Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:

Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде

оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру.

Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі – дидактикалық ойындар.

Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

Ойындар оқушылардың ой – өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Ойын арқылы оқушы нені меңгереді 1.Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2.Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3.Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді. 4.Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5.Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6.Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді. 8.Оқушылар үшін қауіпсіз.

9.Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады. 10.Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек. 11.Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

12.Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар атааналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды ор Халық жасаған мұралар сан алуан.Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшінпайдалануға болады.

Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады.

511

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.«Ойыннан басталады», - десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі – ойын.

Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа,емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады. Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады.

Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Жұмабаев М, Педагогика. –Алматы: Рауан, 1994

2.Леонтьев А.А. Психология общения. -3-басылым. М., 1999.

3.Меңжанова А.Б. Балаларды адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу.-Алматы,2009.

4.Тоқсанбаев Н.Қ. Тұлға қабілеттерін дамытудағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері: - Алматы, 2009.

Кожагалиева Ш. Т.

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ

Бүгінгі білім беру ісінің мақсатытек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой-өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбжірибесіне шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту, әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқу сапасын арттыруға көмектеседі. Сонымен интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығын ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын-ала дайындалған оқу материялдары-презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материялдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілетін бұрынғы технологиялар арқылы беретін ойлау жүйесінен өзгеше болғандықтан, тек ойлау қабілеті, түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғары деңгейде болады. Интерактивті құралдардың ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1. Бормен тақтадан алынған суретті интерактивті тақтадан түрлі-түсті айқын, ұқыпты, суреттермен салыстыруға болмайды.

2.Тақта мен бордың көмегімен ұқсас тақырыптарды түсіндіру қиын.

3.Слайдтарды, флепчартта қате жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

4.Сабақта Activ Ote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

512

5.Activ Wand указкасының көмегімен тақтаның жоғары бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге болады.

6.Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7.Оқушының білім деңгейіне жақсы әсер етеді.

Бұл –менің күнделікті қолдану кезінде байқағаным.

Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциялын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілінен оны тереңдете және тілін дамытуда көрнек құралдардың алатын орны ерекше. Себебі көрнекілік ойлауды және балалардың ойлағандары мен бақылағандарын сқзбен дұрыс айтып жеткізе білуге, одан белгілі бір логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады. Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану аясы өте кең: айнала қоршаған дүниені, яки түрі табиғатты тікелей бақылау, саяхат кезіндегі бақылау, оқушылардың жинаған заттары, панарамалық (оқушылардың өздері пайдаланады), кинофильмдер, диафильмдер, картиналар, портреттер, оқулықтағы, газетжурналдардағы суреттер т.б

Кинофильм, диафильм, мультфильм және т.б көрнекіліктердің өмір тәжірибесі аз, көп нәрселер мен құбылыстар жөнінде түсініктер кемелденбеген төмендегі сынып балалары үшін орны бөлек. Мұндай көрнекті құралдар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін, білім –танымын дамытуға тіл байлығын арттыруға, жаңа білімді тез меңгеруіне зор ықпал жасайды. Міне, сондықтан да сабақтың көрнекілікпен жүргізілуіне ерекше мән беру керек. Олар балаға тиіс емес бес сөз үйретсең, ол оны үйрену үшін ұзақ уақыт қиналатынын, ал сондай жиырма сөзді суретпен байланыстырсақ, оны оп-оңай тез меңгеріп біліп алатынын тәжірибелер арқылы дәлелденіп жүр.

Көрнекті құралдарды былайынша пайдалануға болады. Мұндай тапсырманы 2-3- сыныптың оқушылары зор ынтамен орындайды, мұғалімнің көмегімен көрген фильмнің мазмұнын эпизодтарға бөліп, оларға тақырып қояды. Тасырма орындалып болған соң, ол тексеріліп, сәтті қойылған тақырыптар тақтаға жазылады оны оқушылардың дәптеріне көшіртемін. Бастауыш сынып оқушыларына диафильмдер мен мультфильмдерді көрсетудің мәні зор. Бұларды тіл дамыту үшін

көрсетілген материалды көрнекті түрде жеке ұғындыру мақсаттарына

жиі қолдануға болады.

