Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

zhm_2014EKZ_surak

.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
166.4 Кб
Скачать

429.Респираторлы - синцитиальды вируспен туғызған инфекциялар кезінде екіншілік бактериальды инфекциялар қосылуы жиынтығы немен түсіндіріледі:

430.Полиовирустардың жұлынның мотонейрондарына тропизмі:

431.Тұмау вирусының беткей антигендері:

432.Бездерге тропты вирус:

433.Вирустың жаңа антигенінің пайда болуына әкелетін:

434.Тұмау вирусының біріншілік репродукциялану орыны:

435.Тұмау вирусының қарсытектік айырмашылығын анықтайтын реакция:

436.Антигендік құрамы тұрақты вирус

437.Тұмау вирусының пішіні:

438.Тұмаудың этиотропты емі:

439.Тұмау вирусының қай компонентіне организмде қорғаныстық антидене синтезделеді:

440.Бельский-Филатов-Коплик дақтары болатын инфекция:

441.Құтырудың арнамалы алдын алу үшін қолданатын вакцина:

442.Құтыруды айғақтайтын патоморфологиялық белгі:

443.Құтыру вирусының табиғаттағы резервуары:

444.Энтеровирус туысының өкілі:

445.Полиомиелитпен ауратын адамдармен қарым - қатынаста болған адамдарға алдын алу үшін қолданылатын препарат:

446.Полиомиелиттің зертханалық анықтау әдістері:

447.Полиомиелит вирусын идентификациялау үшін қолданылатын препарат:

448.Полиомиелит вирусын бөліп алуға қолданылатын зерттеу материалы:

449.Полиомиелиттен кейін қалыптасатын иммунитет:

450.Полиомиелиттің белсенді алдын алуға қолданылатын препарат:

451.ЖИТС АИВ инфекцияның қай сатысы:

452.АИВ- тың мөлшері ең көп бөлінді:

453.Адам иммундық тапшылық вирусының сыртқы қабатының типоспецификалық белоктарын кодтайтын ген:

454.ВИЧ геномындағы гендер саны:

455.АИВ қай тұқымдастыққа жатады:

456.АИВ зақымдайтын клетка:

457.Герпес вирустарының қасиеттері:

458.Пішіні оқ тәріздес вирус:

459.Организмде латентті түрде ұзақ сақталатын вирустар:

460.Аденовирустарға тән қасиеттер:

461.Аденовирустардың басқа вирустардан айырмашылғы:

462.Клетканың қандай структураларында аденовирустардың ДНҚ-ның репликациясы және вириондардың жинақталуы өтеді:

463.Гепатит В-вирусының антигені:

464.Гепатит В- вирусының нуклеин қышқылының типі және тұқымдастығы:

465.Дейн бөлшегі деген не:

466.Гепатит В вирусының жұғу жолы:

467.Ретровирустар тұқымдастығына жататын вирус:

468.С- типті онкорнавирустардың қасиеті:

469.Екінші топқа жататын баяу инфекциялардын қоздырғыштары:

470.Баяу инфекциялардың сипаты:

471.Санитарлық көрсеткіш микроб:

472.Туберкулездің таралуының ең басты себебі:

473.Су арқылы берілмейтін ауру:

474.Гепатит В вирусы келесі тұқымдастыққа жатады:

475.Полиомиелиттің арнамалы алдын алуы:

476.Вирустардың суперкапсиді – бұл:

477.Қышқылға төзімді бактерияларды бояуға арналған әдіс:

478.Құлақ аймағындағы сілекей бездерінің зақымдалуымен жүретін вирустық инфекция:

479.Гонококкалар тудыратын ауру:

480.Тұмау вирусы келесі тұқымдастыққа жатады:

481.Кофе дәні пішінді микроорганизм:

482.Ревматизм дамуына себепші микроорганизмдер:

483.Антропонозды инфекция:

484.Гепатиттің қай вирусы нәжіс – ауыз механизмімен тарайды:

485.Іш сүзегі патогенезінің бірінші фазасы:

486.Тырысқақ вибрионының негізгі патогендік факторы:

487.Жедел соз ауруын анықтаудың негізгі әдісі:

488.АИВ (ВИЧ) инфекциясы қай тұқымдастық вирусымен қоздырылады:

489.Клетка дақылдарын қолдану мақсаты:

490.Бактериофагтар паразиті:

491.Туберкулез қоздырғышы тыныс алу типі бойынша:

492..Тұмау вирустарын ажыратуы келесі реакция арқылы жүргізіледі:

