Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый Еркеблан курс жмыс.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
354.3 Кб
Скачать

1.4 Мал азығындағы майлар

Мал азықтарына зоотехникалық талдау жасағанда, құрамына нағыз майдан басқа балауыз, хлорофилл, шайыр, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, фосфатидтер, стериндер мен басқа да қоспалар кіретін шикі майды анықтап алады.

Майлардың құрамында әр түрлі үйлесімде көміртегі, сутегі және оттегі болады. Басқа қоректік заттармен салыстырганда, майда оттегінің аз, ал көміртегі мен сутегінің көп болуы нәтижесінде, олар қышқылданған кезде көмірсуларға қарағанда қуатты 2,25 есе коп бөліп шығарады. Сондықтан да майлардың қуаттық құндылығы жоғары.

Бірақ майдың ролі тек оның қуаттық құндылығымен шектелмейді. Ол құрылымдық материал ретінде жасушалар протоплазмасының құрамына кіреді. Линол, линолен және арахидон сияқты жекелеген майлы қышқылдар зат алмасу процесінің дұрыс жүруі, тіршілік тұрғысынан алғанда, малдың өсіп-жетілуі үшін аса қажетті, сондықтан да олардың міндетті түрде қорекпен бірге баруы тиіс.

Бұл қышқылдарды мал ағзасы жинақтай алмайды және олар басқа нәрселермен ешқандай алмастыруға келмейтін қышқылдар болып есептеледі. Мұндай алмастырылмайтын майлы қышқылдар мал ағзасында негізінен простагландиндер, тромбоксандар, лейкотриендер тектес биологиялық белсеңді заттарды жинақтау үшін пайдаланылады.

Қанықпаған майлы кышқылдар жетіспеген жағдайда, линол қышқылының ең жоғары деңгейде түзілу процесі бұзылады да, түзілген ақырғы өнім эйкозотриен қышқылы болып шығады [16].

Мұндай жағдайда, ағзаның алмастырылмайтын майлы қышқылдармен қамтамасыз етілу көрсеткіші (эйкозотриен қышқылының арахидон қышқылына қатынасы) күрт өседі. Бұл қатынас дұрыс мөлшерінде 0,4 - тен аспауы тиіс.

Орташа мөлшердегі азықтық май тәбетті жақсартып, азықтың дұрыс қорытылуын және оның ішекке дұрыс сіңуін бірқалыпты қамтамасыз етіп тұрады. Ағзаға азық майымен бірге майда еритін витаминдер де барады. Азықта май жеткіліксіз болса, мал майда еритін А, Б, Е және К витаминдерінің жетіспеуінен қиындық көреді.

Майлар негізінен аш ішекте қорытылады да, өт қышқылы мен липаза тұздарының, ұйқы безі мен ішек солдерінің әсерінен глицерин мен майлы қышқылдарға ыдырайды. Олар өт қышқылдарымен қосылысқа түсіп, суда еритін заттар жиынтығын береді және қан арнасына сіңеді [15].

1.5 Мал азығындағы минералды заттар

Қуаттық құндылығы болмаса да, мал азықтандыруда минералды заттардың маңызы мейлінше зор. Бұл минералды заттардың ағзада жүретін барлық зат алмасу процестерінде үлкен роль атқаратындығын білдіреді.

Мал азықтандыруды мөлшерлеуде макро және микроэлементтер есепке алынады. Ондай аса маңызды макроэлементтер: кальций, фосфор, калий, натрий, хлор, магний, күкірт; ал микроэлементтер: кобальт, йод, марганец, цинк, темір, мыс.

Кальций ағзадағы сүйек тінін қүрастыратын негізгі материал қызметін атқарады. Ол ағзаның барлық жасушаларының құрамына кіреді, қанның әрекеттесуін, бұлшық ет пен жүйке тіндерінің қозғыштығын, қанның ұюын реттеуге қатысады. Кальцийдің 98 пайызға жуығы сүйек тінінің құрамында болады. Мерзімдік азық үлесінде кальций ұзақ уақыт бойына жеткіліксіз болса, мал өз қаңқасының кальциін пайдаланады. Бұл, ақырында, сүйектердің омырылғыштығы мен сынғыштығына әкеп соғады.

