Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

құралдарының, ойын бағдарламаларының, бағалауыштық бағдарламалардың қолданылуында болып тұр. Қазіргі таңда тестсіз бағалау жүйесін елестету мүмкін емес. Бір жауапты немесе бірнеше жауапты, тіпті күнделікті оқушыларға арналған грамматикалық тапсырмалар жүйесін орындауға мүмкіндік беретін Каһооt!, Classmarker, Plickers т.б. сервистік бағдарламалар көп. «Proprofs» бағдарламасы арқылы кез келген тестік тапсырмаларды құрастыруға болады. Бағдарлама мәтіндерді, презентацияларды, PDF форматындағы документтерді, суреттерді, аудио, видео материалдарды қатыстырып тапсырма құрастыруға мүмкіндік береді. «Каһооt!» бағдарламасында интербелсенді тақтамен ғана емес, смартфондар арқылы тест шешуге болады. Оқытушы басты экранда тапсырманы көрсетеді, оқушылар өз смартфондарымен тапсырманы орындайды. Оқушылар өз нәтижелерін көруі үшін арнайы кодты теруі тиіс. Кейін оқушылардың нәтижесі жеке немесе кестеде беріледі. Бұндай сервистік бағдарламалар оқытушының уақытын үнемдейді, оқушының қызығушылығын тудырады, білім дәрежесін бірден көрсетеді, білмеген тұстарын анықтауға, қатемен жұмыс жүргізуге, жылдамдыққа жетелейді. Сервистік бағдарламалармен оқушының орындау уақытын, қателер санын, оқушы орындаған тапсырма мен жаттығулар санын, тапсырма типтері мен орындау дәрежесіне анализ жасауға болады.

Зерттеушілердің пікірі бойынша қазақ тілін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқыту процесінде ең күрделі мәселе – экономика, бизнес, денсаулық, заң, әлеуметтік сала тақырыптарына байланысты мәтіндердің, ғаламтор материалдарының жеткіліксіздігі. Қоғамдағы тұтынушылардың көпшілігі қазақ тілді болса да, орыс тіліндегі материалдарды оқуға мәжбүр. Бұл мәселеден шығудың бір жолы – ғаламторды қазақша сөйлету. Сол үшін электронды кітапханалар жүйесін, электронды нұсқаулықтар, электронды ғылыми диссертациялар, электронды сөздіктер базасын құру керек. Ақпараттық-танымдық «Ютуб» каналдар ашу тілдің қоғамдағы қолданысына көп мүмкіндіктер береді. Әсіресе әр түрлі жастағы оқушылар тіл теориясын түсіндіретін видео сабақтар дайындап үйренсе, презентациялар жасаса, өзімен қатар балаларға үлкен көмек, әрі шабыт береді.

Тұлғалар арасындағы коммуникативтік қатынас бетпе-бет сөйлесуден гөрі әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асып жатыр. Соған сәйкес жазбаша тілге баса назар аударылып, қарым-қатынас барысында сауаттылық жоғары бағаланып келеді. Желілерде әдеби тілдің нормаларына сай емес: қысқартылған, тыныс белгісі жоқ, бас әріпсіз сөйлемдер жиі кездеседі. Қазақ тілі сабағында әлеуметтік желілерді пайдалана отырып осындай өрескел қателерге түзету енгізу керек. Мысалы, арнайы топ құрып белгілі бір тақырыпта пікірталас ұйымдастыру, арасынан бір оқушыны бақылаушы ретінде сайлап, оқушылардың жіберген қателерін түзетуі керек.

Қазақ тілін оқытуда бағдарламалардың әр түрлі типін қолданған жөн. Қазіргі күні қазақ тілді ақпарат порталы күннен-күнге көбейіп келеді. Мектеп оқулығына гиперсілтемелер арқылы түрлі тақырыптағы блоктар, мақалалар, танымдық материалдар берілуі тиіс. Оқушы сілтемелер арқылы ғаламтордағы материалға өз көзқарасын білдіруге, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателерін түзетуге, сайттардың материалдарын тұтынушы ретінде өңдеуге, толықтыруға мүмкіндіктер жасалған кезде ғаламтор желісінде қазақ тілінің көрінісі жақсарады. Оқытушы мен оқушы біріге отырып өңдеуден өткізу жұмыстарын жасаса, өзіндік пікірін жазуға, ойын еркін білдіруге қалыптасады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қазақ тілін оқу, қайталау түрінде ғана пайдалануға болмайды. Сонымен бірге түрлі жарнамалық қызметте де қолдануға болады. Мысалы, қазақ тілін тиімді және сапалы оқыту үшін жарық көрген ғылыми-әдістемелік еңбекке, көркем әдеби кітаптарға, оқу орталығына, техникалық құралдарға, жаңадан шыққан өнер туындыларына сауатты жарнама жасауға баулу керек. Бұл қазіргі таңдағы «сауатсыз» жазылып жатқан жарнамалардың алдын алады. Біздің тілімізде жарнама жасаудың арнайы мәтіні, құрылымдық жүйесі жоқ. Оқушыны ұтымды тіркес табуға, мәтінге сәйкес үздік дизайндық жұмыстар дайындауға, бизнес жоспарларымен таныстырылымдар даярлауға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы бейімдеп, оқушының тілге деген құрметін, қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамытуға болады.

