
87
.pdfСондықтан програм деген сөз әзір ертерек. Әуелі бала оқытатын кітаптарымызды түзеп, сайлап алып, сонан соң неден бастап, неге шейін оқытатынымызға жосық белгілеуге дұрыс» [4]. Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзінен екі мәселені аңғаруға болады. Біріншісі кез келген ғылым білім тәжірибеден келіп шығады. Бала оқытып көрмеген ұстаз бала оқытатын оқулықты жазып шыға алмайды. Тәжірибе барысында ұстаз өзі оқытып отырған оқулықтың сапасын, жас ерекшеліктеріне қарай тапсырма деңгейін, қызығушылық дәрежелерін, оқытудың қыр сырын толық байқап, меңгере алады. Нәтижесінде оқытудың әдісін өзі жасайды, оқу үдерісінің жөн жосығын өзі бекітеді. Програм сөзінің жосық сөзімен алмастырылуының да мәні осында, жөн жосық деген сөздің өзі ретін деген мағынаны береді. Бірақ бағдарлама даярлау әр адамның қолынан келе бермейді, ол ұзақ жылдық тәжірибені талап етеді. Осы мақаланың соңғы жағында Ахмет Байтұрсынұлы ұстаздардың өтінішін жерге тастамай өзінің тәжірибесімен бөліседі. А.Байтұрсынұлының өз сөзімен айтқанда: « қазақ мұғалімдері де, қазақ ішіндегі ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы», - дейді, бағдарламаның алғашқы тараушасы да осы емес пе [5]. Дәл сол уақыттарда А.Байтұрсынұлы әліпби жасаумен шұғылданып жүрген болатын, өз тәжірибесінде тіл үйретудегі алғашқы қадамның айтылым, дыбыс түзілімінің дұрыс жазылуына назар аудару керектігін, сонда тіл тазалығына нұқсан келмейтіндігін түсінген ол қазақ тілін оқыту бағдарламасының алғашқы қадамын көрсетіп берді. Осы ширекте қазақ баласының санасында, танымында екі түрлі білім болды: біріншісі салт-дәстүр арқылы санаға сіңген, дала тынысымен рухтың да, тіршіліктің де тірегі болған білім, екіншісі үйрену, оқу, тәжірибе алмасу арқылы келген кеңестік кездегі сауаттандыру саясатының негізіндегі ғылым білімі. Осы екеуін де меңгеріп халқына қызмет етуге жанын салған алаш зиялыларының нысанасы айқын, мақсаты түзу болғанымен келте заман дегенін жасады. Мемлекет діңгегі болатын бағдарламаның күнтәртібіндегі ең басты тармағы білім-ғылым саласы болғаны даусыз. Әйтседе, екінші айтылған ғылым білімінің қазақ даласына енуі күрделі өзгерістерден өтті.
Бағдарлама бекітілгеннен кейін оның өз алдына мақсаты, міндеті, ұстанымдары жазылады. Соған сәйкес мұғалімнің де сабақтарда қолданылатын әдіс тәсілдері ауысып, тәжірибе негізінде бағаланады. Демек мұғалім әдіс тәсілдерді таңдап алғанда өз бетімен жұмыс жасап, ынталы болуы шарт, ұстаздық терең ұғымдағы шығармашылық екенін әсте естен шығармаған жөн. Мұғалім анықталған, практикада сыналған және ғылыми жинақтаудың нәтижесінде жалпы педагогикалық және әдістемелік ережелерге немесе ұстанымдарға сүйенеді.
Ұстанымның түрлері:
а) жалпы дидактикалық ұстанымдар - бұлар білім беру жүйесіндегі барлық пәндерде қолданылады, бірақ әр пәннің білім көлеміне қарай әр қилы өзгеріп қолданылады;
ә) арнаулы ұстанымдар – бұлар нақты бір пәнге, мысалы, қазақ тіліне ғана тән ұстанымдар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдістемелік ұстанымдары педагогика ғылымының оқу-тәрбие
беру жөніндегі барлық теорияларына, оның дидактика бөліміне негізделеді. Өйткені дидактика - барлық ғылымды оқыту жөніндегі әдістер жайындағы теорияның жиынтығы немесе педагогикалық ғылымның оқыту әдістері жөніндегі саласы. Сондықтан дидактикалық ұстанымдар әр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішінде ана тілін оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып есептеледі. Демек, қазақ тілін оқыту әдістемесі де жалпы дидактикалық ұстанымдарға сүйенеді. Олар:
1.Оқытудың ғылыми ұстанымдары. Бұл ұстаным бойынша қазақ тілі пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары осы ұстанымды басшылыққа алып жасалады. Ғылымға сүйенген пән ғана жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан мұғалім оқытудың ғылыми ұстанымдарын терең білумен бірге, оны оқу тәрбие ісінде дұрыс пайдалануы да қажет. Сонда ғана ана тілінің заңдылығы мен теориясын (ережесін, анықтамасын) қатесіз, оны лингвистика ғылымына байланыстыра отырып түсіндіруге, теориялық материалдарды үнемі практикалық жаттығу, мысалдар арқылы дәлелдеп отыруға болады.
2.Оқытудың жүйелілік ұстанымдары. Оқу материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібін оқытудың жүйелілік ұстанымы дейміз, яғни оқытудағы берік жүйелілік пен бірізділік – ғылыми білім берудің негізі. Мысалы, қазақ тілінен жай сөйлемдердің ережелерін жете меңгермейінше, құрмалас сөйлемдер түрлерінің (салалас, сабақтас, оның ішінде басыңқы, бағыныңқы сөйлемдердің) жасалу жолдарын білу қиын.
