Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
merdigerlik keis.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
34.61 Кб
Скачать

2.2 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.

Тұрмыстық мердiгерлiк. Бұл шарт мердiгердiң тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейдi. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша олардың нәтижесi зат болып келмейтiн жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуi осы сипатта болады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секiлдi бiр тарабы болып тұтынушы қатысады.88888888

Тұрмыстық мердiгерлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 640-650 баптарымен реттеледi. Сонымен бiрге Қазақ КСР “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” заңы қолданылады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарының белгiлi бөлiгi 1996 жылғы 20 қыркүйектегi №9/7 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мем-лекеттiк комитетiнiң Қаулысымен бекiтiлген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiмен реттеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты ерекшелiгiнiң үлкен бөлiгi оның тұтынушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келедi. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бiрқатар нормалар Азаматтық Кодекстiң өзiнде де бар.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi-бiр жұмысты орындауға

мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.9999999999

Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бiрге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.

Тұрмыстық мердiгерлiк шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актiлерiнде немесе шартта, оның iшiнде формулярлар ережелерiнде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi.

Жұмысты орындауға берiлген тапсырыста (шартқа немесе бекiтiлген нысандағы құжатта) мыналар көрсетiлуi тиiс: орындаушының заңды мекен-жайы; тапсырысшының тегi және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзiм, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзiмi, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткiзген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлерi, орындаушы мен тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тiзiмi, бағасы және саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшiн қажет екенi көрсетiледi), жөндеуге берiлген заттың зауыттық нөмiрi және өзге де реквизиттер. Түбiртектегi бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердiгерлiк шарты жазбаша нысанда жасалатынын бiлдiредi. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактiсiн немесе оның ережелерiн растауда куәгерлiк айғақтарға сiлтеме жасау құқығынан айырмайды.

Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердiгерлiк шартының мiндеттi талабы (елеулi жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндегi нормаларға сәйкес жасалатын мердiгерлiк шартында да сияқты елеулi жағдайларға нысана

(орындалатын жұмыс туралы) және жұмысты орындау мерзiмдерi туралы жағдайлар жатады.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкiн. Және жетон, талон, кассалық түбiртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкiн. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердiгердiң эскизi бойынша немесе үлгiлерi бойынша қабылданады. Оның қолымен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бiр уақытылы мердiгермен келiсу нәтижесiнде үлгiлерден және (немесе) жұмыс орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкiн. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмiрi мен денсаулығына, қауiпсiздiгiне және оның мүлкiне, қоршаған ортаға зиян келмеуi тиiс.

Тапсырыс рәсiмделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын шектейтiн болса, ол Қазақ ҚСР-ң “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың бағасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi, бiрақ ол мердiгер жариялаған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек.1001010

Құрылыс мердiгерлiгi

Мердiгерлiк шарттың қарастырылып отырған түрi оның құқықтық өзгерiстерiн бастан өткiзген. Социалистiк экономиканың дамуының алғашқы кезеңдерiнде құрылыс мердiгерлiгi сөзсiз мердiгерлiк шарты болып қарастырылған.1 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгiзiлген РСФСР Азаматтық кодексiнiң 220-235-баптарында және РСФСР-дың Азаматтық кодексiнiң 235-бабының 5-қосымшасы болып табылатын “Мемлекеттiк мердiгерлiк және жеткiзiлiм туралы” Ережелерде мердiгерлiк жұмыстардың барлық түрлерiн реттеу үшiн арналған жалпы мәндегi нормалар болған. Көрсетiлген соңғы нормативтiк актпен