493.Гепатит В ауруында зерттеу материалы:

494.Тауық ұрығында вирустарды анықтау әдіс:

495.Онкогенділігі ең жоғары гепатит вирусы:

496.Энтеробактерияларды ажырату қай орталарда жүргізіледі:

497.Шартты-патогенді микроорганизмдердің этиологиялық ролінің микробиологиялық белгілері:

498.Микроорганизмдердің убиквитарлығы-бұл:

499.Оппортунистік инфекциялардың негізгі анықтау әдісі:

500.Инфекция көзін анықтау үшін қоздырғыштардың келесі қасиетін анықтайды:

501.Микробтар оппортунистер-бұл:

502.Эпидемиялық таралуға аса биім тұмау вирусы типі:

503.Құтыруға күдікті ит неше күн бақылануы керек:

504.Нозокомиалды инфекциялардың ерекше айырмашылығы:

505.Шартты-патогенді микроорганизмдердің патогенділігі дамуына және көрінуіне жасалатын жағдайдың бірі:

506.Риккетсияларды өсіреді:

507 .«Інжу – алқа» белгісі қандай микроорганизмді анықтау үшін ќолданылады:

508.Стрептококкты сепсис кезінде қанды қандай қоректік ортаға себеді?

509.Лактозаны баяу ыдырататын шигелла:

510.Стафилококктарды өсіруге арналған элективті орта:

511.Тырысқақ вибрионы үшін элетивті қоректік орта:

512.Ботулизм токсині анықталатын реакция:

513.Ботулизм токсині тропты орган, жүйе:

514.Ең жоғары токсигенді бактериялар:

515.Энтеротоксин түзетін бактериялар:

516.Қандай инфекцияларға микроскопиялық зерттеудің нәтижесіне сүйеніп диагноз қоюға болады:

517.Бейспоралы анаэробты инфекцияның дамуына бір себеп:

518.Стафилококкалардың патогенділігін анықтайтын тест:

519.Бейспоралы облигатты анаэробтарға жатады:

520.Бейспоралы облигатты анаэробтардың тіршілік ету ортасы:

521.Колонизациялық төзімділік - бұл:

522.Аурухана ішілік инфекцияның алдын алу үшін:

523.Бейспоралы анаэробты инфекцияның болжам бактериологиялық белгісі:

524.Бейспоралы анаэробты инфекцияны емдеуге және алдын алуға арналған препарат:

525.Жедел ішек ауруларының бәріне ортақ белгі:

526.Қазіргі күнгі туберкулездің микробиологиялық проблемасы:

527.Гона ошағы, лимфаденит, лимфангит –бұлар:

528.Туберкулез микобактериясының вируленттілігін анықтау жолы:

529.Іш сүзегінің патогенезі:

530.Табиғи ошақты зооноз:

531.Соз қоздырғыштары:

532.Валютин дәндері бар микроорганизмдер:

533.Анилин бояғыштарын нашар қабылдайтын микроорганизмдер:

534.Спора түзбейтін микробтар:

535.Стрептококктардың жағындыда орналасуы:

536 .Сілтіге және спиртке төзімді бактерия:

537.Туберкулез микобактерияларын бояудың негізгі әдісі:

538.Шотмюллер таяқшасы қоздыратын ауру:

539.Қазақстан аумағының 38% қай зооноздың табиғи ошағы?

540.Құрамында капсулалық қарсытегі бар микроб:

542.Миелокультураны зерттеуге алынатын материал:

543.Биполярлы боялатын микроорганизм:

544.Грек тілінен аударғанда түйреуіш тәрізді деп аталған бактериялар:

545.Күл таяқшасының улығын анықтауға арналған реакция:

546.Коли-инфекция басқаша:

547.Энтероинвазивті ішек таяқшалары туғызатын аурулар:

548.Стафилококктың патогендік факторының бірі:

549.Стационар жағдайында шектелген немесе жайылған іріңді қабынулардың ең жиі себебі:

550.Көкжөтелдің қоздырғышы:

551.Асқазанмен он екі елі ішек жарасының себебі деп табылған бактериялар:

552.Клостридиоздардың токсин типін анықтайтын әдіс:

553.Сіреспе көп тараған географиялық аймақ:

554.Облигатты аурухана ішілік инфекциялар қоздырушы:

555.Риккетсияларды өсіруге арналған орта:

556.Саңырауқұлақтарды өсіруге арналған қоректік орта:,

557.Қандай ауруды анықтау үшін Видаль серологиялық реакциясын қолданады:

