
87
.pdfсөйлем құрылуындағы сөзбен қатар сөз тіркесінің қызметін де алдыңғы қатарға шығару; - сөз тіркесі мен сөйлем (жай сөйлем, құрмалас сөйлем) жасалуындағы синтаксистік
байланыстар мен синтаксистік қатынастар табиғатына терең синтаксистік талдаулар жасату;
-орфоэпия заңдылықтарының жаңа ұғымдарын енгізу;
-пунктуация теориясының ұғымдарын меңгерту;
-сөз тіркесінің текст құраушылық қызметіне байланысты ұғымдар жүесін енгізу.
Жаңа ғылыми ұғымдарды сөз тіркесін оқытумен байланысты енгізудің өзінде оқушының белгілі бір дәрежедегі даярлығы болуы керектігі естен шығармау қажет. Жаңа лингвистикалық ұғымдар енгізілгенде, оқушының олармен қалай танысатыны, қандай оқу мақсаттарын қоятыны, қандай міндеттерді шешу арқылы жаңа мазмұндық топтастырулар жасауға жете алатыны анықталады. Мұндай мәселе оқушыны орындайтын оқу әрекеттерінің барынша нақтылауын, жүйеленуін міндеттейді. Оқушы теориялық ұғымды анықтауға, талдауға кіріспес бұрын, мұғалім негізгі оқыту нысаны - сөз тіркесінің табиғаты туралы білім мазмұнын есіне түсіріп, оқушының сөз тіркесі туралы білетін білімдік мазмұнын жаңа аспектіден қарауына басшылық етіп, олардың сөз тіркесі туралы білімін жүйелеп алуына көмектеседі. Осы ретте оқушының теориялық ойлауын дамыту мақсатымен
бірге |
оқушының тілін дамыту |
мақсаты да бірігіп, сөз тіркесін дамыта оқыту технология- |
сының |
толыққандығы айқындала |
бастайды. Яғни оқушының теориялық ойлауын дамыту міндеті |
оқушының тілін дамыту міндетімен біріктіріліп, оқушының жанжақты дамуына жаңа, үлкен арна жасалады. Бұл жерде сөз тіркесінің өзі тектес басқа тіркес түрлерімен салыстыруы, құрмалас сөйлеммен салыстыруы, сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің байланыстығы, текст туралы ұғымдар берілуі туралы айтып отырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы, түптеп келгенде, негізгі обьектсөз тіркесі синтаксисінің табиғатын неғұрлым терең, неғұрлым айқын танытуға бағытталады.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда эмпирикалық және теориялық таным деңгейлерінің ерекшеліктері осы жоғары сыныптарда аса ескеріліп, эмпирикалық және теориялық деңгейлерде берілетін білім
мазмұндары іріктеледі, |
бірақ бастауыш сыныптарда дамыта оқыту мәселесі аз көтеріледі. Өйткені |
|||
алдымызға қойылған |
мақсатоқушылар |
сөз |
тіркесін эмпирикалық және |
теория- |
лық деңгейлерде бірізділікпен талдай отырып, |
осы |
тіл бірлігінің грамматикалық тіл |
бірлігін |
айқындауға, тіркес түрлерін ажырата білуге, жай және күрделі сөз тіркестерін тануға, сөздердің байланысу тәсілдеріне, байланыс түрлеріне, құрамына, түрлеріне және синтаксистік байланыстармен синтаксистік қатынастар табиғатына терең назар аударулары керек. Сөз тіркесін тілдің барлық ішкі жүйелерімен (фонетика, лексика, морфология, сөйлем, текст) байланыстара оқыту арқылы пунктуациялық, орфоэпиялық талдаулар жасату арқылы мұғалім оқушының сөз тіркесінің жүйелікқұрылымдық табиғатына мазмұндық талдау жасау дағдыларын қалыптастырады. [2,44]
Бастауыш сыныптан бастап, оқушылардың синтаксистік ұғымдарды терең тануы мен синтаксистік ұғымдарды жүйелеуге дағдылануы дамыта оқыту технологиясының міндеті болып саналады. Өйткені, бастауыш сыныптан бастап оқушылар қазақ тілінен теориялық білімдерінің іргетасы қаланады. Енді оқушы тілдің ерекше қызметіне ден қойып, бастауыш сыныптарда меңгерген жазудың заңдылықтары мен тілдің заңдылықтарына теориялық тұрғыдан қарауды үйренеді. «Дыбыс және оның мағынасы», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз тіркесі және оның мағынасы», «Сөйлем, сөйлем түрлері, олардың мағыналары» деген тақырыптар енді оқушыға тіл бірліктерінің семантикалық тұрғыдан танылуы қажеттігін айқын көрсетеді. 5-сыныпта фонетиканы оқытудағы басты мақсатфонеманың сөзбен морфемнің мағынасын ажырататын қызметін таныту. Фонема туралы ұғым қалыптасқан оқушыда жазудың фонематикалық, морфологиялық принциптері туралы түсінік қалыптасуға дайын болады. Жазба жұмыстар мен синтаксистік талдауларды дәстүрлі әдістемеден басқаша етіп түрлендіру және олармен көп жұмыс жасау арқылы оқушыларда жаңа, бұрынғы оқытуда айтылмайтын, тіл жүйесіндегі барлық дерлік бірліктердің, фонемадан бастап, морфема, сөз, сөз тіркесіне шейінгі тіл бірліктерінің, түпкі қызметісөйлем құрылымына қатысу екендігі туралы ұғым қалыптасады. Сөйтіп, «Тілжүйелердің жүйесі» екендігіне ғылыми талдаулар арқылы көз жеткізеді. [3, 79] Мұндай ұғым жасауда оқушылар жаңа біліміне бұрынғы эмпирикалық білімін тірек етуі үйретіледі.
