
87
.pdfСерікжан Т.
Филология: қазақ әдебиеті » мамандығының 2-курс магистранты
Ғылыми жетекші: Солтанаева Е.М. ф.ғ.к.,
доцент.
«ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯДАҒЫ ИНТЕРМӘТІНДІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ АВТОР ИДЕЯСЫН
АЙҚЫНДАУДАҒЫ РӨЛІ»
Аннотация. В статье представлен комплексный анализ поэтических произведений поэтов, отражающих самобытность интертекстуальных структур, отраженных в казахской поэзии 70-90-х годов XX века, широко опирающихся на труды и мнения исследователей, изучавших интертекстуальные тексты. Обращает на себя внимание художественная особенность, содержание текстовых текстов. При определении цели автора в использовании переплетенного текста, когда мы сравниваем первый и последний тексты, мы видим некоторую ясность в маскировке типичного межтекстового общения.
Annotation. The article presents a comprehensive analysis of the poetic works of poets, reflecting the identity of intertextual structures, reflected in the Kazakh poetry of the 70-90s of the XX century, widely based on the works and opinions of researchers who studied intertextual texts. The artistic feature, the content of text texts attracts attention. When defining the author’s goal of using intertwined text, when we compare the first and last texts, we see some clarity in disguising typical intertextual communication.
Көркем әдебиет – әрбір жекелеген қаламгердің шығармашылық интеллектісінің көрінісі. Қоғам дамуына сай әдебиет те үнемі өрлеп, өрістеп отырады. Сондықтан да қазақ әдебиеті халқымыздың рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде үнемі жүйелі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Қазіргі әдебиеттану және лингвиcтикалық cөздіктерде «интермәтін», «интермәтінділік» терминдері толық орнықпаcа да, ғылыми айналымға түcкен cоңғы елу жыл ішінде ең жиі қолданылатын лекcемаларға айналды. Аталған терминдерді құрайтын «интер» және «мәтін» лекcемаларының мағынаcы бұлардың бірнеше мәтінге ортақ құрылымдық, cемантикалық бір бөлік, фрагмент екенін көрcетеді.
Қазіргі заманғы көркем әдебиеттің ажырамаc бір белгіcіне айналған интертекcтуалдылық - көркем мәтінді талдау барыcында баcа назар аударатын құбылыc. Көркем мәтін cемантикаcын түзетін, оның әcер-қуатын арттыруға ықпал ететін экcплицитті тілдік құралдар мен имплицитті ақпардың
вербалдануында интертекcтуалды элементтердің қызметі айрықша. |
Ғылымда |
интермәтінділік |
|||||||
теорияcының баcтауы, |
түп негізі туралы |
әр |
алуан пікірлер |
қалыптаcқан. |
Белгілі |
ғалым |
|||
М.Б.Ямпольcкийдің, лингвиcт И.В.Арнольдтің |
көзқараcы |
бойынша |
Ю.Н.Тыняновтың пародия |
||||||
теорияcы туралы пікірі, |
М.М.Бахтиннің |
полифониялық |
роман |
жөніндегі ойлары және |
Ф.де |
||||
Cоccюрдің текcтегі анаграмма ілімі жайлы көзқараcы интермәтінділіктің |
кең мағынадағы түcінігін |
||||||||
қалыптаcтыруға ықпал жаcады. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақ лирикасының шарықтау кезеңін әдебиеттанушы ғалымдар |
|
XX |
ғасырдың 60-70 жылдар |
деп көрсетеді. Біздіңше де бұл неізді айтылған тұжырым. Осы кезеңнің поэзиясын жіті зерттеген Ш.Сариев: «60-жылдардың басында жақсы бір өлеңге ауыз ашып,көз жұматындай таңқалыс сезіммен қарау бой көтерген еді»,- деп атап көрсетеді.
Ғалымдар нтермәтінді байланыстардың бірнеше классификациясын ұсынғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұл топтаулардың ішінде цитациялық байланыс поэзияда да, прозада да өнімді қолданылатын интермәтінді құрылымға жатады. Цитация құбылысы біз қарастырып отырған кезеңдегі, яғни 1970-1990 жылдардағы поэзия үлгілерінде де жиі байқалады. Көркем мәтіндегі цитациялық байланыс сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем деңгейінде көрінеді. Мұндай байланыстарды кейде автор оның басқа автордан алынған сөз екенін тырнақшаға алу арқылы танытса, кейде өлең құрылымына байланысты өзгертуі де мүмкін.
Интермәтін туралы тұжырымдардың астарында дәстүр, даму мәселелері жатқаны белгілі. Әдеби жанрлардың ішінде адамның көңіл күйіне барынша терең бойлайтын поэзияда бағзыдан ауысқан мәтін үзінділері адам баласы пешенесіндегі белгілі бір жайттың, оқиғаның яки көңіл-күйдің ұқсастығының, үндестігінің нәтижесі екенін де ескерген жөн.
1999 жылы жарық көрген «Современное зарубежное литературоведение» атты кітабында бұл терминге И.П. Ильин былай анықтама береді: «Әр мәтін интертекст болып табылады; басқа мәтіндер
411
– алдындағы мәдениет мәтіндері мен оның айналасындағы қазіргі мәдениет мәтіндері - оларда әр қилы деңгейде азды-көпті танылатындай түрде байқалады. Әр мәтін ескі цитаталардан, үзіндіден, мәдени кілттерден (кодтардан), формулалардан, ритмикалық құралдардан, әлеуметтік идиомалардың фрагменттерінен, т.б. түзілген жаңа құрылым: олардың бәрі мәтіннің бойына сіңіп, араласып кеткен, өйткені тіл мәтіннен бұрын және соның айналасында өмір сүреді. Кез келген мәтін үшін қажетті алғышарт ретінде интертекстуалдылық түпнұсқалар мен оның әсері мәселелерімен ғана шектеле алмайды, ол шығу тегі сирек анықталатын анонимдік формулалардың ортақ өрісі, тырнақшасыз берілген цитаталардың ықтиярсыздығы деп саналады».
