Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

алұу, келүу т.б. таратып жазатын болсақ, онда сөздің, ең алдымен, үндесім әуезі сақаталады, морфем құрамы бұзылмайды, буын реті сетінемейді, тасымал оңай шешілетін болады. Ең бастысы, қазақ сөзінің табиғи айтылымын қайтарып аламыз» [3] – деген соны пікірін де жоққа шығара алмаймыз. Алайда, қазір қолданыста бар шет тілдік атауларды орфоэпиялық үлгіге салудың халі мәз болмайын деп тұр. Мәселен, Жаңа Зеләндійә, Әңгілійә, Гермәнійә т.с.с деп жазған болар едік. Егер мәселенің төңірегі тек И мен У дыбыстарында ғана емес, орфоэпиялық заңыдылықтың ұстанымы болған болса, дифтонг деп аталатын Е, Ө дыбыстарына да қатысты екені жоққа шығара алмаймыз. Египет атауын таратып жазар болсақ, Егійпет болып шығады. Іі дыбысын естідік, таңба етіп түсірдік. Бірақ сөздің басында айтылатын Й дыбысын естіп тұрып, неге таңба етіп түсірмедік? Сонда, Йегійпет болып шығар еді.

Өскемен (қала)

Үөскемен

 

 

(Úóskemen)

Панфилов (аудан)

Панфыйлоф (panfyılof)

Еңбекшіқазақ (аудан)

Йеңбекшіқазақ (Ieńbekshiqazaq)

Сиырөлген (қоныс)

Сыйырөлгөн (Syıyrólgón)

Қияқсай (арна)

Қыйақсай (Qyıaqsaı)

Өсібай (ауыл)

Үөсібай (Úósibaı)

Егінді (ауыл)

Йегінді (Iegindi)

Ертіс (ауыл, өзен)

Йертіс (Iertis)

[4].

Расында, біз, «дұрыс емле» мен «қате емленің» ара-жігін ажырата алмай жүрміз бе? Ал А. Байтұрсынұлы дұрыс емле менен қате емлені айыруға қатысты мынадай пікір айтады: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Емле – жазу үшін шығарылған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарылған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау болса керек.» [5] – дейді. Өзге тілден енген атауларды өзінің тілідік икеміне лайықты етіп айтуды, және оны жазуды қазақ жатсынбас. Бірақ тілдің пәктігінен айырылған ақсүектер үшін бұндай жазу-сызу өткен ғасырдың сарқыншағы мен жаһандану жолында ескілікті еске алатын қараңғы қазақтардың танымына ғана лайықты емле деп түсінетінін ашық айтуға тура келіп тұр.

Айтылған уәждер қазақ тілінің әуезділігін сақтап, өзге тілдерді өзгертпей қабылдауға қорған болғанымен, таңбалардың шұбалаңқылығын қабылдауда, визуалды ақпаратты игеруге, жаһандануға, жаңғырған сана мен балалардың болашағына кері әсерін тигізе ме деп қатты алаңдаймыз.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Құрманбайұлы Ш. Ұлт атауларын қалай жазып жүрміз?//Ана тілі, наурыз, 2018.

2.Қазақ тілінің өзекті мәселелері// Қайдар Ә. –Алматы: «Ана тілі», 1998. 153-154 бб.

3.Жүнісбек Ә. Қаршығаева А. Әсіре еліктеу жақсылыққа апармайды// «Қазақ ұлттық жазуы: емле, терминтану және ономастика» республикалық конференция материалдары. –Алматы, 2018.

4.«Государственный каталог географических названий Республики Казахстан»

5.Қазақша сөз жазушыларға// Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. –Алматы: «Ел-шежіре», 2013. IV том. 271-б. («Шора» журналы, 1912, № 4. 110-113-б.).

Шылманбет Н.А.

Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЛЕКСИКА

Резюме

В статье «Социально-политическая лексика в поэзии жырау» большое внимание уделено речевомым и языковым особенностям Шалкииз Тленшиулы. Была представлена статистическая информация о применении

441

поэтом языковых единиц. Социально-политические лексиконы сгруппированы по лексико-семантическому значению. В статье объясняется значение непонятных слов, которые встреччаются в произведении и раскрыта этимология слов с непонятным смыслом. Есть предложения по расширению смысла древнейших слов, приданию им нового применения в современном обществе, увеличению числа социально-политических слов на казахском языке.

Sumrary

In the article "Socio-political vocabulary in the poetry of Zhyrau" much attention is paid to the speech and language features of Shalkiiz Tlenshiuly. Statistical information was provided on the poet's use of language units. Socio-political lexicons are grouped by lexico-semantic meaning. The article explains the meaning of incomprehensible words that occur in the work and reveals the etymology of words with incomprehensible meaning. There are proposals to expand the meaning of ancient words, give them a new application in modern society, increase the number of socio-political words in the Kazakh language.

Сонау XV ғасырдан бастау алған жыраулар поэзиясы – халқымыздың баға жетпес байлығы. Поэзияның бұл түрі – еліміздің басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, халқымыздың саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем тілмен бере білуімен де құнды. Жыраулар шығармашылығы қазақтың қазақ болып қалыптасуына қосқан үлесі өте көп. Бесіктегі баладан бастап, еңкейген қарияға дейін тәлім-тәрбие беретіндей эстетикалық есті дүниелерді молынан қалдырған. Жыраулар поэзиясы

– жеке мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген Қазақ хандығы атты дәуірдің әдеби мұрасы. Ол қазақ халқының ұлттық болмысының қалыптасуын, тіліміздің халықтық дәрежеге ие болуын бейнелейді.

