Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

шындығына, рационализмді дамытуға ықпал жасауда. Бұл үнемі артқа, бұрынғы білімге оралып отыру деген сөз.

Білім берудегі тоқырауды талдау адамның шығармашылық және рухани-лылығына бағытталған жаңа білім беру парадигмасын жасау қажеттілігін тудырды. Білім беру тәжірибесіндегі негізгі міндеттер қоғам мен табиғат заңдарын оқытып қана қоймай, «адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі антропоцентистік бағыттағы қарым-қатынас ізгілігі мен шығармашылық жаңарудың әдістемесін меңгеруге көмек болып табылады. Бұндай міндетті басты мақсаты адамның шығармашылық әлеуетін дамыту және сақтау болып табылатын инновациялық білім беру ғана жүзеге асыра алады. Шығармашылық қабілеттерді дамыту бұрын да білім берудің мақсатты қондырғысы ретінде қарастырылған. Бірақ, бұның өз мақсатына жетпеу себебі білім беру жүйесінің тұлғаның шығармашылық әлеуетін басып тастауында болды.

Бүгінгі таңда өткен кездің қатесін біліп қана қою аз. Ең маңыздысы, қай бағыт бойынша қозғалудың дұрыс, тиімді болатыны. Осындай бағыттардың бірі инновациялық креативті білім беру. Ол ХХІ ғасыр білімі болып есептелетін педагогикалық - психологиялық білім қортпасына негізделген. Инновациялық креативті білім берудің негізгі қағидалары шығармашылыққа дайындалу; техносфера бірліктерін жобалаудан әрекетті жобалауға көшу; шешімдердің көп қырлылығына, өз әрекетіне адамгершілік жауапкерлікпен қарауға бағытталған дүниетанымын қалып-тастыру; тиянақталған білім жүйесін қалыптастыру мақсатында пәнаралық байланысты жүзеге асыру; зияттылық әрекет пен ойлауды дамыту.Сөйтіп, инновациялық білім беру қалыптасқан жүйеге қосымша болып қана қоймайды. Ол білім беру жүйесі мен әлеуметтік құрылымдарда өз орнын тапты.

Психологиялық сөздікте шығармашылық – жаңа құндылықтарды, әсіресе материалды және рухани құндылықтарды құру процесі ретінде анықталынады. Мәдени – тарихи құбылыс бола отырып, тұлғалық және процессуалды психо-логиялық аспектіге де ие. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады.Американдық психолог Фромм анықтамасы бойынша шығармашылық дегеніміз – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті [2].Тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып және іс - әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге жағдай туғызатын шығармашылықты оқытушы.

Жалпы педагогикалық процесте шығармашылық мәселесі маңызды орын алады. Озат ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды. Бұл мәселе белгілі психологтар мен ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубин-штейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Слас-тенин, А.В. Крутецкий, Ю.Л. Львова, республикамыздағы танымал ғалымдар М.М. Мұқанов, Н.Д. Хмель, С.В. Илларионов еңбектерінің өзегі болып табылады. Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В.И. Загвязинский, В.А. Кан – Калик, Н.Д. Никандаровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады.

Тұлғаның шығармашылығы қоршаған әлемді өзгертіп, жаңа небір құнды-лықтарды құра алатын өзбетті, әрі белсенді тұлға формасы ретінде анықталады.Қоғамдық маңызы бар шығармашылық қоғам мен елдің процесін анықтайды.Д.Б. Богоявленская тұжырымдамасына сай шығармашылық адамның бастамасы бойынша кез – келген іс - әрекет түрінің дамуы мен анықталады [3].Н.С. Лейтес шығармашылық қабілетті зият деңгейінің көрінісі ретінде тұлғаның тұтастай ойлау қабілетінің дамуы ретінде сипатталады. Зерттеуде әр жастық шақтағы шығармашылық қабілеттің өзінше көрінуі қарастырылған.Е.М. Мазалевская шығармашылық феноменін тұлғаның өзіндік жүзеге асырылуы мен дамуы ретінде түсіндіреді. А.М. Матюшкин зерттеушілердің (Н.С. Лейтес, Б.М. Теплов, В.А. Крутецкий, Е.И. Игнатьев, Э.А. Голубаева, В.М. Русалов, И.В. Равич – Щербо, А.В. Запорожец, Н.Н. Поддъяков, А.В. Брушлинский, Т.В. Кудрявцев, Дж. Берлайн, Я.А. Понамарев т.б.) жұмыстарына сүйеніп, шығармашыл дарындылық тұжырымдамасын шығарған. Автордың пікірінше,

461

дарындылықтың психологиялық құрылымы адамның шығармашылығы мен шығармашылық дамуының негізгі құрылымымен сәйкес келеді [4].

