Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

- Много. Но некоторые чаи имеют плохой вкус и некачественные. Сама люблю пить чай и большое внимание уделяю вкусу и качеству. Поэтому часто по телевизору смотрю рекламу. Это помогает выбору для покупки.

5-тапсырма. Мәтінді оқып, өз ойыңызды білдіріңіз Жарнамаға әлем бойынша жылына 500 миллиард доллар жұмсалады. АҚШ-өмір сүретін азамат

65 жасқа толғанша шамамен 2 миллион жарнамалық клип қарап шығады. Америкадағы алғашқы билборд 1900 жылы орнатылды. Бұдан кейін әлем бойынша билборд дүмпуі орын алды. АҚШ-та балалар тауарларының жарнамасына жылына 15 миллион доллар жұмсалады. 2008 жылы саяси жарнамаға 2,6 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсалды. Сайлау кезінде Обама 310 миллион доллар, Мак Кейн өз кезегінде 136 миллион доллар жұмсаған. Жарнамадан жылына 100 миллион доллар пайда тапқан алғашқы басылым «Life» журналы болып табылады.

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп (жеке немесе топқа бөлініп), мәселені талқылаңыз. а) Жарнамаға көп көңіл бөлесіз бе? (теледидардағы, радио, сыртқы жарнамалар).

ә) Оларды қай тілде көп оқисыз немесе тыңдайсыз? Қазақша және орысша нұсқаларын салыстырасыз ба?

б) Мемлекеттік тілде жіберілген қателерді байқайсыз ба?

7-тапсырма.Ұсынылған үлгіге қарап, кез келген өнімге жарнама жасауға тырысыңыз.

Құрметті ханымдар мен мырзалар! Бүгінгі тұсаукесерімізге қош келдіңіздер. Мен Алматы қаласындағы «Tea House» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджерімін. «Tea House»-құрғақ шайды дайындап, буып-түйетін жауапкершілігі шектеулігі серіктестік. «Tea House»-ЖШС көк, қара шайлардың түрлерін қораптапға буып-түюмен айналысады. Мысалы, Ассам, Индира және т.б. шайлардың түйіршіктелген және жапырақты түрлері бар. Жапырақты көк шайдың пайдасы мол. Оның көк жапырақтары шөліңді қандырады, астың қорытылуына, асқазанның ауырмауына, келбеттің жасаруына көмектеседі. Көк шайдың хош иісімен рахаттануға уақыт тапсаңыз-өмірде жаныңыз жайлы және денеңіз сергек болады.

8-тапсырма. Төмендегі материалға сүйеніп «Жарнама-табысқа бастар жол» тақырыбында шығарма жазыңыз.

Жарнама түрі оның мақсатымен тығыз байланысты, ал мақсат өз кезегінде тауар, жұмыс немесе қызмет тұтынушыларына бағытталады. Жарнаманың түрін таңдамас бұрын, мақсатты анықтап алу қажет:

1.тұтынушы ойында нақты фирма образын қалыптастыру;

2.фирмаға дұрыс көзқарас қалыптастыру;

3.аталмыш фирмаға тұтынушының келуін қамтамасыз ету;

4.тауарайналымды жеделдету;

5.аталмыш тұтынушыны сол тауардың тұрақты сатып алушысы, фирманың тұрақты клиенті етуге тырысу;

6.басқа фирмалармен сенімді серіктес ретінде байланыс орнату.

Ұсынылған жаттығулар жүйесі студенттердің сөздік қорын молайтып, сөйлеуге жаттықтырады, білімін жүйелейді. Студенттерді мамандыққа байланысты оқыту оқытушының іздесіне, шеберлігіне байланысты.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Бөрібаева С.Б. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. – Алматы: «Зият-Пресс», 2006. – 220 б.

2.Ерназарова З.Ш. Қазақ тілі. Жаттығылар жинағы. – Алматы, 2006. – 112 б.

501

Джумашева Ч.И.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкеншыған ОМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ЗАТ ЕСІМДЕРДІ КОГНИТИВТІК ТҰРҒЫДА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Аннотация.Статья посвящена проблемам методики преподавания имени существительного в когнитивном аспекте в начальных классах. В статье рассматриваются концептуальные особенности имен существительных и обучение имени существительному при помощи метафорических, ассоциативных упражнении.

Annotation.The article deals with problems of a technique of teaching of a noun in the cognitive aspect in the elementary grades. The article deals with conceptual features of nouns and noun training using metaphorical, associative exercise.

Қазақ ұлттық мектебінің басты мақсаты – жаһандану үдерісінде қазақ ұлтының ежелден бойына жиған бар құндылықтарын сақтап, арттыру. Қазақ тілі сабағында зат есімді когнитивті оқытуда оқушыларды ұлттық менталдыққа тәрбиелеуде халық педагогикасының алатын орны ерекше. Бала қай тілдің когнитивті бейнесін қабылдады сол тілде сөйлейтін ұлттың мінезін қабылдайды.

Ы.Алтынсаринның тілдің танымдық қызметіне назар аударуы өз еңбектерін қазақтың ұлттық танымына сүйене отырып жазуында жатыр. Ол орыс, татар, башқұрт т.б. ұлттардың когнициясына емес, өз ұлтының дүниетанымына қарай әдіснамасын құра білді. Мәселен, аталмыш еңбегінің «Нәрселердің аттары. Зат есім» деп аталатын бөлімінде зат есімдерді туыстық атаулар (әке, шеше, ...),

дерексіз ұғымдар (өмір, ақыл, жан, ой, қуаныш, ...), киім атаулары (төбетей, тақия, шапан, кебіс,

мәсі, ...), төсек-орын атаулары (төсек, көрпе, киіз, ...), ауылдағы киіз үй құралдары (ауыл, киіз үй,

кереге, уық, ...), т.б. [1, 93].

