
- •5В080600 «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша оқитын
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •№1 Практикалық сабақ
- •Мақсатты маркетингтің негізгі бағыттары
- •№2 Практикалық сабақ
- •№3 Практикалық сабақ
- •Тақырыбы: Механикаландырылған жұмыстарды орындағанда келісім-шарт құру
- •Қызмет көрсетуге тапсырма-наряд
- •Сурет 5. Механикалық шаң үстағыштар:
- •№13 Практикалық сабақ
- •Тақырыбы: Өндірістік шаңды жою
- •Сурет 9. Циклонның схемасы:
- •Сурет 10. Динамикалық шаң ұстағыш.
- •Сурет 26. А –«Универсал»; б- Тереңөрістететін; в-«Люцетта»; г- «Альфа» сүт түсті дөңгелек; д – жарылысқауіпсіз взг түрлі; е -од түрлі; ж –пвлп түрлі.
Сурет 5. Механикалық шаң үстағыштар:
1- инерциялық күштерімен шаң үстағыш: а-қарапайым, б-лабиринттік;
2 -шаң тұнбалау камерасы.
Газ құрамын механикалық құралдармен тазартудың ауырлық, тепкіш және инерциялық күштермен әсер етіп тазарту (сурет ), кеуек материялардан өткізіп тазарту және су немесе басқа сұйықтармен жуып тазарту, т.б. түрлері бар. Осылардың ең қарапайым түрі газды шаң камерасынан (тұндырғыш аппарат) баяу өткізіп, ірі түйіршіктерді ауырлық күші әсерімен камера түбіне шөктіру тәсілі (сурет 5, 2 ).
Газ құрамындағы қатты бөлшектер мен тамшыларды ортадан тепкіш күш әсерімен де (газдардың айналу ағынымен) бөліп алуға болады. Инерциялық шаң тұтқыштар шаң қапшығымен, иір және пластинкалық бөлгіштерден құрастырылады. Осы қондырғылардан өтетін газдың ағын бағытын өзгерткенде, меншікті салмағының ауырлау болуына байланысты қатты түйіршіктер мен тамшылар бөлінеді.
Газды шаңнан тазартудың әдісімен көп тараған түрі ол асбест, синтетикалық және шыны талшықтарынан жасалған қапшық (жеңді қапшық) сүзгісі немесе жеңді шүберек сүзгілер жатады (сурет 6 ).
Сурет
6.
Жеңді
қапшық сүзгіш :
I—
корпус; 2—
жеңдер;
3—дроссель;
4—шнек;
5 — шлюздік
тетік.
Сурет
7.
Электрсүзгіш: 1—шаң
құйылатын бункер;
2—жерге
тұйықтағыш;
3—түндырғыш
электрод; 4-коронирлеуіш
электрод;
5
— жоғары
кернеулі ток келетін жер.
Бейорганикалық заттардан түзілген шаң-тозаңдарды тазалау үшін, көп жағдайда механикалық шаң ұстағыштар, сүзгілер, электрсүзгілер пайдаланылады. Шаң-тозаң бөлшектерінің өлшемі 5 мкм-ден жоғарыларын ұстау үшін, циклондар қолданылады. Органикалық заттар үгітілуінен түзілген шаң-тозаңдарды тазалау үшін, механикалық шаң тазартқыштар пайдаланылады.
Электрофильтрде газды шаңнан тазалау электрлі күштің әсерімен іске асырылады. Электрлі разрядпен газ молекуласын иондау процессінде оның бөлшектерін құратын заряд пайда болады. Иондар шаңдықтың (пылинок) бетінде абсорбирленіп, содан электр өрісінің әсерімен аталған иондар ауыстырыла отырып тұндыру электродында тұнады. Тәжді (коронный) разрядты өрісінде бөлшек заряды екі механизм бойынша болады: бұл бірінші – электрлі өрістің әсерімен (бөлшектер аталған өрістің күштік сызығының бағыты бойынша қозғалатын иондармен бомбаланады) және екіншісі ионның диффузиясымен. Бірінші механизм 0,5 мкм мөлшерлі бөлшектерді ұстау мүмкіндігіне ие болса, ал екінші механизм 0,2 мкм бөлшектерді ұстауға негізделген.
Газды шүберек сүзгіден өткізгенде құрамындағы шаңдар тұтылып қалады. Сүзгі дүркін-дүркін тазартылып тұрады.
Электрмен газ тазалау әдісі кернеуі жоғары бір тектес емес электр өрісінің әсер ету күшіне негізделген. Электростатикалық қондырғыларға: электрсүзгілері бар аппараттар жатады (сурет 7).
Электр сүзгімен жұмыс істеу кезінде, абай болу керек, қондырғының газды ортасы өте улы болғандыұтан, оның жан жағы жақсы бекітілу керек. Қондырғыдағы қысымның жоғарлауы өрттің шығуына себеп болады. Ол бірден жоғарлап кетсе жарылыс болуы мүмкін. Осы жағдайларды болдырмас үшін, қауіпсіздік шараларды қарастырылған, газ желімінде бекіту қақпақшасы орналасқан. Электр тоғымен зақымдану жоғарғы қауіптілікке жатады. Электрқондырғылар қаталдықпен бақыланып тұру қажет және барлық техника қауіпсіздігін сақтау жұмыстың қауіпсіздігіне кепіл береді.
Жылдам газ жуғыштар. Бұл аппараттарда үлкен жылдамдықпен козғалатын газ ағынының әсерінен сүйықтықтың тамшылары бөлшектенген, шашыратылады. Мұның нәтижесінде олардың жанасу беті ұлғаяды. Өлішемі үлкен емес тамшылардын түзілуі, ағынның жоғары турбуленттелуі субмикрон өлшемді бөлшектердің тұтылуына ықпал етеді.
Сурет
8. .Вентури
скрубберіның
схемасы
Мұндай аппараттардың неғұрлым кеңінен таралған түрі-Вентури скруббері (8 сурет).
Ол қиылған конустан конфузор және диффузордан тұрады. Вентури құбырының неғұрлым тар бөлігі мойынша деп аталады. Конфузорға мойыншадан біршама қашықтықта форсунка көмегінен сұйықтық береді, ол үлкен жылдамдықпен қозғалатын газ ағыны асерінен бөлшектенеді Нәтижесінде газдың сұйықтықпен жанасуы жақсарады да, шаңның бөлшектерін тұтуына әкеледі.