Қорытындысында оқу материалының мазмұнын жақсы түсініп

есінде берік сақтауға

септігін

тигізеді. Бұл арада оқушыларға сұрақтар қою олардың қойылған

сұрақтарға жан-жақты,

толық

жауап беруін, онда да бір сөзді бірнеше рет қайталамауын қадағалау керек.

 

 

Ана тілі сабағында мынадай тапсырмаларды да орындауға болады:

компьютер экранына бір

сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экренда қандай сөйлем жазылғанын есте

сақтап,

қатесіз компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап

берілмесе,

ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын

түсіну,

есте

сақтау дағдыларын

қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде

орындағандығына байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.

Ұстаз ретінде оқушыларым терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Кез келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. «Оқытып жүріп , өзіміз де үйренеміз» қагидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзіізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. Әр оқушының жетістігімұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, өзіндік қолтаңбасы, мақсат-мұраты. Бүгінгі оқушыертеңгі егемен еліміздің тірегі. Ендеше, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру-біздің таңдауымыз.

513

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А. Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Оқу құралы, Алматы – 2013ж

2.С. Т. Мұхаметжанова, Ж. Ә. Жартынова, «Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері» Алматы –

2008ж.

3.«Егеменді Қазақстан» газеті 29 қаңтар, 2011 жыл.

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық ( 3 базалық деңгей). «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 ж.

Копеева А.К.

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттарыбаланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қәбілетін дамыту және белсендіру, оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін , болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласы, құштарлығы болуы керек.

Оқу материалын балалардың ойлау қәбілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдас– тырсақ қана оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіспіз, оған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым «логика» деп, ал ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі «логикалық ойлау» деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығына, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлер де көрсетіледі. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінрек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден,ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін,бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады.Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының ой жүйелігінің қажеттілігін сезінуіне көз жеткізудің амал-тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет. Логикалық ой кез–келген кедергілерді дұрыс қабылдап қана қоймай, оның шешу жолдарын таба білуге ықпалын тигізді. Қарапайым жұмбақтар, логикалық ойындар : ребустар, бас қатырғылар баланың логикалық ойын дамытады, жаңаша ойлау дағдысын қалыптастырады. Тапсырма күрделенген сайын оны шешу уақыты аз болады да , логикалық ойлаудың дамуына көмегін тигізеді. Шығыс елдерінде шахмат ойындарына, жапон сөзжұмбағына көп көңіл бөлінген.Бұл ойындар жылдам әрі терең ойлауға көмегін тигізеді. Қәзіргі компьютерлік ойындардың арасында да логикалық тапсырмаларды да кездестіруге болады. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударамын. Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой-өрісі кеңейіп есте сақтау дамиды, байқағыштығы қалыптасып, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Сабақта оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасаймын. Бастауыш сыныптарда тіл

514

өнерін меңгерудің алғашқы баспалдағы ретінде оқушының сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу машықтары мен дамыту бағытындағы жұмыстарға негізделеді. Мысалы сауат ашу кезеңінде әріп үйретумен қатар әр әріпке байланысты ертегілер оқып, түрлі тақпақтар жаттатып сол әріптен басталатын көптеген заттардың суреттерін көрсету арқылы сөйлемдер құратуға болады.Осылайша, әр әріппен танысқан кезде балалар әр түрлі ертегілер тыңдап, олардың мазмұнына тоқталып, әр түрлі тақпақтар жаттап, көптеген заттардың атауын біліп лоарға сөз тіркестерін, сөйлем құрау арқылы балалардың сөздік қорын көбейтіп, тілін дамытуға болады. Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың бір авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған сатандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп айтамыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып, оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамытуға болады.