Бастауыш сыныпта фонетика, лексика жүйелерінің сөз тіркесімен байланыстырыла оқытылуына қажетті лингвистикалық және практикалық материалдар дидактикалық қажеттілікпен іріктелінеді. Фонетика тақырыптарын сөз тіркесімен байланыстыруда, дыбыстардың бірізділікпен орналасу арқылы сөз, сөз тіркесі, сөйлем құралуы туралы теориялық топтастырылған ұғымдар жасалуымен бірге, орфоэпиялық нормалардың үйретілуі де дамыта оқытуда үлкен тірек бола алатын жол деп саналады. Лексиканы оқытуда сөз тіркесін байланыстырудың тиімді жолы ретінде біз лексиканың
491
«Сөз мағынасы», «Синонимдер», «Терминдер», «Көп мағыналы сөздер», «Тұрақты тіркестер» тақырыптарына баса назар аудардық. Осы бағытта жасалған жұмыстардың көлемі, негізінен, синонимдерге байланысты болды. Себебі, синоним сөздердің мағыналарының түрлі реңктері, экспрессивтікэмоционалдық бояулары сан қырлы болып оқушылардың теориялық ұғымдар жасауы мен тіл дамуына мол мүмкіндік бере алады. [4, 94]
Бастауыш сыныптан бастап –ақ сөз тіркесін морфологиямен байланыстыра оқытуға зейін қоя бастаған дұрыс. Морфологияны сөз тіркесімен байланыстырыла оқытудың лингвистикалық негіздемесі сөз тіркесінің морфологияға тым жақын екендігі туралы қағидаға сүйенеді, өйткені, сөз тіркесінің жасалуының өзі сөз таптарының синтагмалық қасиеттеріне байланысты. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөздердің барлығы бірбірімен тіркесімдік қабілеттері жағынан, синтаксистік қызметтері болуы жағынан сөз тіркесін оқытуға үлкен тірек болады. Сөз тіркесін дамыта оқытуды морфологиямен байланыстыруда оқушылардың дәстүрлі білім алу барысына өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістер мынадай: дәстүрлі бағдарламада сөз таптарының синтаксистік қызметі тақырыптардың соңғы жағында ғана, сөйлем мүшесі болуы туралы анықтама және мысалдармен беріледі. Ал сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы жалпы сөз таптарының белгілері туралы жалпы анықтама беруді ұсынып, сол маңызды белгілердің бірісөз табының синтаксистік қызметі екндігіне назар аударылады. Сөздің лексикалық, морфологиялық табиғаты лингвистиканың ортақ мәселесі екені белгілі. Ғалымдардың пікіріне сүйенсепк, сөздің белгілі бір сөз табына жатқызылуының өзінде оның (сөздің) синтаксистік табиғаты басты орын алып тұрғанына назар аударылмайды. Мысалы, зат есім болса, оның сыны, саны, сапасы болады. Дерексіз зат есімдер мен сын есімдердің (батыр, қорқақ т.б), тұйық етіс пен зат есімдердің (жүгіру, айту т.б) айырмашылықтары зат есімнің сын есім арқылы анықталатын синтаксистік қасиетіне сүйене отырып танытылды. Мұның өзі оқушылардың дәстүрлі жүйедегідей, морфология мен синтаксисті айырып танудан сақтандырып, тіл жүйесінің тұтастығын тануға жетелейтін жол деп санады. Зат есімнің ішкі семантикалық түрлерінің өзі олардың түрлі тіркесімдік мүмкіндіктері арқылы тануды қажет етеді (ұл бала, қыз бала т.б) [4,23]
Ал сөздердің тіркесімі арқылы ғана сын есімнің, сан есімнің табиғаты танытылатыны бағдарлама мен оқулықта айтылмайды (қызыл көйлек, жеті күн т.б). Сөз таптарының синтаксис болмысы олардың сөз табы болу мүмкіншіліктерін айқындайтын маңызды факторлардың бірі екендігі сөз тіркесін дамыта оқыту бағдарламасында алдыңғы орынға қойылды. Сын есімдердің синкреттік ерекшеліктері, сан есімдердің сөз табы екендігі не еместігі туралы ғылыми көз қарастар оқушыларға ауызша материал түрінде таныстырылуы қажет деп танылды. Есімдіктің тек орынбасар сөз ғана еместігі де, есімдік тек белгілі бір есім сөзді ауыстырушы емес, тұтас абзацтарды да ауыстырып тұратыны тексті оқытумен байланысты түсіндірілді. Етістік сөз табының мүмкіншіліктері мен олардың сөз тіркесін жасау ерекшеліктері зерттеудің лингвистикалық бөлімінде кең талданды. Сол материалдардың дені сөз тіркесін дамыта оқытуда қолданылды. Қорыта келгенде, бастауыш сыныпта сөз тіркесін дамыыта оқыту оқушылардың тіл білімінен базалық теориялық білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении. – М.: Педагогика,1972.
2.Эльконин Д.Б. Избр. Психологические труды. М.,1991.
3.Репкин В.В., Репкина Н.В. Развивающего обучения: теория и практика. – Томск,1997.
4.Рахметова С. Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың негіздері. –п.ғ.д. ғылыми дәр.алу үшін жаз.дисс.авторефераты. – Алматы,1994.
492
Баубекова Ж.Б.
Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда тәрбиелеу мен оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында оқушылардың тілін дамытуда интербелсенді әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Осы тұрғыда жүргізілген теориялық талдаулар зерттеу мәселесінің тәжірибесінде оқушылардың тілін дамыту әдістемесін жетілдіруге негіз болады.
