
2.1.2 Шырынды азықтар
Шырынды азықтар. Ірі қара, әсіресе сауын сиырлары рациондарында олардың сүтін көтөретін тамыр-түйнек жемістілер (қант және қызылша, сәбіз, картоп) және бақша дақылдары (асқабақ, қарбыз, қауын) кеңінен қолданылады. Олар өте жеңіл қорытылып, малды қантпен, ал сәбіз, асқабақ А витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз етеді. Оларды сиыр сүйсініп жейді.
Құрамындағы қант сиыр рационындағы қант-протеин ара қатынасын жақсартып, қоректік заттардың қорытылуын жоғарылатады.
Сауын сиырларға қызылшаны тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Яғни олардың жылдық қоры сиыр басына - қызылшаныкі 10-15 ц, ал картоптікі 5-10 ц. Тек қант қызылшасын қолданғанда ескеретін жайт - оның тәуліктік мөлшерін сиырдың сүттілігіне орай бірнеше рет бөліп беру керек. Өйткені сиыр организмінде лактаза ферменті азығынан қанттың көптеген мөлшері ыдырап үлгермей, ашьш, көптеген іш газы пайда болады. Қызылшаны арнаулы қорада (температурасы – 1-2° С) немесе әдейі қазылған орда сақтайды. Тамыр - түйнек жемістілер құрамында су көп болғандықтан (70 -90%) олар жоғары температурада нашар сақталып, ал –2-3° С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе ұрылып-соғылған, қабығы түскен тамыр - түйнек жемістілер тез бұзыла бастайды. Сондықтан сақтауға тек дұрыс қазылып алынған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр - түйнектілерді құмнан, батпақтан тазартып, сыртын кептіріп барып салады.
Малға берер алдында оларды тазартьш, турап, ал жас малға ыстың суға, буға бөрттіріп береді.
Көк азықтардың қоректік қасиеттерін қыста сақтап қалудың тиімді жолы - сүрлем салу. Сүрлем - микробиологиялық процестер (сүт қышқылды ашыту) арқылы анаэробтық (оттегінсіз) жағдайда консервіленген азық. Шаруашылықта оңай және көп қаржысыз дайындауға болатындықтан сүрлем қолдағы ірі қараың қысқы уақытта негізгі азығы бола алады.
Сүрлемге бақшалық дақылдардың көк жапырағын, капустаны, бұршақ және астық тұқымдастар қосындысын, шалғын көгін, жас құрақты, көк жүгері мен күнбағысты салуға болады. Құрамында қанты аз шырынсыз азықтарды тез сүрлеу үшін, оларды басқа шырынды, қантқа бай азықтармен (тамыр - түйнек жемістілермен) қоса салып құрама сүрлем дайындауға болады.
Сүрлем салу үшін жерді қазып, қабырғалары мен едені тапталған немесе тіпті бетондалған ор (траншея) дайындайды. Оған жүгерінің дәні сүттеніп қатая бастағанда, ал басқа азықтарды шырындалып, бойына қоректік заттарды жинаған кезеңінде (бірақ қатая бастағаннан бұрын) орып, турап, ныгыздап салады да тиянақты таптайды. Шырын сөлі ағып кетпес үшін 100 килограмына 15-20 кг сабан және топан араластырып салса да болады [14].
2.1.3 Ірі азықтар
Оны түрлі көк шөптерді орып (шауып) кептіру жолымен дайындайды. Сондықтан пішен қоректілігі құрамына кіретін шөп түріне, оның дайындалған кездегі өсіп - өну кезеңіне, кептіріліп дайындалу, сондай-ак, сақталу жағдайларына тікелей байланысты келеді.
Ең құнарлы пішен гүлдене бастаған балаусадан дайындалады. Сондықтан астық тұқымдас дақылдарды шашақтана бастаған ал бұршақ тұқымдас дақылдарды бүршіктеніп, гүлдене бастаған кезеңдерінде шабады. Шабылған шөпті неғұрлым тез кептірсе, соғұрлым оның құрамында қоректік заттар,каротин толығырақ сақталады. Сондықтан көкті таңсәріден шашқан жөн. Күн қатты қызғанша, олар дегдіп, кеуіп қалады. Қатты кеуіп кеткөн пішен жапырақтары уатылып түсіп қалады да, қоректілігі төмен сабақтар оның жалпы құнарлылығын төмендетеді [15].
