
87
.pdfАлмекеева Э.Е.
Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия Бастауыш сынып мұғалімі
БІЛІМ НЕГІЗІ БАСТАУЫШТА
Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыруөмір талабы.Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп осы негіздің негізі түп қазығы. Бастауыш сыныптағы әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзінің әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттырып, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат мүддесін айқындап, жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оқу үрдісінің жемісі болып табылады.
Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Осыған байланысты оқушыларының танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, моральдікпсихологиялық тұрғыдан қамтамасыз әлеуметтік міндет болып табылады.Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін одан әрі жетілдіріп, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Яғни, бүгінгі күні мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндет – оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыруға жағдай жасау. Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан да әр адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асырылуы тиіс. Бастауыш сынып – оқушы дамуының іргетасы, сондықтан бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы осы бастауыш сынып кезеңдерде қаланады. Әр оқушының өз елін, тілін, дінін, мәдениетін танып білуіне олардың дүниетанымын қалыптастыруға мұғалім жағдай жасайды. Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады.Адам, табиғат, қоғам арасындағы және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар тырнақ алды мағұлматты бастауыш сыныбында танысады. Бастауыш сыныпта оқушының таным процесі тез дамиды. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының көру және есту сезім мүшелері арқылы қабылдауымен есте сақтау қабілеті жоғары дәрежедеболады.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілік мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетанымның көзі – білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түседі. Осы арқылы адам, заттар мен құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады. Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи – құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Қоршаған дүние жайлы көзқарастың қалыптасуы – танымға байланысты. Кез-келген тарихи кезеңдерде дүние, табиғат, оның түрлері, құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады ғой. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін келесі жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады:
1.Сөздік жұмысын жүргізу барысында оқушыларға дүниетанымдық сөздердің мағынасын ашып, мәнін түсіндіру арқылы дүниетанымдық сауаттылығы мен мәдениеттілігін, тіл байлығын дамытып, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырылып отырады.
2.Оқушының дүниетанымдық зердесін кеңейтіп, оқушының таным белсенділігін арттыру мақсатында әр түрлі тақырыпта кітапшалар.
3.Мұны білесің бе?
4.Дүниетанудан үлестірмелі қағаздарбұл табиғатта өзін ұстай білу, жүру ережелері негізінде құрылған, табиғатты қорғау, қызықтау мақсатында салынған мазмұнды суреттеу.
481
5.Нұсқаулар ұйымдастыру. Әрбір нұсқаудүниетанымдық мәдениеттілікті дамытуға бағытталған кішкене бір жұмыс бөлігі, қысқа мерзімдік,күнде өзгертіп отыруға болады. Ұсынылған нұсқаулар бастауыш сынып оқушыларына тартымды, қызықты болады.
6.Сыныптан тыс жұмыстар: баспасөз конференциясы, танымдық кеш, тапқырлар сайысы т.б. өткізу.
7.Ертегілер бойынша көрініс қою. Өсімдіктер жануарлар тіршілігін қорғау, аялау,сақтау көзқараспен қарап, адамзаттың табиғатқа тигізетін әсерін көрсету.
Табиғат - балалардың дүниетанымын, ақыл-ойын, тілін, танымдық қызығушылығын қалыптастырудың құралы. Оқушының ойын дамыту интеллектуалды және эмоционалды жағынан жетілдірудің негізгі жолы табиғат жайында жүйелі білім беру керектігін ескеру қажет. Балаға табиғат құбылыстарын бақылатып, көргенін ой елегінен өткізіп қабылдауын, ойын, тілін дамытуды басшылыққа алу әрбір ата - ананың, ұстаздың мақсаты. Заттардың, құбылыстардың өзгеруін, өлі және тірі табиғаттың, жануарлар мен өсімдіктердің, сыртқы ортаға бейімделуін, мекендеуін, көбеюін жүйелі түрде ұғындыра отырып, біріншіден, әр объектінің өзгеруін, екіншіден, қимыл-қозғалысын, үшіншіден, пішінінің өсіп-дамуындағы ерекшеліктерді байқайды. Егер бала осы негізгі қасиеттерді меңгерсе, жыл мезгілдеріне байланысты ерекшеліктерін көріп, байқап, сезіп, көрнекі-бейнелік ойы жетіліп, сөздік-логикалық ойының дамуына да жол ашылады. Ол үшін біз балалардың есте сақтауын, көргенінің дұрыс немесе дұрыс емес екендігін ажыратып, айтып отыратындай танымдық қабілетін дамытатын жұмыс жүйесін жүргізуіміз қажет. Балалардың сабаққа, оқу материалына, танымдық ісәрекетке қызығушылығын белсендіру үшін сабаққа жаңалық және баланы қызықтыратын жағдаяттарды енгізіп,оқушының білім дәрежесіне, ерекшелігіне сәйкес келетін қиындықтар, кедергілер жасап, өз бетінше орындайтын әр түрлі жұмыстар, дидактикалық қызықты ойындар ұйымдастырып, бала өз шығармашылығының қуанышын сезуге мүмкіндік жасау тәсілдердін пайдалану;
Балалардың өзіндік ізденісіне, ойлануына жағдай жасау; Балалардың шамасы жететіндей қиындық деңгейінде оқыту;
Дидактикалық ойындар,логикалық жаттығулар, танымдық әңгіме әдісін пайдалану.