Шығармашылық әлеует – дарындылық негізінің дамуы.А.М. Матюшкин шығармашылық дарындылықтың жасанды құрылымын бөлген, мұнда негізгі құрылымдық бөліктерге енеді.А.М. Матюшкин дарындылық, таланттылықты шығармашылық іс - әрекеттің ерекшелігімен, шығармашылық туындауымен сипаттайды.Теоретикалық тұжырымға сәйкес дарындылық бастысы және оның дамуын тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері құрайды.Е.П. Торренс өзінің жұмысын көп жағдайда Дж. Гильфордтың дивергентті ойлау теориясына негіздеген. Дж. Гильфорд дивергентті ойлауды проблеманың шешімін табудағы сонылы және ерекше идеяларды құру процесімен байланыстырады.Шығармашылық ойлауға қабілет міндетті болып табылады, бірақ адамның шығармашылық жетістігі үшін аса жеткіліксіз жағдай болып саналады.Көптеген авторлар шығармашыл дарындылық мәселесін зерттеуде шығар-машылық адамды функциялағанда тұлғалық фактор жоғары ролді ойнайды деген.Креативтілік нормативті процесс ретінде танылады, яғни барлық адамдарға тән. Креативті жаттықтыруға болады. Психологиялық диагностикалау лабораториясымен қатысушылардың шығармашылық ойлауы зерттелінген.

Шығармашылық – пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі, болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары түрдегі ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс - әрекет тәсілінің құрамды бөлігі бола тұра, ол шеберлік пен бастаманың міндетті шарты ретінде шығармашылық іс - әрекет деңгейіне дейін көтереді.Педагогикалық шығармашылық – оқу – тәрбие міндеттерін мұғалімнің сонылы, жоғары тиімділікпен шешуі, тәрбие мен оқыту теориясы мен тәжірибесін байытуы.

Мұғалім еңбегі – ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты бірліктерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы, дайындығы мен табиғаты әр түрлі балаға білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру – жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.

Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәсе-лені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:1) педагогикалық ойдың пайда болуы; 2) түпкі ойды талдау; 3) педагогикалық ойды әрекетке айналдыру; 4) шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В.А. Кан – Калик, Н.Д. Никан-дров);1) жаңалықты көру; 2) педагогикалық өнертапқыштық құрастыру, үлгілеу; 3) жетілдіру (В.И. Загвязинский). Бұл кезеңдерде қызығушылық, зият, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.

Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағаттануы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды түрткінің қалыптасуы, тағы басқа орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл – ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдап алу, көңіл-күйінің бір қалыптылығы, шыдам-дылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік ұстаным. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы үшін әдіснамалық қағидалардың негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады. Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар Б.Г. Ананьев, А.И. Леонтьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский оны төмендегідей сипаттайды. Әрекет – іс – қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекет адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және түрткі, мақсат, құрал, амал – тәсіл, нәтиже, рефлексия.

Қазіргі педагогикалық технологиялардағы жаңашылдықты тану тиімді қолдану барысында мұғалімнің шығармашылық әлеуетіне негіз болатын қасиет – сапалары іске қосылып, танымдық

462

процестерді өн бойына өткізеді. Өйткені кез келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып есептелінеді. Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал, педаго-гикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интуитивті түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының іргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыра алу – сөзсіз, шығар-машылықтың нәтижесі.

Қорыта келе айтарымыз, «шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекет» деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық, әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын дамытады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. – М., 1996.

2.Фромм Э. Человек для себя. – М., 1992.

3.Богоявленская Д.Б. Пути к творчеству. – М., 1981.

4.Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. – М., 1972.

Абдрахманова Ж.Ә

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ф. ғ. к., доцент

Адишева З.Ө.

Алматы қ., №119 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ҮЙРЕТУ: ЛИНГВОЕЛТАНУ, ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚОЛДАНУ

Аннотация. Главным элементом, которому посвящена данная статья, является лингвострановедение. Введение лингвострановедческого аспекта с целью формирования лингвострановедческой компетенции в процессе обучения казахского языка как иностранного разнообразит ход занятии, повышает заинтересованность учащихся в овладении казахским языком, помогает формировать речевые умения и навыки.

Abstract. The main element to which this article is devoted is linguistic research. Introduction of the linguistic and cultural aspect to form linguistic and cultural competence in the process of teaching Kazakh as a foreign language diversifies the course of the lesson, increases students' interest in mastering the Kazakh language, helps to form speech skills

Лингвистикада тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттесуін кешенді оқыту ХІХ ғасырда қалыптасты. Тілді үйренудің мәдениеттанымдық және этнолингвистикалық негіздері В. фон Гумбольдт еңбектерінде қаланды, ол «тіл – адамның сыртқы құбылыстар әлемі мен ішкі әлемі арасында жатқан дүниесі» деп санады. [1: 304]. В. фон Гумбольдт «О различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человечества» атты еңбегінде: «Әрбір тілдің өзіндік дүниетанымы бар. Зат пен адамның арасындағы жеке дыбыстар секілді, тіл де адам мен табиғаттың арасында оларға сырттай және іштей әсер етіп тұрады... және әрбір тіл өзіне тиесілі халықтың төңірегінде айналады және одан шыққан адам бірден басқа тіл шеңберіне кіреді» деп жазады [1:80].

