Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

Емледе жіңішкелік белгісі (ь) бар сөздердің жазылуы туралы төмендегідей ереже бар: «Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады, жіңішкелік белгі (ь) ескерілмейді» [2.26]. Мысалы: аnsámbl (-diń, -i, -ge, -der), dúbl (-diń, -i, -ge, -der), asfált (-tiń, -i, -ke, -ter), púlt (-tiń, -i, -ke, -ter), batalón (-niń, -i, -ge, - der), kоról (-diń, -i, -ge, -der), gаstról (-diń, -i, -ge, -der), álpınıs (-tiń, -i, -ke, -ter), álternatıv (-tiń, -i, -ke, - ter), kоbált (-tiń, -i, -ke, -ter), festıvál (-diń, -i, -ge, -der), álbatros (-tyń, -y, -qa, -tar), bálzam (-nyń, -y, -ǵa, - dar), pálma (-nyń, -sy, -ǵa, -lar); Бұл ережеге қосымша ескертуде «Мына сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмейді, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады»,- деген анықтама бар екен: bron (-nyń, -y, -ǵa, -dar), monastyr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), gýash (-tyń, -y, -qa, -tar), týsh (-tyń, -y, -qa, -tar).

Бұл жерде де жіңішкелік белгіні ескермесек те, оны жіңішке айтуды ескерген, бірақ сөзді бүтіндей жіңішке айту ескерілмеген сияқты. Мысалы, аnsámbl(ансамбль-анс(ә)мбл). Бұл жерде де жіңішкелік белгі орны жіңішке айтылғанмен бүкіл сөз аралас буынмен жазылады. Бұл жазылым, қанша өзгерткенімізбен, орыс тілінің айтылымын сақтап тұрғанын көрсетеді. Осы мәселелерге көңіл бөліп, орфоэпияда қазақы дұрыс айтылымын сақтау керек(әлібөм, әнсәмбіл).

Ал «Жіңішкелік белгісімен (ь) келген буын құрамында «e, ı» әріптері бар сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмейді, қосымшалар түбірдің соңғы буын үндестігіне сәйкес жалғанады» [1,27].

Мысалы: akvarel (-diń, -i, -ge, -der), stil (-diń, -i, -ge, -der), lager (-diń, -i, -ge, -ler), artıkl (-diń, -i, -ge, - der), kegl (-diń, -i, -ge, -der), premer (-diń, -i, -ge, -ler), premera (-nyń, -ǵa, -lar), barer (-diń, -i, -ge, -ler), shıfoner (-diń, -i, -ge, -ler), kelt (-tiń, -i, -ke, -ter), fılm (-niń, -i, -ge, -der), gelmınt (-tiń, -i, -ke, -ter), atele (- niń, -si, -ge, -ler), relef (-tiń, -i, -ke, -ter). Бұл ережеге қосымша ескертуде «Ономастикалық атаулар мен кейбір мағынасына нұқсан келетін сөздерде жіңішкелік белгісінің (ь) орнына ı әрпі жазылады»,- деген анықтама бар екен: Pıer; pıesa, lıe.

«Ц» әрпі және «сц» әріп тіркесі «s» әрпі арқылы жазылады: сирк-sırk, сифр-sıfr, силиндр-sılındr,

сиркул-sırkýl; десиметр-desımetr, медисина-medısına, пропорсионал-proporsıonal, абзас-abzas, кварсkvars, конститусиа-konstıtýsıa, корпорасиа-korporasıa, сех-seh; сенари-senarı, сиофит-sıofıt, абсесabses, абсиса-absısa, плебисит-plebısıt. Ескерту. Қатар келген «ц» әрпі «ts» тіркесі арқылы таңбаланады: питса-pıtsa, Нитса-Nıtsa [1,25]. «-тч» дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздердегі «т» әрпі түсіріліп жазылады: скош-skoch, скеш-skech, маш-mach.

«Щ» әрпі төл сөздерде «shsh» әріп тіркесімен, ал шеттілдік сөздерде «sһ» әрпімен таңбаланады:

асшшы-ashshy, тұшшы-tushshy, кешше-keshshe; училише-ýchılıshe, прапоршик-praporshık [1,25]. «Щ» әрпі қазақ тілінде жоқ болғандықтан, бұған жақын дыбысталатын сөздер де көп емес.

«Э» әрпі «е» әрпімен жазылады: елемент-element, елеватор-elevator, епопеиа-epopeıa, поетикаpoetıka, коефисент-koefısent. Ескерту. «-оэ» әріп тіркесімен аяқталатын сөзде «э» әрпінің орнына «ı» жазылады: алой-aloı, каной-kanoı [1,25]. Өзге тіл сөздерін тілімізге қарай бұрып жазуымыз құптарлық жай. Дегенмен тек өзге әріпті ғана бұрып жазып, ал сөздердің жазылуы аралас буынды күйінде қалған екен. Бұл үндестік заңына байланысты бірыңғай жазу заңдылығына келмей тұрғанын да аңғаруымыз керек. Орфоэпияда бұл олқылықты дұрыстап айтуымызға мән берілуі керек.

«Ю» әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін «ıý» әріп тіркесімен: aıý, oıý; Iýpiter, Iýrmala; kaıýta, ал дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ú» әрпімен таңбаланады: parashút, absalút, glúkoza, debút, prodúser, lúks, salút, valúta, búdjet, búrokratıa, sújet, búleten; fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады. Ескерту. «и» (ı) әрпінен кейін тұрған «ю» орнына «у́» жазылады: qıý, kıý, dıý [1,25]. Демек, «ю» әрпі үш түрлі жазылады екен: 1). төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін «ıý» әріп тіркесімен(аю-айу, ою-ойу, Юрмала-Иурмала) жазылады. 2). Дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ú» әрпімен (парашют-парашүт, абсолют-абсолүт, глюкозаглүкоза, валюта-валүта, бюллетень-бүлетен,продюсер-продүсер, люкс-лүкс, компьютер-компүтер, тьютор-түтор,рюкзак-рүкзак, сюжет-сүжет)таңбаланады. 3). «и» (ı) әрпінен кейін тұрған «ю» орнына «у́» жазылады: қию-қиу, кию-киу,дию-диу.

«Я» әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында, дауысты дыбыстан кейін, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ıa» әріп тіркесі арқылы: ıaǵnı, qoıan; Iаlta; soıa, ıdеıa; gıperıadro, sýbıadro; alıаns, konıak, ал дауыссыз дыбыстан кейін а́арқылы таңбаланады: akýmýlа́ tor, mýláj, zarа́d, kalkýlа́tor. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады. Ескерту. «И» (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: qıar, sıa, Túrkıa, jarıa [1,26].