Кальцийдің алмасуы ішкі сөл шығаратын бездердің қызметтерімен және витаминдермен тығыз байланысты. Малдың D витаминімен дұрыс қамтамасыз етілуі кальцийдің жақсы сіңуіне мүмкіндік жасайды.

Фосфор да кальций сияқты сүйек тінінің негізін құрайды. Ол барлық жасушалардың ядролық заттарының құрамына нуклепротеидгер түрінде енеді. Фосфор безді тіндерде, бұлшық еттерде, жүйке тіндерінде көп болады. Фосфор қышқылы көмірсулар мен майлардың алмасу процесіне қатысады. Натрий мен калий фосфаттары ағзадағы әртүрлі ортаның әрекеттесуін реттеп отыратын тежегіш болып табылады. Фосфор күйіс малының алдыңғы қарындарын (жұмыршақ пен тазқарынды) мекен ететін микроорганизмдердің дұрыс тіршілік етуі үшін қажет: азотобактер нуклепротеидтер түзу үшін фосфор пайдаланады.

Мал азығында кальций мен фосфордың жетіспеуі, сондай - ақ мерзімдік азық үлесінде олардың арақатынасының дұрыс болмауы мешел (рахит), сүйектің жұқаруы (остеомаляңия), сүйектің боркеміктенуі (остеопороз), сүйектің талшықты дәнекер тіндерінің әлсіреуі (остеофиброз), фосфорсыздық (афосфороз) ауруларына ұшыратады [14].

Бұршақтұқымдас өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтары кальцийге бай, ал дәндер мен тұқымдарда кальций аз. Керісінше, фосфор дәндер мен тұқымдарда көп, ал шөпте, пішенде және сабанда аз. Әсіресе, фосфор күнжаралар мен кебектерде көп бөлады.

Мерзімдік азық үлесінде кальций мен фосфор аз болса, минералды азықтар беру керек .

Калий ағзадағы сүйек және шеміршек тіндерінен басқа тіндердің барлығында көп мөлшерде болады. Ол азықтарда жеткілікті болғандықтан, мал әдетте оның жетіспеуінен қиындық көре қөймайды.

Натрий қандағы және тін сұйықтарындағы қышқылдарды бейтараптандыруға қатысады. Хлорлы натрий қарын сөлінің түзілуіне қажетгі материал болып табылады. Натрий жетіспесе малдың тәбеті жоғалады, май мен протеиннің түзілуі төмендейді, жас мал түрқының өсуі тоқтайды. Өсімдік азықтарында натрий аз, сондықтан малдың мерзімдік азық үлесіне (рационына) міндетті түрде ас тұзын енгізу керек.

Хлор ағзадағы қанда, теріде және теріасты талшықтарында, лимфада, қарын сөлінде болады. Мал азықтарында хлор аз. Ол ағзаға натриймен бірге ас тұзының құрамында барады.

Магний ағзаның тіршіліғі үшін қажет, алайда жемшөпте магний жеткілікті болғандықтан, мал да оның жетіспеушілігін сезіне қоймайды.

Күкірт те мал ағзасының тіршілігі үшін қажет. Ол ағзаның, ұйқы безінің гармоны инсулиннің және басқа да заттардың қышқылдану процесінде маңызды роль атқарады. Күкірт ағзаға органикалық қоспалармен, мысалы, цистин және метионин сияқты амин қышқылдарымен бірге барып түседі [14].

Микроэлементтердің биологиялық маңызы. Микроэлементтер - металы бар және металсыз элементтер, олар өсімдіктер мен жануарлар ағзасында аз мөлшерде кездеседі. Олар практикада өмірге өте қажетті және улаушы элементтер түрінде болады. Олардың улау түрі организмде (ағзада) көп мөлшерде болған кезде байқалады, аз тиімді мөлшерде болғанын организм қажет етеді. Кейбір микроэлементтер улануы болса да өзге заттарға ауыстыруға болмайды. Мысалға, селен және мыс - алмастыруға болмайтын элементтер, бірақ артық, мөлшерде болса, мыс пен селеннің де улайтыны байқалады. Микроэлементтердің негізгі маңызы, олар ферменттермен ферменттік системаның құрамдас бөлігі болады, мысалға, мыс және селен. Қалғаңдары гармондарда болады, мысалы йод [11].

Ферменттердің микроэлементтермен байланысы екі топқа бөлінеді:

- кейбір микроэлементтер ферменттердің жай тобын қүраса (металды - ферменттер);

- қалғандары ферменттермен уақытша байланыста болып және уақытша ферменттермен микроорганизмдер енетін ортамен уақытша байланысты болады.