Қазіргі таңда жыраулар поэзиясы тақырыбы аясында біршама зерттеулер бар, алайда бұл зерттеулер әдеби мұрамызды тілдік тұрғыдан толығымен таныта алмайды. Менің ойымша, жыраулар поэзиясы тіл мамандары тарапынан да зерттелетін болса, онда бұл мұраның жаңа қырларымен таныс болар едік. Мәселен, жыраулар поэзиясындағы тіл бірліктері арқылы лексикалық қорымызды толықтыруға болады. Жырлардағы сөздердің көбі тарихи сөздер қатарына еніп кеткен, бұл – заңды құбылыс, бірақ олардың мағынасын жаңғыртып, қазіргі заманның қажетіне пайдалануға болар еді. Тіл тірі ағза секілді үнемі даму үстінде болады және ол тек сөйлесу кезінде ғана дами алады. Жазбаша түрде тілдің өліп кетуі ғажап емес, ал ауызша формада тіл жандана түседі, көгереді. Қазіргі уақытта қарапайым қазақтың пәрменді сөздерінің саны азайып бара жатқан секілді, күн сайын санаулы ғана сөздерді қолданады. Әрине бұндай жағдай біздің өмір сүру салтымызбен тығыз байланысты ғой, бізге әр күні әртүрлі сөздерді қолданудың қажеттілігі де жоқ шығар[1, 140].

Біз «Бес ғасыр жырлайды» жинағындағы Шалкиіз жыраудың әлеуметтік-саяси лексикасына қатысты зерттеу жұмысын жүргіздік. Шалкиіз жырау өз жырларында, біздің есептеуіміз бойынша, жиырма екі әлеуметтік-саяси сөздерді қолданған: ие (15), іс (11), батыр (10), сұлтан (10), дос (8),

жау (8), би (7), хан (5), ел (4), бай (3), төре (3), халық (3), жиын (2), алаш (1), байрақ (1), байса (1),

жалау (1), қазақ (1), мырза (1), ту (1), хат (1), шешен (1). Шалкиіз жыраудың шығармашылығынан әлеуметтік-саяси лексикаға қатысты, барлығын қосқанда, тоқсан сегіз (98) сөз теріп алынды. Олардың отыз жетісіне (37) жалғау жалғанбаған, ал алпыс біріне (61) қазақ тіліндегі жалғаулардың төрт түрі де жалғанған.

Әлеуметтік-саяси лексикаға қатысты жиырма екі сөздің ішінде хан, бай, батыр, доссөздеріне көптік жалғаулары жалғанған: хан-дар, хан-лар-дың, бай-лар-дың, батыр-лар-дың, дост-лар-ың-

нан. Көптік жалғаудың -лар қосымшасы төрт рет қолданылған, ал -дар жалғауы бір рет қана қолданылған.

Ие, іс, дос, халық, байса, батыр, би, ел, мырза, сұлтан сөздері Шалкиіз жырларында тәуелденіп тұр. Ие сөзі ие-м формасында он рет, ие-сі күйінде екі рет, ие-сі-н түрінде бір рет, ие-м-дің қалпында бір рет қолданылған. Іс сөзі іс-ім-ді, іс-ің-ді, іс-ің-де, іс-і, іс-і-н формаларында бес рет тәуелденген. Дос сөзі Шалкиіз жырларында дост-лар-ың-нан, дост-ым деп екі рет тәуелденіп қолданылған.

Халық сөзі халқ-ың, халқ-ымыз деп екі рет кездескен. Байса, батыр, би, ел, мырза, сұлтан сөздері бір-бір реттен байса-сы, батыр-ы, би-іміз, ел-і, мырза-сы, сұлтан-ы деп кездескен.

Шалкиіз жырауда әлеуметтік-саяси сөздерді септеу көп кездеседі. Әлеуметтік-саяси сөздерді, жалпы саны, отыз бес рет септептеген. Жау сөзі ілік септігінде (жау-дың), екі рет барыс септігінде (жау-ға), бір рет айқын (жау-ды), жау көрген тіркесінде жасырын түрінде табыс септігінде, жатыс

442

септігінде (жау-да) кездескен. Іс қойып, іс етсе тіркестерінде іс сөзі жасырын күйінде табыс септігінде қолданылған. Ал іс-ім-ді, іс-ің-ді, іс-ің-де, іс-і-н сөздерінде тәуелденіп барып табыс және жатыс септігінде пайдаланылған. Дос сөзі шығыс септігінде дос-т-лар-ың-нан деп бір рет, дос-тан деп үш рет септелген. Батыр сөзі ілік септігінде (батыр-лар-дың), барыс септігінде (батыр-ға), табыс септігінде (батыр-ды) септелген. Бай сөзі ілік септігінде көптеліп барып (бай-лар-дың), шығыс септігінде (бай-дан) кездескен. Ел сөзі ел бастар тіркесінде жасырын түрде табыс септігінде, шығыс септігінде (ел-ден) қолданылған. Жиын сөзі ілік септігінде жиын-ның деп екі рет кездескен. Ие сөзі тәуелденіп барып ілік септігінде (ие-м-дің), табыс септігінде (ие-сі-н) септелген. Мына сөздер бір-бір реттен септеліп қолданылған: алаш-тан (ШС), байрақ-ты (ТС), би(-дің) (жасырын түрде ілік септігінде), жалау(-ды) (жасын түрде табыс септігінде), төре-нің (ІС), ту(-ды) (жасырын түрде табыс септігінде), халық-ты (ТС), хан(-ның) (жасырын түрде ілік септігінде).

Әлеуметтік-саяси сөздердің ішінен Шалкиіз жырау тек сұлтан сөзін ғана жіктеп қолданған. Ол сұлтан сөзін II жақтың жекеше түрінде жіктік жалғаудың толық қосымшалары арқылы түрлендірген.

Көптік жалғау

Тәуелдік жалғау

Септік жалғау

Жіктік жалғау

1.

Хандар

1.

Ием (10 рет)

1.

Жаудың

1. Сұлтансың

2.

Ханларды

2.

Иемдің

2.

Жауға (2 рет)

 

3.

Байлардың

3.

Иесі (2 рет)

3.

Жауды

 

4.

Батырлардың

4.

Иесін

4.

Жау(-ды)

 

5.

Достлардың

5.

Ісімді

5.

Жауда

 

 

 

6.

Ісіңді

6.