Қорыта келгенде, оқушылар жалпы білім беретін негізгі мектеп бағдарламасындағы барлық пәндерді оқу барысында ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын жетілдіре және бағалай отырып, АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады. . Бұл «Қазақ тілі» бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:

591

1)онлайн сабақтар арқылы инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолданады;

2)АКТ арқылы презентация жасайды, салыстырады, жетілдіреді, зерттейді, бағалайды және бірлесе отырып, пікірлерін дәлелдейді;

3)АКТ арқылы қажетті ақпаратты таңдай алады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы http://adilet.zan.kz/

2.Масақова Г.А., Айтбаева Б.М. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда ақпараттық технологиялардың тиімділігі // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы, №3(79).2015, 116 б.

3.Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, - Астана, 2016, 7 б

4.Тілегенова К.Ә. Орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқытуда компьютердің алатын орны // мемлекеттік тілді қолдану іс-жүзінде – государственный язык в действии, 183 б.

Төлекова Г.Қ.

фил.ғ.к., Алматы қаласы Азаматтық Авиация академиясы №30 Қазақстан тарихы және

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры.

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МЕЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Аннотация. В этой статье идет речь об эффективном применении авиационных терминов на уроках профессионального казахского языка. Главной целью изучения авиационных терминов и текстов является обогащение словарного запаса, изучение профессиональных терминов на родном языке будущими специалистами-авиаторами. В результате изучении курса профессионального казахского языка, его грамматики, стилистики, лексики студенты свободно применяют эти знания, широко используют авиационные термины. Кроме того, были определено освоения разговорной, бытовой речи, авиационных терминологии и официально-деловой лексики.

Annotation.This article deals with the effective application of aviation terms in class professional Kazakh language. The main purpose of the study of aviation terms and texts is to enrich the vocabulary, study of professional terms in the native language of future professionals aviators. As a result of studying the course of professional Kazakh language, its grammar, style, vocabulary students are free to use this knowledge widely used aviation terminology. In addition, there were determined the development of conversational, everyday speech, aviation terminology, the official business language.

Бүгінгі заман талабына сай нарықтық экономика өркендеп отырған кезеңде әрбір азамат қазақ тілінің – қазақ халқының ана тілі екендігін сезіне біліп, қазақ тілі – халықтың экономикасын, мәдениетін дамытқан асыл мұра ретінде тани білуі қажет. Қазір қазақ тілінің иегері ретінде танылатын болашақтың тізгін-ұстарларының санасын, ақыл-ойын, интеллектісін ана тілінде қалыптастырып, сол арқылы барлық басқа рухани бастаулардан сусындай алатын дәрежеге жеткізу – оңай міндет емес.

Бұл реттегі басты мақсатымыз – қазақ тілін, кәсіби қазақ тілін оқыту жайына жаңа лептер әкелу, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, қазақ баласының сапасын ғана емес, жанын тәрбиелеудің міндеттерінің бір ұштығын – қазақ тілін оқыту әдістемесіне жүктеу болып табылады. Ал тілді өркендету үшін тұрақты әрі пәрменді тіл саясаты болуы шарт. Тіл – біртұтас мемлекеттік саясаттың ажырамас саласына айналды. [1,249-б].

Мемлекеттік тіл – этномәдени білім берудің негіздері. Ұлттық руханияттың сүйенері тіл, діл және дін. Бірақ діні күштіні жау алса да, тілі күштіні жау ала алмайды. Тіл – рухани дүниенің кілті. Бүгінгі Қазақстан дүниежүзіндегі экономикалық жағынан дамыған алдыңғы қатарлы елу елдің межесіне жетуді көздеп отыр. Өндіріс пен өнеркәсіп қарыштап дамуға бет алды. Осыған сәйкес қазақ тілі ең алдымен әлеуметтік өндірістің қарым-қатынас тілі болып, мемлекеттік тілдің міндетін атқаруы

592

қажет-ақ. Ендеше, қазақ тілі өндіргіш күштердің алмасу, түсінісу құралы ретінде өнім өндіру, өнеркәсіпті дамыту тіліне айналу керек.

Мемлекеттік тіл саясатының басты ұстанымдарының бірі жастардың саяси-әлеуметтік, тарихитанымдық және гуманитарлық білімдерін жетілдіруде қазақ тілінің рөлін арттыру. «XX ғасырға дейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мемлекеттік тіл мәселесінің мәні – мәңгілік. Бұл ретте жоғары оқу орындарында қазақ тілінің жүйелі оқытылуы – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі мемлекеттік маңызы бар бағыттардың бірі. Қазақстан халықтарын біріктіруші фактор ретінде танылған мемлекеттік тіл туралы «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту»,- деп жазылған.[2, 25 -б]. Олай болса, «Жалпы білім беру пәндері» циклына кіретін кәсіби қазақ тілі сабақтарында авиациялық терминдерді тыңдалым, оқылым, жазылымға сәйкес оқып-үйрету – бүгінгі заман талабы. Кәсіби қазақ тілі сабақтарында авиация саласында қолданылып жүрген терминдерді, мәтіндерді оқытудың басты мақсаты – болашақ маманның өз ана тілімен қатар, мамандыққа қатысты сөздерді үйреніп, сөздік қорын байыту. Оны келешекте қызмет барысында қолдану – олардың іскер, жан-жақты, өз мамандығын жетік меңгерген терең білімді маман болуына аса қажет. Осыған орай, азаматтық авиацияға қатысты терминдерді оқыту процесі олардың мамандықтарына тікелей байланысты жүзеге асады. [3, 275 -б].