Микроэлементтер арасында синергизм және антогонизм сияқты аралык байланыстар байқалады, кейбір жағдайларда олардың шешуші маңызы бар.

Микроэлементтерге қажеттілігі 1 кг мал азығы бойынша есептеледі, қалыпты жағдайда малдың биологиялық қажеттілігін өтейді, сондықтан тәуліктік рациондарды жасағанда осыған көңіл бөлу керек.

Микроэлементтердің біреуінің жетіспегені байқалғанда, малда әртүрлі керексіз жағдайды болдырмас үшін осы элементпен қамтамасыз ету керек.

Қалайы. Ірі қарада қалайы жетіспесе клиникалық белгілер айқын байқалып, әсіресе субклиникалық белгілер пайда болады. Раңциондағы қалайы жетіспеушілігі раңиондағы (мерзімдік азық үлесі)басқа элементтердің көбеюінен болуы мүмкін (қалайының екінші қайтара жетіспеушілігі), мысалға кальций, темір, кадмий, қорғасын және күкірт.

Мал ағзасында цинк ферменттердің негізгі бөлігі немесе көптеген ферменттерді белсенді етеді. Ол жарақаттың тез жазылуына, сүйектерді минералдау ісіне, сульфаттардың алмасуына, белокты синтездеуге, А витаминін пайдалануға, имунитеттің күшеюіне, басқа да гармондарды шығаруға (мысалға, инсулин, тестосторон), сонымен бірге биомембрананың қалыпты жағдайға келуіне ықпал етеді.

Қалайы жетіспеушілігі азықты аз жеуіне байланысты бұзаулардың өсу қарқынын төмендетеді [13].

Малда мұрын алдында, желінде, езуінде, тік ішектің жанында, тұяқтардың арасында, артқы аяқтарының шашасы мен құйрықтың басында, қабыршықты тері ауруы пайда болып, тері қалыңдайды (әсіресе бұзауларда) және таз пайда болады. Осындай өзгерістердің өңештің үстіңгі жағында және қарынның шырышты қабығында пайда бөлуы мүмкін. Тұяқтың екінші ауруына қарай терінің қабынуы мүмкін.

Осы белгілер қалайының жетіспеушілігін көрсетеді, оны лабораторияда жүннің түбін, қан сарсуын зерттеп кору арқылы анықтауға болады. Егер жүннің құрамындағы қалайының мөлшері 100 мкг/г болса, онда қалайының жетіспеушілік айқын деген сөз. Дені сау малдың қанындағы қалайы мөлшері - 10 мк мол/л. бұдан төмен болса қалайының жетіспейтіндігі деп білу керек.

Малдың қалайыға деген қажеттілігі 1 кг азықтың құрғақ затына 50 - 60 мг - нан келеді. Мал рационына сапасы төмен ірі азық қосқанда 1 кг азықтың құрғақ затына қосымша 60 - 70 мг - нан келуі керек.

Ірі қара малы қалайыдан уланбайды. Сақа малға 1 кг тірілей салмағына 500 мг - нан қалайы бергенде, ал бұзаулардың 1 кг тірілей салмағына 200 мг қалайыны кұрғақ затпен бергенде ауырады. Мұндай кезде малдың азыққа деген тәбеті азайып, тірілей салмағы кемиді, тышқақтауы да мүмкін [15].

Йод ауыз су мен рационда аз мөлшерде болмауға тиіс. Ағзада йод қалқан безінен гармон шығаруға көмектеседі. 

Йод жетіспеушілігінің ең негізгі белгісі - алкым іседі. Ол негізінен бұзауларда болады және сақая бастаған жас малда да кездеседі. Алқым ісігін анықтау үшін қалқан безді өлшеу керек, ол үшін бұзаудың басын аздап артқа бұру қажет. Йод алмасу бұзылған кезде сақа малдың алқымы іспейді. Іштегі төл йод жетіспеушілігін ете қатты сезеді, сондықтан буаз сиырларға йод жетіспеген кезде олардан әлсіз бұзаулар туады және олардың жүні де жетілмейді. Бұқалардың жыныстық белсенділігі кеміп, шәуетінің сапасы нашарлайды.