541
Бұл ұстаным бойынша бұрын өтілген тілдік материалды оқушы әбден меңгергеннен кейін ғана жаңа материал таныстырылады. Демек, оқу материалдарының логикалық ішкі заңдылықтарын жүйелі оқып үйренген жағдайда ғана оның ғылыми негіздерін шын мағынасында меңгеруге болады. Қазақ тілі программасы жүйелілік принципі негізінде құрастырылады.
Программадағы бұрын берілген материал мен келесі материалдың сабақтас болуын байланыстырып отыру көзделеді.
3.Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі – оқу материалдарының дұрыс бір-бірімен сабақтаса орналасуы, берілуі үйретілетін материалды оқушының тиянақты, жүйелі, бірізділікпен қабылдауына мүмкіншіліктер жасайды. Мысалы, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінен кейін сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, зат есімнен кейін сын есім, сан есімнен кейін есімдік, етістік, көсемше туралы түсінік беріледі. Мұны біз оқытудың дұрыс дұрыс орналастыру ұстанымы дейміз.
4.Оқытудың алдын-ала болжау принципі – үйретіліп отырған материалдың келесі сабақтардағы материалды меңгерудегі тиімділігін алдын ала болжау, соны ескере келіп дамыту.
Мысалы, бастауыш кластарда өтілетін тыныс белгілерінің ережелері 7 – 8-кластарда жүйелі қайталанады, еске түсіріледі.
5.Оқытудың саналылық принципі – үйретілген материалды оқушылардың құрғақ жаттамай, толық түсініп, саналы меңгеруі. Оқу материалдарын саналы түсіну үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігі, ынтасы арттырылады, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретіледі, материалды өз бетінше түсініп, өз сөздерімен айтуға дағдыландырылады. Түрлі творчестволық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді. Сонымен бірге ережелер мен анықтамаларды саналы түсінуі үшін, оқушылар тіл фактілерін дұпыс ажырата білуге тиіс. Мысалы, оқушылар фонетикадан дыбысты алмастырып айту, жазу ( ң – н, т – д, ы – і т.б.). Жалғау мен жұрнақты ажырата алмау, буынға дұрыс бөлме, дұрыс тасымалдай алмау, ережелерді ажырата алмаудан қате жіберу жиі кездеседі.
Бұл оқыту принципі оқулықтағы теориялық материалдардың мазмұны мен көлемі оқушылардың жас ерекшелігіне сай, әр оқушының жеке-дара қабілетіне, ақыл-ой өрісінің дамуына және білім көлеміне бейімделіп құрылуын талап етеді.
Оқу материалдары жеңілден – ауырға, оңайдан қиынға қарай баяндау принципімен түсіндіріледі. Яғни оқушылардың бұрын білетін материалдарының негізінде жаңа материалдарды байланыстыра түсіндіру мақсат етіледі. Демек, оқытудың бұл принципі бойынша оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіншілік болады.
6.Оқытудың берік, тиянақты болу принципі – оқушылардың өрелі ой-санасын ғылыми негізде дамыту үшін, олардың меңгерген білім дағдылары тиянақты, берік меңгертудің маңызы зор. Оқылған материалды жан-жақты меңгерту, есінде берік сақтату, құрғақ жаттауға жол бермеу, білгенді ұмытпау үшін қайталау, білімін бағалап отыру сияқты жұмыстарды жүргізу қажет.
Білімнің беріктік, тиянақтылық принципін жүзеге асыруда жаттығу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру да шешуші роль атқарады. Түрлі жаттығу жұмыстары оқушының іскерлігі мен дағдысын жетілдіре түседі.
7.Оқытудың теория және практика, өмірмен байланыстыру принципі арқылы оқушылардың мектептегі оқу-тәрбие процесінде алған теориялық білімдерін өндірісте, іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Мысалы, мұғалім түрлі тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу арқылы дұрыс сөйлей білуге, қатесіз жаза білуге үйретеді, конференцияларда оқушыларға сөйлеуге, баяндама жасауға, мақала жазуға дағды береді. Мұндай дағды ұзақ, жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы іске асады.
8.Оқытудың көрнекілік принципі де басты роль атқарады. Көрнекілік принципі жөнінде К.Д.Ушинский былай деген еді. «Көрнекі оқытудағы басты мақсат оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру және өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, сондай-ақ одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету болып табылады». Көрнекіліктің ғылыми негізі маркстіклениндік таным теориялары мен И.П.Павловтың жоғары нерв қызметі туралы ілімі негізінде психология ғылымында түбегейлі зерттелді [6].
Қазақ тілінің жүйелі түрде оқытылуы мен ғылыми мазмұнын нақты және дұрыс анықтау оның бағдарламасы мен оқулығына байланысты. Орта мектептің IV-VIII сыныптарында оқытылатын қазақ тілінің бағдарламасы ана тілінің ғылыми мазмұны мен оның білімдік көлемін белгілейтін және
542
оқытуға басшылық жасап отыратын Білім министірлігі бекіткен ең басты мемлекеттік құжат болып саналады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. Алматы: «Арыс» баспасы. 2006ж. 2-том
2.Сүлейменова Ж., Орынбаева А., Абитжанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш-сөздік. – Алматы, «Эверо», 2009.
3.Информатика терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы: ЖТИ, 2006 – 78б
4.Байтұрсынұлы А., Тіл құрал. – Орынбор, 1914
5.Шүкірұлы С., Тілешов Е. «Алаштың» тілдік мұрасы: Мақалалар жинағы. – Алматы, «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы», 2009.
6.Құлмағанбетова Б., Исанова А., Көккөзова М., Айтжанова П., Исинғарина М., Қазақ тілінің оқыту әдістемесі. Алматы: «Білім» баспасы 2000 – 144б.