Жаудың

 

 

 

7.

Ісіңде

7.

Іс (-ті)(2 рет)

 

 

 

8.

Ісі

8.

Ісімді

 

 

 

9.

Ісін

9.

Ісіңді

 

 

 

10.

Достларыңнан

10.

Ісіңде

 

 

 

11.

Достым

11.

Ісін

 

 

 

12.

Халқың

12.

Достларыңнан

 

 

 

13.

Халқымыз

13.

Достан (3 рет)

 

 

 

14.

Байсасы

14.

Батырлардың

 

 

 

15.

Батыры

15.

Батырға

 

 

 

16.

Биіміз

16.

Батырды

 

 

 

17.

Елі

17.

Байлардың

 

 

 

18.

Мырзасы

18.

Байдан

 

 

 

19.

Сұлтаны

19.

Ел(-ді)

 

 

 

 

 

20.

Елден

 

 

 

 

 

21.

Жиынның

 

 

 

 

 

22.

Иемдің

 

 

 

 

 

23.

Иесін

 

 

 

 

 

24.

Алаштан

 

 

 

 

 

25.

Байрақты

 

 

 

 

 

26.

Би(-дің)

 

 

 

 

 

27.

Жалау(-ды)

 

 

 

 

 

28.

Төренің

 

 

 

 

 

29.

Ту(-ды)

 

 

 

 

 

30.

Халықты

 

 

 

 

 

31.

Хан(-ның)

 

Шалкиіз «Ер Шобан» жырында: Қой дегенде бір шапқан Құястан жап-жас қана Жұмабай бар. Балаңқылар баптаған

Байсасы тудай Мәмбет бар, - деп жырлаған. Мұнда назарға алатын байса деген сөз бар. Байса сөзінің «пайза», «басма» деген фонетикалық нұсқалары бар екендігі Уикипедия сайтында көрсетілген.

Байса – XIII-XV ғасырларда Алтын Орда хандары сенім құжаты ретінде тапсыратын металл тақташа. Негізінен күмістен , кейде алтыннан жасалған тақташа өлшемдері 30х10 см, пішіні төрт

443

бұрышты, дөңгелек болған, жиектері доғаша иілген. Байсалар осы күнге дейін жеткен Алтын орда қазынасының үлкен бір бөлігін құрайды. Алтын Орда пайзалары қазіргі Моңғолия, Сібір аймағы, Байкал төңірегінен бастап Батыс Еуропа аумағына дейін кеңінен таралған және барлық жердегі заңдылық күші бірдей, бәріне ортақ құжат болды. байса – елшілердің, керуен тартқан саудагер, көпестердің және саяхатшылардың мемлекеттік шекарадан өткенде көрсететін басты құжаты еді. Байсада "ел билеген адамның әмірімен рұқсат етілген" деген мағынаны беретін жазуы болған. Байсаның бір шетінде ойылған тесігі бар. Иесі тесіктен жіп өткізіп алып, белдігіне тығып алатын. Байсадағы моңғол сөздері, негізінен, ұйғыр жазуымен ойып түсірілген. Ондағы жазылған сөздер көбіне бір мағыналас болып келіп отырады. Мәселен: Еділ бойынан табылған бір пайзада "Мәңгілік көк аспанның, жарылқайтын күш-қуатымен, ұлылық құдыретіне сәйкес, кімде-кім Абдолланың әміріне бағынбаса ол кісі жазалы болып, өлуге тиіс" деп жазылған. Байсалардың екі жақ бетіне әртүрлі хайуандардың бейнесі ойып түсірілген. ХІІІ ғасыр байсаларында, көбінесе қытайдың мұрны жалпақ, көзі ұлкен "таоте"деген құбыжығының немесе геральдикалық мәнге ие Күн мен Айдың бейнесі – Шыңғыс ханның харизмалық бейнесі ретінде жиі салынған. Алтын Орда хандары Тоқтай (1290 - 1312), Өзбек (1312 - 1341), Келдібек (1361) және Өзбектің ұлы Абдолла (1362-1369) шығарған байсаларда Ай мен Күннің бейнелері жиі кездеседі [2].

Байса – қытай-манжүр тілінде белгі деген сөз. Осы белгімен жүрген үкімет адамдары басқа елдердің шекарасына еш кедергісіз өтуге құқылы болып, азық-түлік, мініс-көлікпен қамтамасыз етілетін болған. Бұл дәстүр әлемдік дипломатияның тарихында үлкен қызмет атқарған, қазіргі халықаралық заңнамадағы виза деген ұғым осы негізден қалыптасқандеген ақпарат «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» энциклопедиясында кездеседі [3].

Шалкиіз жырау мұрасын қазіргі заманмен байланыстыра отырып байса деген сөзге жаңа мағына беруге болады. Тілімізде өткізу құжаты, рұқсат қағаз, рұқсат құжат, рұқсатнама, рұқсаттама деген сөздер бар. Алайда бұл сөздер екі сөздің тіркесуі, бірігуі арқылы өтуге рұқсат беретін құжат деген мағынаны беріп тұр. Кішкене ғана ұғымды бақандай екі сөз арқылы беріп отырмыз, ал көнерген сөздерді қайта жаңғыртқан болсақ, онда мұндай ұғымдарды бір-ақ сөзбен бере алар едік. Байса деген сөзді жоғарыда аталған өткізу құжаты, рұқсат қағаз, рұқсат құжат, рұқсатнама, рұқсаттама деген сөздердің орнына қолдануға болады. Әрине байса сөзін халықаралық деңгейде қолданылып жүрген виза деген сөздің орнына қолданайық деген ұсынысты да айтуға болады, бірақ, менің ойымша, виза деген сөзден көрі өткізу құжаты, рұқсат қағаз, рұқсат құжат, рұқсатнама, рұқсаттама деген сөздер жиі қолданылатын секілді. Сол себепті де байса сөзін өтуге рұқсат беретін құжат ұғымында қолданар болсақ, тұрақты қолданыс нәтижесінде тілімізге тез сіңіп кетеді. Егер халық бұл сөзді күнделікті тұрмысына енгізер болса, онда байса сөзін виза сөзінің синонимі ретінде де қолдануға болады, себебі байса сөзінің түпкі мағынасы виза сөзінің мағынасынан да кең әрі өз иесіне беретін өкілеттігі мен құқықтары да көп.

