
87
.pdfШеткі үркердің ішінде көк шұға киімді, сұр қалпақты болыс отыр (Ж.А., 83). Сеңсең ішігін күміс кісемен шарт буынған Әбен (Ж.А.,128).
Қойтекенің астында желқом, оның асты торышолақ, қолында шығыршықты кендір қамшы, кигені шолақ қоңыр тон, аяғында шона бас шоқай. Жыртық милық, жалбыр тымағын қолына алды, жаман тонның белін шешті(Ж.А., 282).
Осындағы киім атаулары арқылы:
-кейіпкердің қандай әлеуметтік топтың өкілі екендігі;
-сол арқылы олардың тұрмыс-тіршілігі;
-кең масштабта алғанда қазақ даласындағы қоғамның бейнесі көрсетілген;
-кейіпкерлердің мінез-құлқы ашылған.
Әлеуметтік сипаттың танылуы, кедей киімі: жыртық милық, жалбыр тымақ, жаман тон, шолақ қаудыр тон, шона бас шоқай, сауыс жыртық тері шалбар, көне мәсі, қисайған кір кимешек, жаман тымақ; бай киімі: жаңа камзол, көк шұға киім, сұр қалпақ, шекпен, сеңсең ішік, әмірқан етік, қой жүні тақталы шекпен, күзен ішік, брезент сулық, бұрантабан етік, сырма шалбар, қызыл елтірі тымақ сияқты болып келеді.
Мысалы, Төрдегілер көріп қойды ма дегендей Қартқожа қалбалақтап көп ұзамай жаман тымақтардың қасына отыра кетті (Ж.А., 81). «Жаман тымақтар» - әлеуметтік тұрмысты бейнелейді.
Кейіпкер мінезінің ашылуы: Шәмшидің күйеуі келгенге жұрт масайрап, Күнікейдің құрбы – құрдастары атлас, торғын, жібек, бәтес, мақпал, барқыт киіп, күміс баулы, сандық шомбал шолпылары күнге шағылысып, құйымшағын соғып, қызылды-жасылды, оқалы, зерлі тақиялардың шоқпардай үкілері үлпілдеп, күлтелі қос етектері күлкілдеп, он кез бәтесті аяғымен теуіп, бұлғаңдап, сәнденіп жүргенін көргенде Шекердің көзі мұзға тайғандай, сырғанап өте шығады да көрмегенсіп қырын қарап кетеді (Ж.А., 366).
Ж.Аймауытұлы кейіпкерлерінің киімдерін суреттеу арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін, тұрмыстіршіліктерін, ішкіпсихологиялықерекшеліктерінастастыраотырыпшеберлікпен жеткізеді. Мысалы, «Шекердің көзімұзғатайғандай, сырғанапөтешығады» - қызғанышсезімінпсихологжазушыасқаншеберлікпенбереді.
Бозінген шапанының өңірін қайырып, әдібін көрді, көйлегінің сүйегін байқады, жеңсіз камзолының жиегінің, қалтасының қақпағын, кебіс, мәсісін – бәрін шұқылап көріп болған соң, маңдайына шашырай салбырап тұрған шашын ақырын сырғытып:
-Өзі де қыз десе – қыз екен! – деп қорытынды шығарды.
Шапаны биқасап, әдібі батсайы, жеңсізі дүрия, көйлегі бәтес екенін айтысып...(Ж.А.,198).
Мата түрлері, киім түрлері Ақбілектің тұрмысын бейнелейді, сонымен қатар, әйелдердің қылықтары арқылы мінез-құлықтарының бір қырын (көрсеқызарлық, қызғаныш) мысқылдайды.
Белбеуімдегі жарғақ дабағайым, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігім алдыңғы қалтамдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім – менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар
(Ж.А., 151).
Шеттік– ердің алдыңғы жақтарындағы қайыс баулық [5, 331].
Кейіпкердің сал-сері екендігін, қарапайым халықтан ерекшеленіп тұратындығын айқындайды. Халқымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті мосы, шапашот, жерошақ, шобырын,
құжыра, аяқшы, саятшы, күрсі, боқжама, шақша, тақылжыры, кездік, т.б.сөздер қазақ халқының өткен өмірімен тыныс тіршілігін бейнелейтін логоэпистемалар болып табылады.
Түйіндесек, жазушы шығармасындағы көнерген сөздер:
-өткен ғасырдағы қазақ тілі лексикасының байлығын көрсетеді;
-халық даналығынан туған, ғасырлар бойы тіл қазынасының қоймасында сақталып келе жатқан сөздерді жаңғырта қолдану бүгінгі тіліміздің байлығын, сөздік қорын молайтудың бір жолы. Жүсіпбек Аймауытұлы шығармаларындағы көнерген сөздер – өткен ғасырдан бізге келіп жеткен тіл байлығының мол көзі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А. Айғабылұлы. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А, 2007. – 66 б.
Жансүгіров І. Бес томдық шығармалар жи-нағы, екінші том. – Алматы, 1987. – 341 б
2.Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. -Алматы, 2004. -272 б.
3.Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. -Алматы, 1997.-272 б.Г. 4. Т. Кәріпжанова. Ж.Аймауытұлы прозасының тілі. Павлодар 2009 ж.
5.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1-10 том
421
Хасанов Ғ.Қ.
Ф.ғ.д.,профессор. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Университеті.
Орал, Қазақстан
ПРОФЕССОР БЕРІКБАЙ САҒЫНДЫҚҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Аннотация. В статье рассматривается роль профессора Б. Сагындыкулы в изучении лексикологии казахского языка. Подвергается анализу его суждения о главных проблемах лексикологии казахского языка. Описываются вклад профессора Б. Сагындыкулы в изучении неиследованных вопросов казахской семантики.
Annotation. The article discusses the role of Professor B. Sagyndykuly in the study of the lexicology of the Kazakh language. It analyzes his judgment on the main problems of the lexicology of the Kazakh language. The contribution of Professor B. Sagyndykuly to the study of unexplored issues of Kazakh semantics is described.
Профессор Б. Сағындықұлының қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы саласын дамытуға қосқан үлесі өлшеусіз деуге толық болады. Олай деуге себептер жоқ емес. Өзінің ұстаздары Әмір Наджип, Ә. Қайдари сияқты тарихи лексикологиямен айналысып жүріп, Б. Сағындықұлы қазіргі қазақ лексикологиясының көптеген мәселелері зерттелмей жатқандығын байқап, қазіргі қазақ тілі лексикологиясын дамытуға ерекше үлес қосты.