Оқушының логикалық ойын дамыту жолдарын оқып үйрене келе сабақта баланың логикалық ойын дамытатын жаттығуларды қолданған өте маңызды. Қазір оқушылар есептер мен жаттығуларды бір-бірімен салыстырып, талдап, қорытынды жасайды. Дидактикалық ойындардың да баланың логикасын дамытуға зор үлесі бар. Бала заттарды бір-бірімен салыстырады, топтастырады, белгілеріне қарай ажыратып, қорытынды шығарады. Ойын арқылы баланы өз бетімен ойлауға, алған білімін әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйретуге болады. Логикалық ой элементін дамытудың тағы біржолы-сурет салу. Сурет салу арқылы баланың танымдық процесі дамиды. Түстерді танып, кеңістіктерді, көлемді ажыратады. Содан кейін талдау жасап салыстыруға үйренеді. Заттың қаситтеріне көңіл бөледі. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар түрлері:

-логикалық қатар (қатарда тұрған заттардан ерекшеленіп тұрған затты табу немесе суреттерден логикалық қатар құрастыру);

-лабиринттер (әр түрлі лабиринттен өту);

-логикалық байланысты табу (мысалы, ұқсас заттарды тап, жануар және оның тамағы т.б);

-қателерді тап (қате құрастырылған затты не түсін табу);

-заттарды белгісіне қарап ажырату (мысалы: жеміс пен жидек, сандар мен цифрлар т.б);

-затты табу (мысалы:адамдар, жануарлар)

-логикалық поезд т.б

Баланың логикалық ойын дамытатын жұмыс түрлерін даярлық тобынан бастау керек.Бұл тапсырмаларды сабақта және сыныптан тыс шарларда қолдану арқылы оқушыларымның логикалық деңгейі өскендігін, білім сапасы көтерілгендігін байқадық. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:

-есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;

-пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;

-сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.

Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Жұманбаева Қ. Баланың логикалық ойлауын дамыту жолдары / Бастауыш

2.А.А.Ивин. Дұрыс ойлау – өнер. – Алматы, 1991, 102

3.Қаңтарбаев С.Е. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қалыптастыру: теория

4.Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы, 1981,

5.Сәтбаева Н. Жаңа әдіспен./ бастауыш мектеп №4, 2003,64

6.Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. – Алматы,

7.Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000, 87.

515

Кудайбергенова А.О.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, А. Розыбакиев атындағы ОМ КММ бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Аннотация. В статье рассматривается одаренность как системное, развивающееся качество психики, которое способствует достижению обучающимися начальных классов более высоких результатов. Предложены современные методы работы с одаренными обучающимися на основе личностноориентированного подхода.

Abstract. The article considers giftedness as a systemic, developing quality of the psyche, which contributes to the achievement of better results for primary school students. Proposed modern methods of working with gifted children on the basis of a student-centered approach.

Орта ғасырларда «дарындылық» құдайдың сыйы деп түсінген. Сондықтан дарындылық бар немесе жоқ деп түсінгендіктен оны ешкім зерттемеген.

Дарындылық құбылысына Қайта өркендеу дәуірінде (ғылым мен білімнің) қызығушылық таныта бастаған. Бұл кездейсоқтық емес. Қайта өркендеу дәуірі әлемге Леонардо да Винчи, Микеланджело Буонаротти, Мишель Монтень, Николай Коперник, Николо Макиавелли, Данте Алигьери, Вильям Шекспир және т.б тектес ұлы ғұламалардың, ерекше дарын иелерінің тууына алып келгендіктен, көптеген философтарда сұрақ туындады: «Данышпан және дарындылық дегеніміз не?». Бірақ бұл сұраққа ортақ пікір болмады.

ХІХ және ХХ ғасырларда дарындылық тұжырымдамалары пайда бола бастады. Көрнекті ағылшын оқымыстысы Френсис Гальтон ең бірінші рет «Данышпандықтың тұқымқуалаушылығы және оның заңы мен салдары» атты кітабында дарындылық тұқұым қуалаушылықтың факторын эксперименталды түрде дәлелдегі келді. Артынан дарындылықтың адам өміріндегі тәрбиеге, білім алудың жағдайына, өмір сүру сапасына байланыстылығы анықталды.

1940 жылы «Қабілеттілік және дарындылық» атт мақаласында Борис Михайлович Тепловтың ойынша: Дарындылықты қабілеттің және ортаның факторларының үйлесімділігін, болашақта табыстарға жетудің бірден –бір жолы ретінде қарастырған.