Студенттердің икем, ықыласын, талабын білудің, соны ескеріп, оқуды даралап ұйымдастырудың жолын білу керек. Олардың психикалық қабілетін, іскерлігін ұштау, жетілдіру сабақты нақты дерекке сүйеніп тартымды етіп, уақытты үнемді пайдаланса, оқытушы сабақ мақсатына жетуі сөзсіз. Күнделікті сабақта осы міндеттерді басшылыққа алып, студенттердің сөздік қорын байытуға көңіл бөліп, сөйлем құра білуге, байланыстырп сөйлеуге жаттықтырып, көрнекі және техникалық құралдарды пайдалануға аса мән берген тиімді. [3, 275 ]

“Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану” мамандығы бойынша мынадай терминдер мен сөз тіркестерінің қазақша аудармасы грамматикалық тұрғыдан талданады, олар: ұшу салмағы, сынаушы-ұшқыш, жүк ұшағы, жолаушылар ұшағы, күштік қондырғы, бұру рулі, ұшу салмағы, жүк көтергіш, тікұшақ, биікке көтерілу күші, қозғалтқыштың тежеуі, ұшу жылдамдығы, ұшу тұрақтылығы, борттық апаттық магнитофон, авиациялық оқиға, авиациялық оқиғаның болу себептері, т.б. [4, 30-б].

Сабақ барысы кезінде “Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану” мамандығында оқитын топтарға әуежайдың тасымал қызметінде күнделікті пайдаланылатын тілдік бірліктер мен терминдер, сөз тіркестері, сөйлемдер, лексикалық мәтіндер негізге алынады. Атап айтқанда, тасымал қызметінің агенті, тіркеу орны, қол жүгі, ұшып кетушілер залы, ұшып келушілер залы, ұшаққа отырғызу залы, жүкті беру, жүк түбіртегі, жолаушыларды тасымалдау, ұшу уақыты, қону уақыты, т.б. Кәсіби қазақ тілі сабақтарында студенттерге авиациялық терминдер мен авиациялық мәтіндерді оқып-үйрету, тілдік қызметтің негізгі түрлерін жетілдіруге қажетті лексикалық мәтіндер мен грамматикалық тақырыптарды меңгерту – кезек күттірмейтін іс.

Сабақтың мақсаты мен міндеті - болашақ маманды мемлекеттік тілдің практикалық негіздеріне үйрету, олардың сөйлеу, тыңдау, оқу мен жазу дағдыларын, ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, қоғамдық-көпшілік және ресми-іскери сөйлеу стилін, авиация саласындағы лексика мен терминология туралы білімін жандандыру. [5, 7-б]. Азаматтық авиация саласында болашақта жұмыс істейтін мамандар өз ана тілінде, мемлекеттік тілде еркін сөйлей алуы қажет. Осы тұрғыдан келгенде, кәсіби қазақ тілі пәнін үйрену нәтижесінде студенттер қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық, лексикалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін авиациялық терминдермен байланыстыра алады. Сонымен қатар жалпы қолданыстық және ресми-іскери лексиканы, авиациялық терминологияны, сөйлеу стилін меңгереді. Білім беру жүйесінің қай сатысында болмасын оқытудың мазмұны мен сабақ өткізу жолдарының өзара байланысына ерекше мән берілуі керек. Берілген меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналады. Қазір уақыттағы бәсекелестікке бейімділік білім алушының меңгерген білімін іс жүзінде пайдалана алуымен еркешеленеді. Оқытудың түпкі мақсаты білімді өзіндік әрекет, яғни «үйренуге үйрену» тұрғысынан меңгерту болып табылатыны сөзсіз. Осы мақсат орындалуы үшін бірнеше бағытта жұмыс жасалуы тиіс. Ең алдымен пәндік-ақпараттық бағыт, пән бойынша берілетін білім көлемі анықталып, дәстүрлі педагогика жүйесінің тұжырымдамасы іске асырылады. Сабақ

593

барысы кезінде әрекеттік бағыт немесе «қалай оқытамыз» мәселесі «үйренуге үйрене алу» талабына негізделуі қажет. Соның нәтижесінде жоғары оқу орындарында бағдарламаға сәйкес берілетін білім өмірмен ұштастырылып, оларды болашақ мамандықтарына дайындау мақсаты көзделеді. Осы ретте мемлекеттік тілді өзге тілді дәрісханада оқыту арқылы берілетін білім, білік, дағдылар да функционалдық сауаттылық тұрғысынан нақтыланады. Өзге тілді білім алушыларға қазақ тілін меңгерту тек қана қарым-қатынас құралы ретінде емес, кәсіби бағыттағы білік, дағдыны дамытуға, сол арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Орыс дәрісханасында студенттердің кәсіби қазақ тіліне деген ынтасын тәрбиелеу оңай іс емес. Студенттер өтілген тақырыпқа сай авиациялық терминдерді есте сақтау үшін сөздік жұмысы жүргізіледі. Авиациялық терминдердің қазақ тіліндегі аудармаларымен әртүрлі тілдік қатысымда сөйлем құрап, сөйлей алуы үшін сөздік қордың болуы шарт. Студенттер авиация саласында қолданылатын сөз байлығын молайтып, кеңейтіп байытса, сол сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімделеді. Берілген тақырып бойынша әңгімелесушінің айтқанын түсініп, өз ойын монологтық сөйлеуде жеткізе білуге дағдыланады. Тілдік жағдаятқа сәйкес әңгімені қолдауға, диалог түрінде жүргізуге машықтанады. Сонымен бірге қоғамдық-көпшілік сөйлеу стиліндегі мәтіндер мен авиация саласына қатысты сөз тіркестері мен терминдерді оқып, өз бетінше аудара алады. [5, 8-б].