Ы.Алтынсарин өзінің әдіснамасының ұстанымы ретінде тілдегі ұлттық танымды, діни сенімді және қазақ менталдығына құрылған ойлау, тәрбиелеу жүйесін алады, сондықтан оның өз сабағын танымдық тұрғыдан оқытуға бағыттап, қазақ когнитивті педагогикасының бастауында тұрғандығын көреміз.

ХХ ғасырдың басында «Тіл – құрал» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, А.Байтұрсынұлы тілдің әлеуметтік, психологиялық, танымдық қызметтеріне назар аударды. Оның «Оқу құралы» әліппесінде дыбыстарды оқыту кезінде жаттығулардан кейін оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын байыту мақсатында танымдық деректер берілген. Бұл деректер – балалардың дүниетанымын кеңейтетін, өзін қоршаған айналадағы заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін сөздер. Зат есімдерді когнитивті оқыту әдістемесін негіздеуде концептінің құрылымдық бөліктері және оларға енетін атауыштық өріс бірліктері болатындығы, яғни концептінің екі жақты сипаты айқындалды. Осыған орай, бастауыштағы когнитивті әдістеме негізін концептінің құрылымдық бөліктері және атауыштық өрісіне негізделген әдіс-тәсілдер бойынша құрылу қажеттігі белгілі болды. Ә.М.Мұханбетжанова: «Таным дегеніміз – рухани әрекеттің арнайы түрі, қоршаған дүниені тану процесі. Әрбір дәуірге дүниені тануды модельдеудің ерекше түрі ретінде белгілі бір танымдық модельдер сәйкес келеді», – деп жазған болатын [2, 16 б.]. Жалпы алғанда, адам әлемді өз ана тілі арқылы таниды да, сол негізде ұлттық мінезді бойына қабылдай бастайды. Бұның негізінде «ғаламның ұлттық бейнесі» жатса керек, сондықтан «ғаламның тілдік бейнесі» бала санасында қалыптасқанда «ғаламның ұлттық бейнесі» бірге қабысып қалыптасады. «Ғаламның тілдік бейнесінің» негізін зат есімдер құрағандықтан, бастауыштағы бала санасында алдымен тілдегі зат есімдер жүйесі енген концептосфера беки бастайды да, ол менталдылық деп айтылып жүрген ұлттық сипатқа ұласады. Қай тілде «ғаламның қарапайым бейнесі» бала санасында орын тепсе, сол тіл иесі болатын ұлттың мінезі бала психикасында негізделе бастайды, ол дамып «ғаламның когнитивті бейнесіне» айналып, соңында «ғаламның тілдік бейнесі» болып тұрақталады. Кезінде Э.Сепир, Б.Уорф ұсынған болжамда адамдар әлемді өздерінің ана тілінің призмасы арқылы қабылдап, көретіні айтылған еді.

Оқушылардың санасындағы «дүниенің қарапайым бейнесіне» сүйену арқылы «Адам», «Табиғат», «Отан», «Достық», «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз» концептілерінің құрылымдық бөліктері бойынша

502

«дүниенің когнитивті бейнесін» қалыптастыру үшін зат есімді оқытудың когнитивті моделі жасалды. «Дүниенің когнитиві бейнесін» қалыптастыру – оқушылар санасында «дүниенің көркем бейнесі», «дүниенің ғылыми бейнесі» қалыптасуының алғышарты болатындығы байқалды.

Зат есімді когнитивті оқытуда тұтас дүниенің бейнесін таныта алатын жүйелі білім мазмұнына концептілерді негізге ала отырып, грамматикалық ұғымдарды игерту (зат есім, жалқы есім мен жалпы есім, жалқы есімнің жазылу емлесі, зат есімнің жасалуы, зат есімнің түрленуі (көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуі) мен сөйлемдегі қызметі, сонымен бірге, зат есімнің адамзат, ғаламзат атаулары және жанды, жансыз зат есімдер деп аталатын түрлері) жоғарыда аталған концептілерді оқыту барысында берілетін жаттығулар мен тапсырмаларда жүзеге асырылады[3,102].

Орта мектепте зат есімдерді когнитивтік тұрғыда меңгерту үшін, концептінің құрылымдық үлгілері арқылы таныту және меңгертуге арналған жаттығулар үлгісін даярлау қажет.

Метафоралық жаттығулар. Концептілер когнитивті метафоралардан тұрады да, олар концептінің құрамында жеке адамның көзқарасы мен ұлттық дүниетаным негізінде құрылады. Когнитивті метафоралардың басты ерекшелігі сөздің лексикалық мағынасының басты бөлшектерінің ұштасуы арқылы мағыналық үйлесімділікке бағынады. Концептілердегі метафораларды бастауыштағы балаларға ұғыну ауыр болғанымен, оларды жеңілдету арқылы меңгертуді осы кезде бастаған жөн деп есептейміз. Метафораларды ұғына білген оқушының бойында шығармашылық деңгейдегі дарындылық негізі қалыптаса бастайды. «Метафоралық жаттығулар» тіркесін балалар ұғымына түсінікті болу үшін «бейнелеу жаттығулары» деп қолданамыз.

Мысалы: Ұғымдардың бейнесін ұқсас белгілері арқылы сипаттаңдар.

Міндеті: Зат есімдердің ұқсастығын ажырата білуге, логикалық байланысын табуға үйрету. Үлгі:

шөп – кілем; мұз – тас; тау – батыр.

Табиғат – ... (ана). Әке – ... (асқар тау).