431

«Е» әрпінің алдында тұрған айыру белгісі (ъ) ескерілмейді, қосымшалар соңғы буын үндесіміне сәйкес жалғанады: sýbekt, оbekt, ıneksıa, feldeger, adektıv [1,27]. Бұл ереже тіліміздің үндесімін сақтауға бейімделгенімен аралас буынды сөздер кедергі келтіріп тұр(оbekt, adektıv).

«Дж» әріп тіркесі бар сөздерде «д» әрпі түсіріліп, қосымшалар үндестік заңы бойынша жазылады: menejer (-diń, -i, -ge, -ler), jınsy (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), jentіlmen (-niń, -i, -ge, -der). Ескерту. «-

дж» әріп тіркесінің арасынан буын жігі өтетін және сөз мағынасы өзгеретін жағдайда «d» әрпі сақталып жазылады: búdjet, lodjy [1,27]. Бұл ереже тіліміздің заңдылығына бейімделген.

Сөз соңындағы қайталанған қосар әріптің біреуі түсіріледі: klas (-tyń, -y, -qa, -tar), hol (-dyń, -y, - ǵa, -dar), bal (-dyń, -y, -ǵa,-dar) [1,28]. Бұл ереже де тіліміздің заңдылығына бейімделген, қос бірдей дауыссыздың қатар қолданылуы қазақ тіліне жат екенін танытады. Осы ережені толықтырып, арабпарсы тілдерінен келген сөздердегі қатар келген бірдей дауыссыздардың да біреуін түсіріп жазуды заңдастыру керек деп есептейміз. Мысалы, «махаббат», «ләззат» деген сөздердегі геминанттар (бб, зз) бізге қажеті жоқ, бір дыбыспен де айтамыз: ма-ха-бат, лә-зат.

Сөз ортасындағы қайталама «сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу» дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады: patıson, komısar, resor, profesor, prosesor, asonans, dısonans, dısıdent; gramatıka, komýna, ımýnogen, ımıgrant, programıs, mamologıa, sımetrıa, amıak, anagram, kardıogram; metalýrgıa, elıps, elınızm, kolej, sılabýs, bılıard, brýselóz, talı, kolokvıým, trıler, alofon, troleıbýs, alúzıa; kotej, atestat; efekt, efýzıa, afekt, afrıkat, koefısent; týnel, aneksıa, anotasıa, baner, tenıs, konotat; gıbon, korespondent, popýrı, sparıń, korektor, presýpozısia, aparatýra, aplıkasıa, ıpodrom, opozısıa, oponent; aglútınatıv, sýgestıa; adıtıv; akaýnt, akord, akredıtasıa, hokeı, ındıvıdým. Ескерту. Сөз мағынасы өзгеретін жағдайда «сс, мм, лл, тт, нн, бб, рр, пп, дд, кк» әріптері сақталып жазылады: esse, mass-medıa, massa; sammıt, ballada, mıllıgram; getto, nettо; tonna, vanna; súrrealızm, ırrasıonal, ırreal; trýppa; býdda, býddısm; ekker [1,28]. Бұл ереже тіліміздің заңдылығына бейімделген. «Сөз ортасындағы қайталама «сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу» дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылуы», «сөз мағынасы өзгеретін жағдайда олардың әріптері сақталып жазылуы» қазақы жазу талабынан туындаған дұрыс шешім болып табылады. « -ий»-мен аяқталған сөздердің соңында бір ғана ı әрпі жазылады: kalı, alúmını, natrı, kafeterı, komentarı, realı [1,28].

Шеттілдік сөздердің соңындағы «а» әрпі сөз мағынасына әсер етпеген жағдайда түсіріліп жазылады. Қосымшалар соңғы буынға үйлесіп жалғанады: gazet (-tiń, -i, -ke, -ter), mınýt (-tyń, -y, -qa, - tar), sıfr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), kordınat (-tyń, -y, -qa, -tar), kapsýl (-dyń, -y, -ǵa, -dar), kardıogram (-nyń, -y, - ǵa, -dar). Бірақ matematıka, pedagogıka, statıstıka, mehanıka болып жазылады [1,28].

Сөз аяғындағы «-cт», «-сть», «-зд» әріп тіркесінің соңғылары түсіріліп жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: jýrnalıs (-tiń, -i, -ke, -ter), komýnıs (-tiń, -i, -ke, -ter), manıfes (-tiń, -i, -ke, -ter), ensıklopedıs (-tiń, -i, -ke, -ter), Everes (-tiń, -i, -ke, -ter), sıez (-diń, -i, -ge, -der), vedomos (-tyń, - y, -qa, -tar), poves (-tiń, -i, -ke, -ter) [1,28]. Бұл сөздердің соңындағы дауыссыз дыбыстардың бірі түсуі, яғни апокопа құбылысы бойынша жазылғаны дұрыс деп есептейміз. Осылай айтылуы тіліміз заңдылығына сай келеді.

«Р», «h» әріптеріне аяқталған шеттілдік сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, «p», «h»

ұяңданбайды: arhetıp - arhetıpi, stereotıp - stereotıpi, ketchýp – ketchýpy, sheıh - sheıhy, shtrıh - shtrıhy.

Сондай-ақ «h» әрпіне аяқталған сөзге қосымшалар жуан жалғанады: seh – sehty, -qa, -tar, sheıh – sheıhty, -qa, -tar, shtrıh – shtrıhty, -qa, -tar [1,29]. Бұл жағдайда ұяң айтылмауын морфонологиялық жағдай деп есептейміз.

«-рг, -кс, -лк, -кл» әріп тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады: ocherk (-tiń, -i, -ke, -ter), lúks (-tiń, -i, -ke, -ter), polk (-tiń, -i, -ke, -ter), sıkl (-diń, -i, -ge, -der), hırýrg (-tiń, -i, -ke, -ter), metalýrg (-tiń, -i, -ke, -ter) [1.29]. Бұл ереже сөздің дұрыс айтылуына сай келеді. «-кт, -ск, -нкт, -пт, -мп, -мб, -фт» әріп тіркесіне бітетін сөздерге қосымша «y, i» дәнекері арқылы, ал «-кт, -ск, -нкт» сияқты құрамында «к» әрпі барларына тек жіңішке, басқаларына соңғы буын үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: faktige, faktisi; obektige, obektisi; dıskige, dıskisi; pýnktige, pýnktisі; akseptige, akseptisi; Olımpige, Olımpisi, rombyǵа, rombysy; shrıftige, shrıftisі [2,29].

Қорыта айтқанда, жаңа емле

өзге сөздерді қазақ тілінің ерекшелігіне қарай бейімдеп айтуға

негізделген.

 

 

 

 

Қазақ тілі Қазақстан

Республикасының мемлекеттік тілі. Осы тұрғыда қарағанда,

жазуымыздың

латын графикасына

көшірілуі

мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын

кеңейтуге де

қосар үлесі зор.

