
- •5В080600 «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша оқитын
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •№1 Практикалық сабақ
- •Мақсатты маркетингтің негізгі бағыттары
- •№2 Практикалық сабақ
- •№3 Практикалық сабақ
- •Тақырыбы: Механикаландырылған жұмыстарды орындағанда келісім-шарт құру
- •Қызмет көрсетуге тапсырма-наряд
- •Сурет 5. Механикалық шаң үстағыштар:
- •№13 Практикалық сабақ
- •Тақырыбы: Өндірістік шаңды жою
- •Сурет 9. Циклонның схемасы:
- •Сурет 10. Динамикалық шаң ұстағыш.
- •Сурет 26. А –«Универсал»; б- Тереңөрістететін; в-«Люцетта»; г- «Альфа» сүт түсті дөңгелек; д – жарылысқауіпсіз взг түрлі; е -од түрлі; ж –пвлп түрлі.
Қызмет көрсетуге тапсырма-наряд
«__» ___________200__ж
Тапсырма беруші ұйым________________________________
(ұйымның аталуы, орналасу адресі)
орындаушы-ұйымдарға тапсырады________________________________
(ұйымның аталуы, орналасу адресі)
қызмет көрсетуге ________________________________
(қызметтің аталуы)
Қызмет көрсетудің жалпы көлемі_________________________________
Соның ішінде, кезеңдермен орындалатыны_____________________________
________________________________________________________________
қызмет көрсетулердің орындалу мерзімі «__» ___________ 200__ ж
Атқарылатын жұмыстардың жалпы құны_______________________________
Соның ішінде, кезеңмен орындалатыны_______________________________
Басқа қажетті шарттар ___________________________________
___________________________________
Тапсырушы (қолы)
М.О.
№4 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Лизингтік төлемдерді есептеу
Тапсырма:
Лизингтік төлемдерді есептеу
Жабдыққа салынған қаражаттан белгіленген пайда номативін қамтамасыз ететін, бір реттік арендалық төлем мөлшерін (егер төлем жылдың аяғында жүргізілсе) анықтау формуласы:
R=(P – S х Vi n)/аn;i
Мұнда R – жылдық аренда төлемінің мөлшері;
P - жабдықтың құны;
S - жабдықтың қалдық құны (аренда соңында);
Vi - дисконттық көбейткіш;
аn;i -жылдық тұрақты рентаны келтіру коэффициенті.
Мысал: арендаға беретін кездегі құны 1 млн. Теңгеге тең жабдық 4 жылға арендаға беріледі. Аренда аяқталатын мерзімге жабдықтың қалдық құны 400 мың. Теңгеге бағаланады. Жабдыққа салынымның пайдасы жылына 15%деңгейінде анықталады. Белгіленген пайда номативін қамтамасыз ету үшін арендалық төлем мөлшері қандай болу керек, егер ол төлемдер а) жылдың аяғында; б) бір рет жылдың басында; в) әр айдың басында жүргізілсе?
Шешімін жоғарыдағы формула бойынша табамыз, барлық жағдайда бөлінді тең болады:
1000 – 400х1,15-4=771,3
кестеден табамыз =2,85498
R=771,3/2,85498=270,16мың.тең.
Басқа шарттар бірдей болған жағдайда аренда мерзімі 8 жылға тең десек және қалдық құны екі есе азайса, онда а 8,15=4,48773
R=(1000 – (200х1,15-8))/4,487732=208,28мың.тең.
Яғни, мерзімнің өсуі жылдық арендалық төлемдерінің төмндеуіне келтіреді.
б) а4,15 х 1,15-4=3,28323
R=771,3/3,28323=234,92мың.тең.
в) аn;i=(1 – (1 + і) -n)/Р[(1 + і) 1/P - 1] және Аn=А(1 + і) 1/P
табылады а4,15=1 - 1,15-4/(12х 1,151/12-1) = 3,04631;
а4,15 х 1,151/12=3,08199
R=771,3/3,08199=250,26мың.тең.
Сонымен, әр айдың басында төленетіні
250,26/12=20,855мың. тең.
№5. Практикалық сабақ
Тақырыбы: Тракторлар мен машиналарға техникалық қызмет көрсетулердің түрлері мен кезеңдері.
Тапсырма: Тракторлар мен машиналарға техникалық қызмет көрсетулердің түрлері мен кезеңдерін белгілеу.
Техникалық көрсетпелер:
№6. Практикалық сабақ
Тақырыбы: Комбайндар, а/ш машиналарға техникалық қызмет көрсетулердің түрлері мен кезеңдері.
Тапсырма:
Комбайндар, а/ш машиналарға техникалық қызмет көрсетулердің түрлерімен танысып олардың кезеңдерін белгілеп жазу.
