
87
.pdf-Жоғары қажеттілікті;
-Коммуникативтік қарым-қатынасты;
-Мемлекет туралы ақпарат алу мен ақпарат беруді;
-Қызмет аясын.
Біз үшін қазақ тілі өз ана тіліміз болса, өзге ұлт өкілдері үшін бұл екінші тіл.
Дүние жүзінде қазақ тілін үйреніп, тілімізді сабағының бір бөлігіне айналдырған мемлекеттердің саны айтарлықтай. Ресей, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Түркия тағы да басқа елдерде тіл үйреніп, еркін сөйлейтін тұрғындар күн сайын көбеюде. Иә, үлкен жетістік. Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуда, екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюы мақсатында қызмет етуде тілді білудің маңызы зор екені айтпаса да анық. Қазақ тілін үйренушілердің мақсатын әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Анар Салқынбай екі топқа бөлді:
-ғылыми бағытты көздейді;
-жеке тұлғаның қызығушылығына байланысты (сол ұлттың тарихына, мәдениетіне, өмір сүру салтына қызығу т.б.) [1]
Қазақстанда тіл үйрету мәселесі әлі де болсын бар екені өтірік емес.
Қазақстанда қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесі қалыптасып келеді деп айтуға болады. Ол екі бағытта қалыптасқан:
жоғары оқу орындарында арнайы сағат жүктемесімен жоспарлы түрде оқыту(ЖОО-да шетелдік азаматтарды қазақ тіліне оқытатын кафедралар бар. Оларға қатысты арнаулы бағдарламалар мен кешенді оқулықтар жазылған);
қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуды шет мемлекеттердің Қазақстанға экономикалық, мәдениет және т.б. қызмет бабымен келген жеке азаматтарын немесе адамдар тобын жеке тіл үйретушінің өз бастамсымен оқытуы. Бұның сипаты-нақты бағдарлама, нақты оқулық жоқ, үйрету, оқыту процесін жеке оқытушының өзі шешеді, оқыту мерзімі үйренуші мен үйретушінің өзара келісіміне сәйкес шешіледі. [2]
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеу, оның теориялық негізін құру келешектің ісі болғанымен, қазақ тілін оқыту қазіргі таңда болып жатқан процесс. Оны болашақтың еншісіне қалдыруға болмайды. Бұл үшін арнайы оқулықтар мен бағдарламалар керек. Алайда, оқулықтар мен бағдарламаларды мүлде жоқ деуге келмейді. Қазақ тілін өзге ұлттарға үйретудің, оқытудың тәжірибесі қалыптаспаған уақытта белгілі бір оқулықтар мен бағдарламалар пайда болды. Сондықтан оларда кемшіліктер болуы мүмкін, кемшіліктер айтылып та жүр, ол-заңды нәрсе.
Бұл айтылғандардың бәрі қазақ тілін оқыту әдістемесінің белгілі, анық мәселесінен гөрі анықтауды, зерттеуді керек ететін мәселелері көп екенін көрсетеді.
Басқа ұлт өкілдеріне арнап жазылған оқулықтар аса көп емес, алайда оны жоққа да шығаруға болмайды. ШТО әдістемесі бойынша шетелдік азаматтарды қазақ тіліне оқытуда оқыту мен үйрету қай тілде жүретіндігі туралы бірде-бір ғылыми еңбек жоқ. Негізінен мұндай әдістеме жасалмағандықтан әрбір үйретуші өзінше бір әдістеме пайдаланады. Тілді оқытудағы ана тілі мен шет тілінің айырмашылығы оқыту психолгиясында ғана.
Қазақстандағы оқулықтардың алғашқы қаламгерлері Т. Шононов пен Ш. Сарыбаевтар. Т. Шононов 100-ден астам еңбектерінде мектептегі тіл үйрету мәселесі, әдістемесі секілді өзекті мәселелерді қозғаса Ш. Сарыбаев 1943 жылы жарық көрген «Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты диссертациясында тіл үйретудің тиімділігін тәжірибе жүзінде атап көретеді. Ғалым қазақ тілін басқа ұлтқа үйрету әдістемесі бойынша алғашқы кандидат. Ғалым осы еңбегі арқылы оқытудың тәжірибесіне баса назар аударды, өз еңбегінде «Сан әдісті» қолданып, оқу материалдарын білім алушының сапалы, жүйелі, тиянақты игеруіне жол ашты. Тілімізді өзге ұлт өкілдеріне үйрету барысында қолданылатын дәстүрлі оқулықтар да жарық көрді. Мысалы, 1958-1960 жылдары баспа бетін көрген Ы. Мамыновтың «Қазақ тілі», С. Жиенбаев. Г. Бегалиев, И. Ұйықбаевтардың «Қазақ тілі» оқулықтарын айта аламыз.
Аталған еңбектердің ізбасары ретінде Ә. Жүнісбектің балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларына арналған « Қазақ тілі» оқу құралын айтсақ болады.16 Бұл оқу құралы баланың ой-санасының, қарым-қабілетінің артуына көп әсерін тигізеді. Бұл кітапты тек балалар ғана оқиды деу үлкен қателік, ересектер арасындағы дәрістерде де кеңінен қолданылады. Жоғары оқу
581
орындарындағы басқа ұлт студенттеріне қазақ тілін оқытатын, сондай-ақ әдістемелік жағынан толысқан маман дайындау нысанында Н. Оралбаева мен К. Жақсылықованың бірлескен еңбегі пайда болды. Еңбекте қазақ тілін басқа ұлтқа үйретудегі оқыту әдістер, құрылым мен құрылыс туралы сілтемелер мен нұсқаулықтар анық, жүйелі түрде берілген.
Тіл үйренуде теориялық білім маңызды болғанымен, оны ары қарай игеріп, ойлаған мақсатта пайдалану, еркін сөйлеу үшін, қарым-қатынаста қысылмастан ақпарат алмасуға рактика мен
зертхана керек екені тағы бар. Осы бағытта алғашқылардың бірі болып еңбек жазғандар Т. Әбдікәрімова, Т. Әбдіғалиева, К. Шаймерденова. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты еңбекте сабақты ұйымдастырудың үлгілері, жаттығу жұмыстары көрсетіледі. Бұл кітап мамандарға оқытушылық жағынан көмек бере алады.
