Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый Еркеблан курс жмыс.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
354.3 Кб
Скачать

1.3 Мал азығындағы көмірсулар

Көмірсулар - өсімдік тектес азықтар мен мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың басты құрамдас бөлігі. Олар ядро мен жасуша шырынының құрамына кіреді және мал ағзасы (организмі) өзіне қажетті қуаттың көп бөлігін солардың есебінен алады. Мал азықтарына талдау жасағанда, барлық көмірсуларды екі топқа - шикі талшықтарға және азотсыз шырынды заттарға бөлу қарастырылған.

Шикі талшық сол талшықтың өзінен (целлюлозадан), гемицелшозалар мен қабықшалар түзетін заттардың бірсыпыраларынан (лигниннен, кутиннен, субериннен) тұрады.

Целлюлоза өсімдік жасушалары қабықшаларының негізін құрайды. Өсімдік өсе келе, целлюлоза лигнинді сіңіріп алады да, жасушалардың қабырғалары қатаяды. Гемицеллюлозалар пентоздық және гексоздық қанттардан тұрады және олар өсімдік жасушалары қабықшаларындағы қосалқы қоректік заттар болып табылады.

Талшықты ас қорыту жолдарындағы ферменттер ыдырата алмайды. Оның азық қарында қорытылып жатқан кезеңде микроорганпзмдер әсер ете алмағандарын мал одан әрі пайдаланбайды да, қорытылмаған қалдық заттар түрінде нәжіспен бірге шығарады.

Талшықтардың жақсы корытылуы қарындағы целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдердің сандары мен белсенділігіне байланысты. Малды құрамында талшықтардың саны көп мерзімдік азық үлесімен азықтандырғанда қарында целлюдоза ыдыратушы микроорганизмдердің сандары да көбейеді.

Мерзімдік азық үлесіндегі шикі талшықтар шамадан тыс көп болса, онда олар басқа қоректік заттардың қорытылуы мен малдың оларды пайдалану тиімділігін төмендетеді. Алайда, қарындағы азықтың дұрыс қорытылуына ықпал етуші ретінде, оның белгілі бір мөлшерде мерзімдік азық үлесінің құрамында болуы қажет.

Мерзімдік азық үлесіндегі талшықтар мөлшері түліктің түрлеріне, олардың физиологиялық жағдайларына, өнімділік деңғейлеріне және басқа да бірқатар ықпал етуші жағдайларға байланысты [15; 16].

Азотсыз шырынды заттарға қанттар, крахмал, органикалық қышқылдар, гемицеллюлозалардың бірсыпыралары, глюкозидтер, инулин, пектин, т.б. да заттар жатады. Мал азықтарында қант көбірек маңызға ие, сондықтан қазіргі кездегі нақтыланған мөлшерлерде олар мөлшерлік керсеткіштердің санатына енгізілген.

Крахмал - өсімдіктегі сақтаулы қор ретіндегі материал. Ол тұқымдарда, жемістерде және түйнектерде өте көп мөлшерде болады. Әсіресе, ол жүгеріде (65–70%), бидайда (60–70%), картопта (20 пайызға дейін) көп. Крахмал өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарында аз. Мал азықтарында болатын қанттар: глюкоза, фруктоза, мальтоза, сахароза, т.б. Сүтте лактоза немесе сүт қанты, бауырда гликоген бар.

Азотсыз шырынды заттар, әсіресе қанттар мен крахмал барлык түліктер үшін қоректік заттар ғана емес, күйіс малының алдыңғы қарындарын мекен ететін микроорганизмдердің де қорегі және олар бұл заттарды бактериялық белоктар түзу үшін пайдаланады.

Көмірсулар күйіс малының қарындарына қанттар, крахмал, гемицеллюлозалар, целлюлозалар жөне басқа да кейбір қоспалар түрінде түседі. Қарындағы микроорганизмдер күрделі көмірсуларды қарапайым қанттар түріне дейін ыдыратады, содан соң бұл қанттар сірке, пропион, май және басқа да қышқылдар деңгейіне дейін ашиды.

Қарында көп мөлшерде пайда болатын ұшпа майлы қышқылдар күйіс малына қажетті қуаттың басты көзін (жалпы қажет куаттың 70 пайыздай) құрайды. Ұшпа майлы қышқылдар қарында сорылады.

Қарындағы әр түрлі қышқылдардың арақатынасы мерзімдік азық үлесінің құрамына байланысты. Орта есеппен алғанда, сірке қышқылының үлесіне 65 %, пропион қышқылына –20 % және май қышқылына 15 % тиесілі. Егер мерзімдік азық үлесінде талшыққа бай ірі азық көп болса, онда қарында сірке қышқылы артады. Крахмалға, әсіресе қантқа бай азық пропион қышқылының түзілуіне көмектеседі. Құнарлы азық түрімен азықтандырғанда қарындағы май қышқылының мөлшері артады.

Көмірсулардың үлкен қарында қорытылмаған бөлігі ұйқы безі мен ішектен сөл құйылатын аш ішекте қорытылады. Ондағы амилаза, мальтаза, инвертаза сияқты ферменттер күрделі көмірсуларды ішектен қан тамырларына сорылып кететін моносахаридтерге айналдырады. Ағзадағы заттың алмасуы мен қуатты реттеп отыруда жеңіл қорытылатын көмірсулардың маңызы зор. Мерзімдік азық үлесінде олардың жеткіліксіз болуы көмірсу мен майдың алмасу процесінін бүзылуына, қышқылдануға, кетондық денелердің жинақталуына, қанның сілтілік қорының төмендеуіне әкеп соғады, малдың өндіргіштік қызметіне кері әсер етеді, өнімділіктің төмендеуіне әкеп соғады.

Қазіргі уақытта көмірсулы азықтардың, әсіресе астықтың (арпаның, бидайдың, қарабидайдың, т.б.) және оны өндеу арқылы алынған онімдердің жұғымдылық қуатының жоғары тиімділікпен пайдаланылмайтыны белгілі болды. Бұл жағдай оларда дәннің сыртқы қауыздарының жасушалы қабырғалары мен қоректік заттар жиналған бөлігінде шоғырланатын және крахмалсыз полисахаридтер тобына жататын талшықтың, глюкандардың, арабиноксиландардың, пектиндердің және басқа да ерекше көмірсулардың айтарлықтай көптігінен туындап отыр [17].

Шошқалар ағзасында ішек микрофлорасы бөлетін тиісті ферменттердің болмауынан, олар іс жүзінде дәндік құрамдас бөліктердің жасушааралық қабырғаларын бұза алмайды. Осыған байланысты, малдың ішек-қарын жолдарындағы ас қорытатын уытты ферменттердің жасуша қабырғалары арасындағы қорекгік заттарға жетіп әрекет етуіне мүмкіндік аз болады. Азықтағы қоректік заттардың қорытылуы мен сіңімділігін арттыра отырып, өсімдіктен жасалған азықтардағы жасуша қабырғаларын бұзуға, қорытылған протеиннің ірі молекулаларын ажыратуға қабілеті бар уытты фермеггттерді құрама жем мен астық жармасына қосу арқылы уытты ферменттерді қоректік заттарға енгізу мүмкіндігіне қол жеткізуге болады [15].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]