Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / АПК / Практика МУ А#U04e8К тех сервис.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
3.24 Mб
Скачать

Сурет 9. Циклонның схемасы:

1— тазаланған газдың шығатын жері; 2 — тазаланатын газдың кіретін жері; 3 — тұлға; 4 — орталық құбыры; 5 — шаңды шығаратын тесік; 6 — шан құйылатын бункер; 7 — шаңды бункерден шығаратын тетік.

Ылгалды шаң үстайтындарға: ластанған газ су қабаттарынан өтетін немесе су бүркіп тұрған кеңістіктен өтетін аппарат жатады.

Ауырлық куштің әсерімен немесе ортаға тартылу күшінің әсерімен жұмыс істейтін циклондарда тазартылу дәрежесінің жоғары болуына ұмтылдырады.

Кейінгі жылдары болат, шойын, цемент т.б. заттардың орнына синтетикалық материалдар қолданылып жүр. Синтетикалық заттардың, қоршаған ортаны бүлдірудегі орны бір бөлек.   Олар   шірімейді,   сол   себептен   табиѓи  ортаны   (суды, топырақты) пәрменді тұрде ластап отырады.

Қатаң кеуекті аралықтар – дәнді материалдар (кеуекті керамика немесе пластмасса, пісірілген немесе пресстелген метал ұнтақшалары, кеуекті шыны, көмірлі графитті материалдар және т.б.); талшықты материалдар (шынылы және металды талшықтардан жасалған қалыпталған қабат); металды торлар және перфорирленген беттер (листы).

Динамикалық шаң ұстағыш (10 сурет).

Сурет 10. Динамикалық шаң ұстағыш.

1 – «ұлу» (улитка); 2 – циклон; 3 – шаң жиналғыш бункер.

Шаңдалған газды тазалау процессі барысында майда бөлшектер талшықшаға немесе дәнді материалдың бетіне жақындайды да олармен соқтығысу нәтижесіндегі диффузиялы күштің, инерцияның және электростатикалық тартылыстың әсерімен басты жағдайда тұндырылады.

Ғалымдардың болжауынша, егер қажетті шаралар дер кезінде қолданылмаса, 50 жылдан соњ қазіргі қарқындағы өндіріс нәтижесінде темір тотының топырақтағы және судағы мөлшері екі есе, ал мырыш пен қорғасындікі 10 есе, сынап, кадмий, стронций 100 есе, ал мышьяк - 250 есе көбейеді екен. Бұл элементтердің және олардың қосылыстарының, қоршаған ортаға белгілі бір бөлігінде көп мөлшерде жинақталуы, адамзат үшін қандай теріс өзгерістер туғызатынын болжау қиын емес.

№14 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Механикалық желдету

Тапсырма: Механикалық желдетудің түрлерімен және қолданатын құрылғылармен танысып, суретін сызу

Механикалық ауа ауысуы бұл бөлме ішінде орнатылған қондырғылар арқылы улы газды, буды немесе шаңды шығарып таза ауамен алмастырады.

Механикалық желдету жүйелері жалпы ауа ауысу, жергілікті, аралас, авариялық және кондиционерлеу жүйелері болып бөлінеді.

Механикалық желдетудің түрлері: а)ауа сорғыш; б) ауа шығарғыш; в)ауа сорып-шығарғыш (20 сурет -а, б, в ).

Ауаны кіргізіп шығарудың әдістері бойынша жалпы ауысымды желдету төрт түрге бөлінеді: ағымды, сору,ағындата-сору.

Ауаны соратын желдеткіш. Оның құрылғылары мына элементтрден тұрады ( сурет-а) лас ауа қаққыш (1) құрылғысы, өндіріс орнына ауа өткізгіш (2) арқылы келеді, ауаны шаңнан тазалайтын сүзгі (фильтр) (3), ауа қыздырғыш калорифер (4), желдеткіш (5), ауа сорғыш құрылғы (6), ауам қабылдағыш құрылғыда орналасқан ауа-реттеуіш құрылғысы (7).

Сурет 20. Механикалық желдетудің түрлері:

а) ауаны сорып кіргізетін; б) ауаны сорып шығаратын; в) ауаны кіргізіп-шығаратын рециркуляциямен

Ауа шығаратын желдеткіш. Оның құрылғылары (7), желдеткіш (5),ауа өткізгіш (2), ауаны шаңнан және газдан тазартатын құрылғы 8, ауаны сыртқа шығаратын құрылғы 9, олшатырдан 1-1,5м жоғары орналасуы керек.

