Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый Еркеблан курс жмыс.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
354.3 Кб
Скачать

3.2 Мал азығындағы крахмал

Крахмал - өсімдіктегі сақтаулы қор ретіндегі материал. Ол тұқымдарда, жемістерде және түйнектерде өте көп мөлшерде болады. Әсіресе, ол жүгеріде (65–70%), бидайда (60–70%), картопта (20 пайызға дейін) көп. Крахмал өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарында аз. Мал азықтарында болатын қанттар: глюкоза, фруктоза, мальтоза, сахароза, т.б. Сүтте лактоза немесе сүт қанты, бауырда гликоген бар.

Азотсыз шырынды заттар, әсіресе қанттар мен крахмал барлык түліктер үшін қоректік заттар ғана емес, күйіс малының алдыңғы қарындарын мекен ететін микроорганизмдердің де қорегі және олар бұл заттарды бактериялық белоктар түзу үшін пайдаланады.

Көмірсулар күйіс малының қарындарына қанттар, крахмал, гемицеллюлозалар, целлюлозалар жөне басқа да кейбір қоспалар түрінде түседі. Қарындағы микроорганизмдер күрделі көмірсуларды қарапайым қанттар түріне дейін ыдыратады, содан соң бұл қанттар сірке, пропион, май және басқа да қышқылдар деңгейіне дейін ашиды.

Қарында көп мөлшерде пайда болатын ұшпа майлы қышқылдар күйіс малына қажетті қуаттың басты көзін (жалпы қажет куаттың 70 пайыздай) құрайды. Ұшпа майлы қышқылдар қарында сорылады.

Қарындағы әр түрлі қышқылдардың арақатынасы мерзімдік азық үлесінің құрамына байланысты. Орта есеппен алғанда, сірке қышқылының үлесіне 65 %, пропион қышқылына –20 % және май қышқылына 15 % тиесілі. Егер мерзімдік азық үлесінде талшыққа бай ірі азық көп болса, онда қарында сірке қышқылы артады. Крахмалға, әсіресе қантқа бай азық пропион қышқылының түзілуіне көмектеседі. Құнарлы азық түрімен азықтандырғанда қарындағы май қышқылының мөлшері артады.

Көмірсулардың үлкен қарында қорытылмаған бөлігі ұйқы безі мен ішектен сөл құйылатын аш ішекте қорытылады. Ондағы амилаза, мальтаза, инвертаза сияқты ферменттер күрделі көмірсуларды ішектен қан тамырларына сорылып кететін моносахаридтерге айналдырады. Ағзадағы заттың алмасуы мен қуатты реттеп отыруда жеңіл қорытылатын көмірсулардың маңызы зор. Мерзімдік азық үлесінде олардың жеткіліксіз болуы көмірсу мен майдың алмасу процесінін бүзылуына, қышқылдануға, кетондық денелердің жинақталуына, қанның сілтілік қорының төмендеуіне әкеп соғады, малдың өндіргіштік қызметіне кері әсер етеді, өнімділіктің төмендеуіне әкеп соғады.

Қазіргі уақытта көмірсулы азықтардың, әсіресе астықтың (арпаның, бидайдың, қарабидайдың, т.б.) және оны өндеу арқылы алынған онімдердің жұғымдылық қуатының жоғары тиімділікпен пайдаланылмайтыны белгілі болды. Бұл жағдай оларда дәннің сыртқы қауыздарының жасушалы қабырғалары мен қоректік заттар жиналған бөлігінде шоғырланатын және крахмалсыз полисахаридтер тобына жататын талшықтың, глюкандардың, арабиноксиландардың, пектиндердің және басқа да ерекше көмірсулардың айтарлықтай көптігінен туындап отыр [17].

4 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

4.1 Мал азығын дайындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік

Студент зертханада жұмыс сақтықты, ұқыптылықты мүлтіксіз білуі қажет. Ал оларды сақтамаса бақытсыз жағдайға ұшырап, зертхана жабдықтарының білінуі ықтимал.