Тірек сөздер: интербелсенді әдістер, тіл дамыту, оқу іс-әрекеті, балалар.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, әлемдік білім беру кеңістігіне бет бұрыс жасауда. Елбасы Н. Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқубілімді жетілдіру арқылы білім экономикасын» атты лекциясында осы мәселені айқындай отырып, былай деп айтқан еді: «Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, Ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктеріне және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді» [1]. Бұл міндетті жүзеге асырудың алғашқы сатысы мектепте болғандықтан, оқушылардың тілін дамытуда интербелсенді технологияларды тиімді қолдану қажеттілігі туындайды.
Интербелсенді сөзі – ағылшын тілінен аударғанда, inter – аралық, бірнеше, action – әрекет дегенді білдіреді. Өзара әрекеттестік әдетте, белгілі бір мәселені шешу, ол шешімінің тиімділігі туралы әңгімелесу, талқылау түрінде өтеді. Ең бастысы, мұндай мәселені шешу үдерісі жауапқа қарағанда маңызды екенін түсіну қажет. Интербелсенді әдістер арқылы балалардың тілін дамыту мәселесіне теориялық талдаулар жасау арқылы іске асырудың әдістемесін жасау мақсаты көзделіп отыр.
Қ.Жарықбаевтың пайымдауынша, қатынас жасуадағы негізгі әрекет түрлері ең алдымен, біліміділік маңызы бар жаңа хабарларлы алмасу болса, екіншіден, сол қарым-қатынас жасау нәтижесінде адамдардың ниет-тілектерінің бағалауы болуы, үшіншіден, белгілі бір іс-әрекеттер жасауға түрткі болатын себептер, - болып табылады [2.107 б]. Бұдан қарым-қатынастың бірнеше сатыларынан тұратын заңдылығын көреміз. Атап айтсақ:
-сөйлеуге даярлық;
-жоспарлау;
-жүзеге асыру;
-бақылау сатылары. Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады.
Қарым-қатынас жасауды қажетсіну бала тілінің дамуына игі әсерін тигізеді. Сонымен бірге, қарым-қатынас барысында бала басқаларды ғана емес, өзін де танып біледі. Әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды. А.Г.Ковалев: «Адамдармен қарым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдық және эмоциялық жағынан байыта түседі, білім тәжірибе, жеке пікір алмасуына өз ықпалын тигізеді», - деген тұжырым жасаған [3].
А.Г. Ковалевтің бұл пікірін көрнекті философ Б.К. Мельвиль де қолдайды: «Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас үдерісінде адамдардың тек өз жеке басын ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да қалыптасады»,- деп қарым-қатынастың адам, қоғам өміріндегі аса маңыздылыңын атап көрсетеді [4]. Бұдан шығатын қорытынды қарым-қатынас арқылы адам өзінің қоғамдағы орнын, өмірлік іс-әрекетін айқындайды, - деген мағынаны білдіреді.
Л.С.Выготский бастауыш сынып жасындағы балалардың есте сақтауын ұзақ жылдар зерттеп, баладағы ойлау көбіне есте сақтауға байланысты анықталады деген қорытындыға келген, ол кіші мектеп жасындағы балалардағы ойлаудың өткенді еске түсіру, яғни өзінің бұрынғы тәжірибесіне сүйенуі екенін, ойлаудың есте сақтауға байланысты дамитындығын айтты [5]. Жас баладағы түсінік логикалық құрылымға ғана емес, есте сақтауға негізделеді. Олай болса, есте сақтау – дамыта ойлау
493
белсенділігінің дәрежесін көрсетеді. Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, есте сақтау өз кезінде тілдің дамуына игі ықпалын тигізеді.
Е.Е. Кравцова бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасында екі кезеңді бөліп көрсеткен. Бірінші кезең, жоғары типті қатынас орнайтын жағдай , онда серіктестік қарым-қатынас тұрақтайды. Екінші кезеңде оқушыларда өзіндік және серіктесінің көзқарасын іс-әрекетінде білдіретін, екі баланың көзқарасының бірлігі өз нәтижесін береді [6, 88 б]. Бұдан шығатын қорытынды, әр баланың мұндай қарым-қатынасы өзінің көзқарасы мен іс-әрекетін екінші яғни серіктесінің көзқарасы мен іс-әрекетімен сәйкестендіреді, бұл жұптық әрекетке түсіреді, екінші жағынан серіктесімен жарысқа түсуге мәжбүр етеді. Өйткені әрқайсысы өзінің көзқарасын қорғайды және оны өткізуге тырысады. Қорыта айтқанда, адам ой әрекетімен ашылған заңдылық, байланыс, тәуелдік қатынастар сөздік және грамматикалық формаларында өмір сүреді. Ой танымның жоғарғы сапасы ретінде де, үдеріс ретінде де бүкіл ерекшеліктері ойлау мен сөйлеудің осы бірлігінен туындайды. Тіл мен ойлаудың тұтастығынан, сайып келгенде, тіл дамыту-ой дамыту болып табылады. Ал логикалық заңдылыққа сүйенсек, үрдістің керісінше жүруі даусыз, яғни ой дамытутіл дамыту деген сөз.
Х.К. Арғыновтың пайымдауынша, «Тіл дамыту баланың ойлау үдерісімен байланысты әрі психологиялық фактор, әрі тіл білімін зерттеу объектілерінің бірінен саналады. Баланың тілін дамыту жеке сөздердің басын біріктіретін сауатты сөйлеуге, жазуға баулу психолигия мен тіл ғылымдарының заңдылықтарымен тығыз баайланысты құбылыс» болып табылады. [7] Ғалымдар пікірін қорытындылайтын болсақ, тіл дамыту мәселесі тек қана лингвистикаға ғана қатысты емес, тікелей психология ғылымымен байлансыты екенін көреміз. Жоғарыда айтылған тіл дамыту мәселесіне байланысты ой пікірлерінің негізгі алғышарты мектепте қаланады. Сондықтанда біз зерттеу жұмысымызда балалардың тілін дамытуда интербелсенді әдістерді қолдануды тиімді деп есептейміз.