Интермәтіндер көркем мәтінде түрлі қызмет атқара алады. Интермәтінді өзі түзіп отырған мәтінге кіргізгенде қаламгерлер қандай мақсатты көздейтіні туралы зерттеушілер пікірінде бірізділік жоқ. Ғылыми дискурстағы интертекстуалдылық мәселелерін жіті зерттеген Е.Михайлованың ойынша, автор өз шығармасына интертекстерді 4 түрлі мақсатпен енгізеді екен:
1)референциялық немесе сілтеме мақсатымен – басқа бір мәтінді еске салу арқылы қаламгер ақпарды сығымдап беруді мақсат етеді, өз кезегінде адресат санасындағы таныс образды еске алғызып, аз ғана тілдік құралдар көмегімен көлемді ақпарды қабылдап, түсінуге ықпал жасайды;
2)бағалауыштық мақсатпен – «бөгде» мәтінді автор оған өзінің эмпатикалық немесе сыни көзқарасын білдіру үшін пайдаланады;
3)этикеттік мақсатта – оқырман қауымға сый-құрмет көрсету, беделге жүгіну, белгілі бір қоғамда қалыптасқан талаптарға сай келу үшін оның мүшелеріне жақсы таныс тәсілдерді, формаларды, пайдалану;
4)декоративтік мақсатпен – сәтті табылған сөзқолданыс хабарды өзінен де анық бере алады, адресатқа эмоционалды тұрғыдан әсер етеді, мәтінді жандандырады, оған даралық сипат береді.
Интертекстуалдылық қаламгер және оның мәтіні өмір сүріп отырған лингвомәдени кеңістіктегі қоғам мүшелерінің күнделікті сөйлеуінде, жазуында қайтсе де байқалады. Бұл көркем тексті оқу, қабылдаумен тығыз байланысты үнемі болып жататын үдеріс. Олар көбіне өзіне ұнаған көркем тексті, оның тілдік қабатындағы түрлі бірліктерді өзінің ой-пікірін білдіруге, белгілі бір жағдайларды бағалауға, тіпті болмаса өз эрудициясын көрсетуге пайдаланады. Ондай бірліктер өзінің автосемантиялылығы (контекстен үзіп алып, басқа контекске түсе алу мүмкіндігі), коммуникативтік ситуацияға сәйкес полисемантикалылығы және эволюцияға бейімділігі, қысқалығы, әсерлілігі нәтижесінде оқырманның тілдік жадында қалып, реті келген жағдайда қолданысқа түседі. Ал оны естіген адам басқа жағдайда, басқа кезде, басқа адамға қайта қолдануы ықтимал. Сол себептен, кезкелген функционалдық стильдегі және басқа семиотикалық жүйедегі мәтіндерден алынған интертекстер қоғам мүшелерінің қарым-қатынас құралы, яғни контакт орнату, оны дамыту сияқты қызметтер де атқарады. Бұл жағдайда интертекстуалды элементтің претекспен байланысы үзіліп, тиісінше ассоциациясы жоғалып, тек ситуативті жұмсалады. Интертекст автор құзіретінен шығып, қолданушының өз сөзіне айналады. Мәселен, өз сөйлеу тәжірибесінде Қ. Аманжоловтың «Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым» жолдарын (жанындағы досымен, бастығымен, тіпті қоғамдық көліктегі мүлде танымайтын адаммен сөзге келіскен) түрлі ситуацияларға бейімдеп қолданушы тілдік тұлғалар бар. М. Мақатаевтың «Сен мені, сезесің бе, неге іздедім?» жолын өз ниетіне сай «Білесің бе, мен сені неге іздедім?» деп өзгертіп қолданушы туралы да осыны айтуға болады. Мұндай тұлғалармен сөйлесу барысында «қандай жауды жеңдің? қашан, қалай? неге, қашан іздедің?» сияқты қарсы сұрақтар арқылы коммуникация орнатылып, әрі қарай жалғастырылады. Бұл қолданушылар локалды кеңістікте жаңағы интертексті насихаттаушы деуге де болады. Интертекстің бұлайша ауызекі сөйлеу тілінде локалды кеңістікте, локалды уақытта аз ғана рет жұмсалуын кейбір зерттеушілер коммеморат деп атайды, яғни коммуникация сөзі терминнің сыртқы формасына негіз болған. Қолданыс жиілігіне, көптігіне байланысты мұндай интертекстердің бірте-бірте қанатты сөздер қатарына да өту мүмкіндігі бар екенін айта кетуге тиіспіз.
XX ғасырдың 70-90 жылдарындағы қазақ поэзиясының ірі өкілі Фариза Оңғарсынова шығармашылығы мен Мұқағали поэзиясы арасында рухани байланыстың бар екенін білеміз. Бұл екі ақын бір-біріне сырлас, мұңдас бола білген және Фариза Мұқағалидай ақын ағасын ерекше құрметтеген, үлгі тұтқан.
Жалпы алғанда, поэзиядағы интермәтінді құрылымдардың басым бөлігі арнау өлеңдерде көрініс табатынын ерекше атаған жөн. Мұндай қолданыстарды автор көбіне мақсатты түрде, яғни өлең мазмұнын мардымды жеткізуде қолданған. Мәселен, Фариза Мұқағалиға арнауының бірінде:
412
Алыста – көз ұшында бір ғажайып көгілдір әлем тұрды жанын арбап. Сол әлем жұмақ па бір, жай ма бөтен, дәл сондай Жер бетінде қайда мекен? Ай мүйіз арқар ойнап, жүйрік қашып,
Күн құшқан Абайлардың жайлауы екен! –
деп жырлайды. Соңғы тармақтағы «Абайлардың жайлауы» деген тың метафора Мұқағали ақынның өзінен алынған. Мұқағали:
...Алыста,Абайлардың жайлауында,
Жайылып поэзия пырағы жүр. Жүрсін,жүрсін жануар...