Кез келген тіл үйренуші қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет-дағдыларын қалыптастыра отырып, мамандыққа сәйкес білімді игерсе, нұр үстіне нұр болар еді. Кәсіби қазақ тілі пәні студенттердің авиация саласын қамтитын барлық терминдерді меңгеруіне, олардың жалпы тұлғалық әдебін, мәдени деңгейін көтеруге, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшелігіне мән беріп, құрметтеуге бағытталған. Олай болса, кәсіби қазақ тілі сабақтарында студенттерге авиациялық терминдерді оқып-үйретудің маңызы зор.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясаты және қазақ әдебиетіндегі ұлттық идея» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Жинақ, - Алматы 2015. /Мақала: Төлекова Г.Қ. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы бүгінгі орны мен дамуы/.

2.Жалпы білім беру пәндері бойынша пәндердің типтік оқу бағдарламалары. - Алматы, 2014.

3.«Азаматтық Авиацияны дамыту және білікті мамандар дайындау жолдары» атты 2-Халықаралық Азаматтық Авиация конференция материалдары. Жинақ, - Алматы, 2002./ Мақала: Тулекова Г.Х., Кыдыржанова Р.А. Қазақ тілі сабақтарында авиациялық терминдерді тіл дамыту жұмыстарында қолдану ерекшеліктері/.

4.Төлекова Г.Қ. Маданова М.Б, Қазақ тілі. - Алматы, Азаматтық авиация академиясы, 2008.

5.Типтік оқу бағдарламасы, КК (О)Т 2203 – Кәсіби қазақ (орыс) тілі, 5В090100Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану. 2кр. - Алматы,2014.

6. Төлекова Г.Қ., Есімболова М.Қ. Кәсіби қазақ тілі, - Алматы, Азаматтық авиация академиясы 2010

Чалтикенова Л.А.

ф.ғ.к. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.

Амирова Ә.Қ.

Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 20 арнайы лицей мұғалімі

СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН МЕҢГЕРТУДЕГІ ТІЛ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Аннотация. В статье приведены примеры практических заданий по развитию языка для эффективного изучения казахского языка..

Abstract. The article provides examples of practical tasks for the development of the language for the effective study of the Kazakh language.

Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім. Ал жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі білімгерлер. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ол үшін арнайы оқу орындары ұжымы, әр ұстаз күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық

594

қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет-ақ.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытуды жетілдіру, жақсарту. Оның бағдары – «дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылықпен ойлауға дағдыланған, мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру» [1], шебер сөйлейтін, шешен мамандарды дайындау.

Бәсекелестік өмір сүрудің басты шарты болып отырған өзгермелі кезеңде жоғары білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай, жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде [2]. Осы ретте мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындары алдында үлкен де салмақты міндеттер тұр. Бұл міндеттердің шешімі студеттерге мемлекеттік стандартқа, оқу бағдарламаларына сәйкес ғылым салаларынан білім берумен ғана шектелмейді. Жоғары мектепті бітірушілер болашақ кәсібін терең түсінетін, меңгерген білімін мазмұнды, дәлелді түрде, әдеби тілмен шебер жеткізе алатындай, тіл байлығы мол маман болып шығуы тиіс. Сондықтан жоғары оқу орнында оқытылатын қазіргі қазақ тілінің салалары арқылы студенттерді өз ойларын жүйелі, түсінікті етіп, шебер сөйлеу үрдісіне дағдыландыру маңызды мәселе болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, болашақ қазақ тілі маманы терең кәсіби білімімен бірге, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, пікірін жүйелі түрде жеткізе алатын, сөйлеу шеберлігі қалыптасқан тұлға болуы тиіс.

Сөздердің грамматикалық сыр-сипатын, сөз тұлғаларының модельдерін дұрыс танып, талдай алатын, яғни меңгерген білімін іс жүзінде орынды пайдаланатын студент тыңдаушыға өз ойын айқын, анық етіп жеткізе алады. Бұл студенттің қазақ тілінің күрделі морфологиялық құрылымын тіл дамыту жұмыстары негізінде меңгеруі арқылы жүзеге асады.

Сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін ең жиі қолданылатын көрсеткіш – септік жалғау. Септік жалғаудың әрқайсысының өз мағынасы, сөзде алатын орны және олардың мағынасын толықтыратын көрсеткіштер де бар. Олардың бәрінің қашан, қалай қолданылатыны оқулықта көрсетілген. Тек оны меңгеріп, сөйлеуде қолдануға жаттығу керек. Сөздердің тұлғасын түрлендіретін, сөз бен сөзді байланыстыратын морфологиялық көрсеткіштердің (бірліктердің) теориясын біліп, оған сүйену – тіл дамытудың негізі. Жаңа сабақты өту барысында қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдерінен мысал келтірейік. Бір оқиғаны әңгімелеп студенттердің бар назарын сабаққа аудару, яғни олар өздері оқиғаны сипаттап айтуға кіріседі. Енді оны ғылыми тұрғыдан былай жүйелеп көрсетуге болады.

1.Оқиғаны сиптаттау.

2.Осы мәселе бойынша өз пікірін білдіру.

3.Сұрақ қою.

4.Даулы пікір дайындау.