Сабақ беру барысында мұндай мазмұндағы тапсырмалар жоғары деңгейдегі оқушылар үшін қиындау болғанымен, заттың белгілерін білдіретін сөздерді іздестіріп, дұрыс қолдануда және сөйлемдегі сөздерді тиісті орнына қоюда қызығушылық тудырды [4,54]

Ассоциациялық жаттығулар. Когнитивті оқытуда лексикалық мағынаның үлкен және кіші бөлшектері, яғни семалары сияқты концептінің әр алуан бөлшектерін ұғындыруға тура келеді. Лексикалық мағынаның ірі, кіші семалары сол сөзді қабылдағанда, бірден ойға сап ете түсетін бейнелер мен ұғымдар болса, концептінің семалары ассоциациялар болады. Ассоциациялар – стереотиптер сияқты концептіні қабылдаудан туатын құрылымдар іспетті тізбектер. Мысалы: «Достық» концептісін тақырып ретінде алғанда, мынадай танымдық сұрақтар қойылады: Достықты бұзатын не екенін ойлап, сөздерді өзара мағыналық қатынастарына қарай топтастырыңдар, мағынасын қалай түсінесіңдер? Олардың ішінен ең бастысы қандай?

Үлгі: Достықты бұзатын ұғымның ассоциациялары: сатқындық, күншілдік, мақтаншақтық,

өтірік, өсек, қорқақтық, ашу т.т.

1-жаттығу. Төмендегі зат есімдердің мағыналық қатынастарына қарай сыңарларын табыңдар.

Орман, өзен, достық, қамшы, бесік.

Үлгі: орман – ағаш, ағаш – тамыр, тамыр – бұтақ, бұтақ – жапырақ.

2-жаттығу. Төмендегі зат есімдердің сәйкесетін жұптарын тауып, жазыңдар. Өзен, жылқы,

бұйда, тау, сексеуіл, тазы, асық, арба.

Керекті сөздер: Арқар, шоқ, сақа, ер-тоқым, аңшы, балық, түйе, дөңгелек.

Үлгі: өзен – балық, бұйда – түйе, арба – дөңгелек.

Концептінің құрылымдық үлгілеріне қатысты тапсырмаларды орындау арқылы балалардың жалпы танымы өрістеп, ұлтымыздың басты мәдени әдептерін мен ұлттық мінез нышандарын бойларына сіңіреді және олардың өз таңдауымен «жазушылар, суретшілер, зерттеушілер» деген топ бойынша жұмыс жасауына жол ашты.

Мысалы, «Күз» концептісін тезаурустік, ассоциациялық, құбылысты байқау, салыстыру, компонентті талдау тәсілімен тануда, алдымен, оның жыл мезгілі, күннің салқындауы, жаңбыр,

сарғайған жапырақ, егін, жеміс-жидек, мектепке бару секілді когнитивті белгілері анықталып,

топтастырылады. Балалар күздің көрінісі мен табиғат құбылысын көз алдына елестеткенде оның жалпыланған кескіні сары дала, қураған ағаш, құстардың қайтуы сияқты бейнені көз алдына әкелді. Күздің солғын табиғат көрінісі немесе күздің молшылығын түсіндіруде тілдік жағдаят туғызып, жинақталған ақпараттарды пайдаланып, ішкі ойын жинақтауға, оны жүйелі баяндап, тиянақты түрде

503

жеткізуге мүмкіндік беріледі. Балалар анықтаған деректерді жүйелі байланыстырып, сөйлемдер құрады. Шығармашылық белсенділікті тудыруда балаға есіне сақтаған бейнелерді суреттеуге немесе оларды жаңартып, соның негізінде жаңа бейнелерді ойлап табуға, қиялдауға тапсырма (сурет салу, мәтін құру) беріледі. Күздің тұтас бейнесін қабылдауда өлеңдер оқылып, салыстырмалы талдау немесе суретпен жұмыс жүргізіледі. Концептінің құрылым үлгілері арқылы ой тұжырымдалады («Күз – береке айы», «Күз – қызған еңбек», «Алтын күз» т.б.) [4,31]

Сонда концептілердің когнитивті белгілерін анықтау сөйлеу әрекеті арқылы жүреді. Ал сөйлеу әрекеті қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Концептілік құрылымдар арқылы оқыту бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіруде тиімді тәсіл болатынын ұғындық.

Қорыта келгенде, зат есімдерді концептуалдық талдау арқылы оқыту оқушылардың қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұрыс жасауына және зат есімнен алған білімдерін тереңдетуге ықпал етеді. Зат есімді когнитивті оқытудың басты қызметі – балалар санасында концептілік құрылымдар арқылы зат есімдер туралы ақпараттарды жинақтау мен тұжырымдау; олардың танымдық парадигма деңгейін анықтап, нақтылау; жалпы концептілік бөліктер бойынша талдау арқылы бекіту.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикалық оқытудың дидактикалық негіздері. Пед. ғыл. д. ... автореф. – Алматы, 2004. – 43 б.

2.Мұханбетжанова Ә.М. Бастауыш білімнің интеграциясы арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері. Пед. ғыл. д. ... автореф. – Алматы, 2001. – 49 б.

3.И.У.Хасанова. Бастауыш сыныпта зат есімді жаңаша оқытудың жолдары // «Бастауыш сатыда білім берудің бүгіні мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Атырау, 2006. – 129-133 бб.

4.Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. – Алматы: ҚазҰПУ, 2007. – 184 б.

5.И.У.Хасанова. Зат есімді танымдық ойындар, тапсырмалар арқылы меңгерту // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы, 2008. – №1 (109).

Кайрова Ш. С.

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, п.ғ.м

Жубанғалиева Г.Г.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, п.ғ.м

ОРЫС БӨЛІМДЕРІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАУ

Аннотация. В данной работе рассматривается, преподавание казахского языка на русскоязычных группах университета. Это больше, чем просто научиться говорить по-казахски, учить казахский язык, грамотна читать и писать. Через казахский язык студент получает определенную степень образования на казахском языке, казахской литературе, истории, казахской культуре и традициях.

Abstract. This paper examines the teaching of the Kazakh language in Russian groups of the university. It is more than just learning how to speak Kazakh, learn Kazakh, read and write competently. Through the Kazakh language, the student receives a certain degree of education in the Kazakh language, Kazakh literature, history, Kazakh culture and traditions.

