Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы, Бұлт болған айды ашқан... [2; 28-б]

Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын көп шумақты өлеңнің балама сөздері жер-қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай:

Жабағылы жас тайлақ, Жардай атан болған жер, Жатып қалып бір тоқты, Жайылып мың қой болған жер, Жарлысы мен байы тең, Жабысы мен тайы тең, Жары менен сайы тең... [2; 29-б]

Жоғарыда көрсетілгендей мысалдар легі ақтара берсек өте көп. Ер Доспамбеттің үзіндіде жара аузына қатқан қанның суретін көрсетумен бірге, оқиға басталғаннан бергі аралықта бірталай уақыт өтіп үлгергенін де аңғартады. Демек, осы үзіндінің өзінен-ақ жыраудың суреткерлік хас шеберлігі анық танылады:

Жара бір қатты, жан тәтті, Жара аузына қан қатты, Жарықшылар жоқ па екен Жармай білте саларға,

Жағдайсыз жаман қалып барамын Жанымда бір туғанның жоғынан!.. [2; 32-33-б]

Сондай-ақ Шалкиіз жыраудың «ж», «с», «т», «к», «б» деген дауыссыз дыбыстардан бастау алатын өлең жолдары да баршылық. Сөзіміз дәлелді болу үшін Шалкиіз жыраудың поэзиясынан үзінді келтірсек:

Басына балапан шырлап ұшып қона алмас, Бүркіттен қыран құс болмас, Баулуы жетпей бөрі алмас.

Бидайықтан алғыр құс болмас, Бұйырмаса екеу түгіл бір де алмас... [2; 45-б]

Жоғарыдағы мысалдардан-ақ жырауларымыздың аллитерацияны көптеп қолданғанын байқаймыз. Енді мынадай сауал туындайды: «Мәселен, өлең жолдары тек «т» дыбысынан басталу үшін ақынжыраулар «т»-дан басталатын сөздерді әдейі жинақтады ма екен, әлде бұл тек таза кездейсоқтық, сәйкестік пе?» Осы сұраққа жауапты зерттеуші Рабиға Сыздықованың пікірінен тапқандаймын: «XVXVII ғасырлардағы қазақ поэзиясының тармақ басындағы ассонанс пен аллитерацияға құрылған анафораға кеңірек баруына өлеңнің оқуға емес, тыңдауға арналғандығы да себепкер болса керек. Бұл

– бір жағынан, екіншіден, аталған кезеңде ертедегі түркі поэзиясының жасалу техникасында дыбыс ырғағының көбірек сақталғандығынан болар. Зерттеушілердің айтуларына қарағанда, көне түркі поэзиясындағы өлең құрылысы аллитерацияға иек артқан, ол әрі ұйқас, әрі шумақ құраушы қызмет атқарған». [3; 35-б]

Ғалым Серік Негимов «Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика.» деп аталатын еңбегінде мынандай пікірді айтқан: «Бұқар жырау шығармаларының текстологиясы толығымен ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер сүзгіден өткізгендей сұрыпталып алынбаған. Дұрыс, мұқият салыстырулар жүргізілмеген.» дей келе, 2 түрлі нұсқасы бар төмендегі өлең жолдарынан үзінді келтірген:

1.Ханға жауап айтпасам, Ханның көңілі қайтады. Қайтара жауап сөйлесем, Халқым не деп айтады?!

2.Ханға жауап айтпасам, Ханның көңілі қайтады. Қандыра жауап сөйлесем, Халқым не деп айтады?! [4; 136-б]

Берілген бұл үзіндіде аллитерация бар: «х» дауысты дыбысынан басталатын сөздер легі бар.