Сиыр үшін азықтың 1 кг құрғақ затына 0,6 - 0,8 мг йод қажет. Бұл қажеттілік әр түрлі қауіпті жағдайларда және сүтті көп беру кезінде көбейе түседі. Дені сау ірі қараның қанында йод 0,21 мкмол/ л болады. Жүннің түсі йод 0,08 мкг/г шамада болғанда жақсарады.

Йод жетіспеушілігін малға йодталган ас тұзын және йодталған қоспа беру жолымен түзетуге болады.

Жас малға йодты нормадан көп беруге болмайды. Оның рациондағы құрғақ заттың 1 килограмына 50 - 100 мг - нан ғана келуге тиіс. Бұдан артық болса мал уланады. Мұндай малдан сілекей көп ағады, көзі ауырып, жас ағады, мұрынынан су сорғалап, жөтеледі, жүні қатаяды, терісі қайызғақтанады, азыққа тәбеті тартпайды.

Кобальт. Кобальт В12 витаминінің негізгі бөлігі болып саналады. В12 витамин сақа малдың қарынында пайда бөлады. Бұзаулардың қарыны әлі жетіле қоймағандықтан оларға қосымша В12 витаминін беру керек.

Кобальт жетіспеген жағдайда ұшпа май қышқылдарының пайдалануы бұзыдады. Өйткені олардың көмірсулардың алмасуына үлкен әсері бар. Бұл жағдайда мал қанында пропионаттар көбейіп, азыққа тәбеті шаппайды. Сөнымен қатар белоктардың синтезделуі нашарлап, қандағы бос амин қышқылдары мен бос азоттың мөлшері көбейеді.

Кобальт жетіспеген жағдайда сақа мал қарнында микроорганизмдер жұмысы бұзылады. Бұл жағдай жас бұзаулаған малға жемді көп мөлшерде бергенде, хсас төлді дұрыс азықтандырмаған кезде және қарындағы микроорганизмдердің кеш дамуынан болады.

Марганец жетіспеушілігін анықтау қиын. Оның белгілері бірден байқалмайды. Сөйтіп марганец жетіспеген шаруашылық малы дұрыс күйлемегендіктен алынатын бұзау саны азайып, шығынға батады. Топырақта қышқылдар мен кальций көбейіп кетсе, мал азығында марганец құрамы азайып кетеді. Шаруашылық үшін ең негізгі азық болып табылатын ірі азықтарда, жүгері сүрлемі мен жоңышқада марганец аз болады.

Рационда марганецтің жетіспесе, ол мал азығында аз, сондай-ақ азықтағы кальций мен темір өте көп деген сөз [14].

Марганец белок құрауға, май қышқылдарының алмасуына және холостеринді құрауға қатысады. Ол қарындағы флораның өсіп - жетілуіне, әсіресе целлюлозаның қорытылуына әсер етеді. Марганец жетіспегенде сүйек құрамы бұзылып, кальций мен фосфор азаяды, сейтіп ұзын қуыс сүйектер шеміршекке айналады.

Он күнге толмаған бұзауларда кейде жүйке жүйесінің бұзылу белгілері байқалады. Сөйтіп сал ауруларына шалдығады. Кейбір жағдайларда бұзаулар тілдерін шығарып, қатты затқа тандайын сүйкейді, сонымен қатар олар шайқалып жүреді. Иық сүйектері қысқарып, басқа дене сүйектеріне қарағанда, аяқтарының буындары ісінеді.

Шаруашылықтар сиырлардың қысыр қалуынан көп зиян шегеді. Өйткені сиырлары дер кезінде күйлемей қалады. Мұндай жағдайда сиырлардың күйлеу уақытын дұрыс анықтау да мүмкін емес. Сонымен бірге азық құрамында марганец жетіспеген сиырлардан көбіне еркек бұзаулар туады.

Марганецтің жетіспеушілігін, лабораторияда бауыр мен жүніндегі марганец мөлшерін анықтау жолымен білуге болады. Сау малдың бауырындағы марганец 1 грамм қүрғақ затта 8 мкг/г болса, ал жүндегі бұл көрсеткіш - 6 мкг/г.

Малдың марганецке қажеттілігі рационның 1 г құрғақ затында 60 - 80 мкг. Марганецтің жетіспеушілігін марганец тұзын немесе ас тұзын, марганец сульфатын беріп жоюға болады.

