Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый Еркеблан курс жмыс.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
354.3 Кб
Скачать

1.6 Мал азығындағы витаминдер

Тіршілік тұрғысын алғанда, витаминдер мал ағзасының дұрыс қызмет етуіне, тұрқының өсуіне көмектесу үшін қажет, оларда биологиялық жоғары белсенділік бар, зат алмасу процесін шапшаңдатушы, не баяулатушы ретінде де әрекет етеді. Мерзімдік азық үлесінде (рационда) витаминдер бар болса, онда олар ағзаның қоректік заттарды дұрыс пайдалануына септігін тигізеді.

Мерзімдік азық үлесінде витаминдер жоқ болса немесе ұзақ уақыт бойына жеткіліксіз молшерде болса, онда мал авитаминоз ауруына шалдығады. Витаминдердің бірен-сарандары жетіспесе, мал аса байқала бермейтін, анықталуы қиын, созылмалы сипаттағы гиповитаминоз деп аталатын ауру түріне ұшырайды. Ол тек мал тұрқы өсуінің тежелуінен, өнімділігінің төмендеуінен, жұқпалы ауруларды жұқтыру қабілетінің артуынан, өндіргіштік қызметінің төмендеуінен байқалады.

Қазіргі кезде латын әріптерімен белгіленген немесе ерекше атаулар берілген 40 - тан астам витаминдер бар екені белгілі. Витаминдердің бәрі де түгелдей малдың зат алмасу процесінің дұрыс жүруі үшін керек. Алайда, олардың кейбіреулерін, мысалы В тобындағы витаминдерді (пиридоксин, пантотен қышқылы, биотин, фолий қышқылы) күйіс малының ағзасындағы микроорганизмдер түзеді, ал К витамині мал азықтарында жеткілікті болады. Сондықтан, ірі қара мен қой азықтандыру тәжірибесінде мерзімдік азық үлестерін жасағанда, барлық витамин түрлерін бақылай берудің қажеті жоқ. Ірі қара мен қой үшін А, О, және Е витаминдерінің мөлшерін белгілеу керек. Азықпен бірге түсетін С витамині қарында ыдырайды, бірақ ол бауырда түзіледі. Шошқаны азықтандырғанда А, D және Е витаминдері мен В витаминдер тобын, қүс азықтандырғанда А, D, Е, К, С, Н витаминдері мен В витаминдер тобын мөлшерлейді [16].

А витамині жасушалардың көбею және өсу процесінде маңызды роль атқарады, сілекей қабықшалардың дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етеді, көздердің торлы қабықшаларының көру кызметіне көмектеседі. Мерзімдік азық үлесінде А витамині жетіспесе, эпителий тіні өзгеріп бұзылады, кездер қабынады, ағзаның жұқпалы ауруларға қарсыласу қабілеті төмендейді, қозғалыс үйлесімдігі бұзылады, өндіргіштік қызметі төмендейді, аталық малдың жыныс жасушасының дамуы (сперматогенез) бұзылады, жас малдың тұрқының өсуі тоқтайды.

Өсімдік азықтарында А витамині болмайды, бірақ каротиназа ферментінің әсер етуімен ішек қабырғасында А витаминіне айналатын провитамин А - каротин - бар.

Көк азықта, өсіресе бұршақтұқымдас өсімдіктердің жапырақтарында, сәбізде, витаминді шөп ұнында, сапасы жақсы пішенде, сүрлем мен пішендемеде каротин көп болады.

Мал азығындағы каротин мг - мен өлшенеді, ал А витамині халықаралық өлшем бірлігімен беріледі.

А - гиповитаминоз көбінесе бұзауда жиірек байқалады. Алайда, мол өнімді сиырдың да А витаминімен қамтамасыз етуге байланысты талабы жоғары болады.

Қан құрамында каротиннің болуы малдың А витаминімен қамтамасыз етілуі тұрғысынан алғанда, толыққұнды азықтандырылып жатқанының көрсеткіші. Қыс кезімен салыстырғанда, жазғы кезенде қан қүрамында каротин айтарлықтай көп болады.

Сүттің А - витаминдік белсенділігі - мерзімдік азық үлесінің каротинмен қамтамасыз етілгендігінің көрсеткіші. Кейбір сапасы жақсы сүттегі каротин мөлшері 1 мг % - ға және А витамині 0,4 мг % - ға жетеді.