В. Гумбольдттің идеялары көптеген елдерде қолдау тауып, түрлі бағытта зерттеле бастайды. ХХІ ғасырдың лингвистикасында тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттесуінің түрлі аспектілерін зерттейтін онға жуық бағыт пайда болды:

1. Лингвомәдениеттану (Телия В.Н., Маслова В.А., Гак В.Г., Степанов Ю.С.) Лингвомәдениеттану тілдік бірліктерде мәдениет сақталатын және трансляцияланатын әдістерді зерттейді. Лингвомәдени тәсіл тілдің кумулятивті функциясына сүйеніп, оның арқасында халықтың тәжірибесі сақталып,

463

беріледі. Бұл ретте тіл мәдениет феномені, әлемнің ұлттық көрінісі, ұлттық менталитет ретінде оқытылады.

2.Этнолингвистика (Гумбольдт В., Тайлор Э., Сепир Э., Уорф Б., Зеленин Д.К., Потебня А.А., Афанасьев А.Н., Толстые Н.И. и С.М.). Этнолингвистика тілдің халық мәдениетімен, халық дәстүрлерімен байланысын зерттейді. Этнолингвистиканың зерттеу нысандары: мифтер, салтжоралар, халық күнтізбесі, демонология, сенімдер, халық фразеологиясы және салт-жоралық мәтіндер (әндер, сөз байлықтары), символика, метафор жүйесі және дәстүрлі рухани мәдениетінің басқа да түрлері мен бірліктері болып табылады.

3.Когнитивті лингвистика (Красных В.В., Гудков В. Г., Кубрякова Е.С., Стернин И.А., Попова З.Д.). Когнитивті лингвистика шындықты қабылдау және түсіну кезінде, яғни оны тану кезінде болатын ментальды процестерді зерттейді. Тіл ақпаратты кодтау және берудің когнитивті механизмі ретінде қарастырылады.

4.Лингвоконцептология (Степанов Ю. С., Арутюнова Н.Д., Вежбицкая А., Воркачев С.Г.). Лингвоконцептология адамның ойлау қызметінің тілдегі сипаттамасы ретінде қарастырады, лингвистер ұлттық концептілердің пайда болу ерекшеліктерін әлемді ұлттық таным, ұлттық менталитет көрінісі арқылы зерттейді.

5.Этнопсихология, этнопсихолингвистика (Вундт В., Выгодский Л.С., Шпет Г., Сорокин Ю.А., Уфимцева Н.В., Касьянова К.О., Баронин А.С., Стефаненко Т.Г., Амельникова А.А.). Этнопсихолингвистика адамдардың этникалық, мәдени және психологиялық ерекшеліктерін, мінезқұлықтың ұлттық үлгілерін, жекелеген халықтардың ауызша және ауызша емес этикетін зерттейді.

6.Мәдениетаралық қарым-қатынас (Холл Дж. Э., Фаст С.Г., Прохоров Ю.Е., Стернин И.А., Формановская Н.И., Тер-Минасова С.Г.). Мәдениетаралық қарым-қатынас өзінің назарын мәдениетаралық жанжалды жағдайларға, этнокомуникативтік жанжалдарды болжау және еңсеру тәсілдеріне аударады.

7.Лингвоелтаным ( Верещагин Е.М., Костомаров В.Г., Воробьев В.В., Прохоров Ю.Е.). Лингвоелтану әлеуметтік лингвистиканың әдістемелік аспектісі бола отырып, ұлттық-мәдени маңызы бар тілдік бірліктерді, сондай-ақ шетелдік студенттердің тілін дамыту мақсатында тілді оқыту процесінде шетелдік аудиториядағы осы бірліктерді семантизациялау және таныстыру тәсілдерін зерттейді.

8.Этносемиотика ( Гамкрелидзе Т.В., Иванов Вяч.Вс., Маковский М.М., Топоров В.Н., Живов В.М., Успенский Б.А.). Этносемиотика үнді еуропа халықтарының материалдық және рухани мәдениетін әлем тілі мен тілдік бейнесін талдау негізінде қайта жаңғыртумен айналысады. Семиотикадағы мәдениет адам мен әлем арасында орнатылған қарым-қатынас жүйесі ретінде түсініледі, ол адамның мінез-құлқын реттейді, адам тіл арқылы әлемді және осы тілді пайдаланушының өзін бейнелейді.

9.Этногенез (Гамкрелидзе Т.В., Иванов Вяч. Вс., Трубачев О.Н., Майоров А.В.). Этникалық тарих лингвистика көмегімен халықтардың көші-қонының ерекшеліктерін зерттейді, этникалық аумақты, халықтардың этникалық қауымдастығын қайта құру және олардың ата-аналарын анықтау бойынша тілдік және мәдениеттанулық фактілерді талдау негізінде айналысады.

10.Лингвомәдени лексикография ( Денисова М.А., Чернявская Т.Н., Томахин Г.Д., Веденина Л.Г., Мальцева Д.Г., Леонтович О.А., Рум А. Р.). Бұл бағыт лингвоелтанымдық сөздіктерді құрумен айналысады, өйткені шет тілін оқу кезінде тек тіл құрылымдарын ғана емес, сонымен қатар тілі оқытылатын елдің мәдениетін меңгерудің қажеттілігі көбірек түсініледі. Бұл бағыт лингвомәдени изоглоссты сипаттаумен және таратумен айналысады.