Малға өте көп мөлшерде беріп (1 кг құрғақ зат азыққа бірнеше жүз мг) қоймаса, мал марганецпен сирек уланады.

Мыс. Күйіс қайыратын мал үшін мыстың маңызы өте зор. Өйткені оған бірнеше элементтер, мысалға, күкірт және молибден қарсы әсер етеді.

Мыстың жетіспеуіне, оның азық құрамында қаншалықты болуына, элементтердің өзара байланысына қарай осы элементтің бірінші және екінші жетіспеушілігін анықтауға болады. Күкірт пен молибден оған қарсы әсер ететін элементтер болып табылады.

Азықта күкірт қышқылды тұз және молибден көп мөлшерде болса мал ағзасында мыс азаяды. Күкірт қышқылды тұз мал азығында аз болса (0,03 - деңгейінде), мыс мөлшері кемімейді.

Күкірт қышқылды тұз мал ағзасына түскенде қарында әртүрлі микробиологиялық процесс жүріп, олар ерімейтін мыс тұзына айналады. Мұндай кезде бауырдағы мыстың қоры азайып, ал қан сарысуындағы күкірт пен молибден көбейе түседі. Азықта да күкірт иен молибденнің көбейгені байқалады. Ал, қарында көп мөлшерде тимомолибденттер пайда болып, олар мыстың қорытылуын нашарлатады. Сонымен бірге ағзадағы мыс алмасуын да тежейді.

Мыс пен молибденнің рациондағы ең тиімді арақатынасы 10:1 болуы керек. Оның, яғни мыстың екінші жетіспеушілігі олардың арақатынасы 5:1 болғанда байқалады [17].

Мал азығындағы кадмий, цинк, темір және қорғасын сияқты элементтер мыстың толық сіңбеуіне қарсы әсер етеді.

Мыстың биологиялық ерекшелігі -ол қызыл қан түйіршіктерінде ритрокупреин түрінде кездеседі. Эритрокупреин өте улы заттардың су тотығы мен оттегіне дейін ыдырауына әсерін тигізеді.

Мыстың 90% - ға дейінгісі қан сарысуында церолоплазмин түрінде ксщесіп, темір корына жұмыс істеткізеді және сарысуды трансферринмен қамтамасыз етеді. Сондай - ақ мыс май қышқылдарын синтездеуге қатысады. Мұзды және қарашірікті жерде өскен өсімдікте мыс аз болады.

Мыс жетіспегенде пигменттер аз пайда болады және миелиннің аздығынан орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады, қан тамырлары мен жүйке жүйелерінің жұмысы да тез бұзылады. Бұл элемент жетіспегенде бұзаулардың өсуі кеміп, тірілей салмақты аз қосады. Олардың жүні қатаяды. Өте көп уақыт мыс жетіспесе малдың қаны азайып, ауруға шалдығады. Жас малға мыс жетіспесе олардың сүйек құрылысы бұзылады. Оны малдың жақ сүйектерінің қалындауынан байқауға болады. Мұндайда мал жата береді, алдыңғы аяқтарын тік баса алмайды. Сонымен бірге малдың іші өтеді. Нәжісі сұп - сұйық болады сондай - ақ жүндері түссізденіп, көздерінің алдында көз әйнек сияқты дақ пайда болады, кейде малдың жүрек фиброзынан аяқ астынан өлуі де ықтимал.

Мал жиі іш тастайды немесе тәлік өлі туады. Сиырдың жыныстық кезеңі бұзылады. ол реттелмей қалады. Қандағы мыстың мөлшері 10 мкол/л, ал өте жетіспегенде, яғни мыс мөлшері 6 мкол/л болған жағдайда организм физиологиялық қалыптан ауытқиды.

Малдың бауырында 80-150 мкг/г құрғақ зат болса мыс толық жеткілікті деп білу керек. Сау малдың жүніндегі мыстың мөлшері 6 мкг/грамнан аз болмауы керек.

Малдың мысқа деген қажеттілігі рациондағы 1 кг азыққа 8-10 милограмнан келеді. Мыс жетіспесе малға мысы бар тұз беру арқылы жеткізуге болады.

Сақа ірі қара мыстан көбінесе улана бермейді.Ал, бұзаулар мен қой мыстан сирек болса да уланады. Қатты уланған кезде қан түйіршіктері жарылып, мал бірнеше күн ішінде өледі.