Ш. Бектұров пен А. Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы басқа ұлт өкілдерінің бастауыш тобына да, жалғастырушы тобына да пайдалануға әбден болады. Бұл кітапта тіліміздің барлық құрылымдық жүйесі берілген [3].
Соңғы жылдары қазақ тілін мамандық бойынша оқытуға арналған оқу құралдары да басылым беттеріне жарияланды. Мұнда белгілі бір мамандықты оқытуға бағытталған мәтіндер, терминдер, фразалық тіркестер берілген.
Тіл үйренуші тілді ойдағыдай деңгейде меңгеру үшін тілдік құраларды дұрыс және адеватты пайдалана білу керек. А. Алдаштың жазбасында сөйлеу жағдаяттарында қолданылатын етістік формалары жинақталған түрде кездеседі. Мұны үйретудің барлық деңгейінде қолдануға болады.
«Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы» оқулығында үйренушілерді үш топқа бөледі:
1.Қазақ тілін мүлде білмейтіндер
2.Аздап қана түсініп, жеңіл-желпі жауап бере алатындар;
3.Айтқаныңды, жазғаныңды көп қиындықсыз еркін түсініп, жауап беруге келгенде қиналып, түсінгенін айтып бере алмайтындар [4].
Деңгейлік оқытудың алғашқы тәжірибесі тұрғысында «Қазақ тілі» кешенді оқулығы-Э. Сүлейменова, Қ. Қадашева және Д. Ахановалардың авторлығымен жарияланды. Кешенді оқулыққа сөйлеу іс-әрекетінің барлық түрі-сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу толық қамтылған.
Осы салада жаңа үрдіс алып келген Ф. Ш. Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесінде» тіл үйретудің қағидалары көрсетілген. Әдістің жұмыс істеу формасы, әдіспен жұмыс істеудің мақсаты, мазмұны, кезеңдері айқындалады [5].
Біз бұл тұста тіліміздің шет тілі ретінде дамуына атсалысып жатқан оқулықтар бар екенін көрдік, көкейімізге тоқыдық, болашақта тіл үйрету мақсаты мен міндеті алдымызда тұрса, осы оқулықтарды ойланбастан басты оқулық ретінде көмекке келетінін әсте естен шығаруға болмас. Маман ретінде, ұстаз ретінде бұл оқулықтар біздің кәсібіміздің шарайнасы болмақ. Осы құжат арқылы тіл үйренушінің үйретушісі бола білмекпіз.
Кез келген пәннің мазмұны бағдарлама арқылы көрсетіледі. Басқа ұлтқа қазақ тілін үйрету керек екені баспасөз бетінде және түрлі кеңестер, мәжілістерде көрсетілгенімен, тілді қандай жүйеде оқыту туралы нақтылы, деректі ешбір мағлұмат, бағдарлама болмады. Ал бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын, көлемін көрсететін негізгі құрал, пәнді оқытуға не кіретіні анықталмай, жүйелі оқу жұмысы жүргізілуі қиын.
Қазақ тілін оқытудың мазмұнын анықтау мәселесі 1930 жылдан бастап қолға алына бастады. С. Аманжоловтың «Еңбекші қазақ» газетінде «Еуропалықтар үшін қазақ тілі сабағы» (ІІ сабақ үлгісі) кейін, «Казахстанская правда» газетінде «Қазақ тілін үйренеміз» (45 сабақ үлгісі жарияланды).
Ересектерге қазақ тілін оқыту мәселесіне бірсыпыра көңіл бөлінді. Мекемелерде қызметкерлерге қазақ тілін оқыту міндетті деп саналады. Осымен байланысты арнайы бағдарламалар жасалды.
Т. Шонанұлы мен С. Кеңесбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту бағдарламасын жасады. Онда қазақ тілін оқытуға 240 сағат бөлген.
Бағдарламаның алға қойған мақсаты: а) еуропалықтарға қажетті көлемде қазақша сөйлеуді меңгерту; б) қазақ тілі грамматикасының формалары мен заңдылықтарынан мәлімет беру; в) жергілікті ұлтпен аудармашысыз қарым-қатынас жасап, кейбір қазақ тілінде жазылған іс қағаздарының мазмұнын түсінуге үйрету болды.
582
Қорытындылай келе, қазақ тілін үйретуде ЖОО-да оқыту ісінде алға ілгерілеушілік бар. Қазіргі
уақытта көптеген оқу құралдары мен оқулықтар, әдістемелік зерттеулер жарық көруде. Бұл дұрыс. Бұл оқулықтардан үйретуші өз керегін таба алады. Әр түрлі оқулықтармен оқытуда көпқырлылық пайда болады. Үйретушілер арасында да қиялға, ойға ерік берілер еді.
Біздің ойымызша, қазіргі уақытта балалар бақшасынан бастап, мектеп пен ЖОО арасында қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың бірізді жүйесі қалыптасуы керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Салқынбай А. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту жөн бе? Алматы, 2010. 3 б.
2.Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Мұрагер, 2005. 176 б.
3.Қадашева Қ., Асанова У., Ашикбаева Б. Қазақ тілін туыс тіл ретінде оқыту әдістемесі. Алматы: «Кантана-пресс», 2012. 400 б.
4.Алдашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997. 128 б.
5.Қ. Қадашева Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: өзгетілді дәрісханалардағы қазақ тілі.
Монография. Алматы, 2001.
Сатыбалдиева М.Ж.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту - ең маңызды мақсат» К.Д.Ушинский
Жеке тұлғаның мотивациялық жүйесі сол адамның ішкі жан – дүниесі мен сыртқы мінез – құлқын көрсететін, оның қоғамдағы орны мен мәдени – рухани деңгейін анықтайтын аса маңызды факторлардың бірі екені даусыз. Мотивация – адамзат әрекетіндегі негізгі қозғалтқыш күш болып табылады, яғни белгілі бір мақсатқа жету үшін ынталандыру үдерісі.
Әлеуметтік-психологиялық мінездеме, ерік қасиеттері, көңіл – күй, шағымдар, әлеуметтік күтілім, бағыт құндылықтар – барлығы тұлғаның жеке қасиеті болып табылып, мотивациялық ортаның түсінігін береді.