Осы жоғарыда аталғандардың ішінде лингвоелтаным бағытына нақтырақ тоқталғымыз келеді. Лингво/ел/тану терминін «тілді үйрету барысында сол елдің мәдениетін, тарихын, өмірін зерттеу» деп те түсіндіруге болады [2:14]. Лингвоелтану дегеніміз өзге тілді оқытудағы әдістемелік аспекті, яғни коммуникативтік, танымдық және гуманистік міндеттерді шешу мақсатында шетелдік студенттердің білімін дамыту, оларды тіл арқылы жаңа мәдениетке, оны оқыту процесінде тарту болып табылады.

Алғаш «Лингвоелтану» термині 1971 жылы Е. М. Верещагин мен Г. М. Костомаровтың «Лингвистическая проблема страноведения преподования русского языка иностранцам» деген еңбегінде қолданылды, ал термин ретінде пайда болуы осы екі автордың «Язык и культура» атты кітабынан бастау алады. Еңбекте елтанымдық құзіреттілік, халықтың мәдениеті тілі арқылы көрініс

464

табатыны жөнінде сөз қозғалады [3:67]. Авторлар өз зерттеулерінде лингвоелтанымдық терминінің астарында үлкен мағына жатқанын айтады, тілді үйренушілер, тек тілді емес, сонымен қатар, тіл арқылы сол халықтың өткені мен бүгінін тарихы, мәдениеті арқылы танып білетіндігін көрсетеді.

Мұны ғалым Г.Д. Томахин де өз еңбегінде:«Лингвоелтаным тек тілді игеруде тілдің ерекшелігін ғана емес, сол тілді тұтынушы халықтың тарихы мен мәдениетін қатар игеруге мүмкіндік береді» деп жазған [4:5].

Лингвоелтанымның негізгі нысаны – мәдениетаралық қарым-қатынас актілерінде коммуникативтік құзыреттілікті қамтамасыз ету. Тілді тұтынушы халық мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін неғұрлым айқын көрсететін тілдік бірліктерді зерделеу, сондай-ақ тұрғылықты халықтың шынайы өмірімен және мәдениетімен танысу. Лингвоелтанымдық тәсіл бойынша өзге ұлт өкілдеріне тілді кешенді меңгерту – бұл тілдің кумулятивтік қызметін лингводидактикалық тәсілде үйретіп, адресат санасына сол ұлттың мәдени өмірін толық сіңіретіндей дәрежеде оқыту аспектісі [5:98]. Тіл мен мәдениет өзара тығыз байланыста: тіл мәдениет арқылы дамиды, көркейеді және көрініс табады. Егер тілдік тапсырмаларды тіл мен мәдениет арақатынасы арқылы ұлттық таныммен түсіндіре білсек яғни, осы тәсіл арқылы, ұлттық таным тіл бірліктерінде сақталады және тіл арқылы мәдениет танылады.

Лингвоелтанымдық құзіреттіліктің тіл аспектісіндегі көрінісі белгілі бір шеңбердегі тіл және мәдениет саласындағы біліммен қатар, сөйлеу тілінің дағдысы мен бірліктерін қатар қарастырады. Мұндай тілдік аспектіде елтанымдық материалдар арқылы тілді еркін меңгеруге, яғни коммуникацияға жол ашады, тіл арқылы сол елдің мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді.

Сол себепті лингвоелтанымдық құзіреттілікті тілді үйретуде басшылыққа алуда ерекше орынды елдің мәдениетімен таныстыратын тілдік материалдар, эквивалентсіз, фондық, коннотативті лексикалық тіл бірліктері, узуалды және ым-ишара жиынтығы құрайды.

Лингвоелтанымдық аспектіні келесі кесте бойынша түсіндіруімізге болады:

1-сурет. Лингвоелтанымдық аспект.

Мұнда ерекше назар аударатын нәрсе ұлттық менталитет, яғни тілді үйренушіге фондық лексика бірліктері арқылы ұлттың мәдениетін түсіндіру мүмкіндігін береді.

Тілді тұтынушы халықтың күнделікті тұрмыста әдеби тілден ерекшеленетін сөздік қоры болады. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер, әдеби тіл секілді тілді үйрену барысында маңызы зор. Себебі, әдеби тілге қарағанда күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер – халық мәдениетінің айнасы. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер сол халықтың салт-дәстүрін, тыныс- тіршілігін,таным-түсінігін тілді үйренушіге мейлінше жеткізе алады.

Бұл жерден мәдениет пен тілдің тоғысуында күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер белгілі бір халықтың өзіне тән деген қорытынды жасай аламыз. Мәселен, қазақ тіліндегі ысырап сөзін орыс тілінде тіке баламасын айта алмаймыз, оны орыс тілінде жалко, попусту сөздерімен түсіндірсек,

465

ағылшын тілінде toll (потеря) деп қана қоямыз. Ал айналайын сөзінің аудармасы екі тілде де жоқ. Сол сияқты біздің қол деген сөзді ағылшынша hand деп аударсақ, сонымен қатар ол сағат тілі деген ұғымды да білдіреді. Бірақ біз сағат қолы деп айта алмаймыз, ал ағылшындықтар clocks tongue деп қолданыла алмайды.