АРАБЫ

1)аpабы жылқы – аpаб тұқымдас жылқы;

2)(Рес., Орын.) түксіз кілем. Арабы кілем кіл түйе жүнінен жасалады. Арабы кілемнің арқауы жүннен болады (Рес., Орын.);

3)(Қ.орда: Қарм., Жал., Сыр., Шиелі) құйрығы ұзын қой. Арабы қойдың кейбіреулерінің жүні тығыз болады (Қ.орда, Қарм.). Бағып отырған малымның көбі арабы қой (Қ.орда, Жал.).

Қолданыста арабы, арабы ат, арабы ит, арабы кілем деген сөздер бар.

СЫЗАШЫҚ

1)Жеpден шығатын судың көзi.

БЕРЕН

1)Қымбат, асыл мата. Кәдiмгi берен, жiбек, шұғаның бәpi сонда.

2)Нағыз шың болат, Балдағы алтын ақ берен.

3)Болаттан жасалған батыpлаp киетiн сауыт. Беренге батыp сыймады (Еp Таpғын).

4)Ұнғысы ұзын шитi мылтық.

5)Пышақ сияқты қаpу; қанжаp. Қынабынан суыpып, Қолына алды беренді (Алпамыс).

6)Ауыс. Өжет, өткip. Өсiп келедi жас берен.

444

7)(Көкш.: Руз., Зер., Қ.ту; Гур., Маңғ.) мықты, қайратты. Жазушы, оқушы да менен шықты, Не жүйрік, өнер білер өрен шықты. Газетші, шешен, тілмар, әсем жігіт, Жұмысшы, зергер, ұста, берен шықты (Көкш., Руз.).

8)(Қост., Об.) асыл мата. Ертеде береннен штан киген (Қост., Об.).

9)асыл құрыш.

БЕРЕК

1)жеpг. Құнаpлы, нәpлi. Жеpi беpек, елi сақ (Жансүгipов).

2)көне. Мәуелi ағаштаp ментүpлi бұталаpдыңүpiмi, бұтағы. Тобылғының беpегi иiл болып, Беpiш бiтсе, айбаp болаp тіpегi (Шалкиiз). Алма ағаштың берегі.

БЕРІШ

1)Теpi астында қатып қалған iсiк, өлi ет, шоp. Түйенің жатқанда тірек болатын жеті беріші бар (Жұмағұлов).

2)Қайын, теpек сияқты ағаштаpдың шоpланған жеpi; без. Қайыңның, беріші едi, безi едi (Жансүгipов).

3)Каспийде, Қаpа теңiзде кездесетiн көксеpке тұқымдас балық.

4)(Қ.орда, Қарм.) тізе беріші, жер соғары, төс табаны. Түйе шөккенде жайлы орналасуына таяныш болатын аяқтары мен төсіндегі жер соғары. Түйе орнынан тұрғанда да төрт аяғының бүгіліс жігін жерге кезектестіре тіреп тұрады. Сондықтан түйенің сол таяныш жерлерінің терісі жер бетіне соқтыға, сүйкеле егеліп, бірте-бірте тықырланып, беріш сияқтанып қатып қалады. Оның беріштеріне еш уақытта жүн шықпайды. Түйенің жеті беріші (жер соғары) бар: төс табанында біреу, алдыңғы екі аяғында екеу, артқы аяқтарында екі-екіден төртеу. Бұлар түйенің жердің сызы мен тоңнан суық өтпеуі үшін қорғаныш, төсеніш сияқты.

5)(Рес., Астр.) көксерке тұқымдас балық.

6)(Жамб., Шу) шикі. Әкелген дарбызыңның бәрі аппақ беріш екен (Жамб., Шу).

ШҮЙ

1)Қабыpғаға шеге оpнына қағылған ағаш қадаша. Базаpбек болыстың жанат iшiгiн шешiндipiп, жаpдағы шүйге iлiп қойды (Ғ.Ахмедов).

2)жеpг.Жеp айдағанда жыpтылмай сүйipленiп қалған жеp (табан). Шүй жеp.

3)Жоғаpыдан төмен қаpай құлдилай, соpғалай түсу, шүйлiгу. Балғын қанат балапанды қаpақұс шүйгелi төндi (Ш.Мұpтазаев).

4)күдipейген желке, күдip желке.

САҚЫН

1)сақтық, қырағылық. Түн қараңғы екен, сақынып жүріңіз, құлап қаларсыз.

КҮПШЕК

1)арбаның доңғалағын қисайтпау ұшін білікке көлденең салынған ағаш (Бүқар жырауда «Күпшек санды күреңді» деген тіркес бар).

ТЕБІР

1)(МХР) тасымал, транспорт. Тебір топчанына барып тоссаң, мәшине кез болады (МХР).[Монғолша тээвэр, тээвэрлэх тасымал, тасымалдау (Рус.-монг. сл., 98, )].

САҺАР

1)Аққудың қоpазы. "Айдынды көлге қал шауып, тоғызын соғып ұшыpған, қу сұлтаны саhаpсың" (Шалкиiз жыpау).

САЙҒАҚ

1)Жапан түз, кең далада үйip-үйip болып өмip сүpетiн аң; ақбөкен. Сайғақ өткен даладан солдат та өтедi (Мақал).

2)Қаpу pетiнде жұмсайтын қатты ағаш; сойыл. Бәpiмiз түгелдей сайғақ алып, соңына тyстiк (Нұpманов).

3)Зиpаттың басына белгі ретінде қойылған діңгек ағаш. Есеннің бейітіне қаpағай дiңгектен сайғақ оpнатқан (Бөкеев).