Елбасының

мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы сарабдал

432

саясаты, оның шетелге барған сапарында БҰҰ мәжілісінде қазақ тілінде сөйлеуі қазір мемлекеттік қызметтегі адамдарға ерекше ықпал етті деп айта аламыз. Қазір шетелден келушілер саны көбейіп, Қазақстанға әлемнің назары ауып отырған тұста еліміздегі өзге ұлттармен қатар, шетел азаматтарының да мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы артып отыр. Сонымен бірге қазақ жазуының латын әріптеріне көшірілуі ел болашағы - жас ұрпақтың оқу-білім және ғылым жолындағы ізденістеріне де жол ашады. Қазіргі заман - жазу заманы, ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа технологиялар заманы. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Сондықтан латын әріптері өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Сонымен бірге кез-келген әліпбиге қойылатын талаптар бар десек, оның ішінде алдымен негізгі үш-төртеуін айтуға болады: 1)әлеуметтік жағы (көпшілікке тиімді, қолдауына ие болуы), 2)графикалық (әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазуға оңтайлы болуы), 3)техникалық (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.), 4) лингвистикалық (тілді дәл жеткізуі) талаптарға сай болуы керек. Қазіргі таңда латын әліпбиі осы талаптар биігінен көрініп, үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Қазіргі әліпбиімізге байланысты жазуымызда орын алған қиындықтарды түзетіп, тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіріп келген ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік туды. Дүниежүзі елдерінің 80 пайызы латын қарпін қолданады екен. Ендеше латын әліпбиінің болашағы да зор.

Қазір латын негізді қазақ әліпбиі қабылданған соң, енді жаңадан ұсынылған қазақ тілі емлесінің Ережелері жобасын талқылау жұмыстары да мәреге жеткендей болды. Емле ережелері Жобасы талқыланып, пікірлер айтылды. Жалпы алғанда қазақ тілі әліпбиі мен емлесін латын графикасына

көшіру жұмыстары

тіл мамандарының үлкен белсенділікпен қатысуымен атқарылып келеді. Жаңа

мазмұнды Қазақ

емлесінің негізгі ережелерін дайындау барысында

біртуар ғалымдар

А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбановтың, латын графикасына ауысу идеясының көшбасында болған академик Ә.Қайдар, қазіргі қазақ жазуының ғылыми ортологиялық негізін қалаған көрнекті ғалым академик Р. Сыздықтың, сонымен қатар түркітектес халықтардың тәжірибесі жан-жақты ескерілген.

Емле ережелері ұлттық тіліміздің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуына, тіліміздің

дыбыстық қорының мүмкіншілігін толық қамтуына

ерекше назар аударылған. Жаңа емле

жобасында бұрынғы ережелеріміздің негізі сақталып,

сөздерді біріктіріп жазу тәртібі, ғылым мен

техниканың әртүрлі саласына қатысты теминдік мағынаға ие болған сөз тіркестерінің жазылуы, адам

аттарының емлесі, кейбір жарыспалы тұлғалардың емлесі,

өзге тілден келген сөздерді қазақтың

сөйлеу тіліндегі айтылуынша жазу туралы, т.б. мәселелер

жетілдірілген. Осы орайда, жаңа емле

ережелерін құрастыруда жазу тарихымызда құнды ғылыми ойларын қалдырған А.Байтұрсынұлы,

Қ.Жұбанов, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымов, Т.Шонанов, т.б.

туматаланттар мен олардың соңынан

осы салаға

еңбектерімен өзіндік үлестерін қосқан

М.Балақаев, І.Кеңесбаев, А.Аманжолов,

Р.Сыздықова,

Н.Оралбаева, Н.Уәли, Қ.Күдеринова,

Г.Мамырбекова, сияқты т.б. ғалымдар зерттелуінің маңызы зор болды деп есептейміз. Жаңа емле қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сай жүйелі, ғылыми тұрғыда құрастырылғандығымен ерекшеленеді. Емледе бұрынғы жазылуы әртүрлі болып келген орфограммалар бір ізге түсірілгені анық байқалады.

Қорыта айтқанда, Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері/ жаңа емле қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сай жүйелі, ғылыми тұрғыда құрастырылғандығымен ерекшеленеді. Емле ережелері қазіргі жаһандану заманында бірнеше тілде сөйлеп жүрген жастарымыздың қазақ сөзінің үйлесімін бұзбай сөйлеуін, сөзіміздің әуезділігін, тіліміздің әсем ырғақпен айтылуын қамтамасыз ете алады. Әліпби мен емле қазақ тілінің үндесім заңына сай болуы арқылы мемлекеттік тілдің дамуына да ықпал ете алады. Сондықтан латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуының жаңа емлесі қазақ тілінің табиғатына сай болуы арқылы ана тілімізді жаңғырта түсетініне, қазақ елін жаңа биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз.

433

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері. Жоба.-Астана: tilortalyk, 2018.- 30 б.

2.Садуақас Н.А.Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселелері// «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру: жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Атырау: «Инфорсервис» баспа орталығы,2018.-152-157 б.

Қосымша әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.-Астана.Елорда.2017 ж.

2.Назарбаев Н.Ә. ҚР Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы. №637 Жарлығы. 19.02.2018 ж. Астана, Ақорда.

3.Жүнісбек Ә. Төл әліпби-төл жазу мәселелері.- -Алматы: Дайк-Пресс, 2017. – 232 б.

4.Садуақас Н.А. Латын графикасына көшу: қазақ тілі әліпбиі мен емлесі. (ғылыми-танымдық еңбек). - Ақтөбе: Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе ӨМУ «Жұбанов университеті» баспа бөлімі, 2018.- 80 б.

5.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. - Алматы: Қазақстан, 1988. - 400 б.

6.Әліпби әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашады//Egemen.kz сайты. 23.08.2017 ж. 7.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б

8.Күдеринова Қ. Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы.-Алматы: комплекс, 2005.-144 б. 9. Күдеринова Қ. Бірге ме, бөлек пе? – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2017. – 84 б.

Әміреев Н.Ә.

Халықаралық бизнес университетінің аға оқытушысы, п. ғ.м.

Уралова З.И.

Халықаралық бизнес университетінің аға оқытушысы Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНДАҒЫ ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

В статье проведен анализ трудов казахских ученых-педагогов о развитии навыков письма у учеников. Рассматриваютя пути применения данной методики на практике при подготовке будущих специалистов.

Ключевые слова: навыки письма, пиктографическое письмо, идеографическое письмо, скорость письма.

The article analyses the work of Kazakh pedagogical scientists about developing students’ writing skills. A given methodology can be applied in practice for preparing future professionals.