Шет тілін оқытуда мотивацияның басты рөлін түсіну үшін, білім беру мекемелерінде мұғалімдерге оның негізгі әдіс – тәсілдерін, құрылымын жақсы білуі қажет. Мотивация мәселелерін қарастыруда және қалыптастыру жолын іздестіруде оны түсінуге мүмкіндік бола бермейді, себебі, мотивацияның қалыптасуы бұл мұғалімнен оқушыға берілмейтіндігі әр сабақтың үрдісінде көрінеді. Уәждердің қалыптасуы - бұл, біріншіден, сабаққа деген ішкі ынта сезімінің көрінуі және барлығын түсіне отырып, мотивациялық құндылықтар ортасын өз бетінше әрі қарай дамытуы.
Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Осы стратегиялардың үйлесімімен ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа жету үшін ең басты фактор мыналар: мұғалімнің білім алушыға немесе оқушыға деген педагогикалық ісәрекеттің тиімділігін жетілдіру және сабақтағы әлеуметтік – психологиялық бірлестік жағдайындағы қарым – қатынасы. Оқушылардың таным-дық қызығушылықтарын және шығармашылық ойлау белсенділіктерін амыту үшін әрбір мұғалім өз сабағын қызықты, тартымды өткізеді.
Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек.
Өйткені, ойын – көңіл – күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Егер бала шет тілінде сөйлейтін болса, онда оқыту мүмкіндіктерінің үлкен жолы ашылады. Бірак, балалар бұл жайлы ойланбайды. Олар үшін ойын – қызықтырусабағы болып табылады. Ойында барлығы бірдей. Бұл тіпті селсоқ, нашар оқитын оқушылар үшін де қызықты. Пән бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында көрінеді.
583
Тең дәрежеде болуды сезіну, қуанышты бөлінуі, тапсырмаларды түсінуі – бұлардың барлығы оқушыға ұялшақтықты жеңуге, өзге тілдегі сөздерді сөйлеуге, яғни, өздерін еркін ұстауға әкеледі және оқыту нәтижелерінде осыларды көруге болады. Тілдік материал «білінбей» игеріледі, оқушыларды «мен басқалармен бірдей дәрежеде сөйлей аламын» деген қанағаттанарлық сезім пайда болады. Осылайша, оқу үрдісіндегі ойын келешекте білім алушылардың шығармашылық ойлау дағдыларын, шығармашылық қызығушылықтарын қалыптастыруға, дамытуға септігін тигізеді.
Сабақта мұғалім ойын барысында «кейіпкерлер» түрін қолданады, себебі, бұл – оқушылардың сөйлеу дағдыларын, шығармашылық белсенділігін, тіл үйренуге деген қиялын дамытуға септігін тигізеді де, вербальды және вербальды емес қарым – қатынас түрлерін қолдана отырып, ағылшын тілдері құралдарымен алмасады (сөздік) оқушылардың сөздік қоры жинақталады, дәстүрлі емес қарым – қатынас жағдайында білімді қолдануда эмоцианалдық – интеллектуалдық жағдайын қалыптасады.
«Жаз және көрсет» - деген тәсіл оқушылардың шет тіліндегі сөздің қорларын қарым – қатынас жасау үрдісінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл де – әмбебап тәсіл болып табылады, мұны лексика мен грамматиканы бекітуге қолданылады. [1.27б] Қарым – қатынаста қабілеттерін дамыту үшін өлеңдер қолданылады. Әндердің оқушылар үшін қызықтылығы мынада: олардың не жайында айтылатында, қандай әуен түрінде орындалатындығы. Әндер оқушыларға бірдеңе жайлы хабар береді, қызықтырады, яғни қарым – қатынаста бірінші орынды алуға итермелейді.
Оқушылар әндерді үйрену барысында, жаңа ақпараттар алады, шығармашылық қызығушылықтарын қалыптасуына септігін тигізеді. Мысалы, оқушылар, өлеңді үйрену барысында, дене мүшелері мен сезім мүшелерінің, ағылшын тіліндегі атауымен танысады. Эстетикалық мотивация жайлы айтпай кетуге болмайды. Әсіресе,эстетикалық мотивация – ойлауды дамытады, көңіл – күй,ойлау, жағымды сезімдерді қалыптастырады. Бұлардың барлығы оқушылар шет тіліндегі өлеңді сүйіп қызығушылықпен орындаған жағдайда ғана жүзеге асады.
Әндерді орындау мынандай қабілеттерді арттырады:
айту дағдыларын жетілдіреді
дауыс ырғағы және ырғақ артикуляциясындағы нақтылықты жетілдіруге мүмкіндік береді.шет тілі бойынша тілін, сөздік қорын байытады.
тыңдалым, оқылым дағдыларын, біліктілігін арттырады.
монологтық, диалогтік айтылуларды қалыптастырады.
сөйлеудің дайындалған, еркін түрін дамытады.
Тілді үйрету үрдісінде әндер – дәстүрден тыс мерекелік элемент ретінде білім алушылардың эмоционалды ортасына (кеңістігіне) өз әсерін тигізеді. Өзге оқыту барысында тіл шығармашылығын әуен түрінде қолданғанда, материал тез жатталып, шаршағандарын басады. Оқу материалдарының мазмұнын іріктеу барысында тез жатталатын, эмоционалды, бояуы қанық материалдарды алғаны дұрыс. Сабақ материалдарына нақты кейіпкерлерді енгізген жөн. Егер, оқушылар сан елдің мәдениетін, халқын, әлеуметтік өмірінің суретін көрмесе, білімге тек, сөздік құрылыммен шектелетін жағдайда тез ұмытылып қалады. Жұмыс барысында оқушылармен, оқулықтағы мәтіндерді ғана қолданбай, мұғалім бейнесабақтарды қолдануға мүмкіндігі бар.