4)(Орал: Орда, Казт., Жән.; Ақт., Қараб.; Қ.орда, Сыр.; Павл.) қабiр басына қойылатын ағаш. Сәкең сайғақтан күнбатысқа қарай үш қадамды көзімен өлшеп ап, барынша ауыр денесімен тізерлей шөкті (Ж. Нәжім., Кішк.,7). Осы жерден адам өлгенде қоятын сайғақ жоқ (Ақт., Қараб.). «Қарағай сапты найзасын Өле кетсем далада Сайғағым деп алады» – дейді Мамай жырында (Орал, Орда).

445

5) (Павл.) таяқ. Көшеде қолында ойнаған сайғағы бар бала көрсең (Павл.).[Чувашша сайхах сырғауыл (Чув.-рус. сл., 98); алт. сайраг үй төбесіндегі жіңішке ағаштар (Н. Бас., ДК, )].

ЖАЗЫ

1)(МХР) жұқа фанерадан жасалған беті әйнектелген рама. Сурет ілуге арналған ж а з ы әкеші

(МХР).

2)(Гур., Маңғ.) жалғыз өркеш түйеге салынатын, арасына қоға салып тіккен зат.

3)(ҚХР) иен дала. Жазыда мал іздеген қазақтың басы қайда қалмаған (Шалкиіз).

АББАР

1)СУЫТ, ҮДЕРЕ, СЫПЫРА. Аpқыpаған ат мiнген, Аббаp көшiп, шет қонған (Шалкиiз).

2)(ҚХР) ұзақ. Аббар көшіп шет қонған, жау алдына бет қонған (Шалкиіз жырау).

МАЖАР

1)(Көкш., Қ.ту) төрт доңғалақты қазақы арба. Біз шөпті мажармен тасимыз (Көкш., Қ.ту).

2)(Қ.орда, Қаз.; Орал: Жән., Казт.; Рес., Волг.) ағаш доңғалақты үлкен қалқанды арба.Бес мажар

арба шөп шауып алдық (Орал, Жән.). Қ. можар.

Жаңа заман талабына сай жаңа қазақ тілін қалыптастыруда шет тіл сөздерінің етегінде еріп кете бермегеніміз жөн. Біз аудармасын таба алмай жүрген өзге тілдердегі сөздердің баламасы Шалкиіз бабамыздың жырларында тұр. Егер де біз әдеби мұраларымыздағы көне сөздерді қолданысымызға енгізер болсақ, онда біздің тілдік қорымыз біршама байи түсер еді, бір қатар сөздерді аударған боламыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Б.Момынова. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика: әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 140 бет.

2.С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1989, - 62 б.

3.А.Ысқақов. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1974.

Муталиева А.Е.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: Алкебаева Д ф.ғ.д., профессор.

ИНТЕРНЕТ-ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Резюме

В статье авторы отмечают, что интернет-лингвистика является одним из важнейших направлений современной лингвистики, уделяя особое внимание изучению лингвистики в мировой лингвистике. Интернет-лингвистика широко используется в изучении иностранных языков, и что в этой области ведется большое научное исследование зарубежных ученых. Например, ученый А. Барон (2010) исследовал применимость студентов американского колледжа к тому факту, что обмен мгновенными сообшениями (IM), СМС и популярная пресса действительны в качестве онлайн-платформ, таких как электронная почта и обмен мгновенными сообщениями (IM), что приводит прямому и обнаружил, что женщины чаще используют традиционный литертурный язык.

Интернет-лингвистика является самым молодым направлением в казахском языкоснании.

Summary

In the article, the authors note that Internet linguistics is one of the most important areas of modern linguistics, paying particular attention to the study of linguistics in world linguistics. Internet linguistics is widely used in the study of foreign languages, and in this area a large scientific study of foreign scientists is conducted. For example. scientist A. Baron (2010) investigated the applicability of American college students to the fact that instant messaging (IM). CMC, and the popular press are valid as online platforms, such as email and instant messaging (JM), that leads to the direct and found tiat wonen are more likely to use traditional literery language. Internet linguistics is one of the youngest in the field of native linguistics.

446

Интернеттің пайда болуы және электронды хабарламалардың жылдам дамуы тілдің жаңа түрінің дүниеге келуіне әсер етті.

Ағылшын университетінің професссоры Девид Кристал интернеттің тіл дамыту мен прогресті дамытудағы рөлі туралы зерттеулердің алғашқы жақтаушыларының бірі болды және бұл тұжырымдарын бүкіл әлем бойынша оқу орындарындарында қорғады. Ол жаңа терминнің пайда болуына әсер етті. Бұл тіл білімінің жаңа саласы – интернет-лингвистика. Кристалдың айтуынша бұл ғылым интернеттің даму барысында айда болған жаңа тілдік құбылыстардың, олардың заңдылықтарын зерттейді. Кристалдың ойлауынша, жаңа технологиялар, яғни компьютерлер, интернет желісі, блогтар, мен хабарламалар тілді басқа қырынан зерттеуге мүмкіндік береді. Netspeak

– бұл ғылыми зерттеу үшін жаңа перспектива. Интеллектуалды ғылыми зерттеулер интернетлингвистиканың салыстырмалы зерттелуіне және омы коммуникация құралдарының арқасында тілдің кеңеюіне септігін тигізеді. Ол интернеттің және қысқа хабар қызметі (SMS), мәтіндік хабарламар сияқты басқа да жаңа медиалардың ықпалымен келген жаңа стилі мен формаларын зерттейді. Компьютерлік қарым-қатынасқа (СМС) және интернт арқылы байланысқа (IMC) көшуге адам мен компьютердің әрекеттесуінен бастап, сарапшылар АТ-дағы лингвистикаға, интерфейс және ыңғайлылыққа назар аударады. Бұл зерттеулер лингвисттер мен интернет пайдаланушылары үшін арналған.