Keywords: writing skills, pictographic writing, ideographic writing, writing speed

Халықтың өсу, даму тарихына, мәдениетіне байланысты оның жазуы да өзгеріп, жетіліп отырады. Қазақ халқы да өзінің даму тарихында бірнеше жазу түрлерін қолданды. Өткен ХХ ғасырдың өзінде қазақ елі араб (1929 жылға дейін), латын (1929-40ж.) жазуларын пайдаланып келіп, кейін орыс графикасын (1940 жылдан бастап ) қабылдады. Бұл қазақ халқының экономика және мәдениет жағынан өсуіне байланысты жүзеге асты. Қай кездегі қандай жазуды алсақ та, ол – адам баласының зор мәдени табысы.

Балалардың сауатын ашу, жазудың айқын, көркем болуына, өз ойын жазба түрде нақты, сауатты жеткізу дағдыларын қалыптастыру, осыларға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері қазақ педагогтары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Көбеев, С.Рахметова, К.Бозжановалардың еңбектерінде орын алған.

Бұл салада қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі ерекше. Ол оқу-ағарту ісін өзінің азамматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген – өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады [1 ].

А. Байтырсынов қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін 1912 жылдан бастап "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті беттерінде білдіре бастайды. Әрі қарайғы ізденістерінде араб граматикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1- араб

434

альфавитіндегі жуан дыбыстардың таңбаларын алу, 2- қазақ тіліндегі ы,е,и,о,ұ,у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, 3- к,г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою. Бұлайша түзілген алфавиттің сауат ашудың дыбыс жүйесі әдісіне сай келетіндігі байқалады [2 ].

А.Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы,ешбір талассыз қабылдады. Себебі Байтұрсыновтың реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сөйтіп, А.Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдени дүниесінде үлкен рөл атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен прогрессивтік құбылыс болды. Оның бұл тәжірибесін сол кезде өзге түркі халықтары, мысалы, өзбектер мен татарлар үлгі тұтып, олар да өз жазуларына реформалар жасай бастады.

А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын жазды. Ол "Оқу құралы" (қазақша әліфбе)деген атпен алғашқы рет 1912 жылы Орынборда басылды. А.Байтұрсыновтың бұл еңбегі 1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып, оқу-ағарту жұмысында ұзағырақ әрі кеңірек пайдаланылды.

Оқу құралы әріп таңбаларын танытудан басталып, кітап бетінің төменгі тұсындағы сілтімеде хат таныту жолдары көрсетіліп, сабақ әдісі қоса берілді. Барлық әріптерді өтіп болған соң, танымдық материалдар ұсынылады. Мысалы, "Туысқан-туған, іліктес" деген тақырыпта ата, баба, ана, әже, шеше, аға, іні... деген сөздер беріледі. Сол сияқты киімдердің, ойындар мен ойыншықтардың т.б. атаулары ұсынылады. Және бір көңіл аударатын жері автор балаларға лайық тілмен жазылған, тәрбиелік мәні бар жұмбақ-жауаптарды, мақал-мәтелдерді, шағын өлең мәтіндерін береді [2]. Балаларды сауаттандыруды жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай дамытылып отыратын бұл әдістер бүгінгі әдістемелерде өзіндік орнын алып келеді. Және "Оқу құралында" берілген мәтіндер қазақ балаларының ұғымына сай, күнделікті тіршілікте өздері көріп-біліп жүрген нәрселер.

А.Байтұрсынов 1926 жылы "Әліппенің" жаңа түрін жазды, бұл қазіргі кездегідей суреттермен жабдықталған оқулық болды. «Бұл жаңа Әліп-би» бұрынғысынан қай ретте болса да артық. "Әліп-би" мазмұны қазақ жағдайына қарай Мемлекет Білім Кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан»,– деп баға береді Білім Кеңесі.

А.Байтұрсынов тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің сауатын ашуға арналған "Әліпби" де жазған. Ол 1924,1926 жылдары басылған. А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы болып саналады. Ол – қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы. Ол бұл салада 1910 жылдан бастап, 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған. Тұңғыш әліппемен қатар дүниеге келген жазу таңбаларын түсіндіретін "Баяншы" атты әдістемелік құралы 1912 жылдан бастап жарық көрген. Бұл – көлемі жағынан өте шағын (не бары 15 беттік кітапша), бірақ нағыз әдістемелік құрал.

Сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын А.Байтұрсынов"Әліп-би астары" атты еңбегінде де көрсетеді. 1927-1928 жылдары "Жаңа мектеп"журналында "Ана тілінің әдісі", "Жалқылаулы жалпылау әдісі", "Қай әдіс жақсы?" деген әдістеме мәселелерін сөз еткен бірнеше мақала жариялайды.

Мектеп балаларына арналған оқулықтарында болсын, үлкендерге арналған "Cауат ашқышта" болсын А.Байтұрсынов иллюстративтік материалды ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл ұстарту мәселесін көздеген. Автор жалпы оқулыққа тән "жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге" деген принципті ұстанғандықтан, бастауыш мектеп балаларына арналған материалдарды аса түсінікті етіп беруді көздейді, сондықтан мысалдарды қазақ баласына таныс мақал-мәтелдерден, нақыл сөздерден, мысалдардан алады. Және оларының барлығы дерлік адамгершілікті, адалдықты, еңбек сүйгіштікті т.с.с. игі қасиеттерді уағыздайтын дидактикалық мәні зор шығармалар болып келеді. Ал белгілі бір тақырыпқа лайықтап өзі жасаған мәтіндер ауыл балаларының күнделікті тұрмысынан алынып, олардың арман-тілегін, талап-талпынысын т.т. танытатын шағын әңгімелер түрінде беріледі [2 ].

А.Байтұрсынов қазақша сауат аштыру мақсатында "Оқу құралын", дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып, дұрыс жазуға үйрету мақсатында "Тіл жұмсарды ", тілді оқыту әдістемесін жасау мақсатында "Бяншы", "Әліппе астарын" жазса, балалардың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге баулу үшін Т.Т.Шонановпен бірігіп "Оқу құралы" атты үлкен хрестоматия құрастырған.

435

А.Байтұрсынов 1912 жылғы "Оқу құралында" балаларға з, р, а әріптерін үйретуден бастап, бұл әріптерді оқушыларға қалай таныту және оларды жазуға қалай төселдіру мақсатында не істеу керектігіне тоқталады. Ол әріптердің сөз құрамында бір-бірімен қалай жалғасатынын нақты мысалдар келтіре отырып көрсетеді. А.Байтұрсыновтың жоғарыда аталған еңбектері араб графикасы негізінде балаларды оқытуға арналса да, ондағы айтылатын әдістәсілдер, балаларды сауаттандыру мен олардың жазу дағдыларын дамытуға арналған ақыл-кеңестері бүгінгі қазақ тілі әдістемесінде өзіндік орнын алып келеді.