558.Бүргелер тасымалдаушы болатын ауру:

559.Соз ауруы кезінде арнамалы алдын алу шаралары:

560.Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдердің басты сипаты:

561.Трансмиссивті инфекция:

562.Алапес кезінде аллергиялық жағдайды қай сынама көмегімен анықтайды:

563.Топырақтың жақында нәжіспен ластанғанын дәлелдейтін санитарлық-көрсеткіш бактерия:

564.Клостридиалды анаэроб:

565.Туляремия қоздырғышы:

566.Сарып ауруының арнамалы алдын алуына қолданатын вакцина:

567.Патогенді стафилококкаларды патогенді емес стафилококкалардан ажыратуға қолданатын белгі:

568.ЖИТС ауруы әдетте келесі жолмен жұғады:

569.ТСА (тұзды сары уызды агар) қоректік ортасында S-формалы колониялар пайда болды. Колониялар ақ түсті, көлемі орташа, жылтыр, бұлттанған аймақпен көмкерілген. Микроскопиялағанда қозғалыссыз грам оң боялатын коккалар анықталған, олар жүзім шоғыры тәрізді орналасқан, талшықтарымен мен капсуласы жоқ,сондай-ақ, каталазды, плазмокоагулазды, ДНҚ-азды белсенділіктері анықталды. Бактериялардың қай түріне бұл аталған белгілер тән ?

570.Энтероколит болжам диагнозы қойылған жаңа туған нәрестенің нәжісін ТСА (тұзды сары уызды агар) қоректік ортасына сепкеннен кейін онда S-формалы колониялар пайда болды. Колониялар ақ түсті, көлемі орташа, жылтыр, бұлттанған аймақпен көмкерілген. Бұл сипатталған көрініс қай қоректік ортада болады?

571.Нәрестелер патологиясы бөліміне түскен жаңа туған нәрестенің жағдайы өте ауыр. Бүкіл денесі «қайнаған су шашып» күйдірген сияқты. Дәрігер баланың ата-анасына бұл клиникалық көрініс эксфолиатин деген бактерия уына байланысты деп түсіндірді. Бұл уды қай микроб бөледі?

572.Науқастың қанын бактериоскопиялық тәсілмен тексергенде грам оң, жоғарланып орналасқан коккалар табылды. Олар тұзды сары уызды агарда дөңес, ластанған тәрізді, жылтыр, сарғыш түсті, бұлт тәрізді аймақпен көмкерілген колониялар түзе өсті. Қанды агарда колониялардың айналасы толық гемолизденген. Биохимиялық белсенділігі: каталаза – оң, коагулаза – оң, оксидаза – теріс, сахара.., магнитті, маинозаны ферменттерге қабілетті. Науқастан бөлінген қай микроорганизм?

573.Қанды агарда колониялардың айналасы толық гемолизденген. Сорпада жақсы өседі, өсу әуелі сорпаны тұтас лайландырып, содан кейін босаң түйіршіктер түрінде түбіне шөгеді. Биохимиялық белсенділігі: каталаза – оң, коагулаза – оң, оксидаза – теріс, сахара.., магнитті, маинозаны ферменттерге қабілетті. Бұл биохимиялық, культуралды белгілер стафилококктардың қай түріне тән?

574.26 жастағы науқас қалалық ауруханаға терапевтік бөліміне «Жедел пневмония» диагнозымен түсті. Науқастың қақырығы бактериологиялық зертханаға жіберілді. Микроскопиялық зерттеуде ланцент тәрізді грам оң боялатын, капсуламен көмкерілген диплококктар байқалды, бұл белгілер қай вариантқа сәйкес?

575 .«Жедел пневмония» диагнозымен ауруханаға отыз жасар әйел түсті. Науқастың қақырығы бактериологиялық зертханаға жіберілді. Микроскопиялық зерттеуде ланцент тәрізді грам оң боялатын, капсуламен көмкерілген диплококктар байқалды. Бұл қоздырғыштың берілу жолы

576.Ер адам жыныс мүшесі ауырып, зәр бөлу аса ауырсынумен жүретініне шағымданып емханаға қаралды. Зәр бөлу каналынан қанды іріңді бөлінді байқалады.Бөліндіні әуелі қандай әдіспен зерттеген дұрыс.

