Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды; дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады; оқуға қызығушылықтары артады.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану төмендегі дей нәтиже береді:

-білім алушының белсенділігін арттыру;

-пәнге қызығушылығын ояту;

-өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;

-зерттеуге икемділігін дамыту;

-сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;

-білім алушылар бір – бірімен қарым – қатынас жасай біледі;

-басқаларды тыңдауды, кезкелген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.

Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді олады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс - әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т. б. бағаланады. Ал, сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның тиімділігі – келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық-психологиялық жағдай жасауында. Интерактивтік тақтаны қолдану барысында әдеттегі сабақ тиімділігі және сабақ қарқыны арта түседі, бейне әрекет, ақпаратты шұғыл алу мүмкіндігі ашылады. Интерактивтік тақта көмегімен оқыту дәстүрлі оқыту әдістерінен айтарлықтай ерекшеленеді, десек те, сабақты нәтижелі өткізудің негізі бірдей. Ең алдымен, кез-келген сабақтың, оның ішінде интерактивтік технологияларды қолдану арқылы өткізілген сабақтың анық жоспары мен құрылымы болуы, нақты мақсаттар мен нәтижелерге жетуі тиіс. Осының барлығы оқушылардың материалды жақсы меңгеруіне және оны өзінің осыған дейін білетіндерімен сәйкестендіруге көмектеседі. Сондай-ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның үлесі зор.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Дарындылық – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген. Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұжымдық, топтық, жұптық, өзіндік жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану – бұл мұғалімнің жан-жақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:

561

-заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;

-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.

Қорыта келе, мынаны атап өткім келеді: мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруға жаңа көзқарас мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, көкейтесті тақырып деп есептеймін. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу ретін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, өзінің кәсіптік шеберлігіне сай таңдауы тиіс деп санаймын. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек. Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз. Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру – педагог-ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытындысы дегім келеді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.- А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.

2.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылымиәдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.

3.«Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері» С.Мирсеитова, 2011 жыл.

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012

5.Қазақ тілі мен әдебиеті. №8 2015 ж.

6.Т.Д. Тағаева, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістерін сабақтарда қолданудың тиімділігі», Бастауыш сынып №10. 2014, 7 бет

562

Бурабаева К.Т, Конашева Г.К

Тарих пәні мұғалімдері Ақтөбе қаласы, Сазды орта мектебі

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

Аннотация. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор деп ойлаймын.

Қазақстанда білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.

Білім беру жүйесіндегі әлемдік өзгерістер әсіресе мұғалімдерге өзгерістің қажеттігін дәлелдейді. Себебі мұғалімдер болашақты дайындайды, ал болашақ -қазіргі мектеп оқушылары болып табылады. « Балаңды өзің өмір сүріп отырған кезеңге емес, болашаққа қарай тәрбиеле» деген екен мұсылман ғұламалары. Сондықтан бала тәрбиешісі ретінде мұғалімге өзгеріссіз қалу қауіпті деп ойлаймын.Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.

Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қараймын. Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалана отырып,бағалаудың қалыптастырушы түрін кеңінен қолданамын. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап , ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға , шешім қабылдауға,өзін-өзі бағалауға ,бірін-бірі бағалауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор деп ойлаймын.

Қазақстанда білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.

Оқыту әдіс-тәсілдері:

Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқутәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.

Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу.

Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық,

563

шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.

Жүйелік-әрекетті тәсіл – оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.

Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.

Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.

Интербелсенді әдіс Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп

танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, actionәрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.

Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi

шешендiк өнерiн жетiлдiредi

танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын) сыни ойлау дағдыларын дамытады

өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады

Интербелсенді оқытуәрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.

Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді: терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек: бірлескен жұмыс;

танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту. Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:

бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),

рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,

ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай т.б.)

презентациялар,

тренингтер,

интервью,

564

– сауалнама т.б.

Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет: Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.

Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.