Тілді үйрету барысында біз күнделікті тұрмыс тілінде қалыптасқан топонимдер мен антропонимдерді қолданамыз. Топонимдерге жер-су атаулары (Алакөл, Қаратау), географиялық орындар мен көше-даңғылдарды (Абай даңғылы, М. Әуезов атындағы драма театр) жатқызамыз. Ал антропонимдерге белгілі ақын-жазушылар мен тарихта аты қалған тұлғаларды жатқызамыз (Б. Момышұлы, Д.Қонаев).

Лингвоелтанымдық саланың тілдік бірліктерін тікелей сөздік мағынасында емес, тілді үйренушіге мәдениетпен, тарихпен байланысты күнделікті тұрмыста қолданылатын сөзді тарихи тұлға немесе орынмен ассоцация жасай алатындай түсіндіріп, және оны практикада қолдана алу да қажет. Мысалы, театр – theater деген жаңа сөзді Мұхтар Әуезов атындағы дарама театрмен байланыстыра алуы. Осы орайда, тек театрдың аудармасы ғана емес сол театр кімнің атында және оның қазақ тарихында алар орны қандай деген мағлұматпен де хабардар бола алады.

Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда лингвоелтанымдық құзіреттілікті басшылыққа ала оқытудың басты нысаны лексикалық бірліктер мен лексикалық фон аясында мағынасы сақталған тіл бірліктері деп қарасақ, ал күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер белгілі бір теорияға сүйенбейді, халықтың өткені мен бүгінінде болып жатқан уақиғадан туындайтын тіл бірліктері.

Демек, ұлттық таным негізінде қалыптасқан лексикалық бірліктер, лексикалық фондар, тұрақты тіркестер сол тілді тұтынушы халықтың мәдениеті мен тарихын игеруде негіз болады. Шын мәнісінде теориялық негізде қалыптасқан лингвоелтанымға қарағанда, күнделікті тұрмыста қалыптасқан лексикалық бірліктер, тілді игерушілерге сол халықтың мәдениетімен ғана емес, тарихын, танымтүсінігін қалыптастырады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. -М.:,2000.

2.Фомина Т.Г. Язык и национальная культура. Лингвострановедение. Казань, 2011. -129 с.

3.Верешагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культруа. -М.:, 1973. -267 с.

4.Томахин Г.Д. Лингвострановедение: что это такое?//Иностранные языки в школе. №6, -М.: 1996.

5.Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. -М.: 1980 г. -255 с.

Абдрахманова А.К.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкен шыған ОМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Аннотация.В статье рассматриваются проблемы формироования культуры речи, речевого этикета на уроках казахского языка. Описываются методические рекомендации по обучению речевому этикету казахского языка.

Abstract. The article deals with the problems of forming a culture of speech, speech etiquette in the lessons of the Kazakh language. Describes the guidelines for teaching Kazakh language speech etiquette.

Қазақ тілі – қазақ халқының мәдени жадын, тарихи жадын жинақтаушы, сақтаушы, ұрпақтанұрпаққа жеткізуші, оларды қайта жаңғыртушы, ұрпақ пен ұрпақтың рухани дүниесін сабақтастырушы ретінде қазақтілділердің экологиялық рухани ортасы.

Қазақ тілін сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сөз әдебін қалыптастыру - пән мұғаліміінң басты мақсаттарының бірі.

“Мәдениет” ұғымына батыс еуропалық әдебиеттерде 400-ден астам анықтама берілуі оның күрделі әрі өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Әйтсе де барлық анықтамалардың түйісер нүктесінде

466

мәдениет адамның рухани әлемінің, қатпары мол, қабаты қалың, жұмбақты болмысының, әдеп пен саналылық деңгейінің көрсеткіші деп тұжырымдалады [1,65]

Қазақ тіліне мәдениет сөзі араб тілінен (“маданият” – қала, қалалық деген мағынаны білдіреді) енген. Ал, көне заманда “культура” сөзі “жерді өңдеу” деген мағынада қолданылған. Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45 жыл) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” ұғымымен барабар пайдаланылды [2,70]

Орта ғасыр ғалымдары мәдениетті тәлім-тәрбиенің, үйлесімділіктің, тәртіптің өлшемі, адамның үздіксіз рухани жетілуі мен көп қырлылығының көрінісі деп бағалады. Олар адам ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қолдады, мәдениет адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін, ақыл-ойын жетілдіретін қуат көзі деп санады. Олардың пікірінше, мәдениет – білім мен тәрбиенің құралы, адам қабілеттерін дамытудың тетігі. Ойшылдар мәдениетте адамдық пайым-парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылады деп көрсетті. Мәселен, Э.Тэйлор “мәдениет – рухани құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдірудің жолы” деген тұжырым жасады [3,140 б.].