Балалардың тілін дамыту мәселесімен айналысқан отандық ғалымдар: Б.Баймұратова, Қ.К.Меңдаяқова, А . Бақреденова, А.С. Амирова, К.М. Метербаева, Ж.Қ. Атыманова, Х.Кожахметова және т.б. Н.Құлжанова «Аналар мектебі» еңбегінде: «сөз әр заттың мәнін бейнелейді, сөзді түсінбес бұрын заттың мәнін түсіну керек, сөз заттардың жеке белгілерін түсіну барысында сыртқа шығады» деген ойы бүгінгі таңда өзінің мәнін жойған жоқ. [8] Біз автордың пікіріне қосыла отырып сабақтардың барлығы дерлік тіл дамытумен тікелей байланыста өтетіндіктен сөзбен сөйлеу барлық білімнің негізгі көзі, деп тұжырымдаймыз.
Б.Баймұратова балалрадың тілін дамытуды зерделей отырып, келесі мәселерді көтерген:
-оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып жауап алу;
-өздеріне сөздік жұмыстарын орындату;
-түбір сөздерді әртүрлі формада қолдана білуге үйрету.
Мысалы:етік, етікші, комбайн, комбайыншы т.б. берілген сөздерге теңеу сөз табу. Мысалы: күз, қоңыр күз, алтын күз, суық күз;
-белгілі бір тақыры бойынша балалардың өздеріне әңгімеқұрастыру,жыл мезгілі, отбасы, достары туралы және т.б.
Суреттермен жұмыс «Күзгі жапырақтар» жеке адам еңбегі, өмірі, табиғатқа байланысты;
-топсаяхатқа шығару;
-дидактикалық ойындар арқалы балалардың тілін дамыту;
-өздерінің көрген –білгендері бойынша әңгімелесу [9.7-8]
Автордың балалардың тілін дамытуға ұсынған жұмыс түрлері бүгінде тәжірибеде басшылыққа алынып отырғанын айта кеткеніміз жөн.
Интерактивті әдістің мақсаты-тек ақпарат беру ғана емес, балаларға жауаптарды өздігінен табу дағдысын меңгерту екендігімен байланысты, қазіргі педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың субъектілік қарым-қатынасты құрылуы, тұлғалық-бағдарды оқыту үдерісі жағдайында интербелсенді әдісті тиімді пайдалану қажеттілігі туындайды.
Интебелсенді әдістер білім беру жүйесінде шынайы келешекке жол ашады, нақтылы: интербелсенді әдістерді кеңінен енгізу сабақтарды көрнекті, динамикалық ұсыну бейнесуреттерді, дыбыс пен ақпараттық ресурстарға қол жеткізу, білім берудің барлық деңгейлерінде-мектептен бастап жоғары оқудан кейінгі деңгелерде компьютерлік оқудың үздіксіздігімен сабақтастығыоқыту үдерісіндегі барлық пәндерде компьютерлік қолдау есебінен; балалардың шығармашылық жеке дара қабілеттерін ашу мен дамыту үшін оқыту әдістемесін, стилі мен құралдарын таңдау еркіндігін
494
қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ғылыми және әдістемелік негізделген базалық білім беру жүйесін құруды іске асыру.
Интебелсенді оқыту әдістері тұлғааралық қарым –қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады». Сонымен бірге сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Қорыта келгенде, жоғарыда таңдалған ғылыми теориялық еңбктердің барлығы дерлікбастауыш сынып оқушларының тілін дамытудың әдістемесін дайындауда зерттеу мәселелері тұрғысынан ұсынған теориялық және әдістемелік ой-тұжырымдарын басшылыққа алуға болады,- деп есептейміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.
2.Алматы -2009. -63-64 бб.
3.Әбдіғұлова Б.Қ. Қазақстан тарихы сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін пайдаланудың әдістемелік жолдары.-Алматы. - ҚазҰПУ,2012.-93 б.
4.Қозғамбаева Г.Б. Тарихты оқыту әдістемесі. –Шымкент., -Нұрлы –бейне баспаханасы, -2008., -204б.
5.Молдағалиев Б., Махимова А. Сатқанова Г. Интерактивті оқыту әдістері. //Қазақстан мектебі -2006., №9.,-15-17бб.
6.Короткова М.В. Методика преподавания игр и дискусий на уроках истории. –М.Владос, 2001. -256с.
УтаршиеваГ.Н.
Алматы облысы, Панфилов ауданы, А. Розыбакиев атындағы ОМ КММ бастауышсыныпмұғалімі
«РУХАНИЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАБАСТАУЫШСЫНЫПТА ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНОҚЫТУДЫҢТИІМДІӘДІСТЕРІ
Аннотация. В статья посвящена изучению интерактивных методов обучения естествознания в начальных классах.
Annotation. The article is devoted to the study of interactive methods of teaching science in primary school.
Дүниетану сабағы “Адам”, “Қоғам”, “Табиғат” білім блоктарын біріктіреді. Оның негізгі мақсаты адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру. Оқушылармен бірге айналадағы табиғатты зерттеу арқылы олардың табиғатқа сүйіспеншілігін және оны бақылауға ықыласын тудыра отырып, мұғалім сынып оқушыларын Отанды, өз өлкесін сүюге тәрбиелейді. Оқушылар өздері тұрған жердің табиғат ерекшеліктерін, әртүрлі аудандарындағы айырмашылықтарымен таныса отырып, бұл айырмашылықтардың себебін анықтайды.
