
Мазмұны
бет
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР..........................................................................5
АНЫҚТАМАЛАР..................................................................................................6
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР..........................................7
КІРІСПЕ..................................................................................................................8
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.......................................................................................11
1.1 Мал азығындағы құрғақ зат..........................................................................11
1.2 Мал азығындағы протеин.............................................................................11
1.3 Мал азығындағы көмірсу..............................................................................16
1.4 Мал азығындағы майлар...............................................................................18
1.5 Мал азығындағы минералды заттар............................................................19
1.6 Мал азығындағы витаминдер.......................................................................27
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ..........................................................................................31
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы мал азығының химиялық құндылығы
және сапасын анықтауды ұйымдастыру...........................................................31
2.1.1 Көк азықтар.................................................................................................32
2.1.2 Шырынды азықтар.....................................................................................34
2.1.3 Ірі азықтар...................................................................................................35
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ................................................................................................38
3.1 Құнарлы азықтар...........................................................................................38
4 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК......................................................................41
4.1 Мал азығын дайындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік..........................41
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................................43
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
ИСО 3100-1-91 Ет және ет өнімдері.Сынақ сұрыптап алудың әдістері.
ИСО 3100-2-88 Ет және ет өнімдері.Сынақтарды микробиологиялық.
МСТ 1815-7-88 Сойылған мал өнімдері.Терминдер мен анықтамалар.
ҚР СТ 1010-2002 Қой өнімдері.Тұтынушыға арналған ақпарат.
МСТ 230-42 Ет және ет өнімдері.Майды анықтау әдісі.
АНЫҚТАМАЛАР
Белоктар - химиялық күрделі қоспалар.
Амин қышқылдары - белоктардың құрамдас бөліктері болып табылады.
Көмірсулар - өсімдік тектес азықтар мен мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың басты құрамдас бөлігі.
Целлюлоза - өсімдік жасушалары қабықшаларының негізін құрайды.
Крахмал - өсімдіктегі сақтаулы қор ретіндегі материал.
Микроэлементтер - металы бар және металсыз элементтер, олар өсімдіктер мен жануарлар ағзасында аз мөлшерде кездеседі.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
қз - құрғақ зат
г – грам
га-гектар
мг – миллиграм
кг - килограм
л – литр
а.ө. – азықтық өлшем
% - пайыз
ІЖӨ – Ішкі жалпы өнім
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсыра отырып, «Біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығының жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз» деп атап көрсетті.
Кәзіргі әлемдік тәжірибелер көрсеткендей мал шаруашылығын дамыту мен сапалы өнімділігін алуда жемшөп молдығы мен құнарлығы басты орын алады.
Бүгінгі таңда малға қажетті жемшөпті суармалы және тәлімі аймақтағы біржылдық және көпжылдық екпе дақылдардан, шалғындық және табиғи жайылымдардан алады.
1995 жылы суармалы және тәлімі аймақтағы жерлерде мал азықтық дақылдардың көлемі 361567 га болған. 2011 жылы оның көлемі 169731 га құрады. Көптеген жерлері майлы және көкөніс дақылдарды өсіруге берілген. Қолдағы бар 169,7 мың га жерден 670 млн. жуық азықтық бірлік алуға мүмкіндік бар.
Мал шаруашылығының шүйгін шөпке деген қажеттілігінің 70 - 80 % қанағаттандыратын жайылым көлемі 2012 жылдың 1 қарашасына дейінгі мәлімет бойынша 8,9 млн. гектардан астам жерді құрап отыр, оның 2,7 млн. гектары ауылшаруашылық мақсатқа пайдалануда, яғни ауылшаруашылық кәсіпорындарда 1058,8 фермерлік және шаруа қожалықтарында 1600,6 мың га. Атап өтерлік жағдай, ол жұртышылық шаруашылығындағы жайылым көлемі 582,2 мың. га.
Мал азығының жетіспеушілігі негізінен жұртшылық шаруашылығында байқалады. Мысалы, 2013 жылдың 1 қаңтарында келтірілген мәліметтер бойынша ауылшаруашылық кәсіпорындарда 457,7 мың бас қой, шаруа және фермер қожалықтарында 214,5 мың бас қой, жұртшылық шаруашылығында 2754,9 мың қой ұстауда. Зоотехникалық және экологиялық талап бойынша жұртшылық шаруашылығында жайылымның пайдалануы тым шексіз екендігі көрініп тұр. Дегенмен кейбір аудандарда жайылымнан алынатын малазығындық бірлік өлшемі қажетті мөлшерден тым жоғары. Мысалы, Сарыағаш, Байдібек, Созақ аудандарының ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруа және фермер қожалықтарында байқалады [1; 2].
Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Агенттігінің мәліметі бойынша бүгінде облыс аумағында тозған жайылымдар көлемі 1339,9 мың гектар құрап отыр. Оның басым бөлігі ауыл айналасында, су көздері бар алқаптарда, яғни малдың көп топтанған жайылымдық жерлерде байқалуда. Есесіне, су тапшылығына байланысты шалғай жатқан жайылымдардың пайдалануы төмен болып отыр [3; 4].
Осыған байланысты біріншіден, жұртшылық шаруашылығындағы мал басының біраз бөлігін көктем – жаз – күз айларында шалғай жайылымдардың арнайы бөлінген алқаптарында бағу, қыста қолда ұстау іс - шарасын жүзеге асыру қажет; екіншіден, ауыл аймағындағы жайылым көлемін ұлғайту мәселесін шешу керек. Сонымен қатар қолдағы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып төмендегі бағыттарда жұмыс атқарылады:
- суармалы және тәлімі жерлерде сақтық жемшөп қорын ұлғайту;
- екпе жайылымдар мен шабындықтар жасау;
- малазығындық дақылдардың тұқымын өндіру.
Облыста мал шаруашылығын өркендетудің табысты болуына жемшөптің сақтық қоры мол дайындалуы керек.
Сақтық қорды дайындау табиғи шабындықтар мен жайылымдарда және екпе дақылдарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Дегенмен, ауа - райы қатал шөл аймақта сақтық қорды дайындау жылма - жыл бола бермейді. Сол себепті екпе шабындықтар және мал азықтық егістіктер тұрақты өнім мен сапалы жемшөп кепілі болып табылады.
Ел Президентінің жолдауында 2050 жылға ІЖӨ - дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артыруы тиіс деп көрсетілген. Осыған байланысты суармалы және тәлімі жерлердегі мал азықтық дақылдардың көлемі жаңа жерлерді игеру және пайдаланылмай жатқан жерлердің есебінен 205 мың гектарға ұлғайтылып 400 мың гектарға жеткізу шарасы іске асырылу қажет. Жаңа технологияларды және жоғары сорттарды қолдану арқылы гектарына 5 - 6 мың азықтық бірлігін алу нәтижесінде 2 млр. жуық азықтық бірлік алуға қол жеткізуге болады.
Облыс аумағы жайылымының ауыл шаруашылық мақсатқа пайдаланатыны 2,6 млн. төңірегінде. Шалғай жайылымдықтарды суландыру есебінен қордағы 2,99 млн. га, орман аумағындағы 2,47 млн. га жайылымды тиімді пайдалану қосымша 604 млн. азықтық бірлік алуға мүмкіндік береді. Алайда оның басым бөлігі шөл аймаққа тура келеді. Бірақ соның өзінде де бұл аймақта орналасқан шаруашылықтар үшін жалпы азықтық бірлік жетіспеушілігі байқалады. Себебі мұнда суармалы және тәлімі жерлердің аз болуында. Сондықтан, жайылымды ұтымды пайдалану, яғни ауыспалы жайылым жүйесін енгізу олардың өнімділігін 20 – 25 % дейін ұлғайтуға болатынын ғылыми тәжірибелер көрсетіп отыр. Яғни, 8,0 млн гектар жайылымнан қосымша 100 - 120 млн. азықтық өлшем алуға болады деген сөз. Ауыспалы жайылым жүйесін енгізудің басты шарты әрбір агроқұрылымның территориясында кемінде екі жайылым түрінің болуы қажет. Осыған байланысты шалғай жайылымдық алқаптарда құрылатын жаңа агронысандардың жер көлемі шамамен 6 - 8 мың га және екі түрлі жайылымды қамтылғаны дұрыс. Әрине бұл тәжірибе жүзінде іске асырылуы барлық алқаптарда мүмкін емес, әсіресе Сарыағаш, Шардара, Арыс, Ордабасы аудандарының раңды жайылымдық алқаптарында. Бұл мәселенің ең тиімді шешімі жыл бойы пайдалануға мүмкіндік беретін аралас екпе жайылымдар жасау [ 4; 5].