Өзге тілдегі қарым – қатынасқа байланысты коммуникативтік тапсырмалар білім алушыларда үлкен қызығушылық тудырады. Егерде сөйлеу барысында сөздерді көп қолдансан, балалар жақсы жаттайды. Ағылшын тілі сабағындағы диалогтар жаңа сөздерді игеруге көмегін тигізуде, нәтиже көрсеткеніндей коммуникативтік әдістер – оқушылардың сабақ барысындағы сүйікті ең көп қолданылатын әдістерінің бірі. Бастауыш оқушыларына ағылшын тілін үйретуде түрлі әдістәсілдерінің көптігіне қарамастан кейбір қиындықтар кездеседі. Ағылшын тілін оқытуда бастауыш сыныптағы (1-2 сынып) жас ерекшеліктеріне негізделеді: атап айтсақ, тез шаршайды, көңіл аудармау, есте сақтау деңгейі төмендейді. Сонымен бірге, қарым – қатынас қабілеттерін дамытудағы негізгі қиындықтарды, мынадай мотивациялық мәселелерді де жатқызуға болады:
Қойылған міндеттерді шешуде оқушыларды тілдік және сөйлеу құралдарының жетіспеушілігі.
Оқушылар сабақта ұжымдық тақылауға кейбір себептерге байланысты қатыспайды.
Оқушылар шет тілінде байланыс жасау ұзақтығына шыдай алмайды, әсіресе, үлгерімі төмен оқушыларға қатысты.
584
Осыған орай балалардың физикалық психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, көп күш түсірмейтін тапсырмалар беруі қажет. Бастауышта ағылшын тілі оқыту кезеңінде әр сабаққа билер және әр түрлі қозғалыс түрлері қолданылады (сергіту сәттері). Бұларды қолдану барысында әрбір оқушыға тілдік материалды сақтау мақсаты қойылады. Өлеңдердің шумақ-тарын, тармақтарын қолдану күнделікті тәжірибеде негізгі грамматикалық үлгілерін сақтауға септігін тигізеді. Сонымен бірге оқыту үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, тартымды ойындарға ұласады. [3,30б.]
Таңдамалы сабақ (дәстүрлі емес сабақ) әр түрлі болады, яғни, оқытудың дәстүрден тыс әдіс – тәсілдері қолданылады және мұнда балалардың оқыту деңгейін ғана көтеріп қоймайды, сонымен бірге басқа да қабілеттерін ашуға септігін тигізеді. Атап айтсақ, өлеңдерді декларациялау қабілеті, сөйлеу дағдыларын дамыту, жағдайды көрсету, шет тілінде өлең айту, сөйлеу барысында өзіндік көзқарасын беру, болып жатқан жағдайлар туралы ақпарат беру, сөйлеу мәдениетін сақтау,ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің салт–дәстүрлерімен, мәдениетімен жан–жақты танысады. Сабақта оқушылар шығармашылығы ағылшын тілін оқытудағы басты коммуникативті бағытқа жүгінеді. Ең бастысы балалар мұғалімдермен тығыз байланыста бірлесе отырып,тек алған білімдерімен қатар тілдік жеке сөйлеу материалдарын игеріп қоймай, бастауыш сынып оқушыларын, коммуникативтік дағдыларын қалыптастырып, тиімділігін анықтайды. Сондай–ақ ағылшын тіліндегі мәдениетаралық қарым – қатынасқа қатысуға оқушылардың дайындығы мен ынтасын қалыптастырады. Тек оқушылардың сабақ шығармашылығындағы, яғни, сабақ барысында, негізгі түрлері – шет тілінде айтылым, оқылым, жазылым болып қана қоймай мұғаліммен жеке бір – бірімен жанды, белсенді қарым – қатынас болуы керек. Балалардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін оқу үрдісінде сабаққа деген белсенділігін жақсы ұйымдастыру керек. Аталып өткен әдіс – тәсілдер, бастауыш сыны оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға септігін тигізеді. Әсіресе, танымдық қызығушылығын дамыту осы жас ерекшелігінде тиімді болмақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Бочарова Л.П. 1996; - 27б.
2.Гальскова Н.Д. 2004; - 55б.
3.Фурсенко С.В. 2005; - 30б.
Сейтімбетова С. Д.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, магистр
Сабирова И.Т.
Талдықорған қаласындағы № 14 орта мектеп гиназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
CЕПТТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ КӨНЕЛЕНІП КІРІГУІ АРҚЫЛЫ ҮСТЕУ ЖАСАП ТҰРҒАН МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗ НҰСҚАЛАРЫ
Аннотация. В статье рассмотрены морфологические варианты слов, часть речи как наречие, образующиеся с помощью устаревших падежных окончений. Особенности появления и образования именной части речи, как наречие с помощью суффиксов, доказаны примерами взятых из художественной литературы.
Ключевые слова: явления общности, интеграция, метод, словообразование, вариант, наречие, фузия.
Abstract .The article deals with morphological variants of words, part of speech as an adverb, formed by a legacy of case ended. Features of the emergence and formation of the nominal parts of speech, as an adverb using the suffixes are proven examples taken from the literature.
Keywords: community events, integration, method, word formation, option adverb fusion.