Жаңа туылған бұзаудың тіршілік қабілеті мен денсаулығы енесінің буаз кезінде витаминді азықпен қаншалықты қоректенгендігіне байланысты. Буаз сиырды қорада бағу кезеңінің аяғына таман, оның организмінде А витаминінің қоры әбден азайған кезде, көбіне әлжуаз бұзау туылады.

Егер қысқы мерзімдік азық үлестері каротинмен жеткілікгі дәрежеде қамтамасыз етілген болса, онда бұлай болмас еді. Жаңа туылған бұзаудың көзінен жас, танауынан маңқа аққаны, жүні тікірейіп тұрғаны байқалса, онда енесінің буаз кезінде мерзімдік азық үлесінде каротин жетіспеген деп пайымдауға болады [15].

D витаминін мешелге қарсы витамин деп атайды. D тобындағы витаминдердің бірнешеуі белгілі. Мал шаруашылығында, әсіресе, D, (эргокальциферол) және D3 (холекальциферол) витаминдері маңыздырақ. Мал шаруашылығында D2 және D3 витаминдерінің маңызы бірдей.

D витамині фосфор мен кальцийдің алмасуын реттейді. Оның жетіспеуі мешел, сүйектің жұқаруы, сүйектің бор кеміктенуі сияқты ауруларға ұшыратады, өйткені жеткілікті мөлшерде барғанымен, кальңий мен фосфор ағзаға нашар сіңеді. Фосфор мен кальций алмасуының бұзылуы тістердің жетілуіне де кері әсер етеді. Бұл витаминнің көмірсу мен белок алмасуына да үлкен әсері бар екені белгілі болып отыр.

Жас төл D - гиповитаминоз болғанда аяқтарының маймақтанғаны, буындарының жуандағаны, ішек-қарын жұмысының бұзылғаны байқалады. Буаз малдың қозымдылығы жоғарылап, тістері босайды, аяқтары әлсіреп, оларды жиі - жиі ауыстырып басатын болады.

Мал қанында кальций мен фосфордың қолайлы деңгейде болуы олардың мерзімдік азық үлесінің (рационының) осы минералды заттармен, сондай - ақ жанама түрде D витаминімен де қамтамасыз етілгендігін көрсетеді. Өйткені оның жеткілікті мөлшерде болуы кальций мен фосфордың сіңірілуін жақсартады. D витаминінің жетіспеушілігінен мол өнімді мал жиірек қиындық көреді. Мұны оларда зат алмасу процесінің, әсіресе минералды заттар алмасуының барынша қарқынды жүретіндігі деп білу керек.

D витаминінің негізгі көзі - ашық күндері кептірілген бұршақ пішені болып табылады. Ашық күндері салынған сүрлем мен пішендеме D витаминінің көзі бола алады. Көк азықта D витамині болмаса да күнге кептірілгенде D витаминіне айналатын эргостерин провитамині бар. Балық майында витаминдер көп болады, арнайы сәулелендірілген ашытқы да үлкен белсенділік көрсетеді.

Малды D витаминімен қамтамасыз етуде оларға сәуле түсірудің маңызы айтарлықтай. Мал терісінде күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәулелі шамдардың әсерімен D витаминіне айналатын 7 - дегидрохолестерин провитамині бар. Жазғы жайылымда мал D витаминінің жетіспеушілігін сезінбейді. Қыста ашық күндері оларды серуендету оте маңызды. Алайда, жаздыкүнгіге қарағанда, қыста күн сәулесі белсенділігінің аз болатынын да ескерген жөн. Сөйтіп бұл кезеңде мерзімдік азық үлесінің D витаминімен қамтамасыз етілуіне ерекше көңіл бөлу керек және ол жетіспеген жағдайда, малга арнайы шамдармен сәуле түсіріп, мерзімдік азық үлесіне D витаминін енгізу қажет.

Е витамині (өніп - өсу витамині) өніп - өсу органдарының қызметін, бұлшық ет және жүйке тіндеріндегі зат алмасу процесін дұрыс жолға қояды, гипофиз бен қалқан безінің қызметіне әсер етеді. Е - авитаминоз ұрық безін солдырып, эмбриондардың өлуіне, бұлшық еттердің жансыздануына, ауыр түрімен ауырғанда, тіпті сал болып қалуына әкеп соғады. Токоферолдар өсімдіктерде кең тараған. Олар өсімдіктердің көк бөлігінде, әсіресе кейбір өсімдіктер (бидай, жүгері, т. б.) тұқымының ұрығында көп [15].