Желдетудің ауаны сорып-шығарғыш түрімен жұмыс жасағанда таза ауа қондырғының дұрыс тығыздалмаған бөлігінен келеді. Бұл жүйенің кемшілігі болып табылады.

Механикалық желдету ауа желдеткіштер, эжекторлар, ауа жүретін құбырлар және т. б. қондырғылар арқылы орындалады.

Сурет 21. Эжектор:

1 — сопло; 2 — сейілту камерасы ; 3 — конфузор;

4 — мойынша; 5 — диффузор.

Эжектрлар. Тастандылардың ішінде материалдарды коррозияға ұшырататын агресивті орта (мысалы: соққыдан немесе үйкелістен жарылыс шығаратын шаң; өрт жарылыс қабілеті бар газ бен булар, ол ацетилен, эфир ж.т.б.) өте көп болса онда эжекторлық желдетуді қолданады (21 сурет ).

Эжектордың жұмыс жасау принципі : өндіріс орнынан тыс орналасқан ауа компресордегі құбырдан өтіп, соплаға келеді, одан, үлкен жылдамдықпен шығарда эжекция әсерінен камерада сиретіледі, мұнда өндіріс орнындағы ауа сорылып келеді. Конфузорда және мойыншада эжектрлі ауаның араласуы байқалады. Диффузор динамикалық қысымды статикалық қысымға айналдырады.

Ауаны сорып-шығарғыш желдету. Бұл жүйеде ауа өндіріс орнына ауа сорғыш желдету арқылы келеді. Ал ауа шығарғыш желдету арқылы шығады. Өндіріс орнындағы сорылатын ауа ауаны сорып сорғыш жүйесіне жинақталады. Ауа өткізу жүйесі арқылы өндіріс орнына қайтадан жіберіледі, ол таза ауаның мөлшерін реттейтін қақпақша арқылы жүзеге асады. Мұндай жүйені пайдалану жылуды үнемдейді.

Желдету жүйесін құрастырғанда келесі санитарлық-гигиеналық талаптар орындалуы қажет:

1.Сыртқа шығатын ауаның мөлшері сырттан келетін ауаның мөлшерімен тең болуы керек, айырмашылығы минималды болу керек. Лас ауаның таза ауадан үлкен немесе керісінше болып түруы үшін ауа алмасуды үйымдастыру керек. Мысалы, сыртқа шығатын ауаның мөлшері сырттан келетін ауаның мөлшерінен көп болады, сол себептен өндіріс орнында ауаның сиретілуі байқалады. Өндіріс орындарында артық қысымды ұстап тұру үшін ауа алмасудың сызбасын басқаша орнатуы мүмкін. Мысалы, электровакуумды цехтарда шаңның мүлдем болмауы өте маңызды;

        1. 2. Ауа шығарғыш ауа сорғыш желдету жүйесін өндіріс орнында дұрыс

орналастырылған болу керек. Зиянды заттараздап бөлінетін жерге тазаауаны көп мөлшерде түсіру керек, ал зиянды заттар көптеп бөлінетін жерденкөптеп шығару керек;

        1. 3. Желдету жүйесі өндіріс орнындағы жұмысшылардың салқындауына

немесе ыстықтауына алып келмеуі керек;

        1. 4. Желдету жүйесі жұмыс орнында шу шығармауы керек;

        2. Желдету жүйесі электрлі, өртке төзімді, жарылу қауіпі жоқ, қарапайым

құрылғыдан құрастырылуы керек.

Қазіргі кезде өндірістік және қоғамдық үйлерде механикалық ағындата-сора желдетуді кең пайдаланады. Көп жағдайларда ағындата желдетуді ауамен жылыту жүйесіне жалғастырып, ауа қыздырғышпен жабдықтайды. Ол ауаны жылытып беріп тұрады. Егер ауа сапасы белгілі бір мөлшерде қатаң сақталуға тиіс болса, онда ол кондиционерлеу арқылы талапқа сәйкестендіріледі.