Сөз тудыратын жұрнақтар түбірге жаңа лексикалық мағына үстейтіндіктен, өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады. Сөздердің түбірі бір болғанымен , олардың әрқайсысы басқа мағыналарды білдіреді де, грамматикалық мағынаны да қоса қамтиды. Өйткені тіліміздегі сөздер құрамы, құрылымы жағынан құбылып, өзгеріп, тілімізде балама түрде жарыса
585
қолданылуы |
мүмкін. Міне, осындай сөздердің |
өзгермелі табиғатының бір көрінісі |
– оның |
|||
нұсқалылығы деп атауға болады. Демек, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық, мағыналық, |
сапалық, |
|||||
сандық өзгерістерге ұшырауы кездейсоқ емес, олардың табиғатына тән заңды құбылыс. |
|
|
||||
Қазақ тілінің даму барысында біз күнделікті сөз қолданыстарымызда бір ұғымды |
екі немесе |
|||||
одан да |
көп |
сөздермен жеткізу жағдайларын кездестіреміз. Мұндай морфологиялық |
|
тұлғалар |
||
сөзді немесе |
оның нақты грамматикалық |
нысанын қамтиды. Біздің алдымызда тұрған мәселе |
||||
түбірге |
сіңіскен өлі жұрнақтардың есебінен |
пайда болған нұсқаларды, өзгеру жағдайларын жан- |
||||
жақты талдап |
көрсету. Қосымшалардың түбірге кірігу, көнеру әрекеті түркі тілдеріне тән құбылыс |
|||||
болғанымен, кей тұстарда орыс тілінен де байқалып отырады. |
|
|
||||
Көрнекті |
лингвист В.А.Богородицкий сөздердің |
морфологиялық құрылымының |
өзгеруіне |
себептер болатын грамматикалық процестерінің қатарына сіңісу құбылыс мен жылысу құбылысын жатқызады. Ғалым орыс тіліндегі забыть деген етістіктің құрамындағы за-ның тілде префикс ретінде сөзден бөліне алмайтындығын айтады [1.131-133]. Ал профессор Р.А.Буданов забыть деген етістік мүшеленбейтін бір бүтін сөз ретінде танылып, қажет болған жағдайда сол сөзге басқа бір префикс жалғана алады (мысалы: забыть-перезабыть) дейді. Осы тәрізді «дәм, татым, талғам» деген мағыналарды білдіретін вкус деген сөз қазіргі орыс тілінде в және кус деген морфемаларға
бөлшектенбейтін сөз ретінде ұғынылатын, ал тілдің ертеректегі |
дәуірлерінде |
бұл сөздің |
||
морфемалық |
құрамының ажыратыла алатындығын (мысалы, орысша |
кус-ать, |
кус-ок дегендерді |
|
салыстырыңыз) көрсетеді [2..235]. Сіңісу процесінің нәтижесінде құрамындағы |
морфемалары бір- |
|||
біріне сіңісіп кетіп, бұл күнде мүшеленбейтін сөздер түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде |
||||
де бар. |
|
|
|
|
Тілдегі |
сіңісу, кірігу әрекеттері де өзара тығыз байланысты. Сондықтан |
да, біз, |
кірігу мен |
сіңісуді бір-бірінен бөліп, жеке-дара атамай, тұтастықта қарағанды жөн көрдік. Түбірге жалғанған қосымша тілдің дамуы барысында, ең алдымен, көнеленіп барып, содан соң түбірге кірігеді.
Қазақ |
тілінде |
ұшырасатын сіңісу құбылысы |
– тілдің өзгеру, құбылу, даму үрдістерін |
||||
айқындайтын күрделі құбылыстардың бірі. Бұл құбылыс тіл білімінде |
фузия деп аталады. Бұл |
||||||
үрдістің |
нәтижесінде құрамындағы бөлшектері |
бір-біріне сіңісе келіп, қазіргі кезде мүшеленбейтін |
|||||
дәрежеге |
жеткен сөздер қазіргі қазақ тілінде көптеп кездеседі. |
|
|||||
Кез-келген ойын жеткізуші адам |
әрқашан |
сөйлеу тіліндегі тілдік элементтерді айтқан кезде |
|||||
жеңіл болып, сөйлеу мүшелеріне |
күш салмай |
, жеңіл айтылуын көздейді. Қазақ тіліндегі |
|||||
сингармонизм заңы, |
үнемдеу |
заңы да осы талапқа |
негізделген. Түбірге сіңіскен сөздердің ішкі |
||||
мағыналық жағы, дыбысталу |
жағы да |
әрқашан |
өзгеріске түсіп ықшамдала айтылады. Қазіргі қазақ |
||||
тілінде алуан түрлі сөздер бірігіп жаңа мағына беретін дербес лексикалық |
бірлікке айналған. Сөз |
||||||
құрамындағы ортаңғы не соңғы буынын жоғалтып, |
бастапқы нысаны өзгерген. Сіңісу құбылысын |
жан-жақты түсіндіру дегеніміз түбір мен түбірдің, түбір мен қосымшаның, сөз тіркестерінің
ажырамастай болып кірігіп кету, дыбыстың өзгерістерге ұшырау |
себептерін нақты дәлелдермен |
түсіндіру,- тіліміздегі сіңіскен сөздердің нұсқаларын топтастыру, |
олардың қағидаларын анықтау |
болып табылады. Сіңісу құбылысымен жасалған нұсқа сөздердің |
қырларын, сырын ашудың |
ғылым үшін маңызы зор. Сіңісу құбылысы деп –сөз құрамындағы түбір немесе қосымша морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір-біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде сөз әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін грамматикалық процессті айтамыз.Сіңісу құбылысының нәтижесінде пайда болған сөздерді сөздік қордың барлық қабаттарынан табуға болады
және олардың көбі морфологиялық нұсқа сөздер қатарын құрайды.. Морфологиялық сіңісудің |
екі |
||||||
түрі бар. |
Жеке қолданылатын түбір сөздердің |
түпкі түбірінің |
көне сөзжасам қосымшалармен |
||||
тұтасып, |
жігі бөлінбейтін бүтін |
бір сөзге айналуы. Өйткені, |
бір кездері дербес сөз ретінде |
||||
қолданылған түбірлер түрлі қосымшалардың кірігуіне байланысты өліге |
айналған. Морфологиялық |
||||||
сіңісу процесінің нәтижесінде |
пайда болған сөздердің |
құрамы тарихи этимологиялық талдау |
|||||
арқылы |
анықталса, көнеру, кірігу әрекеті |
арқылы |
пайда |
болған |
сөздердегі түбір |
мен |
қосымшалардың аражігі айқын көрініп тұрады. Алдыңғы қасиет тілдегі өлі түбірлерге кіріккен
қосымшаларға ғана тән, морфологиялық сіңісу туралы да сол тұста |
сөз қозғалады. Кейбір сөздердің |
|||||
құрамындағы |
морфемалар |
тілдің даму барысында |
мағынасынан айрылады |
да, |
ондай сөздер |
|
морфемаларға |
ажыратылып, |
мүшеленбейтін сөздер |
ретінде |
ұғынылады. |
Сөз |
құрамындағы |
морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір-біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде сөз жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін морфологиялық процесс сіңісу
586
құбылысы деп аталады [3]. Мысалы: тімтін-тіміскіле, апаралып бар, әкелалып кел, жақ-жағу, жанжану деген сөздер этимологиялық шығу төркіні жағынан алғанда, о баста бір түбірден тараған түбірлес сөздер болғанмен, қазірде бұл сөздер бір түбірден тараған түбірлес сөздер ретінде емес, бір-біріне төркіндестігі жоқ сөздер ретінде танылады.
Кірігу,сіңісу әрекеті тілдегі декорреляция процесімен де байланыста болып отырады. Себебі бұл екі тілдік құбылыстың өзіндік ұқсастықтары бар.