Ниязова З.Ш.
Алматы облысы, Панфилов ауданы А. Розыбакиев атындағы ОМ КММ бастауыш сынып мұғалімі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МӘТІН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ
Аннотация. В данной статье рассматривается сущность и проблема современных методов развития речи в начальной школе, а так же раскрываются наиболее эффективные методы и виды работ по развитию речи с помощью текста в начальной школе.
Annotation. This article discusses the nature and problem of modern methods of language development in elementary school, as well as reveals the most effective methods and types of work on the development of speech using text in elementary school.
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының 2017 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді [1,2].
Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Қазақ тілі сабағында оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.
Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады.
А. Байтұрсыновтың сөйлеуге үйрету әдісі жайлы «...сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай қажет болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек....Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында өзгеріп, қалайша бір-бірімен қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек», – дей отырып, сөйлеудің жазба түрінің күрделі екеніне көңіл бөліп, жазуға үйретуге ерекше мән берілуі тиіс екендігін айтады [2,263 б.].
С. Рахметова «Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту (мазмұндама мен шығарманың методикасы)» (1969) атты кандидаттық диссертациясында зерттеу жұмысымызға қатысты әдістемелік пікірлер, нұсқаулардың толық қамтылғандығы байқалды [3,24]. Ғалым
543
докторлық диссертациясында (1997) бастауыш сынып оқушыларының ауызша, жазбаша тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасады.
Т. Әбдікәрімова «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері» атты зерттеуінде мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін талдап, тіл дамыту мәселесімен байланыста қарастырған. Ғалымның: «Мәтіндегі айтылған ойдан әркім өзіне қажетін ала білу, оны басқалардың да да бағалап, талқылауына мүмкіндік туғызу қажет» деген қағида оқушылардың жазбаша тілін жаттығулар жүйесі арқылы дамыту негізінде алынды [4,58 б]. Жаттығу жұмыстарының негізінде оқушылардың қатысымдық іскерліктерін: мәтінді түсініп оқу, оқығанын өз сөзімен айта білу, мәтін мазмұнына сәйкес өз көзқарасын білдіре алу, мәтін мазмұны бойынша ой қорытындысын жасай білуге дағдыландыруға болады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда ұсынылатын жазба жұмыстары қатысымдық құзіреттілікті жетілдіру мақсатын іске асырады. Бұл мәселе жөнінде Ф.Ш.Оразбаева: «Қарым-қатынас жасаудың өзі бірлескен шығармашылықтың, бірлесе ойлаудың, әріптестіктің сабағы, әлдекімнің ырқына берілмей, ойын еркін айта алатын және айтуға тиіс еркіндік сабағы. Өйткені мұнда позиция айқын: білім беру арқылы қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім беру керек» [5.38 б].
Тіл дамыту мәселелері А.Байтұрсынов еңбектерінде тілдің теориялық мәселелерін меңгертумен байланысты терең қарастырылған. А.Байтұрсынов оқушылардың жазбаша және ауцызша тілін дамытуда жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану оқушылардың сөздік қорларын толықтыратындығын ескеріп, сынау және дағдыландыру жұмыстарының жүйесін ұсынған.
Қазіргі кезде оқушының тілдік-қатысымдық дағдысын жетілдіруде оқытудың экрандық, аудио, визуальдық құралдары маңызды орын алады. Бала танымы жаңа деректер мен хабарлар арқылы қалыптасады. Сабақта түрлі аудиомәтіндерді тыңдату, сол мәтіндер бойынша шығармашылық тапсырмалар беру, интерактивтік тақта арқылы бейнефильмдер көрсету баланың өз ойын байланыстырып, жүйелі жазуға үйренуіне ықпал етеді.
Баланың үйрену механизмінің бастапқы негізі – айналасындағыларға ұқсаудан, өз тәжірбиесінде алған білімін сынап көріп, оны зерттеуден тұрады. Бұл оқу үрдісінде мұғалімнің баланы оқуға үйрету міндеті арқылы жүзеге асырылады.
Үйрету теориясының негізін салушы, атақты ағылшын ғалымы Э.Торндайк (Thorndikе, 1890 ж, ХІХ ғ) үйрету үрдісінің екі заңдылығын ашты: жаттықтыру мен тиімділік заңдылығы. Жаттықтыру заңдылығы бойынша индивидиум белгілі бір тосқауыл кездескен кезде мәселені шешудің қолайлы тәсілдерін қолданып, соның барысында әсері жоқ әрекеттерден бас тарта отырып, соңында мәселенің шешімін табады. Бұл заңдылық әрекеттің әсер ету заңы бойынша, яғни қандай да бір әрекет тілеген нәтижеге жеткізетін болса, онда оның қайталану мүмкіндігі артатындығын дәлелдейді.
Бастауыш сыныпқа арналған «Қазақ тілі» жаңа буын оқулықтарында «мәтін» ерекшелігін танытатын жеке тарау берілген. Оның белгілері және құрылымдық ерекшелігі жайлы теориялық мағлұматтар да енгізілген. Дегенмен «Мәтін» тарауы бойынша енгізілген теориялық мәліметтер мен оған қатысты жаттығулар тек грамматикалық бағытта қамтылып, оқушының мәтін құрастыру арқылы өз ойын байланыстырып жазу қабілетін дамыту мәселесі назардан тыс қалған. Жазбаша байланыстырып сөйлеудегі ой бірізділігін сақтауға үйрететін, сөйлем жүйесінің дұрыс құрылуын танытатын жаттығулар мүлде жоқ деуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларына мәтін құрамындағы сөйлемдердің байланысуынан ойдың дамуын, өрістеуін байқатуға болады. Ендеше, бастауыш сыныпта мәтін құрамындағы сөйлемдердің байланысу ерекшелігін анықтаудың, өзара көрші екі сөйлемнің қалай байланысып тұрғанын анықтауға үйретудің маңызы зор. Ішкі мәтіндік байланыс бір сөздің екінші сөйлемде қайталануы арқылы немесе біртүбірлі сөздер арқылы жасалады. 1-ші сөйлемде келесі сөйлемде айтылатын ойдың элементі жүреді, 2-ші сөйлемде 3-ші бір сөйлемде берілетін ойдың элементі жүреді. Сөйтіп, айтылмақ ой қашан біткенше бұл тізбек өзара байланысып, жалғаса береді.