401

Сөзге ешқашан мұқалып көрмеген қазақ халқының тілі көркем ғой, шіркін! Оны ауыз әдебиетінен осы заманға дейін мұрты бұзылмай келе жатқан жәдігерлеріміз дәлелдей түспек. Сол себепті жырауларымызға өлең жолдарын бірыңғай дауысты яки дауыссыз дыбыстан бастап жазу анау айтқан қиындық тудырмағандай. Бұл да бір өлең жазудың, поэзияның бір ерекшелігі болар бәлкім. Біркелкі дыбыстардан басталып тұрған өлең жолдары көрер көзге де, тыңдар құлаққа да жағымды дегендей. Не де болса Асан қайғы бастап, Қазтуғандар қостаған жыраулар поэзиясы қазақ әдебиетінен ойып тұрып өзіндік орнын алып үлгерген соны туындылар. Неше түрлі алмағайып замандар сүрлеуінен өтіп, біздің заманға жетуінің өзі бір үлкен жетістік.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/ Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

2.Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық./Құрастыр. М. Мағауин, М. Байділдаев.- Алматы: Жазушы, 1989.-Т. 1. – 384 бет, суретті.

3.Р.Сыздықова Сөз құдіреті - Алматы, 2012.

4.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика. Оқу құралы. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. – 280 б.

Куразбекова Ж. М.

учитель русского языка и литературы Саздинская средняя школа Казахстан,Актобе

НЕОНОМИНАЦИИ ИНОЯЗЫЧНОГО ПРОИСХОЖДЕНИЯ В МАСС-МЕДИА

Аннотация. В данной статье рассматривается лексические новообразование, широко представленных в текстах средствах массовой информации, отражающих различные стороны жизни общества и являющихся инструментом распространения массовой культуры и средством идеологического воздействия на сознание членов социума.

Ключевые слова: заимствование, адаптация, языковое сознание, перевод, социум, масс-медиа.

Annotation.This article discusses lexical neoplasms, widely represented in the texts of the media, reflecting various aspects of society and being a tool for spreading mass culture and a means of ideological influence on the consciousness of members of society.

Keywords: borrowing, adaptation, linguistic consciousness, translation, society, mass media.

Активизация деривационных процессов в последние десятилетия стала причиной появления большого количества лексических новообразований, широко представленных в текстах средствах массовой информации, отражающих различные стороны жизни общества и являющихся инструментом распространения массовой культуры и средством идеологического воздействия на сознание членов социума.

Существенно, по мнению Г.П. Нещименко, факт того, что «речевой стандарт публичного общения во второй половине XX в. становится нормообразующей основой литературного языка»

[Нещименко, 2003; 46].

По наблюдениям лингвистов (Л.П. Крысин, Е.И. Коряковцева и некоторые другие), в эпоху активной экономической, политической и культурной глобализации на современные деривационные процессы влияет либерализация жизни общества. Например, Е.И. Коряковцева об этом явлении пишет так: «СМИ, диктующие социокультурные и языковые моды, влияют на общественную престижность как отдельных лексем, так и целых словообразовательных типов, являясь основными «поставщиками» неологизмов, неозаимствований, интернационализмов и гибридных неодериватов, новых словообразовательных формантов и моделей». По мнению Н.С. Валгиной, «появление отонимических экспрессивных окказионалимов в медийных текстах обусловлено разрушением стилистических барьеров, усилением тенденций антропоцентризма, повышенной степенью эмоционально-волевого состояния социума, его терпимостью к вульгарному и бранному словоупотреблению, а также стратегией близости к адресату, характерной для

402

большинства постсоциалистических СМИ» [Валгина 2003; 15]. Именно поэтому в газетных текстах довольно обширную группу новообразований составляют собственно неологизмы, где новизна формы сочетается с новизной содержания. В анализируемых нами текстах наблюдается присутствие значительного количества примеров собственно неологизмов в виде заимствований. Подобного рода неологизмы обладают высокой степенью коннотации новизны и могут быть отнесены к так называемым «сильным неологизмам». Например:

In a document they described as a covenant, the participants pledged to remain «part of Syria's peaceful uprising for freedom and democracy and pluralism to establish a democratic state through peaceful

means. [Daily Telegraph, 2017, c.15]

Слово «плюрализм» пришло в английский язык из латинского (лат.: pluralis — множественный) и изначально означало наличие множества сущностей, не имеющих между собой внутренней связи. В современной социологии данное понятие трактуется как признак высшей формы демократии, при которой политическая власть осуществляется противоборствующими и уравновешивающими друг друга политическими партиями, а также организациями — профсоюзными, крестьянскими, церковными, ассоциациями предпринимателей. Как видно из примера, данный неологизм возник в английском языке, полностью сохранив не только свою форму, но и содержание.