5.Әдеттен тыс мәліметтерді келтіру.

Оқиға сипатталып айтылған соң, осы оқиғаға байланысты студенттер бір-біріне сұрақ қоя отырып, негізгі айтылайын деген тақырыпты өздері анықтап алады, яғни тақырыпқа байланысты тіл дамыту жұмыстары алдын ала жүргізіледі..

Қызығушылықты ояту кезеңдері Тақтаға «Жетіген» көне ұлттық саз аспабы ілінеді.

«Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөрте де, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Оның 7 ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып, елді ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп тағыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген баласы өлгенде тағы бір ішек тағып: «Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» деп егіледі. Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Үшінші ішекті тағып: «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен?»-деп жоқтау айтыпты.

Табыс атты ұлы өлгенде: «Нені айтып, кімді қорғайын?»-дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде: «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың?»-деп бесінші ішек тағып егідеді. Шығыс ұлы қайтыс болады, сонда алтыншы ішек тағылып: «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»- деп жылайды.

595

Ал, жетінші ұлы Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда: «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?»- деп жоқтау айтады.

Содан жеті ішек, жеті тиек тағылып «Жетіген» аспабы пайда болады. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

Осы әңгімені оқып, мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, олардың сұрақтарымен танысамыз.

Атау--------кім? Не?

Ілік --------- кімнің? ненің? Барыс ------ кімге? неге? Табыс ------ кімді? нені?

Жатыс ------ кімде? неде? Шығыс ----- кімнен? неден? Көмектес -- кіммен? немен?

Студенттердің сөйлеу әрекетінде қиялдың орны ерекше. Олар өзіне, студенттік өмірге, қоғамға қатысты мәселелер бойынша әңгіме ғана емес, пікірталас, ойбөліске қатысып, өздерінше тұжырым жасап, талқылауға белсене қатысады.

Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Соған байланысты сөздің мағынасын тану кезеңіндегі талдау жұмыстары.

( Не? ) Оқу – білім бұлағы, (Не? ) Білім – өмір шырағы.

( Кімнің?) Білімдінің алды жарық, ( Кімнің?) Білімсіздің күні ғаріп. ( Кімге?) Өнерліге өлім жоқ, ( Кімге?) Жалқауға жарық жоқ. (Нені?) Өнерді үйрен де жирен.

( Қайда?) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың. ( Кімнен?) Ұстаздан шәкірт озар.

Оқу ( немен?) инемен құдық қазғандай – Сабақта ойын түрлері арқылы тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту барысында

карточкалармен жұмыс жүргізіледі.

7 студент карточка алу арқылы, өлеңді оқып, авторы кім екенін табады. Бір сөздің асты сызылады, қай септікте екені анықталады.

1-карточка. Көшірменің аты, Жанумен шығар. Балғаның аты, Қағумен шығар.

(М.Әлімбаев, Атақ, даңқ қалай шығады?)

2-карточка. Айдын шалқар көрінгендей арай бақ, Қонды аққулар жан-жағына қарайлап. Күн қып-қызыл, қызғылт тартты су беті, Қызыл мысқа ұқсап кетті бар аймақ.

(К.Салықов «Балқаш таңы»)

3-карточка. Ақ қолғаппен құшақтап, Сақылдайды қыс аппақ. Өзен, теңіз, тау-төбе, Киген аппақ сәукеле.

(Т.Айбергенов «Аппақ қыс»)

4-карточка. Айдын көл жатыр алдында, Маңдайдан салқын өпкен леп. Керемет сондай бар мұнда,

596

Төңірек түгел көкпеңбек.

(Ә.Жәмішев «Сырдың аппақ күріші»)

5-карточка. Уа, дариға, алтын бесік, туған жер, Қадіріңді білмей келсем кеше гөр. Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей, Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

( Қ.Аманжолов «Туған жер»)

6-карточка. Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық....

(Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық») 7-карточка. Гүл ектік аулаға,

Көктемде көңілді. Бақта да, бауда да, Ақ гүлдер өрілді.

(А.Бақтыгереева «Көктем»)

Студенттерді кәсіби тілде шебер сөйлеуге үйрету белгілі бір ұстанымдарға сүйенеді. Олай болса, тіл дамыту жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуының нәтижесінде студент дұрыс, анық сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге дағдылану үшін ұстанымдар басшылыққа алынады, яғни жан-жақты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары белгілі қағидаларға сүйенеді.

А.Жапбаров орта мектеп оқушыларының тілін дамытудың төмендегідей ұстанымдарын ұсынған:

сөйлеу мен ойлауды бірлікте қарау ұстанымы;

қатысымдық ұстаным;

жағдайға, ахуалға лайық, ыңғайлылық (ситуациялық) ұстанымы;

сөйлеу әрекеттерін кешенді жүргізу ұстанымы;

әдеби тіл нормасын сақтау ұстанымы [3, 17-18-б.].

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы тіл арқылы болатындығы белгілі. Ал қатысымдық ұстаным тілдік материалдарды таңдауды, қатысым жағдаятын нақтылауды анықтайды, яғни ауызша, жазбаша тұрғыдағы қатысымды жүзеге асыру үшін қандай біліктер қажеттігін, қандай құралдар арқылы тілдің қатысымдық қызметін меңгеруді қамтамасыз етуді айқындайды. Ұстанымның бұл түрі сондай-ақ қатысымдық жағдаятты туғызатын шарттардың сақталуын талап етеді. Сөйтіп, студент пен оқытушы, студент пен студент арасындағы қатысымның нәтижелі болуына мүмкіндік береді.