Өз ойын байланыстырып жазуда іштей жоспар құрудың (үнсіз сөйлеу) маңызы зор. Алғашқыда мәтін құрастырушы оқушының ішкі ойында сөздер толық бейнеленіп тұрмайды. Ол өзінің сөздік қорынан өзіне таныс сөздерді іріктеп, іштей сөйлейді, іштей жоспарлап, жаза бастайды. Сосын жазғанын тексеріп, іштегі ойымен салыстырады. Егер айтайын дегені ішкі ойымен сәйкес келмесе, қатесін жөндейді. Мұндай кезде психолог М.Мұқановтың айтуынша «желінің» пайдасы көп. Мұның себебі «желі» (черновик) қағазға түскен сөздерден миға көру түйсігі арқылы хабар жіберіп, сөйлемнің дұрыс не бұрыс құрастырылғаны жөнінде «қайта оралу» үрдісін қамтамасыз етеді.
544
«Желі» оқушының өз сөзін өзі бақылау дағдысын жетілдіруге мүмкіндік ашады. Мұны біз «желі әдісі» деп алдық. Желіні қолдану әдісі арқылы мәтін құрастыру барысында жіберген қателерін жөндеуге, редакциялауға мүмкіндік алады.
Мәтінді түзету, қалпына келтіру тапсырмасын «Сырлы сандық», «Шатасқан шумақтар» деп аталатын ойын әдісі арқылы ұйымдастыруға болады. Оқушылар берілген тақырып бойынша мәтін құру, бірінші сөйлем бойынша мәтін құру т.б. осы сияқты тапсырмаларды орындау барысында оқушы белгілі бір тақырыпта сөйлемдерді жинақтап, мәтін тұтастығын қалпына келтіруді үйренеді.
Тірек-белгі әдісі оқушының жазу үстіндегі ішкі ойлауын (сөйлеуін) жетілдіруге әсер ететін әдістердің бірі болып табылады.
Дайын модельдер, символдық белгілер, тірек сызбалар мәтін мағынасын, мазмұнын түсініп, жүйелеп айтуға көмектеседі [5,42]
Оқушылар мәтіндегі хабардың жүйелі берілуін әрекеттің ізбе-із орындалуын білдіретін сызбадағы (мекендейді, шабуыл жасайды, шоқи бастайды, құлатады, жейді) кілттік сөздер арқылы анықтайды. Кілттік сөздер –қимылды білдіретін сөздер. Олай болса, балалар әңгімелеу мәтінінің құрылысы (сызбасы) қимылды білдіретін сөздер арқылы, яғни етістік арқылы жасалатынын ұғынады. Мәтін мағынасын түсінуге көмектесетін осы кілттік сөздерді табу арқылы оқушылар әңгімелеу мәтінінің құрылысымен танысып қана қоймайды, мәтін мазмұнының «тарыдай түйінін» түсінеді. Талдау барысында әңгімелеу мәтініндегі кілттік сөздер іс-әрекетті жүйелі баяндайтын етістіктер арқылы, сипаттау мәтіні сын есім сөздер арқылы жасалатыны жайында қорытынды жасалады. Суреттеу, пайымдау мәтіндерінің құрылысы да осы сияқты сызбамен түсіндіріледі.
Түзету жаттығулары оқушылардың ой байланысын, оқиға желісін дұрыс құруға, өңдеуге құрылады. Қате құрылған мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жағы, қатені іздеген кезде оқушы оны бірнеше рет оқиды. Мәтінге бірнеше рет қайта айналып келу, қайта оқу ерікті түрде әрі жеңіл орындалады. Егер оқушыға «мәтінді екі рет оқып шығыңдар» дейтін болсақ, тапсырма қызықсыз әрі еріксіз орындалар еді. Қатені түзету мақсатымен оқитын кезде бала ойланады, ізденеді. Біреудің қатесін жөндеу арқылы бала байқағыштыққа үйренеді, біртіндеп өз сөзін де қадағалауға жаттығады.
