
- •1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму
- •1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері
- •2. Экономикалық өсудің негізгі модельдері
- •2.1. Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі
- •2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі
- •2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы
- •2.4. Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу
2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі
Экономикалық өсуге анализ жасағанда, неоклассиктер біріншіден, өнімнің бағасы барлық өндіріс факторларымен жасалады; екіншіден, өндірістің әрбір факторы өнімнің бағасан жасауға барлық шектік өнімдермен сәйкес өзінің үлесін қосып, осы шекті өнімге тең табыс көреді; үшіншіден, өнім өндіруге қажетті өнім мен ресурстар арасында сандық байланыс болғандықтан; төртіншіден, факторлардың дербестігі мен өзара ауыспалдығынан шығады. Неоклассиктердің моделі бірфакторлы неокейнсиандыққа қарағанда, көп факторлы болып келеді.
Экономикалық теорияда ex ante және ex post ұғымдары экономикалық процестердің алдын алғы (мүмкін инвестициялар, қорлар) сатыларын және деректі нәтижелер сатысын (іске асқан инвестициялар, тиімді жасалған қорлар) шектеу үшін қолданылады.
ҒТР экономикалық өсу теориясындағы зерттеулерге қуатты демеу берді. Интенсивті типке көшу ҒТР-дың экономикалық өсуге және оның қарқынына қосқан үлесін ойлауды талап етті.
Осы құбылыстарды зерттейтін неоклассикалық модель кең тараған Кобб-Дугластың өндірістік функцияларына негізделген. 1928 жылдың өзінде-ақ американдық ғалымдар – экономист П.Дуглас және математик Ч. Кобб әр түрлі өндіріс факторларының өндіріс көлемін немесе ұлттық табысты ұлғайтуға қандай үлес қосатындығын бағалай алатын макроэкономикалық модельді жасады. Бұл функция мынадай түрде болады:
Ү=AK L, мұндағы Ү - өндіріс көлемі, К – капитал, L – еңбек, А, α және β - өндіріс функциясының параметрлері немесе коэффициенттері: А – қатынастық коэффициент; α және β – еңбек және капитал шығындары бойынша өндіріс көлемінің икемділігінің коэффициенті. Негізгі капиталдың динамикасы, жұмысшылардың істеген адам-сағатының статистикалық негізінде 1899-1922жж. аралығында АҚШ-тағы өңделетін өндірістік өнімнің көлемі арқылы Ч. Кобб пен П. Дуглас эмпиристік жолмен өндірістік функциялардың келесі параметрлерін анықтады: Ү= 1,01х К0,25х L5.
Кейінірек Коббс-Дугластың өндірістік функциясы жаңа фактор – техникалық прогрестің енгізілуімен өзгерген болатын. Бұл амалды ең алғашқы болып голландық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Ян Тинберген қолданды.Оның өзгертуінен кейін формула келесі түрге түрленді:
Y= AK L1 e.
e – уақыт факторы. Уақыт факторын енгізу тек қана жиынтық сандық емес, сапалық өзгерістерді де көрсетуге мүмкіндік берді.
Одан кейінгі өндіріс функцияларының анализі американдық экономисттер Р. Солоу, Дж. Мид, Э. Денисон және тағы басқалардың атымен байланысты.
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы
ХХғ 70-жылдарының басында шарасыз, қоғамның даму беталысы сақтала тұрса да, кейбір экономисттер болмай қалмайтын «әлемдік апат» концепциясымен шықты. АҚШ-тың Массачусет технологиялық институтының зерттеу группасының профессоры Медоузаның басшылығымен «Рим клубының» «Өсудің шектері» докладында Жердегі адам санының тез өсуімен, инвестициондық товар өндірісінің дамуының және тез таусылып келе жатқан табиғат ресурстарының арасындағы қарама-қарсылықтың өсуіне байланысты «жалғасып келе жатқан экспоненциалдық өсудің әрбір күні әлемдік жүйені осы өсудің шегіне итермелейді... біздің планетаның физикалық шектері туралы біліміміздің негізінде өсу фазасы жақын жүз жыл ішінде аяқталатынын білеміз.» (Meadows D. Et al., the limits to growth. N.Y., 1972, p. 183). Автордың ойынша, «өсу шектеріне» жету халық санының апатты қысқаруымен, қоршаған ортаның бұзылуымен аяқ басып жүреді. Бұл жағдайда, автордың ойынша, жалғыз шешім «нөлдік өсуді» қолдау болып табылады.
«Нөлдік өсуді» жақтаушылар техникалық прогресс пен экономикалық өсу өмірдің бірқатар теріс құбылыстарына: қоршаған ортаның ластануына, өндірістік шуға, улағыш заттардың тасталуына, қалалардың келбетінің бұзылуына алып келетіндігін айтады.Өндіріс процесі табиғи ресурстарды тек қана түрлендіретіндіктен, уақыт өткеннен кейін олар қоршыған ортаға қалдық түрінде тасталады.Бұл өсудің түрін жақтаушылар экономикалық өсу әрқашан да өмір сүрудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алмайтындығын айтады.