Азықтарға зоотехникалық талдау жасау алдында студенттің негізгі ережелерді білуі және оны орындауы тиіс.

- ферма мен бөлімшелерде малды тексеруге, емдеуге арнап салынған, жақсы жабдықталған пункттер болуға тиісті.

- жұмыс біткен соң барлық бөлмелерде жұмыс орындарын тазартып, жинап, ертеңгі күнге дайындап қою керек.

- аптасына бір рет міндетті түрде тазалық күнін өткізіп отыру керек.

- еденді, қабырғаларды, есік-терезелерді мұқият тазартып, 2-3% соданың ыстық ерітіндісімен жуады. Бөлменің қабырғаларын қайтадан ақтап отыру керек.

- мал дәрігерінің, техниктің үстіндегі халаты мен басына киген ақ қалпағы кіршіксіз таза болуы керек.

- қажет болған жағдайда алдына резинадан жасалған алжапқыш, аяғына резина етік киеді.

- бұл арнайы киімдерді пункттен тыс басқа жұмыстарға пайдалануға болмайды.

- қалпақ пен халаттарды жуған кезде қайнатқан жөн, сонан соң үтікпен басып кептіреді.

- мал шаруашылығының дамуы үш факторға негізделеді. Оның біріншісі-мал басының тұқымдық қасиеттері, яғни генотипі; екіншісі - сол генотиптік қасиеттердің айқындалуына ең күшті әсер ететін сыртқы орта, яғни фенотиптік фактор болып табылатын қоректендіру мөлшері мен сапасы; үшіншісі – бағып - күту жағдайлары

- мал шаруашылығы - өнімді де, табысты сала. Ол халықты сапалы етпен, өндірісті – жүн, тері, елтірі сияқты шикізатпен қамтамасыз етеді. Қой өзінің жаратылысында - жайылым малы, көк шөп оның табиғи азығы. Бұл саланы жайылымсыз өркендету мүмкін емес.

- азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығы жетіспеген жағдайда саулықтардың дер кезінде (күйекке түсерде) күйі келмей, ұрықтандыру (қашыру) нәтижесі төмен болуынан қоздауы да созылып, жақсы жетілмеген жалқы қозы туады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Агенттігінің мәліметі бойынша бүгінде облыс аумағында тозған жайылымдар көлемі 1339,9 мың гектар құрап отыр. Оның басым бөлігі ауыл айналасында, су көздері бар алқаптарда, яғни малдың көп топтанған жайылымдық жерлерде байқалуда. Есесіне, су тапшылығына байланысты шалғай жатқан жайылымдардың пайдалануы төмен болып отыр.

Осыған байланысты біріншіден, жұртшылық шаруашылығындағы мал басының біраз бөлігін көктем – жаз – күз айларында шалғай жайылымдардың арнайы бөлінген алқаптарында бағу, қыста қолда ұстау іс - шарасын жүзеге асыру қажет; екіншіден, ауыл аймағындағы жайылым көлемін ұлғайту мәселесін шешу керек. Сонымен қатар қолдағы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып төмендегі бағыттарда жұмыс атқарылады:

- суармалы және тәлімі жерлерде сақтық жемшөп қорын ұлғайту;

- екпе жайылымдар мен шабындықтар жасау;

- малазығындық дақылдардың тұқымын өндіру.

Облыста мал шаруашылығын өркендетудің табысты болуына жемшөптің сақтық қоры мол дайындалуы керек.

Сақтық қорды дайындау табиғи шабындықтар мен жайылымдарда және екпе дақылдарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Дегенмен, ауа - райы қатал шөл аймақта сақтық қорды дайындау жылма - жыл бола бермейді. Сол себепті екпе шабындықтар және мал азықтық егістіктер тұрақты өнім мен сапалы жемшөп кепілі болып табылады.