Мәтінді түзету, қалпына келтіру тапсырмасын «Сырлы сандық», «Шатасқан шумақтар» деп аталатын ойын әдісі арқылы ұйымдастыруға болады. Мысалы, сандықтың бір жағына белгілі бір мәтіннен алынған бір сөйлемді, екінші сандыққа екінші сөйлемді жазып, бірнеше сандықты пайдалануға болады. Сандыққа жазылған сөйлемдерден мәтін құрастыруға әртүрлі тапсырма беруге болады. Олар: берілген тақырып бойынша мәтін құру; бірінші сөйлем бойынша мәтін құру т.б. осы сияқты тапсырмаларды орындау барысында оқушы белгілі бір тақырыпта сөйлемдерді жинақтап, мәтін тұтастығын қалпына келтіруді үйренеді. Мәтіннің ішкі логикасын түсінуге үйрету үшін, ұйқасы бұзылған өлең мәтінін редакциялап, түзету тапсырмасы беріледі. Мұны «Шатасқан шумақтар» ойыны арқылы жүргізуге болады. Екі түрлі өлеңнің тақырыбы беріледі де, ондағы өлең жолдары орны ауыстырылып беріледі. Оқушының міндеті осы өлең жолдары қай өлеңнің тақырыбына сәйкес келетінін анықтап, түзетіп жазады. Тапсырма топтық немесе жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Мұндай жаттығуларды орындау кезінде оқушылардың бір-бірімен ақылдасуы арқылы коммуникативтік қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады [4,68]
Шығармашылық ізденіс жаттығулары мәтінді құрастыруға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін іздестіру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Оған мыналар жатады:
1)өлең мәтінін құрастыруды үйрету;
2)теңеуді құрастыруды үйрету;
3)ертегі мәтінін құрастыруды үйрету;
4)сурет бойынша өз ойынан мәтін құрастыруға үйрету.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік болады да, сын есім, үстеу, есімдік сияқты сөз таптары сирек кездеседі. Сондықтан да байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысында заттың түр-түсін, пішінін, әр түрлі белгілерін бейнелейтін сөздерді, яғни сын есім сөздерді қолдануға үйретуді теңеу, жұмбақ, сипаттау мәтінін құрастыруға үйрету арқылы жүзеге асырылады [6,89]
Әңгіме әдісі – мәтінді әңгімелеу бастауыш сыныптарда қолданылатын әдістердің ең негізгі түрі. Бұл әдіспен сабақ жүргізгенде, мұғалімнің сұрағы мен оқушылар жауабы түрінде диалог пайда болады. Осы кезде оқу материалының мазмұны ашылады, оқушының түсіну дәрежесі айқындалады.
545
Оның үстіне оқушыларды сабақта еркін сөйлеу процесіне қатыстыру арқылы тіл байлығын жетілдіру мақсаты жүзеге асырылады. Әңгіме әдісін қолданғанда мұғалім сұрақ қоюға ерекше көңіл бөледі. Сұрақ қысқа да түсінікті, қызғылықты және методикалық жағынан дұрыс құрылған болуы керек. Өйткені жете ойластырылмаған сұрақ балаларға қиындық келтіреді. Сондықтан сұрақ қоюға аса жауапкершілікпен қараған жөн. Әңгіменің тартылымдылығын арттыру жағы да ойластырылады.
Қорыта келгенде, мәтінмен жұмыс жасау барысында әр сабақта қамтылатын шығармашылық тапсырмаларды, ұтымды әдістерді, жаңа технологиялық оқыту құралдарын қолданғанда нәтижелі болады. Мәтінмен жұмыс жазбаша және ауызша байланыстырып сөйлеуді меңгеріне, оқушының логикалық ойлау қабілетін арттырып, басқалармен тілдік қарым-қатынасқа түсу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушының тілдік және қатысымдық дағдыларын, мәтін құру шеберлігін олардың ұжымға біріккен белсенді әрекеті мен өзіндік іс-әрекеті арқылы ұйымдастыру жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі тануына мүмкіндік ашады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». – Алматы, 2002. – 21 б.
2.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы. Ана тілі. 1992. – 448 б.
3.Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту (мазмұндама мен шығарманың методикасы) П.ғ.к.дисс.–Алматы: Абай атындағы ҚазПИ, 1969. – 314 б.
4.Әбдікәрім Т. «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері. П.ғ.д.дисс.автореф. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007. – 48 б.
5.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995. – 252 б.
6.Жапбаров А. Оқушыларға мәтін құрастыру мен шығарма жаздыру әдістемесі. – Шымкент: Р-Дар, 2002. – 182 б.
Рапашева Е.Б.
Сулеймен Демирел атындағы Университеттің педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс магистранты Алматы қаласы Алатау ауданы
№181 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ
Аннотация. В данной статье говориться о формирований национальных ценностей в современном обучений и учебном процессе. Здесь затронуты вопросы о том, что такое ценности, как их можно сформировать в человеке.
Аnnotation. This article talks about the formation of national values in modern learning and the educational process. Here questions about what values are, how they can be formed in a person.
«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы.Өмір сүру үшін өзгере білу керек» Н.Назарбаев [1,3].
Қоғамның дамуы, заманға енген жаңалықтар бүгінде білім беру саласын да айналып өтпей, өзгерістер ағынын алып келуде. Бұл тұрғыда оқытуда жаңа идеяларды жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын табу әлемдік білім беру кеңістігінде қалыптасқан дағдыға айналғаны анық. Біз дамыған елдермен иық тіресіп, бәсекеге қабілетті ұрпақ даярлауда білім беру жүйесін басшылыққа ала отырып, дегенмен батыс мәдениетіне еліктеп, өз болмыстарын жоғалтып, қоғамда өз ортасынан жатсындырып алмауымыз үшін жас ұрпақтың бойына қазақ тілі мен қазақ әдебиетін тиімді оқытуда ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып білім беруді қолға алуымыз керек. Себебі, қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның білім жүйесінің деңгейін ұлттық болмысын сақтай отырып көтеруіне, даму бағытына байланысты. Осы ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы жоғарыда берілген қағиданы сақтай отырып, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытуда білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін тіл
546
тазалығын сақтауда қажетті жағдайлар жасау; балаға білім беруде ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау сияқты әдістемелік негізде оқыту үдерісін жүргізу болып табылады.
Құндылықобъектінің жағымды не жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық – социологиялық ұғым. Ол объектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын айқындайды. «Құндылық» ұғымына тұңғыш философиялық анықтаманы Лотце мен Коген берді. Социологияда құндылық термині теориялық категория ретінде Томас пен Знацскийдің еңбектерінде кездеседі [2, 39]. Ал осы құндылықтың бұрынғы, атабабамыздан келе жатқан, алайда басты деп саналатын бағдарларын қалай ортақ арнаға тоғыстырып, оны адамзаттың тұтас болмысына қызымет етерліктей етуге болады деген сауал ұлттық мәдениет өкілдерінің, бүгінгі білім беру саласының алдындағы өткір мәселе. Себебі, қазіргі «білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады» [3,1].