Жалпы, тіл тарихына көз жүгіртсек, А. Байтұрсынов, профессор Қ.Қ. Жұбановтардан бастап қазіргі қазақ тілі лексикологиясы зерттеле бастағанын байқаймыз. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясының басында Т. Шонанов, Ж. Күдерин, Ғ. Бегалиев, Қ. Басымов, Ш. Х. Сарыбаев, Қ. Кемеңгерұлы т.т. сияқты ғалымдар тұрды. Осы кездегі зерттеулердің кезеңін О. Жұбаева репрессияға дейін және репрессиядан кейін деп екіге бөледі. Міне, осындағы репрессиядан кейінгі кезеңге ол І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Н.Т. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев, А. Ысқақов т.б. ғалымдарды жатқызады [1, 18]. Осы жерде қазақ тіл білімінің дамуының басында А. Байтұрсынов тұратынын сөз еткен Т. Қордабаев пікіріне тоқталып өтпесек болмайды. Ол былай деп жазады: « Ахаң сегіз қырлы, ой өрісі, дүние танымы мейлінше кең, дарқан талант иесі, сирек кездесетін біртуар кесек тұлға. Өзінің жерлесі Ы. Алтынсарин сияқты Ахаң да жоғары мектептерде оқып, білім алған жоқ, оның тәмамдаған оқуы – педагогикалық училище ғана. Бірақ ол өз бетінше көп оқыған, өмірден үйренген, табиғи дарын иесі болған адам» [2, 56]. Ахаң, Жақаң, Х. Досмұхамедұлы, Т. Шонанов репрессияға ұшыраған кейін, қазіргі қазақ тілін зерттеу тоқталған жоқ. Ол туралы Т. Қордабаев былай деп жазады: «Қ. Жұбанов пен С. Аманжолов әртүрлі тақырыпты өндіре жазды. Н. Сауранбаев пен С. Жиенбаев синтаксис мәселелеріне көбірек үңілсе, Х. Басымов әліппе мен емле мәселелеріне көбірек тоқталған. Ал М. Балақаев бастауыш кластарда оқылатын қазақ тілі грамматикаларын жазды, І. Кеңесбаев орыс мектептерінің жоғары кластары үшін қазақ тілі оқулықтарын жазды [2, 59]. Осы кезеңдерде қазақ тілі лексикологиясы саласы енді қолға алынып, зерттеле басталғаны байқалады. Ұлы Отан соғысынан кейін қазақ тіл білімі саласына көптеген жаңадан ғалымдар қосылып, қазақ тіл білімі өркендей бастады. Соның ішінде ірі еңбек – Ғ. Мұсабаевтың зерттеуі болды. Соңынан бұл еңбек оқулық ретінде жоғары мектептерде оқытыла бастады. Ол туралы Т. Қордабаев былай деп жазады: «Қазақ тіл білімінде лексикологияға байланысты ең қомақты еңбек – Ғ. Мұсабаев жазып, 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» атты кітапта жарияланған «Лексика» деп аталған бөлім. Бұл еңбек орыс тіл білімінде әбден қалыптасып, ірге тепкен қағидалар негізінде жазылған» [2, 89]. Осы еңбектен қазақ тілі лексикологиясын зерттеу әртараптанып, салаларға бөлініп, дами бастады. Осы кезде студент болған Б. Сағындықұлы енді ғана қолға алынып зерттеле бастаған тарихи лексикология саласына қызықты. Осы кездегі лексикологияның дамуы туралы Т. Қордабаев былай дейді: « Кешеуілдеп қолға алынғанына қарамастан қазақ тілінің лексикологиясына байланысты жарық көрген еңбектер едәуір, оларды жүздеп санауға болады. Бірақ солардың жүзден тоқсан тоғызы – лексикологияның жеке мәселелеріне: белгілі бір атаудың дұрыс не теріс қойылғанына, жеке сөздердің мағынасын
422
түсіндіруге, шыққан төркінін ашуға, терминология мәселелеріне, лексиканың жеке мағыналық топтарына арналған, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған, шағын көлемді мақалалар» [2, 90]. Осы кезеңде қазіргі лексикология мен қатар, тарихи лексикологияда қазақ тіл білімінде қарқынды дами бастайды.
Қазақ тілі тарихына қатысты зерттеулер аз болса, жалпы түркологиядағы тарихи ескерткіштер туралы зерттеу мектептері қалыптасқан, есімдері кеңінен танымал ұстаздар болды. Осындай ұстаздың бірі Әмір Нәжіптен тәлім алған Б. Сағындықұлы 1977 жылы «ХІV ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің салыстырмалы лексикасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды. Сөйтіп, Б. Сағындықұлы лексикология ғылымына өз қадамын нық басады.
Тіл тарихындағы қазақ тілі лексиканың қалыптасу тарихын зерттеу барысында көптеген тарихи ескерткіштерді зерттеп, оларды қазақ тіліне аудара жүріп, қазақ тілі лексикасының этимологиялық негіздерін айқындай бастайды. Бұның бәрі тіл тарихы мен қазіргі қазақ тілі лексикологиясын ұстаздың тел оқытуынан туған болса керек деп топшылаймыз.
Б. Сағындықұлының лексикологиясы саласындағы көлемді еңбегі 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері». Бұл зерттеуде Б. Сағындықұлы өзінің дәлелді этимологиялық талдауларын көпшілік назарына ұсынып, көптеген актив және пассив лексикамыздың төркінін айқындады. Мысалы, ол былай деп жазады: «Қазақ тілінде өп = етістігінің мағынасы – «жақсы көріп сүю», ал сүй = етістігінің мағынасы – «ерінді тигізіп, мейірлене өбу». Бұл сөз тарихи жазба ескерткіштерде: себ – «любить» (ДТС, 493); сүв = – «сүй». Ширинтег ол Шакарни ман сүвайни (Шырындай ол Шекерді мен сүйейін) (Ибатов, 1974, 191); савинмак – «радоваться». Савнимак йоқ көрүп дұшман өлүсин (дұшпанның өлгенін көріп сүйінуге болмайды) (Наджип, 1975, 146). Осылардың негізінде өп = етістігінің алғашқы формасын «сөб» = - «сүп» = түрінде қалпына келтіреміз. Олай болса, себ =, өб = тарихи тұрғыдан варианттас сөздер. Шөп еткізді – «тез сүйіп алды
– ; шөпілдет = – «шөп-шөп еткізіп, қайта-қайта сүю». Демек, шөп түбірі де себ =, өб = түбірлерінің қатарынан орын ала алады. «себ = », «саб = », «сүв = », «сүй = », «өп = », «шөп = », бір ғана «суп = түбірінен тараған. Бір-бірінен нәзік семантикалық реңктері арқылы ғана ажыратылады. Мағыналық айырмашылық с дыбысының түсірілуі себепті пайда болып тұр» [3, 77]. Міне, осы мысалдан аңғарғанымыздай, көптеген жылғы ізденістер мен зерттеулердің нәтижесінде Б. Сағындықұлы көптеген сөздердің түпкі мәнін, алғашқы түрін анықтап, мағынасын айқындады. Сөзіміз дәлелді болу үшін тағы да бір Б. Сағындықұлының ойларын берелік. Ол былай деп жазады: «Адамзат баласы ақ пен қараны айыра алмаған кезде ішкі флексия да болмаған. Әр түсінік үшін (қазіргіше айтқанда, тақырыптық-сеантикалық топ үшін) бір дауысты жеткілікті болған. Мысалы, желдің табиғи қасиетіне байланысты у дауыстысы пайдаланылса, есіту қабілетіне байланысты а дауыстысы қолданылған. Тоңу, ысыну сияқты эмоциялық әсерлерді и дауыстысы білдірген. Демек, тіл дыбыстары әуелде адамды қоршаған әлеммен табиғи байланыста болған. Белгілі бір тақырыптық-семантикалық топ а, у, и дауыстыларын қатар пайдаланғанда ішкі флексия заңдылығы іске қосылады. Бірақ, жоғарыда атап өткеніміздей, әр тақырыптық-семантикалық топ а, у, и дауыстыларына өз мағыналарын таңған. Ішкі флексия қалыптаса бастағаннан кейін ең алғашқы дыбыстар бұрынғы табиғи қасиетінен айрылады, фонема ретінде тұрақтанады.