Жүрсін,мейлі Әлі жеткен жан ұстап,мінсін,мейлі», -
деп Абай поэзиясының ерекше қасиетін танытқан болатын. Мұқағалидың қазақтың жайлауын өлең жолына қосып, қасиетті қамбар атаның пырағын поэзияның жайлауына жайып қоюын ақын тапқырлығы деп білеміз. «Поэзия пырағы» деген метафора өлеңге өзгеше леп, тың тыныс беріп тұр.
Фариза Оңғарсынованың арнауындағы интермәтінді құрылым да ақынның өзінің және Мұқағалидың Абай тұлғасын ерекше құрмет тұтатындығының тағы бір дәлелі десек қателеспейміз.
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық мұрасында интермәтінді құрылымдар өте жиі ұшырасады және ақын интермәтінді байланыстарды пайдалануда асқан тапқырлық танытқан.
Мұқағали ақынның төмендегі өлеңіне назар салып көрейік:
Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын, Жаралы жүректерді емдеу үшін.
Ермек үшін белгілі жырламасым, Ермек десе, ел мейлі тыңдамасын. Өтсем болды арқалап адамдардың Қуанышын, шаттығын, мұң - наласын. Қуат алып Абайдың тіл - күшінен, Жыр жазамын Абайдың үлгісімен. Абай болып табынсам бір кісіге, Абай болып түңілем бір кісіден. Өлмеу үшін - құлқынды жемдеу үшін.
Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін. «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін .
Ақын:
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын, Жаралы жүректерді емдеу үшін , -
деп жырлайды. Ұлы Абайдың өлеңінің идеясы көзі ашық, сергек жастарға ақыл-кеңес беру болса, Мұқағали тіптен басқа сара жол тауып, адамдардың қуанышын, шаттығын, мұң-наласын өлеңіне арқау етіп, «Жаралы жүректерді емдеу үшін» жырлаймын дейді. Мұқағалиды сезімнің ақыны дейтініміз де осыдан. Бұл екі туынды - қос ақынның поэзиядағы мақсат-мұратын айқындайтын өлеңдер. Абайда ғибрат, үлгі, насихат болса, Мұқағалида жан тебіренту, жан толқыту, оқырман қайғысын бөлісу, эмпатия басым.
413
Қаламгер Абайдың әйгілі «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіндегі осы тармақты өлеңінің өнбойына арқау етіп алады да, әрі қарай өз идеясын өрбітеді. Абайдың:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін ,-
деген жолдарын Мұқағали өз өрнегіне салып:
Ермек үшін немесе өлмек үшін ,-
деп жалғайды да:
Ермек үшін белгілі жырламасым, Ермек десе ел мейлі тыңдамасын ,-
деп өзінше ой түйеді.
Бұл өлең жолдарынан Абай мектебінен дәріс алып, Абайша жазуға талпынған, заман бейнесін Абайша жырлауға тырысқан ақын бейнесін көреміз.
Ақын өлеңнің соңғы шумағында Абайдың өлең жолдарының бірін еш өзгеріссіз беріп, тырнақша арқылы оның цитата екенін көрсетсе, екіншісін автор поэзияның талаптары бойынша ырғақ, буын сәйкестігі үшін өзгерткен.
Сонымен қатар, «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» деген өлеңнің соңғы жолынан Мұқағалидың Абай ұлылығын ұлықтап, оның дәстүрін жалғастырып отырғанын аңғарамыз.
Жалпы, ақындар поэзия әлеміне келмес бұрын өздеріне дейінгі ақындар мектебін меңгереді, үлгі алады. Кейінгі поэзия өкілдерінің барлығы хандық дәуір әдебиетінен бастап, Абай, Мағжан, Қасым, Сәкен, Ілияс шығармашылығымен сусындап, олардың дәстүрімен қалам тербеген. Анығын айтқанда, бұл үрдіс әдебиетте қатар қолданылатын «дәстүр және жаңашылдық» мәселесімен келіп саяды. Поэзиядағы, соның ішінде біз зерттеу нысаны етіп алған дәуір поэзиясындағы интермәтінді құрылымдардың пайда болуының бірден-бір себебі дәстүр жалғастығы десек қателеспейміз. Қазақ поэзиясында Абай мектебінен өтпеген, Абай өлеңдерінен нәр алмаған, Абайша жырламаған ақын кемде кем.
Ақын-жазушы, яғни рухани игілікті жасаушы – өз дәуірінің, өз қоғамының перзенті. Ол сол өз уақытының көркем шежіресін жасайды. Ал әдебиеттің уақыттық ұғымға ие екенін ескерсек, ақынжазушы жасаған игіліктің кейінгі ұрпаққа шаршап-шалдықпай жетуі, тіпті бүгінгі уақыттың желісі сияқты болып көрінуі әдебиет теориясының қағидаларына сүйеніп айтсақ, мазмұн мен пішін, әдіс т.б. компоненттердің ерекшеліктерінен байқалады. Мазмұны ауқымды дүниеге келісті пішін керек.
Поэзиядағы интермәтінді құрылымдарды анықтау арқылы, яғни поэзияға интермәтін теориясы тұрғысынан зерттеу жүргізе отырып өлең-жырдың тағы бір сырын, жаңа қырын аштық десек артық айтқандық емес. Интермәтінді байланыстарды анықтау көркем мәтіннің, яғни біздің жағдайымызда өлең мәтінінің мазмұнын толық игеруге, автор идеясын тыңғылықты тануға мүмкіндік туғызатынын айтқан болатынбыз. Зерттеу барысында бұл ойымыздың дұрыстығына көзіміз жеттә.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Әбдірахманқызы Т. Замана сазы: Өлеңдер, әдебиет туралы мақалалар, өмірбаяндық толғам. – Алматы: Ана тілі, 2000. - 400 б.
2.Сариев Ш. 60-70 жылдардағы қазақ лирикасы.Көркемдік ізденістер: Филол.ғыл.кан.дис. – Алматы,1993. – 185 б.
3.Фатеева Н.А. Контрапункт интертекстуальности или интертекст в мире текстов. – Москва: Агар, 2000 – 280 с.
4.Кристева Ю . Бахтин, слово, диалог, роман // Вестник МГУ. (Серия 9. Филология), 1995. № 1. – 140 с.