Біріншіден, декорреляция процесі бойынша сөздің о бастағы морфемалық құрамы да, морфемалардың ара қатысы да, саны да, орны да өзгермей, олардың сипаты мен мағынасы өзгереді [ 4.301 ]. Қосымшалардың тірі түбірлерге де кірігу,сіңісу әрекеті жағдайына да осы белгілер тән.
Екіншіден, кірігу, сіңісу әрекетінің де, декорреляция процесінің нәтижесінде жалғаулар сөздерді байланыстырушы қызметінен айрылып, сөзтудырушы аффикстер ретінде ұғынылады. Сөздің құрамында оның жасалу кезінде сөзді құрастырушы морфемалардың сипаты мен мағынасы бұрынғысынан басқаша болып, бір-бірімен өзгеше байланысқа түседі.
Мысалы :Бекерден-бекер, тектен-тек, бостан-босқа. Ешнәрсе болмай-ақ жай қарап тұрып-ақ, еш себепсіз.
Бекерден-бекер өзіме бір ашу жабысып, тиісуге жан таппай қысылғанымды қайтейін? (Р.Райымқұлов). Қазір сол досымның сөзіне ой тоқтатып тұрсам, тектен-тек айтпаған екен-ау,-деп ойлады қызылшашы («Ауыл ажары»). Мен Алма шығып үлгермеді ме екен деген күдікпен тағы да мелшиіп бостан-босқа біраз тұрдым (Т.Әбдіков).
Бірге//қоса//үстіне. Қоса, қабат, қатар.
Қабыштың көңілінде қолына түспей алыстап кеткен сұлуды арманмен сүюмен бірге, үлкен намыспен жек көру де бар еді (М.Әуезов). Мұнымен бірге олардың бізге тапсырып кеткен аманаты да бар («Жұлдыз»). Оқумен қоса ұйым жұмысын дұрыстап алғанша тыным таппады (С.Бегалин).
Бұл сөздердің бастапқы морфемалық құрамы, ондағы морфемалардың саны мен ара қатысы сақталып, аффикстік сипаты мен мағынасы өзгеріске ұшыраған. Атап айтқанда, бостан-босқа,
бекерден-бекер, тектен-тек, бірге деген сөздердің құрамындағы |
жалғаулар |
сөздерді |
байланыстырушы қызметінен айырылып, аталған үстеулердің құрамында |
сөз тудырушы |
аффикске |
айналған [3.58 ]. |
|
|
Үшіншіден, бір сөз табы екінші сөз табына айналғаннан кейін оның құрамындағы морфеманың сипаты мен мағынасы ғалым Н.Оралбайдың «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбегінде көнеру, кірігу әрекеті сөзжасамның бір тәсілі екенін айқындай түседі. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеу сөздердің бір бөлігін септік жалғаулары арқылы жасалған сөздер тобы құрайды. есім сөздер құрамындағы септік көрсеткіштерінің көнеріп, түбірге кірігу әрекеті негізінде жаңа лексикалық мағынаға ие сөздер пайда болады.
Тәуелдік жалғауының кірігу әрекеті арқылы қалыптасқан сөздерді үстеу табынан да кездестіре аламыз. Қазақ тілінде осы тәсіл арқылы үстеулер тобы толығып отыратындығы туралы қазақ ғалымы М.Томанов айтып өтсе, түркітанушылардан А.М.Щербак, Э.В.Севортян, В.Г.Гузев, Т.Г.Агаева, А.Г.Гулиевтер тоқталып кетеді.
Бұл ғалымдардың пікірі, толықтай алғанда, тәуелдік жалғауының көнеленіп, түбірге кірігуінің нәтижесінде үстеу сөздердің жасалатындығын дәлелдей түседі. Сөзіміз дәлелді болу үшін осы тәсілдің негізінде пайда болған үстеулерге жеке-жеке талдау жасалық.
Ақырында//ақырда.- мезгіл үстеуі. Түптеп келгенде, артынан, ең соңында.
Қапыда өткен дүние-ай, Ақырында еш болды-ау, ел үшін еткен еңбегім (Махамбет). Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін (Шәкәрім).
Бастапқы түбір мен қазіргі туынды сөздің арасында мағыналық байланыс жоқ, тәуелдік жалғауы да өз мағынасы мен қызметінен түгелдей айырылған. Демек , тәуелдік жалғауы бұл тұста түбірге толық түрде кірігіп, сіңісіп кеткен деп айта аламыз. Мекен мәнді білдіретін жатыс септігінің жалғауы жалғану арқылы бұл үстеулер сөйлемде тепе-тең мағынада қолданылып морфологиялық нұсқа жасап тұр.
Ақырында//ақырысында Ақырында малымнан құр қалғыздың. (Ы.Алтынсарин). Ақырысында жазықсыз жан жазаға
тартылды. («Жас Алаш»).
587
Әуелім//әуелі. Керек десе, тіптен де., басында, мезгіл үстеуі . Бастапқы түбір «әуел» қазір де қолданылады, «-і» тәуелдік жалғауының Ш жақ көрсеткіші, сөзжасамдық дәрежеге жетіп, сөз түбіріне толық сіңіп, морфологиялық нұсқа жасап тұр.
Келе-келе механизатор емес қыз-келіншек қалмауы мүмкін бұл ауылда әуелім (О.Әбілбаев). Басқасы былай тұрсын, әуелі үй арасына да жаяу жүрмейді (І.Жансүгров).
Бұл аталған мысалдардан мағыналары тепе-тең, дербес сөз , «қашан?» деген сұраққа жауап беріп, мезгіл үстеуіне қатысты морфологиялық нұсқа жасап тұрған үстеу сөз табы екендігін нақты көре аламыз.
Ежелден// ежелгі. Бұрыннан келе жатқан, дағдылы, үйреншікті.
Ақжолдың шешесі Қанипа өзімнің де ежелден сыйлас қадірлі адамым деп еді (Н.Ғабдуллин). Ол өзінің ежелгі сүйкімді әдетімен қой көздерін күлімдете бір қарады (Ш.Сыздықов).
Бірдеме//бірдеңе//бірдеңке. Дәлдігі белгісіз бір нәрсе.