Азықтың химиялық құрамы көк шөп азықтар, ірі азықтар, шырынды азыөтар, құнарлы азықтардан тұрады. Оның ішінде жүгерінің құрамындағы су мөлшері [75,1; 16] беде көгінің құрамындағы құрғақ зат [235; 19], жоңышқа көгінің құрамындағы шикі күл [25; 75,0], шырынды азықтар сәбіз, жоңышқа, жүгері сүрлемі, күнбағыс сүрлемдерінен тұрады.
Кесте 1- Азықтың химиялық құрамы, %
Азықтар |
Су |
Құрғақ зат |
«Шикі» протеин |
«Шикі» май |
«Шикі» клетчатка |
АЭЗ |
«Шикі» күл |
||||
Көк шөп азықтар |
|||||||||||
Жүгері көгі |
751 |
249 |
21 |
6 |
55 |
151 |
16 |
||||
Беде көгі |
765 |
235 |
39 |
8 |
61 |
108 |
19 |
||||
Жоңышқа көгі |
750 |
250 |
50 |
7 |
68 |
100 |
25 |
||||
Еркек. ш. к |
621 |
379 |
31 |
10 |
128 |
185 |
25 |
||||
Судан. ш.к |
800 |
200 |
28 |
6 |
55 |
91 |
20 |
||||
Ірі азықтар |
|||||||||||
Жоңышқа піш |
170 |
830 |
144 |
22 |
253 |
330 |
81 |
||||
Ірі дала пішені |
134 |
866 |
75 |
25 |
325 |
373 |
68 |
||||
арпа сабаны |
170 |
830 |
49 |
19 |
331 |
368 |
63 |
||||
Беде пішені |
750 |
250 |
50 |
7 |
68 |
100 |
25 |
||||
Дала пішені |
200 |
800 |
97 |
25 |
263 |
414 |
1 |
||||
Шырынды азықтар |
|||||||||||
Сәбіз |
880 |
120 |
12 |
2 |
11 |
87 |
8 |
||||
Жоңышқа |
550 |
450 |
103 |
17 |
127 |
148 |
35 |
||||
Күнбағыссүр |
750 |
250 |
23 |
13 |
83 |
115 |
16 |
||||
Жүгері сүр |
750 |
250 |
25 |
10 |
75 |
119 |
21 |
||||
Сұлы.піш |
550 |
450 |
54 |
13 |
148 |
192 |
43 |
||||
Құнарлы азықтар |
|||||||||||
Сұлы дәні |
150 |
850 |
108 |
40 |
97 |
573 |
32 |
||||
Тары дәні |
150 |
850 |
108 |
32 |
92 |
587 |
31 |
||||
Бидай дәні |
150 |
850 |
133 |
20 |
17 |
658 |
12 |
Кесте 2- Азықтар мен қосындылар қоректілігі
Көрсеткіш
|
Азықтармен қосындылардың 1килограмында |
||||||||||
Жүгері көгі |
Беде көгі |
Дала жайылы |
Дала пішені |
Шалғын піш |
Күнбағыс сүр |
Азықтық қызылша |
Соя дәні |
Тары дәні |
Беде ұны |
Бидай кебегі |
|
Азык өлшемі |
0,21 |
0,20 |
0,24 |
0,42 |
0,44 |
0,18 |
0,12 |
1,45 |
0,98 |
0,71 |
0,75 |
АЭ, МДж |
2,34 |
1,87 |
3,23 |
6,85 |
6,49 |
2,10 |
14,63 |
14,7 |
10,30 |
8,41 |
8,97 |
Қорыт.прот, г |
14 |
27 |
24 |
55 |
48 |
15 |
9 |
281 |
76 |
94 |
97 |
Қант, г |
40 |
12 |
25 |
- |
- |
4 |
50 |
40 |
18 |
20 |
47 |
Кальций, г |
1,24 |
3,7 |
2,43 |
7,2 |
5,6 |
3 |
0,9 |
4,8 |
0,8 |
14,0 |
2,0 |
Фосфор, г |