414
Токтыманова Г.М.
педагогика ғылымдарының магистрі Қазақстан-Ресей медицина университеті, Тіл пәндері кафедрасының аға оқытушысы.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАҢА БУЫН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДИАЛЕКТІЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ СИПАТЫ
Аннотация.В статье рассматривается характер использования диалектов в произведениях нового поколения казахской литературы. Особенности местного речевого характера, встречающиеся в художественных текстах, должны быть признаны составной частью общенародной лексики и рассматривается как часть духовного богатства нашего народа. Отдельное исследование диалектизмов в произведениях современных писателей имеет важное значение для развития общей диалектологии казахского языкознания и обогащения литературного языка, также играет значимую роль в исследовании и лингвокультурологии и этнолингвистики.
Abstract. The article discusses the nature of the use of dialects in the works of the new generation of Kazakh literature. The peculiarities of the local speech character found in artistic texts should be recognized as an integral part of national vocabulary and considered as part of the spiritual wealth of our people. A separate study of dialectisms in the works of modern writers is important for the development of the general dialectology of Kazakh linguistics and the enrichment of the literary language, also plays a significant role in the study and linguistic culturology and ethnolinguistics.
Ұлт айнасы тіл десек, тіл – халқымыздың тұрмыс тіршілігінің, ой-сезімінің, елдігі мен ерлігінің, болмысының, дүниетанымы мен парасатының куәсі. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы. Ал осы тілдің сөз байлығын танытатын – көркем әдебиет.
Біріншіден, бұл өзі – тарихи категория. Сондықтан да жалпыхалықтық тілдің тарихы мен қалыптасуын, оларды лексика-фразеологиялық, грамматикалық жағынан тексеру мәселелерінде диалектілердің көп пайдасы бар. Екіншіден, мұны әдеби тілді байытудың бір көзі деп қарау керек. Кейбір жаңа ұғымдарды, заттарды немесе бұйымдарды қазақша атау керек болғанда және баламасы әдеби тілден табылмаған жағдайда оларды осы жергілікті ерекшеліктерден іздеген абзал. Диалектизмдерден алынатын, кәдеге асырылатын сөздер әлі де бар» – дейді ғалым Н.Уәлиев [1, 26].
Тілдің әркелкі түрлері: онда әдеби тіл және жергілікті тіл ерекшеліктері (диалектілер), ауызекі тіл және арго (толық емес, редуцирленген – сөздік деңгейіне дейін қысқартылған тілдік жүйе) бар екендігі белгілі.
Прозалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер негізінен кейіпкерлердің тілінде қолданылады. Сонымен қатар, кейде автор сөзінде қолданылуы да орын алып отырады. Жазушылар диалектілік ерекшеліктерді көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру үшін, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданады.
Жергілікті ерекшеліктердің лирикалық поэзияда қолданылуы мен прозалық шығармаларда қолданылуының өзіндік ерекшеліктері бар [2, 133]. Экспрессивті қызметі автордың жеке өзі таратып отырған хабардағы көріністермен байланысты, ендеше сөз өз тұлғасын білдіре алудың құралы ретінде қызмет етеді. Импрессивті қызмет сөйлеушінің жеткізгелі отырған хабарына қаратыла айтылады десек, ол сөйлеушінің әсеріне байланысты адресат хабардың қандай тілмен жеткізілгені туралы ақпаратты алумен қатар, автордың осы хабарға деген эмоционалдық жай-күйін біле алады. Бұл қызмет белгілі бір әрекеттерге байланысты адресаттың көңіл-күйіне, сезіміне, талап-тілегіне ықпал жасай алады.
Прозалық шығармалармен салыстырғанда, лирикалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер әлдеқайда аз қолданылады, оның үстіне онда негізінен лексикалық ерекшеліктер, ал фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер мейлінше аз. Бұл жерде жергілікті тұрғындардың тіліндегі фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерді көрсету емес, ойын нақты беру, қысқа да түсінікті етіп жеткізу мақсатынан туындаған.
Лексикалық ерекшеліктер өз ішінен бірнеше топтарға жіктеледі. Атап айтқанда:
1)нақты лексикалық ерекшеліктер – әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер;
415
2)семантикалық ерекшеліктер – белгілі бір тұрғындардың тілінде жалпыхалықтық қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер;
3)этнографиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары.
Этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады;
Фразеологиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, сол жерде ғана түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері [2, 145-146].
Жазушы тілін, сөз қолдану ерекшеліктерін сөз еткенде, ең алдымен, екі факті: а) белгілі бір сөздерді қолдануда автордың өзіндік позициясын, мақсатын түсіндіру; ә) автор бейнесінің ерекшеліктеріне мән беру.
Ақын-жазушылардың шығармаларында кейіпкер тілінде (кейде лирикалық кейіпкер автормен астасып, орайласып жатады) жергілікті тіл ерекшеліктерінің кеңінен қолданылуы – шығарманың құндылығын арттырады.
Прозалық шығармаларда лирикалық шығармалармен салыстырғанда диалектілік қолданыстар өте көп кездеседі. Диалектілік қолданыстар көбінесе автордың тілдік санасында қалыптасқан ұғым ретінде немесе авторлық позицияны анықтау үшін және кейіпкер болмысын ашу мақсатында қолданады. Мәселен,
Тәтей, айтқаныңызды ұқтым [3, 54] Тәтей сөзі жасы үлкен әйел адамға ізет білдіру сыпайыгершілікпен айтылатын қаратпа сөз ретінде
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қолданылады. Сонымен қатар, батыс өңірлерінде осы сөздің баламасы ретінде апай, апай қолданылады. Бұндай қолданыстар жас жазушылардың шығармаларында көптеп кездеседі.