Отандық ғылым жүйесінде сөз мәдениетін зерттеудің алғашқы арналары әл-Фарабидің “Риторика” еңбегінен, әлеуметтік-философиялық трактаттарынан, Ж.Баласағұнның “Құдатғу бiлiк”, М.Қашқаридiң “Диуани лұғат ат-түрк”, А.Йүгiнекидiң “Ғабатум Хама”, А.Йасауидiң “Диуани хикмет”, т.б. еңбектерінен бастау алады. Ғалымдардың тұжырымдарын саралай келгендегі басты түйін: білім мен тәрбие – адамзат мәдениетінің қайнар бұлағы болса, өз кезегінде мәдениет – адамның дара тұлға ретінде қалыптасуының негізі.

“Сөз мәдениеті” деген ұғым 1) тілдік норма; 2) этикалық норма; 3) коммуникативтік норма деп аталатын норманың үш типін қамтиды. Тілдік қарым-қатынастың белгілі бір жағдаятына қарай, сөз саптау этикасын сақтай отырып, коммуникативтік мақсатқа тиімді түрде жетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей тілдік құралдарды талғау, саралау, олардың басын қосып, біріктіруде әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормалары негіз болады [4,102]

Сөз мәдениетінің жеке сала ретінде қалыптасу жолында шешен сөз, шешендік туралы зерттеулер де өзіндік мәнге ие. “Шешен сөз” ұғымын тұңғыш рет термин ретінде қалыптастырып, оны жанжақты саралап көрсеткен ғалым – А.Байтұрсынұлы. Ол шешендік сөздің құрылымын, түрлерін анықтады. Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ә.Мәметова секілді ғалымдар шешендікті әр қырынан талдады. Б.Адамбаев қазақ шешендіктану ғылымын жаңа сапаға көтерді. Ол шешендік сөздерді іштей жіктеп, өзіндік ерекшеліктерін саралады.

Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуында қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарының (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, К.Аханов, т.б.) рөлі зор. Оларда грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің нормаларын қалыптастыруға ықпал етті.

Сөз мәдениетіне қатысты негізгі ой-тұжырымдарды бүгінгі заман талаптарымен үндестіріп және сөз мәдениетін арнайы сала ретінде тұжырымдап берген іргелі еңбектер Н.Уәлидің “Сөз мәдениеті” және “Сөз мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздері” атты зерттеулері болды. Бұл еңбектерде сөз мәдениетінің категориялары, сөз мәдениетінің ғылым саласы ретіндегі маңызы теориялық тұрғыда дәйектелген.

Соңғы жылдары білім беру жүйесінде, тіл дамытуға, сөз мәдениетін үйретуге, шешендік қабілеттерді шыңдауға бағытталған зерттеу еңбектері мен оқу құралдары жазыла бастады. Мәселен, С.Рахметованың, А.Жапбаровтың зерттеулерінде қазақ тілінен оқушының тілін дамыту жайы қарастырылды. Жоғары білім жүйесінде шешендіктануды оқыту мәселесін арнайы зерттеген ғалым А.Қыдыршаев “Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері” атты монографиясында студенттерді шешендікке баулудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерделесе, Б.Салыхованың “Усвоение казахского ораторского искусства на гуманитарных факультетов университетов с русским языком обучения” атты еңбегінде шешендік өнерді үйретудің талаптары қарастырылды. Н.Құрманованың “Шешендік өнерге баулу” атты зерттеуі де орта мектептерде шешендікті оқыту жүйесін жетілдіруде маңызды орын алды. Сонымен, бұл еңбектер сөз мәдениетінің қалыптасу тарихын зерделеуде, сөз мәдениетінің шешендікпен байланысын ашуда, сөз мәдениетін меңгертудің мақсатын, ұстанымдарын белгілеуде басшылыққа алынды.

Сөз мәдениетінің нормативтік сапасы бойынша функционалдық сауаттылыққа, дұрыс сөйлеу талабына басымдылық беріледі. Қазақ тіліне қатысты сөз дұрыстығы жөніндегі ой-тұжырымдар

467

А.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады. Ол: “Сөз дұрыстығы – әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы. Ол үшін сөз мағынасын, тұлғасын өзгертетін жалғау, жұрнақтарды дұрыс тұтыну керек; сөйлем ішінде сөздерді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру керек; сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орай-ластырып, дұрыс құрмаластыру, дұрыс орналастыру керек”,- дейді [5,48 б.]. Әдеби тіл нормасы тіл тазалығын қамтамасыз етеді: біріншіден, ол сол қоғамда әбден орныққан ортақ заңдылықтарды қолдануды міндеттейді, орынсыз ауытқушылыққа жол бермейді; екіншіден, тілді қарабайырлықтан сақтайды, диалектілер мен жаргондардың орынсыз қолданылуына тосқауыл қояды; үшіншіден, сөзді талғап жұмсауға төселдіреді. Ортологиялық дағдыларды меңгерту жалпы білім беретін мектептің бастауыш және негізгі мектеп сатыларындағы білімнің өзегіне салынуы тиіс. Тілдің морфологиялық, синтаксистік амал-тәсілдері, лексикалық қазынасы бір-бірімен астаса, ынтымақтаса келіп, тіл байлығын құрайды.