Бір ғана дауыстымен және бір ғана дауыссызбен айтылатын тақырыптық-семантикалық топқа, уақыт өте келеекінші бір жалғыз дара дауыстымен, жалғыз дара дауыссызбен айтылатын топ әсер етсе керек. Ауыс-түйістің есебінен бірте-бірте барлық тақырыптық-семантикалық топтар а, у, и дауыстыларын иемденеді. Мысалы. «асты» (бір заттың үстіне қарама-қарсы жағы, төменгі жері, түбі), «үсті» (бір заттың астына қарама-қарсы жағы, үстіңгі беті, жоғарғы жағы) көмекші есімдері аса байырғы сөздердің қатарына жатады. Осындағы ү жоғарыны мегзесе, а тқменді мегзейді. Аналогия заңы бойынша, адамдар – күндіз жердің үстін «үрүң» деп түске бөлсе, жердің астын – өздері тұратын үңгірді «қара», «қараң» деп түстеуі ықтимал. У – ақ түстің, а – қара түстің дыбыстық символы болды» дегенде осындай ақиқаттың астары жатса керек» [3, 103]. Осы көзқарастан ғалымның жалпы тілдің шығуы, дыбыстардың пайда болуы, алғашқы монодыбыстар мәселесі, түбіртектер негізі, ішкі флексияның пайда болуы т.т. көптеген мәселелерді тыңғылықты зерттеп жүргені бірден байқалады. Б. Сағындықұлының зерттеулерін лексикологияның, қазақ тіл білімінде жете зерттелмеген саласы, этимологиядан ерен жаңалықтар ашқан ірі ғалым деп санаймыз.
Тіл тарихынан басқа ғалымның зерттеп жүрген саласы – қазақ тіл білімінің лексикология саласы. Бұл туралы Б.Қ. Момынова былай деп жазады: «Профессор Б. Сағындықұлының ғылымда маңдай
423
терін төгіп, талмай алып келе жатқан үшінші бағыты – тілдің лексикология саласына орай қалыптасқан. Лексикология пәнінен университетке келгеннен бері дәріс оқиды, семинар және тәжірибелік сабақтарды жүргізеді. Көп жылғы ұстаздық тәжірибесіне сүйеніп, аудиторияның атмосферасын жіті түсінуі арқасында жоғары оқу орындарының екі сатылы білім беру сатысына көшуіне орай, оқытудың жаңа құрылымына сәйкес, лексикологияның жаңа бағдарламасын жасады. Бағдарламаға сәйкес 2008 жылы «Қазіргі қазақ тілі. Лексикология» деген оқу құралын жазып шығарды. Бұл оқу құралы «Сөз», «Сөздік құрам» атты екі бөлімнен тұрады. Екі бөлімде де қиын да күрделі адам логикасымен астасып жатқан сана, ұғым, тіл категорияларының байланысын аша отырып, ұғымның логикалық категориядан тілдік категорияға қалай ауысатынын ғылыми тұрғыдан негіздеп береді. Әсіресе, «Сөз мағыналары», «Сөз мағынасының кеңеюі», «Сөз мағынасының тарылуы» дейтін тараушалары оқулықтарда сөз арасында ғана ауызға алынып жүрсе, ғалым осы процестердің өту сипаты мен себебін, күрделі қатпарларын ашуға жан-жақты күш салған» [4,10]. Осы бағытта зерттеу жүргізуге ғалымды итермелеген семантика ғылымының қазақ тіл білімінде зерттелмей келуі болатын. Әсіресе, ұғым, мағына, түйсік, түсінік, сөз т.б. сияқты категориялардың өзара байланыстары толық зерттелмеген еді. Жалпы, лексикалық семантика былай тұрсын, лингвистикалық семантика енді ғана қолға алынып жатқан еді. Осы кезде М. Оразов өзінің «Қазақ тілінің семантикасы» зерттеуі енді ғана жазылып жатқан еді. Жалпы семантиканың логикалық семантика, философиялық семантика салалары енді ғана зерттеле бастаған болатын. Осы кезеңде бірқатар жылдар бойы Б. Сағындықұлы өзінің ойлары мен тұжырымдарын студенттерге оқытып, тәжірибеден өткізіп, сыннан өткізіп, дамытып жүрді. Осының негізінде логикалық семантика мәселелерін қазақ тілі лексикологиясы ғылымына қосып, теориялық жағын негіздеп, нақты тілдік деректермен дәлелдейді. Шын мәнінде, «семантика» термині, алдымен, логика және философия ғылымдарынан тіл біліміне ауысқан себепті екі мәнде қолданыла береді. Біріншіден, «семантика» сөзі тіл білімі термині болса, екіншіден, логика термині болады. Логиктер «семантика» терминін семиотикадағы мәнде түсінеді де, оны хабар беру қызметі, яғни синтаксиспен байланысты қарастырады. Осыдан келіп, семантика логика мен лингвистикада зерттеледі. Бұлай болуының басты себебі, «мағына, мән» терминдерінің қолданылуында жатыр. «Мән» логикалық термин болғанымен, тіл білімінде, ал «мағына» лингвистикалық термин болса да логикада қолданылады. Міне, осындай объективтік себептерге байланысты, семантика ғылымының шартты түрде екі концепциясы шығады: семантиканың тар концепциясы және кең концепциясы. Бұлардың әрқайсысы семантиканың зерттеу нысаны бола алады, сондықтан семантика екі жақты ғылым деп ұғынсақ қате болмайды. Семантиканың тар тұжырымдамасының (концепция) зерттеу нысаны – тіл бірліктері, олардың көрінуі болса, кең концепциясының зерттеу нысаны – осы бірліктердің нақты қолданыс кезіндегі мәні болады. Бұлар бірлесе келе семантиканың зерттеу нысаны болады. ғалымның осы тұрғыдағы ойлары қазақ тілінің лексикологиясы оқу құралында көрініс табады. Б.