Адам мен табиғат қарым – қатынастарын табиғаттағы халықтың шаруашылық әрекетіне пайдаланумен, село халқы мен қала халқының маусымдық еңбегімен танысу оқушыларды еңбекті және еңбек адамдарын силау рухында тәрбиелеуге көмектеседі. Бастауыш сыныптарда табиғатты зерттеу балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін мол мүмкіндік тудырады. Бастауыш сыныптарды термометр, компос қарапайым тәжірбиелер жасау жөнінен практикалық дағдылар қалыптастырады
[1,64]
Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерешеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұны әр сынып бойынша талдау, балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тауір әдіспен жеткізу керек, сұраққа жауап беру. Дүниетану әдісінің негізгі принциптері
– дидактика және психологияның заңдылықтарына сүйенеді. Дүниетануды оқыту әдісі педагогика ғылым циклне жатады. Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім берусаласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болу үшін дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білу тиіс. Оқыту процесінде жан – жақты тәрбие беруге, баланың жалпы дамуына мән беру керек. Сыныптан тыс дүниетанудан жұмыстар ұйымдастыра және жүргізе білу керек.
495
1) “Адам” блогы: Адам ағзасы. Сыртқы түрі. Сезімдері, өсу және даму жағдайлары. Адамның әрекеті. Оқу біліктері. Өзін - өзі бақылау және бағалау. Оқу кітабымен жұмыс. Коммуникативті біліктері.
“Қоғам” блогы: Адам және басқа адамдар. Этика. Адамның өзін ұстау мәдениеті. Адам еңбегі. Өндіріс. Өнер.
2)“Табиғат” блогы: Табиғи және жасанды денелер және заттар. Табиғи құбылыстар. Әртүрлі заттар мен денелердің қасиеттері. Табиғатты зерттеу әдістері. Жер. Планета. Жұлдыз. Глобус. Карта.
3) Өсімдік және жануар. Тірі ағза. Қылқанжапырақты және жапырақты өсімдіктер. Шөл. Дала. Орман. Тау өсімдіктері. Өсімдіктердің өсуі, көбеюі, дамуы [2,14]
Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұны әр сынып бойынша талдау кіреді. Әдістеменің міндеті – балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тәуір әдіспен жеткізу керек деген сұраққа жауап береді. Дүниетану әдістемесі дидактика принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің, психологиялық заңдылықтарына дүниетану курсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенеді.
Дүниетану оқыту әдістемесі педагогика ғылымдар цикліне жатады. Болашақ мұғалім бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының мазмұнын, балаларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін білуі керек.
Педагогикада оқылатын жалпы дидактикалық принциптердің, пән мақсатына, оқылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетану сабақтарында пайдаланатынын білуі керек.
Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы ұшін, дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білуі керек. Оқыту процесінде жан-жақты тәрбие берудің, балалардың жалпы дамуының, өмірге және еңбекке дайындығына міндеттерін жүзеге асыра білуі керек.
К.Д.Ушинский – дүниетану сабактарында логикалық ойлау мен тілді дамытуға көп көңіл бөлген. Оның ойынша, балаларды оқыту сөздік негізде емес, қоршаған ортадан алған көзқарастарынан құрылу керек. Ол білімді меңгеруге көп көңіл бөлген. Нақты білім оқушыларға нақтылық, жүйелілік және бірізділік принциптері арқылы беріледі. Ол табиғат құрылыстарын зерттеудегі көрнекілік теориясын енгізіп, оны жалпылау негізгі білім көзі болуы тиіс болды. Бастауыш сыныптардағы география мен дүниетануды оқыту бойынша Ушинский көзқарастары “Ана тілі”, “Балалар әлемі” кітаптарында берілген. Кітаптың негізгі міндеті балаларға түсінікті әрі қол жетімді түрде ойларын және білімдерін тәрбиелеу. Барлық кітаптарды жеңілден қиынға принципі қолданылған [3,79]
Герт Александр Яковлевич – ресей мектептеріндегі дүниетану әдістемесінің негізін салушы. Ол Чарльз Дарвиннің ізбасары болып, оның еңбектерін аударған. Ресейдегі алғашқылардың бірі болып жануартану оқулығында Дарвинизм идеясын ұсынған. Өзінің әдістемелік ойларында Герт жаңа технологиялар мен оқытудың әдіс – тәсілдерін, табиғатты өзбетіндік зерттеу жолдарын, балаларды табиғатқа саяхатқа шығару, лабораториялық жұмыстарды атқару сияқты іс - әрекеттерді еңгізген. Ол балалардың табиғатпен тікелей қарым – қатынасын дамыту мақсатында топ саяхаттары міндетті екенін айтты.
Бехтеров Василий Парфилович – бастауыш мектеп әдіскер – мұғалімі, жалпы бастауыш білім беруді жақтады. Көрнекілік әдістерді қолдану арқылы топ саяхаттар мен таза ауада сабақтарды өткізуді міндеттеді [4,71]
Дүниетануды оқыту барысында туған жер туралы балалардың мақаладағы немесе суреттегі негізгі мәселені анықтауға үйретуге болады. Бұл үшін мәтіндегі немесе сурттегі басты мазмұнды анықтауға көмек ететін тапсырмалар мен сұрақтарды пайдаланады.
Оқулықтардағы таблицалар, картиналар, суреттер табиғат құбылысы немесе обьекті туралы жалпы әсер тудырғанымен оларды мұқият көрсетіп, берілген құбылыстың себебін көрнекі түсіндіре алмайды. Осындай жағдайларда тақтаға салынған суреттер, сызбалар мұғалімге жәрдемге келеді.
Дүниетану сабақтарында сурет салу сабақ беруді жандандырып, сабақтың тақырыбын жақсы қабылдауға, оның мазмұнындағы аса маңыздыларын саналылықпен түсінуге көмектеседі.