Оқушының сөзді құбылтып қолдануда жұрнақтардың, жалғаулардың рөлін білуі, еркін және тұрақты тіркестердегі ойдың нақтылана, тереңдей түсетіні жөнінде түсініктерінің қалыптасуы сөз мәдениетіне төселдіретін баспалдақтар болып саналады. Сондықтан тіл білімінің салалары туралы аяқталған, тұтас білім беруді көздейтін негізгі мектептің мақсаты оқушының тіл туралы дүниетанымын кеңейту және әдеби тіл нормаларын сақтап сөйлеу

Қазіргі таңдағы орта мектептегі гуманитарлық білімнің мазмұны рухани мәдениеттің жаңа жетістіктерінің негізінде анықталып, жүйеленуде. Өйткені “білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен баурап әкететін тұлға ретінде көрінуімен ерекшеленеді” [6,7 б.]. Осы орайда тілдің тек қатынас құралы ғана емес, әр халықтың интеллектуалдық әлеуетінің, санасы мен дүниетаным деңгейінің көрсеткіші екендігін ескерсек, мектепте оқылатын қазақ тілі пәнінің міндеті айқындала түседі. Бұл оқу-тәрбие ісіндегі құндылық-бағдарлы қызмет пен тұлғалық-құндылық қатынастың бірлікте болуын, гуманистік-тұлғалық педагогика тұрғысынан алғандағы тұлғаны дамыту теориясын жетілдіруді, оның әдіснамалық негізін дамытуды талап етеді.

Сөз мәдениетінің оқытылу ерекшелігіне сай білімді ізгілендіру (білім берумен қатар ізгілікке, әдеп пен адамгершілікке баулу), білім беруді әлеуметтік сұраныспен сәйкестендіру (жаңа қоғам қажеттеріне сай мазмұнды анықтау), метакогнитивтік білікті дамыту (оқушының саналы шешім қабылдауына, сыни ойлауға қабілеттілігіне, шығармашылыққа ден қоюына бағдарлай оқыту), білімді интеллект дамытудың қайнар көзі ретінде игерту (білімнің танымдық және тағылымдық сипатына бірдей мән беру), эмоционалдық әсерлілікті күшейту (оқушының ішкі сезіміне қозғау салу), тілдік сезімді дамыта оқыту (пәннің мәдени құндылық бағдарын күшейту), тілдік талғам қалыптастыра оқыту (көркем, сұлу сөйлеуге ұмтылдыра оқыту), түпкі нәтижеге бағдарлай оқыту (сабақтың мақсаты мен соңғы нәтижесін сәйкестендіру), сөйлесім әрекеті компоненттерін кешенді қамти оқыту, оқытудың табиғилық ұстанымы (білім игертуді оқушы өміріне негіздеу), оқытудың ширақ, жігерлі, қызу болу (оқушының белсенділігі мен мотивациясын арттыра оқыту) ұстанымдары жетекші рөл атқарады.

Жаңа заман талабына сай құзіреттіліктерді қалыптастыру пәннің мақсаты мен бiлiм нәтижесiн жалғастыратын компоненттерді дұрыс таңдауға тiкелей қатысты. Бұл қазiргi өркениеттi елдер тәжiрибесiнде жүзеге асырылып жатқан Нәтижеге бағдарланған бiлiм моделiне сәйкес келетiн оқыту технологияларын iрiктеудi қажет етедi. Педагогикалық технология – қойылған мақсатқа тиiмдi жолмен қол жеткiзудi қамтамасыз етушi жүйе, бiлiм мазмұнын жүзеге асырудың тәсiлi; мұғалім мен оқушының мүддесiне, олардың арасындағы толық үндесiмге негiзделген оқыту жүйесi.

Қазақ тілі сабақтарында «көшбасшы», «пікірталас» сынды топтық жұмыстар оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Мысалы:

Сабақтың тақырыбы: Пікірталас мәдениеті. Қазіргі қоғамдағы пікірталастың мәні.

Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушылардың пікірталас туралы дүниетанымын кеңейту, пікірталасқа қатысты тірек сөздерді меңгерту. Тәрбиелік: оқушыларды пікірталас мәдениетіне баулу, жаңа білім алуға мотивация туғызу. Дамытушылық: оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, олардың өз көзқарастарын дәйектеп, тұжырымдап айта алу біліктіліктерін жетілдіру.

Сабақтың формасы: топтық.

Сабақта қолданылатын әдістер: интерактивтік әдістер, талдау, түсіндіру, ой қорыту. Сабақтың жабдығы: таратпа материалдар, АТ құралдары.

468

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңінде: 1) оқушылардың топқа бөлінуі (Абайдың “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат”өлеңін тармақтарға бөліп, сол бойынша топтастырылды). 2)

сарапшыларды тағайындау (2 мин.).

Кіріспе. (Сабақтың мақсаты, жоспары және тақырыптың маңызы туралы мұғалімнің сөзі ) (1 мин.).

1-тапсырма. “Пікірталас мәдениеті” дегенді қалай түсінесіздер? Осы ұғымды ашатындай ереже-анықтама құрап жазыңыздар (2 мин.).