Ол жерден бірдеме шықпай қоймайды. (Ғ.Мүсірепов). Жерден бірдеңені алды. (Б.Қыдырбекұлы). Беретін бірдеңкең бар ма? («Диалектологиялық сөздік»).
Қапыда// қапелімде//қапияда. Аңдамай қалып, байқамай тұрғанда.
Ұйықтап жатқан өкілдерді қапыда қолға түсіріп, қаруларын алды (Ж.Еділбаев). Қапелімде сөз таба алмаған Жантуар күмілжи берді (С.Шаймерденов). Қараңғы түнде қол бастап, қапияда жол тауып жауды жайратқан Заслоновтың есімін Одақта білмейтін жан жоқ (С.Мәуленов).
Шынымен//шынында. Түптеп келгенде, ақиқатына келсек, сайып келгенде.
Шынында пайдалы қазбалар байлығынан Қазақстан өз елінің мақтанышы десек, артық болмайды (О.Бейсеев). Айтжан жалт беруге ұялды, әлде шынымен састы ма, орнында қалт тұрып қалған (Ж.Молдағалиев).
Расымен// расында.Жалғаны жоқ, өтірік емес, дұрысы, турасы.
Расында Сұлтанмахмұттың түсе қоятын жері жоқ еді (Д.Әібілов). Ол осы ғажайып жерден расымен айрылам ба дегендей жан-жағына қайғыра қарап келе жатты (І.Есенберлин).
Осы келтірілген мысалдарда сөздер құрамындағы септік жалғауларының көнеруі нәтижесінде үстеуге ауысқан. Ғалым Н.Оралбай оларды «туынды көнерген түбірлер деп атаған дұрыс» деп есептейді [5]. Дегенмен мұнда түбір мен қосымша жігі айқын көрінеді. Бастапқы түбір сөзді табу да қиын емес, оның мағынасын да анықтай аламыз. Бір өзгешелігі, бұл тұста септік жалғаулары
көнеленіп, мағынаның өзгеруіне себепші болып, |
сөзжасамдық дәрежеге жетіп, қызмет атқарып, |
нұсқа сөздер жасап тұрғанын толықтай ашып, |
дәлелдеп береді. Тілдегі қосымшалардың түбірге |
кірігу, көнеру әрекеті сөзжасам процесіне қатыса отырып, бір сөз табының екінші сөз табына ауысуына да әсер етеді. Үстеулердің бұл тобы септік жалғауларының түбірге кірігіп, көмескіленуінің нәтижесінде басқа сөз таптарынан морфологиялық жолмен жасалады.
Лингвистикалық білім алудағы нақты мүмкіндіктерді пайдаланып, білім үйлесімділігімен қатар танымдық ізденімпаздықты дамыту. Қазақ тіліндегі грамматикалық нұсқалылық мәселесі тіл дамуының жалпы тарихын зерттеп, ізденуге де септігін тигізбек.Септік жалғауларының көнеру, кірігу әрекеті арқылы жасалған сөздер бірден пайда болмайды. Ол тілдің тарихи дамуы барысында баяу жүріп отыратын құбылыс және ол тілдің ішкі заңдылығына ғана бағынады.
Тілімізде басқа сөз таптарына қарағанда кірігу, көнеру әрекеті үстеулерді қалыптастыруда өнімді тәсіл болып саналады. Ғалымдар пікірі де осыны көрсетеді. Грамматикалық формалардың кірігуі арқылы пайда болған сөздер жиі үстеу сөз табына ауысып отырады әрі мұндай туынды көнерген түбірлер құрамында септік, тәуелдік жалғауларын да, етістік формаларын да кіріккен күйде кездестіре аламыз. Бұдан барып біз, үстеу сөздерді жасауда барлық грамматикалық формалар қатысады деп білеміз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. . В.А.Богородицкий Введение в татарское языкознание в связи с другими тюркскими языками.- Казань:
Татгосизд.,1953.-220 с.
2.Буданов Р.А. Введение в науку о языке –Москва, Наука; -1965-235 с.
3.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003.-494 б.
4 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. 5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы А., 2006.
588
Әбутәліп О.М., Толыбай Т.Ж.
ф.ғ.к., Халықаралық Бизнес университетінің доценті Халықаралық бизнес университетінің 1-курс магистранты
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Аннотация: В этой статье рассмотрено использование информационно-коммуникационных технологий на уроках казахского языка. Повысить заинтересованность ученика на уроках казахского языка, требования и планы рациональности урока, мероприятия, которые должен принять учитель. В этой статье показано, как связать казахский язык с повседневной жизнью с использованием информационных технологий.
Abstract: This article discusses the use of information and communication technologies in the lessons of the Kazakh language. To increase the interest of the student in the lessons of the Kazakh language, the requirements and plans for rationality of the lesson, the activities to be taken by the teacher. This article shows how to connect the Kazakh language with everyday life using information technology.
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау алдыңғы міндеттердің бірі ретінде көрсетілген [1]. Қойылған міндетке қол жеткізудің құрамдас бөлігі ретінде оқытуды ақпараттандыру болып табылады.
Оқытуды ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялықпедагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған заманауи, ақпараттық технологияларды қолдану, өңдеу және ұтымды пайдалану процесі. Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютермен жарақтау ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық - коммуникативтік технологиялар саласы мамандарының күш - жігерін жан - жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді.
Елімізде болып жатқан білім беру саласындағы реформалар, білім берудің жаңа стандарттарын жасау, жаңа оқулықтар мен әдістемелік құралдар енгізумен қатар, жаңа оқу пәндерін енгізу қажеттігін туғызды. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларына «Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді. Ғылым мен техниканың өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогреске жол ашып отыр. Қазіргі таңда компьютер қоғамның барлық салаларын қамтып, әр адамның өміріндегі қажетті құралға айналды. Компьютерді қолданбайтын пәндер жоқ. Қазақ тілін оқыту барысында да компьютерлік технологияларды қолдану заман талабына айналды.