Балаларды жазуға үйрету және жазу дағдыларын дамыту жайлы әдіс-тәсілдер мен сол кездегі қазақ алфавитінің (араб) жаңа жүйесіндегі Ахмет Байтұрсынов еңбектеріне өзінің дұрыс көзқарасын білдіріп, мақалалар жазған алғашқы қазақ педагогтарының бірі, ақын, жазушы, қоғамқайраткері – Міржақып Дулатов болды.

М.Дулатов жазуға үйрету әдістемесі жайлы еңбектер жазбағанмен де, жазуға қойылатын гигиеналық талаптар жөнінде өзінің "Денсаулық жайынан" атты мақаласында кеңірек тоқталған. 1924 жылы Орынборда жарық көрген "Оқу құралы" атты кітабына енген бұл мақаласында автор адамның дене мүшелерінің саулығы үшін не істеу керектігі жайлы айта келіп, жазу үшін ең қажетті мүше көздің саулығы үшін не істеу қажеттігіне тоқталады:

1.Ымыртта, алакөлеңкеде, нашар жарықта оқыма, жазба, жұмыс істеме;

2.Күндіз үйде жұмыс қылсаң, жарық сол жағыңда болсын. Жарық болған терезеден аз да

болса аспанның бір бөлігі көрініп тұрсын, көз алдыңдағы істеп отырған жұмысқа (жазып отырған қағазыңа күн түспесін;

3.Кешке таман жұмыс қылғанда шамың алдыңда кішкене сол жаққа таман жарты метрдей алыстықта тұрсын. Шамның қалпағы (абажоры) қара не қызыл, көк, сары секілді болулы түсті болмай, ақ шыныдан (форфордан) болсын;

4.Жазғанда қою қара сиямен анық көрінетін сызықтың үстіне жаз. Ең жақсысы сызықсыз қағазға түзу жазып үйренген;

5.Жұмыс уақытында көзің талса, жұмысыңды қой да көзің дем алғанша терезеге қара. [4] Міне, Дулатовтың көзді сақтау жөніндегі бұл кеңестері бүгінгі күнде дәлелденіп, оқу

үдерісінде кеңінен қолданалып келеді.

Аталған мақаланың "Үйде жұмыс қалғанда саламаттық сақтау үшін" деген бөлімінде жазу, оқу үдерісіне қойылатын гигиеналық талаптар сөз болады, ең бастысы, бұл айтылған пікірлер бүгінгі мектепке қойылып отырған талаптарымен үндес келіп отырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін аталған мақаладан үзінділер келтіре кетейік:

1.Жұмыс қалғанда жарық (шам,терезе) сол жағыңда болсын;

2.Жазу үшін отырғаныңда астыңдағы орындығыңның алдыңғы шеті үстелдің астына 2-5 сантиметрдей кіріп тұрсын. Жазғанда тік отыр, көкірегіңмен үстелдің шетін кидірмелеме;

3.Үстелге отырғанда екі білегіңді шынтағыңа дейін үстелдің үстіне салып отыр.

Астыңдағы орындығың аласа болса, үстіне көпшік я бөтен нәрсе салып, керегінше биіктет; 4.Үстелге отырғанда табаныңды жерге я еденге тегіс тигізіп тіреп отыр. Аяғың жерге (еденге)

жетпесе, табаныңның астына тақтай қойып басып отыр;

5.Үстелге отырғанда аяғынды орындықтың астына қарай бүкпе, не болмаса бір аяғыңның үстіне бір аяғыңды салып айқастырма. Аяғыңның тізеңнен төменгі жағы тік тұрсын;

6.Орындықтың үстінде тік отыр, арқаңды орындықтың арқасына таяп сүйеп отыр, басыңды төмен еңкейтпе;

7.Жазғанда екі білегің шынтаққа дейін тегіс үстелдің үстінде жатсын. Сол қолыңмен қағазды басып керегінде ілгері жылжытып отыр;

8.Жазатын қағазыңды оң жаққа тамандау, қарсы алдыңа сал;

9.Оқығанда орындығынды үстелден аз-кем кейіндеу қойып, кітабыңды екі қолыңмен ұста, кітаптың төменгі жағы үстелге тіреліп тұрсын, жоғарғы жағы үстелден көтеріңкі болсын. Оқығанда кітабыңның бетінен көзің ең кем болғанда 32 сантиметр қашық болсын;

10.Орындықта отырғанда киімің астыңда бүктеліп жатпасын. Сондықтан еркек балалар ықшамдау шалбар, қысқа бешпент киюі керек. Қыз балалар орындыққа көйлектерін тегістеп бүктесінсіз қылып отыру керек. Отырып алған соң астындағы көйлегіңді дұрыстаймын деп қолыңмен тартқылама [4].

436

М. Дулатовтың осы шағын мақаласының өзі бүгінгі мектепке қойылып отырған гигиеналық талаптармен сәйкес келеді. Жазу кезіндегі гигеналық талаптардың дұрыс орындалуы жұмыстың нәтижелі болуына тиімді ықпал ететінін ескерсек, әр мұғалім бұл талаптардың орындалуына жете көңіл бөлуі қажет.

Оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын дамыту олардың бір-бірімен сабақтастығы, жазу түрлерін меңгертуге байланысты істелетін жұмыстар жайлы пікірлер XX ғасырдың бас кезінен бастап педагогтық қызмет атқарған алғашқы қазақ мұғалімдерінің бірі С.Көбеевтің "Орындалған арман" атты романының "Оқу-тәрбие, оқыту тәжірибелерінен" деген бөлімінде де айтылған.

Алғашқы сауаттандыру кезінде оқытушы балалардың дыбыстарды дұрыс айтуына көп көңіл бөлуі керек. Әсіресе тіл кемшілігі бар оқушылардың дыбыстарды өзінің айта алатын қалпында жазуы сияқты кемшіліктерді болдырмау жолын ескергені жөн екендігін айта келіп, С.Көбеев жазудың мәніне және жазу түрлеріне тоқталады. Ол бастауыш сыныптағы жазудың түрлері: көшіріп жазу, балалардың білуіне қарай жаттығу, көркем жазу, жат жазу болады деп бөліп алады. Оқып өтілген әңгіме, оқылған әңгіменің мәтінін, материялдарын жазу арқылы түсіндіру ұғымдырақ болады, себебі ауызбен айтылған сөз көзбен көріліп, өз қолдарымен істеледі. Жазу арқылы балалар сөйлемнің қалай құрылғанына көзі жетеді, сөйлемнің қалай құрылғандағы анық есінде қалып, сөз орфографиясы да тиянақты болып көңілге қонады деген тұжырым жасайды[ 7].