В тобындагы витаминдер. Бұл топта жасушалар мен тіндер қызметінің дұрыс болуына көмектесу үшін тіршіліктік қажеті бар 10 - нан астам жекелеген витаминдер бар. В тобындағы витаминдердің көпшілігін малдың өзі түзе алмайды. Күйіс малында оларды алдыңғы қарындардағы микроорганизмдер түзеді де, бір қарынды малдарда тоқ ішекте түзіледі.

В1 витамині - тиамин. Бұл витаминнің жетімсіздігі мал төбетінің жоғалуына, асқорыту процесінің бұзылуына, содан соң жүйке жүйесінің күйзелісті өзгерістерге ұшырауына әкеп соғады. Әсіресе, В, витаминінің жетіспеуіне құстар сезімтал келеді. В1 витаминінің қанағаттанарлық көзі - көк азық пен пішен болып табылады.

В2 витамині - рибофлавин. Рибофлавин жетіспегенде тіндердің тыныс алу қарқыны нашарлайды, жас мал тұрқының өсуі кідіреді, жұқпалы ауруларға қарсылық қабілеті төмендейді, дерматит, іш өту, сал, катаракт ауруларына ұшырайды. Рибофлавинді жылқы, құс, шошқа қажет етеді. Рибофлавиндер ашытқыларда, жақсы пішенде, күнжараларда, сүттік азықтарда көп, ал тамыр - түйнекжемістілер мен астықтоқымдастардың дәндерінде аз болады.

В3витамині - пантотен қышқылы микроорганизмдердің өніп-өсуіне жағдай жасайды, ферменттік жүйеге кіреді. Оның жетіспеуі орталық жүйке жүйесінде, эндокриндік бездерде және теріде патологиялық өзгерістер туғызады. Күйіс малы бұл витаминмен үлкен қарыңдағы микроорганизмдер есебінен қамтамасыз етіледі. Ашытқылар, көк өсімдіктер, бидай кебектері, күнжаралар, малдан алынған азықтар пантотен қышқылына бай келеді.

В4витамині - холин мейлінше кең тараған фосфолипидтер болып саналатын лицитиндер құрамына кіреді. Лицитиндер құрамына, сондай-ақ линол, пальмитин және олеин қышқылдары да кіреді.

Холиннің жетіспеуіне құс пен шошқа сезімтал келеді. Шөптер мен астықтұқымдастардың дәндері - В4 витаминінің жақсы көздері болып табылады.

В5 витамині немесе РР - никотин қышқылы тіндердегі қышқылдану процестерінде маңызды роль атқарады. Ашытқыларда, бидай кебектерінде, ет және балық ұндарында никотин қышқылы көп. Сүтте, тамыр-түйнек жемістілерде, сұлыда В5 витамині аз болады.

В6 витамині - ниридоксин белок пен майдың алмасу процесіне қатысады. Ол жетіспеген жағдайда шошқа мен құста дерматиттер, ауыр түрдегі анемия пайда болады. Ашытқылар, бидай кебектері, тұқым ұрықтары В6 витаминіне бай.

В7 витамині - биотин (ашытқылардың өсуіне ықпал етуші немесе Н витамині) бірқатар ферменттер жүйесіне, олеин қышқылының түзілу процесіне қатысады. Биотиннің жетіспеуіне құс сезімтал келеді. Бұл витаминге көк шөп, ас бұршақ, қытайбұршағы бай.

В8 витамині - мезоинозит өсімдік пен малдың барлық тіндерінде болады.

В9 витамині - фолий қышқылы (В9 витамині) қан түйіршіктерінің түзілуінде үлкен роль атқарады. Бұл витамин жетіспесе, малда анемия ауруы пайда болады. Құстың өсуі мен қауырсындануына жағдай жасайды. Бұл витамин шөптер мен ашытқыларда көп.

В10 және В11 витамині балапанның өсуіне ықпал етуші ретінде белгілі.

В12 витамині - цианкобаламин қанның түзілу процесінде үлкен роль атқарады. Оның құрамына кобальт кіреді. Мал тұрқының өсуі мен ұрпақ арқылы өніп - өсуіне көмектеседі.

