандыру деңгейінің талаптарына сәйкес болу керек.

Табиғи жарықтандырылмайтын бөлмелерде ПЭЕМ өндірістік пайдалану қажеттілігі Мемлекеттік санитар – эпидемиологиялық органдары мен мекемелері келісімі бойынша ғана іске асырылуы керек.

ПЭЕМ бөлмелердегі жасанды жарықтандыру жалпы біркелкі жүйесі арқылы орындалу керек. Құжатармен жұмыстар жүргізілетін әкімшілік-қоғамдық орындарда аралас жарықтандыру қолданған дұрыс, жалпы жарықтандыруға құжаттар жатқан аймақты жарықтандыруға арналған жергілікті жарықтандыру шамдары қосылады.

ПЭЕМ жұмыс орындарында жарықтандыру тік (экран жазықтығы) және көлденең (құжаттармен жұмыс аймағындағы стол жазықтығы) бойынша қалыпқа келтіріледі. Қалыпқа келтіру бөлмедегі табиғи және жасанды жарықтандырудан тәуелсіз абсолютті бірлік арқылы есептелінеді (люкс). Құжаттармен жұмыс аймағындағы столдың көлденен жазықтығындағы аралас жарықтандыру 500 лк – тен кем болмау керек (сонымен бірге жалпы жүйеден жарықтандыру 300 лк – тен кем болмау керек). Аралас жарықтандыру жоқ кезде столдың көлденең бетін жарықтандыру (жасанды және табиғи) 400 лк-тен кем болмау керек. Экрандағы жарықтандыру (көлденен жазықтықтағы) 200 лк болу керек. Дискомфорт көрсеткіші 25 – тен аспау керек, әкімшілік-қоғамдық ғимараттағы жарықтандыру пульсация коэффициенті 10% – тен, өндірістік орындардағы жалпы жасанды жарықтандыру көздерінен ауырлық көрсеткіші 20 – дан артық болмау керек.

Жарықтандыру көздерінен жарқырауды шектеген дұрыс, сонымен қатар көзге көрінетін жарқырайтын беттердің жарықтылығы (терезелер, шамдар және т.б.) 200 кд/кв.м – ден артық болмау керек.

Жұмыс орындағы шағылу жарықтылығын заттардың (экран, стол, клавиатура) шамдар түрін таңдау және жұмыс орынының жасанды немесе табиғи жарықтандыру көздеріне байланысты орналастыру арқылы шектейді. Бұл кезде төбенің жарықтылығы шағылытын жарықтандыру жүйесінен қолданғанда 200 кд/кв.м-ден аспауы керек.

ПЭЕМ қолданушының көз алдындағы жарықтылық біркелкі емес таралуының шектеу қажет, бұл кезде жұмыс беттері жарықтылықтың арасындағы қатынас (стол:экран) 3:1–5:1, ал жұмыс беттері мен қабырға беттері және қондырғылар арасындағы 10:1-ден аспауы керек.

Әкімшілік – қоғамдық және өндірістік орындарда шағылысатын жарықтандыратын құралдар ретінде күші 250 Вт дейін металл-галогендік лампаларды қолдануға рұқсат етіледі. Жалпы жарықтандыру шамдарын үзік немесе біртұтас тізбек түрінде қолданушының ПЭЕМ жанында отырғанда көзіне параллель, ал жұмыс орынына бүйір жанынан орналастыру керек. Компьютерлерді периметр бойынша орналастыру кезінде шамдарды операторға қатысты алдынғы жаққа орналастырған дұрыс.

ПЭЕМ орналасқан орындарды жарықтандыру үшін пульсация коэффициентін төмендетуге арналған жоғары жиілікті реттегіш аппаратармен (ЖЖРА) жабдықталған айналы торлы ЛПО36 сериялы шамдарын қолданған дұрыс. Шашыратқышсыз және экрандағыш торларсыз шамдарда пайдалануға болмайды. Көп лампалы шамдарда ЖЖРА-лы шамдар жоқ кезде немесе жалпы жарықтандыру шамдарын қатар орналасқан болса, оларды үшфазалы жүйенің әртүрлі фазаларына қосу керек. 6-шы қосымшада қолданылатын шамдар типтері келтірілген.

Жалпы жарықтандыру шамдарының жарықтылығы сәулелену бұрышының аймағында 50 ден 90 градус тік бойлық және көлденең жазықтықта 200 кд/кв.м-ден аспауы керек, ал шамдардың қорғауыш бұрышы 40 градустан төмен болмау керек.