«Бүгінгі білімнің» жүгі ауыр. Себебі, бүгінгі білім алушы ұлттық құндылықтарды талқылау кезінде ақпаратты тек абстрактілі ғана қабылдап, ұлттық құндылықтардың әр тұлға үшін маңызы жоғары екеніне, оның астарына, ұлттық құндылықтар арқылы болмыстың қалыптасатындығына мән бермей жатады. Егер де біз ұстаздар қауымы болып білім беру саласында қазіргі таңда басты мәселе болып тұрған тақырыпты шешу жолында жаппай қызмет жасасақ, өзінің жарқын болашағын Қазақстанның өркендеуімен байланыстыратын саналы ұрпақтарымыз көбейе түсері сөзсіз. Бұлай деуімнің себебі, мектеп бітіруші түлектеріміз өз болашақтарының жарқын болуын шетелде оқумен байланыстырып, сапалы білімді өзге елден аламыз деп есептеп жатса, жоғарғы оқу орнын «Болашақ» секілді бағдарламалармен бітірген жас мамандарымыз өзінің алған білімін тәжірибе арқылы көрсетудің де жолы шет мемлекеттерде деп санайды. Сондықтан да ұстаздардың алдында жастардың көзімен бұлыңғыр саналатын болашақты сейілтіп, нағыз жарқын болашақтың, яғни өз қабілеттері мен білімін көрсетіп, Қазақстанды әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеге қосылуына үлесін тигізетін ұлы жолдың басталғалы тұрғанына көздерін жеткізе алу міндеті тұрғанын айрықша атап өткім келеді. Осы орайда көпшіліктің көкейінде «осы міндетті қалай тиімді атқарамыз?» деген сұрақ тұрары анық. Мен осы сұрақты шешу жолында оқыту үдерісіндегі тәжірибемде қарастырып, әр сабағымда кезкелген тақырыпты талқылау барысында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды көркем мәтін негізінде талқылатып, сыни пікір білдіре отырып қорытындылауға жұмыс жасаймын. Мәселен, «Қазақстанның ғажайып мұралары» тақырыбын талқылауда оқушылар музыкалық аспаптар көп, соның ішінде неліктен домбыраның қазақ халқы үшін маңызы зор , таңбалы тас қандай сыр шертеді, Қазақстан жерінде кесенелер көп, алайда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстанның жеті кереметінің бірі деп не себепті енгізілді» деген сұраққа дәлелдер келтіре алмауына байланысты қиындықтар туындады. Осындай кедергілерді жою үшін өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды, салтдәстүрлеріміз бен ұлттық кесенелерімізді мақтан тұта айтып, әлемдік деңгейге көтеру жолына бағыттау себебімен оқушыларға үнді халықтарының салт-дәстүрін атауды сұрағанда үйлену салтына байланысты жөнжоралғыларын, өз құдайларына арнап ас пісіруі, қос қолдап табынуы сияқты біраз мәліметтерді қазақ халқы ғана емес, орыс халықтарының да ауыздарынан еститінімізді тілге тиек етіп, жоғарыда аталған мәселені шешуде қандай идеялар ұсынатындықтарын білу мақсатында «Ашық пікір» коучингін жүргіздім. Оқушылар үш топқа бөлініп, берілген сұрақтар төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Бірінші топ ұлттық салтдәстүрлеріміздің мәнін түсініп, әлемдік деңгейде таныту үшін «Салтдәстүрлер сөйлейді» тақырыбымен Зейнеп Ахметованың салт-дәстүрге байланысты еңбектерін пайдаланып көрме ұйымдастыруды ұсынды. Осы тұста тек бір жақты пікір қалыптасып қалмауы үшін, тереңірек талдау мақсатымен Серікбол Қондыбай мен Санжар Керімбайдың еңбектерін де назарға алуды ұсындым. Екінші топтың кезегі келгенде олар ұлттық құндылықтарымыз, соның ішінде, домбыраның басқа ұлттық аспаптарымыздан шоқтығы биік тұруының жолы деп аңыз-әңгімелеріміз бен халық ертегілерімізді аудионұсқада, бейнефильм негізінде беруді ұсынды. Оқушылардың дәл осы жауабы мені таң қалдырды. Себебі, қазіргі таңда жас буынның кітап оқуы былай тұрсын, ертегілер мен аңыз-әңгімелердің атын білмеуі қынжылтқан уақытта домбыраның шығу тарихы, күрделі мәселелерді домбыраның құдіреті арқылы шешу (Жошы ханның жортуы, Бозінген идіруі,т.б), домбыраның ерекшеліктерін жеткізу жолдарын білуі аз да болса
547
нағыз ұлтжанды ұрпақтың өсіп келе жатқанына көз жеткізуге себепші болды. Үшінші топ «Әлемдік мәдени мұралар» мен «Қазақстанның ғажайып мұралары» тақырыбында кесенелердің тарихи құндылығын салыстырып, жалпы аудиторияға арналған ұлттық код негізінде «Кесенелер тарихтан сыр шертеді» атауымен газет нобайын жасады. Оқушылардың шығарған газетжурналдары өтімді болуы үшін ұлттық кодты негізге алуы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға себепші бола алады деген нақты сенімде болдым. Мен сабақ барысында оқушылардың берген жауабына қанағаттана отырып, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолында, оны әлемдік деңгейге көтеру межесін мақсат етіп алдым.