По мнению исследователей, интернационализация в области словообразования протекает в трёх основных направлениях:

1.активизация использования аффиксальных морфем иноязычного происхождения, которые сочетаются с основами как иноязычного, так и славянского происхождения

2.трансформация иноязычных слов и корневых морфем в особые словообразовательные элементы (аффиксоиды);

3.включение заимствовований в словообразовательные процессы, в которых иноязычные неологизмы выступают как деривационные основы, соединяющиеся с аффиксами славянского языка.

Развитие общественных демократических институтов «сопровождается идеологическим и политическим плюрализмом, на который славянские языки реагируют ростом продуктивности словообразовательных типов с интернациональными формантами» [Коряковцева, 2017; 21] –изм, – изаци(я). Так, в русском и других славянских языках активно образуются лексемы с суффиксами – изм, –изаци(я), называющие общественно-политические течения, направления, актуальные социальные явления: Сокровенная суть телефильма состоит <…> не в оголтелом антизападничестве, антисемитизме, антипрогрессизме (Завтра, 2017, №4); Конечно, можно согласиться с Василием Авченко в том, что «москвоцентризм» имеет положительные и отрицательные аспекты (Новая газета в Нижнем Новгороде, 19.03.2018); Кихотизм – это рыцарство. Во всей полноте понятия. Это когда один человек противостоит всему злу на свете

(Новая газета, 03.02. 2015).

Врезультате экспансии английского языка, которой способствует глобальная коммуникация и в первую очередь СМИ, создающие и поддерживающие англо-американскую лингво-культурную моду, в словообразовательных системах ряда славянских языков, благодаря неономинациям, построенным сотрудниками СМИ, а также реципиентам их текстов, активно образуются словообразовательные модели с формантами –инг, –гейт, –анти, –де, –кор, –супер,

ультра, –мега, –экс, –псевдо, евро–, макро–, микро–, мини–, теле–, этно–, –ман, –мания, –фил(ия), –

фоб(ия) и рядом других: Феномен «Ирангейта» (Литературная газета, 21.02. 2007); Причина – в

принципе маятника, который логично отшатнулся в «антиоранжевую» сторону (Комсомольская правда, 04 – 11. 03.2017); Супермедицинское учреждение (Радио «Серебряный дождь», эфир от

08.05.2018).

Актуальной и значимой для современной лингвистики в её теоретическом и практическом аспектах является также данная Е.А. Земской характеристика словообразовательных ресурсов компьютерного социолекта: «Исследовательский интерес к компьютерному социолекту обусловлен не только экстралингвистическими факторами (его новизной, изменчивостью и активностью распространения), но и собственно лингвистическими причинами. Компьютерщики (очевидно, в силу ярко выраженного креативного характера их деятельности) отличаются необычайной изобретательностью и оригинальностью в процессе словотворчества» [Земская 1992; 194]. Таким образом, можно сделать следующие выводы:

403

1.Неологизмы, созданные с участием иноязычных формантов, сохраняют отмеченные ранее особенности: в роли первого компонента используются по преимуществу заимствованные слова; неологизмы могут быть как хорошо членимыми, так и нечленимыми.

2.Новообразования языка СМИ отличаются от новообразований других функциональных стилей, например, разговорной речи, установкой на выражение авторского начала, на оценочность.

3.Неологизмы и новообразования могут создаваться с участием новых иноязычных элементов, постепенно приобретающих статус аффиксов.

СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННОЙ ЛИТЕРАТУРЫ

1.Валгина Н.С., Активные процессы в современном русском языке. — М., Логос, 2003.