Мұндағы негізгі мақсат - балалардың ойлау қызметіне, танымдық белсенділігіне, дүниетанымын қалыптастыруға бағыт-бағдар беру. Балалардың дүниетанымын қалыптастыруда оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық оқыту әдістерінің барлығын пайдаланып, оқушының өзіндік ізденісіне жағдай тудырып отыру қажет. Бала үнемі табиғат құбылыстарын бақылай отырып, ата-анасына, үлкендерге танымдық сұрақтар қояды. Мысалы: қар қалай пайда болады? Жапырақтар неге түседі? Жаңбыр қайдан пайда болады? Неге барлық ағаштар гүлдемейді? Жеміс салмайды? Балалардың мұндай сұрақтарына жауап беру әрбір ата-ананың, ұстаздың міндеті, тек жауап беру ғана емес, қоршаған ортаны танытып, баланың дүниетанымын кеңейтуіміз керек. Сабақта табиғат құбылыстары мен заттары туралы жазылған әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, т.б. Көркем шығарма туындылары, түрлі-түсті суреттер, диафильмдер, көрнекі құралдар кеңінен пайдаланылады.
Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады. Табиғат - адам баласының материалдық және рухани қажеттiгiне жарайтын ең негiзгi байлық, себебi қоршаған орта барлық адамдарға ортақ. Табиғаттың таза және әсем болуына бастауыш сынып оқушылары сендер де үлес қосасыңдар деп айтуымыз керек. Сабақта оқушыларға табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырып қана қоймай, оларды қорғап, оның байлықтарын тиiмдi пайдалану жұмыстарын сыныптан тыс жұмыстар арқылы көрсетіп отырсақ, сабақта ауызша айтқанымызды тәрбиемен байланыстырып жүргiзiлетiн жұмыстар арқылы баланың көзін жеткіземіз.Сондықтан баланың шығармашылык қабілетін дамыту үшін тиімді тәсілдер қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп, оқушылардың өздеріне талдату, салыстыру, жалпылау тұжырымдар жасатамыз. Оқушыға өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін оятып, жаңа рухани күш беру білгімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісі, оқушының болашаққа деген сенімділігін артыратын, білім берудің баспалдағы бастауышта. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту.
482
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Б.И.Иманбекова А.Т.Мадиева Бастауыш мектептің өзекті мәселелері 2007ж.
2.«Бастауыш мектеп» журналдары 2011/2018 жылдар
3.Бұлақбаева М.К., «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» – А., 2005жыл.
Ахметбекова А.А.
Қ.А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ БЕЛСЕНДІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын көрсетіп береді. Жеке тұлғаға деген қалыптың күшейе түсуі қазір дүние жүзінде білім беру саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей түсуіне себеп болып отыр:
-білім берудің статистикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің көп сырлы құрылымын қалыптастыруға көшіру;
-оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттер құралын белсенді меңгеруге бағыттау;
-оқыту процесін жеке тұлғаның мүддесі мен қажеттілігіне бейімдеп болашақта өзгермелі қазіргі замандағы қоғамға толық мүмкіндігінше өзін-өзі жүзеге асыруы.
Бала белсенділігі туралы XLI-XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер (Я. А.Коменский, Ж.Ж.Руссо) және бұл ұстанымдарды А.Дистервегтің, К.Д.Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылықпен расталады (И.В.Сеченов, В.М.Бехтеров, И.П.Павлов, Л.С.Вгодский, С.Л.Рубинштейн, А.Леонтьев). Осы зерт теулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекеті барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген қорытындылар жасалынады. Демек жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше. Шынымен-ақ, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын. Адамның белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті.
Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұнын өзгертіп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекетіне үңіле қарап, үйренеді,оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеу рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балалардың ойындарда адамдардың іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі. Ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнуға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге бпғындыруға, керексіз әрекеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Әртүрлі ойын баланың дүниетанмын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бпстайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. 5-6 сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін уң алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді. Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттың, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б.) өалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құбылысын, пайдалану тәсілдерін
483
білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады.
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдары мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Жеке адамның санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі еркеше орын алады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздей талаптанып әртүрлі әрекет жасайды.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу тәрбие жұмысының барысында сана сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету-мұғалімнің басты міндеті.
Кеңес педагогикасында адамның қоғамдық саяси белсенділігі күрделі моральдық – еріктік сана ретінде қаралады. Онда қоғамдық жұмысқа деген ынтасы, тапсырманы орындаудағы жауапкершілігі,морындаушылығы мен иницативтілігі, өзіне және жолдастарына талап қойғыштығы, қоғамдық тапсырмаларды орындаған кезде басқаларға көмектесуге әзір тұруы, ұйымдастырушылық іскерлігінің болуы осылардың барлығы бірінен-бірі ажырамастай ұштасып жатады.
Осы көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының қоғамдық іс-әрекетке қатынасы және оның белсенділік дәрежесін сипаттайды. Кейбір жеке оқушыларда бұл көрсеткіштердің көрінуі түрліше болуы мүмкін және жас ерекшеліктеріне, сондай –ақ мектеп оқушыларының жеке бас тәжірибелеріне және белсенділік дәрежесіне байланысты. Коллективте қоғамдық жұмысқа деген ынтасы тұрақты дамыған оқушыны әрқашанда кездестіруге болады, олар мұғалімнің айтуынсыз-ақ оған кірісіп кете береді, өйткені олай істемей тұра алмайды. Бірақ мұғалім алдында, жолдастары алдында өздерін мадақтау мақсатында тек өздері үшін ең қызықты нәрселерді ғана жасайтындарда аз кездеспейді.
Тапсырманы орындау үстінде бір оқушы өзі жауапты бола тұрып, тапсырманы басқаларды да мәжбүр етуі мүмкін, екіншісі өзі ұқыпты орындайды, бірақ жолдастары туралы ойламайды, ал үшіншісі өзгелерді бар ынтасымен құмарландырады, бірақ өзі еш нәрсе істемейді. Бұл қоғамдық белсенділіктің түрлі компониенттердің дамуындағы теңсіздіктерді тәрбиелеудің нақтылы процесінде ескеріп отыру, сөйтіп, ос арқылы кейбір оқушыда нашар, немесе мүлде дамымаған жақтарына ықпал жасау керек.
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс « адам пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзін белсенді (активті) түрде өзгерте алатын» деп жазған болатын. Бұл тұжырым тәрбие процесін ұйымдастырудың маңызды жолын ашады. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И.Г. Песталоцци, Я.А. Коменский, Ы. Алтынсарин, т.б.)жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылыққайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Дьюидің жетекші қағидасының айтуы бойынша оқыту процесінің белсенді қатысушысы болатын оқушы мінездемесін анықтайды. Дьюи бойынша оқушы егер « өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра» алса, белсенді болады( S.M. Fishman, L. McCarty, 1998). Бұған қалай жетуге болады? Бұл айналаны белгілі бір мақсатпен зерттейміз және
оның барысында алдағы ізденістерге қажет болатын жаңа |
жетістіктерге жету жолдарына |
|
үйренгенімізде орын алады деп есептейді ол. Оқушыға оқырманның |
қызығушылығын арттыратын |
|
дұрыс проблемаларды ; сонымен қатар оқу бағдарламасына |
енген |
материалды оқу барысында |
меңгерілетін және нәтижелерге әкелетін проблемаларды оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе. Онда Дьюидің айтуына сай, оқыту мектептен тыс білім сияқты эмоционалдық күшке ие болады( S.M. Fishman, L. McCarty, 1998).
С. Фишман айтуынша сыныптағы мүдде мен жігер механизмін Дьюи келесі тұрғыда көрсетіледі: 1. Не үшін? Балалар «не үшінсіз» мектепте үйреніп жақаны мен өзінің болашағының
арасындағы ұзындықты құрастыра алмайды.
2. Неменеге? Оқушылар оларды мақсатқа жету үшін не көмектесетінін анықтау керек. Егер сен біреудің сенімін өзгерткің келсе, онда сен көрсетілген ақпараттар нақты неге назарын аударуды ұсынатындығыңды көрсету керек. Пән мен материал мақсатқа жетудың қажеттілігі мен мағынасы болу керек.
484

