
- •ТүсінІктемелік жазба
- •5В070800 - Мұнайгаз ісі мамандығы
- •Дипломдық жоба
- •5В070800 - Мұнайгаз ісі мамандығы бойынша
- •5В070800 - Мұнайгаз ісі
- •Дипломдық жобаны орындауға Тапсырма
- •Кестесі
- •Қолтаңбалары
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •1 Геологиялық бөлім
- •1.1 Геологиялық – экономикалық жағдайлар
- •1.2 Ауданның геологиялық-геофизикалық зерттелу тарихы
- •1.3 Стратиграфия
- •1.4 Тектоника
- •1.5 Мұнайгаздылығы және мұнайгаздылық перспективасы
- •1.6 Сулылығы
- •1.7 Ұңғыма қазуда кездесетін шиеленістер аралықтары
- •1.8 Керн және шлам алу аралықтары
- •1.9 Өнімді қабаттарды ашу және игеру
- •1.9.1 Қабаттарды игеру тәсілдері
- •1.9.2 Өнімді қабатты ашу әдістері
- •1.10 Геофизикалық зерттеулер
- •Керн көрсеткіштерінде қатынастық құрастыру қажет
- •2. Техникалық - технологиялық бөлім
- •2.1 Бұрғылау тәсілін таңдау және негіздеу
- •2.2 Ұңғыма конструкциясын жобалау және негіздеу
- •2.2.1 Шегендеуші тізбек және қашаулардың диаметрлерін таңдау
- •2.3 Бұрғы тізбегінің құрылымын жобалау; Бұрғы құбырлар
- •Төзімділікке есептеу
- •2.4.1 Жуу сұйығының түрін таңдау және оның параметрлерін әр тереңдік аралықтары үшін тағайындау
- •Жуу сұйығының барлық түрі үшін саздың, судың, химиялық
- •Бұрғылау ерітіндісі компоненттерінің сомалық мөлшері 2.6 кестеде келтірілген.
- •2.4.4 Ұңғыма жуудың гидравликалық есебі
- •Бұрғылау құбырларында сұйықтың ағу тәртібін салыстыру жолымен анықтаймыз VкрменVф.
- •2.6 Бұрғылау тәртібінің параметрлерін жобалау
- •2.6.2 Бұрғылау тәсіліне байланысты әр бір аралық үшін жуу сұйығы шығынын жобалау
- •2.6.3 Қашауға берілетін өстік салмақ пен және оның айналу
- •2.7 Ұңғыманы бекіту
- •2.7.1 Пайдаланушы тізбекті жобалау және есептеу
- •2.7.2 Шегендеуші тізбектерді түсіруге дайындық жұмыстар
- •2.7.3 Цементтеу тәсілін таңдау және тізбектерді цементтеуге есептеу
- •2.7.4 Цементтеудің гидравликалық есебі
- •2.7.5 Аралық және пайдалану құбырлар тізбегінің төменгі құрылмалары
- •2.8 Ұңғымаларды игеру
- •Ұңғыны цементтеу үшін қолданылатын кері қайтару қақпақша
- •3 Еңбекті қорғау бөлімі
- •3.1.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •3.2 Қорғаныс шаралары
- •3.2.1 Жалпылама шаралар
- •3.2.2 Өндірістік санитария
- •3.2.2.1 Жалпылама шаралар
- •3.2.2.2 Өндірістік шағын климат
- •3.2.2.3 Өндірістік жарықтама
- •3.2.3Техника қауіпсіздігі
- •3.3 Қоршаған ортаны қорғау
- •5 Экономикалық бөлім
- •5.1 Ұңғы құрылысы кезіндегі жұмысты ұйымдастыру
- •5.2 Ұңғыны бұрғылауды және бекітуді бағалаудың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
1.8 Керн және шлам алу аралықтары
Жобаланған барлық барлау ұңғымаларында керн алу жоспарланған. Олар көлемі және аралықтары геофизикалық зерттеулер нәтижелеріне байланысты анықталған, № 51, 52 ұңғыларда сынау нәтижелері алынған. Барлау ұңғымаларында алу Ю-VII, Ю-VIII өнімді қабаттарында және перспективті коллекторлар қабаттарында жүргізіледі. Орта юра шөгінділері – 2645-271м аралығында.
«Недр» аспабымен сынама алу қиманың литология және стратиграфиясын зерттеу үшін, құрылымдық құрылысын нақтылау және тау жыныстарының өткізгіштікпен экрандау қасиеттері тұралы алдын-ала ақпарат алу үшін алдын-ала қарастырылады.
Керн алумен 70м көлемінде бұрғылау жүргізіледі, бұл ұңғының жобалық тереңдігінің 2,5% -ын құрайды. Керн алу 60% -дан төмен болмауға тиіс. Мұнай көріністері байқалмаса, онда керн алу мұнайгазкөріністерінің толығымен жоғалуына дейін барады. Бұрғылау үрдісінде құбырларда әр бір 200м-ден кейін бақылаулы өлшеу жүргізіледі.
Өнімді қабаттан алынған сынамалар жұмыс орнында белгіленіп, парафинленіп, аудан, ұңғыма нөмері, сынама нөмері, алынған аралық және анализ түрі көрсетілетін этикеткамен қамтамасыз етілуі қажет.