Компьютерлік технология дегеніміз – компьютердің көмегімен ақпаратты жинақтауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды және көрсетуді қамтамасыз ететін әдістердің, өндірістік үдерістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы. Компьютерлік технологиялар типтік бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етілетін операциялардың белгіленген топтарында іске асырылады. Осы бағдарламалық құралдардың арасында мәліметтердің мәтіндік, кестелік, графикалық өңделуін және ақпараттың (мәліметтер базасының) жинақталуы мен сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалар, электрондық коммуникация құралдары, компьютерлік баспа жүйелері, автоматты аудару жүйелері, білім берудің әр алуан салаларының сараптамалық жүйелері және т.б. бөлініп шығады. Сабақта қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды мынадай топтарға жіктеуге болады: «интернеттің қолданбалы электрондық ресурстары (анықтамалық-ақпараттық, ақпараттық-білім беру және мәдени), интернеттің білім беретін электрондық ресурстары, инструменталдық құралдар (электрондық оқу материалын жасауға болатын бағдарламалар), интернеттің коммуникациялық қызметтері (e-mail, форум, чат)» [2.116].
Қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын АКТ құрамында түрлі бағдарламалық-техникалық құралдар болады, олар алға қойылған педагогикалық мақсатты шешуге бағытталады. Педагогикалық мақсат қазақ тілін оқытудың белгілі бір саласына байланысты болады және оқушылардың белгілі бір өзара ынтымақтасқан оқу-танымдық әрекетін дамыту көзделеді. Қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын АКТ бірнеше параметрлер бойынша жіктеледі.
Белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге байланысты АКТ-ның қолданылуы:
589
1)қазақ тілінен базалық білім беруді мүмкін ететін құралдар – электрондық оқулықтар мен оқу құралдары, оқыту жүйелері, білімді бақылау мен тексеру жүйелері;
2)практикалық тұрғыдан дайындалуға арналған құралдар - электрондық жаттығулар, виртуалды қазақ тілі сабақтары, тілдік тренажерлер;
3)қосымша оқу құралдары - электрондық энциклопедиялар, хрестоматиялар, компьютерлік тілдік ойындар, қашықтан оқыту жүйесі.
Қазақ тілін оқыту барысында атқаратын функциясы бойынша:
1)ақпараттық-білім берушілік қызмет - электрондық кітапханалар, электрондық кітаптар, электрондық басылымдар, сөздіктер, анықтамалықтар, қазақ тілін оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар;
2)интерактивтік қызмет атқарады – электронды пошта, электронды телеконференциялар ;
3)іздеу қызметін атқарады - электрондық каталогтар, іздеу жүйелері.
Ақпарат алмасу мен жеткізудің белгілі бір түрін қолдану бойынша:
1) мәтіндік ақпарат – оқулық, оқу құралдары, жаттығулар жинағы, тестілер, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, баспасөз, оқу-әдістемелік материалдар;
2) көру/ визуалды/ арқылы ақпараттар алу - сурет коллекциялары, иллюстрациялар, бейнесаяхаттар, заттар, оқиғалар мен жағдаяттар туралы бейне үзінділер;
3)есту-тыңдау/ аудиоақпараттарды қолдану - сөйленген сөздер, әндер мен музыка, табиғаттағы жан-жануарлар дауыстары;
4)аудио және бейне ақпаратты қолдану;
5)аралас ақпаратты қолдану - электронды оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, қазақ тілінен компьютерлік сабақтар [3].
Қазақ тілі сабағына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың сөйлей білу мүмкіндіктеріне жол ашады. Техникалық құралдар арқылы оқушыларды сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуге, сөйлеу дағдыларын дамытуға, сөздік қорларын көбейтуге, дұрыс сөйлей білуге жаттықтыруға, алған білімінің нәтижесін көруге, қызығушылығын ояту жұмыстарын ұйымдастыруға болады.
Оқушы үлгерімінің төмендігі оның сабаққа зейінін шоғырландырмауына байланысты. Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушы назарын сабаққа аударту үшін ақпараттық технологиялардың атқарар қызметі зор. Қызығушылықты ояту, жаңа тақырыпты болжату мақсатында түрлі суреттер, әуендер, бейнежазбаларды интербелсенді тақтадан көрсетіп, уақытты үнемдеуге, оқушының ойлау қабілетін, шығармашылығын арттыруға, сыныпты толық жұмылдыруға болады. «WhatsApp» желісі арқылы өзара ақпарат алмасу жаттығуларын ұйымдастыру оқушылар үшін өте қызықты тапсырма. Оларға әр оқушы бір сөйлемнен жазып шағын әңгіме, ертегі құратып, сауатты жазуға, әлеуметтік желіде қатесіз жазуға мүмкіндік береді.
Техникалық құралдар тілдің дыбыстық жағын меңгертуге көмектеседі. Оқушыларға алдымен теледидар, радио хабарлардың дикторларының даусын тыңдатып, дауыс ырғағына, сөз екпініне, бунақтарға дұрыс бөлуіне назар салуды тапсыру керек. Кейін оқушылардың өздеріне белгілі бір сабақ тақырыбына арналған мәтінді оқытып, диктофонға жазып алыңыз. Осы мәтінді тыңдалым дағдысын қалыптастыруға қолдану арқылы оқушыларды көркем, таза, әуезді сөйлеуге дағдыландыруға болады.
Тілегенова К.Ә. «Орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқытуда компьютердің алатын орны» атты мақаласында: «... зерттеу жұмыстары көрсеткендей, көру жүйесі адам үшін доминант болып саналады: сырттан қабылданатын мәліметтердің 90 пайызы көру мүшелері арқылы енеді. Ғалымдар көру тірегінің есту тірегіне қарағанда нақтырақ болатындығы дәлелденген. Олардың айтуы бойынша, хабарды тек ғана есту арқылы қабылдау адамды тез шаршатады және мәлімет тез ұмтылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін көру техника құралы компьютерді қолдану өте тиімді», -дейді [4.183]. Қазақ тілі сабағында сызбалар, кестелер, диаграммалар арқылы берілген мәліметтер оқушы санасында жылдам сақталады. Кейде жазбаша мәтін орнына бейнежазбалар көру арқылы ақпараттың көп бөлігін есте сақтай алады. Алайда қазіргі таңда қазақ тілінде визуалды, анимациялық материалдың аздығы қынжылтады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқытудағы ерекшелігі әр алуан қолданбалы бағдарламалардың, мәтіндік редакторлардың, орфографияны тексеру бағдарламаларының, мәліметтер базасының, электронды кітаптардың, анықтамалық порталдардың, электронды баспа
590