 
        
        - •5В073800– «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығына арналған
- •Андатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы жайлы мәліметтер:
- •1.2 Пән жайлы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік % бөлу
- •Оқу процесіндегі барлық бақылау түрлерін тапсырудың күнтізбелік кестесі «Материалдарды зерттеу және бақылау әдістері» пәні бойынша
- •Студенттің білімін бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтар конспекті
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары
- •2.4 Оқытушы жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы (соөж) аясында өтетін сабақтар тақырыбы
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары (сөж) аясында өтетін сабақтар тақырыбы
- •2.6 Өзіндік бақылау үшін тестілік тапсырмалар
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •5В071200 Машинажасау мамандығына арналған
- •5В073800– «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының студентеріне арналған «Материалдарды зерттеу және бақылау әдістері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеніне
- •5В071200 - «Машинажасау» мамандығының оқу-әдістемелік кешеніне
- •5В073800– «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының студентеріне арналған «Көлемдік қалыптау технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеніне
Студенттің білімін бағалау
| Баға | Әріп эквиваленті | Рейтингті балл (процент) | Балл | 
| Өте жақсы | А | 95-100 | 4 | 
| А- | 90-94 | 3,67 | |
| Жақсы | В+ | 85-89 | 3,33 | 
| В | 80-84 | 3,0 | |
| В- | 75-79 | 2,67 | |
| Қанағат | С+ | 70-74 | 2,33 | 
| С | 65-69 | 2,0 | |
| С- | 60-64 | 1,67 | |
| D+ | 55-59 | 1,33 | |
| D | 50-54 | 1,0 | |
| Қанағатсыз | F | 0-49 | 0 | 
Модульдар бойынша және аралық аттестация өткізуге арналған сұрақтар тізімі.
1-модуль:
- Механахимия қандай заңдылықтарды зерттейді ? 
- Материалдарды қирату процесінің қозғалту күші болып не саналады ? 
- Материал беріктігіне не әсер етеді ? 
- Кристалдық денеге жүктеме түсірген кезде оның қирауының негізгі сатыларын айтып беріңізші. 
- Пластикалық металдардың қирау қисық сызығын бейнелеп беріңізші. 
- Металдық және керамикалық материалдардың қирау процестерінде қандай айырмашылық бар ? 
- Керамика қирағанда пайда болатын қирау түрлерін айтып беріңізші. 
- Бөлшектерді қиратуға жұмсалатын жұмыс қандай сыңарлардан тұрады ? 
- Бөлшектерді қиратуға жұмсалатын жұмыстың қандай сыңары пайдалы деп есептеледі ? 
- Металл ұнтақтарын алатын технологиялық циклдың негізгі операциясын айтып беріңізші. 
- Ұнтақтарды диспергрлеу үшін қолданылатын қондырғылардың негізгі түрлерін айтып беріңізші. 
- Темір болқымаларын немен және қалай тозаңдатады ? 
- Тозаңдатылған темір ұнтақтарын алу үшін қолданылатын шикізаттың негізгі түрін айтып беріңізші. 
- Темір, феррохром, ферросилиций, болат қорытпаларының ұнтақтарын алатын технологиялық сұлбаны бейнелеңізші. 
- Темір және оның қорытпалары ұнтақтарын жасаған кездегі энергия тасушының қысымын және температуралық режімін айтып беріңізші. 
2-модуль:
- Сұйық өндірістік қалдықтан металдарды шығарудың ең нәтижелі тәсілі туралы айтып беріңізші. 
- Сұйық өндірістік қалдықтардың мүмкін болатын түрлері туралы айтып бперіңізші. 
- Сұйық қалдықтардың концентрациясын жоғарлату тәсілдері туралы айтып беріңіші. 
- Қандай металдардың ұнтақтарын балқыманы ортадантеуіп тозаңдату тәсілімен алады ? 
- Ортадантеуіп күш түсіріп балқыманы диспергирлейтін негізгі тәсілдерді айтып беріңізші. 
- Айналатын оқбақыр тәсілімен ұнтақ алғанда неден материалдың гранулометрикалық құрамы тәуелді болады ? 
- Ортадантебетін тәсілдерімен балқыманы диспергирлеген кезде қолданылатын жылу энергиясының көзі туралы айтып беріңізші. 