Қ. Момынова былай деп жазады: «Осылайша ғалым әу дегеннен түйсік – қабылдау – елестету – ойлау сатыларымен зат – белгі – ұғым – мағына – дыбысталу процестерін бір-бірімен қиюластыра келіп, «тіл дыбыстарынан құралған сөздерді бір-бірімен тіркестіріп қолдану арқылы ғана ойды білдіруге, пікір алысуға болатынына», яғни сөйлемге көшуге болатынын айтады» [4,10]. Шын мәнінде, ғалымның көзқарасы өмірлік тәжірибе негізінде туғанын нақты тілдік деректер айғақтайды. Осы мәселелерді қарастырған Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқышындағы» «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деген тарауында сөз, ұғым, мағына табиғатын қарастырады. Сөзді жалаң лебізді, көрнекі лебізді деп бөліп, жалаң лебізді сөзді қара сөз, көрнекі лебізді сөзді дарынды сөз деп атайды. Ғалым былай дейді: «Қара сөзде айтылған нәрсе дүниеде нақ болған, сол күйде және бар нәрсе деп білу керек те, дарынды сөзде айтылған нәрсе дүниеде нақ сол күйде болып өтпегенмен, яки бар болып тұрмағанмен, дүниеде болатын және боларлық нәрсе деп, білу керек» [5, 210]. Бұндағы Ахаңның қара сөзі нақты сөзге, дарынды сөзі абстрактылы сөзге келеді, яғни нақты денотат пен идеалды денотаттың мағынасы бар сөздер. Зерттеуші ойлаудың екі түрін көрсетеді, яғни «ойлау екі түрлі сипатты болады. Ол сипаттардың біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мәселен, нәрсенің бірін жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз. Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл сипаттаудың біреулері адамға ұнайтын болар да, біреулері ұнамайтын болар» [5, 209]. Ахаңның талдауын дұрыс деуге болады, тек қазіргі семасиологияда нәрсе – зат, предикат; сипат белгі, ұнау, ұнамау – жағымды, жағымсыз деген сөздермен беріледі. Сонымен бірге, ұғымды Ахаң сөзбен байланысты қарастырып, ұғымды екіге
424
бөледі: «1. Ес ұғымы, яғни еске керек ұғым. 2. Іс ұғымы, яғни іске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мұратын танимыз. Іс ұғымы арқасында табиғат ісін, күшін, нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз» [5, 211]. Ахаң салған жолды ғылыми негізде жүйелеген Б. Сағындықұлы қазақ семантика ғылымының бастауында тұрған ғалымдардың бірі деп санаймыз.
Шын мәнінде, сөздің денотаты болатын тек нақты объектілер (мысалы: жол, кітап, қатты, тар, кең, жүгіру, айқайлау т.б.) ғана емес, идеалды заттар, яғни абстрактылы сөздер де (мысалы: еңбек, мақсат, әлем, бейбітшілік, болашақ т.б.) бола алады. Сөз – ойлаудың негізгі формалары ұғым мен түйсіктің көріну, берілу құралы. Сөз деп аталатын осы ойлаудың бірыңғай құбылыстары мағына компонент болады, оны ғылымда сигнификат немесе десигнат деп атайды. Бұл компонентте (сигнификатта) ойлаудың екі формасы – ұғым мен түйсік (түсінік) болады. Сөйлеуде сөз ұғымның көрінісі, немесе түйсіктің (түсінік) репрезентанты болады.
Профессор Б. Сағындықұлы тіл бірліктерінің құрылымнан тұрвп тілдік жүйеде өзара қатынасқа түсетін ерекшеліктерін байқап, көптеген зерттеушілер пікірлерін зерделеп, ғылыми негізде өз көзқарасымен жүйелеп, нақты тілдік мысалдармен негіздейді. Сонда да бұл мәселені толық қарастырылды деп есептеу асығыстық болар, себебі жүйе мен құрылым әлі зерттеліп жатқан өткір мәселелер. Бұнда қиындық тудыратын мәселе «жүйе» термині және оның түрлерін жіктеу мәселесі. Жалпы тілді жүйе ретінде ұғынудың өзі жалпы тіл білімінде ала-құла қаралып жүр. Бірқатар тілшілер жүйе ретінде тіл құрылымын зерттеп кетеді де, құрылым мен жүйені шатастырып жібереді. Барлық тілшілер тілді – жүйе және тілді – құрылым деп есептейді. Осының негізінде Б. Сағындықұлы сөз мағыналарының өз ішінде құрылымдық ерекшеліктері бойынша парадигмалық, синтагмалық қатынастардың заңдарына бағынатын қасиеттері туралы зерттейді. Б.Қ. Момынова былай деп жазады: «Парадигмалық қатынастың негізінде тектестіктің, ал синтагмалық қатынастың негізінде әртектілік жататынын өте дәл және нақты түсіндіре алған. Б. Сағындықұлы синтагмалық мағынаны тіркесімдік мағынаға сәйкестендіреді. Еңбектегі денотаттық мағына мен оның материалдық (референтті) және идеалды (ұғымдық) денотаттарды, сигнификаттық мағына немесе пайымдық мағынаны түсіндіруі де өзгелерге ұқсамайды деуге болады» [4, 11].