0,78 |
0,6 |
0,8 |
2,2 |
1,6 |
1,2 |
0,5 |
7,1 |
5,1 |
2,9 |
9,6 |
Магний, г |
0,48 |
0,6 |
0,6 |
1,7 |
1,5 |
1 |
0,3 |
2,9 |
1,0 |
3,0 |
4,3 |
Натрий, г |
0,28 |
- |
0,2 |
- |
- |
2 |
0,3 |
3,4 |
0,1 |
0,5 |
0,9 |
Калий, г |
3,58 |
2,1 |
6,8 |
16,7 |
11,9 |
5 |
5,0 |
21,7 |
4,4 |
29,2 |
10,9 |
Хлор, г |
0,72 |
0,4 |
1,1 |
6,8 |
1,7 |
0,2 |
1,1 |
2,6 |
1,0 |
3,7 |
1,0 |
Күкірт, г |
0,63 |
0,5 |
0,8 |
1,8 |
1,2 |
0,3 |
1,2 |
0,2 |
0,8 |
2,3 |
1,9 |
Темір, мг |
86 |
99 |
60 |
188 |
340 |
28 |
8,0 |
125 |
40 |
223 |
170 |
Мыс, мг |
0,5 |
2,0 |
3,6 |
0,9 |
4,8 |
2 |
1,9 |
14,2 |
16,6 |
9,0 |
11,3 |
Мырыш, мг |
3,5 |
11,9 |
4,8 |
21,2 |
14,5 |
12 |
6 |
33,0 |
35,0 |
37,6 |
81,0 |
Марганец, мг |
11,3 |
16,4 |
184 |
94 |
138 |
40 |
11,1 |
27,2 |
17,9 |
57,6 |
117,0 |
Кобальт, мг |
0,13 |
0,08 |
0,11 |
0,10 |
0,29 |
0,1 |
0,10 |
0,09 |
0,03 |
0,26 |
0,10 |
Йод, мг |
0,03 |
0,02 |
0,03 |
0,04 |
0,05 |
0,1 |
0,01 |
0,20 |
0,02 |
0,35 |
0,176 |
Каротин, мг |
56 |
40 |
40 |
0,04 |
27 |
17 |
0,1 |
0,2 |
2 |
170 |
2,6 |
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Құнарлы азықтар
Құнарлы азық - құрамында қоректік заттар жоғары шоғырланған мал азығы. 1 кг - ның жалпы қоректілігі - 0,8 - 1,2 азық өлшеміне жетеді. Құнарлы жемге астық және бұршақ тұқымдастар дәні, кебек, күнжара мен шроттар жатады. Қоректік заттарының шоғырлануы бойынша құнарлы жем энергетикалық (1 азық өлшемі – 80 - 120 г қорытылатын протеин келетін астық тұқымдастар дәні) жөне протеиндік (1 азық өлшемі – 200 - 350 г қорытылатын протеин келетін бұршақ тұқымдастар дәні, күнжара мен шроттар) тобына бөлінеді. Бағасының қымбаттылығына байланысты мал азығына үнемделіп, мөлшерлі жұмсалады.
Дәндік азықтар құнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым бұршақ; тұкымдастар, энергетикалық, қоректілігі басым астық, тұқымдастар дәніне бөлінеді.
Мал азығына пайдаланылатын негізгі астық, тұқымдастарға арпа, жүгері, бидай, сұлы, қара бидай, тары, сорго жатады, 12 пайыздық ылғалдылықта олардың құрамында 9 - 13 пайыз протеин 1,5 - 2,0 пайыз май (сұлынікінде 5%, жүгерінікінде 6 – 8 %) 2 - 3 пайыз клетчатка (сұлынікінде 9),65 пайыз крахмал, 2 - 3 пайыз күл (оның 15 пайызы фосфордан, 3 пайызы кальцийден тұрады) болады. Органикалық, заттары 70 - 90 пайызға қорытылады.