Мұғалімнің өте көңіл бөлетін жұмыстарының бірі – жаттығу жұмыстарын жаздыру екенінің айта келіп, қай жазуда болса да белгілі бір мақсат болуы керектігін, жаттығу жұмыстарын тапсырғанда, грамматика ережелерін оқып, оларды не үшін жазу керек екендігін балаларға түсіндіріп, бәрінің әбден түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жазу жұмысын беру дұрыс болатындығын ескертеді. Жатқа жазу бастауыш мектептің қай сыныбында да болады. Жатқа жазғанда қатты ескертіп бір жұмыс жаздыратын сөздерді, сөйлемдерді алдын-ала әзірлеп қою керек. Балалардың біліміне қарай сөйлемдерді әрі грамматика ережелеріне сәйкес келтіріп алған дұрыс. Жатқа жаздыратын сөйлемдерді оқытушы өзі оқып шыққаннан кейін оны дұрыс айта алатын балаларға қайыра айттырып алып, жаздыруға кірісуі керек. Жазу үстінде бір сөйлем екі-үш реттен артық айтылмасын. Өйткені бір сөйлемді қайта-қайта айта берумен балаларды "тағы айтар" деп арқа сүйеп, зейінсіз жақсы тыңдамайтын жаман әдетке үйретіп аламыз. Автор жаңа жазылатын сөз мөлшері ІV cыныпта 40-50 сөзге дейін болсын деген пікірлерді айтады. C.Көбеев көшіріп жазу кезінде оқытушының тақтаға жазғанымен немесе кітаптағы жаттығу мәтінін оқушылардың қатесіз айқын көркем жазуы керек деп есептейді. Көшіріп жазуға төселген оқушылар жатқа жазу кезінде де берілген сөйлемдерді сауатты жаза алады деген қорытынды жасайды.

Автор бұл еңбектерінде оқушыларды көркем жазуға үйретуге ерекше көңіл бөлген. "Программа бойынша көркем жазу І-ІІ- сыныптарда болады, бірақ оған жоғары сыныптарда көркем жазуға

балаларды төселдіру,

жаттықтыру

керек емес екен деп түсінбеу

керек.

Біздің

кейбір

оқытушыларымыз көркем жазуға көп

көңіл бөлмей келеді. Бұл дұрыс

емес.

Көркем

жазу

балаларды таза және әдемі жазуға үйретеді. Олай болғанда балаларды, бір жағынан, таза жазуға , екінші жағынан, жазу құралдарын таза ұстауға дағдыландырады. Көркем жазған жазу оңай танылады, қатесі кем болады, одан соң балалардың эстетикалық сезімін арттырады. Олай болса, осындай маңызы зор көркем жазуға оқытушы көп көңіл бөлуі қажет. Көркем жазу сабағына алдымен мұғалім өзі жақсы дайындалуы қажет. Ол үшін оқытушы әріптердің үлкен, кішілерінің, олардың сызықты элементтерінің қалай жазылып, қалай қойылатындығының техникасын жақсы білуі керек. Сөз жазғанда әр әріптің арасының қашықтығы бір қалыпта болатындығын ескеріп, әр сыныптың өзіне лайықтап сызылған дәптеріне жаздырған дұрыс" [7]. Бұдан соң С.Көбеев жазу кезіндегі қойылатын гигиена талаптары мен жазу құралдарын оқушылардың қалай дұрыс пайдалануы керектігіне тоқталады. Балалар жазып жатқанда оқытушы партаны аралап, қай баланың қалай жазып жатқанын көріп бақылауы керек. Дұрыс жазбай отырған балаға оқытушы өзі жазып көрсетіп отырады. Жоғарыда аталған тәртіптердің орындалғанын иә орындалмағанын үнемі қадағалап отырады. Бірінші сыныпта, сабақ бастаған күннен бастап, осы тәртіптер орындалып отырса, сол мектептің балаларының жазуы таза, сұлу, қатесіз болуында сөз жоқ. Бұл тәртіпті ең бастан қолданбаған мектепте, оқушылардың көркем, айқын жазуын жөнге салу өте қиын болады. С.Көбеев жазу мен оқудың өзара байланысы тоқталып, дұрыс оқи алмайтын балалардың жазу түрлерін жете меңгере алмайтыңдығын сөз етеді.

437

Бастауыш сыныптарда жазу дағдыларын қалыптастыру әртүрлі жаттығулар арқылы жүзеге асады. Бұл дағдыларды одан әрі дамыту, оқушыларды сауаттылыққа үйрету жолдары әдіскер-ғалым С.Рахметованың "Қазақ тілін оқыту методикасы" еңбегінде жанжақты сөз болады [9]. Автор қоғамдық өмірдегі жазудың маңызы мен жазу кезіндегі психофизиологиялық үдерістер, жазуға қойылатын педагогикалық талаптар, жазу кезінде қолданылатын әдістер, онда істелетін жұмыс түрлері мен қолданылатын көрнекіліктер жайында тоқтала келіп, жазу сабақтарының міндеті мен мақсаты, жазу сабақтарының түрлері, сауатты жазуды үйрету мәселелері туралы өзіндік ойларын ортаға салады. Оқушыларды сауаттылыққа үйрететін жаттығу жұмыстарының түрлері мен тіл дамыту жұмыстарының ерекшеліктеріне тоқталады. Сонымен қатар автор сауатты жазуға байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстарын төмендегі факторларға негіздейді: 1-көру, қимыл факторларына сүйенетін көшіріп жазу. 2- мұғалім оқып берген мәтінді есту арқылы қабылдауға сүйенетін немесе оқушы өзі оқып шыққаң мәтін бойынша көру қабілетіне сүйенетін диктант пен мазмұңдама. 3- орфаграфиялық тапсырмалары бар жаттығулар: қалдырып кеткен әріптерді қосып

жазу немесе түзетіп жазу.т.б.

 

 

Сауатты жазу дағдысын нығайта және жетілдіре түсетін сонымен бірге,

іс жүзінде сыналған

жаттығулардың төмендігідей түрлерін ұсынады:

 

 

1. Грамматикалық орфаграфиялық талдау.

 

 

Бұл

оқушылардың орфаграфиялық және

грамматикалық құбылыстардың ара қатынасын

түсінуге,

орфаграфиялық қиыншылықтарды

таба білуге, басқалардың

арасынан оқыған

құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде жүргізіледі.

2. Көшіру.

Алғашқы кезде, әсіресе, бастауыш сыныпта сөзбе-сөз механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте деформаланған мәтінді көшіру, сөз теріп көшіру, қалған сөздерді қойып толық көшіру ұйымдастырылады. Көшіруге берілетін материал қызықты әрі түсінікті болуға тиіс. Балаларды көшіру техникасына бірте-бірте үйреткен жөн;

3. Есте ұстау арқылы да көшіртуге болады.