Адамның жеке басының дамуы деп табиғи және әлеуметтік құбылыстардың әсерімен оның қалыптасуы аталады.

Білім беру - студенттердің ғылыми білімдерінің жүйесін және білімге қажетті біліктер мен дағдыларды игеруі, соның негізінде дүниеге көзқарасының, моральдық қасиеттерінің қалыптасуы және тиісті қабілеттерінің дамуы.

Оқыту - оқытушы мен студенттің тікелей мқсатты қарым-қатынасының негізінде студентке білім игерту.

504

Тәрбие - кең мағынада алғанда оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде адамның жеке басының дамуы. Ал оны оқыту ұғымынан бөліп қарастырсақ, тәрбие адамның жеке басынан оның қасиеттеріне, көзқарасына, сеніміне, қоғамдағы мінез-құлқына тікелей әсер етудің нәтижесі болып табылады.

Адамның жеке басының қалыптасуы - оның нәсілдік қасиеттерінің, қоршаған ортаның және тәрбиенің әсерімен дамуының нәтижесі болып саналады.

Қазақша сөйлеу түсінісу дәрежесіне студентті жеткізу, қазақша дұрыс сқйлеу дағдысын қалыптастыру қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы грамматикасынан берілген білім негізінде жүзеге асады. Қазақ тілі екінші тіл ретінде басқа ұлтқа оқытылғанда, тілдің фонетикалық жүйесі, грамматикалық құрылысы, лексикалық байлығынан мәлімет беріледі.

Қазақ тілін дыбыстық құрамымен таныстыру арқылы ол дыбыстарды студенттің дұрыс оқып, дұрыс айтуы қалыптасады, соның нәтижесінде олар тіліміздің сөздерінің айтылу нормасын меңгереді. Тілдің фонетикалық заңдылықтарын оқыту арқылы студенттер сөз бен сөздің бір-біріне әсерін игеріп, дұрыс сөйлеуге дағдыланады. Сөз екпінін, сөйлемдегі сөзде болатын логикалық екпінді оқыту арқылы студент қазақша сөйлеудің өзіндік әуенін игереді. Басқаша айтқанда, қазақ әуенімен дұрыс сөйлеуге дағдылану тілдің фонетикалық жүйесіне берілетін білім арқылы орындалады.

Қазақ тілінің грамматикалық құрылысын меңгертпейінше, қазақша сөйлеуге үйрету мүмкін емес. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысымен студентті таныстыру грамматикадан беретін білім арқылы іске асады.

Грамматикадан студентке сез бен сөзді байланыстыру, сөздерден сейлем құрау, сейлемдегі сөздерді дұрыс орналастыру, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру, сөйлемнің түрлері туралы білім беріледі. Грамматикадан берілетін білім негізінде студент қазақша сөйлеуге жаттықтырылады. Грамматиканы оқытқанда, грамматикадан берілген білім бойынша, студентке оны сөйлеу тәжірибесінде қолдану дағдысын қалыптастыру көзделелі. Бұл арада қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру грамматикадан берілетін білімгенегізделетінін көреміз.

Тілдің фонетикалық жүйесін, грамматикалық құрылысын меңгеру, сөзсізжүзеге аспайды. Студенттің сөздік қорын байыту-тілді окытудағы негізгі мәселе болып саналады. Студенттің сөздік қорын байыту-үнеміжүргізіліпотыратын жұмыс. Студенттің сөздік қорын байыту барысында олар сөздің мағыналық ерекшеліктерімен таныстырылады,лексика саласынан білімберіледі.

Қазақ тілінен студентке берілетін білім студенттің тіл туралы білімін тереңдетеді. Ол қазақ тілі мен өзінін ана тілін салыстырады, олардағы өзгешелік пен ұксастықтарды аңғарады. Студент өзі білетін шет тілінің ерекшелігімен ана тілі, қазақ тілі туралы білімін салыстыра алады. Осыдан студентте тілдер туралы жалпы ұғым, білім қалыптасады. Бұл студенттің жалпы білімін толықтырып, ойын дамытады. Студент білімінің толығуы оның жеке басының дамуына әсер етеді, өйткені жанжақты білім адамның жекебасының дамуының негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Қазақ тілін оқыту барысында сан алуан мәтіндер қолданылады. Мәтіндердің тақырыбыда түрлі саламен байланысты. Оқытуда қолданылатынмәтіндерқазақәдебиетініңтүрлінұсқаларынаналынады: әңгімелер, очерктер, ауыз әдебиетініңнұсқалары, көркемшығармаларданүзінділер, жұмбактар, өлең, тақпақтарт.б. Оқыту барысында берілетін мәтіндер арқылы студент қазақ әдебиетімен, қазақ жазушыларымен, ақындарымен танысады.

Қазақтың үлкен ғалымдары, әйгілі әншілері мен бишілері, сазгерлер мен суретшілер, қазақ хандары, батырлары мен билері, халыктың өміріндегі әйгілікезеңдер, салт-санасы мен дәстүріне, қазақ өлкелеріне арналған мәтіндерарқылы студентке қазақ халқынын жері, мәдениеті, тарихы, дәстүрі, салт-санасынан мағлұмат беріледі. Бұл мағлұматтар студенттің білім деңгейінкеңітеді, қазақ елімен, жерімен тереңірек танысуына мүмкіндік береді. Олстуденттің толысуына, дамуына, ойсанасыныңөсуіне жол ашады.