Graddall (1997) жоғарыда айтылғандарды қолдай отырып, электрондық коммуникациядағы революциялар жаңа байланыс жолдарының пайда болуына әкелуі мүмкін деген тұжырымға келеді. Ауызша тілдің сипаттамасы электрондық поштада пайдаланылатын жазбаша транскриптің стилінде қолданылады деген ойды алға тартты. Электронды байланыс маңызды лингвистикалық құрал болып саналады. Ол адамның өмірінің барлық кезеңдерін, сондай-ақ жаңа ақпараттты және тілді үйрену мен зерттеуді қамтиды.

Жақында жүргізілген зерттеулер жастардың электрондықарым-қатынаста пайдаланатын тілді үйренуге деген қызығушылығын көрсетті. (Collot & Belmore, 1996; Herring, 1996; Davis & Brewer, 1997; Abdalla,1998; Crystal, 2001,2006; Thurlow, 2001, Muniandi, 2002, Trurlow & Brown, 2003, Macfadyen, Roche & Doff, 2004; Panchurst, 2006; Поп, 2008; Плестер, Буд және Джоши,2009; Sun Hong-mei, 2010; Барон, 2010;)

Бұл зерттеулер интернет-лингвистикасы мен қатар электрондық дискурстың әлемдік тіл білімінде дамуына әсер етті. Электронды дискурс – бұл интернет-сайттарда сөйлесу қарым-қатынасы, ол интерактивті сипатта, нақты уақытта жүреді және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Интернетлингвистикасы мен электрондық дискурс бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, көптеген зерттеулер қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Лэдди және т.б. ғалымдар (2014) электрондық дискурстың 13 сипаттамасын талдауға арналған зерттеу жүргізді. Мәтіндердің құрамында 13391 сөз бар, оның 936 ағылшы тіліндегі сөздер. Статистика көрсеткендей, мәтіннің ағылшын тіліндегі сөздер. Статистика көрсеткендей, мәтіннің 25% дәстүрлі емес емлені қолдана отырып жазылған. Қорытындылай келе олар ең көп таралған жазу жолы – бас әріптерді тастап жазу. Дәстүрлі емес емленің айырмашылықтарынан басқа, кейбіреулер хабарламаның жазылу мақсатына сүйенеді. Ал әдеттегідей емле арқылы жазылған хабарламалардың жазудың елеулі айырмашылықтары жоқ.

Сон,Хонг-мей, (2010) Интернет-ағылшын тілінің сипаттамаларын зерттеу үшін лингвистикалық зерттеу жүргізді. SUN интернеттің тілдік ерекшеліктерін талдай отырып, адамдар Интернеттегі қолжетімді ресурстардың тиімді пайдаланып, интернетте тиімді өзара әрекеттесетіндігін анықтады. Барон (2010) американдық колледж студенттері арасында жылдам хабар алмасудағы (IM), CMC және әйгілі баспасөздегі қолданушылар әдетте электрондық пошта және жылдам хабар алмасу (IM) сияқты онлайн платформалар деп санайтын гипотезаның жарамдылығын зерттеді. Нәтижесінде жастар арасныда ауызекі бейресми тіл басымдылыққа ие екендігі анықталды. Әйелдер арасында жылдам хабар алмасуда дәстүрлі әдеби жазбаша тіл көбірек қолданылатыны анықталады.

Плестер және т.б. (2009ж.) «Балалардың интернеттегі мәтіндік материалдар мее танысуын және оның мектептегі сауаттылыққа қатысын» қарастырды. Зерттеушілер Thurlow классификациясы жүйесінің (2003) 12 сауалнамасын негізге ала отырып зерттеді. Алынған мәліметтер электронды жазбаша тіл мен фонологиялық білімдерді пайдаланудың арасындағы байланыстардың бар екенін көрсетті. Бұдан басқа, мәтіндерді жалпы пайдалану мен балалардың жазылуы мен жан-жақты түсіну арасында ешұандай байланыс табылған жоқ. Сонымен қатар нәтижелерде ұл балалар мен қыз

447

балалардың интернетте мәтінді қолдануда гендерлік айырмашылықтардың бар екенін көрсетеді. Бұл лингвистиканың таңы бір саласы психолингвистикаға арқау бола алады.

Ли (2009ж) электронды дискурс қолданушыларға бір-бірімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін танымал SMS түрін қарайды. СОнда электронды дискурс әңгіме мен жазу арасындағы бірлікті қамтамасыз ететініне көзі жетеді. Осылайша, бұл интерактивті тұрғысынан жеке байланысқа ұқсас. Кристалдың пікірінше: «Адамдар бір-бірімен кездеспей, бетпе-бет сөйлеспесе де, олардың ауызекі тілі жазбаша түрге түсу арқылы интернет-лингвистикасының ерешелігі көрінеді».

Кристал: «Мәтіннің өзгеріске ұшырау ыжиырма бірінші ғасырдың феномені. Бұл графикалық стиль жас ұрпақ арасында кеі ауқымда қолдыналады. Бұл практикада сауаттылық деңгейін төмендетуі мүмкін деген алаңдатушылық бар. Кейбіреулер де бұл тілге тұтастай зиян тигізеді деп сенеді». Біздің тілімізді бұзатын мәтіндік хабарлар. Лидің (2001,2006) және Смиттің (2003) айтуынша, электронды дискурс қолданушылары өз эмоцияларын және бет-әлпеттерін жеткізудің басқа жолдарын пайдаланады. Олар лингвистикалық құралдарды, соның ішінде onomatopoeia (мысалы, loi=қатты дауыстап күледі), сондай-ақ эмотиконды пайдаланатын пернетақта таңбаларын (мысалы :-)) ойлап тапты, олар әдетте электрондық тілдесуде нақты уақыттағы параллингвалдық байланыс функцияларының жоқтыңын өтейді. Аверинова (2012 ж, 15б.) «Электрондық поштаның бірегей лингвистикалық және иконографиялық ерекшеліктері инновациялық аббревиатуралардан (қысқартулар, үзінділер, логотиптер немесе альфациалық гибридтер, әріп-морфемалар, алматсрығыштар, үндеткіштерді жою және т.б.) қамтиды». Бұл зерттеулердің барлығы бір ғана мақсатты көздейді – ол адамның тілді қолдануындағы, сол тілге деген әсері. Қазіргі таңда осыдан 50 немесе одан да көп жылдар бұрын қолданылңан тілдің қазіргі тілден айырмашылықтары бар. Кей сөздер жаңадан лексикалық қорға қосылса, кей сөздер баяғыдан-ақ өзінің өзектілігін жоғалтып, пассив сөздердің қатарына қосылды.