Үшінші ереже.Кабинет талапқа сай болуы қажет .

Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.

Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.

Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау . Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік

амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу процесінің барысында мынадай қарым – қатынасқа түседі:

Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде); Өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеу барысында)

Шағын топтармен (3-5 баламен); Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау

барысында); Балалардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);

Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен); Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты,

себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің аралығындағы мәселелерді талқылайды, зерттейді. Оған дәлел: Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады деген Хәтти (2014)

Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген жаңаша түсінік пайда болды ма, немесе жоспар іске асты ма деген сияқты, т.б.

Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.

Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.

Қорыта келе, мемлекет болашағының кепіліжастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсатыбілім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017ж

2.Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

3.Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы Астана 2016

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

565

Елупанова Д.О.

учитель английского языка Саздинской средней школы г. Актобе

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ЯЗЫКОВЫХ ИГР НА УРОКАХ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ

Аннотация. Автор тілдік материалдарды өңдеуде ойын әдістерін пайдаланудың өзекті мәселесін қарастырады. Бұл мақалада ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға болатын тілдік ойындардың мысалдары берілген.

Abstract. The author considers the actual issue of using game techniques in the processing of language material. This article provides examples of language games that can develop speaking skills in English lessons.

Современное образование характеризуется усложнением учебных программ и ростом объема информации не только в средней, но и в начальной школе. В результате младшие школьники испытывают большие психоэмоциональные и физические перегрузки. Психологи определили, что младшим школьникам свойственны повышенная эмоциональность, подвижность, утомляемость от единообразия, целостность восприятия окружающего мира. Обучение в начальной школе нужно строить с учетом этих особенностей, и его базой может стать интегративное обучение.

Под интегративным обучением мы понимаем объединение учебной деятельности с другими значимыми для данного возраста видами деятельности: изобразительной, музыкальной, трудовой, физической, театральной, игровой и т.д. Таким образом, речь идет не об объединении разных учебных дисциплин, то есть межпредметной интеграции, а о взаимодействии различных видов деятельности в ходе учебно-познавательной деятельности [5,С.27].

При организации обучения на уроках английского языка можно проводить интегративные занятия следующих видов:

-Урок английского языка плюс музыкальная деятельность (пение, музыка, ритмика и т.д.)

-Урок английского языка плюс изобразительная деятельность (рисование, аппликация, лепка).

-Урок английского языка плюс физическая деятельность.

-Урок английского языка плюс театральная деятельность.

-Урок английского языка плюс игровая деятельность [5, С.27– 30].

Не секрет, что у учащихся младших классов наблюдается большая тяга к изучению иностранного языка, однако из-за ряда разных причин, этот предмет теряет для них свою привлекательность, отстающие учащиеся считают его одним из самых трудных, а, следовательно, нелюбимых. Поэтому на раннем этапе обучения детей английскому языку одна из важнейших задач учителя – сделать предмет интересным и любимым, чтобы предлагаемый ученику материал был доступен по трудности.

Для этого можно использовать на уроках английского языка игровую технологию. Игра занимает важное место в жизни младшего школьника, являясь для него средством познания действительности. Для примера, все мы хорошо знаем, что, придя домой из школы, младшие школьники, прежде всего, направляются к своим игрушкам. Сюжеты игр доставляют детям огромное удовольствие. Поэтому эту особенность следует учитывать и широко использовать в учебном процессе, особенно при обучении английскому языку. Память младших школьников непроизвольная, они быстро и без труда запоминают то, что ему нравится, если объяснять урок в форме игры.

Самые эффективные виды игр при изучении неродного языка – это языковые игры. Различают следующие языковые игры: лексические, грамматические и фонетические. Языковые игры позволяют сделать учебный процесс интересным. Это мощный стимул к овладению иностранным языком. Атмосфера увлеченности, радости, ощущения посильности заданий – все это благотворно сказывается на результатах обучения. Легче усваивается языковой материал, а вместе с этим возникает чувство удовлетворенности.