- Айналатын электрод және диск тәсілдерін қолдып тозаңдатқан кезде ұнтақтың грануметрикалық құрамын анықтайтын факторларды айтып беріңізші. 
- Ортадантеуіп диспергирлейтін тәсілді қолданып алынған ұнтақты оттегімен әсерлетпеу үшін қандай әдісті қолданады ? 
- Тұтас металды баспақтаудан ұнтақтық денені баспақтаудың айырмашылығы неде ? 
- Ұнтақты баспақтаудың жағдайын таңдау қандай факторлардан тәуелді болады ? 
- Ұнтақтық денені тығыздаудың негізгі сатылары туралы айтып беріңізші. 
- Баспақтау тығыздығының баспақтау қысымынан тәуелділігін сипаттайтын теңдеуді жазып беріңізші. 
- Баспақтау факторы және көрсеткіші сияқты баспақтау процесінің көрсеткіштері нені ескереді ? 
- Баспақтау факторын анықтауға мүмкіндік беретін теңдеуді жазып беріңізші. 
Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
- Алюминий және магний ұнтақтарын алудың технологиясын бейнелеп беріңізші. 
- Мыс және олардың қорытапаларының ұнтағын қалай алады ? 
- Титан және олардың қорытапаларының ұнтағын қалай алады ? 
- Механикалық әсер етудің нәтижесінде қатты дененің жанасу аймақтарында қандай өріс пайда болады ? 
- Механаөңдеген кезде материалда қандай физика-химиялық процестер жүреді ? 
- Жұқа ұнтақтауды қандай жабдықтарда жүргізеді ? 
- Атанақтардың пішініне қарай диірмендерді қалай бөледі ? 
- Ұнтағыш диірменнің пішініне қарай диірмендер қалай бөлінеді ? 
- Ұнтақтау мен араластыру процестерінің нәтижелігі немен анықталады ? 
- Диірменді жұктеу немен анықталады ? 
- Ұнтақтардың дисперлігін бағалау үшін қандай тәсілді қолданады ? 
- Диспергирлеген кезде материалда қандай процестер жүреді ? 
- Диспергирлеудің дәрежесі немен сипатталады ? 
- Қандай физика-химиялық құбылыстар қатты денелердің диспергірленуін қоштайды ? 
- Сырғу үйкелісі пайда болған кезде заттардың түйісетін жерлерінде температура қанша мөлшерге көтеріледі ? 
- Механикалық белсендірген кезде жылудың бөлінуіне не себеп болады ? 
- Наноматериалды алудың механахимиялық технологиясын қалай іске асырады ? 
- Мүштіктік баспақтаудың артықшылығы мен кемшілігі туралы айтып беріңізші. 
- Мүштіктік баспақтаудың негізгі тәсілдерін айтып беріңізші. 
- Мүштіктік баспақтау тәсілдерімен жұқа бұйымдарды алуға болама ? 
- Мүштіктік баспақтау тәсілімен бұйымды жасағанда, ұзындық пен пішінге қандай шектеулерді қойады ? 
- Мүштіктік баспақтауды қолданғанда, баспақ-қалып ұяқалыбындағы ұнтақты ауаның оттегісімен әсерлесуден қалай қорғауға болады ? 
- Қақталып жабыстырылған бұйымда кеуектілікті жабудың мөлшері қандай ? 
- Жабық кеуектілігі бар қақталып жабыстырылған дененің тығыздығын қалай анықтайды ? 
- Баспақтаудың алдында не үшін төменгі сотанды ұяқалып қуысына кіргізеді ? 
- Ұнтақтық денені баспақтаған кезде көлемдік өзгерулерді қалай анықтайды ? 
- Ұнтақтарды баспақтағанда бүйірлік үйкелісті қалай азайтады ? 
- Автоматты баспақтарда бұйымдарды баспақтағанда майды қайда және қалай еңгізеді ? 
- Автоматты баспақтарда ұнтақтарды баспақтағанда дәлмөлшерлеудің қандай тәсілін қолданады ? 
- Баспақ-қалыпта толтырғанда қолданылатын дәлмөлшерлеу тәсілдері туралы айтып беріңізші. 