Мұғалім дүниетану сабақтарында суретті үнемі қолдана отырып, балаларға обьектілер мен табиғат құбылыстарын дұрыс салуды үйретеді.
496
Төменгі сыныптарда мектеп жасындағы кезеңде ойын және оның рөлі біртіндеп екінші кезекке қарай жылжытылады да білім жетекші қызмет атқара бастайды. Алайда бұдан ойын балаларды жетілдіруге әсер етпейді ой тумауға тиіс. Ойын балаларды оқу процесіне жұмылдырып, оларды байқампаздыққа, зеректікке, есте сақтай білуіне, ойлау әрекеттерін дамытуға баулиды. Оларды бұрын алынған білімді тексеруге және бекітуге, сондай ақ оны кеңейтіп, тереңдете түсуге қолдануға болады.
Мұғалім табиғаттану сабақтарында сабақтың мақсатына,оның мазмұнына,оқушылардың біліміне, оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдерге байланысты ойын, жұмбақ, шарада, викторина және т.б ретінде пайдаланылады.
Қызықты материалдар сабақтың барлық кезеңдерінде: сұрау кезінде, жаңа материалды оқып үйренгенде,бекіту кезінде пайдалануға болады.Табиғаттанудан алған білімді және төменгі сынып оқушыларының іскерлігін жинақтап қорыту формасында айқындау қажет болған кезде қызықты материалдарды пысықтауға пайдалану аса тиімді болады.
Табиғаттану обьектілері және олардың қысқаша сипаттамасынан балалардың білімін тексеру мақсатында ойын ұйымдастыруға болады. Оған мынадай тапсырмалар беріледі:
1)Өз ауылында немесе аудан көлемінде шығарылатын коллекциядан пайдалы қазбалардың үлгілерін, гербарийден өсімдіктерді, жануарлар бейнеленген открыткаларды, жеміс -жидектердің муляждарын және т.б жасату.
2)Картаны білуіне байланысты ойындар өткізуге болады.Бұл карта бойынша саяхат жасау, сипаттамасы, фото суреттері және открыткалары бойынша аймақтың табиғи ерекшеліктерін анықтау ойындары.
Мысалы, туған жерінің табиғатын немесе табиғат нысандарын бейнелейтін өлең жолдарын жаттатып, жұмбақтар жасырып, мақал-мәтелдер айтқызып жарыстыруға болады.
Мысалы, Т.Молдағалиевтің: « Балалар гүлдерді жұлмаңдар,
Жұлмаңдар көктемнің бөбегін» -деген өлең жолдарын жатқа оқытып, талдау. Немесе: «Неткен кең байтақ жазира!
Төбе де жоқ, орманда жоқ.
Қайда көз салсаңда аспанмен шектесіп кеткен тегіс жазықтық. Тіпті шекте, шетте жоқ тәрізді!
Кез келген тұсқа қарай жүре бер, жүре бер! (Дала)
Әр түрлі табиғат аймақтарын оқып үйрену кезінде «Табиғат аймақтарын сөзге шақыру» ойынын пайдаланған жөн, балалар ол кезде мұғалімнің жәрдемімен өтілген материалды бекітіп,өз білімін қызықты және ойын түрінде тексеруге мүмкіндік беретін әр түрлі тапсырмаларды іріктеп алады,әрбір звено еліміздің табиғи зоналарының біреуінен материал дайындайды.
Бастауыш сыныпта тапқырлығын дамыту үшін жұмбақтар пайдаланылады. Жұмбақ нәрселердің немесе құбылыстардың біреуін толық болмасада өте дәл сипаттап береді. Адамды қоршаған таьиғат өсімдіктер,жануарлар,жеке табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар жасауға өте зор мүмкіндік береді. Мұғалім жұмбақтарды сабақтың қай кезінде жақсы пайдалануға болатынын ойластыру керек.Мұнымен сабақты қызықты етіп бастауға болады(мысалы, «көктемде гүлдеп,жазда жеміс беремін,күзде солмаймын,қыста тіршілігімді жоймаймын» - оқушылар заттық сабақта қылқан жапырақты ағаштар туралы әңгімелесу кезінде олармен танысқанда бұл жұмбақты түсіндіре алатын болады ).
Кейде жұмбақ бекітуші сұрақтар ретінде «көктемде жайраңдап, жазда сая болады, күзде нәрленіп, қыста қарға бөленеді.»(ағаш)
«Шошытқан жан болмасада, қалтырауын қоймайды» (көктерек), «қыста да, жазда да, тек бір түсті болады» (шырша ) жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ағашар туралы әңгімелесу соңынан пайдаланылады.Жеке табиғат құбылыстарымен танысу үшін мынадай жұмбақтарды ұсынуға болады: «жасыл далада күміс дәнек жатыр шық» (шық), «өзі ұзын өзі нәзік шөпке қонса –көзге көрінбейді (жаңбыр), «мұрынды жыбырлатса қолға ілінбейді» (жел) ұйқас жұмбақтар адамды құлшындырып ,шаршатпайды оларды сабақтарда қолдануға болады. Мәселен, күзгі табиғат құбылыстарын оқып үйренгенде оқушыларға жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды таныстыра отырып мынадай жұмбақтар келтіруге болады: «жеңіл себет ішінен патшадай боп, басын көкке көкжейтіп,беріп бұйрық. Жуан аяқ саңырауқұлақ тұр торсиып, өйткені ол (қозықұйрық)» .