Ел Президентінің жолдауында 2050 жылға ІЖӨ - дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артыруы тиіс деп көрсетілген. Осыған байланысты суармалы және тәлімі жерлердегі мал азықтық дақылдардың көлемі жаңа жерлерді игеру және пайдаланылмай жатқан жерлердің есебінен 205 мың гектарға ұлғайтылып 400 мың гектарға жеткізу шарасы іске асырылу қажет. Жаңа технологияларды және жоғары сорттарды қолдану арқылы гектарына 5 - 6 мың азықтық бірлігін алу нәтижесінде 2 млр. жуық азықтық бірлік алуға қол жеткізуге болады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Төреханов А.Ә. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: Жоғары оқу орындары үшін /Төреханов, А.Ә.Жазылбеков, Н.Ә. Кинеев, М.А. Алматы. Қайнар. 2006.-125 б.

2 Омарқожаұлы Н. Мал азығын бағалау және малды азықтандыру: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін/Омарқожаұлы Н. Алматы Издат Маркет. 2005. - 254 б.

3 Омарқожаұлы Н. Мал шаруашылығы. оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Омарқожаұлы Н. Әкімбеков Астана .Фолиант баспасы. 2008. - 158 б.

4 Бегімбеков Қ. Мал өсіру және селекция. оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Бегімбеков Қ, Төреханов,А. Байжұманов Ә .Алматы Бастау. 2006. - 124 б

5 Омарқожаұлы Н. Мал шаруашылығы практикумы. /Омарқожаұлы Н, Шуркин Р. Астана BG - принт. 2007. - 165 б.

6 Әкімбеков.Б. /Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру. Алматы, 1991. - 65 б.

7 Бологлюбский С.И. Бологлюский С.Н. /Овцеводства. - 1961. Алматы, 1998. - 175 б.

8 Больмонт В.A /Актуальные проблемы частной генетики сельскохозйственных животных. Алматы, Ғылым, 1993. - 49 ст.

9 Данилюк А.П. /Технология производства продуктов животноводства. Алма - Ата, 1989. - 305 б.

10 Ермеков М.А. Ермеков М.Ш. /Мал азықтандыру. Алматы, 2000. - 92 б.

11 Құлатаев Б. / Қой шаруашылығының технологиясы. Астана, 2008 б.

12 Кулешов П.Н. /Нормы и рационы кормления сельскохозйственных животных. Москва, 1990. - 67 б.

13 Медеубеков Б. /Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру. Алматы, 1991. – 204б.

14 Омарқожаұлы Н. / Мал азығын бағалау және малды азықтандыру. Алматы, 2005. - 244 б.

15 Сарбасов А. Б. /Қазақстанның қой шаруашылығы. Алматы, 1984. - 43 б.

16 Сәбденов К.С. /Қой шаруашылығының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар. Астана, 2008. - 237 б.

17 Иванов М. Ф. /Курс овцеводства. Сельхозгиз, 1947. - 143 б.

18 Лускин Е. Ф. /,, Жаршы, 2008. - 24 б.

19 Ә. Байжұманұлы, К. Бекболатұлы. /Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы – 2011. – 124 б.

20 Омарқожаұлы Н. Мал шаруашылығы. оқу құралы жоғары оқу

орындары үшін /Омарқожаұлы Н. Әкімбеков Астана. Фолиант баспасы.

2008. - 158 б.

21 Алимжанов Л. В. «Буду зоотехником», - Алма-Ата: Қайнар, 1985

22 Омарқожаев М. «Дербес шаруашылық малын азықтандыру».-

А.:Қайнар,1985

23 Кулинов В. М., Рубан Ю.Д. «Общая зоотехния». – М.: Колос, 1976

24 Шекенов Е. Ш. «Мал азықтандыру практикумы». – Астана, 2000

25 Богданов Г. А. «Кормление сельскохозяйственных животных».

М.,Колос,1981

44

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]