2.Земская Е.А., Словообразование как деятельность. — М., Наука, 1992.

3.Коряковцева Е.И., Актуальные этноязыковые и этнокультурные проблемы современности: Этнокультурная и этноязыковая ситуация: Языковой менеджмент: Языковая политика. Книга III. — М., ЯСК, 2017.

4.Крысин Л.П., Лексическое заимствование и калькирование // Современный русский язык: Активные процессы на рубеже XX–XXI веков. — М.: Языки славянских культур, 2008.

5.Нещименко Г. П., Языковая ситуация в славянских странах: Опыт описания. Анализ концепций. М.: Наука, 2003.

Сатыбалдинова С.Б.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Төменгі Пенжім орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӨСІМДІК АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация.В статье рассматриваются основные виды фразеологических единиц с названиями растений на казахском языке, а также анализируется способы их образования и этнолингвистические особенности.

Annotation.The article discusses the main types of phraseological units with the names of plants in the Kazakh language, and also analyzes the ways of their formation and ethno-linguistic features.

Тiлдiң қoғaм өмipiндeгi мaңызы тypaлы ғaлым Қ.Aхaнoв: "Aдaм сaнaсындa шындық өмipдiң бeйнeлeнyi тiлсiз iскe aсyы мүмкiн eмeс. Тiл бiздiң oйымызды бiлдipe oтыpып, қopшaғaн шындық өмip жaйындaғы бiлiмiмiздi сaқтaп жeткiзyшi бoлып eсeптeлeдi. Тiл oбъeктивтi дүниeдeгi зaттap мeн құбылыстap, oлapдың сaпa, бeлгiлepi жәнe бip-бipiмeн қapым-қaтынaсы тypaлы қaндaй бip oйды бoлсa дaaйтып жeткiзyгe икeмдi кeлeдi" дeп жaзaды [1,51].

Тілімізде ғасырлар бойы қалыптасқан, көркем сөз қазынасының бір құнарлы, мәйекті қорына айналған, әрі бай, әрі сан алуан тұрақты тіркес ішінде өсімдікке байланысты тұрақты тіркестер де ерекше орын алып, қазіргі таңда өзекті тақырыптың біріне айналып отыр.

Табиғаттың‚ әсiресе‚ өсiмдiк дүниесiнiң адамға тигiзетiн әсерi ерекше. Оны «Табиғат» идеографиялық тобына жатқызуға болатын өсiмдiк атауларынан және өсiмдiкке байланысты қалыптасқан тұрақты тiркестерден көруге болады. Өсімдік атауларына бюайланысты тұрақты тіркестердің қалыптасуын‚ тiлдiк қолданысқа енуiн негiзге ала отырып‚ өзара топтастыруды да қажет етедi. Өсiмдiктердiң ерекшiлiктерi мен олардың өздерiне тән атқаратын қызметiне байланысты бiрнеше топқа бөлiп қарауға болады. Өсімдік атауларына қатысты тұрақты тіркестерді ғалымдар: «ел-жұртқа, кәсіпшілкке, дінге қатысты, салт-дәстүрге, уақыт өлшеміне, түр-түске қатысты тұрақты тіркестер» деп топтастырған. осы бiр тәсiлi арқылы бiз ұлан-ғайыр тiлдiк деректердiң тереңiнен өзiмiзге керектiлерiн бөлiп алып‚ оның табиғатын жан-жақты қарастыруға‚ сырына тереңiрек үңiлiп, тiлдiк сипатын‚ iшкi мазмұнын айқындай түсуге мүмкiндiк аламыз [2,78]

Түбір түлғалы емдік өсімдіктер бір ғана түбір сөзден түрады. Яғни түбір мен жүрнаққа бөлшектенбейді. Қазақ тіліндегі емдік өсімдіктердің ішінде ең көнелері де және басқа туынды атауларға іргетас, негіз болғандар да осылар. Мәселен, арпа, бидай, тары, сүлы, зыгыр, күріш, жүгері, бүршац, арша, царагай, емен, тал, қайың, терек; қараған, бадам, тобылгы, ыргай, жыңғыл, сарымсақ,