Әлемдік деңгейге көтеру үшін өскелең ұрпақ кез-келген жаңалықтар мен идеяларға ашық болып, ұлттық санасын, болмысын жоғалтпай, рухани жаңғырып отыруы керек деп ойлаймын. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғыру дегеніміз батыс мәдениетінің үлгісімен, я болмаса, солардың саналық өсулерінің деңгейінде жаңғырамыз деп, шыңғырып жаңғырыққа айналдырып кетпей, тарихи тәжірибеміз бен ұлттық дәстүрімізге, ұлттық кодымызға шекеден қарамай, болашақтың жарқын болуына сүйрейтін дәстүрлеріміздің табысты жаңғыруына бағыттауымыз керек. Сонда ғана ақпараттық технологияларға сауатты, жаңа дүниені тез қабылдай отырып, шешім шығара білетін бәсекеге қабілетті, тек жеке тұлға ретінде ғана емес, ұлттық тұтастығымызды көтеру деңгейінде межеге бет түзеп, жолға түсетін мақсаты айқын саналы, ұлттық мінез-құлық прагматизмі қалыптасқан, ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалатындай ұлттық бірегейлікті сақтайтын, жүрісі жылдам дәуірге ілесуі үшін өзінің білімімен басымдылық көрсететін, өз елінің байлығының құлы емес, қожасы болатын ұрпақ, қожасы болуы үшін жаһандық әлемде еркін самғайтын санасы ашық, проблемаға тойтарыс беретін ұрпақ тәрбиелей аламыз. Дәл осындай ұрпақ тәрбиелейтін болсақ, ұлттық құндылығымыздың қадір қасиеті, мәні, шоқтығы төмен түспей, керісінше, әлемдік деңгейде еркін самғап, қанат жаюымызға жол ашады. Мен Қазақстанның тізгінін ұстап, Мәңгілік ел болып қалуы үшін өз мамандығыма адал болып, адал ұрпақты тәрбиелеуге бар күшімді саламын. Менің дәл осы еңбегім Жастар жылына қосқан үлесімнің кішкене бір бөлшегі болары анық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру/ Н.Назарбаев.- Алматы, «Егемен Қазақстан» газеті, 2017
2.Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясы.
3.Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, 16 қараша, 2009 жыл
Садыканова С. Х.
ассистент профессора ФООД.
ИНФОРМАЦИОННЫЕ МОДЕЛИ В ОБУЧЕНИИ |
|
|
Обновление образования сегодня требует от педагогов знания тенденций |
инновационных |
|
изменений в системе современного образования. |
Применение инновационных технологий в |
|
преподавании русского языка на этапе модернизации образования - это |
не дань моде, а |
необходимость. Они способствуют совершенствованию практических умений и навыков, позволяют эффективнее организовать самостоятельную работу и индивидуализировать процесс обучения, активизируют познавательную деятельность студентов.
Задача каждого преподавателя – сделать занятие привлекательным и по-настоящему современным.
Обновление образования сегодня требует от педагогов знания тенденций инновационных изменений в системе современного образования. За последние несколько лет персональные компьютеры вошли в нашу повседневную жизнь. В нашей стране, как и во всем мире, идёт вытеснение «ручного» умственного труда компьютерным. Как известно, применяются в основном классно-урочная и лекционно-семинарская форма обучения, которые существуют практически в неизменном виде очень давно. И учебный процесс, и даже усвоение учебного материала при этом подвержен влиянию профессиональных и личных качеств преподавателя. Кому-то мы симпатичны, а какому-то ученику может просто не нравится наша манера изложения материала, или он считает, что
548
учитель к нему не объективен при контроле. Попытки разрешить эти проблемы только с помощью традиционных методов уже не дают желаемого результата, не способствуют развитию творческой
личности. Поэтому необходимы новые средства и методы обучения. |
|
|
|
Использование информационных моделей даёт возможность: |
самостоятельно разобрать |
||
материал, используя подсказки и текстовые справочники; |
расширить |
знания по |
|
справочникам; составить индивидуальную программу обучения для каждого ученика; |
проводить |
||
контроль учащихся; |
научить владеть эффективными готовыми |
программами, позволяющими |
решать очень разные задачи. Применение компьютерных технологий можно рассматривать как объяснительно-иллюстративный метод обучения, основным назначением которого является организация усвоения учащимися информации путем сообщения учебного материала и обеспечения его успешного восприятия, которое усиливается при подключении зрительной памяти. Известно, что большинство людей запоминает 5% услышанного и 20% увиденного. Одновременное использование аудио- и видеоинформации заметно повышает запоминаемость уже до 40%. Мультимедиа программы представляют информацию в различных формах и тем самым делают процесс обучения более эффективным. Экономия времени, необходимого для изучения конкретного материала, в среднем составляет 30%, а приобретенные знания сохраняются в памяти значительно дольше. В практике используются созданные специально для конкретных уроков мультимедийные конспектыпрезентации, содержащие краткий текст, рисунки, видеофрагменты. При использовании мультимедиа-презентаций в процессе объяснения новой темы достаточно линейной последовательности кадров, в которой должны быть показаны самые важные моменты темы. На экране могут также появляться определения, правила, которые ребята списывают в тетрадь (при наличии технических возможностей краткий конспект содержания презентации может быть распечатан для каждого учащегося), тогда как учитель, не тратя время на повторение, успевает рассказать больше. При подготовке презентации ученикам заранее даются конкретные задания с учетом их индивидуальных обязанностей и способностей, рекомендуется необходимая литература. Дети занимаются поисковой деятельностью в библиотеке, музее, подбирают наглядность (фотографии, газеты и журнальные статьи, музыку, готовят доклады по темам).