Языковые игры отличаются от развлекательных игр тем, что имеют второй план, т. е. узко методическую цель, а именно, способствуют выполнению важных методических задач:

566

созданию психологической готовности детей к речевому общению;

обеспечению естественной необходимости многократного повторения языкового материала;

тренировке учащихся в выборе нужного речевого варианта.

Использование подобных игр развивает память, внимание, логическое мышление учащихся. Игры приближают речевую деятельность к естественным нормам, помогают развивать навык общения, способствуют эффективной отработке языкового программного материала, обеспечивают практическую направленность обучения [3, С.48]. также при использовании игр на уроке улучшается дисциплина, появляется заинтересованность ребят в работе, повышается активность, так как в урок вносятся элементы соперничества и соревнования. Они содействуют воспитанию таких качеств, как самостоятельность, инициативность, чувство коллективизма. [1, С.65].

Для учащихся учебная игра остается развлечением, тренировка отодвигается на второй план. Для учителя же любая игра – это прежде всего упражнение. Учитель всегда точно и четко представляет себе, какую учебную цель преследует та или иная игра, однако ему ни в коем случае не следует показывать учащимся, что его больше интересует второй план. Он должен смеяться и радоваться вместе с учениками, подчеркивая тем самым, что его волнует игровой смысл упражнения, а не учебный. Если учитель раскроет ученикам свой второй план, игра превратится в обычное упражнение.

Одним из наиболее удачных вариантов игры на уроке иностранного языка в младших классах являются игры с игрушками. Учитель может собрать целый набор игрушек и хранить их в шкафу. Обычно их используют только при введении новой лексики как наглядный материал, а ведь с ними можно играть, тем более, что названия игрушек (кукла, медведь, лиса и т. д.) дети запоминают быстрее и без труда [4, С.82].

Помимо этого в процессе обучения учителям следует использовать различные игры в сочетании с рисованием, пением, лепкой, театрализацией и т.д., что будет способствовать эффективности обучения английскому языку. Нужно помнить, что место игры на уроке и отводимое ей время зависит от ряда факторов: подготовки обучающихся, изучаемого материала, конкретных целей, условий урока. Если игра используется в качестве тренировочного упражнения при первичном закреплении, ей можно отвести 20-25 минут урока. В дальнейшем та же игра может проводиться в течение 3-5 минут и служить своеобразным повторением пройденного материала, а также разрядкой на уроке. Другие игры могут быть эффективными при введении нового материала. В играх ученики овладевают такими элементами общения, как умение начать беседу, поддержать ее, прервать собеседника момент, согласиться с его мнением или опровергнуть его, целенаправленно слушать собеседника, задавать уточняющие вопросы. Практически все учебное время в играх, так же как в иноязычной речевой деятельности, отведено на речевую практику, при этом максимально активны не только говорящий, но и слушающий. Новое рождается почти на каждом уроке. Фразу “Давайте поиграем” дети ждут с нетерпением. Их веселый смех, желание говорить по-английски служат показателем заинтересованности, увлеченности. Помимо программной лексики вводятся новые слова, которые в игре легко запоминаются.

Далее приводятся несколько примерных языковых игр, которые можно использовать на уроках английского языка в 4 классе по определенной теме.

1. Тема: “My Home”

При изучении этой темы дети знакомятся с новыми словами (существительные) – лексикой, строят словосочетания и предложения – синтаксис. К тому же дети учатся составлять диалоги, чем развивают навыки говорения, слушания, письма, чтения.

Игра “Memory”

Учитель на доске развешивает картины или (слова) на английском языке по теме, дается 1 минута, чтобы ученики могли запомнить слова. Затем учитель по порядку убирает по одной картине или (слову), а ученики должны сказать все слова, включая те, которые убрали.

Игра “Угадай”

Учитель развешивает на доске картинки по теме, один ученик выходит к доске и загадывает слово. Остальные учащиеся стараются угадать данное слово. Ученик, угадавший слово, становится ведущим в игре.