Мысалы, Лира Қоныстың «Бес тиын» шығармасында Оны көктемге салым бөгде тәтей келіп алыс-алыс жақтағы балалар үйіне алып кеткен. [4, 89]
Жозы – ұйғыр тілінен ауысқан, аласа үстел деген мағынаны білдіреді. Мысалы: – Отырған қыз орнын табат та, оған несіне қиналдың! – деп Сарқыт оймақтай сырлы ожау мен екі тостағанды дем алатын бөлмедегі жозыға қойып қайта шықты [5, 81].
Жозы сөзі көбінесе Алматы облысы Райымбек ауданының тұрғындары қолданады. Жозы сөзін Б.Сарыбайдың шығармасынан кездестіреміз. Жозының әдеби тілдегі баламасы – үстел, ас үстелі.
Жергілікті тіл ерекшеліктерінің эстетикалық мәні контекстегі қолданысы мен ішкі уәжділігі негізінде айқындалады. Шығармада жергілікті тіл ерекшеліктерінің қолданылуы белгілі бір аймақтың колоритін, шығарманың шынайылығын береді. Ол, ең алдымен, шығарманың тақырыбына, мазмұнына, суреттелетін оқиғаларға, автордың мақсатына, эстетикалық идеалы мен шеберлігіне байланысты. Алайда әдеби тілде жергілікті ерекшеліктерді шамадан тыс қолдану да шығарманың тілін шұбарландырып, түсініксіздікке ұрындырары сөзсіз [2, 151]. Осыған орай, академик Р. Сыздық: «Түсініксіз болатын сөздер – белгілі бір аймақта ғана жұмсалатын жергілікті сөздер, олардың ішінде диалектизмдер мен жергілікті кәсіби сөздер, көне немесе сирек қолданылатын сөздер және жазушының өзі ұсынған жаңа қолданыстар. Демек, лексикалық норма проблемасының бір ұшы – көркем шығарма тілінде диалектизмдердің көрінісіне барып тіреледі.
Ғалым Р.Сыздық былай деп тұжырым жасайды: «Сөз жоқ, жалпы көпшілікке ортақ емес, қолдану аясы шектеулі сөздер мен тұлға-тәсілдерді ешбір себепсіз тоғытып жұмсау принципінде әдеби нормаға, оның ішінде ұлттық көркем сөз нормасына қайшы екендігі даусыз, бірақ текстіге бейтаныс элементтердің қолданылу себептерін, уәжді-уәжсіздігін, қажеттілік дәрежесін, лексика қазынасын байыту мүмкіндігін т.т. жан-жақты түгел есепке алған күнде ғана «иісі» диалектизмнен қашудың жөн еместігі және әңгіменің бір ұшы жазушы шеберлігіне (автор идеясына қызмет еттіре білу сипатына) тікелей қатысты екендігі байқалады. Демек, бұл жерде норма проблемасы стилистика мәселелерімен ұштастырыла қаралуға тиіс. Көркем әдебиет тілінде диалектизмдердің, кәсіби сөздердің немесе басқа да тосын қолданыстардың орын алуын сөз еткенде, оларды әрдайым нормадан ауытқу, тіл мәдениетін бұзу деп тануға болмайды. Бүгінгі қазақ көркем сөзінің тіл мәдениетін сақтау дегенде, біздіңше, ең алдымен сөзді дәл қолданбау, яғни сөзді орнымен дұрыс жұмсай алмау, қажетсіз кірме сөздерді енгізу, әдеби норма сыртында тұрған элементтерді ешбір зәруліксіз текстіге енгізуді айту керек» [2, 246].
416
Жоғарыда айтылғандарға сай, қазіргі жас жазушыларымыздың шығармаларынан да кейбір уәжсіз қолданылған диалектілерді кездестіреміз. Мәселен, Мирас Мұқаштың Ақ шағала жинағында:
Бәрібір жалықпайды. Қынбайды. Шәбелеп қайта шығады қарсы алаңға. [4, 141] Қас қарая төңіректегі қалың тал-шілік арасына сіңіп, мезгіл-мезгіл тым-тырыс жоқ болып
кететіндері бар. [4,144] Жуынып тұрып ажырайып айнаға қараса, екі көзі қып-қызыл, басы мыңғы-дыңғы. [4, 135]
Дәлізге беттегенде бірін-бірі қаға-маға, сүріне-мүріне жүгірген студенттерді көрді. [4,145] Мирас Мұқаштың пайдалануындағы шәбелеп, тал-шілік, мыңғы-дыңғы, қаға-маға сөздерінің
барлығының әдеби тілде баламасы бар. Мәселен, шәбелеп ~ шәуілдеп, тал-шілік~тал-қурай, мыңғы- дыңғы~мең-зең, қаға-маға~қағып-соғып. Автордың қолданысындағы диалектілер ешқайсысы автордың позициясына айқындап немесе қандай да бір мақсатта жұмсалып тұрған жоқ, керісінше шығарма мәтінін шұбарлап тұр.
Сонымен қатар жоғарыда берілген Мирас Мұқаштың сөзінде қынбайды деген диалект сөз қолданылған. Қынбайды сөзінің мағынасы диалектілік сөздікте келесідей берілген:
ҚЫНБАУ
(Қ.орда, Арал) беті қайтпау. Жауынгерлер қ ы н б а д ы, қайта олар өшіге түскендей (Ә. Нұрп.,
Курл., 7) [6, 525].
Осы секілді диалектілерді уәжсіз қолдануды Ж.Шағатай мен Д.Нәутәйұлының шығармаларынан да кездестіреміз.
Желбуаз пенде атаулының бір күндік жарық, жалт етіп сусыған сәулеге мәз болып күн кешуі де, тіпті барша өмірі де мән-мағынасыз нәсте, адамның қуаныш-қайғысы, әлденеге ұмтылысы мен әлсіз талпыныстары түгелімен жалған, кешкі мұнардай алдамшы көзбояу ғана [7, 51].
Дүниенің барша жұмбағын шешсе де, мұқым адамзат әйел жанының құпияларын толық ашуға қабілетсіз [7, 54].
Сол ыңғайсыз күйді мен де бір пәсте басымнан кештім [4, 89].