404

жуа, қамыс, балдыр, андыз, жусан, қаудан, ши, т.б. Бүлар тілімізде тым әріден келе жатыр. Мысал үшін алынған жоғарыдағы емдік өсімдік атауларының көбі Н.И.Ильминскийдің, Л.Будаговтың, В.В.Радловтың, В.В.Катаринскийдің сөздіктерінде бар. Біразы тіпті XIII-XIV ғасырларға тән «Кодекс Куманикуста» да, XI ғасырға тән Махмүд Қашқаридің «Диванында» кездеседі. Көне ескерткіштерде немесе алғаш шыққан сөздіктерде ұшыраспағанымен, тілімізде ертеден бері қолданылып келе жатқан, жиі айтылып, дыбысталуы жағынан жатық, көпшілікке жақсы таныс түбір тұлғалы өсімдік атаулары аз емес. Мәселен, бетеге, боз, бүрген, ебелек, ермен, жалбыз, изен, көде, көкпек, бақбақ, қияқ, мия, мүк, селеу, сексеуіл, сорақ, торацгы, шецгел, шырша, шырыш, т .б . Біздің «түбір» деп отырғанымыздың өзі шартты нәрсе. Егер жоғарыда аталған емдік өсімдік атауларын тарихи түрғыдан қарастырсақ, олардың көбі түбір мен қосымшадан тұратын туынды түбір болып шығуы әбден мүмкін.

Өсімідіктерге қатысты тіркестерді жинастыру барысында қазақ халқының тарихына қатысты Қазақ қайың сауды‚ қырғыз Гиссар ауды мақалын кездестiрдiк. Бұл ХII-ХIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезiнен қалған қанатты сөз. Н.Төреқұлов онда елiнен‚ жерiнен ауып‚ қуғын көрген‚ ашығып, азап шеккен қазақтардың қайың қабығын сорған‚ қырғыздардың тәжiк тауларын паналап‚ Гиссар ауған кездерi бейнеленген деп көрсетедi [3,94]

Мысалы, ер -елiнде‚ гүл-жерiнде; ер ұлсыз болмас‚ жер гүлсiз болмас; гүл өссе‚ жердiң көркi‚ қыз өссе‚ елдiң көркi; бетеге‚ жусан бел көркi; бiлiмдi ұл-қыз ел көркi; едiлдiң бойы ен тоғай‚ ел қондырсам деп едiм; гүлденсе ауыл гүлденемiз бәрiмiз; туған жердiң жуасы да тәттi; рулы ел‚ ұялы терек т.б.

Ал тіліміздегі кәсiпшiлiгiне қатысты тұрақты тіркестерге келетін болсақ, Ши тарту‚ шым ши‚ ақ ши; тез қасында қисық ағаш жатпас; ағаштан түйiн түйген; жалбызды жерде жан қалар; егiн ексең‚ бидай ек‚ құт кетпейдi даладан; тары жеген тарықпас; күрiш жеген арымас; күрмек жеген жарымас; қауыны таланса‚ иесi қос қолдап жұлар т.б.

Тілімізде дiни ұғымға байланысты құдайдың қасиетi‚ құдiретi туралы қалыптасқан бiрен-саран ғана тұрақты тіркестер де кездеседі. Атап айтар болсақ, құдайсыз қурай да сынбайды; құдайым берейiн десе‚ жұдырыққа тас сынады‚ қимайын десе‚ бұршаққа тiс сынады т.б.

