Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Техникалы аза тілі (жмыс бадарламасы).doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
693.76 Кб
Скачать

5.3. Сөж тақырыптары және оларды орындаудың әдістемелік ұсыныстары

Тақырыптар

Әдістемелік ұсыныстар

1.

Атылғыш заттар мен арттыру құралдарын таңдау.

Тау жыныстарын жару үшін атылғыш заттарды таңдау жолдарына, оның топтары мен класқа бөліну түрлеріне жұмыс жасау.

2.

Ұңғы бұрғылауда жүргізілетін негізгі операциялар, олардың классификациясы.

Ұңғылардың жіктелу түрлеріне тоқталып, олардың әрқайсысының не үшін пайдаланатынына тоқталу.

3.

Металлургиялық кәсіпорындар.

Қазақстандағы металлургиялық кәсіпорындардан мәлімет дайындау.

4.

Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы.

Геологияның адам өміріндегі маңызына, оның барлық салаларын жаңа техникамен жабдықтау, барлау, іздеу жұмыстарын автоматтандыру, механикаландыру мәселелері төңірегенде жұмыс жасау.

5.

Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері.

Қазақстанда кітап шығару қай уақыттан бастау алады, алғаш не басылды, баспагерлер мен полиграфистерден кімдерді білесіздер? Сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу.

6.

Компьютердің пайдасы мен зияны.

Баспасөз материалдарын қарау, интернетпен жұмыс жасау, әдебиеттерді оқып, мәтін әзірлеу.

7.

Интернет және жастар.

Газет-журналдар, мерзімді баспасөз, интернет желісі материалдарын пайдаланып, пікір-сайыс ұйымдастыру.

8.

Ақпараттың ғұмырлылығы және оның ерекшелігі.

Аталған тақырып төңірегінде әңгіме қозғап, ой-пікірлерді ортаға салып талқылау, талдау.

9.

Мұнайды қабылдап алатын, сақтайтын және өткізу шараларын жүргізетін резервуарлардың жабдықтары.

Резервуарлар қандай жабдықтармен жабдықталады, олар нені қамтамасыз етеді? Осы және басқа сұрақтарды негізге алып, сұрақ-жауап құрастыру.

10.

Мұнай газдарының түрлері және олардың айырмашылықтары.

Мұнай газдарының қандай түрлері болады және олардың бір-бірінен айырмашылықтары неде? Сұраққа жауап беру үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып, ой бөлісу.

11.

Құрылыс материалдары өнеркәсібі.

Тақырыпқа қатысты ғылыми, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, реферат жазу.

12.

Қолөнер – мол өнер.

Т.К.Бәсеновтың кітабында көрсетілген сәулеттік өрнектердің түрлерін жазып, атауларын меңгеру, оларға түсініктеме беру.

13.

Қазақстанның Ұлттық банкі.

Нақты бір коммерциялық банк немесе Ұлттық банк туралы ақпарат, мәлімет жинастырып, мәтін құрастыру.

14.

Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері.

Экология ғылымдарына қатысты басылымдарды, ақпарат құралдары материалдарын пайдаланып, реферат дайындау.

15.

Қазақстандағы машина жасау технологиясының даму тарихы.

Ғылыми зерттеулерге, тарихи дерекетерге сүйеніп, аталған тақырыптқа материал дайындап, топта талқылап, талдау.

6. Пән бойынша оқ-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету к а р т а с ы

Әдебиеттердің атаулары, авторлары, шыққан жылы

Пайыз көрсеткіші

Кітапханада – 85 %

Сырттан – 15 %