Совершенствование методики преподавания родного языка с использованием информационных и коммуникационных технологий повышает темп урока, увеличивает долю самостоятельной работы учащихся. На уроках родного языка с помощью информационных и коммуникационных технологий организуется выполнение всех традиционных видов упражнений на зрительное восприятие, вставку букв, постановку знаков препинания, редактирование текста. Необходимую информацию можно выделять: для привлечения внимания учащихся к неправильно написанной или вставленной букве используется «мигалка»; в таблицах и правилах нужную букву делаю большего размера, чем остальные. Использование упражнений на зрительное восприятие очень эффективно на этапе первоначального знакомства с новым правилом. Именно на этом этапе важно с методической точки зрения, чтобы учащиеся видели орфографические правильно написанные слова на изучаемое правило и умели сравнивать и классифицировать различные слова, имеющие нечто общее в написании, чтобы выбор правила был осознанным. Ученики в ходе изучения нового материала создают обобщающие таблицы, схемы, по всем разделам науки о языке или по литературе, а на этапе закрепления изученного или на этапе повторения пройденного используют данные таблицы, схемы для решения учебно-познавательных задач. Систематическое использование информационных технологий на уроке позволяют сделать следующие выводы: повышение эффективности обучения (развитие интеллекта школьников и навыков самостоятельной работы по поиску информации; разнообразие
форм учебной деятельности учащихся на уроке); |
осуществление индивидуального подхода в |
||||||
обучении (работа самостоятельно с оптимальной для себя скоростью); |
расширение |
объёма |
|||||
предъявляемой |
учебной |
информации; |
обеспечение гибкости управления |
учебным процессом |
|||
(отслеживание |
процесса |
и результата |
своей |
работы); |
улучшение |
организации |
урока |
(дидактический материал всегда имеется в достаточном количестве); |
повышение качества |
||||||
контроля знаний учащихся и разнообразие его формы; |
включение учащихся в коллективную |
деятельность в парах, в группах; повышение интереса ребенка к изучению предмета и к учению в целом), улучшение качества образования, активизация творческого потенциала ученика и учителя, включение школьников и педагогов в современное пространство информационного общества,
549
самореализация и саморазвитие личности ученика. Применение информационных технологий в преподавании русского языка на данном этапе модернизации образования - это не дань моде, а необходимость, т.к. они способствуют совершенствованию практических умений и навыков; позволяют эффективнее организовать самостоятельную работу и индивидуализировать процесс обучения; повышают интерес как к урокам русского языка, так и к над предметным занятиям; активизируют познавательную деятельность учащихся.
Сам факт проведения урока русского языка в кабинете, оснащенном компьютерной техникой, интригует детей, у них появляется (пусть внешняя) мотивация. Ребенок чувствует потребность в знаниях. Ему не терпится узнать, что будет дальше. Из внешней мотивации «вырастает» интерес к предмету русского языка. Ученику интересно при помощи компьютера усваивать новый материал, проверять свой уровень компетенций, навыки профессионального общения. Я убеждена, что задача каждого учителя–словесника - сделать каждый урок привлекательным и по-настоящему современным. В рамках достижения нового качества подготовки школьников по русскому языку я активно внедряю в учебный процесс и в над предметную деятельность современные проектные
иинформационные технологии, а также технологии «Дебаты», «Развитие критического мышления».
Скакой целью применяется компьютер на уроках?
Во-первых, для того, чтобы решать практические задачи, записанные в программе по русскому языку и литературе: формирование прочных орфографических и пунктуационных умений и навыков;
обогащение словарного запаса; овладение нормами литературного языка;
знание лингвистических и литературоведческих терминов; наконец, формирование общеучебных умений и навыков.
Во-вторых, при организации самостоятельной работы учащихся по формированию основополагающих знаний школьного курса, по коррекции и учету знаний учащихся используется обучение и тестирование с помощью компьютера. Тестовый контроль и формирование умений и навыков с помощью компьютера предполагает возможность быстрее и объективнее, чем при традиционном способе, выявить, знает или не знает предмета обучающийся. Этот способ организации учебного процесса удобен и прост для оценивания в современной системе обработке информации.
В-третьих, применение информационных технологий позволяет формировать ключевые компетенции учащихся. Помогают решить эти проблемы и учебные компьютерные программы по русскому языку и литературе. Их в настоящее время создано достаточно много.
Учебные компьютерные программы по русскому языку позволяют одновременно решать ряд проблем:
•помогают повысить уровень своих знаний;
•повысить интерес учащихся к предмету;
•повысить успеваемость и качество знаний учащихся;
•сэкономить время на опрос учащихся;
•дают возможность учащимся самостоятельно заниматься не только на уроках, но и в домашних условиях.
Особое внимание уделяется продуктам серии « 1С русский язык». А «Уроки Кирилла и Мефодия»
использую как на уроках русского языка, так и на уроках литературы, где компьютер тоже |
стал |
|||
незаменимым помощником. Уроки |
с использованием этих программ всегда |
интересны и, |
самое |
|
главное, предоставляют широкие возможности для расширения культурного кругозора. |
|
|||
Использование ПК на уроках |
и над предметной деятельности |
дает |
высокие резуль– |
|
таты: развивает творческие, исследовательские способности учащихся, |
повышает их активность; |
способствует интенсификации учебно-воспитательного процесса, более осмысленному изучению материала, приобретению навыков самоорганизации, превращению систематических знаний в системные; помогает развитию познавательной деятельности учащихся и интереса к предмету; развивает у учащихся логическое мышление, значительно повышает уровень рефлексивных действий с изучаемым материалом.
Однако, как показала практика, |
используя информационные технологии в учебном процессе, |
не стоит делать это эпизодически, |
бессистемно, иначе они не повлияют на результаты обучения. |
550