497
Сонымен қатар «қызықты сұрақтар» әдісін пайдалануға болады. Көптеген қызықты сұрақтар балалардан материалды білуді, тапқырлықты, талдай білуді іскерлігін, себеп – салдарлық байланысты түсіндірілулі талап етеді, мысалы:
1)сұр қарлығаштар неге қарлығаштан бұрын ұша кетеді? (Сұр қарлығаштарға жем тамыздан–ақ жеткіліксіз, ал қарлығаштардың қыркүйек те тамағы тоқ болады). Қай ағаштың жапырағы жасыл қалпында түседі? (Бақта – сиреннің жапырағы, орманда – қандыағаштың жапырағы.) Жыл құстары неге көктемде ұя салуға асығады, ал күзде аштық оларды оңтүстікке қуады.)
2)Жаңғақ ағаштың көктемде, жөкенің жазда гүлдейтіні неліктен?
(Жаңғақ ағашы жел тозаңдандырады, ал жөкенің гүлі аралар арқылы тозанданады.) Көктемгі гүлдердің қайсысы түсін төрт рет өзгертеді? (Балшықтардың гүлі. Ол гүлін қызғылт түспен ашып, бірнеше күннен соң қан қызыл болады да, соңынан күлгін тартып, гүлдеп біткенде күлте жапырақшылары көк түске айналады) [5,58]
Қорыта келгенде, бастауыш сыныпта дүниетану сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың танымын, сөйлеу және ойлау дағдыларын қалыптастырумен қатар, олардың бойында елжандылық қасиеттерді дамытуға болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Н.А.Волгина. Организация, формы и методы проведения учебных занятий и самостоятельной работы: требования, условия, механизмы:Учебно методическое пособие / Под ред. Н.А.Волгина.Ю.Г.Одегова. –М.:Изд-Рос.экон.акад., 2004– 136с
2.Рысбаева А.Қ. Білім алушылардың оқу-танымдық іс –әрекеті табыстылығын интерактивті оқыту арқылы қалыптастыру: Оқу-әдістемелік құрал./ Рысбаева А.Қ., Құлмышева Н.А., Исмайлова А.Т.,ТұңғатоваН.Ә. –Алматы,2010– 221б
3.Ушинский, К.Д. Человек как предмет воспитания. Опыт педагогической антропологии Текст.: педагогические сочинения в 6 т. / К.Д. Ушинский / сост. С.Ф Егоров. М.: Педагогика, 1990. т.5 528с.
4.Бехтерев, В.М. Вопросы общественного воспитания (в сокращении) Текст. // Антология педагогической мысли второй половины XIX — начала XX в. / сост. П.А. Лебедев. -М.: Педагогика, 1990. С. 501-508.
5.Бағиева Ш.М. Интерактивті әдістер – өмірлік дағдыны қалыптастырудың тетігі / Бағиева Ш.М //- Білім – 2007– №6 –
57-60б
Икапова Д.С.,
пед. ғ.к. ассоц.профессор
ҚАЗАҚ ТІЛІН МАМАНДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ОҚЫТУ
Аннотация. Известно, что расширение и развитие социальной функции казахского языка, его использование в науке, производстве и сельском хозяйстве связано с будущей профессией студентов. В статье рассматривается роль упражнений в развитии профессиональной подготовки будущих специалистов, предлагается система задании, что позволяет использовать язык в профессиональной деятельности.
Annotation.It is well-known that the extension of the social role of the Kazakh Language and its dynamism in science, business and agriculture is associated with the future profession of the students. The Article deals with the drillwork in the development of the future specialists with some special tasks to be consolidated in the professional activity.
Көптілділік мәселесі-Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл елдің алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі, себебі жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай «..барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25%-ағылшын тілін меңгеруі тиіс» делінген.
Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде(қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.
498
Көптілді білім берудің қажеттілігін түсіну Еуроодақтың тіл саясатының қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып, болашақ кәсіби салада тиісті лингвистикалық біліктілікті қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарында, ішінара шет тілінде оқуды қошеметтейтін қағидаларынан да қолдау тапты. Еурокомиссия Еуроодаққа мүше елдердің білім беру жүйелеріне «ана тілімен қоса екі шет тілі» қағидасының енгізілгенін жариялағаны белгілі.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда, оның ғылымда, елдің өндіріс және ауыл шаруашылық салаларында, халықаралық байланыстарда қолдану аясының дами түсуі студенттердің болашақ мамандығымен тығыз байланысты. ЖОО бітірген жас маманэкономиканы ілгері дамытатын болашақ маман. Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасады. Кәсіби қазақ тілін меңгерту бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік қажеттілікпен сәйкестендірудің маңызды алғышарты ретінде мәселе болып саналады. Кәсіби қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ұтымды жақтары: кәсіби қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алады, кәсібіне байланысты жинаған лексикалық сөздік қорды сұранысына қарай пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлердің толық, анық жеткізу дағдысы қалыптасады, қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі; күнделікті өмірде ресми-іскери қатысымдық сөйлесуге тән тілдік бірліктерді меңгеріп, мамандыққа қатысты іс-қағаздарды жазуды үйренеді; болашақ маманның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына, өз мамандығын саналы игеруге мүмкіндік туады. Қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытуда жүргізілетін жаттығу жұмысының мәні зор. Жаттығулар тілді үйрететін негізгі құралдардың бірі болып табылады. Студенттер бағдарламаға сай оқулық материалдарын меңгергендерімен, жаттығу жұмыстары тиянақты жүргізілмесе, білім тиянақты болмайды, үйренгендерін тез ұмытып қалады. Сондықтан да оқытушы студенттерге сапалы да терең, берік білім берумен қатар жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын да тиянақты жүргізіп отыруы тиіс. Жаттығу нәтижесінде студенттер алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы студенттер өздерінің алған білімдерін нығайтып, нақтылап қана қоймайды, сонымен бірге өз беттерімен жұмыс істеуге, жаттығу кезеңінде үзіліссіз талдау, жинақтау жұмысын жасайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді. Грамматиканың заңдылықтарын меңгеріп, оны сөйлеуде қолдану арқылы ғана байланысты ойды білдіруге болады. Бірақ грамматикалық заңдылықтарын жатқа білгенмен, оны сөйлеуде қолдана алмаса, ол да тіл білгенге жатпайды. Сондықтан да тіл үйрету, тілдік нұсқаларды студентке білгізу және олардың сөйлеуде қолдануын меңгерту жаттығудан басталады. Жаттығуларды ғылымда екіге бөледі: тілдк жаттығулар және сөйлеу жаттығулары. Тілдік жаттығулардың міндеті тілдің грамматикалық материалын студентке меңгерту. Тілдік жаттығулар тілдік тұлғаны таныстырады, оны қолданып үйренуге жаттықтырады. Сөйлеу жаттығулары тек жаттығуларда меңгерілген тілдік материалды керек кезінде, айтылатын ойға байланысты студент орынды қолдана алатын болуын көздейді. Сөйлеу жаттығулары қарым-қатынас жасауға бағытталады. Оған сұраққа жауап беру, өзі сұрақ қоя білу, тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану, орысшадан қазақшаға аударып, тақырып бойынша шағын әңгіме құрастыру, жоспарланбаған, дайындалмаған тақырыптарда сөйлесу т.б жатады. Сөйлесу жаттығуларын барысында қазақша сөйлеуге студент әбден жаттығады, сөйлеу автоматты түрге көшеді. Мысал ретінде, болашақ қаржыгерлерге арналған «Жарнама» атты мәтінді алып жаттығу жұмыстарына тоқталайық.