Үлкен компьютерлік интернет-байланыс жүйелерінің пайда болуымен адамдар технологиялық жағынан күрделі жаңа талаптарды қанағаттандыруға бейімделумен бірге, пайдаланушыларға тілдің жаңа өлшемдеріне сәйкес тілдерді пайдалануды өзгерту үшін қысым көрсетілуін жалғастырады деп күтілуде.

Интернетті пайдаланушыларлың саны бүкіл әлемде жылдам өсіп келе жатқандықтан, пайдаланушылар арасында мәдени дәстүрлер, тілдік әдеттер және тілдік айырмашылықтар барған сайын артып келеді. Интернетті пайдаланушылар арасындағы осы жеке айырмашылықтар, әсіресе, көптілділік желілік тұрғыдан Интернет-лингвистиканың болашағына айтарлықтай әсер етеді. Интернетте тілдерді кеңірек қолданатын әртүрлі көптілділік желісі болу жолында 2000-2010 жылдардан көріп отырғанымыздай, Интернеттің енуінің ең көп ұлғаюы Қытай. Үндістан және Африка сияқты ағылшын емес елдерде байқалды, нәтижесінде Интернетте ағылшын тіліне қарағанда көп тілдер пайда болды.

Сондай-ақ ағылшын және басқа тілдердің өзара әрекеттестігі маңызды бағыт болып табылады. Жаһандық қолданушылар бір-бірімен өзара әрекеттесетіндіктен әр түрлі тілдерге сілтеме жасай алады, бұл барлық тілдерді қамтитын жаңа интернет стилін қалыптастыруға әкеледі. Қытай мен Корей тілдері ағылшын тілінің енуін бастан өткізді, бұл олардың көп тілді интернет жаргон қалыптасуына әкелді.

Қорыта айтқанда, бұл тіл білімінің саласы перспективаға толы. Бұл ғылымды зерттеушілер жыл санап көбеюде, әрі жаңа зерттеулер жүргізілуде. Әлемдік тіл білімнде бұл ғылым белгіілі бір жетістікке жетті. Көптген еңбектер мен мақалалар жарық көрді, ғылыми жаңалықтар пайда боды. Олардың барлығы осы интернет-лингвистиканың дамып келе жатқанының және оның біздің тілімізге едәуір әсер ететінінің көрінісі бола алады. Болашақта бұл сала әлемдік ғылымдардың құрамдас бөлігі болады деген болжам бар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.https://everipedia.org/wiki/lang en/Internet_linguistics/

2.https://www.researchgate.net/publication/271763446_Internet Linguistics_A_ Linguistic_Analysis of Electronic Discourse as a New Variety_of_Language

3.http://euroasia-science.ru/filologicheskie-nauki/lingvisticheskie-osobennosti-elektronnogo-diskursa/

4.http://linguistics-ug-2012.blogspot.com/

5.Фромкин В., Родман Р., Хайамс Г. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. — 608 б.

6.Жұбанов А. Компьютерлік лингвистикаға кіріспе. – Алматы, 2007.

448

7.Марчук Ю.Н. Компьютерная лингвистика. — М., 2007. – 317 с.

8.Компанцева Л.Ф. Интернет-лингвистика: когнитивно-прагматический и игрокультурологический подходы. Монография. – Москва: Знание. 2008.

9.Ахренова В.А. Теоретические основы интернет-лінгвістики. Ф.12, ofiческие науки. Вопросы теории и лузакті. К.И.

-Та бо8. Те мога. 2015. - 10(S). -С. 22-26

10.Горошко Е.И. Лингвистика Интернета: формирование дисциплинарной парадигмы

//http://www.textology.ru/article.aspx?aid=76

11.Тошович Б. Интернет-стилистика [Текст]: монография для студ. вузов / Б. Тошевич. – 3-е изд., стереотипн. — М.: Флинта: Наука, 2016. – 238 с.

12.Маслова В.А. Современные направления в лингвистике. – М.: Академия, 2008. – 272 с.

Шамишева Динара Серикқызы

Әл-Фараби ат.ҚазҰУ-дың 1-курс магистранты

ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ МӘТІНДЕРІНДЕГІ «ІСКЕР ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІ

Қазіргі қазақ тіл білімінде жаңа антропоөлшемдік бағыттағы зерттеулер ішінен адам факторымен тікелей және тығыз байланыстағы когнитивтік бағыттың зерттеу аясы кеңіп, танымдық сипатқа ие көптеген жайттар орнығып, қанат жайып келе жатқаны байқалады. Адамға қатысты тілдік кеңістікте өмір сүретін барлық әрекет, қарым – қатынас түрлерінің, білім мен тәжірибе құрылымдарының санада көріністенетін үзіктерінің адамзаттың дүниетанымы ретінде объективтенуі лингвистикалық зерттеулердің маңызды нысанына айналып отыр. Мысалы, тілдік мағыналық, мазмұндық мәні көмегімен шындықты, ақиқатты тану, адамзатқа тән этноментальды дүниенің тіл арқылы көріністенуі, ұлттық танымның прозадағы, поэзиядағы, жекелеген таным дүниесіндегі сөзбейнесі, танымдық модельдері т.б. мәселелер зерттеушілер Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ж.Манкеева, А.Ислам, Э.Сүлейменова, Ш.Жарқынбекова, Л.К.Жаналина, М.Күштаева, Н.Аитова, Ж.Саткенова, А.Әмірбекова, Г.Сағидолда, Г.Снапасова, Г.Гиздатов, Н.Г.Шаймердинова т.б. еңбектерінде сөз етіледі.