Ауаның құрамында улы заттар болса, оны тазартуға желдету жүйелеріне тазартқыш құрылғылар, тозаң тұтқыштар, сүзгілер т.б. орнатылады. Өнеркәсіп орындарында оны сыртқа қойғаны жөн. Егер желдету жабдықтарының шуы жұмысқа кедергі тигізбесе оны ішке де орнатуға болады. Жергілікті ауаны сорып алатын желдету. Зиянды заттарды шығатын көздерден оларды қағып алатын және жою үшін қолданады. Зиянды заттар жергілікті сорып алатын

желдету құрылғысының ішінде жасырылады. Жасырғыш құрылғының ішінде зиянды заттар сиретіледі, сол үшін олар сыртқы ортаға түспейді. Өндіріс орнына зиянды заттардың түспеуі - аспирация деп аталады.

Аспирациялық жүйе техникалық прцесстерден бөлінетін зиянды заттардың сыртқа шығу жолын жабады. Машина және механизмдерден бөлінетін зиянды заттарды толық жасыру - өндіріс орнына зиянды заттардың түспеу тәсілі. Желдету құрылғыларын жасағанда санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау керек.

Жергілікті желдетумен керекті метеорологиялық параметрлері оңаша жұмыс орындарда ұйымдастырылады. Мысалы, зиянды заттарды шыққан көздерінде ұстау, бақылау кабиналарды желдету үшін ж.т.б.

Ең көп таралған жергілікті таратпайтын сору желдету. Зиянды заттардың ауаға таралуымен күресудің негізгі әдісі олардың шығатын жерін жауып ауаны соруды ұйымдастыру болып табылады.

Шаңнан қоргайтын қабат. Материалдарды өңдегенде, одан шаң бөлінгенде адамдарға жарақат келтірмеу үшін қолданады. Ол тегістелген, жылтырлатылған, және ағаш өңдейтін қаңылтыр болуы мүмкін.

Жергілікті сорудың конструкциясы толық жабық, жартылай жабық немесе ашық болуы мүмкін (22 сурет). Жабық конструкциясы ең тиімді болып табылады. Оларға технологиялық қондырғыларды нығыздап бүркейтін қораптар, камералар жатады. (22 сурет, а). Егер сондай жабындыларды орнатуға болмаса, онда сорғыш шатырларды, панелдерді, шкафтарды, борттық сорғыштарды және т.б. қолданады.

Сорғыш шатырлары. Қарапайым жергілікті сорудың бірі - (22 сурет, ж). Олар, тығыздығы қоршаған ауаның тығыздығынан төмендеу зиянды заттарды үстау үшін арналған. Шатырлар барлық жағынан немесе бір, екі немесе үш жағынан ашық болып жасалады. Сорғыш шатырлардың жұмыс тиімділігі, олардың көлемінен, орнатылған биіктігінен және ашылған бұрышынан тәуелденеді. Олардың көлемі неғұрым үлкен және биіктігі лас ауа шығатын жерден төмен болса, соғұрлым олардың тиімділігі жоғары болады. Сорудың бірқалыптылығын шатырдың ашылу бұрышы 600 -тан төмен болғанда

қамтамасыздандырады.

Сурет 22. Жергілікті желдетудің түрлері :

а –бокс-жабындысы; б – борттық сорғыштар (1–бір борттық; 2 –екі борттық);

в –жанынан сорғыш (1–бір жақты; 2–бұрышты); г–жұмыс үстелдерден сору;

д–витраждық сору; е –сору шкафтар (1–жоғарыдан сору; 2–төменнен сору;

3–біріктірілген сору); ж–сорғыш шатырлар (1–тік; 2–қиғаш).

Сорғыш панелдерді бөлмеге электрлік пісіруден, дәнекерлеуден, газбен пісіруден, темірді кесуден және т.б. ауаға шыққан зиянды заттардан тазалау үшін қолданады.

Сорғыш шкафтар, басқа сорғыштарға салыстырғанда, тиімділеу болып табылады себебі олар зиянды заттар шығатын жерлерді толық жауып тұрады. Ауа сорып шыгаратын шкаф. Ол термикалық және гальваникалық металдарды өңдеуден өткізгенде, бояғанда және әртүрлі операцияларда қолданады.

Кабина және камералар. Белгілі бір сыйымдылықты алып тұратын және зиянды заттармен жұмыс жасайтын орын.

Лас ауа соратын шатыр. Зиянды заттардың қатты және ылғал түрінде бөлінгенде ,оларды жинау үшін қолданады.