Жарнама Жарнама маркетингтік қызметтің бір элементі болып саналады. Жарнама тауарлар мен
қызмет көрсетудің әр түріне сұранысты өсіру мақсатымен таратылатын ақпарат. Жарнама фирма мен оның өнімдерінің беделін қалыптастыруға көмектеседі. Сол сияқты тауардың тұтыну қасиеттерін, оның тез сатылуына ықпал ету мақсатымен үгіттейді. Жарнама барлық каналдар арқылы таратылады. Жарнама материалдары тұтынушылардың қолына тікелей әкеліп беріледі, пошта арқылы жіберіледі, каталогтарда, даңғылдарда құлақтандырылады, теледидар арқылы жарияланады. Соңғы кезде телекс пен телефакс арқылы жіберілетін жарнамалар дамып отыр. Қонақ үйлердің, әмбебеп дүкендерінің, банктердің, сақтандыру компаниялардың, саяхат бюроларының жұмыстарын бейнежүйе арқылы жарнамалау кеңінен тарап отырғанын көріп жүрміз. Тіпті, жарнамаларды көліктердің сыртынан да көруге болады. Жарнама материалдары не өнімдерге, не фирманың имиджін құруға бағдарланады.
499

Тапсырма №1. Мәтінді оқып, аударыңыздар.
Глоссарий
қазақ тілінде |
орыс тілінде |
ағылшын тілінде |
тарату |
распространять |
spread |
сапасы |
качество |
quality |
насихаттау, үгіттеу |
агитировать |
make propaganda |
ақпарат |
информация |
information |
баспасөз |
пресса |
the press |
қызмет |
деятельность |
activity |
айналыс |
оборот, обходный |
reverse money |
бақылау құралы |
средства наблюдения |
means observe |
сұраныс |
спрос |
demand |
өнім |
продукция |
production |
тұтынушы |
потребитель |
consumer |
Тапсырма №2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Жарнама дегеніміз не?
2.Жарнама не істейді?
3.Жарнама қалай таратылады?
4.Жарнаманың кең таралу түрі
5.Сіз қалай ойлайсыз, бүгінгі өмірге жарнама керек пе?
6.Жалпы жарнамаға қалай қарайсыз?
7.Сіз жарнамамен айналысқыңыз келеді ме?
Тапсырма№3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
1.Жарнама-маркетингтік қызметтің бір элементі.
2.Жарнама фирманың беделін қалыптастыруға көмектеседі.
3.Жарнама теледидар арқылы жарияланбайды.
4.Соңғы кезде телекс және телефакс арқылы жіберелетін жарнамалар дамуда.
5.Бейнежүйе арқылы жарнамалар дамымаған.
6.Жарнамалар көліктің сыртында да бар
Лексикалық тренинг Жарнама – қазіргі активті қолданыстағы терминдердің бірі. Оның мағынасы выкрикываю деген сөзге сәйкес келеді. Европалық тілдерде бұл сөздің сату, коммерция деген сөздерге қатысы бар.
Қазақ тіліндегі жарнама екі сөзден тұрады: жарнама. «Нама» - араб-парсы 4тілдерінде-тапсырма«жазылған. Оқып, аударыңызсөз» деген мағынаны. білдіреді. Ал «жар» сөзі хабарлау деген мағынада.
Салыстырыңыз: жария – жариялау – жар салу – жарлық.
В наше время реклама занимает особую роль. Сейчас очень сложно представить рынок и
конкуренцию без рекламы. Реклама является одним из элементов маркетинговой деятельности. Цель рекламы агитировать и привлекать покупателей к какому-либо товару. Проводником рекламы является слово. Поэтому в рекламе слово короткое и ясное. Сейчас существует много рекламных агенств. Рекламы можно встретить на улицах города, в газетах, журналах. Хорошие рекламы видим по телевизору, но некоторые из них бывают не привлекательные.
Во многих рекламах можно взять всю полную информацию.
- Я долгое время не могла найти хороший вкусный чай. Купила недавно в магазине прорекламированный чай «Ассам» .. Вкус, запах и качество хорошие.
- Почему? Сейчас очень большой выбор чая, не так ли?
500