Басқа да тілдік бірліктер тәрізді әйел бейнесіне қатысты лексикалық қор – ауызекі тілде, ауыз әдебиеті үлгілерінде, тарихи және көркем шығармаларда тұрақты тіркестердің фразеологизмдер мен мақалмәтелдер сияқты түрлері когнитивтік модель қалыптастырушы таңба, ақиқат дүниенің көрінісін белгілейтін нысандар ретінде танылады. Тілдік бірліктер арқылы таңбаланған әйел бейнесі қоғамдық санада өміршеңдік, тұрақтылық, сезімталдық, символдық т.б. белгілермен ерекшеленеді.

Қазақ әйелі туралы мәдени-этнотанымдық мәні зор тілдік фактілер – тұрақты тіркестердегі, мақал-мәтелдердегі, көркем шығармалардағы әйелдер бейнесін когнитивтік құрылым тұрғысында ғылыми талдау қай кезде болса өзекті мәселе болып табылады. Тілхалық қазынасы, ұлттық мәдениеттің ең маңызды және күрделі құрылымдық көрінісі болып табылады. Адам баласының танымдық әрекетін гуманитарлық ғылым салаларында ғылыми зерттеу ұстанымдарының тың өзегі ретінде қарастыру, зерттеу жаңа бағытты ұсынды. Таным мен тілдің арақатысына, тілдің ойлау мен таным құралы екендігін тануға бағытталған ізденістер тарихы ерте кезден - ақ пікірталас тудырып келе жатқан сұрақтар. Тілдің танымдық құрал жөніндегі ең алғашқы философиялық талдау Платон түсініктемесі екендігі анық. Ғылымдардың тарихы саналатын философия ғылымының қолжеткен табыстары таным үдерісінде тілдің алатын ролін, орнын, маңыздылығын, шынайылығын дәлелдеу арқылы бүгінгі когнитологиялық ғылым нысанына келіп ұласты. Тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін когнитивтік лингвистика, яғни адамды, оның ой-санасын, рухани тәжірибелік әрекеттерін тіл арқылы зерттеуге арналған жаңа бағыттағы ғылыми арна зерттейді. Адам танымында қалыптасып, өңделіп, жаңғыртылған білімдер жиынтығы дүниенің тілдік бейнесін құрайды. Қазіргі таңда қазақ тілінің когнитивтік аспектісі тіл білімінің этнолингвистика, лингвомәдениеттану, әлеуметтік, гендерлік лингвистика т.б. салаларымен сабақтастықта, үйлесімді байланыста зерттеле бастады. Тілдік бейне адамзат пен мәдениеттің даму кезеңдерінің сатысы өркендеген сайын ақиқат дүние әлемін тек логикалық позитив тұрғысынан ғана емес, этикалық, әдептік, ұлттық ментальдылық тұрғысынан да танып, әлемнің тілдік бейнесі арқылы дүние бейнесі туралы түсінік аясын күрделендіре түсті, оны тануға деген ғылыми ізденістер аясын кеңейтті.

449

Адамзат тарихындағы іргелі түсініктердің қатарында "еркек-әйел" оппозициясының аталатыны белгілі. Ертедегі еңбектің жынысқа қарай бөлінісі еркектің асыраушы (аңшы т.б.) ретінде тұрмыста үстемдікке ие болып, абсолютті тұлға ретінде орнығуына жағдай жасады. Ерлердің қызметі табиғатпен бірге әйелді де бағындырды. Ерлер әйелдерді өздерінің жартысы деп танып, оны өздерін толықтыратын екінші "мені" ретінде ғана мойындады, ол ұғым прецедентті мәтіндерде дәйектелді. Философтардың пайымдауынша, осылайша әлеуметтік прогресстің дамуы жыныстық теңсіздікке апарып соқты.

Еркектер мен әйелдер өздерінің мінез-құлқын гендерлік стереотиптерге, яғни ерлер мен әйелдердің өзін қалай ұстауы жөніндегі мәдениетте қалыптасып, орныққан көзқарастарға сүйене отырып, түзеді. Оны кесте арқылы шартты түрде былай көрсетуге болады:

1-кесте: Әйел мен еркекке байланысты қоғамда қалыптасқан таптаурындар (стереотиптер) кестесі.

«Қазақ, іскер әйелі" концептісінің этномәдени сипатын ұлттық тағам атаулары да танытады. Себебі, күн көрісі төрт түлікпен тығыз байланысты болғандықтан, аналарымыз оның сүтінен неше түрлі дәмі аузыңнан кетпес тағамдар жасаған. Мысалы, уыз көже, құрт, ірімшік, ежігей, құрғақ сүт, көпіршік, ақ лақ, жент, талқан сияқты тағам түрлері қазақ әйелінің қолынан шыққан, қазақтың тұрмыстіршілігінен, өмір сүру салтынан, ұлттық болмысынан хабар береді.

Ежелгі қазақ дүниетанымында тәңірлік діннің терең орын алғанын қазақ даласын алғаш зерттеген саяхатшылар мен қазақтың өз арасынан шыққан Ш.Уәлиханов сынды ғалымдары баса айтқан болатын. Тәңірлік діннің арнасына дүниетанымы қалыптасқан қазақ танымының негізгі нышандары Х ғасырдан бастап ислам дінінің танымдарымен сіңісіп кетті. Қазақ тәңірі деген ұғымы мен арабтан ауысқан Алла, парсыдан келген Құдай сөздерімен астасып, бір ұғымға айналып кетті. Тәңірберген, Алдаберген, Құдайберген деген есімдердің қазақ арасында бір ұғымның шеңберінде қолданылатыны көпшілікке мәлім.

Сонымен қатар халқымыздың әйелге Ілкі Ана, Ұлы Баба, Түпана (арғы тек) түрінде табынушылық пен құрметтің іргетасы тәңірлік дін кезеңінен қалғаны анық. Адамзат мәдениетінің

450

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]