Керн алу аралығы 1.2 кестеде келтірілген.
1.2 – кесте - Керн алу аралықтары
Ұңғы номері |
Керн алынатын аралық |
Керн ашумен жүретін рейс ұзындығы, м |
Шөгінділер жасы |
75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84 |
2645-2710 |
65 |
Орта юра |
2795-2800 |
5 |
Шлам тексеру литологиялық құрамы тез өзгеретін тау жыныстарда өнімді қабатта екі сағат қалғанда, әр бір 5м-да алынады.
Бұрғылау үрдісінде мұнайгаз көріністерін байқау жүргізіледі, және бұрғылау сұйығында мұнай қабықшасы және газ көпіршіктерін бақылайды.
Мұнайгазкөріністерінде болса мұнай және газ пробаларын алу жүргізіледі. Бұрғылау басында техникалық судың анализін тексереді.
1.9 Өнімді қабаттарды ашу және игеру
1.9.1 Қабаттарды игеру тәсілдері
Өнімді қабаттарды бұрғылау үрдісінде ашу геологиялық және мұнайгазкөріністерін ескерту жағдайларына сәйкес, жуу сұйығы көрсеткіштерін қамтамасыз ететін уақытта мүмкін болады. Ерітінді көрсеткіштері геологиялық-техникалық нарядта көрсетілген. Әр бір келесі ұңғымада өнімді горизонттарды ашу аралықтары алдында бұрғыланған ұңғыма нәтижелері бойынша нақтыланады және ұңғыма көрсеткіштері қабат флюидінің ағынына әдеттегі сынау жағдайын қамтамасыз ету мақсатына сәйкес беріледі.
Ұңғыма бұрғылау кезінде өнімді юра коллекторларын бұрғылау құбырларында түсірілетін қабат сынағыш көмегімен сынау алдын-ала қарастырылады. Алдын-ала сынау аралықтары КИИ-146 кестеде келтірілген. 1.3 - кесте Сынау аралықтары
Объект № |
Сынау аралықтары |
Жасы |
Пакер диаметрі, мм |
Депрессия, МПа |
1 |
2250 - 2240 |
Жоғарғы юра |
175 |
12,0 |
2 |
2646 - 2685 |
Орта юра |
175 |
12,0 |
3 |
2700 - 2710 |
Орта юра |
175 |
12,0 |
КИИ-146 көмегімен сынау қосымша құйылған сұйықты жер бетіне шығарусыз, ұңғыма түбіне болу уақыт ұзақтылығы 1,5 сағатты екі циклда жүргізіледі:
I цикл - ағын уақыты - 15 минут қысым қайтадан орнау уақыты – 25 минут.
II цикл – ағын уақыты – 15 минут, қысым қайтадан орнау уақыты – 35 минут.
Іздеу ұңғымаларын бұрғылау нәтижелері бойынша алдын-ала жобамен барлау төрт объектте қарастырылған, 1.4 кестеде келтірілген.
1.4 – кесте Болжаланған ашылу аралықтары
№ |
Сынау аралықтары, м |
Жасы |
Ашу тәсілі 1 п.м келетін тесік саны |
Жуу сұйығының тығыздығы, кг/м3 |
Ағынды шақыру әдісі |
Ағынды тездету әдісі |
Цемент орнату аралықтары |
1 |
2710- 2700 |
J2 |
Перфоратор ПКОТ-89 |
1200 |
Саз ерітіндісін сумен ауыстыру аэризациялау мен фонтан 3-4 |
1 п.м. 50 тесікке дейін көбейту. Карбонат коллекторларын өңдеу |
2730-2680 |
2 |
2685- 2675 |
J2 |
1200 |
2705-2655 | |||
3 |
2640- 2630 |
J2 |
1200 |
2660-2610 | |||
4 |
2615-2605 |
J2 |
1200 |
2635-2585 |
Ұңғыма сағасына АФ-650-350 типті арматура орнатылады. Мұнайды сепарациядан өткізу үшін тік ГС-32 түрінде 7,2МПа қысымымен сепаратор қолданылады.
Пайдаланушы құбыр және атқылау арматурасын герметикаға қабат флюидымен толған жабық ұңғы сағасында күтілетін артық қысым мәнімен анықтайды. Бұдан басқа пайдаланушы тізбек герметикасы ұңғыма сағасынан 1000м тереңдіктегі су деңгейін төмендету арқылыда тексеріледі. Герметикалық пайдаланушы тізбек және сағалық аспаптарда тізбекті перфорациялау кумулятивті перфораторлар ПКОТ-89, 1п.м. ға 20 тесік тесу есебімен жүргізіледі.
Ағынды шақыру
Ағынды шақыру үшін ұңғы түбінде қысымды, бұрғылау сұйығын техникалық сумен ауыстыру арқылы төмендету қажет. Ауыстыру алдында айналу жүйесін дұрыстап, одан соң ауыстыруға өту қажет.
Сумен ауысқаннан кейін ағын жоқ болса, онда аэризациялау жасау керек. Аэризация үрдісі тоқтағаннан және атқылау ағыны алынғаннан кейін ұңғыманы тазалау қажет.