577.7 жасар бала сырқаттанған. Сырқат бала денесінің қызуына, әлсіздікке, бас ауруымен жұтынғанда тамағының ауруына шағымданады. Сырқат баланы қараған дәрігердің байқағаны – бадамша бездерінің ұлғаюы мен қызаруы, тіл эритемасы, мұрын-ерін ұшбұрышының бозаруы, ішінде, жамбасында, аяғы мен қолының ішкі бетінде ұсақ-алқызыл бөртпелер. Дәрігер скарлатина диагнозын қойды.Қоздырғышты көрсетіңіз:

578.Анаэробты жарақат инфекциясын туғызатын қоздырғыштардың ішіндегі сіреспе ауруының қоздырғышынан бөлінетін экзотоксин:

579.Жарақат бөліндісінен дайындалған жағындыда грам оң, қозғалыссыз, капсулалы субтерминалды орналасқан споралы таяқшалар анықталды. Споралардың диаметрі таяқшаның өзінен артық. Бұл аталған белгілер төмендегі микроорганизмдердің қайсысына тән?

580.Сал ауруына қарсы вакцина жасауға үлкен ықпал еткен тарихи тұлға:

581.Үй құрылысында еңбек ететін 20 жасар жігіт жарақат пунктіне көмекке жүгінді. Жарақаттанушыны қарағанда анықталғаны – арақтан мас болғаны, сан жілігінің сынуы, санының жұмсақ тіндерінің жаншылуы, жарақаттық шок. (естен тану). Жарақат бөліндісінен дайындалған жағындыда грам оң, қозғалыссыз, капсулалы, орталық орналасқан споралы таяқшалар анықталды. Морфологиялық белгілер қай бактерияға тән?

582.Жұқпалы аурулар клиникасына А. есімді сырқат әйел асқазан тұсының ауруына, лоқсу мен құсуға, бас ауруына, үстіңгі қабағының түсуіне диплопияға (заттардың қосарланып көрінуі) шағымданып түсті. Белгілі болғаны - әйел үйде консервіленген саңырауқұлақ жеген. Сырқаттың нәжісінен грам оң боялатын қозғалғыш, шетіне жақын (субтерминалды) орналасқан споралы (теннис ракеткалары тәрізді) бактериялар бөлінген. Науқастан бөлінген қай микроорганизм?

583.25 жасар М. деген ер адам фельдшердің кеңесіне жүгінді. Үш апта бұрын жеңіл жүрісті әйелмен жыныстық қатынаста болған. Қорғанбаған. 10 күн өткен соң әйелдің ЖИТС-пен ауыратынын естіген. Иммуноферментті талдау әдісімен анықталатын АИВ-тың маркерлік антигені қайсысы?

584.1,5 айлық нәрестенің қанынан полиовирустардың үш типіне қарсы IgG тобының қарсы денелері анықталды. Бұл сал ауруынан қорғайтын иммунитет қай иммунитет түріне жатады?

585.Қатерлі ісікке шалдығып, сәулемен емделгеннен кейін науқаста ауыз қуысында ауырсыну, қырнау сезімдері пайда болды. Ауыз қуысын қараған кезде шырышты қабаттың қызарғаны, ісінгені, ұртында, тілінде қалың жамылғы байқалды. «Кандидозды стоматит» диагнозы қойылды. Тілінен жұғынды алып микроскопиялағанда Candida ашытқы саңырауқұлақтары табылды. Саңырауқұлвқтар қай препаратқа сезімтал

586.25 жасар М. деген ер адам фельдшердің кеңесіне жүгінді. Үш апта бұрын жеңіл жүрісті әйелмен жыныстық қатынаста болған. Қорғанбаған. 10 күн өткен соң әйелдің ЖИТС-пен ауыратынын естіген. Қандай зертханалық тәсілмен АИВ-инфекцияға тексеріс жүргізіледі?

587.Бірнеше күн бұрын 30 жасар ер адам жол апатынан көптеген жарақат алды. Осыдан кейін оған «газды гангрена» диагнозы қойылды. Қандай зертханалық тәсілмен жарақат инфекциясын жылдам анықтауға болады?

588.М. деген 26 жасар науқаста өкпе туберкулезінің ашық формасы. Қандай зертханалық тәсіл жылдам және нәтижелі?

589.В. есімді сырқат ауруханаға «Төменгі ерін мерезі» диагнозымен түсті. Қатты шанкрдан алынған материал бак. зертханаға жіберілді. Жағындыны қай әдіспен бояйды?