2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ

2.1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы мал азығының химиялық құндылығы және сапасын анықтауды ұйымдастыру

Тірі организмдер өсіп-жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процесіне қажетті заттармен қамтамасыз етілу керек. Ол заттар организмге қоректену арқылы енеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне пайдалынады.

Организмдегі заттардың қосындылары күрделі және алуан түрлі болып келеді. Тек ақзат түрлері 5 миллионнан асады. Бірақ сонша ақзат түрі тек 20 шақты аминқышқылдарының қалдықтарынын құрастырылады.

Қазіргі уақытта өсімдік және мал организмінде табылған химиялық элементтер саны 70 -ке жуық болғанмен олардың ішінде зерттеліп, тіршілік үшін биологиялық маңызы анықталғаны 25 -тей. Ең алдымен тірі организм құрамының 98,5 процентін алты элемент - көміртек, сутек, оттек, азот, кальций және фосфор құрайды. Оның алғашқы төртеуі органиклық заттарды құрастыратын органикалық элементтер де, соңғы екеуі минералды элементер. Биохимиялық ілім бойынша организмдер құрамында барлық химиялық элементтерді табуға болады. Өйткені биосфера қабаттарындағы элементтер миграциясы үздіксіз шашыранды түрінде жүреді.

Ал биологиялық мәні зерттеліп, тіршілікке қажеттілігі дәлелденген маңызды, немесе биогендік, биотикалық элементтерді алатын болсақ, оларға жоғарыда көрсетілген кальций және фосформен қатар жемшөп және жануар организмінде көп мөлшерде кездесетін калий, натрий, магний, күкірт, хлор және аз мөлшерде шоғырланса да өте маңызды қызмет атқаратын темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод, молибден, бор, селен, фтор жатады. Әр 1 кг құрғақ заттар грамдап жиналатын алғашқы жеті элементі көптеп кездесетін, яғни макроэлементтер деп атаса, мөлшері милиграмдап есептелетін соңғы элементтерді микроэлементтер деп атайды.

Аталған элементтер организмдегі химиялық қосындыларға кіреді. Олармен алдымен су және құрғақ заттарға, ал құрғақ зат органикалық және анорганикалық, яғни минералды заттарға бөлінеді. Органикалық заттар түрлі қоректік және биологиялық әсерлі заттардан, ал минералды заттар макро және микроэлементтерден тұрады.

Құрғақ зат органикалық және анорганикалық немесе минералды заттардан тұрады. Оларды муфель пешінде 500-550 градуста жағу арқылы ажыратады. Мұндай темпертурада органикалық заттар жанып, энергия бөліп ыдырайды да, минералды заттар күл құрамында қалып қояды. Сондықтан азықтың минералды бөлігін шикі күл деп атайды. Шикі деген сөз бұл арада шикізатты, яғни таза емес, қосындылары бар деген түсінік береді. Мал азығының құрғақ затында шамамен 5 проценттей күл болады. Оның құрамында калий және шақпақ басым келеді, ал жануар денесінің күлінде кальций және фосфор көп болады.

Шикі деген қосымша сөз зоотехникалық зерттеу бойынша анықталатын барлық дерлік қоректі заттар тобында кездеседі. Ол осы зерттеу тәсілдері бойынша жекелеген қоректік заттар емес, химиялық жағынан жақын біршама қосындылары біріктіріліп табылатындығын көрсетеді. Мысалы, шикі протеин тобына тек амин қышқылдарынан түзілген көп пептидтер макромолекулалары ғана емес, сондай-ақ басқа барлық азотты қосындыларда енеді.

Мал азығының органикалық затында түрлі билогиялық әсері қосындылар - витаминдер, ферменттер, антиқоректік заттар (алкалоидтар, глюкозидтер, токсиндер т.б.) болады. Бірақ мөлшері өте аз болғандықтан олар зоотехникалық зерттеудегі проценттер көлеміне әсер етпейді. Өсімдіктер витаминдерді өздері түзе алатын болса, гетеротрофты жануар органимзінде олар негізінен азық құрамына енеді. Біршама витаминдер түзілуіне ас қорту жолындағы микроорганизмдер себептеседі [19].