Is it a hall?

No, it is not.

567

Is it a bedroom?

Yes, it is.’

Игра “Будь внимателен”

Учитель от имени Хоббита организует игру. Хоббит показывает картинки и называет предмет, изображенный на ней. Если утверждение правильное – ученик повторяет его, если оно неверное – ученик исправляет его.

Is it a carpet? (Yes,It is a carpet.)

Is It a lamp? (No,It is not a lamp. It is a fireplace.)

Игра “Лото”

Учитель раздает ученикам карточки в виде таблицы. В ячейках таблицы написаны слова порусски или наклеены картинки по теме. Затем учитель диктует слова по-английский (A chair, a sofa, a window, a door, a fireplace, a floor, a lamp etc.) Учитель называет слова с паузами. Дети во время паузы должны закрыть это слово фишкой (учитель заранее готовит фишки из бумаги, которые под номерами.) Затем учитель проверяет работы детей и оценивает их.

Игра “Что исчезло”

На доске вывешиваются картинки, ученики называют предметы мебели, изображенные на картинках. Затем закрывают глаза, и учитель убирает одну из картинок. Дети открывают глаза и называют исчезнувший предмет. Учитель может видоизменить игру и попросить запомнить не только картинки, но и их последовательность. В этом случае учитель не убирает картинки, а меняет их местами.

Игра “Магазин”

Учитель обращает внимание детей на вывеску “магазин” и картинки на доске и сообщает, что дети будут покупателями. Но под каждой картинкой необходимо сделать надпись и определить цену товара. Ученики по очереди выходят к доске и делают соответствующие подписи к картинкам. Например, ученик пишет слово “mirror” и цену “five pounds” под картинкой.

Игра “Что в коробке?”

Учитель складывает в коробку предметы, названия которых известны учащимся. После этого учащиеся поочереди называют по-английски эти предметы, используя речевой оборот “There is (are)…”.

There is a book in the box.

There are two pens in the box. -There is a doll in the box.

Etc.

Игра “Переводчик”

Учащиеся встают в круг, учитель – в центре круга. Учитель по очереди бросает мяч ученикам и произносит различные словосочетания на русском языке. Учащиеся переводят их и бросают мяч учителю.

Большая собакаBig dog. Смотреть телевизор – to watch TV.

Желтый ковер – yellow carpet.

Красная машина-red car.

Игра “Назови рифму”

Учитель называет слово, ученики должны подобрать рифму к этому слову. Rightknight

Wall – hall. Floor – door. Cat – flat.

Bathroom – bedroom. Etc.

Игра “Собери в целое”

На доске карточки с частями слов. Ученики выходят к доске и составляют слова. k s d

568

it

o

ow

ror

chen

fa

win

fire

bed

mir

flo

arm

place

pic

chair

or

room

ture

Игра “Загадочный текст”

Учащимся выдается карточка с текстом, где некоторые слова заменены рисунком. Необходимо прочитать текст.

Предлагаемые игры могут быть полезны для организации разных видов работы с учащимися: индивидуальной, в парах, в группах. Игры можно использовать несколько раз, при этом разрешается изменять роли играющих, содержание материала игры, процесс игры и т.д. Все учащиеся заинтересованы в участии в играх. Иногда учащиеся берут инициативу на себя, т.е. самые сильные дети пытаются самостоятельно проводить некоторые игры. Ученики активно, увлеченно работают, помогают друг другу, внимательно слушают своих товарищей. Данные игры помогают раскрыться стеснительным учащимся. Важным моментом является то, что речь учащихся оценивается не по косвенным характеристикам (число ошибок, скорость говорения и т.д.), а по коммуникативному эффекту: справился с заданием или нет. В процессе игры исправляются ошибки, подсказываются реплики, правильные варианты и т.д., но главным критерием является успех или неуспех учащихся в коммуникационной ситуации.