Аралас желдетудің жүйесі жергілікті және жалпы ауысымды желдетуді үйлестіреді.

№15 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Жасанды жарықталу

Тапсырма: Жасанды жарықталу түрлерімен және қолданатын шамдардың конструкцияларымен танысып, суреттерін сызу

Жасанды жарық конструкциялық орындалуы бойынша екі түрде болуы мүмкін: жалпы және комбинирленген. Жалпы жарық жүйесін алаң бойымен бір типті жүмыстар орындалатын бөлмелерде қолданады, сондай-ақ әкімшілік, кеңселік және қойма бөлмелерінде қолданады. Тағы да екі түрі бар: жалпы бір келкі жарық (жарық жұмыр орындарының орналасуын есепке алмай алаң бойына бірқалыпты таралады) және жалпы локальды жарық (жұмыс орындарының орналасуын есепке ала отырып).

Тікелей көзбен көру жұмыстарын (мысалыга, слесарлық, токарлық, бақылау) орындаган кезде жабдықтар терең, кенет көлеңке түсіретін немесе жұмыс беттері тігінен орналасқан жерлерде жалпы жарық пен бірге жергілікті жарықты қолданады. Жергілікті және жалпы жарықтардың жиынтығын комбинирленген жарық деп атайды.

Функционалды тағайындалуы бойынша жасанды жарықты жұмысшы, апаттық және арнайы болып бөлінеді, олар сақшы, кезекші, эвакуациялық, бактерицидты және т.б. болуы мүмкін.

Жумыс жарығы өндірістік процестің, адамдардың өтуі көлік

қозғалысының қалыпты орындалуын қамтамасыз ету үшін арналған және барлық өндірістік бөлмелер үшін міндетті болып келеді.

Жасанды жарықты қолданғанда жарықтану СНиП II-4-79 бойынша реттеледі.

Жасанды жарықтандыру табиғи жарық жетіспейтін немесе табиғи жарық жоқ кезде қолданылады. Бүкіл өндіріс біртекті шырақтармен жарықтандырылады және бірдей қуаттағы шамдармен жарақталады. орынды бір қалыпты жарықтандыруды, кенеттен өзгеріссіз және пульсациясыз, жарықтық қолайлы спектралды құрамы және жеткілікті жарықтығы қарастырылған. Функционалдық қызметіне қарай жасанды жарықтандыру жұмыстық кезекшілік және авариялық болып бөлінеді.

Жасанды жарықтандыру жарық беретін электірлік қондырғылардың екі түрі арқылы орындалады: қыздыру лампалары (ДРЛ, жоғары қысымдағы сынап лампалары, натрийлық, ксенондық, вакуумды, газтолтырылған, биспиралды) мен люминесцентті лампалар. Қыздыру лампаларына қарағанда артықшылығы анағұрлым көбірек люминесценттік лампаларды қолданады:

- жарықтың спектральды құрамы бойынша олар күндізгі табиғи жарыққа жақынырақ;

- анағүрлым жоғары пайдалы коэффициентке (ПК) ие, ол қыздыру лампаларының ПК-нен 1,5 -2 есе жоғары және қызмет көрсету мерзімінің үзақтығы.

Жұмыс орнын жарықтандыру үшін пайдаланылатын электр лампасына қоса түрлі құрал-жабдықтар пайдаланылады. Олар жарық төбесінің бағытына қарай аз шығын жұмсалып алатын электр лампасына, сонымен қатар жұмысшылардың көздерін зақымдайтын жарықтан сақтау үшін, кейбір жағдайларда жарық көздерінің спектрлі құрамын өзгерту үшін пайдаланылады.

Соңғы кезде өндіріс орындарын жарықтандыру үшін жарықтандырудың жаңа жарық түрлері кеңінен қолданылуда, олар: жарықтандыратын төбелер мен панельдер, сонымен қатар асылып қойылатын төбелер.

Мұндай жарықтандырулар жұмыс орнын тегіс, бірдей жарықтандырады және адамның жұмыс қабілеттілігін арттырады.