Сонда парадигматикалық қатынас қоршаған ортадағы басты белгілері бар мағыналардың ауыса қолданыла алуын жалпы байланыстыратын категория. Семемалардың ауыса қолданылуын ішкі мәндік парадигма немесе семантикалық парадигма деп атауға болады. Енді парадигматикалық қатынастардың табиғатына тоқталсақ, ол – күрделі мазмұнды береді. Жалпы «парадигма» термині көне грек тіліндегі «мысал, үлгі» мағынасын беретін зат есімнен шыққан. Бүгінде парадигма екі түрлі мәнде қолданылады:
а) «парадигма» деп біртектес сөздер не басқа элементтердің тек бір белгісі бойынша бөлінетін тобын айтамыз, мәселен, дыбыстардың тобын алсақ, дыбыстар парадигмасын құрайды;
б) түрлену жүйесіндегі сөздер не лексемалардың ауысып келу мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, түрлену жүйесіндегі сөздердің арасындағы қатынасы, түрленуі (Соссюр термині). О.С. Ахманова парадигмаға мынадай анықтама береді: «Парадигма деп тілдік бірліктің тілдік жүйе элементі ретінде бір-біріне сыбайлас не қарсы келетін қасиеттерімен адам санасында жинақтаған, яғни тіл элементтерінің сол тілді пайдаланушы адамның санасында жинақталуын айтамыз» [6, 310]. Сондайақ, бұл термин ғылымның ағымы, тарауы, әдіснамасы мәнінде де қолданылуда. Ал, бүгінде, парадигматикалық деп аталып кеткен ассоциативті қатынастың тілдік жүйеде көрінуін Ф. де Соссюр ассоциативті қатар деп атайды да, оның басты екі белгісі элементтердің белгісіздігі мен қолдану мүмкіндігінің шексіздігі деп көрсетеді. Шын мәнінде, семантикалық жүйенің ішінде ең басты парадигматикалық қатынастарға семасиологтар синонимия құбылысын жатқызады. Міне, осы синонимия құбылысы өте өміршең және тіл сияқты тоқтаусыз дамып, жүріп жататыны белгілі. Мұнда тілдердің бірге қолданылуының әсерінен кірме сөздер еніп, синонимиялық қатарды толықтырып отырады, сол себепті, сөздердің белгісіздігі мен шексіздігі үнемі сақталып отырады. Басқалай айтқанда, парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар тілдің семантикалық қаңқасын құрайтын құрылымдар. Бұл екеуі қалыпты тіл мен қолданыстағы тілді екі бағытқа бұрып, түзеп, дұрыс не бұрыстығын айқындап отыратын өлшемдер десек артық болмас. Бұдан басқа ғалымның зерттеуінде метафора, метонимия, синекдоха т.б. лексикологияның көптеген келелі мәселелері сөз болады. Мәселен, метафора туралы Б. Сағындықұлы: «метафора адамның ойлауымен, әсіресе, көркем ойлауымен тікелей байланысты. Сондықтан олар барлық стильде, барлық жанрда
425
жалпылама кездесе бермейді. Көбіне поэзияда жиі ұшырасады. Ақындар мен жазушылардың, танымал қаламгерлердің шығармаларында кездесетін әсерлі сөз өрнектерін поэтикалық метафора деп атайды. Демек, тілдік метафораны жасауға бүкіл халық қатысса, поэтикалық метафораны көркем әдебиет қайраткерлері, қоғамдық ақпарат қызметкерлері қалыптастырады», – деп өзінің ерекше тың пікірін ұсынады [7, 33 б.].
Қорыта келгенде, профессор Б. Сағындықұлы тек тіл тарихының білгірі, түркітанушы ғалым ғана емес, қазақ тілі лексикологиясының беймәлім қырларын зерттеген лексиколог-ғалым. Оның зерттеулері қазақ тілі лексикологиясының тарихи лексикологиясы деген саласында дамытуға мол үлес қосары анық. Ғалымның бастауымен және ғылыми әдіснамасын жасауы арқылы көне қазақ тілінің лексикасын зерттеу тыңғылықты жүргізілуде. Сөз мағынасының тарылуы, кеңеюі және қайта тарылуы, кей дыбыстары өзгеріп жеткен қазақ тілінің көне лексикасы ғалым тарапынан зерттелуде. Бұндай зерттеулер қазақ тілі лексикологиясының жаңа қырларын тануға жол ашары сөзсіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Жұбаева О. Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму жолдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2011. – 272 б.
2.Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: «Рауан» баспасы, 1995. – 176 б.
3.Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: «Санат» баспасы, 1994. –
168 б.
4.Момынова Б.Қ. Профессор Б. Сағындықұлы // «Түркі әлемі: тіл, қоғам, мәдениет» атты профессор Б. Сағындықұлының 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009. – 5-12 бб.
5.Байтұрсынов А. Шығармалары., – Алматы., 1989.
6.Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. –М., 1966. – 608 c.
7.Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.
Аширова А.Т.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ф. ғ. к., доценті
Досанов Б.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ӘЛЕМ ӨРКЕНИЕТІНДЕГІ ОРНЫ
Аннотация. В данной работе рассматривается возвращение к латинской графике казахского языка. По мнению Лидера нации, переход на латиницу имеет свою глубокую историческую логику. Это и особенности современной технологической среды, и особенности коммуникаций в современном мире, и особенности научно-образовательного процесса в XXI веке. «Одним из приоритетных задач программной статьи «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» является поэтапный переход на латинскую графику.
Annotation. This paper discusses the return to the Kazakh script of the Kazakh language. According to the Leader of the Nation, the transition to the Latin alphabet has its own deep historical logic. These are features of a modern technological environment, and features of communications in the modern world, and features of the scientific and educational process in the 21st century. “One of the priorities of the program article“ Looking to the Future: Modernization of Public Consciousness ”is a phased transition to the Latin script.
Әлемде қалыптасқан және берік орныққан пікір бойынша, латын әліпбиі біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың ортасында байырғы латын тілді римдіктерден бастау алған. Солай бола тұрғанымен, бұл әліпбидің алғашқы нұсқасының о баста латын тіліне этрус және грек өркениеттерінен ауысқанын әлем ғылымы жақсы біледі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының бірінші Президенті, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі жан-жақты қарастырылып, жарлықтарға өзгерістер еңгізу арқылы 2025 жылға дейін толықтай көшіру жоспарланған болатын.
426
Елбасы өз мақаласында «...қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» – деп қазіргі жаһандану заманында кейінгі ұрпақ жастарымыздың білімінің кеңейіп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізу үшін өте қажет екендігін баса айтады. Бұл еліміздегі жастарды әлемдік ғылым мен білімді игеруге бағыттап жатқан оң шешім болса керек. Сондай-ақ Елбасы осыған дейін латынға өткен Түркі елдері Түркия, Әзербайжан, Өзбекстанның тәжірибесіне де сүйену қажеттілігін, ондағы кемшіліктер мен жетістіктерді саралау керектігін алға тартады.