Таким образом, использование данных языковых игр положительно влияет на формирование интересов младших школьников, способствует осознанному освоению иностранным языком, в данном случае английским языком.

СПИСОК ИСПОЛЬЗУЕМОЙ ЛИТЕРАТУРЫ

1.Бутко Г.В. Языковые игры на уроках английского языка в 4 классе // ИЯШ. – 1987. – №4. – С.63 – 65.

2.Гудкова Л.М. Игры на уроках английского языка в младших классах // ИЯШ. – 1988. – №4. – С.54-55.

3.Денисова Л.Г. Использование игровых элементов на начальном этапе обучения английскому языку // ИЯШ – 1984.

№4. – С.82.

4.Загребин И.В. Особенности обучения младших школьников английскому языку на начальном этапе // Начальная школа – 2007. – №10. – С.27-31.

5.Курбатова М.Ю. Игровые приемы обучения грамматике английского языка на начальном этапе // ИЯШ – 2006. –

№3. – С.64-66.

Кунусова Б.А.

Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебінің Бастауыш класс мұғалімі.

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ІС ӘРЕКЕТІ МОТИВТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Аннотация. Научная работа направлена на развитие критического мышления путем решения логических задач. Цель работы привитие навыка самостоятельного выполнения заданий. Все виды упражнений прилагаются для развития творческих способностей учащихся.

Annotation. In the scientific work the direction of the development of critical thinking of children performed a logical task. The purpose of the work is to take a new self-fulfilling task. All kinds of management are attached to develop the creative abilities of students.

Адам іс-әрекетінің мотивациясы және мотиві, әсіресе, оқу іс-әрекетінің мотивтері келесі бір адамды, соның ішінде педагогтарды толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Кез келген оқу тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруға тырысатын педагог ең алдымен оқушылардың оған деген мотивациясын, яғни қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға тырысады, оның негізін, түп тамырын іздеуге талпынады.

569

Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындаудағы ерекшеліктері мен оның өзіндік қасиеттері өзара біртұтас құрылымды құрайды және бұл құрылым иерархиялық түрде көрінеді, яғни адамның барлық қасиеттері айналасына жинақталған орталығы болады. Л.И.Божовичтің пікірінше, мұндай орталық адамның мотивациялық-қажеттілік сферасы болып саналады.

Адам іс-әрекетінің мотивациясы туралы көптеген ой-пікірлер, теориялар, Аристотель, Гераклит, Демокрит, Платон, Сократ секілді ежелгі философтардың еңбектерінде-ақ пайда болды. Олардың пікірі бойынша, өмірдің оқытушысы «қажеттілік» болып есептеледі. Гераклиттің пікірінше, қажеттіліктер өмір шарттары жағдайларымен анықталады, қажеттіліктерді қанағаттандыруда белгілі шектеуді сақтау адамның дамуы мен интеллектуалдық қабілетінің жетілуіне жағдай жасайды деп түсіндіреді. Сократ: «Өз қажеттіліктерін, мінез-құлқын, тілектерін бағындыра алмайтын адам басқа адамдарға тәуелділіктен арыла алмайды, өз тәнінің құлқы болып қалады»,- деп жазады. Яғни оның айтуы бойынша адам өз қажеттіліктерін тек шын мәнінде өзекті мәселеге айналдырғанда ғана қанағаттандырылуы тиіс. Платон адамнан өз қажеттіліктерін саналы басқаруды талап етеді. Демокрит қажеттілікті негізгі қозғаушы күш және қажеттілік эмоционалды қайғыруларға адамның ойлауға, сөйлеуге, еңбекке дағдылануына әсерін тигізеді деп түсіндіреді.