Жергілікті жарықтандырудың шамдары 40 градустан кем емес қорғауыш бұрышы бар көрінбейтін шағылдырғышы болу керек.

Жалпы жарықтандыруға арналған жарықтандырғыш құралдар үшін қор коэффициенті(КҚ) 1.4-ке тең деп аламыз.

Жарықтылықтың қалыпты мәніне жету үшін ПЭЕМ қолданатын орындарда терезе шынылары мен шамдарды жылына кем дегенде екі рет тазалап, күйген шамдарды уақытында ауыстыру керек.

Кесте 3 – Жұмыс орындарындағы жарықтандыру деңгейі

Бақылау нүктесі

Жарықтандыру (табиғи, жасанды), лк

Жарықтандыру КЕО,%

Араластырылған жарықтандыру, лк

Стол, клавиатура (Г)

400

1,5

500

Экран(В)

300

-

300

Бөлмедегі жасанды жарықтандыру, жарықтың техникалық талаптарына сай болуы керек.

Жұмыстың жарықтандырылуын ұйымдастыру үшін, жарық көзі ретінде люминесцентті лампалар және қызу лампалары қолданылады. Көбіне люминесцентті лампалар қолданылады, себебі олар электр энергияның аз шығынымен бірқалыпты жарықтандыруды және жақсырақ жарық жіберуді қамтамасыз етеді. Яғни, ол көзге жақсы әсер етеді. Жарықтың спектральды құрамы табиғи күндізгі жарыққа жақын болуы тиіс, ол сәйкес люминесцентті лампалардың іріктеп алуымен қамтамасыз етіледі. Ең қолайлысы бір қатарда орналасқан, жалпы бірқалыпты жарықтандыруы бар ЛА (ақ түс) типті лампалары болып табылады.

Шамдарды таңдаған және орналастырған уақытта, төбенің жарық шағылысу икемділігі ескерілуі қажет.

Жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру үшін, қуаты жоғарырақ және кіші габаритті лампалар қолданылады. Жұмыс орнын жарықтандыру мына жағдайда ұйымдастырылуы керек. Жарық көзге тура түспеу керек. Көлеңке болмау керек. Жарықтылықтың бірқалыпсыз таралуы болмауы керек.

Шамдардың соқыр қылу әсерінен қашу үшін, мыналарды есте ұстау қажет:

шамдардың іліну биіктігі нормаларға сәйкес болуы керек;

шамдарға жергілікті жарықтандыруға шағылатын материалдар орнату керек;

жылтыр беттерден шағылудың пайда болуын жою керек;

жарық ағындарын сақтау мақсатында шамдарды үнемі шаң тозаңнан тазартып тұру керек;

Өндіріс орындарындағы жасанды жарықтандырудың есебін жүргізу үшін, мына мәліметтерді еске алу керек:

жұмыс орындағы ең кіші жарықтандыру, Emin=300 лк;

жұмыс орнының нормалды жарықтандыруы, En=400 лк.

Бөлме сипаттамасы

- ұзындығы – 10 м; ені – 8 м; биіктіг – 5 м

-жұмыс беті – 1 м

-разряд зрительной работы – III, в

Диспетчерлік бөлмелерде жарықтандырудың нормасы – 150 лк. Мұнда люминесцентті ЛБ типті ақ лампалар қолданылады, шам ЛД типті ұзындығы 1240 мм құрайды.

Жұмыс бетінен шамның іліну биіктігі h=1,5м. Шам мен қабырға арасындағы аралық 1 = 4 м. Екі көршілес шамның ара қашықтығы 0,76 м.

Сурет 8.1 Шамдардың орналасу сұлбасы

Нүктелік әдіс бойынша жарықтығы минимал нүктені таңдаймыз. Біздің жағдайда сыртқы қабырғадан 7,5 м қашықтығындағы нүкте.

Енді сол нүктеге 1, 2, 3 және 4 шамдарының түсіретін шартты жарықтығын есептейік:

мұндағы I -  бұрышы бағытындағы жарық күші, кд;

 - есептік нүкте бағытындағы жарық күші мен шамнан жұмыс бетіне бағытталған вертикаль арасындағы бұрыш.

мұндағы d – есептік нүктеден жарық көзіне дейінгі қашықтық.

Нүкте № 1:

, ,

Жарық күші кд

Шартты жарықтану

Нүкте №2:

, , .