Қазіргі кезде жекелік, дарындылық, данышпандық, таланттылық, дарынды балалар және балалар дарындылығы түсініктері кеңінен қолданылады. Осыларды тізбектеп қарастырайық: жекелікқабілеттілік- дарындылық-талант.

Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор [1,24]

Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез келген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан жете бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты болған оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп ой елегінен өткізіп отырады. Ондай оқушылардың ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Сол себепті мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда сынып оқушыларының жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, ол оқушыларға түрлі тапсырмалар береді.

516

Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу деген әдістемелік кітапшаны әр мұғалім басшылыққа алса, «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мектебі» журналдарын оқыса, бұл жұмыстарды әрине жандандыруға болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін ашу – мұғалімнің ең басты міндеті. Себебі ұлы ойшыл М. Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы берілетіні де, одан қалды жүре пайда болатыны да болады деген. Туа бітті болатыны

– тұқымқуалаушылық. Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіпте қалатын процесс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы да мүмкін» - деген [2,37]

Адамды танып білу оның бойындағы ерекше қабілеті көре білу – мұғалім үшін аса қажет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмыстарында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Бала бойындағы жаңа қабілетті, жаңа қасиетті ашуына жағдай жасауды қазіргі таңда мұғалімнен талап етіп отыр. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстармен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Мұндай баладағы белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының дамуына игі ықпалын тигізеді. Абай жетінші қара сөзінде былай деген: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: Біріншісі: ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, екіншісі – көрсем, білсем деп барлығын білуге, көруге құштар болып туады». Олай болса «зерттеу» түсінігі «Үлкен Кеңес» энциклопедиясында жаңа білімді өңдеу және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі деп түсіндіріледі. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезеңде бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жоба жұмысына қатысып, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытудамыз. Бірақ бастауыш сынып оқушысы әрине, өз бетінше еш әрекет ізденіс жасай алмайды. Оған мұғалім бағыт-бағдар беріп, бірлесіп жұмыс жасау арқылы, баланың танымдық қабілетін, өмірге деген өзгеше көзқарасын білуге, ізденуге құштарлығын шыңдай түседі. Осы орайда «Өзіңді-өзің тани білмесең, өзгені тани алмайсың»,- бастауыш сынып оқушыларына «Мен туған өлкемді танимын», «Аяулы да, ардақты асыл әжем», «Табиғатты аяла» сынды тапсырмалар беру арқылы оларды шығармашылық ойлауға өз бетінше ізденуге баулуға болады [3,19]

Әрине, мұндай мұғалім мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мектеп оқушысы өмір тарихы, еткен еңбегі бір энциклопедияға тұрарлық қарт ана, аяулы әженің жүріп кеткен жерін, еткен еңбегін, елге, халыққа паш етіп, үлгі өнеге етті. Бұның өзі зерттеу арқылы жеке тұлғаның қаншалықты өзіне ақпарат жинағанын, білгенін, көргенін, көкейде ұстау арқылы ел ішіндегі асыл қазынаны іздеп табу мен пара-пар болды.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу мақсатында төмендегідей әдістерді бірқатар интербелсенді әдістерді қолдану тиімді.

Креативті әдістер оқушылардың тұлғалық білімдік өнімін құруға бағытталған. Басты нәтижесі жаңа өнімді алу болып табылады.

Ойлап табу әдісі – бұл олардың белгілі бір саналы іс-әрекетінің нәтижесіндегі оқушыларға белгісіз алдыңғы өнімін құру тәсілі. Әдіс келесі амалдардың көмегімен жүзеге асады:

Жаңа объектіні құру мақсатында бір объектінің сапасын екінші объектінің сапасымен орнын

басу;

Басқа ортадағы объектінің қасиетін табу;

Оқылып жатқан объектінің элементін өзгерту және жаңа, өзгертілген объектінің қасиетін бейнелеу.