Өсімпдік атауларына қатысты тіркестердің бір тобы салт-дәстүрге байланысты. Бұл топқа жататын тіркестер қазақ халқының бай салт-дәстүрi‚ әдет-ғұрпына қатысты туындаған көне де байырғы ұғымдар. Мысалы, ерте көктемде көк шығып‚ көкек айы туғанда күн күркiрейдi‚ найзағай жарқылдайды. Осы кездi бiздiң ата-бабамыз – күн күркiредi‚ көк дүркiредi - деп үлкен қуанышпен қарсы алған. Осы алғаш күннiң күркiреген сәтiнде киiз үйдiң босағасына‚ маңдайына‚ табалдырығына ағаш шөмiштi тигiзiп тiлеу тiлеген. Күн күркiремей тұрып‚ табиғи көкөнiстi жеуге‚ суға шомылуға тиым салынған. Күн күркiрегеннен кейiн ғана тау-тасқа шығатын табиғи жуалар мен сарымсақтарды асқа қосып жеуге қариялар рұқсат берген. Бұның өзi ата-бабаларымыздың табиғатпен бiте қайнасып‚ табиғатты өмiр тiршiлiгiнiң көзi еткендiгiнiң тағы бiр көрiнiсi

Өлеңдi жерге өрт қойды – жүрген жерiн у-шу қылатын пәтуасыз‚ берекесiз адам туралы айтылатын өлеңдi жерге өрт қойды тiркесiнiң осы ұғымда қалыптасуына негiз болған қазақтың күзде немесе жәндiктер тiрiлмей тұрып‚ ерте көктемде көктiң шығуына кедергi болмасын деп‚ қураған шөпке өрт қоюы себепшi болған. Қойылған өрттi қадағаламаса‚ көптеген зардап әкелетiнi туралы В.К.фон-Герн былай дейдi: «В высокой степи беспечные казахи‚ пуская палы‚ вовсе не думают о тех ужасных несчастьях‚ причиной коих могут быть и частые палы» [4,32].

- аққұла алымы–алғашқырет қырмандалған астықтан алынатын алым. «Аққұла» көбiне дiн иелерiнiң пайдасына алынған. «Аққұла»-бекер-босқа деген ұғымды бiлдiредi.

- бидай қандау – бидайды ұшырып, тазалап болып, қаптар алдында жасалатын ырым. «Қан берсең, дән берем» деп мал сойып күректi қандап, қырманға қарай шашатын әдет.

-шыққан қыз шиден тысқары – қазақ халқының салтында қыз бала жат жұрттық деп‚ ұзатылған қызды шыққан қыз шиеден тысқары‚ яғни алтын босағасынiкi деп жатады. /«Келiнiңнiң дiнi не деген қатты едi‚ Мейрамгүл … Жолдың ар жағынан берi өтiп‚ үйге кiрiп шай-суын iшiп шықса қайтар едi. Шыққан қыз шиден тысқары деген осы екен ғой деп ойлап‚ қара үзiп кеткенше қарап тұрамын» [5. 2].

-бұршағым биттегенде көргенiм – қазақ үшiн құлындамаған бие‚ бала таппаған әйел жаман. Осыған бола кейбiр әйелдер өз уағында бала көрмесе‚ мойнына тәспих құсаған бұршақ тағады. Бұнысы аллаға жалынып‚ бiр бала бер дегенi. Мойнына бұршақ таққан әйелдердiң кейбiрi елуге келгенде балалы болады. Сонда осындай әйелдер баласын бұршағым биттегенде көргенiм ғой деп‚

405

басынан құс ұшырмай отырады. Бұл жердегi бұршақ «көген« ұғымында емес‚ «өсiмдiктiң ұрығы‚ түйiнi түсiп өнер» деген мағынада қолданып тұр. Сонымен бұл тiркес «өсiмдiк сияқты көгерiп‚ көктеп тамыр жайсам‚ дүниеге ұрпақ әкелсем» деген тiлектен туындаса керек.