Қазақ әдебиеті, қазақ мәдениеті, тарихы туралы берілетін мәліметтердің бәрінің студентті тәрбиелеуге қосатын үлесі зор. Yлгілі,атақты қазақазаматтарының өмірі туралы мәліметтер еліктеуге шақырады, сондай сыйлы құрметті азамат болуға тәрбиелейді. Әдеби нұсқалардан берілетін үзінділердің де тәрбиелік мәні күшті екені белгілі. Көркем шығарма қай халықта да нағыз тәрбиеші қызметін аткарады

Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер-тек көркем сөйлеу құралдары ғанаемес, халық тәжіри– бесінің қорытындысы. Олардыңадамғаақыл, ой салатын,тәрбиелік мәні күрделі құралдарға жататыны мәлім. Сондықтан тілге үйретумен біргестудентті тәрбиелеу жұмысы да қатар жүргізіледі, студентте

505

қазақ халқына деген құрмет туады. Студентті қазақ тілінің байлығымен таныстуры арқылы тілге деген оның сый-құрметін туғызу болады. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті, тарихы, дәстүрі арқылы халыққа дұрыс, достық көзқарасы қалыптастырылады. Студент өзі бірге өмір сүріп отырған халықтың тарихы мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті туралы көп білуі қажет, ол халықтың рухани байлығымен таңыстырады. Халықтың рухани байлығымен жақсы танысу ол халықты сыйлауға жетелейді. Бұл халықтар арасындағы достықты күшейтеді, студенттің рухани тұрғыда байып, жан-жақты дамуына әкеледі. Сонымен бірге оқытуды гуманизация бағытын жүзеге асыруға әсер етеді.

Қазақ тіліне үйретумен бірге студенттің білім дәрежесін кеңейту, қазақ халқының рухани байлығымен оны қаруландыру, халыққа деген сүйіспеншілік, достық көзқарасын қалыптастыру, тәрбиелеу студенттің жеке басының жан-жақты дамуына әсер етуі қазақ тілін оқытудағы алға қойылатын негізгі мақсат болып саналады.

Я.А.Коменский тілді ереже үйрету арқылы емес, сөйлеуге үйрету, жаттықтыру арқылы игертуді дәлелдегені белгілі. Соған қарамастан 1950 жылдардан бастап, тілді оқытуда ереже жаттау басым болғаның білеміз. Кейін бұл бағыттың қате екені анықталды. Қазір тіл үйретуде қатысым (коммуникативтік) әдісі негізгі орын алады. Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту Я.А. Коменский ұсынған тәжірибе әдісіне, қазіргі қатысым әдісіне негізделген.

Я.А.Коменский тілді «көп тыңдау, оқу, қайта оқу, көшіріп жазу, соған жазбаша және ауызша еліктеу түрінде ғана үйреніп шығуға» болатындығын ескертеді [1, 89 б.]. Ұлы педагогтың бұл пікірі күні бүгінге дейін құнын жойған жоқ. Қазақ тілін оқытуда бұл жұмыс түрлерінің бәрі қолданылады. Магнитофон таспасына жазылған дұрыс сөйлеу үлгілерін тыңдау, оқытушының мәтінді оқу үлгісін тыңдау, бір студенттердің оқығандарын қалғандарының тыңдауы, соған еліктеп оқу, сөйлеу, жазбаша жұмыс сияқты т.б. жұмыстың талай түрлері тілді оқытуда қазір де дағдылы іске айналған.

Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін, Я.А.Коменский идеясын негізге алып, студенттің ана тілінен алған білімін ескере отырып, қазақ тілінің ерекшелігімен меңгеруге болатынына назар аударамыз. Қазақ тілінің ерекшелігін үйретпейінше, қазақша дұрыс сөйлеуге үйрету мүмкін емес. Сонымен бірге қазақ тілінің ерекшелігін анық, дәл түсінікті түрде баяндап, оны жаттығулар, мәтіндер, диалогтар арқылы қолдануға дағдыландыруға ерекше мән береміз.

Орыс педагогикасының қалыптасуына зор еңбек сіңірген атақты ғалым-методист К.Д.Ушинскийдің еңбектерін қазақ тілін оқыту әдістемесінде де пайдаланып жүрміз [2].

Педагог К.Д.Ушинскийдің әйгілі мақалаларының бірі - 1864 жылы «Педагогический сборник» журналында жарияланған «О первоначальном преподовании русского языка» деген туындысы. Автор ана тілін оқытудың мақсатын, мәнін ашып беру арқылы тілді оқыту жалпы білім алудың алғашқы қадамы екендігін айтады. Ана тілі баланың ақыл-ойын дамытуда, жаңа түсініктер мен бейнелерді сезінуінде басты рөл атқаратындығын дәлелдейді. Тілді меңгеру арқылы бала сөздік қорын ғана байытып қоймайды, ол өз ойын толық жеткізе алады. Сөздердің түрленуін, олардың бейнелілігін, көркемділігін тіпті құдыретін түсінеді. Ана тілін оқу барысына белгілі грамматикалық қағидаларды игеріп қана қоймай, тіл арқылы өз халқының рухани әлемін, табиғат пен қоғам құбылыстарын, философиялық, эстетикалық ұғымдарды аңғару дәрежесіне жете алады деген ғалым пікірі дау туғызбайды деп ойлаймыз.

Аталмыш мақаласында К.Д.Ушинский балаға ана тілін оқытудың үш түрлі мақсат-мұратын жазғанды.

1.Балалардың тұрмыстағы «шешендік» қабілетін дамыту.

2.Балаға ана тілінің қазынасын саналықпен меңгерту.

3.Баланы сол тілдің логикасына, оның логикалық жүйемен құрылған грамматика заңдарына дағдыландыру.

Ана тілін оқытудың бұл мән-мақсаттары қазақ мектептеріндегі ұлттық тілімізді үйренуде де бұлжымайтын басты меже болуға тиіс. Ұлы педагог анықтағаносы үш мақсат бірдей қатар жүзеге асырылуы керек. «Сөз дарындылығын» баланың өсу барысында, жаттығу үстінде дамытуға болады. Осы реттегі жаттығулар төрт түрлі деңгейге сай келуі шарт. Олар мүмкіндігінше өз бетінше дербес жағдайда жүргізілу, үнемі үзбей жүргізілу, қисынды түрде және ауызша, жазбаша түріңде өткізілулері шарт. Мұнда ауызша жаттығу жазбашадан бұрын жүргізіледі-деп жазған.