Мына нақыл сөздерден септік жалғауларын тауып, нақыл сөздердің мағынасы төңірегінде өз ойларыңызды айтыңыздар.

Жоқтық ұят емес, Тоқтық мұрат емес.

Біреу тойып секіреді, біреу

 

тоңып секіреді.

Кедей мен бай жолдас болмас,

Байдан пайда артылмас,

Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Қудан айла артылмас.

Адамды тарлық шынықтырады,

Бай атқа мінсе, құтты болсын дейді,

Адамгершілікті барлық ұмыттырады. Кедей атқа мінсе, қайдан алдың дейді.

Блум таксаномиясының таным мен ойлау деңгейлері тұрғысынан жазбаша жауап беру түрлерін қолдануға болады.

1.Проблеманы сипатта.

2.Проблеманы салыстыр

3.Қалай пайдалануға болады?

4.Құрамдас бөліктері қандай?

597

5.Проблеманы шешу жолдарын келтіріңіз.

6.Проблема шешудің тиімділігі қандай?

Өз шешімін жақтау. Кез келген мәселені шешуде өз пікірін жақтау және дәлелдей алу керек. Мысалы: Бұрын біздің қоғамда бай және кедей деген сөз айтылмайтын. Адамдар бірдей дәрежеде

өмір сүрді. Қазір бай және кедей деген сөз жиі айтылады. Бұған сіздің жеке көзқарасыңыз қандай? Қазақстандағы байлар мен кедейлердің қоғамға тигізер пайдасын салықпен, заңмен және

мемлекеттің әлеуметтік жағдайымен байланыстырып өз шешіміңізді дәлелдеңіз.

Бұл ретте студенттің оқыған шығармаларындағы оқиғаларды одан әрі дамытып, мәтін құрастыруы, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырып, бейнеленген заттар, оқиғаларды ойша жалғастырып әңгімелеуі, мақал-мәтелдердің мазмұнына қарай мәтін құрастыруы т.б. жұмыстар тіл дамытуды жетілдіру мүмкіндігін кеңейтеді. Өйткені, студенттің іс-әрекеті мақсаттылық, шешімділік, тұрақтылық, дербестік, белсенділік, өзін-өзі ұстау секілді қасиеттерге негізделген. Оқыту тәжірибесінде білім мазмұнының тек студенттің білім, іскерлік, дағдысын қалыптастыру мақсатын ғана көздеп қоймай, сол білімнің студенттің шығармашылық жеке тұлғасын дамытуға, логикалық ойлау қабілетінің ұшталуына, өздігінен білім алуға құштарлығын оятуға ықпал ету жағына ерекше көңіл бөлінгені дұрыс.

Ал мектепте қазақ тілін оқыту барысында осындай шығармашылық ізденіспен қатар, жаңа педагогикалық технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс, қолайлы етіп таңдай білуі керек. Әрбір сабақта бірнеше оқушы ғана сабаққа ынталанып өз еркімен жауап беретін болса, бірлескен жұмыс барысында сыныпта отырған барлық топ мүшелері интербелсенді әрекетте болады Сұрақтың еркін қойылуына байланысты өзара сыйласымдылық, достық, бір-біріне деген бейімделу және ұстаз бен оқушының арасындағы сенімділік кең орын алады. Өзгенің пікірін жағымды тұрғыда қабылдау, оны түсінуге ұмтылу аудиторияда психологиялық климат құру , әр сабақ үшін керек-ақ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Ана тілі. 15.02.2001. -№ 7. -1 б.

2 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. 26.12.2003. -№ 332. -333 б.

3 Жапбаров А. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздері (V-ІХ сыныптар). Педагог.ғыл.докт... дисс.авторефер. –Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2004. -50 б.

Мұстафина М.А.

П.ғ.к., Халықаралық бизнес университеті

МЕКТЕПТЕ АЙТЫС ЖАНРЫН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация. Мы рассматриваем культурное наследие – айтыс, как совокупность ценностей духовного и материального мира, развивающихся и функционирующих в определенно-этнической общности. В приобщении учащихся к культурному наследию народа поэтому неоценимо значение фольклора. Изучение литератур, в частности, фольклора, способствуя приобщению учащихся к культурному наследию народов, оказывает активное воздействие на нравственно-эстетический облик учащихся, вызывает чувство уважения к их национальным традициям, помогает осознать общность всех народов, создает реальную основу диалога национальных культур.

Abstract. We consider cultural heritage - aitys, as a set of values of the spiritual and material world, developing and functioning in a specific ethnic community. So studying folklore is very important in introducing students to the national cultural heritage. Studying literatures, folklore in particular, contributes to the introduction of students to the cultural heritage of Kazakh people, has a significant impact on the moral and aesthetic state of students, evokes a sense of respect for their national traditions, helps to understand the community of all nations, and creates a real basis for a dialogue between national cultures.