Мұнда тақтаға жазылған мәтін талданғаннан кейін жабылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. (Кейде мәтін талданғанан кейін үйге беріледі). Жазып болған соң, мұғалім мәтінді ашып, жазғандарын мәтінмен салыстырып тексеруге мүмкіндік береді. Бұл көрсетілген көшіріп жазудың формасы диктант болғандықтан, мұны көру диктанты деп те атайды.Бұл әсіресе жазылуы қиын сөздерді өткенде пайдалы.

4. Еркін көшіру.

Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, онан соң кітапты жауып қойып, мәтіннен есте қалғандарын қалай ұғынса, солай жазады.

5. Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру.

Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз, сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі. (Қалып қалған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады).

Мұнда мәтінді көріп қабылдау жеткіліксіз, сонымен қатар, ойланып, анализ-синтез жасау арқылы орындалады. Сонымен бірге, С.Рахметова балалардың сауаттылығын артыруда диктант жұмыстарының да рөлі ерекше екеніне тоқтала келіп, диктант түрлеріне, оларды іске асыру жолдарына да талдау жасайды. Ол диктант түрлерін: 1-ескерту диктанты, 2-іріктеу диктанты, 3- түсіндіру диктанты, 4-сөздік диктанты, 5- шығармашылық диктант, 6-ерікті диктант, 7- бақылау диктанты немесе тексеру диктанты деп бөліп қарап, әр диктант түрлерінің мақсатын, міндетін түсіндіреді [8].

Орфографиялық жаттығуларды орындату барысында оқушы бойында қалыптасатын дағдыларды бірнеше кезеңге бөле келіп, жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материялдарды таңдап алуға қойылатын талаптарға тоқталады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге лексикалық, синтаксистік жағынан күрделене түсуге тиіс және материал таңдауда төмендегі жағдайларға көңіл бөлу қажеттігі жайлы пікірлерін айтады:

1. Грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстарды түсіндіру кезінде бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар алыну керек. Бұл кезде оқушылардың зейінін оқылып отырған ережеден басқаға алаңдататын нәрселер болмағаны жөн. Оқушылар бақылағандарынан дұрыс қорытынды шығара алатындай болсын;

438

2. Жаттығуға арнап материалдар таңдағанда тіл мен жазу жан-жақты ескерілуге және бұрын өтілгендерді үздіксіз қайталау есте болуға тиіс [9].

Жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде бір тектес материалдарды қайталай бермей, оны бірте-бірте

күрделендіріп отырған дұрыс. Қазіргі

кезде орфографияны

меңгеру үшін көру және есту

органының, яғни көшіру мен диктанттың

қайсысы маңыздырақ

деген мәселе дау туғызбайды.

Сауаттылыққа үйренуде сезім анализаторларының барлығы да, есту де, көру де, cөйлеу мүшелері де, қол қозғалысы да қатысады. Оның үстіне сауаттылыққа үйретуде көшіру мен диктанттың жоғарыда айтылғандай көп вариантты болатындығын байқағанбыз. Мұғалім қандай да болмасын бір сезім органына жаттығудың қай түрі дұрыс келеді деген мәселеден гөрі, бір жаттығуда таным қызметінің қандай операцияларды (анализ немесе синтез, есте қалдыру, жалпылау, ұқсастық пен айырмашылықты табу топтау, жүйелеу т.б.) орындауға қабілетті екені жайлы көбірек ойлауға тиіс. Автор орфографиялық немесе пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда оқушылардың зейінін, ойын, есін т.б. таным қабіліттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салуы қажет деген қорытынды жасайды.

Бүгінгі күні заман талабы үдерісінен шығу мен тілді дамыту үдерісін жан-жақты жетілдіру мақсатында қазақ жазуы кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуді жоспарлап отыр. Араб, кирилл әліпбиін қолдану барысында оқушылардың жазу дағдыларын дамыту үшін жүргізілген жоғарыда аталған әдістемелер жаңа әліпбиді қолдану кезінде де өз өзектілігін төмендетпейді деген ойдамыз. Бұл әдістемелерді латын әліпбиіне өткен кезде таңдап, талғап қолдана білу әр мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты болмақ. Зерттеу барысындағы ұсынылған әдістер мұғалімнің қажетіне жарап жатса, ізденісіміздің текке кетпегені.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Сыздық Р. Тіл және мәдениет//Ғылыми мақалалар жинағы//–Түркістан: Тұран баспаханасы. 2005. –221 б.

2.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы.–Ана тілі. 1992. –445 б.

3.Дәуітов С. «Байтұрсыновтың әліппесі», «Алматы ақшамы», 1990, 19 қаңтар

4.Казина Г. Г. М. Дулатовтың ағартушылық әдеби - публицистикалыќ мұралары // Наука. – 2005. – № 4. – С. 26-31.

5.Мұратханова Р. Мiржақып мұралары-оқу-тәрбие үрдiсiнде // Қазақстан мектебi.- 2001. – N1. – 39-41б.

6.Абдуллин Ә. "М.Дулатов және ұлт руханияты" // Қостанай таңы.- 2010.- № 15 қырқүйек. - С. 3.

7.С. Көбеев. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1960.

8.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы //Педагогикалық училище оқушыларына арналған оқу құралы. – Алматы: Ана тілі, 1991. –184 б.

9.Рахметқызы С. Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: дис. ... пед. ғыл.

Докторы.–13.00.02. А.: АГУ. 2001. –434 б.

Садық Д.А.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСІНДЕ ЕСКЕРІЛЕ МЕ?

Резюме: В статье рассматриваются особенности написания географических названий в новом алфавите. Актуальные проблемы орфографических правил, основанных на латинской графике, анализируются разными взглядами ученых. При написании собственных имен приведутся факторы, которые необходимо принимать во внимание в природе языка.

Summary: The article are discussed the features of writing geographical names in the new alphabet. Actual problems of spelling rules based on the Latin script are analyzed by different views of scientists. When writing your own names, there are factors that need to be taken into account in the nature of the language.

Қазіргі қазақ даласында болып жатқан күрделі саяси жағдайда, әлеуметтік маңызы бар мәселелердің үрдісі шешімін таппай жатқан кезде, халқымыз өзінің ұлттық когнициясын, дәстүрі мен ділін жоғалтпай, өзгелерге өзін мойындатуда қазақтың рухани жаңғыруының орны ерекше.