Бағалау критерийлері:

-оқушылардың термин сөз бен оның білдіретін мағынасын байланыстырып айта алуы;

-өз ойларын дәйектеп жеткізе алуы.

2-тапсырма. Сабақ тақырыбымен ұштастыра отырып, топтарыңызға ат қойыңыздар. Осы атты таңдау себептеріңізді дәйектеңіздер. Топ мүшелерін таныстырыңыздар (2 мин.).

Мақсаты: оқушылардың ассосациялық қабілеттерін шыңдау. Бағалау критерийлері:

-оқушылардың ой жинақтап, пікірін дәйектей алуы;

-таныстыруға қажетті сөз этикетін дұрыс, жүйелі қолдана алуы.

2-тапсырма. Өздеріңіз күнделікті өмірден, БАҚ құралдарынан немесе мерзімді баспасөз беттерінен кездестіріп жүрген пікірталас түрлерін жазыңыздар (2 мин.).

Мақсаты: тақырыптың өмірмен байланысын таныту. Бағалау критерийлері:

-мәселені өзара талқылау нәтижесінде ортақ түйін жасай алуы;

-өзіне таныс құбылыстарды саралап айта алуы.

3-тапсырма: Қазақ және орыс тілінде берілген пікірталас атауларын аудармасымен жұптап жазыңыздар (3 мин.). Экраннан “Сөзталас, круглый стол, ойталқы , полемика, айтыс, дебат, ойкөкпар, спор, пікірсайыс, дискуссия, дөңгелек үстел, диспут, айтыс” сөздері көрсетіледі.

Бағалау критерийлері:

-этикеттік сөз орамдарының мағынасын түсіне білуі;

-өз пікірлерін өткен материалдарды пайдалана отырып бекіте алуы. 1-топқа ұсынылатын сөз орамдары:

“Менің ойымша, Сіз бір нәрсеге мән бермей тұрған сияқтысыз”, “Сөзіңізді нақтылай түспес пе

екенсіз...” “Бұлай деуге мүлде болмайды”, “Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні неде? ” Қорыта келгенде сөз мәдениетін меңгерту жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі

пәнінің білім мазмұнын жаңа макромодельге сәйкес құра отырып, сатылап жүргізілгенде өз нәтижесін береді. Негізгі мектеп сатысында әдеби тіл нормалары негізінде оқушының сөз мәдениетінің бірінші сатысы – сөз дұрыстығын меңгеруіне, ал жоғары сатыда сөз мәдениеті мен шешендік негізінде екінші саты – сөз шеберлігіне үйретуге басымдылық берілуі тілдік білім арқылы сөз мәдениетін қалыптастыруға жол ашады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Ғабитов Т.Х., Өмірбекова М.Ш. Мәдениеттану негіздері. -Алматы, 2003. -240 б.

2.Уәли Н. Сөз мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздері: Фил. ғыл.докторы... дисс.: 10.02.02. -Алматы: Тіл білімі институты, 2007. -398 б.

3.Тэйлор Э. Первобытная культура. -Москва: Политиздат, 1989. -578 с.

4.Әлкебаева Д. А. Сөз мәдениеті: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 196 б.

5.Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. Астана: Елорда, 2001. –230 б.

6.Г. Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. А., «Білім».2003 ж.

469

Агибетова А.К.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия Бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев " Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан елінің болашағы да сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр " – деген болатын.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбиеге еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бастауыш сатыдағы білім берудің мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау.

Осымен байланысты білім берудің басты міндеттері:

оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаға үйренуін, онда жаңа әлеуметтік мәртебе оқушы мәртебесінің қалыптасуына;

оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас, сияқты әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруін;

айналадағы дүниемен дара-тұлғалық қатынасының қалытасуын, эстетикалық, этикалық, адамгершілік нормаларын меңгеруін;

білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейдегі эрудицияның болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеттерінің бірі – оқу үрдісін дамыту. Оқу үрдісінің дамуына педагогика, психология ғылымының дамуы, қоғамның материалдық мүмкіншілігі әсер етеді.Қазіргі кезде сабақ түрлерін жетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту үрдісі ғылыми тұрғыдан басқаруға, оқыту технологияларын қолдануға көңіл бөле бастады. Әр мұғалім өміріне жетерлік білімді өз тәжірибесі арқылы жинақтайды. Қазіргі заман талабына сай мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, жаңа педтехнологияны пайдалана отырып, шығармашылық ізденіспен өткізуге талпынады. Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттары негізгі ой тұжырымдары төмендегідей жіктеледі:

есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл ойды дамытатын оқуға көшу;

білімнің статистикалық үлгісінен ақыл ой динамикасының құрылым жүйесіне қөшу; оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп саралап оқыту

бағдарламасына өту; Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп

нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар өте көп. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, әр сабақ мазмұнына сай мұғалім қолдана білу қажет. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқада көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бұл технологияның өзі әртүрлі пайдаланушылардың шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асуы мүмкін.

Бастауыш сыныпта ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған балаға әріп таныту, өз бетінше оқу дәрежесіне жеткізу үшін асқан шеберлік, бала жанын түсініп, оған барыңды беруге тырысу әр мұғалімнің міндеті.

470

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]