Қазіргі уақытта мотивация теориялары көптеп саналады. Мотивацияның қазіргі теорияларының көздерін алғашқы психологиялық білімдер туындаған ошақтардан іздеген жөн. Бұл мәселені зерттеу кезінде адам мотивациясының пайда болуы мен мәніне көзқарас үнемі өзгеріп, философиядағы рационализм мен иррационализм ағымдардың арасында орналасты. Рационалистік позиция бойынша адам жануарға еш ұқсастығы жоқ тіршілік иесі. Ол әсіресе, XIX ғасырдың ортасына дейінгі ежелгі философтардың еңбектерінде айқын көрінеді. Яғни олардың пікірлерінше, тек адам ғана санаға, ақылға, ерік-жігерге ие. Адам мотивациясының ошағы – ақыл-ойы, санағы және ерік-жігері.

Иррационализм ілім ретінде негізінен жануарларға бағытталады. Онда жануарлардың мінезқұлқы адамдармен салыстырғанда санасыз, биологиялық күштердің, ағза қажеттіліктерінің ықпалымен басқарылады деп түсіндіріледі.

Адам мотивациясы жөніндегі алғашқы психологиялық теория XVII-XVIII ғасырларда пайда болған адам мінез-құлқын рационалистік негізде, жануарлар мінез-құлқын иррационалистік негізде түсіндіретін автоматтық теориясы.

XVII-XVIII ғасырларды механика жетістіктерінің нәтижесінде кең өріс алып дамыған автоматтық теориясы, кейін тірі ағзаның түрлі әсерлерге беретін механикалық, автоматтық ретіндегі жауабы рефлекс идеясымен байланыстырылды. Бірі адамдар, екіншісі жануарлар үшін бөлек екі мотивациялық теория философияны екі қарама-қарсы ағымға, идеялизм мен материялизмге бөлу XIX ғасырдың соңына дейін созылды.

Адамның биологиялық қажеттіліктері, жеткіліктері мен ұмтылыстары теориясынан басқа XX ғасырдың басында Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясынан, яғни И.П.Павловтың жаңалықтарынан тағы екі ағым пайда болды. Олар мотивацияның мінез-құлықтық теориясы және жоғары жүйке ісәрекетінің теориясы мотивациялық мінез-құлықты түсіндіретін Д.Уотсонның идеяларының логикалық жалғасы сияқты болды. Д.Уотсон мен Э.Толманнан басқа да бұл бағыттың көрнекті өкілдеріне Х.Холл мен Скиннерді жатқызуға болады.

ХХ ғасырдағы экономикалық өрлеу түрлі мотивациялық теориялардың пайда болуына алып келеді. Бұған Герцбергтің екі факторлы теориясы мен мотивацияның іс жүргізу теориясы жатады. Бұл теориялардың негізін басшылардың өз қол астындағы жұмысшылардың жұмысқа мотивациясын арттыруға бағытталған кеңестері құрайды.

Баланың алты-жеті жастан кейінгі жетекші іс-әрекеті оқу болып есептелінеді. Дегенмен олар үшін ойын іс-әрекеті әлі де маңызын жоймайды. Сол үшін ересектер бала сабаққа дұрыс дайындалса оған ойнауға рұқсат береміз деп айтуы мүмкін. Бұл жағдайда балада оқушының өз міндетін орындауы, жақсы баға алу – түсінілетін мотив және реалды әрекетті мотив – сүйікті ойынын ойнау тілегі болады. Яғни сабаққа дайындалу әзірше ол үшін әрекет, ал іс-әрекет ойын болып саналады. Бірақ кей жағдайда сабаққа дайындалу оқушы үшін қызықты болуы мүмкін, яғни түсінілетін мотив реалды мотивке айналады. Бұл туралы А.Н.Леонтьев былай деп жазады: «Жалпы тәрбие өнерінің мәні «түсінілетін мотивтер» және «реалды әрекетті» мотивтердің дұрыс сәйкестігін жасауда, сонымен бірге іс-әрекеттің табысты нәтижелеріне уақытында көңіл бөлу, сол арқылы жеке тұлғаның өмірін басқаратын жоғары типті реалды мотивтерге ауысуды қамтамасыз етуде емес пе екен?»

570

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]