Аталған мақаласында К.Д.Ушинский грамматиканы оқыту жайында да ой қозғайды. Тілге үйретудің бастапқы кезеңінде грамматиканы мүлде қолданбаукерек деген пікірге қарсы шыға

506

отырып, автор өз ойын келтіреді. Грамматикадан бұрын практикалық жаттығулар берілуі керек. Соларды орындау барысындағы заңдылықтарды байқаудың нәтижесі ретінде грамматикалық ереже түсіндірілгені дұрыс. Яғни баяндаудан барып материалды тусіндіру керек. К.Д. Ушинский оқытудағы ғылыми жүйелілікке де назар аударады.

К.Д.Ушинский тілді оқыту арқылы тек сауаттандыру ғана емес, тәрбиелеу,адамның ақыл-ойын дамыту жұмыстары да жүргізілетінің баса айтады. Сонымен ұлы педагогтың пікірінше, ана тілі білім беретін, әpi тәрбие беретін құрал болып есептеледі [3]. Біз тілді оқытуда ұлы әдістеменің осы идеяларыннегізге аламыз, өйткені ол тек ана тілін оқытуға ғана байланысты емес. Қазақ тілін екінші тіл ретінде басқа ұлтқа окытуда да өте манызды. Студент тіліндамыту, қазақ тілінің бай сөздік қорымен таныстыру, студенттің сөздік қорынбайыту, оны сапалы турде меңгеру, тілді үйрету арқылы ойын дамытужұмыстары қай тілді оқытуда да негізгі орын алуға тиісті. Сондықтан қазақтілін окытуда ол унемі есте болады.

Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог Ы. Алтынсариннің педагогикалық орны ерекше екендігі даусыз. Ағартушының мектепте оқытуға арналған ойларын біз негізінен жоғары оқу орындарында да қолданамыз.

Ы.Алтынсарин қазақ жерінде педагогикалық білімнің іргесін қалады. «Білім дегеніміз-өзімізді қоршаған шындықты танып-білу», - деді ол. Халық мүддесі үшін ең керектісі оқытушы екендігін айтты. Ең үздік педагогика құралдары да, ең пайдалы үкімет жарлықтары да, инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең бола алмайтындығына баса назар аударды. Оқыту және тәрбиелеу ісінде окытушының рөлі ерекше екендігін ескертті.

Ы.Алтынсарин - тәрбие жұмысында Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой тб. педагогика классиктерінің идеяларын қазақ оқу-ағарту ісіне ендірген алгашқы педагог болды. Бұл идеялар әрі практика жүзінде іске асырылды. Сондықтан да Ы.Алтынсариннің педагогтық қызметі аса маңызды болып есептеледі.

Ы.Алтынсарин ана тілін оқыту мәселесіне мән берумен бірге, екінші тілдіоқыту әдістемесі мәселелері бойынша өте құнды пікірлер қалдырған. Бұлмәселеде ол қазақ балаларына орыс тілін оқыту әдістемесінің негізін қалағандеуге де болады. Ы.Алтынсариннің «Начальное руководство к обучениюказахов русскому языку» деген 1879 ж. Орынборда басылып шыққан еңбегіоған дәлел бола алады. Осы мәселедегі ол тұңғыш еңбек еді[4].

Ы.Алтынсарин қазақ балаларын оқытуға орыс тілі ана тілі болып саналатын студенттерді оқытуға арналған әдістемелерді қолдануға болмайтының атап айтқан: «Те руководства, которые составлены для русских детей, уже знающих свой родной язык, естественно не применимы для тех, которые не знают этого языка» [5, 301 б.].Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесінде Ы.Алтынсарин идеялары кең қолданылады.

Ұлы педагогтардың ісін жалғастырушылардың бірі ретінде жаушы Спандияр Көбеевтің де еңбегін атап өту керек [6]. С.Көбеев оқыту үдерісінде тапсырылған сабақ меңгерілмейінше, негізгі ережелер, мысалдар мен салыстырулар арқылы түсінікті түрде жеткізілмейінше асығыс түрде алға басуға болмайды деп тұжырымдады. Сонымен қатар өткен сабақты сұрағанда мұғалім студенттің білімін дұрыс бағалау олардың келешегі үшін ерекше мән бар екенін де атап көрсетеді. Педагогтарға С.Көбеев бірнеше талаптар қояды. Олардың ішінде:

-мұғалім педагогика ғылымын егжей-тегжейлі білуге міндетті;

-мұғалім өз пәнін өте жақсы білумен қатар, басқа пәндерден хабары болғаны жөн - деген шарттар жоғары оқу орны оқытушыларына да сәйкес келеді.

С. Көбеевтің педагогикалық пікірлері, әсіресе тілді оқытуға деген көзқарасы әлі маңыздылығын жойған жоқ.

«Білдіру білмегенге білгенімді, өзімнің деп білемін зор міндетім», - деп. М.Дулатовтың өзі айтқандай, - өнегелі өмір сүре отырып, артына ағартушы-педагог ретінде мол мұра қалдырды [7; 8; 9].

Жоғары рқу орындарында қазақ тілін оқытуға ғылыми еңбектерде әбден анықталған, теориялық негізі қалыптасқан тілдік материал алынып, ол тілді нақтылы, анық, қысқа түсінікті түрде оқытуда беріледі. Тілдік материалды ақытуда ол туралы пікірдің, түсініктеменің орын алмауы қажет. Тілдік материал ғылыми негізге сүйенеді.