Латын әліпбиіне көшу мәселесі алғаш рет еліміз егемендік алған тұста, яғни 1991 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізін қалаған қоғам қайраткері, белгілі тілтанушы ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Ә.Қайдардың мақаласынан бастау алды. Академик ғалым Елбасына «Ашық хат» жолдап, еліміз латын әліпбиіне көшу керектігін айтып, өз жобасын ұсынады. Сол кезден бастап латын әліпбиіне байланысты әртүрлі ой-пікірлер айтылып жатты. Қарсы болғандары да бар. Әрине латын әліпбиіне көшу мәселесі оңай шаруа емес. Өйткені тілдің заңдылықтарын ескере отырып, халыққа тиімді әліпби ұсыну және оны жүзеге асырудың жолын қарастыру үшін көптеген білім мен ізденіс қажет. Оған қоса кітаптарды, ғылыми еңбектерді, құжаттарды қайта латын әліпбиіне сәйкес жазудың өзі мемлекет тарапынан көп қаржыны талап ететіні белгілі. «Жалын» журналында жарық көрген «Қазақ тіліне сұраныс жоқ елде, латын әліпбиіне сұраныс бола ма?» атты мақаласында латын қарпіне көшпеуге көптеген дәлелдер келтіріледі. «Қазақстан ғалымдары латын әліпбиіне көшкен Түркия, Азербайжан және Өзбекстанның ащы сабақтарын жасырмай алға тартып жатыр. Олар мыналар:
1.Күні бүгінге латын әліпбиіне 1928 ж. көшкенмен, әлі де түрік тілінің дыбыстық қорындағы бірқатар дыбыстарда таңбалайтын әріптер әліпби жүйесіне енбей қалған. Өзбектерде де ондай мәселе бар.
2.Әзірбайжан, өзбектерді айтпағанда, түріктер сан ғасырлық араб графикаларына негізделген рухани мұраларын пайдалана алмай отыр.
3.Балалар әдебиеті тапшы.
4.Ғылыми әдебиет кирилл графикасында жазылған.
5.Мұғалімдер дайындау мәселесі өз алдына үлкен проблема.
6.Жекеменшік мекемелер іс-қағаздарын латын әліпбиіне көшіруге асықпайтын сияқты көрінеді.
7.Орыс мектептерінде, мысалы, Өзбекстанда, кирилл жазуымен білім береді.
Қазақстандағы жағдай өзгеше. 2009 жылы халық санағы бойынша қазақтардың 98,3 пайызы ауызекі тілді түсінеді, 95,4 пайызы еркін оқиды, 93,2 пайызы еркін жазады деп көрсеткен. Өз басым осы деректерге сенбеймін. Марк Твен айтқандай, өтіріктің үш түрі бар: «жай өтірік, арсыз өтірік және статистика» - деп. Бұл арада этнопсихологиялық факторларды ескеру жөн» деп жазады [1,9].
Бірақ бұл үдерістің өзі – саяси реформа. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген сөз бар, Елбасы өз мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру қажеттігін айтып өткені мәлім. Саралап, зерттеу жүргізіу арқылы Қазақстанның осындай аз уақыт ішінде латын әліпбиіне көшу қиындық туғыза қоймайтынына нық сеніммен қол қойылғаны белгілі.
Латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты 2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ. Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген әліпбидің жобалары ХІХ ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады. Ол былай деп жазады: «Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И. Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: (үстіне ноқат салды – Ғ.Қ.Хасанов) а – (ә), о – (ө), у – (ү), і – (і), ы – (ы), н – (ң), к – (қ), г – (ғ). Сөйтіп, зерттеуші он шақты қосымша белгі алғанымен, орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын қолданбады» [2, 115]. Бұл әліпби В.В. Григорьев тарапынан сыналғанымен қазақ тілі дыбыстарын алғашқы әріптерге түсіру әрекеті еді. Оның алдында неміс ғалымы Г.Ю. фон Клапрот латын әріптерін қолдану арқылы қазақ дыбыстарын таңбалаған болатын. Оның 1825 жылы Парижде жарық көрген еңбегі «Қырғыз (қазақ) тілі» деп аталған еді. Неміс ғалым В.В. Радлов та өз еңбектерінде қазақ сөздерін кириллицамен таңбалаған еді.
Елбасы былай дейді: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» [3]. Ұлттық санаға, ең алдымен, әсер ететін күш – ана тілі. Тілімізді реформалау ұлттық
427
сананы жаңа деңгейге көтеретін қадам. Осыған байланысты ол саяси болғандықтан, елбасы бұл мәселені көтеріп, халық талқысына ұсынады. Елбасы өз мақаласында былай деп жазады: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» [3]. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанымен, бұл мәселе төңірегінде дау мен талас-пікір көп. Академик Ә. Қайдари, профессорлар Ә.Жүнісбек, С. Мырзабек, А.Мектептегі, А.Фазылжанова т.т. көптеген тілші-ғалымдар тарапынан ғана емес, басқа да сала адамдарын толғандырып, қолдарына қалам алғызып, отырған көкейтесті мәселе – латын әліпбиі мәселесі.
Бүгінде тіліміздің сөйлеу жүйесін бұзып отырған орыс қаріптерін Н.И. Ильминскийдің қолданбауы қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарынан мүлде бөлек екенін аңғаруында жатса керек. Қ. Күдеринова ол туралы: «Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен Н.И. Ильминскийдің орыс графикасымен берген қазақ әліпбиінің қазақ тілі дыбыстар жүйесін белгілеуде артықшылығы бар», – деп жазады [2,116]. Бұндағы артықшылықты ол Н.И. Ильминскийдің е дыбысының жуан, жіңішке вариантарын таңбалаудан көреді. Сонымен бірге, біздіңше, тағы бір артықшылық артық орыс әріптерін қазақ әліпбиіне енгізбеуінде деп білеміз. Әліпби өзгерген сайын орфографиялық нормалар да өзгереді, ал орфоэпиялық нормалар өзгеріске түсе бермейді. Алайда әріпке сүйене сөйлеу етек алған кезде тілдің басты өзегі болатын орфоэпиялық нормаларға да қауіп төнетінін бүгінгі күннің өзгерісі көрсетіп отыр.
Ал мың жылға жуық араб жазуында болған қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары да соған байланысты өзгеріске ұшырағаны анық. Алайда бұл өзгеріс араб-парсы сөздерін сол тілдердің айту нормаларына байланысты дыбыстаудан туғаны анық. Оған дәлел, Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі араб-парсы сөздерінің дыбысталуын алсақ та жеткілікті.
Ал А. Байтұрсынов түзеген араб әліпбиі сол кезде жоғары бағаға ие болғаны жасырын емес. Мәселен, 1924 жылы Ташкент Ортаазия университеті бюллетенінде Е.Д. Поливанов «енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда, кемелденген, жетілген ұлттық графика» деп бағалайды
[2,185].
