
- •5В080600 «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша оқитын
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •№1 Практикалық сабақ
- •Мақсатты маркетингтің негізгі бағыттары
- •№2 Практикалық сабақ
- •№3 Практикалық сабақ
- •Тақырыбы: Механикаландырылған жұмыстарды орындағанда келісім-шарт құру
- •Қызмет көрсетуге тапсырма-наряд
- •Сурет 5. Механикалық шаң үстағыштар:
- •№13 Практикалық сабақ
- •Тақырыбы: Өндірістік шаңды жою
- •Сурет 9. Циклонның схемасы:
- •Сурет 10. Динамикалық шаң ұстағыш.
- •Сурет 26. А –«Универсал»; б- Тереңөрістететін; в-«Люцетта»; г- «Альфа» сүт түсті дөңгелек; д – жарылысқауіпсіз взг түрлі; е -од түрлі; ж –пвлп түрлі.
№2 Практикалық сабақ
Тақырыбы: МТС-ті ұйымдастыру және қызмет бағыттары. МТС-тің өндірістік базасы
Тапсырма:
МТС-ті ұйымдастырумен танысу және қызмет бағыттарын белгілеу
Қызметтің түрлері:
-
Қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету;
-
Сату алдындағы сервис;
-
Дилерлік қызмет;
-
Диагностикалық жұмыстар;
-
Машиналарды және жабдықтарды жөндеу;
-
Бөлшектерді, жинақ бірліктерді және механизімдерді жаңарту және беріктігін арттыру;
-
Машиналарды сақтауға қою (консервация);
-
Машиналарды жабдықтауда қосалқы бөлшектерді сертификаттау;
-
Сату, есепке қою, есептен шығару;
-
Жанар және жағар майларды жинау және утилизациялау;
-
Экспертиза және бағалауды жүргізу;
-
Клиенттерді және жұмыскерлерді тамақтандыру және т.б.
Құқықтық талаптар:
-
Кәсіпорынның құжаттарында көрсетілген қызметтің түрлеріне лицензия болу керек;
-
Міндетті түрде сертификатталатын а/ш машиналарына жасалатын жөндеу-техникалық қызметкөрсетуге сертификаттар болу керек;
-
Кәсіпорынның мекен-жайы белгіленуі керек.
Тапсырыс қабылдайтын орындарда тұтынушыларға жақсы көрінетін жерлерде қызмеькөрсету туралы ақпарат болу керек, онда төмендегілер көрсетілуі керек:
-
кәсіпорынның атқарылатын жұмыстар бойынша бұйрығы;
-
жергілікті әкімшіліктің нормативтік құжаттары;
-
жергілікті әкімшіліктегі тұтынушылардың құқығын қорғайтын орган туралы мәлімет;
-
қызмет көрсетудің негізгі турлері туралы тізім;
-
белгілі қызмет көрсетуге құқықтық лицензияның көшірмесі;
-
қызметкөрсетулердің сертификаттарыныцң көшірмелері;
-
қызмет көрсетулердің бағалары;
-
тұтынушылар кіруге рұқсат етілген учаскелер тізімі;
-
ұсыныс және шағымдар кітабы;
-
тапсырысты орындау туралы мәлімет;
-
жеңілдікке ие бола алатын азаматтардың категорияларының тізімі;
-
келісім-шарттардың, тапсырыстардың, қабылдау-тапсыру актілерінің, квитанциялардың, тіл-хаттардың, талондарды және т.б. құжаттарды толтырудың үлгілері.
МТС-тің өндірістік базасын ұйымдастыру
Жөндеу-қызмет көрсету мекемесінің техникалық жабдықталуына техниканы жөндеу сапасының деңгейіне қойылатын талапқа байланысты.
Бірақ, көптеген жөндеу-қызмет көрсету мекемелерінде ауыстыруды талап ететін ескірген жабдықтарды қолданады, әдетте, жабдықтарды пайдалану мерзімі 7...9 жылдан аспауы керек. Жалпы, кейінгі кезде жөндеу-технологиялық жабдықтарды шығарудың өзі едәуір қысқарған. Қолданылатын ескірген метал кескіш жабдықтарбөлшек беттерін өңдеудің берілген дәлдігін және сапасын қамтамасыз ете алмайды. Кейбір техникалық сервис мекемелерінде өлшеу құралдары да жеткіліксіз.
МТС-ті техникалық жабдықтаудың негізгі бағыттары:
арнайы мобильді құралдарды қолдану, мысалы, қажетті құралдармен жабдықталған жылжымалы шеберханаларды, бұл дала жағдайында жөндеу жұмыстарын жүргізу уақытын едәуір қысқартады; орындалатын жұмыстар-дың көлеміне байланысты ауданы 300...600м² болуы мүмкін жөндеу шеберханасын салу.
Шеберханалар төмендегі жабдықтармен қамтамасыз етіледі:
Бу-су жуу қондырғылары;
Тұрақты гидравликалық пресс;
Электр және газбен пісіру жабдықтары;
Жылжымалы гидросұырғыш;
Қолды таль;
Клапандарды үйкеу станогы;
Токарлық, бұрғылау және қайрау станоктары;
Бөлшектерді жууға арналған ванналар; кіліттер жинағы және т.б.
Жөндеу шеберханасы қалыпты жұмыс істеуі үшін онда мына учаскелер болғаны қажет:
сыртқы тазалау; жөндеу-монтаждау; бөлшектерді тазалау; жинақ бірліктері және агрегаттары; қозғалтқыштарды жөндеу; слесарлық-механикалық; қозғалтқыштарды баптау; жанар май және гидравлика аппаратурасын жөндеу; аккумуляторларды заряддау; бояу; темір соғу; құралдар қоймасы; компрессорлық; трактор мен автомобильдерді диагностикалау.