Жарық күші

Шартты жарықтану

Нүкте №3:

, ,

Жарық күші

Шартты жарықтану

Нүкте №4:

.

,,

Жарық күші

Шартты жарықтану

Шартты жарықтықтың жалпы қосындысы

Горизонталь жарықтық

мұндағы - шамның жарық ағыны;

- шағылысу кезіндегі жарықтықтың көбеюін ескеретін коэффициент;

- қор коэффициенті.

ЛБ шамының жарық ағыны 65Вт үшін 3120 лм тең, шамның ішінде 2 дана жарық көзі.

Бұл мән жарықтықтың жеткіліксіз екендігін көрсетеді. Енді қолдану коэффициенті әдісі арқылы шам сандарын есептейік.

Бөлме индексі

мұндағы А – бөлме ұзындығы;

В – бөлме ені;

h – есептік биіктік.

h = H – hраб пов – hсвеса

h = 5,5-1,5-1=3 м

Қажетті шам саны:

Мұндағы - минимал жарықтану;

- аудан, м2;

Z – біркелкі емес жарықтану коэффициенті z = 1,1;

- жарық ағыны;

 - қолдану коэффициенті.

пот=70%, ст=50%, п=30%.

Бөлме индексі

i=2,824 кезіндегі қолдану коэффициенті =72%.

Диспетчерлік бөлме үшін жарықтық 150 лк тең, біз жарықтандырған 30 лк бар.

Қосымша жарықтандыру ретінде 4 дана газразрядты жарық көздерін қондырамыз 40 Вт, олардың жарық ағыны 3120 лк тең, ұзындығы 1213,6 мм. ЛД типті шам түрін аламыз 1240 мм.

Енді жалпы шамдар санын ескеріп, оларды қабырғадан 2,5 м, өзара 3 м қашықтықта орналастырамыз.

3.Қосалқы стансаның қауіпсіздік шараларын талдау

Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам өліміне де әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.Өрт дегеніміз – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Бұл жұмыста қосалқы станцаның өрт қорғанысы қарастырылған. Өрт қорғанысы тәулік бойы кезекшілік атқарады. Өрт сөндіру көліктеріне қажетті жөндеулер мен регламенттік жұмыстар жүргізіліп отырады. Қосалқы стансасы мен басқа да объектілері біріншілік өрт сөндіру жабдықтарыме жабдықталған.Өрт сөңдіргіш бұрышы анық көрінуі үшін қызыл туске боялған және өрт кауіпі төндірілуі мумкін жерде орналасуы керек.

Қосалқы стансада тарату құрылғылары автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қорғалған.Барлық объектілерге объектілік өрт нұсқаулары орындалған. Қосалқы стансаларда және объектілерде келесідей журналдар жүргізілген: «Қоймаларды, зертханаларды және басқа орындарды жұмыс соңынан жабар алдында тексеру», «Тұрақтағы көліктерді тексеру», «Біріншілік өрт сөндіру жабдықтарының күйін бақылау журналы». Жұмыс соңынан бөлмелер мен жұмыс орындарының кілттері күзетшіге өткізіледі. Қосалқы стансаларда бекітілген оперативті өрт сөндіру жоспары бар, айрықша жауапты жабдықтарға оперативті өрт сөндіру карточкалары жасалған.

Қосалқы стансада құрылыс нысандарын, сондай-ақ кабельді байланыстарды құрастыру кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар мен талаптар жобада ескерілген. Ондағы ашық бөліктегі кабель арналарының трассалары бір арнада әр түрлі кернеу жалғаныстары болмайтындай етіп қарастырылған, ал жеке кабельді магистральде өрт шыққан жағдайда тұтынушылардың әр түрлі функционалды топтарын ажырату қарастырылған.Трансформатор бүлінген жағдайда майдың ағып жайылуының және өрттің таралуының алдын алу үшін майды жабық майжинауышқа жіберетін майтартқыш тораптары орындалған. Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.

Өрттен қорғанудың мақсаты — өрттердің алдын алу үшін ең тиімді, экономикалық жағынан пайдалы, техникалық жағынан дәлелденген тәсілдер мен құралдарды іздестіру және өрт сөндірудің техникалық құралдары мен күштерді тиімді пайдалана отырып, өртті аз шығынмен тоқтату.

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:

қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);

өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).

Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді.Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді.Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды.

1-сурет.Өрт сөндіру шкафы және өрт сөндіру құралдары

Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген.

Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады.Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады.

Соседние файлы в предмете Основы безопасности жизнедеятельности