590.Тұмауға күдікті нақастың мұрын-жұтқыншақ қуысынан шәйінді алынды. Экспресс-диагностка үшін қай тәсілді қолданған дұрыс:

591.Бак.зертханаға шиқан шыққан аурудан материал (ірің) түсті. Бактериологиялық реттеу нәтижесінде іріңнен алтын түсті стафилококк бөлінді. Патогенділік фактор лецитиназалық белсенділікті анықтауға қоздырғышты қай ортаға себеді?

592.Ақтөбенің қонақ үйінің бірінде жуық арада Үндістаннан келген саяхатшы ауырып қалды, науқастың қызуы көтеріліп, құсып, іші ауырып, іші өтті. Науқас тырысқақ диагнозымен ауруханаға салынды. Нәжіс микроскопиясында үтір тәрізді, грам теріс таяқшалар табылды. Тырысқақ вибриондарын дақылдандыру үшін қай қоректік орта қолданылады?

593.Жұқпалы аурулар ауруханасына А.есімді 20жасар науқас ауруының екінші күні «Сальмонеллез» диагнозымен жатқызылды. Жедел ауырды, ауруды жеген жұмыртқамен байланыстырады. Іші ауырды, қызуы көтеріліп, қалшыл пайда болды, басы ауырады, күніге 5-6 рет іші өтті. Қызуы 38-39С. Микробиологиялық зерттеу нәтижесінде қай микроб бөлінуі мүмкін?

594.25 жастағы науқастан Видал агглютинациялау реакциясы арқылы ауру қоздыратын энтеробактериялар анықталды. Бактерия тасымалдаушылықпен аурудың созылмалы түріне ауысуына қарай қосымша қандай зерттеу тәсілін жүргізген дұрыс деп ойлайсыз?

595.50 жасар кісінің санынан бұралқы ит қапқан. Дәрігерге қаралмаған. 6 айдан соң қайтыс болған. Патологанатомиялық тексеру кезінде миының қыртысты қабатынан Бабеш-Негри денешіктері табылған. Бұл аурудың алдын алу үшін қай препарат тағайындалуы керек еді?

596.Н. есімді науқас тері-венерологиялық диспансерге қайта түскенде денесін түгел бөртпе басқан және әлсіздікке, тершеңдікке шағымданды. Вассерман реакциясы оң болды. Аурудың денесінен қатты шанкр анықталмады. Қосымша микроскопиялық зерттеуге қандай материал алған дұрыс?

597.30 жасар әйел 3 ай бұрын еркекпен жыныстық қатынаста болған. Ауырып, өз бетінше емделген. Жатыр мойынан алынған жағындыдан грам теріс бұршақ тәрізді диплококктар табылды. Олар лейкоциттердің ішінде, одан тыста орналасқан. Ем үшін қандай препарат қолданған дұрыс?

598.5 жасар сәбиді ата-анасы жарақат пунктіне алып келді. Ол аулада ойнап жүріп тат басқан шегеге аяғын жарақаттап алған. Ол балаға қандай препарат еккен дұрыс?

599.Инфекциялық ауруханаға 14 жасар жасөспірім түсті. Клиникалық көрініс жалпы интоксикациямен, бауыр ауру белгілерімен, көзінің, терісінің сарғаюымен сипатталды. Қандай серологиялық зерттеулер жүргізу қажет?

600.Бет-жақ хирургиясы клиникасына бет-жақ аймағының одонтогенді флегмонасымен науқас түсті. Флегмонаны жарғанда өткір шірік иісті ірің бөлінді. Микроскопиялық зерттеу кезінде байқалған микроорганизмдердің пішіні түсініксіз, оларды ЕПА сепкенде өсінді болмады. Қоздырғыштың түрін жылдам анықтау үшін қосымша қандай зерттеу жүргізген жөн?

601.Ауруханаға келген науқас жыныс мүшесінде осыдан бірнеше күн бұрын пайда болған жараға шағымданды. Бұдан 3 апта бұрын ол дұрыс танымайтын әйелмен жыныстық қатынаста болған. Жарадан бөлінген бөліндіден қозғалғыш, спирал тәрізді, 8-12 иректен тұратын микробтар анықталды. Морфологиясы бойынша олар қай бактерияларға ұқсайды?

602.Әйелде әдетке айналған түсік тастау. Жыныс жолдарынан көп мөлшерде бөлінді байқалады. Бөліндіні микроскопиялық зерттеу барысында ұсақ, топтасқан, жасуша ішілік түзілістер (ретикулярлық денешіктер) анықталды. Диагнозды дәлелдеу үшін сезімталдығы жоғары қандай қосымша зерттеу жүргізу қажет?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]