Мектепте айтыс жанрын оқытудың педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда өзіндік қиындығы бар. Сыныптағы оқушының бәрі бірдей поэзиялық шығармаларды жан-жақты талдай алмайтыны

598

белгілі. Айтыс өлеңдерін өз сөзіңмен мазмұндап айтып беру арқылы оның көркемдік сапасы ашылмайды. Ал оқушыға «айтыс» деп аталатын халқымыздың ғажап туындысындағы сан түрінің көркемдік әлеміне көз жіберте, шығармашылықпен талдай білуге үйрету керек. «Өнердің барлық пернелері сөйлемеген жерде сезімді селт еткізер, сол арқылы сыртқы ой-парасат түйсігіне апарар сыртқы әсерлер шамалы болады. Ал ол шамалы болған жерде, объектіні әр жақты танып білу, қабылдау мүмкін емес», - дейді ғалым Т. Ақшолақов. [1, 19]

Айтыс жанрын меңгерту барысында оқушылардың қабілет деңгейін есепке алу керек. Қазіргі кездегі саралай оқыту тәсілдерін негізге ала отырып, оқушы зейінін сабаққа аударып, қосымша материалдарды сараптап, тапсырма деңгейін оқушының қабілет дәрежесіне лайықтап, жүйелеп отыру тиімді ықпал жасауда. Айтыс өлеңдерін талдау барысында психологиялық әрекеттер мен интеллектуалды біліктілік өзара ықпал ете отырып, бірлікте дамиды. Мұғалімге мүмкіншілігіне (қызығуы, бейімділігі, жас ерекшелігіне) көңіл аударуы қажет. Психолог А.Дистервегтің «жаман мұғалім білімді дайын күйінде хабарлайды, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді» деген [2, 120] қағидасы сабақтың тиімділігін арттыруға бағытталған басты нысана екендігін естен шығармаған жөн. Олай болса, мектеп бағдарламасында берілген айтыс жанрының құдіретін оқушыға жеткізе білу пән мұғалімінен аса үлкен жауаптылықты талап етеді. Айтыс адам психологиясына ерекше әсер етеді. Айтысты тыңдап отырған ешбір адам бей-жай отыра алмайды. Адамның делебесін қоздырып, тиімді теңеулер, ұтымды уәж айтылған тұстарда ризалық сезімдерін білдіріп жатуы соның айқын айғағы болса керек. Сөзге төрелік беретін мәрттікті Жамбыл ақынның Айкүміспен айтысынан байқауға болады. Айкүміске ақын:

Барарсың бір жаманға өзің қор боп, Отырсың қарқарадай әзір зор боп. Көзіңе көк шыбынды үймелетер,

Көргенің өле-өлгенше ылғи сор боп, - деп бір жаманға барып қор болмау жағын айтады. Сонда Айкүміс:

Жамбыл-ау, күпінесің неге сонша, Құтқарып қыз біткенді қылған жанша. Қолдағы қаршығаңнаннан неге айырылдың,

Тұтқасы дүниенің сенде болса? – деп жауап беріпті. [3, 205]

Досмағамбетпен айтысында Жамбыл ақын өлеңді құйындатып, екпіндетіп шарықтайды:

Құйындап көкке шапқанмен бір пырақ, Арамыз екеуміздің тым-ақ жырақ. Төменде шықылдаған сен торғайсың,

Айтыспа меніменен, ақын шырақ, - деп үдеп кетеді. [3, 236]

Немесе:

Сен отырсың шал болып шөкідей боп,

Мен отырмын жас жігіт өрімдей боп, - деп Жамбыл табиғаттың өзіне берген ақындық күшін жақсы сезінеді, сондықтан да Досмағамбетті елеусіз көреді. Ақынның айтыскерлік өнері арқылы тапқырлық, шешндік қасиеттерді ғана емес, өлең жолдарының ішкі қуатының дәрменділігін танимыз. Жамбылдың «шын қызсам, сөзім − жалын, домбырам − найза», «мен қорғасын сақамын, сен ұтылғыш кекйсің», «мен бір соққан дауылпаз», «өткір қылыш алмаспын» деген ажарлы да көркем ауыстырулар өлең сөздің көркемдік әуенін түрлендіріп, құбылтады. Осыдан-ақ «...ажарлы, көркем ауыстырулар мен келісті, нақышты теңеулер бір-бірлерімен жарасым тауып, ақпа ақынның алғырлық, тапқырлық, зеректік қабілетін көрсетеді». [3, 156] Сезімді оятып, жанды рахатқа бөлейтін сөзді әуенге қосып жеткізетін ақындар айтысының орны қай заманда болса да бөлек болған. Көңіл түпкірінде булығып жатқан келеңсіздіктер ақын аузынан ақтарылып жатқанда рахат сезімге бөленесіз. С.Торайғыров бұл турасында: «»Халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң-мұқтаждығын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі дауысымен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қай-жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары балқығандай, шартта-шұрт қол шапалақтасып ... тарқайды», - деп жазады. [4, 179]

Осы орайда оқушының жалпы рухани өсуі, ойлау қабілетінің дамуы, шығармашылық күшінің жетілуі оның әр түрлі білім жиынтығын есінде сақтаумен анықталмайды. Бұл арада әңгіме оқушының сабақ оқуға жауапкершілігін арттыруда ғана емес, оның шығармашылық қабілетін

599

барынша жетілдіруде болып отыр. Ол қабілет адамның жеке бас қасиетінің ерекшеліктеріне байланысты. Ал адамдардың қасиеттері олардың дене құрылымының ерекшеліктеріне, темпераментіне де қатысы бар. Академик И.П.Павлов көрсеткендей: «темперамент − әрбір адамның ең жалпы мінездемесіне жатады, ол жеке адамдардың қимылының негізін қатыстыруда шешуші себеп болып саналады». [5, 375] Оқушы өзінің даму барысында рухани құндылықтар мен сананың мазмұнын қабылдайды. Айтыстағы ерекше дарындылық, ой-өрістің кеңдігі, күшті зейін, қайрат, ұшқырлығы оқушы санасына оңайлықпен жете бермейді. Балалардың табиғи ерекшеліктері, жас айырмашылықтары, нерв жүйесі, эмоциялық көңіл-күйі жағынан әркелкілігі олардың жаңа тақырыпты қабылдауының әр деңгейде болуына себепші болады. Сондықтан мұғалімнің рухани дүниесі құрамында оқушылардың моральдық қасиеттерін де толық және жан-жақты білу ерекше рөл атқарады. Мұғалімге ерінбей іздену және деректерді оқушы санасына жеткізу жолында табысқа жету үшін алдында отырған шәкіртпен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын шеберлік керек; құр жалаң сөз, қаталдық, шектен тыс талап абырой әпермейтіні белгілі.