Әсіресе тілдің табиғаты мен тазалығын сақтау жолында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, күні бұрын тілдің үлкен қамалына айналып үлгерген секілді. Ана тілімізге еніп жатқан паразит сөздерге тосқауыл бола алмай, шет елдік инвестиция болсын, әлемдік экономиканың көшкіні

439

болсын, өзге тілден енген сөздер өзгермеген күйі басымдық беріп келеді. Біреуіміз бұны тіл дамуының жетістігі дедік, ал екіншіміз тілге келген апат пен ақыр заманға баладық. Әсіресе, осы сияқты тілдік картиналар ұлттық ономастиканың алдында тұрған күрделі әрі ғылыми мәселелер санатында. Егер жаңа емле ережеде ономастикаға қатысты ана тілдің өзіне тән универсалиясы мен ерекшелігі ескерілмесе, біз, географиялық атауларды арада делдал болып жүрген орыс тілі арқылы қабылдау әдетімізді жалғастыра береміз. Алайда жаңа әліпбиде артық кірме дыбыстарды жойып, бар болғаны 32 әріпті қалдырдық. Бұл дегеніміз, әлемдік географиялық атауларды бұлжытпай таңбалауда қиындық тудырары анық. Демек, осы тілдік өзгерістерді пайдалана отырып, әлемдік атаулардың жазу тәртібін ұлттық танымға сай етіп, көшімізді түзеп алудың сәті туып тұр. Мәселен, қазіргі әліпбиде Ц ц дыбысының жоқтығы жалқы есімдерді таңбалауда үлкен сұрақ тудырады. Мысалы: ЦУМ, РИТЦ ПАЛАС, Франция дейтін атауларды латынша таңбалағанда SÝM, RITS PALAS, Fransıa деп таңбалаймыз ба, әлде ТSÝM, RITТS PALAS, Frantsıa деп дәл орыс тіліндегідей өзгертпей көрсеткеніміз дұрыс бола ма? Егер осындай жалқы есімдерді екінші мысалдағыдай еш өзгеріссіз жазар болсақ, әліпбиге көшудің мәнін, маңызын сақтап қаларымызға күдікпен қараймыз. Францияны ағылшындар France, түріктер мен әзірбайжандар Fransa десе, біздер, еш өзгеріссіз Франция деп қабылдай салыппыз. Ғалым Ш. Құрманбайұлы: «немістер өздерін – Deutsch (Deutsche), мемлекетін –

Deutschland десе, ағылшындар оларды – German, елін – Germany, француздар – Allemagne (Альмани), allemand//allemande (альмаң, альмаңд) – Орыстар – немец//немка, Германия, қазақтар – Германия және неміс дейміз. Ал КСРО құрамында болған біз неміс, Германия деп, бұл атауларды орыстардан алдық. Қытайлар өздерін ұлт ретінде – ханзу, мемлекет ретінде – Жұңго десе, ағылшындар – China – Chinese, француздар – Chine – chinois //chinoise, немістер – China – Chinese//Chinesi, орыстар – -

китаец//китаянка, Китай, біз қазақтар – қытай, Қытай деп ұлтты да, мемлекетті де таңбалап жүрміз»

[1]- дейді. Ғалымның соны талдауы орыс тілінің түпнұсқалығын барынша дәлелдеп берген сыңайлы. Мемлекет, қала, мегаполис т.б. атауларға таңатын қазақтың қазақтығын танытатын, айтуға жеңіл,

тілге икемді қосымшалардың жоқтығы, оны аудару, транслитерациялау мен транскрипциялау мәселесі де көңілді қынжылтады. Бұл ғылыми сұрақ бір жылда болмаса, бірнеше жылда шешімін табатын мәселе емес, егер осы сәтті пайдаланып өзгерістер енгізсек, эволюциялық жолмен ондаған жылдардың мәселелерін жемісті шешеріміз анық.

Әр атаудың өзіндік семантикалық ерекшеліктері болғанымен, формальды тұрғыдан бірдей емле ережесіне салып жазуға әбден болатыны көрініп тұр. Географиялық атауларға келгенде елордамыз

Нұр-Сұлтан қаласының да жазылу нормасы Санкт-Петербург, Нью-Йорк, Абу-Даби қалаларының нобайын еске салып тұрғандай. Кезінде ғалым Ә. Қайдар «халық тілін білмейтін топографтар екі-үш сөзден тұратын жергілікті атаулардың бәрін сызықша арқылы бөлшектеп жаза берген. Біз одан біртіндеп арылып келе жатырмыз. Дегенмен, «Кзыл-Орда, Талды-Курган, Катон-Карағай, ЖаксыЖандыадыр, Булақты-Шилик, Жана-Киима, Жаркент-Арасан, Калам-Карасу, Куль-Аул, МамайКаинды, Огиз-Урели, Чулак-Каинды түрінде қазақ тілінің қабырғасын сөгіп, топонимика заңын таптап жазылып жүрген географиялық атаулар әлі де көп» [2] - деген екен. Расында белгілі заңдылықтардың жоқтығы, қазақ ономастикасының ешбір тілдік талаптарға сай келмейтін, бірізділенбейтін атаулардың тууна жол беріп жатыр. Сондықтан, жаңа емле ереженің өзіндік стандартының болуы – шарт.

Емле ережеден бөлек әр атаудың қазақ тіліндегі сан түрлі нұсқалары да кездесіп жатады. Мәселен, Әзірбайжан/Әзербайжан/Азербайжан, Новосибирск Сибир/Сібір, Моңғол/Монғол, Моңғолия/Монғолия т.с.с деп жазып, аймақтық ерекшеліктердің сан түрлілігін әдеби нормада пайдаланып жүрміз.

Сондай-ақ, фонетиканың сойлын соғып жүргендер емле ережедегі И мен У мәселесіне үлкен толғаныспен қарайды. Бұл мәселе жалқы атаулардың да айтағына ерді. Жоғарыдағы дыбыстарды таратпай жазуды айтпағанда, таратып жазудың мотивін айқындап алудың жолы түсіп түр. Егер таратып жазудағы басты мақсат, тілдегі ықшамдылықтан гөрі ауызекі сөйлеудегі әуезділікті сақтау болған болса, жалқы атауларды жазудың шұбалаңқылығына тап болатын жайымыз бар. Мәселен, Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Аққия ауылын таратып жазып көрейік. Аққыйа/Aqqyıa болып шығады. Түбір ішінде таратып жазуда тасымал реті сақталады: Aq-qy-ıa; түбір сөздердің ішінде сингорманизм заңы сақталады; егер осындай орфоэпиялық жазу үлгісі нормаға айналатын болса, тілде үндесім пайда болып, сырттан келген сөздерді қаз-қалпында қабылдай алмайтын табиғи тілге айналады. Ғалым Ә. Жүнісбек «сұу, бұу, тұу, тій, кій, тыйын, тійін, сұуыр, сүурет, ыйық, ійін,

440

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]