Тілдік материалдың студенттің білім деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін, студенттің қазақ тілінен білімі анықталады. Студенттің мектепке қай сыныпта қазақша оқығаны, оқымағаны есепке

507

алынып, оның қазақ тілінен сөздік қорын анықтау, қазақша ойын жеткізу мүмкіндігі тест арқылы тексеріліп, тест нәтижесіне байланысты студенттер тілді оқуды бастауыш және жалғастырушы топтарға бөлінеді. Ал тілді оқытуда бастауыш жән жалғастырушы топтардың жоспарында айырмашылық бар. Бұл тілді оқытуда тіл үйренушінің білім деңгейін ескеру болып саналады. Саналылық және шығармашылық белсенділік принципін негізге алу тілді оқытуда ерекше маңызды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Коменский Я.А. Ұлы дидактика (ауд. Ә.Қоңыратбаев). -Алматы: Мектеп, 1983. - 100 б.

2.Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Т.2. - М.:Учпедгиз, 1954. - 735 с.

3.Ушинский К.Д.Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. - Алматы: ҚазмемОҚБ, 1951. - 95

б.

4.Алтынсарин И. Начальное руководство к обучениюказахов русскому языку. - Оренбург, 1879. - (рукоп.).

5.Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия. - Оренбург, 1879. - 301 с.

6.Көбеев С. Үлгілі бала. Казань: Кітап, 1912. - І-47 б., ІІІ-28 б.

7.Дулатов М. Шәкірттер жайынан. Алматы: Қазмембас, 1937. - 76 б.

8.Дулатов Ж. Жазу тәртібі. Алматы: Ғылым, 1997. - 344 б.

9.Дулатов М. Қазақ тілі хақында. Алматы: Ғылым, 1996. - 280 б.

Калкөзова А.Б.

Қ. А. Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназияның бастауыш-сынып мұғалімі

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУ

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін бастауыш сыныптарда жүйелі түрде оқыту барысында оқушылардың сөз өнеріне деген қызығушылығы оянады, дүниетанымы артады, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді.

Осы күнге дейін «Ана тілі» оқулықтарында ауыз әдебиеті үлгілері үш түрлі жағдайда оқыту қарастырылып келеді. Айталық, жеке бөлім ретінде, әрбір бөлімнің жалпы мазмұнына сәйкес және ауыз әдебиеті үлгілерінің әрбір жанры жеке тақырып ретінде алынған. Кейбір жанрларды ішкі жанрлық жіктелуі тұрғысынан алғанда жүйелілік ұстанымы сақтала бермеді. Тек соңғы жылдары жаңа буынныңстандарты бағдарламасын дайындауда «Ана тілі» оқулықтарын жасау барысында ауыз әдебиеті үлгілері жүйеленіп берілді. Соңғы жылдар мектептің бастауыш сатысындағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық түрлерін былай жүйеледі:

1.Балаларға арналған салт жырлары – Беік жыры, Тұсау кесер жыры, Төрт түлік жырлары, Жарапазан, арнау тілек өлеңдері;

2.Фолькларлық өлең-тақпақтар – Өтірік өлең, Ойын өлеңдері, Санамақ, Қаламақ, Сұрамақ, Мазақта;

3.Жаңылтпаштар;

4.Мақал-мәтелдер;

5.Жұмбақтар;

6.Ертегілер: хайуанаттар туралы, тұрмыс-салт ертегілер, қиял-ғажайып ертегілері;

7.Аңыздар: Қорқыт ата, Асанқайғы, Жиренше шешен, Қожанасыр, Алдар көсе туралы аңыздар әңгімелер;

8.Батырлық ертегілер мен батырлар жырынан үзінділер. Ер Төстік, Алпамыс батыр, Қамбар батыр,Ер Тарғын туралы жыр үзінділері.

Ауыз әдебиет үлгілері балалардың, айнала қоршаған ортаны барлай алуына, табиғаттың сиқырлы сырларын сезінуіне, дүниетанымын арттыруға, көркемдік, ізгілік, құзіреттілік қасиеттерді бойына жинауына ерекше ықпал етеді.

Бұл жөнінде қазақ баласын рухани дамытуға халық ауыз әдебиетінің маңызын ғылыми негіздеген ғалымдар Қ. Жарықбаев пен С.Қалиев: «Мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жырдастандарда әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілері халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – тәлім-тәрбиелік ой – пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы», - деп түйіндейді.

508

Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, таным деңгейін арттыруға, қоршаған дүниедегі өзіне таныс емес заттар мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланысты тануға, интеллектісін көтеруге алынған материалдар толық мүмкіндік береді. Сұрақтар мен тапсырмалар оқушының оқу әрекетін қалыптастыруға бағытталады. Мысалы, ертегіні оқытуды алайық. Мұғалім алдымен сабақта орындалатын жұмыстың түрі мен типін, көрнекілігін, әдіс-тәсілдерін анықтап алады. Сонан соң сабақтың мазмұны жоспарланған жұмыс түрлеріне қарай жүйелі жүргізіледі.

«Арыстан мен Тышқан» ертегісі – бала түсінігіне сай жеңіл шығарма. Ертегіде арыстан мен тышқан арасына құрылған шағын оқиға бар. Арыстан аңдар патшасы болса, тышқан кішкене ғана жәндік. Арыстанны аяушылық сезімі мен тышқанның ақылы, ақылдығы оқушыны баурап алады, қызықтырады. Ертегі мазмұнын түсіндіру үшін ойлануға мәжбүр ететін, ойлана отырып сөйлеуге үйрететін мынадай сұрақтар беріледі:

1.Арыстан Тышқанның сөзіне неге күлді?

2.Тышқан Арыстанға қалай көмектесті?

3.«Жақсылыққа-жақсылық» дегенді қалай түсінесің?

4.Ертегіні басқаша қалай атауға болады?