Жоғарыда берілген үзінділердегі нәсте, мұқым, пәсте диалектілік қолданыстары үәжсіз пайдаланылып тұр деп есептейміз. Бұл сөздердің барлығының әдеби тілде баламасы бар.
Бұл жердегі желбуаз сөзіне аймақтық сөздікте келесі мағына берілген:
ЖЕЛБУАЗ
1)(Гур., Маңғ.) буаз деп жүріп қысыр шығу..
2)(Қост., Жанг.) бос, құры. Шырағым, ж е л б у а з сөзіңді қойып жұмысыңды істеші (Қост.,
Жанг.) [5, 284].
Автор желбуаз сөзін пенде деген сөзге экспресивтік мән үстеу үшін қолданған. Бұл сөздің орнына бос жүрген пенде немесе бейқам, ешнәрсені ойламайтын, бір күндік өмір сүретін пенде деп қолданса, бұл сөз тіркестері авторлық прозицияны белгілі бір деңгейде жеткізе алмас еді.
Жас жазушылардың шығармаларын талдау барысында диалекті сөздерді автордың көздеген мақсатын жеткізу, белгілі бір мағына үстеу үшін қолданылатын жағдайларды көптеп кездестіруге болады. Мәселен,
Онсыз да сұрқай қаладағы талғамсыздықтың ең сорақы үлгісі секілді, үш қабатты болса да келушілердің еңсесін езгендей, мейілінше жер бауырлап, жатағанданып көрінетін кеспірсіз, сұрқай ғимараттың неліктен балалардың еншісіне тигені де ешкім түсінбейтін жұмбақ [8, 73].
Осы үзіндідегі кеспірсіз сөзі аймақтық сөздікте келесідей мағынаны білдіреді.
КЕСПІР
1)(Гур., Маңғ.; Түрікм., Таш.) түр, әлпет, кескін, сиық. К е с п і р і жаман адамнан жақсылық шыға бермес болар (Гур., Маңғ.). Мынадай к е с п і р і нашар затты алар ма адам (Түрікм., Таш.). Осы сәтте Рақымбайдың көз алдына өзі қуған әлгі ақсақ немістің к е с п і р і келді (С. Сейіт., Сөз., 8) [6, 600].
Жоғарыдай айтқынымыздай бұл сөз авторлық мақсатқа жету үшін қолданылып тұр. Мәселен, кескінсіз~сұрсыз~түрі нашар~кеспірсіз деген қатарда кеспірсіз сөзінің экспресивтілік мәні басқаларға қарағанда жоғары болып, ғимараттың сырт келбетінің тым нашар екендігін білдіріп тұр.
Әйтеуір мігірсіз тірліктің күйбеңі мен таусылмайтын қам-қарекеті шашыраңқы жүздеріне абыржу мен лажсыздықтың мөрін әбден тереңдеп, мүлдем өшпестей етіп басқан жұрттан ерекшелеп менмұндадалайды [9, 65].
МІГІР
417
1) (Орал, Орда; Гур.: Есб., Маңғ.) маза, тыным. Ол бір м і г і р і жоқ адам (Орал, Орда). Ол м і г і р етпестен жұмыс жасады (Гур., Есб.). Оларда еш м і г і р жоқ (Қ. Жұмал., Айқас, ). Не де болса хан аулының о шеті мен бұ шетінде күні-түні м і г і р жоқ, абыр-сабыр (Ә. Кекіл., Үркер, 6) [6, 501]
Осының алдында берілген мысалдағыдай, мігірсіз тірлік қолданысының басқа тынымсыз тірлік~мазасыз тірлік қолданыстарына қарағанда мағынасы қанығырақ, күйбеңі мен таусылмайтын қам-қарекеті көп, өмірі шаруасы бітпейтін тірлік деген мағынада қолданылып тұр.
Сонымен қатар, жас ақын-жазушылар диалектизмдерді кейіпкер ерекшелігі мен болмысын аша түсу үшін, өзіндік ерекшілігін таныту мақсатында қолданылады.
Кейіпкер образын жандандыра түсу тәсілдерінің бірі – оның тілінде сол өңірдің жергілікті ерекшеліктерін беру. Әрбір субъектінің жасына, қызметіне, өмір сүрген ортасына, күнделікті тіршілігіне қарай сөз қолданысы да басқалардан ерекшеленетіні белгілі. Олай болса, жазушы образ сомдауда осы ерекшеліктерді мүмкіндігінше мол қамтуға тырысып, экстралингвистикалық факторларды ескеріледі.
1Талжан, бәрі де бітті. Енді кеш болып тұр... Енді телефон соғуың артық... Мен сөйлесе алмаймын.. Түсінсейш?, – деп телефон құлағын қоя салды [7, 49].
2Қайымдікі құда шақырайын деп жатыр екен [10, 85].
Күтпеген сәтте уыз сезімге мелдектей толған жүрегім, әлденеге май ішкендей кілкіп, кеудемнен ұшып кетердей өрекпи соқты [10,121]
МЕЛДЕК
(Жамб.: Шу, Луг.) тойып тұру, тою. Су ішіп тұрған ғой деймін, мелдiгі атып тұр ғой (Жамб.,Луг.) [6, 452].
Бұл мысалдарда берілген жүдә, нәйеті, әйбат, түсінсейш, қайымдікі (қайнымдікі), мелдек
диалектілік қолданыстары кейіпкердің жергілікті ерекшеліктерін беру үшін қолданылған.
Қорыта айтқанда, көркем шығарма тілінде жазушы сол диалектілік аймақтан шыққандықтан сөз таңдауда жастайынан сіңген сөзді алады. Ұлттық әдеби тілдің тарих қойнауында жатқан диалектілердің өзіне тән ерекшеліктерін дұрыс ажырату бүгінгі ұлттық тіл мәдениетін көтеруге де үлкен ықпал етеді. Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ тілінің қоғамдық қызметі жанданған уақытта көптеген диалектілерді қайтадан тілдік айналымға еніп, ұлттық тілдің сөздік қорын байытты, көптеген диалектілер терминдік сипат алып, ұлттық терминжасамның кәдесіне асты. Диалектілердің сөйленіс тіліндегі орфоэпиялық ерекшеліктерін сақтау тілдік норманы қалыптастырады.