Мақала шыққаннан соң да Әзімбай Ғали былай деп жазған еді: «Қазақша документ айналымы азаяды. Себебі латын әрпінде жазылған құжатты түсіну қиын болады. Орысшасын оқитын боламыз. Ол қазақ тілін шегіндіреді. Біздің түпкі мақсатымыз қазақты қазақтандыру еді, кирилл әрпін бәрі біліп тұрғанда, қазақтандыру мүмкіншілігі көбірек еді. Енді орыс тілді қазақты латын әрпі арқылы қазақшаға үйрету қиындау тиер. Бізге латын жазуы емес тиянақты мемлекеттік тіл саясаты керек. Егер де, жазу ауыстырсақ, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру мүмкін болмас. Себебі, көп қазақ латын жазуын игергенше тағы уақыт керек болады» [4].
Қазақ айтқандай, «елу жылда – ел жаңа, қырық жылда – қазан жаңа». Латынға көшу керек және Ә. Жүнісбек айтқандай сауат ашып көшу керек.
Ә. Жүнісбектің Қазақ латын әліпбиінің «Ұлттық жобасы»
№ |
кирил |
латын |
аталуы |
№ |
кирил |
латын |
аталуы |
|
|
|
|
№ |
|
|
|
1 |
А а |
A a |
а |
14 |
Ң ң |
Ň ň |
ың |
2 |
Ә ә |
Ä ä |
ә |
15 |
О о |
O o |
о |
3 |
Б б |
B b |
бы |
16 |
Ө ө |
Ö ö |
ө |
4 |
Ғ ғ(-Г г) |
Ğ ğ(-G g) |
ғы(-гі) |
17 |
П п |
P p |
пы |
5 |
Д д |
D d |
ды |
18 |
Р р |
R r |
ыр |
6 |
Е е |
E e |
е |
19 |
С с |
S s |
сы |
7 |
Ж ж |
J j |
жы |
20 |
Т т |
T t |
ты |
8 |
З з |
Z z |
зы |
21 |
У у |
W w |
ұу |
9 |
Й й |
Y y |
ый |
22 |
Ұ ұ |
U u |
ұ |
10 |
Қ қ(-К к) |
Q q(-K k) |
қы(-кі) |
23 |
Ү ү |
Ü ü |
ү |
11 |
Л л |
L l |
ыл |
24 |
Ш ш |
Š š |
шы |
12 |
М м |
M m |
мы |
25 |
Ы ы |
І ɪ |
ы |
13 |
Н н |
N n |
ны |
26 |
І і |
İ і |
і |
428
Латын әліпбиі жазу арқылы жүзеге асатындықтан, жазу теориясын меңгерген маман ғана тілдің ішкі қатпарларын түсініп, жоба құрастыра алары анық. Осы орайда жазу теориясы жайында жазылған Қ.Күдеринованың «Түркі тілдерінің әліпбиі мен емле тарихы» атты еңбегін атап өтуге болады. Ғалым «Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткенінен хабар береді. Жазу кеңістігі ұлғайғаны соншалық оны жазу және өркениет, жазу – ұлт, жазу мен ойлау сияқты іргелі ұғымдар оппозициясында қарауға болады» – деп ой қорытады. Яғни жазу арқылы халықтың ой-санасы дамып, өркениетке аяқ басады. Сондықтан латын жазуын жүзеге асырғанда, қазіргі кезеңді ғана ойламай, болашақ ұрпақтың сауатты жазуына, әлемдік деңгейде бәсекелесе алатындай дәрежеде болуына мән берген жөн.
Демек, Елбасының қай тұрғыдан болмасын, асығыстыққа жол бермей, ресми жұмыс тобының Парламентке ұсынған қазақ/латын әліпбиі жобасынының қанатқақты нұсқасын күллі қоғамның талқысына салып отырғаны бекер емес. Ендеше, еліміздің рухани жаңғыруының алтын арқауы – тіліміздің табиғи болмысын сақтап қалуға бағытталған және көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан өркениет көшінен еліміздің қалып қоймауын көздейтін тағдыршешті мәселенің түйінін тарқатуға белсенді атсалысқанымыз жөн болар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Айталы А. Қазақ тіліне сұраныс жоқ елде, латын әліпбиіне сұраныс бола ма? «Жалын» журналы, №3, 2013.
2.Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010.
3.Н. Назарбаев. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру». Egemen.kz
4.Әзімбай Ғали. http://qazaqtimes.com/article/8505.
4. Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз. «Жалын» журналы, №3, 2013.
MURATBEK B.Q.
Filologia g’ylymdarynyn’ kandidaty (Ph.D.) , qayımdastırılgan professor
Qazaqstan respublikasy, Aqto’be qalasy,
Q.Jubanov atyndaģy Aqtóbe óńirlik memlekettik ýnıversıteti
КEIBIR KIRILL ARIPTERI MEN SHETTILDIK SÓZDERDIN EMLESI
Аннотация. В статье комплексно описываются проблемы казахского алфавита на основе латиницы в рамках последних теоритических и практических исследований.
Annotation. In the latest theoretical, practical research of latin alphabet by kazakh alphabet problems is considered.
Қазақ тілін әр қырынан танып-білуге ұмтылып отырған бүгінгі таңда қазақ жазуының мәселелерін зерттеу қажеттілігі ерекше байқалып отыр. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Әлемдегі барлық ақпарат латын әліпбиіндегі ағылшын тілінен айналып өте алмайды. Сондықтан латын әліпбиі - өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі.
Қазіргі таңда қазақ тіліндегі қолданылатын әліпбидің және жазудың заман талабына ере алмауы себепті және латын графикалы әліпбидің әлемдік кеңістіктегі белсенді қолданысы қазақ жазуын да латынға көшіру қажеттігін алға тартты. Сондықтан қазақ тіліндегі сөздің әуезділігін сақтап, оған нұқсан келтірмей, тілімізді жаңғырта түсу мақсатында әліпбиіміз бен жазуымызды латын графикасына көшуді бастадық. Дүниежүзі елдерінің 80 пайызы латын қарпін қолданады, себебі латын қарпі – өркениеттің жазуы, оқу құралы, өмір талабы. Сондықтан қазақ тіліндегі әліпбиіміз бен жазуымызды латын графикасына көшіру бағытындағы тілдік мәселелерді зерттеу қазіргі таңдағы тілдің қолданыстық мәнге ие болып отырған тұсында өзекті мәселелердің бірі және өзектілігі болып саналады.