№7. Практикалық сабақ
Тақырыбы: А/ш қолданылатын автомобильдерге техникалық қызмет көрсетулердің түрлері мен кезеңдері.
Тапсырма:
А/ш қолданылатын автомобильдерге техникалық қызмет көрсетулердің түрлерімен танысып олардың кезеңдерін белгілеп жазу
№8. Практикалық сабақ
Тақырыбы: Тракторларды майлау кестесі.
Тапсырма:
МТЗ-80, МТЗ-82 тракторларының майлау кестесін жасау
№9. Практикалық сабақ
Тақырыбы: Тракторға жасалатын ТҚ-1 маршруттық технологиялық графигі.
Комбайнның ТҚ-1 маршруттық технологиялық графигі
Тапсырма:МТЗ-80 тракторына жасалатын ТҚ-1 маршруттық технологиялық графигін жасау. Комбайнның ТҚ-1 маршруттық технологиялық графигі
№10 Практикалық сабақ
Тақырыбы:Шаруа қожалығы жөндеу шеберханасының жоспары
Тапсырма: Шаруа қожалығы жөндеу шеберханасының жоспарын сызу
Әдістемелік нұсқаулар:
№11 Практикалық сабақ
Тақырыбы: ТҚ көрсетуге арналған арнайы жабдықтар жиынтығы.
Тапсырма:
ТҚ көрсетуге қажет арнайы жабдықтармен танысып, жиынтығын жазу.
ТҚ көрсетуге арналған құралдардың сұрыпталуын белгілеп жазу
Жылжымалы ТҚ көрсету агрегаттарының техникалық сипаттамаларын және атқаратын жұмыстарын жазу
№12 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Ауаны тазарту
Тапсырма: Ауаны тазарту құрылғылармен танысу және олардың суреттерін сызу.
Таза ауамен дем алған адамның еңбекке қабілеттілігін, денсаулығын, күш-қуатын арттыратын негізгі құрал болып табылады.
Қоршаған ортаның ластануы – тек табиғи ортаны ғана емес, адам ағзасына кері әсер етудің салдарынан түрлі аурулардың тууына себепші фактор болып табылады. Қазіргі кезде, өндіріс орындары атмосфераға өте көп мөлшерде шаң-тозаңдар мен әртүрлі зиянды қоспаларды шығарып тастап жүр.
Газда қатты қоспалар – шаң, түтін және күйе түрінде, ал сұйық қоспалар – тамшы немесе тұман түрінде кездеседі. Газ тазарту механикалық, электрлік және физикалық-химиялық қарулармен іске асады. Физикалық-химиялық тәсілмен газ тазарту, газдарды қоспа еріткіштермен жуу (абсорбция), газ қоспаларын химиялық байланысқа түсіретін реагенттердің ерітіндісімен жуу (химиялық абсорбция), қоспаларды белсенді қатты заттарға сіңіру (адсорбция) және қатализдік тәсілдердің бірін қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Механикалық және химиялық газды тазарту, ауадағы қатты және сұйық қоспаларды тұтып қалу үшін, ал физикалық-химиялық газ тазарту газ тәріздес (бу тәріздес) қоспаларды тұту үшін қолданылады. Газ тазартқыштың тиімділігі оның пайдалы әсер коэфициентімен (ПӘК), яғни тұтылған қоспалардың газ тазартқыштан өткен қоспалар мөлшеріне қатынасымен сипатталады. Тазартылған газдар құрамындағы қалған шаңдардың шамасына қарай тазарту, ішінара тазарту және әбден тазарту болып бөлінеді.
Газды құрғақ әдіспен тазалайтын қондырғылар:
Шаң үстағыш камералар
Инерциондық шаң үстағыштар
Ротациондық шаң үстағыштар
Сүзгілеп шаң үстағыштар
Құйындағыш шаң үстағыштар
Жеңді сүзгілер
Электрсүзгілер
Газды ылғалды әдіспен тазалайтын қондырғылар:
көбікті газ жуғыштар
соққылай-инерциондық газ жуғыштар
ортадан тепкіш газ жуғыштар
динамикалық газ жуғыштар
жылдамдықпен газ жуғыштар
түман үстағыш сүзгілер сулы электрсүзгілер
Шаң ұстайтын аппараттардың немесе шаң камераларының жұмыс істеу принципі (тәсілі): кұрамында шаң-тозаң бар газ ағынының жылдамдығы әдетте 1-2 м/с. Шаң камерасынан өткенге дейін мөлшері 30-40 мкм шаң-тозаңдар өз салмағымен (газ ағынынан бөлініп) камераның түбіне түсіп отырады (сурет 5,1).