Бейнелі сурет әдісі оқылып жатқан объектінің қабылдау және түсіну оқушыда сол объекті қабысып біріккендей, біртұтас бөлінбегендей әсер күй туғызады. Нәтижесінде оқушыда гүлдің, ағаштың, бұлттың, жердің немесе бүкіл Ғарыштық бейнелі суреті пайда болады. Адамға танылатын объектінің тұтас бейнесін бере және құра білу өте маңызды болғандықтан, оқушыларға табиғаттың

517

немесе бүкіл негізгі терминдердің көмегімен табиғаттың іргелі негіздерін, олардың арасындағы байланыстарды көрсету ұсынылады. Осындай жұмыс кезінде әр оқушы әр түрлі ауқымды ойлап, ғылымның әр саласына өз білімдерін қатыстырып қана қоймайды, бейнеленетін шындықтың мәнісін біледі және сезінеді де. Мұндай тапсырманы жылына 2-3 рет ұсына отырып, оқушылар әлеміндегі өзгерістерді бағалауға, оқыту процесінде қажетті түзетулерді енгізуге болады.

Берілген әдістің негізінде сабақтар құрылуы мүмкін. «Мимен шабуылы» ережелер:

1.«Ми шабуылы» кезінде басшылар мен бағынушылар жоқ – жүргізушілер мен қатысушылар

бар.

2.«Мимен шабуылдау» шаблондық ойлауды шыдатпайды. Стереотиптер мен дәстүрлерден босану қажет. Әзіл-сықақ пен еркіндік шабытқа көмектеседі.

3. Еркін пайымдау. Қатысушылардың ұсынған ойлары шындықтан алыс, қиялға жақын болғанымен, ол қолдау табы тиіс.

4.Әріптестерге олардың идеяларын нақтылау және дамыту мақсатында сұрақтар қою ұсынылады. Әріптестерді мадақтау және қолдаудың маңызы зор.

5.Өзара сыни ескертпелер және аралық бағалау жасауға мүлдем болмайды. Талқылау барысында ешнәрсе де қалыс қалдырылмайды. Егер ұсынылған идеялар кейбіреулерге ұнамаған жағдайларда : «Иә, бірақ басқаша да болады» деп айтқан орынды [4,52]

Қорыта айтқанда, интербелсенді әдістер арқылы жеке тұлғаны дарынды, талантты оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қарым-қатынасты күшейтіп, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты жоғары ұстау қажет екенін түсіндік. Ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші, берілмес қамалдардың алыбы, оның мынау аумалы, төкпелі замандағы адам ретіндегі, мұғалім ретіндегі миссиясы-маңайындағы адамдардың алдындағы оқушылардың ішкі сезімін оята білуі. Мұндай жауапты да ауыр жүк арқалап жүрген ұстаздарымыздың ішкі жан дүниесі мен сыртқы бет-бейнесінде үйлесімділік, сауаттылық, жарасымдылық болуы қажет. Сол кезде ғана мұғалім жан-жақты дамыған, дүниетанымы мол, еркін ойлы, өз пікірін ашық айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Баланың қабілетін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының жеке тұлға болып дамуына үнемі қамқорлық жасаған. «Адамның ақылойын, қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізуге болады», – деді шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Ү.Б.Жексенбаева. Балалардың дарындылығын диагностикалау. –Алматы, 2005.

2.Леднева, С.А. Детская одаренность глазами педагогов. Начальная школа.- 2003.-№6

3.«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж

4. Ү.Б.Жексенбаева. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Әдістемелік құрал. – Алматы, 2006.

518

Қурмантай К.М.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс магистранты Ғылыми жетекшісі:

п.ғ.д., профессор Ф.Оразбаева

ЖАЗЫЛЫМ ӘРЕКЕТІНІҢ ТІЛДІК ҚАТЫНАСТА ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ТҮРЛЕРІ

Түйіндеме. Бұл мақалада сөйлесім әрекеттерінің бірі – жазылым әрекеті мен «жазу» ұғымына анықтама беріледі. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастырушы жаттығулардың түрі беріледі.

Қазақ тілін оқыту барысында бүгінгі таңда жинақталған тәжірибелер, зерттеу, ізденістер берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау, оқулықтар мен оқу құралдарын қатысымдық негізде жасау талабын алға қойып отыр.