Ақыл − ой тәрбиесі, көріп − білу, сезіну − біртіндеп толыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Жастарға ақыл − ой тәрбиесін беруде, ой − санасын өрістетуде ауыз әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтысы ерекше рөл атқарған. Қазақ халқының әдет-ғұрпынан, салт-санасынан туған ойын-сауық кештерінде өлең-жырмен айтысу, өнер сайысына түсу, сөйтіп жиналған жұртты күлдіру, жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған. Сол себепті жұмбақ айтысы адамның ойын ұштайды. Өз ойын аз сөзбен қысқа, ұтымды етіп, өмір тәжірибесінен туғыза айтуға бейімдейді. Жұмбақ айтысы жастардың логикалық ой-өрісінің дамуына әсер ете отырып, сезімтал да саналы азамат болып өсуіне әсер етеді. Қазіргі таңда мектеп оқушысының бойына адамгершілік асыл қасиеттердің, ар-ұят ұғымдарының таразысы болған ұлттық мінез сипаттарын сіңірген жағдайда ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Оқушы санасына сезім мәдениетін қалыптастыру − ұлтымыздың дүниетанымдық бай тәжірибесін жалғастыру, санасына сіңіру, зердесін жеткізу. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақылмен халқымыз бұл құндылықтың құнарлылығы мен маңыздылығын тұжырымдап берген. Олай болса, айтыс өлеңдерінің құдіреті − адамның ішкі-сыртқы сезімін оятып, ойын ұштап, қиялына қанат бітіреді. Айтыс үзінділерін үнтаспадан тыңдату немесе бейнетаспадан, теледидардан көрсету арқылы оқушының көру, есту, сезіну, ой түю сияқты түйсіктің барлық түрлерін әдебиет пәнінің білімдік, танымдық бағыттарымен үйлестіріп қолданамыз. Айтыс өлеңдерінің бір құдіреті − баланың сұлулық сезімін оятады. Әсіресе, ақындардың төгіп айтқыштығы, бір орнында отыра алмай, желпініп кетуі, әр түрлі әуенге салып шырқауы, домбыраны құбылтып тартуы т.с.с. көріністер ерекше ләззат беретіні белгілі.

Профессор Қ.Жұбанов: «...Егер мұғалім өз пәнін жетік білетін болса, онда ол әдіс-тәсілдерді де таба біледі, ал пәнді толық меңгере алмай тұрғанда әдістеме де қауқарсыз», - [6, 324], - деген пікіріне сүйенетін болсақ, меңгеруге тиісті айтыс түрлерінің құрамын анықтап, өзіндік ерекшеліктерін талдап, бүгінгі таңдағы айтыс түрлерімен байланысын ашып көрсету мұғалім еркінде.

«Тұтас педагогикалық үрдістің негізгі аспектілерінің бірі − ұстаздың педагогикалық шеберлігін біз: білімінен, соның ішінде мұғалімнің қызметінің деңгейінен, шеберлігі мен үйрету қабілеті, шығармашылық әрекеті мен өмірге деген көзқарасынан байқаймыз», - деп жазады «Оқытудың негізгі формасы − сабақ» деп аталатын еңбекте ғалымдар Б.Иманбекова, К.Әбдірейімова, Қ.Мазаржанов. [7, 4]

Айтыс өлеңдерінің қай түрін алсақ та оқушы түсінігіне бірден жете қоймайтын туындылар. Оған ақыл, сана, ынта, ықылас т.с.с. толып жатқан қасиеттер арқылы жетпек. Жалпы мектепке бүгінгі таңда қойылатын ерекше бір талап − білім үрдісінің баланың ақыл-ой жағынан дамуына ықпалының жоғары болуы. Онсыз оқушының танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық жағынан дамуын үздіксіз жетілдіру мүмкін емес. Айтысты меңгертуді дамыта оқыту түрлеріне бағытталғанда тиімділігі артады. Оқшылардың өз бетінше іздену жұмыстарына бағыт беріліп, танымдық қызығушылықтары, белсенділіктері артады. Осы орайда жалпы білім беруде жиі айтылып жүрген Л.В.Занковтың дамытушылық идеясы бұл тұрғыда тиімді. Ол идея бойынша оқыту үрдісінің дамытушылық сипаты, ең алдымен, білім беруді оқушыларға жоғары қиындықта жүргізу принципімен байланысты. Оның дидактикалық негізі − сабақтың қай элементі болмасын, баланың ақыл-ой жағынан дамуына қолайлы ықпал етуі тиіс. [8, 32-36] Айтысты дамыта оқыту барысында оқушылар салыстыру, бақылау, түсінік беру, керекті ұғымдарды екшеп алу, мақсат − міндет қою,

600

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]