429
Жаңа ережеде шетел сөздерін жазудың тиімді жолдары көрсетілген. Әліпбиден шығарылып тасталған әріптермен келген сөздерді жазудың ережелерін мұқият оқып, танысу керек. Бұрынғы Емлемізде шеттілдік сөздердің түп нұсқасы сақталуы басты орфографиялық талап болса, енді оларды қазақ тілінің ішкі табиғи ерекшеліктеріне бейімдеуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен бірге халықтың қазіргі жоғары сауаттылығына байланысты шеттілдік сөздерді көп өзгеріске түсірмей, халықаралық терминдер мен атаулардың тұрпатын сақтау арқылы жазу заңдылықтарын тым күрделендіріп жібермей, сол арқылы шетел тілдерін оқыпүйренуге де оңтайлы болу жағы ескерілгені байқалады. Мысалы, rejısor, valy`ta, dızaın, y`chılıshe, pıesa, fılm, sement, pa`rol, pitsa, komersıa, moderator; Ағылшын тіліндегі сөздің нұсқасында келген «w» әрпін қазақ жазуында «y`»
әрпімен жазуды ұсынған: y`eb-saıt, y`atsap, y`ıkeıpedıa; Шетел тіліндегі танымал бренд, марка, тауар, т.б. атаулар түпнұсқа тұрпатында да, сондай-ақ қазақша игерілген түрінде де таңбаланатыны көрсетілген. Мысалы, Coca – cola / Koka – kola, Air astana /Eirastana; Өз ана тіліміздің табиғатына сай жазу емлесін қалыптастыруды мақсат еткен бұл ережелер жобасындағы шеттілдік сөздер мен кейбір кирилл әріптерінің емлесі туралы жазылған қағидалар да жұртшылық көңілінен шығады деп ойлаймыз. Себебі шығыс тілдерінен енген сөздердегі «х», «һ» әріптерінің жазылуы, орыс тіліндегі сөздерде келетін «ё, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ » әріптерінің орнына жазылатын баламалары ғылыми тұрғыда дұрыс берілген. Шетел сөздерінің айтылымындағы дыбыс тіркестері қазақ тілінің айтылымына қарай жақындатылғаны дұрыс болған. Мысалы, «Сөз соңындағы -нг әріп тіркесі ń әрпімен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады»,-деген ереже бар [1.29]. Мысалы: parkıń (-niń, -ge, - i, -der), boýlıń (-niń, -ge, -i, -der), brıfıń (-niń, -ge, -i, -der), reıtıń (-niń, -ge, -i, -der). «Ағылшын тіліндегі түпнұсқасында w әрпімен басталатын кейбір сөздер «ý» әрпімен жазылады»,- деген ереже бар [1.29]. Мысалы: ýаtsap, ýıkı, ýıkıpedıa, ýeb-saıt. Ал «-ог әріп тіркесімен аяқталатын сөздерге қосымшалар жуан жалғанады», Мысалы: pedagogtar, pedagog-y, dıalog-tar, dıalog-y, еkolog-tar, еkolog-y.
Емле ережесінде «шеттілдік сөздердің соңындағы «а» әрпі сөз мағынасына әсер етпеген жағдайда түсіріліп жазылады. Қосымшалар соңғы буынға үйлесіп жалғанады: gazet (-tiń, -i, -ke, -ter), mınýt (- tyń, -y, -qa, -tar), sıfr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), kordınat (-tyń, -y, -qa, -tar), kapsýl (-dyń, -y, -ǵa, -dar), kardıogram (-nyń, -y, -ǵa, -dar). Бірақ matematıka, pedagogıka, statıstıka, mehanıka болып жазылады»,-деп жазылған
[2,28]. Кейбір жағдайда сөз соңындағы «а» дыбысы қазақы айтылымда жуан-жіңішкелі «ы-і» (кассакассы, клеёнка-кілөнкі, плёнкапілөнкі) болып қолданылатынын да ескеру керек деп ойлаймыз [2,28]. Бұрын қатар келген екі дауыстыны кіріктіріп айтып-жазатын болсақ, енді жаңа емлеміз бойынша біріккен сөздерде екі дауысты қатар жазыла беретін сияқты. Мысалы, ортаазиялық, қараағаш, қараалма, қараөзек, ешкіемер, батааяқ, т.б. Емле ережесінде кейбір кирилл әріптері мен
шеттілдік сөздердің емлесі тарауындағы «ё» әрпі «о́» әрпімен таңбаланады, оларға қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады(manо́vr (-diń, -i, -ge, -ler), brýselо́z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (- diń, -i, -ge, -ler)», «ц» әрпі және «сц» әріп тіркесі «s» әрпі арқылы жазылады(sırk, sıfr, sılındr, sırkýl; desımetr, medısına, proporsıonal, abzas; Қатар келген «ц» әрпі «ts» тіркесі арқылы таңбаланады(pıtsa, Nıtsa), «-тч» дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздердегі «т» әрпі түсіріліп жазылады( skoch, skech, mach), «щәрпі төл сөздерде «shsh» әріп тіркесімен, ал шеттілдік сөздерде «sһ» әрпімен таңбаланады(ashshy, tushshy, keshshe), «э» әрпі «е» әрпімен жазылады(element, elevator, epopeıa), «-
оэ» әріп тіркесімен аяқталатын сөзде «э» әрпінің орнына «ı» жазылады(aloı, kanoı), «ю» әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін «ıý» әріп тіркесімен(aıý, oıý; Iýpiter, Iýrmala) ал дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ú» әрпімен таңбаланады(parashút, absalút, glúkoza), т.б. баптар қазақ тілінің табиғатына сай жазылған ережелер деп есептейміз [1,25].
Емледе «Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады»,-деген ереже бар [1.28]. Бұл ереже тіліміздің табиғатына сай алынған, себебі біздің тілімізде екі бірдей дауыссыз дыбыс қатар тұрмайды. Мысалы: komısar, profesor, gramatıka, sımetrıa, amıak, anagram, kardıogram; metalýrgıa, elıps, elınızm, kolej, sılabýs, koloıd, bılıard, trıler, alofon, troleıbýs, alúzıa; kotej, atestat, popýrı, sparıń, korektor, aparatýra, opozısıa, sýgestıa; adıtıv; akaýnt, akord, akredıtasıa, hokeı, ındıvıdým. Бұл ережеге қосымша ескертуде
«сөз мағынасы өзгеретін жағдайда сс, мм, лл, тт, нн, бб, рр, пп, дд, кк әріптері сақталып жазылады»,-
деген анықтама бар екен: esse, mass-medıa, massa; sammıt, ballada, mıllıgram; getto, nettо; tonna, vanna.
Осы ереже бойынша араб тілінен енген «махаббат», «ләззат» деген сияқты сөздердегі геминацияланған дыбыстардың да бірін түсіріп жазуды заңдастыру керек.
430