Қазақ тіл білімінде тілдік қатынас мәселесі мен қатысым әдісін; сөйлесім әрекеті және оның түрлерін профессор Ф.Ш. Оразбаева теориялық және әдістемелік тұрғыдан алғаш зерттеп, тың пікірлер айтты. Тілшінің зерттеу жұмысында жазылым әрекетінің тілдік қатынаста атқаратын рөліне, жазылымға тән ерекшеліктерге шолу жасалынып және осы мәселеге байланысты терминдер ұсынылды. Ғалымның тұжырымдауы бойынша, оқушы сөйлеу құралдары мен тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануды үйренсе, оны іс жүзінде қажетіне жұмсайды. Сол себепті оқушы тілді адамдармен қарым-қатынас құралы ретінде үйренгені дұрыс[1,144].

Қазақ тіліне тән өзіндік ерекшеліктерді меңгерген оқушы өз ойын ауызша да жазбаша да қарымқатынаста жүзеге асыра алады. Бұл тілдің қолданымдық ерекшеліктеріне байланысты.

Тілдік тұлғаларды танытып, оларды қатысымда дұрыс қолдануға дағдыландыру сөйлесім әрекеті - жазылымды меңгеру арқылы жүзеге асады.

Жазылымның тілдік қарым-қатынастағы қызметі туралы, адамзат өміріндегі маңызын орыс, шетел әдіскерлері көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарында атап өткен. Солардың бірі Л.Лоукотка жазылым жөнінде былай деген: «Без письма не было бы культуры. Мы вообще не можем представить себе цивилизацию без писемь. Только благодаря письму сохраняется для будущего мысли и достижения человека»[2,396]. Ал Л.Р. Зиндер «Очерки общей теории письма» атты еңбегінде «Письмо возникло из потребности человека что-то сообщить в такой ситуации, когда этого нельзя сделать при помощи звуков и жестов» деп жазылымның өмірлік қажеттіліктен туғандығын айтқан

[3,109].

Шындығында да, оқушының сабақтағы барлық әрекеттерін – талқылау, әңгімелесу, пікірталас, сұрақ қою, жауап беруді – оның қорытынды жазба жұмысын орындауға бағыттап, сол арқылы бағалауға да болады.

ЮНЕСКО тіпті «сауаттылық» ұғымын жазумен байланыстырады. Бұл ұйымның ұйғарымы бойынша, «сауатты адам» деп өз ой-пікірін А-4 форматындағы екі беттен кем емес көлемде қағазға түсіре беретін адамды айтады екенбіз, яғни егер адам екі беттік эссе жаза алса, онда ол сауатты болып саналады. Бұл факті жазылымның бүгінгі таңдағы маңызын көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, біздің ауызша айтайын деп тұрған мәлімет пен ақпараттарымыздың 30% ғана сөзбен, вербалды түрде жеткізіліп, қалған 70% ишарат, мимика, интонация арқылы беріледі деп тұжырымдайды ғалымдар. Сөйлегенде қолымызды сермеп, бет әлпетімізден ішкі сезімдеріміз бен көңілкүйімізді байқауға болады, дауыс ырғағы да адам эмоциясын білдіреді. Сонымен қатар, ауызша сөйлегенде біз толымсыз сөйлемдерді қолданамыз, сөзімізде эллипстер мен инверсиялар жиі кездесіп, қыстырма сөздер де басым болады. Әсіресе кейбіреуімізде әдет болып, орынсыз қолданылатын «жаңағы», «яғни» сияқты сөздерді жиі ұшырасады. Мұның бәрін ауызша сөйлегенде қолдану кей жағдайда айтарлықтай қателік болып есептелмеуі мүмкін, өйткені мұнда да басты мақсат ақпаратты жеткізу.

519

Жазылым әрекетін меңгертудегі мәтін, жаттығу, тапсырмалар жүйесі оқушыларды қызықтырып, осының негізінде жазылым түрлері де жүзеге асады. Негізінде жазылым әр сабақта оқылған, меңгерілген материалдар бойынша жүргізіледі. Жазылым әрекетінің өзіндік қиындығы бар. Ол оқушы көптеген тілдік тұлғаларға қатысты ережені бір мезгілде орындауға міндетті. Сондықтан, жазылымға үздіксіз төсілдіру үшін міндетті түрде жазылымның түрлері арқылы жаттығу жұмыстары жүргізіліп отырылуы тиіс.