Мал азығының химиялық құндылығын анықтау үшін , алдымен азық түрлерін аламыз:

1. Көк азықтар және жайылым түрлері

2. Ірі азықтар

3. Шырынды азықтар

2.1.1 Көк азықтар және жайылым түрлері

Көк азықтар - ірі қараның жазғы уақыттағы негізгі азығы. Жақсы жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 70 килограмға дейін көк балауса жей алады. Жас көк балаусаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан жалпы құндылығы 0,18 - 0,29 азық өлшемі аралығында болады. Орташа химиялық құрамын алғанда түрлі жайылым отында 60 – 80 % су, ал құрғақ затында 20 – 25% протеин, 10 – 18 % клeтчатка, 4 – 5 % май, 35 – 50 % азотсыз экстравтік заттар, 9 – 11 % минералды (күлді) заттар болады. Құрамында мал организмінің тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік және биологиялық белсенді заттар, ең алдымен витаминдер, өте жақсы сіңірілетін болғандықтан көк азықтардың қоректілігі мен құндылығы өте жоғары бағаланады. Жалпы қоректілігі жағынан көк азықтардың құрғақ заты құнарлы жемдермен тең түссе, биологиялық және витаминдік бағалылығы жағынан олардан анағұрлым басым.

Жазғы уақытта сиырларды күн ұзағына (тәулігіне 14 - 16 сағат), әсіресе ертеңгі және кешкі салқынды пайдаданып өріске шығарған жөн. Жайылымда сиыр жақсы серуендейді. Оның үстіне күн сәулесін қабылдап, ширайды, денесіне белок, май, минералды заттар және витаминдер қоры жиналады. Олардың өнімділігі артып, өнімінің сапасы жақсарады. Мысалы, сүт құрамында каротин көбейгендіктен одан шайқалған май сары түсті, мол витаминді келеді. Сиырлардың күйті жақсы келіп, ұрықтанғыш қабілеті артады.

Көктемгі уақытта көк шыға сиырларды бірден жайылым отына шығаруға болмайды. Қысқы ірі азықтарды бірден шырынды көк балаусамен алмастырса, алдыңғы карындардағы микробиологиялық, процестер күрт өзгеріп, көптеген ішкі газдар пайда болады. Сөйтш сиырдың іші кеуіп (тимпания) кетеді. Тіпті іші де өтеді. Оның алдын алу үшін малды жаңа шыққан көк балаусаға біртіндеп, өріске шығар алдында ірі азықтар беріп алып жайған жөн.

Өріс те, суат та онша алыс болмауы тиіс. Жайылымды алдын - ала тастардан, былтырығы өсімдік қалдықтарынан бөгде заттардан тазартып, сиырларды әрқайсысына бірнеше күннен жаятын өрістерге бөлген жөн. Сонда бір жағынан жайылым отын сақтап, ал екінші жағынан оларды қажетті мөлшерде көк азықпен қамтамасыз етіп тұруға болады. Бір килограмның орташа қоректілігі 0,22 азық өлшемі, 25 грамм Қорытылатын протеині, 3,0 грамм кальцийі 0,7 грамм фосфоры, 40 - 60 миллиграмм каротині бар шалғында тірілей салмағы 450-500 килограмдық сауын сиырлар тәулігіне 8 литр сүт өндіргенде 40-45 кг, 10-12 литр өндіргенде -55-65 кг, 18-20 литр өндіргенде – 65-75 кг көк азық жеуге тиіс. Сүттілігі өте жоғары болса немесе жайылым оты мардымсыз болып, соған орай сиыр күні бойы көк азықты мұндай мөлшерде жұлып жей алмаса, оларды орылған балаусамен қосымша азықтандырады.

Көк азықтардың қоректілігі жайылым отының құрамындағы шөп түрлеріне байланысты.

Бұршақ тұқымдастардың (беде, жоңышқа түрлері) құрамында протеин көп болғанымен, олар ыстық тұқымдастарына қарағанда қантқа кедей. Ал ірі қараның алдыңғы қарындарындағы микробиологиялық процостерге ең қолайлысы қант - протеин ара қатынасының 1:1 екенін ескерсек, онда сиырларды ең жақсысы бұршақ және астық тұқымдастар қатар өсетін жайылым отымен азықтандырған тиімді.

Жазғы уақытта сауын сиырларды тәулігіне 3-4 рет суарып, қажетті мөлшерде жалайтын ас тұзымен қамтамасыз еткен дұрыс [18].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]