Еңбекті қорғау үшін жарықтандырылатын құрал-жабдықтарды орнымен және дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Сол үшін терезелерді, жарық фоналары мен шамдарды жиі-жиі тазартып, күйген лампа мен шамдарды дер кезінде ауыстырып, ағымдағы және профилактикалық жөндеулер жүргізіп, жұмыс орны мен аймақта санитарлы тәртіптерді сақтау қабырғалар мен төбелерді әктеп, ашық түсті бояумен болып тұру керек. Шаммен жұмыс істегенде электр қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Жарықтандыру құрылғыларын пайдаланғанда кернеулікті сақтап оның себептерін шығып және өзгеріп тұруын реттеу қажет. Жарықтандыруды өлшеу, бақылауды үш айда бір рет жүргізілуі тиіс. Жазутануға қатысты объектілерді зерттеу кезінде жасанды жарық құралы кәдімгі шам (мысалы: ТК-362 маркалы) қолданылады.

Жүмыс орындарын жарықтандыруға арналған заманауи жарықтандыру қондырғыларында жарықтың қайнар көзі ретінде қыздыру, галогенді жэне газразрядты шамдар қолданылады. Жарықтандырудың үлкен дәрежесіне ие болу үшін, шамдар 100 Вт лампочкалармен жабдықталуы керек. Газразрядты шамдар - газ буындағы электр разряды нәтижесінде жарық шығарады. Колбаның ішкі бетіне электр разрядтарын көру жарығына айналдыратын жарықтандырушы зат-люминофордың қабаты жағылған. Төменгі және жоғарғы қысымдағы газразрядты шамдар деп ажыратады. Жасанды жарықтандырудың екі жүйесі қолданады: жалпы және қиыстырылған, ал арналуы бойынша жұмысшы және авариялық болып бөлінеді. Жасанды жарықтандыру қызу, галогенді немесе люминисцентті шамдармен қосылады. Люминисцетті шамдар жоғарғы сапаны қамтамасыз етеді және табиғи жарықты жасайды.

Өндірістен түрлі қыздыру шамдары шығарылады: вакуумды (В), газтолтырылған (Г); (арғон және азот қоспасымен толтырылған), биспиральды (Б), криптонмен толтырылған (К). Қыздыру шамдары. Бұл шамның жарық беруі вольфрам жібінің жоғары температураға дейін қызуы нәтижесінде орын алады.

Қыздыру шамдары қарапайым дайындалады, эксплуатациялауда ыңғайлы, желіге қосу үшін қосымша қүрылғыларда қажет етпейді. Бүл шамның кемшілігі - қыздыру жібінің үлкен жарығында 7-ден 20 мм/вт-қа дейінгі аз жарық беруі, жарамдылық мерзімі - 800-1000 сағ. Шамдар күндізгі жарық спектрінен сары және қызыл сәулелердің болуымен ерекшеленетін үздіксіз жарық спектрін береді, ал ол адамның айналадағы заттар түстерін қабылдау сезімін қандай да бір дэрежеде әлсіретеді.

Галогенді қыздыру шамдарының колбасында вольфрам жібімен қатар қыздыру жібінің температурасын жоғарлататын қандай да бір галоген буы болады және іс жүзінде булану болмайды. Олардың жарамдылық мерзімі айтарлықтай үзақ және жоғары жарықты береді.

Газрарядты шамдар - газ буындағы электр разряды нәтижесінде жарық шығарады. Колбаның ішкі бетіне электр разрядтарын көру жарығына айналдыратын жарықтандырушы зат-люминофордың қабаты жағылған. Төменгі және жоғарғы қысымдағы газразрядты шамдар деп ажыратады.

Люминесцентті лампалар жоғары сапалы және табиғи жарыққа ұқсас болып келеді, жарығы гигиеналық көзқарас тұрғысынан өте қолайлы. Люминисцентті лампалардың басқа артықшылықтарына келер болсақ жарамдылық мерзімі ұзақ және 75лм/Вт-қа дейін жететін жоғары жарық беруі, яғни олар қыздыру шамдарынан 2,3-3 есе арзан.

Олар жарық таратуда және қызмет ету ұзақтығы сонымен қатар электр энергиясы көп үнемдейді.

Жұмыс орнында жарықтандыру үшін пайдаланылатын электр лампасына қоса түрлі құрал – жабдықтар (арматура) пайдаланылады. Арматураны (құрал-жабдықтарды) лампамен қосып шам деп атайды. Жарық беретін қыздыру шамдардың тұрлері 25 суретте көрсетілген.