Ертегі идеясын оқушыға дұрыс меңгерту үшін мұғалім әртүрлі әдістар қолданады:

1.Ертегіні ауызша баяндау;

2.Ертегіні рөлге бөліп оқыту;

3.Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру;

4.Ертегі мазмұнына сай сұрақтар беру;

5.Ертегі мазмұны бойынша ой қорыту;

6.Ертегі мазмұнын ішінара өзгерту;

7.Ертегі мазмұны бойынша сюжеттік сурет салу;

8.Ертегіні сахналау;

9.Ертегі мазмұны бойынша мультфильм, диафильм, кинофильмдер көрсету;

10.Көрген фильмдері бойынша әңгімелесут.б.

Ертегіні оқыту кезінде мұғалім оқушылардың ертегі мазмұны қабылдауы мен алған әсерлерін байқау мақсатында әңгімелесу әдісін пайдаланып, оқушылардың ертегі мазмұны бойынша оқиғалардың себептерін ашу, көріністердің, кейіпкерлердің бір-бірімен байланысын өз бетінше табуға әрекет жасауға дағдыландырады. Шығармашылық әдістер арқылы ертегіні қабылдау, ертегі мәтіндегі бейнелі сөздерге мән беру, сөз тіркестері мен өз иірімдерін сезіне білу, қиялдар арқылы ертегі мазмұнын дамыту тапсырмалары берілуі тиіс. Сонда оқушы өздігінен ертегінің басталуын немесе аяқталуын өзгертуге тырысады, Бірте-бірте ертегі сюжетін өзгеше құратын болады. Мұндай әдістер баланың қиялын шарықтатып, тілі мен ойын дамытады.

Ауыз әдебиетінің қай жанрвн алсақ та, оның педагогикалық тұрғыдан тәрбиелік - білімділік мүмкіндіктері мол. Айталық , жұмбақ жанры ана тілінің бейнелі сөздеріне қызықтырып, баланың тілін дамытады,заттардың, нәрселердің, құбылыстардың қыр-сырларын талдауға, салыстыруға, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға үйретіп, ой қорытындылау, шешімін табу, дәлелдеу әрекеттеріне баулиды. Ғалым: Ә. Табылды жұмбақтар жөнінде: « Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімділік ұғым дары мен түсініктердіойқиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде,тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған»деген терең ой айтады. Сондықтан мұғалім бұрынғы жұмбақтарға қоса қазіргі заманғы жұмбақтарды, мысалы:

«Самұрық құс самғады, Көктен өтіп, Айға жетіп

Жеңілдеді салмағы (Ғарыш кемесі)» т.с.с және жұмбақтың өзіндік жағдайларына ерекше мән беріп,сабағына эвристикалық , шығармашылық әдістерді пайдалануы тиіс. Жұмбақпен жұмыс жүргізгенде, оның шешімін іздестіру барысында себеп-салдарын анықтау, тапқан жауабын дәлелдеу іс-әрекеттері байланыстылық логикасын табу, салыстыру т.б. мәселелергеден қойылады.

Мақал –мәтелдермен жұмыс кезінде оның мазмұнына мән беру, ой түйіндеу, жинақтау әрекеттері, өмірмен байланыстыра алуы, тәлімділік, тәрбиелік қағидалары қадағаланады.

509

Соңғы жылдары шығармашылықпен ізденетін мұғалімдер ауыз әдебиеті үлгілерін модульдік оқыту технологиясы бойынша жүргізудің тиімділігін көрсетуде. Онда ауыз әдебиеті жанрларын жеке-жеке модельдеп оқыту ұсынылады:

1-модель. Жаңылтпаш.

1.Жаңылтпаш туралы мұғалімнің түсінік беруі.

2.Жаңылтпашты мұғалімнің оқып беруі.

3.Жаңылтпашты оқушылардың жеке және топта оқуы, айтып жаттығуы.

4.Жаңылтпашты жаттау, оны жатқа айту.

5.Сөздік жұмысын жүргізу.

6.Жаңылтпаш айту жарысы өткізу. 2-модель. Аңыз әңгімелер.

1.Аңыз әңгімелер туралы түсінік.

2.Аңыз әңгімелерді мұғалімнің оқуы немесе әңгімелеп айтып беруі.

3.Аңыз әңгімелерді оқушылардың өз бетінше оқуы.

4.Аңыз әңгімелердің мәтінімен жұмыс (аңыз әңгіменің негізгі идеясы, тәрбиелік мәні туралы әңгімелесу).

5.Сөздік жұмыс жүргізу.

6.Дидактикалық материалдармен жұмыс жасау.

7.Аңыз әңгімелер бойынша шығармашылық жұмыстар орындау (аңыз кейіпкерлеріне баға беру, оларды сипаттап жазу, аңыз әңгімелерді жатқа айту).

8.Өзін –өзі бағалау, өзгені бағалау.

Мұндай модельді ауыз әдебиетінің басқа да жанрларын өткенде оқу техникалық құралдарды (компьютер, слайдтық таспалар т.с.с.), интерактивті тақтаны пайдалана отырып жүргізуге болады. Оқушының дамуын қамтамасыз ететін, шығармашылық іс-әрекетін дамытатын технологиялық әдістер баланың жүйелі білім алуына, өзі жинақтаған білімінің нәтижесін көруге, өзін-өзі бағалауға үйренеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.«Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері» (методикалық жинақ)

2.С.Мақпырұлы «Оқушылардың әдеби-теориялық ұғымдарын қалыптас-тыру мәселесі» Қазақ тілі

3.Бітібаева Қ. «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары». Алматы. 1990 ж. 54 б.

4.«Қазақ тілі мен әдебиеті». /Оқытуда жаңа әдістерді пайдалану/,

5.Құрманбаева Г., Е.Жұматаева «Әдебиет оқыту әдістемесі».

Кенжебекова Л.К.

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектепгимназияның бастауыш сынып мұғалімі

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.Ал мұғалімнің міндеті балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы

510

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]