
- •5В080600 «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша оқитын
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Зертханалық жұмыс № 2
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Зертханалық жұмыс № 4
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Зертханалық жұмыс № 7
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Зертханалық жұмыс № 9-10
- •Зертханалық жұмыс № 11-12
- •Лабораториялық жұмыс № 13-14
- •Зертханалық жұмыс № 15
Зертханалық жұмыс № 9-10
Тақырыбы: Жұмыс орындағы метеорологиялық жағдайды зерттеу
Жұмыс мақсаты: температураны, ылғалдықты, атмосфералық қысымды, ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу; санитарлық нормаларға сай микроклиматтың параметрлерін бағалау.
Жабдықтар: термометрлер, стационарлы және аспирационды психрометрлер, пипетка, мензурка, барометр-анероид, қыл гигрометрі, табақты және қанатты анемометрлер, секундомер.
Өлшеулерді орындау.
9.1. Барометр-анероид бойынша атмосфералық қысым мәнін анықтау. Пипетка көмегімен аспирационды психрометр термометрі (шкаласы 50 °C) бірінің орамасын ылғалдандырады, психрометрді бөлменің жұмыс аймағына (еденнен 1,5...2 м биіктікте) орналастырады, аспап желдеткіші қанатын (механикалық жетекпен) қосады (ауа 4 м/с жылдамдықпен айдалады) немесе аспаты жүйеге қосады. 5 минуттан кейін құрғақ және ылғал термометрледіәң көрсеткіштерін жазып алу.
9.2. (1) және (2) формулалар бойынша ауаның абсолютты және салыстырмалы ылғалдықтарын есептейді.
9.3. Психрометриялық кесте немесе психрометриялық график бойынша салыстырмалы ылғалдықты есептейді.
9.4. Есептелген және анықталған салыстырмалы ылғалдық мәндерін салыстырады. Айырмасы 1 % аспауы керек.
9.5. Анемометр (сурет 9.5) қанаты көмегімен ауа қозғалысының жылдамдығын өлшейді.
9.6 Өлшеу нәтижелерін СП 2.4.2.782—99 нормаларымен салыстырады және қорытынды жасайды.
Ылғалдықты стационарлы (сурет 9.1) және аспирационды (сурет 9.2) психрометрлермен өлшейді.
Екіншісіне су мезуркадан келтіріледі. Ылғал термометрдің сынабы (спирті) бар резервуар жұқа матамен оралған, оның ұштары мензурканың ашық бөлігінде орналастырылады. Су, термометр резервуары бетінде буланып, жылуды жұтады, соның нәтижесінде ылғал термометрдің көрсетпесі құрғақтыға қарағанда төмен болады. Осы көрсетпелердің айырмасынан кесте бойынша салыстырмалы ылғалдықты анықтайды.
Гигиеналық тәжірибеде көбінесе Ассман аспирационды психрометрі қолданылады. (Сурет 9.2).
Сурет 9.1. Стационарлы психрометр: 1 – құрғақ термометр, 2 – ылғал термометр
Сурет 9.2. Ассман аспирационды психрометр: 1 – бас, 2 – термометр, 3 – қорғау түтігі
Аспирационды психрометр көрсетпелері бойынша абсолютты ылғалдықты анықтау формуласы:
мұнда Рвл – ылғал термометр температурасындағы су буларының максималды ылғалдығы (Қосымша 1), МПа; в – тұрақты психрометриялық коэффициент, 66,510-6 МПа/°С; tc – құрғақ термометрдің көрсетпесі, °С; tвх – ылғал термометрдің көрсетпесі,°С; Ратм – атмосфералық (барометрлік) қысым, МПа; Ратм ср – орта атмосфералық қысым, 0,1 МПа.
Абсолютты ылғалдықты және құрғақ термометрдегі температурадағы максималды Рс ылғалдықты (Қосымша 1) білсек, ауаның салыстырмалы ылғалдығын есептесе болады:
Сол сияқты ауаның салыстырмалы ылғалдығы психрометриялық кестеден (Қосымша 2) немсе психрометриялық графиктен (Сурет 9.3) анықталады.
Салыстырмалы ылғалдықты тікелей анықтауға гигрометрлер және гигрографтар қызмет етеді (сурет 9.4).
Сурет. 9.3. Психрометрический график
Сурет. 9.4. Волосяной гигрометр
Сурет 9.5. Табақты анемометр