Таулы және шөлді аймақтардың кейінгі жылдары қалыптасқан климат жағдайына байланысты құрғақшылыққа төзімді жайылымдық шөптерді қолдан егу арқылы тозған, шұрайлығы төмен және астықты алқаптан босаған жерлердің өнімділігін көтеру үшін іс - шаралар атқарылуы тиіс. Осыған байланысты облыстың әртүрлі жайылымдық алқаптарында екпе жайылым жасау көлемін ұлғайтуды қарастыру.
100 га екпе жайылымның әсері табиғи жайылымның 500 га тиетіні белгілі. Демек, 60 мың га екпе жайылым табиғи жайылымның 300 мың гектарының өнімділігін арттыруға, экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Әсіресе, ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі аймақтағы астықты дақылдардан босаған, осы кезге дейін өсімдік қауымдастығы қалыптаспаған алқаптарды, сондай - ақ тозығы жетіп, құнсыз алқапқа айнала бастаған жерлерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асырудың бірден - бір жолы екпе жайылымдар болып табылады. Бұл іс - шара толық жүзеге асырылғанда 60 мың гектар екпе жайылымнан 50 млн. дейін азықтық бірлік алуға, ал олардың әсерінен жақсарған 300 мың гектардан 90 млн. азықтық бірлік алуға қол жеткізіледі. Осылайша қолға алынып отырған жоба 3,4 млрд. жуық мал азықтық дайындауға мүмкіндік береді. Қажетті 3,9 млрд. азықтық бірліктін 0,5 млрд. жуығын концентраттар есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
Іс – шараны жүзеге асыру үшін:
- таулы аймақта эспарцет, еркекшөп, қылтықсыз арпабас, жиматарғақ шөптерінің тұқымын өсіру үшін жер көлемі 500 га болатын тұқым шаруашылығын құру;
- шөл аймақта изен, жусан, теріскен, шоған, сексеуіл түрлерінің тұқымын өндіру үшін жер көлемі 1000 гектардан болатын екі тұқым шаруашылығын құру.
- жоспарланған екпе алқаптарды жасау үшін шөл өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын қалыптастырғанға дейін 2014 - 2016 жылдары изен, теріскен, жусан, шоған, сексеуіл тұқымдарын табиғи алқаптардан дайындау [6; 7].
1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
1.1 Мал азығындағы құрғақ зат
Малға берілетін азықты мөлшерлеуде маңызды көрсеткіштердің бірі - мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың ең қолайлы деңгейін белгілеп алу болып табылады. Өйткені малдың қуат пен қоректік заттарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету осыған байланысты.
Малды азықтандырудың жалпы ережесі - олардың жемшөптің барлық негізгі элементтері бойынша теңестірілген мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ затты барынша пайдалануына қол жеткізу, ал ол өоз кезегінде мал өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Алайда, құрғақ затты пайдалануда малдың физиологиялық мүмкіндіктері шексіз емес.
Мал құрғақ затты пайдалануы мерзімдік азық үлесіндегі жемшөптің әртүрлілігі, мерзімдік азық үлесінің құрылымы (азықтандыру түрлері), мал азығының сапасы, олардың дәндік және физикалық қасиеттері, азықтандыру алдында жемшөпті дұрыс дайындау, қоректік заттардың қорытылуы, малдың өнімділік деңгейі, олардың тірілей салмағы және басқа да көптеген ықпалдарға байланысты [8; 9].
Мерзімдік азық үлесіндегі (рациондағы) құрғақ заттың қорытылу деңгейі төмен болған сайын мал, әсіресе, мол өнімді мал, оны аз жейді. Сүтті бағыттағы сиырды толыққұнды азықтандыру үшін құрғақ заттың қорытылуы 65 % пайыздан төмен болмайтын мерзімдік азық үлесі қажет. Мол өнімді мал, мерзімдік азық үлесіндегі 1 кг құрғақ затқа шаққанда, азықтағы қуаттың мейлінше мол шоғырлануын қажет етеді.
Мал азығының немесе мерзімдік азық үлесінің құрғақ затына деген қажеттілік пен оның пайдаланылу деңгейіне ондағы алмасатын қуаттың шоғырлану мөлшері айтарлықтай әсер етеді [10; 11].