Диалектизмдерді халықтың өткен тарихымен, әр аймақты жайлаған халықтардың мәденишаруашылық ерекшеліктерімен және аралас-құралас отырған көрші елдердің өмірімен қабыстыра отырып қарастырған абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Уәлиев Н. Диалектизмдер құбыжық емес...// Айқын. – 2007. – 26 қаңтар
2.Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: «Атамұра», 2005. - 272 б.
3.Мұқаметқали Қалмаханбет. Гүл.- Алматы: Санат, 2008.- 80 бет.
4.Жаңа ғасыр әдебиеті ред. алқа; Жаңабек Нұрберген, Жандос Олжасбек, жуап. шығ.Есімбек Тулеуов, Азамат Асқар.- Алматы: Санат, 2015.-250.
5.Ғ.Қалиев.Диалектілік неологизм сҿздер туралы// Жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, аспиранттарының мақалалар жинағы А.1989.
6.Диалектологиялық сөздiк / ред. алқа ; Айтбайұлы Өмiрзақ, Әбдрахманов Сауытбек, Кекiлбай Әбiш, жуап. шығ.Ғарифолла Әнес, Алмас Үдербаев.- Алматы: Арыс, 2007.- 800 бет.
7.Шағатай Жаңабек Қандағаштың шоқ сырғасы: хикаяттар, әңгiмелер.- Алматы: Жазушы, 2008.- 192 бет.
8.Ш. Сарыбаев., Ғ.Қалиев. Қазақ диалектологиясы. А., 2004 ж.
9.Алтай Асқар Қыр мен қала хикаялары: Повестер мен әңгiмелер.- Алматы: Санат, 1998.- 192 бет.
10.Сарыбай Бейбiт Рауағаш ерте гүлдейдi.- Алматы: Жалын, 2009.- 160 бет.
418
Турдакынова Ж.М.
Алматы облысы, Панфилов ауданы, А. Розыбакиев атындағы ОМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация. В статье рассматривается устаревшие слова в произведениях Жусупбека Аймаутова, их семантические и стилситические особенности.
Annotation.The article deals with obsolete words in the works of Zhusupbek Aymautov, their semantic and stylistic features.
Тілімізде күнделікті пайдаланылып, барша халыққа бірдей түсінікті болатын актив қа-баттағы сөздерден басқа көп қолданылмайтын, тіпті кейбіреуі мүлдем ұмытылып, кейінгі ұрпаққа түсініксіз болып қалған пассив қабаттағы сөздер бар. Бұл сөздер бірнеше күн немесе жыл ішінде ғана ескіріп, қолданыстан шыққан жоқ, талай жылдар бойы жалғасқан процесс нәти-жесінде болған құбылыс. Тілімізде мұндай сөздерді көнерген сөздер деп атайды.
Көнерген сөздер – қазақ тілінің лексикасын-да өз орнын тауып, тіл тарихымен, осы тілде сөйлеуші ұлт тарихымен байланысты оқиғалар-ды сипаттауда, зерттеуде қолданысы аса ма-ңызды болып табылатын атаулар екені белгілі.
Көркем шығармада көнерген сөздер сол қо-ғамның белгілі бір кезеңдегі тарихи шындығын танытады. Көнерген сөздер автор қолданысын-да кейіпкер бейнесін, сол ортаны жан-жақты ашуға жұмсалады, өйткені тұтас көркем ой жасау үшін көнерген сөздердің қосатын үлесі зор.
Қоғамның өзгеруіне, халықтың тұрмыс жағдайына, өндірістің дамуына, ғылым мен техниканың өсіп, өркендеуіне байланысты жаңа сөздер пайда болып, қай тілдің болмасын сөздік құрамы толығады. Қоғамда ғылым мен техниканың дамуына байланысты кейбір сөздер сирек қолданылып, бірте-бірте ұмытылып, сөздік құрамнан шығып жатады. Тіл білімінде сөздік құрамнан шығып қалған немесе өте сирек қолданылатын сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздерді тіл білімінде архаизм және историзм деп бөлетіндігі белгілі.
Көркем әдебиетте архаизмдердің қолданы-луының арнайы стильдік ерекшелігі бар. А.Айғабылұлы осыған байланысты үш түрлі мақсатты атап көрсетеді:
«1) Ең біріншісі, автор суреттеп отырған белгілі бір дәуірдің колоритін жасау, анық тарихи шындықты оқырманның көз алдына елестету үшін қолданылады.
2) Архаизмдер автордың көтеріңкі стиль жасау мақсатымен де қазіргі дәуірді суреттеген шығармаларда қолданылуы мүмкін [1.12]
Жазушының өмір сүріп отырған кезең тілімен сөйлеуі заңдылық. Қаламгер туындыларында қолданылған бүгінгі күн тұрғысынан көнерген сөздердің дені әлеуметтік қоғам, әкімшілік, ел басқару істеріне байланысты лексемалар: болыс, би, дуан, жүзбасы, кемесер, барымта, хұсыр тасбысы, құжыра, қожа, балшабек, патша, ауылнай және т.б. Осындағы би, болыс, патша, жүзбасы,
ауылнай, дуан ұлттық - лингвомәдени бірліктер. Олар қазақ қоғамындағы әлеуметтік және әскери иерархияны көрсетеді.
Аталған көнерген сөздерді мәдени маркерлі бірліктер ретінде, ерекше жүйе деп қарастырудың мәні зор. Себебі мәдени ұлттық сипат тілдің қай деңгейінде болса да көрініс береді. Бірақ олардың барлығы маркерлі емес. Оқырман Ж.Аймауытұлының «Ақбілек», «Қартқожа», «Күнікейдің жазығы» шығармаларын оқи отырып, белгілі бір мәдени кеңістік пен уақытқа сай келетін дәуірдің «тілімен» бетпе-бет келеді. Ал бұл «тіл» лингвистикалық құндылық қана емес, сол дәуірге тән ұлттық мәдениет пен өркениеттің формасы болып табылады. Оған дәлел жоғарыда лингвомәдени бірліктер деп таныған сөздер (би, болыс, патша, ауылнай, дуан, ұлық) мен олардың қазақ қоғамындағы әлеуметтік және әскери иерархияны көрсету.