Арпа дәнінде - 11,0 пайыз шикі протейн, 1,6 пайыз май, 3,8 пайыз клетчатка бар.Суда және тұз ертіндісінде 45-50 пайыз еритін протеиннің аминқышқылдық құрамы жақсы, 1 кг 5,5 лизин, 1,7 г триптофан, 2 г метианин, 1,9 г нистин болады. Е мен Б витаминдеріне ба. Осындай жеңіл қорытылатын диеталық азық болғандықтан арпа дәнімен малға берілетін жемнің 30-40 пайызын құрастыруға болады. Оны бордақылаудағы шошқа және мегежін, төл азықтандыруға кеңінен қолданады.Арпаның екіден үш бөлігін азотсыз экстрактивті заттар құлрайды. Арпаның қоректік заттарынның; қорытылу сапасы шошқада өте жоғары, энергетикалық құндылығы жағынан сулыдан 20 пайыз жоғары тұрады. Оның азықтық қасиетін бағалағанда ең алдымен малға берер алдындағы өңдеу процесі жоғары орын алады. Шошканың майы мен етіне өз әсерін қатты тигзеді, яғни ет алу үшін арпамен бордақылау дүниежүзлік эталонға жатады.
Арпа - шошканың барлық; түрлерінің радионының негізі болып табылады. Белокты витаминді - минералды қоспалармен бірге пайдаланғанда ете жоғары інім алуға болады. Арпаның протеині ете құнды, барлық; аминқышқылдар бар деп есептелінеді. Етті бағытгағы бордақылау негізіндеде арпаның мөлшері 70 пайызға дейін жетеді.
Арпаны берер алдында майдалап електен өткізеді. Шошқалардың протеинге деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қыпшқылдарының мөлшеріне байланысты болады.
Кәдімгі шаруашылыктағы мал азығы құрамында көбіне лизин, метионин, кейбір жағдайда амин қышқылдары жетіспейді. Жас шошқалар үшін қажетті амин қышқылдары деген мынадай: лизин - 4,2- 5 %,метионин - 2,8 - 3,2 (кей жағдайда метиониннің 40 % - на дейін цистинмен алмастыруға болады).
Дәндік азықтар кұнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым бұршақ; тұқымдастар, энергетикалық, қоректілігі басым астық, тұқымдастар дәніне бөлінеді. Шошқалардың протеинге деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қышқылдарының мөлшеріне байланысты болады. Дәндік азықтар құнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады.
Жем - қоректік заттарға бай мал азығы. Құрама азық негізі. Жем 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа арпа, сұлы, жүгері, қара бидай, тары сияқты астық тектес дәнді азықтар, екінші топқа асбұршақ, соя, үрмебұршақ сияқты бұршақ тұқымдас азықтар жатады. Олардың құрамында 20 - 40% протеин болады. Үшінші топқа майлы дақылдар, олардың дәні мен тұқымы (жарма, кебек, күнжара) жатады. Жем арқылы мал мен құстың күнделікті және жылдық қорек рациондары ретке келтіріледі. Олардың рациондарында мал азығы өлшемімен есептегенде Жем мынандай мөлшерде болу керек: сауын сиырда 15 – 20 %, шошқада 50 – 70 %, қойда 5 – 10 %, жылқыда 40 – 65 %, құста 75 – 90 %.
Соя - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік туысы, бұршақ дәнді, майлы дақыл. Африка мен Оңтүстік - Шығыс Азияның ылғалды тропикалық және субтропик. жерлерінде 10 түрі, Қазақстанда 1 ғана түрі – екпе соя өседі. Биіктігі 40 - 100 см, жапырағы күрделі, үш құлақты келеді, гүлі ұсақ, ақ не күлгін түсті. Сабағы ірі, тік. Жемісі – бұршақ. Сояның дәнінде 24 - 45 % белок, 20 – 32 % көміртек, 13 - 37 % май, D, B, E витаминдері бар. Соя ұнынан сүт, сүзбе, айран және кондитер тағамдары дайындалады, тазартылған майын тағамға пайдаланады. Соя белогынан жасанды талшық, пластмасса, желім алынады. Сояның майы сыр, бояу, сабын, маргарин жасауда, тоқыма өнеркәсібінде және медицинада қолданылады. Сондай - ақ соя - құнарлы мал азығы, шөбінің құрамында 36,4% шикі протеин, 6,5 % май, 32,4 % азотсыз заттар, 5,2 % клетчатка, ал 100 кг шөбінде 51 % мал азықтық өлшем болады. Соядан пішен, жарма, сүрлем, күнжара, т. б. дайындалады.