Тілді зерттеуші – ғалымдар баланың жазу сауаттылығы дағдысының қалыптасуына байланысты жазылымды бірнеше түрге бөлген. Мысалы, әдіскер-ғалым Р.Рахметова жазуға үйретуді мақсатына қарай көркем жазу, шапшаң жазу, көшіріп жазу деп ұсынса[4,179], орыс ғалымдары В.Г.Ветвицский, М.М.Безруких, Л.С.Горецких жазылымды дауыстап жазу, жатқа жазу, түсініп жазу деп бөліп қарастырады.

Жазылым арқылы сауат ашу кезінде оқушылар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалай сөз құрастыруға болатынын біледі, жаңа сөздерді үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын жүйелі жазып, айтып беруге үйрене бастайды. Міне, осы кезде оқушылар тіл үйренушілер жазылымның түрлеріне қатысты дағдыларды үйреніп шығады.

Оқушыларға жазылым әрекетін меңгерту мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады. Олар:

1.Жазылу үлгісіне қарай жазылым түрлері:

Дыбыстық жазылым;

Көшіру жазылымы;

Жатқа жазу жазылымы;

Көркемдік жазылу;

Танымдық жазылым;

2.Уақыт өлшеміне қарай жазылымды меңгеру:

Баяу жазылым;

Жылдам жазылым деген түрлерге ажыратылады.

Дыбыстық жазылым – тілдік және қатысымдық тұлғаларды дыбыстап, буынға бөліп айту арқылы іске асатын жазылымның түрі. Оқушыларға қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс жазып, айтып үйрету – дыбыстық жазылымды меңгерту кезеңіндегі ерекше көңіл аударатын нәрсе. Оқушылар алғаш қазақ тілін үйрену барысында дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбалануымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену – жазылымды сауатты меңгерудің алғашқы баспалдағы.

Көшіру жазылымы – берілген дайын материалды өз бетінше көшіру арқылы іске асатын жазылым түрі. Көшіру жазылымы қазақ тілін оқытуда оқушылардың сауатты жазудағы қолы мен көзін жаттықтыратын жұмыстың бірі. Жазылымды меңгертуге байланысты қатысымдық тұлғалардың қызметін танытуда көшіру жазылымы іштей:

Жаттығу жұмысын өзгертпей көшіру;

Жаттығу жұмысының мазмұнын өзгертіп көшіру;

Түсіндірмелі көшіру тәрізді жұмыстың түрлеріне жіктеледі. Мұндай жұмыстардың жүйесі оқушылардың көшіру жазылымын сауатты меңгеруіне көмектеседі.

Жаттығу жұмысын өзгертпей көшіру оқушының қолы мен көзін белгілі бір емлеге дағдыландыру үшін жүргізіледі.Оқушы емлеге байланысты берілген жаттығуды қаншалықты көп жазса, соншалықты сөзде қателер жібермеуге жаттығады.

Жаттығу жұмысының мазмұнын өзгертіп көшіру жұмысы тіл үйренушінің қолы мен көзі қазақ тілінің төл дыбыстарына жаттығумен бірге, олардың өз бетінше басқа жұмыстарды орындай білуіне берілген тапсырмалардың мазмұнын түсінгенінше әр түрлі деңгейде өзгертіп орындауына мүмкіндік туады. Мысалы: Оқушыға жаттығу жұмыстарын орындату барысында, көп нүктенің орынына дауысты дыбыстардың бірін қойыңыз да сол сөздерді кірістіре отырып сөйлем жазыңыз деп беріледі. Немесе «жаттығу жұмысын көшіріп а, ә, е, ғ, і әріптерімен келген сөздердің сыңарларын тауып олармен жаңа сөйлем құрастырыңыз», деген т.б. жаттығу жұмыстары көшіру өзгертіп көшіру жазылымын сауатты меңгертеді.

Жатқа жазу жазылымы дегеніміз – адам ойында жатталып қалған материалдың негізінде жүзеге асатын жазылым әрекетінің бірі. Жатқа жазу жазылымы оқушылардың түсінуіне оңай

520

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]