Тіл мен мәдениет, өркениет арасындағы байланыс, жалпы тіл бірліктерінде көрініс тапқан материалдық мәдениет пен сол тілде сөйлейтін халықтың өткен тарихына көз жіберу, соны қарастыру лингвомәдениеттанымдық зерттеулерге тән.
419
Қазіргі уақытта көнерген сөздер қатарына жатқызылып жүрген сөздердің көпшілігі Жүсіпбек Аймауытұлы өмір сүрген кезеңінде көнерген сөз болып саналған жоқ. Яғни, күнделікті тұрмыста, ауызекі тілде активті түрде жұмсалған. Ғалым Р.Сыздықова: «Қазақтың ауыз әдебиеті мен тілінде,жырларда ескі тұрмыс-салтқа байланысты өткен ғасырда өмір сүрген ақын-жазушылардың бұл күнде ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи құбылыс» [2, 5],- дейді.
Ж.Аймауытұлы прозасында қазақ халқының өткен ғасыр басындағы рухани өмірі мен күнделікті тұрмысы, этнографиялық ерекшеліктері суреттелген.
Жазушы шығармаларында бүгінде ұмыт болған және сирек қолданылатын ұлттық ойын аттары кездеседі.
Мысалы, мыршым – алқа қотан отырған қыз-бозбаланың жүзікті аузына салып, жасырып ойнайтын ұлттық ойыны.
Өлеңнен кейін Орамал тастамақ болды.Ойын созыла берді. Хан қалай? Белбеу соқ, Тақия жүгіртпек, Сақина тықпақ, Мыршым, Ондай қылма, мынадай қыл, Ләпи молда, Қалдырма қақи, Балтам тап, т.б. сияқты сүйісетін, белбеумен ұрысатын, жұдырық жұмсайтын, емшек ұстайтын, қысатын, тағы талай қол жұмысы аралас ойындарды аяқтаған кезде, жігіттер түрегелісіп, Құр-құр қалмақ ойыны сияқты жақтан ұратын, күш сынасатын ойындарды істеді
(Ж.А., 384).
Ұлттық ойын атаулары бүгінде ұмыт болған этнографизмдер қатарын құрайды. «Этноатаулар көркем шығармада тіл мен мәдениеттің ғана байланысын көрсетпей, оқырманға ұлттық болмыс пен ұлттық белгіні де танытады. Осының өзі қаламгерлер тілінде этномәдени фон жасаудың негізгі құралы» [3, 46]. Жазушы шығармаларындағы этнографизмдер ұлттық ерекшеліктерді танытатын, қазақ халқының ұлттық сипатын беретін лингвомәдени бірліктер болып табылады: шаш сипар,
қолұстасу, қалың мал, ұрын келу, әмеңгер, тасаттық, т.б.
Қоғамдағы материалдық құндылықтар (киім-кешек, құрал-жабдықтар т.б.) мәдениетке жатады. Ал олардың атауы тілге де, мәдениетке де ортақ.
Ж.Аймауытұлы прозасындағы заттық мәдениет лексикасына қатысты ұлт өкілдерінің киіну үрдісін сипаттайтын киім-кешек атаулары, ыдыс-аяқ атаулары бір жағынан, ұлттық болмысты көрсетіп лингвомәдени бірліктер болса, екінші жағынан белгілі бір стильдік жүк арқалап тұрады [4, 27]
Мысалы, «Төрт құбыладан бірдей үстіне төніп тұрған ақар-шақар тауларға да, тауға біткен үйірім-үйірім сабалақ жүнді орманға да, тау басында қалықтап жүрген бүркітке де, тауға тырмыса жайылып жатқан құмырсқадай жылқыға да, қостан аулағырақ өзек құлай шыққан шоқшоқ бұтаға да Ақбілетің көзі тоқтап тұра алмай, сырғанап келіп, жер ошақтың басындағы қазақтың қара құманына, қара астауға, жырық шөмішіне тоқтады. Орыстың қолына түскен әлдеқандай сорлының астауы, шөміші екен? Сорлы шөміш! Мен де сенің сыңарың ғой дегендей, мұңдасқандай, көзіне тағы жас алды».
Қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқ ортада тұтқынға түскен Ақбілекке солардан жақын нәрсенің жоқ екенін көрсете отырып, Ақбілектің уайым-қайғысының қаншалықты терең екендігін байқатады.
Прозада кездесетін ыдыс түрлері: шақша – мүйізден жасалған насыбай салатын құты. Аяқ, леген, шара – ыдыс түрлері, қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылған. Жазушы ұлттық нақышты танытатын тілдік бірліктерді кейіпкер психологиясын беруде өте шебер пайдаланған.
Киім-кешек, мата атаулары – ұлттық мәдениеттің ерекшелігін танытумен қатар, қазақ лексикасы байлығының бір бөлшегін құрайды.
Ж.Манкеева: «Киім - кешек атаулары ұлттық, мәдени, тілдік процестер туралы «ақпарат» беріп қана қоймайды, олар тілдік шығармашылықтың «тірі қазынасы» іспетті. Талғаммен салтанатты жарасқан қазақтың киім ұлттық мәдениеттің жарқын көрінісі» [3, 22],-деп көрсетеді.
Жазушы прозасында киім-кешек, мата атауларына тоқталсақ, кимешек, кебіс, мәсі, сеңсең ішек,
шекпен, әмірқан етік, күзен ішік, брезент сулық, күпі, бұрантабан етік,т .б. киім атаулары белгілі бір стильдік қызмет атқарады.
Бірінші кезекте бұл прозада кейіпкерді даралау мақсатында жұмсалады. Шығармадағы қаһарманның киім киісі тұрмыс тіршілігінен хабардар етсе, кейде олардың өзіндік ерекшеліктерінің кейбір қырларын да ашады.
420