Селен. Селеннің организмді улау қасиеті бұрыннан белгілі. Ал оның басқа заттармен алмастыруға келмейтіні 1957 жылы анықталған.

Мал азығы өсетін топырақта селен жетіспесе, ол мал рационында да аз болады. Жанартау қалдықтарынан пайда болған топырақта селен аз. Қышқыл топырақта селенит түрінде кездеседі. Сондықтан ондай топырақта өскен өсімдіктер оны өз бойына ала алмайды. Топырақта тұздар көп болса, фосфор мен күкіргі бар өсімдікгерцегі селенді азайтады. Органикалық емес селен қоспаларын күйіс қайыратын мал еге аз мөлшерде пайдаланады. Өйткені қарындағы микроэлементтер 40% органикалық емес селенитті ерімейтін қоспаларға айландырады. Селештің органикалық қоспаларын, мысалы, селенді - метионин өте көп пайдаланылады.

Қарындағы ферментативті процестерге селеннің нақты әсері бар. Селенді қоспалардың әсерінен ұшпа май қышқылдарының мөлшері өзгеріп, белок көбейеді, бактериялар пайда бөлады.

Қызыл қан түйіршіктерінің белсенділігі де селенмен қамтамасыз етуіне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан лабараториялық зерттеулер анықтағандай, ферменттердің аздығы, қанның төменділігі селенмен жақсы қамтамасыз етілмегенін көрсетеді.

Е - витамині де осындай әсер етеді. Әр түрлі айырмашылықтар мен негізгі өзгеріс биологиялық мембрананың ішінде болады. Ол әр түрлі тотықтардың әсерінен мембрананы сақтайды. Олардың қамтамасыз етілуін селеннің биологиялық маңызынан және Е витаминнің әсерінен, яғни бір - бірінен бөлуге болмайды [12].

Буаз сиырлардың селенге деген қажеті өтелмесе, олардың бұзау тастауына немесе өлі бұзау тууына әкеп соқтырады. Бұзау еттерінің сему енелерінің буаз кезінде селенге деген қажеттілігінің өтелмеуінен деп білу керек. Бұзау еті негізінде олардың 1-3 айлық кезінде семеді. Ондай жағдай жаңа туған бұзауларда да байқалады. Бұзау еті семгенде оның ауыр - жеңілдігі жүрек немесе дене еттерінің көп өзгеріске түсуіне қарай өзгеріп тұрады. Селеннің жетіспеушілігі раңионды және ауру белгісін клиникалық тексеру және өлген малдың шикі ағзаларын сойып көру жолымен анықталады.

Малдың қанында селен 0,25-0,38 мкмол/л болса, бауырда -0,1 мкг/г, ал пигменттелген жүн талшықтарында -0,25 мкг/г. Селенмен қамтамасыз ететін қосындылардың улау әсерін ескере отырып, оларды мал дәрігерлік - санитарлық сараптама жасауға көп көңіл бөлу керек. Селеннің жетіспеу жағдайын болдырмас үшін лабораториялық жағдайда селеннің мөлшері рациондағы 1 кг құрғақ затқа есептегенде 0,1 мг болғаны дұрыс. Бұл лабораториялық зерттеу құрама жемді селені бар қоспамен араластырып жасалады.

Сонымен селені бар қоспаны бұзауларға 7-10 мг - нан, ал сиырларға30 мг - нан тері астына егу керек. Бұл препаратты бірнеше жерден еккен дұрыс. Сонда ет ткандері өлмейді. Сонда малдың селенге деген қажеттілігі 2-3 айға дейін өтеледі. Бұзауларға 4 мг селенмен қоса 200 мг 0 - токоферол - ацетат та егу керек.

Селенмен улану жайылымға да байланысты болуы мүмкін. Кей жерлердегі жайылымда жабайы жуада селеннің улайтын мөлшері болады. Кейбір өсімдіктердің 1 килограмы өз бойларынца 1000 мг -ға дейін селен құрайды.

Соңдай - ақ селен бар препаратты көп мөлшерде жесе де мал уланады.

Селенмен екінші рет уланған малдың жүріп-тұрысы өзгереді, іші өтеді, іші кебеді және тыныс алуы қиындайцы. Қан айналысы бұзылып, мал өледі. Малды сойып көргенде қанға толып, бауыр мен бүйректің семгені байқалады.

Азығында селен жетіспесе мал арықтайды, жүні қатаяды, жүрісі бұзылады, көруі нашарлап, бірте-бірте соқыр болып қалуы мүмкін. Кейін сілекей бөлінуі жиілеп, жұтынуы қиындайды, қарын тұсын ауырсынады.

1 кг азығында 5 мг селен болса, мал ұзақ уақыт уланады. Ол бірден көзге шалынбайды, біраз уақыттан кейін ғана байқалады. Мұндай мүйізі мен тұяғының түсі бұзылады, олардың үсті қатайып, бұжырланып кетеді. Мал әлсіреп, қаназдыққа шалдығады, жүні түсе (алдымен құйрықтың ұшы) бастайды. Буындарының сырты шіріп, жүріп - түруы қиындайды, кейде мал тұра алмай, сал болып қалады [1,3].

Темір. Тәжірибеде темір сақа малдың оған деген қажеттілігін азықтағы құрамымен - ақ қамтамасыз етеді.

Бұзаулардың қан аздығы темірдің жетіспеуінен болады. Бұзауларда темір қорының аз болуы олардың тәулігіне тез өсуіне және енесіне емізу уақыты аралығының ұзақтығына да байланысты. Бұл ауру, сондай-ақ бұзауларды сиыр сүтімен және сүт орнына берілетін азықтармен ұзақ уақыт азықтандырғанда өршіп кетеді. Өйткені олардың құрамында темір аз болады.

Қаназдық ауруының белгілері бүзауларда 3-10 апталығында байқалады. Көздің қарашығы кішірейіп, тыныс алуы, жүрек соғуы жиілейді, ішектері қабынады. Ауруға қарсылығы азайып, бұзаулар жиі ауырады. Халық арасында айналшық деп аталатын бұл аурудан шығын көп болады.

Темір аздап жетіспегеннің өзінде қандағы гематрокрит мөлшері 0,3 л/л төмендейді.

Бұзаулардың темірге деген қажеттілігі үш айлығында олардың рациондағы 1 құрғақ азыққа 80-100 мг - ға, ал сақа малда тиісінше 40 - 60 мг - ға сәйкес келуі тиіс. Бұл аурудан малды парентеральды препараттармен емдеп, жазуға болады.

Кез келген азықтың күлінде натрий, калий, кальций, мағний сияқты сілтілік элементгер мен фосфор, күкірт және хлор секілді қышқылдық элементтер болады. Бұл грамм - баламамен берілген сілтілік элементтер қышқылдық элементтерден басым болуы керек дегенді білдіреді.

Дені сау малда қан мен тін сөлдері әлсіз сілтілік әрекеттестікте болады. Егер малды күнде қышқыл элементтері басым азықпен азықтандыра берсе, оның ақыры ағзаның шамадан тыс қышқылдануына (ацидозаға), қанда сілтілік қорлардың азаюына және қышқылдық элементтердің коп жинақталуына әкеп соғады.

Ірі қараның мерзімдік азық үлесін (рационын) қышқылдық элементтердің негізгі элементтерге арақатынасы 0,8:1,0 мелшерінен асып кетпейтіндей етіп жасау керек. Ірі, шырынды және көк азықтардың күлді белігіндегі негізгі элементтер қышқылдық элементтерден басым болады. Құнарлы азықтарда қышқылдық элементтер көп. Сондай - ақ, фосфор мен кальцийдің, натрий мен калийдің арақатынастарын да бақылап отыру қажет. Фосфор мен кальцийдің қанағаттанарлықтай сіңуі үшін, олардың арақатынасы: сүтенген мал үшін - 0,6:0,8-1; жас төлдер үшін -0,5:0,6 мөлшерінде болуы тиіс. Натрийдің калийге қатынасы: сүтенген, яғни сақа мал үшін -0,4:0,5; жас төлдер үшін 0,5:0,6 мөлшерінде болуы керек.

Мерзімдік азық үлесінде (рационда) D витаминінің жеткілікті мөлшерде болуы, малға күн сәулесінің әсер етуі (жазда жайып бағу, қыста үнемі серуендетіп түру) кальций мен фосфордың тез сіңірілуіне мүмкіндік жасайды, жас төлдерді мешел ауруынан сақтап қалады және мал өнімділігінің артуына септігін тигізеді [13].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]