Қазақы дүниетанымды бойына сiңiрген бейнелi сөз өрнектерiнiң ұлттық табиғаты халық өмiрiмен‚ салт-дәстүрiмен‚ наным-сенiмдерiмен‚ халықтық пайымдауымен астасып‚ үндесiп жатады. Мысалы, өз басында билiгi жоқ‚ әркiмнiң жетегiнде жүргендi‚ жеңiлтек желкүйездердi қазақ Жиренше шешенге қатысты аңызда айтылатын ұшарын жел‚ қонарын сай бiледi нақылымен әсерлей айтады. Ш.Мұртазаның еңбегiнен мысал келтiрейiк:

«Атамекенiң‚ алтын бесiгiң – Қазақстан. Одан тамырың үзiлiп қалмасын. Қаңбақ дейтiн шөп болады‚ қауқиған шар сияқты‚ тамыры осал болады. Жел тұрғанда тамыры үзiлiп‚ домалай бередi. Ұшарын жел‚ қонарын сай бiледi. Қаңбақта отан болмайды. Сондайдан сақтасын. Отаның Қазақстан‚ Ескендiр, естiдiң бе?» (Мұртаза Ш. Тамұқ)

Осы оралым «қаңбақ» өсiмдiгiнiң биологиялық сипатын пайымдай бiлген халқымыздың тамыры осал қаңбақтың отандық сезiмi‚ намысы осал адаммен ұқсастығын шендестiре‚ салыстыра бiлгендiгiнен тiлдiк қолданысқа енген. Өсiмдiктiң жаратылысына сай құбылысын оңтайлы тауып‚ адам бойындағы мiнез сипатына ұтымды теңестiру нәтижесiнде: қамыстай жапырылу‚ шыбықтай майысу, қауға тиген өрттей және ебелек қағу т.б. Ебелек қақты фразеологизмнiң бәйек болған‚ қалбалақтаған‚ ұшып-қонған мағынасына негiз «ебелектiң« жел соғар соқпастан қимыл-қозғалысқа келiп‚ қалбалақтауы. Ебелектiң алғашқы түбiрi «ев» немесе «еп» тұлғаларының өзi-ақ «жедел қимылдау»‚ «асығу» мағыналарын берген. Әрi дәрменсiз‚ әлсiз‚ ұшып-қонған жеңiлтек‚ ұшқалақ адамды да ебелекке ұқсатып жатады. «Ебелек қағу» фразеологизмiнiң қалыптасуына «ев»‚ «еп» тұлғасының асығу‚ қалбалақтау мағынасы тiрек болған.

Жер жағдайын бажайлауға келгенде де қазақтан сыралғы жоқ болар: жердiң соны шөбiн киiк

бiлер‚ жайылым жердiң көкорай шалғынын құнан бiлер /Қорқыт/; ат жемейтiн ащы шөптiң гүлденiп өспегенi жақсы; көкек ұшпас‚ көкпек шықпас жер; жерiңдi баптай бiлсең‚ астықты қаптай бiлесiң; сайдың шөбiн жеген бiлер‚ түздiң шөбiн бөкен бiлер т.б.

Қазақ халқының тарихи өмiрiнде орын алған iс-әрекеттер мен белгiлi бiр күнделiктi тұрмыста тұтынатын заттарына‚ еңбек құралдарына т.б. өз тұрмыс-тiршiлiгiне сай өлшемдiк ұғымның орнығуына байланысты қазақ тiлiндегi өлшем мағынасындағы сөздер мен сөз тiркестерi қалыптасқан.

Қазақ дәстүрiнде қалыптасқан уақыт‚ кеңiстiк, қашықтық‚ көлемдiк‚ сандық‚ салмақтық т.б. толып жатқан өлшемдiк ұғымдар кейде өсімдіктер арқылы да сипатталады. Көшпендiлер әулетi үшiн шаруаның арқа-басы кеңiп аққа аузы тиген‚ қардың ерiп‚ көктiң шыға бастайтын кезi‚ яғни көктiң шығуы уақыттың объективтi критериi болып саналған. Мысалы, көк шықты‚ көк дүркiредi‚ шөп жетiлдi‚ шөп қуарды. Кез келген өсiмдiктердiң көктеп жер бетiне қылтиып шығуынан бабына келiп

пiсуiне дейiн тиiстi мезгiлi болатын көк шөп айлық‚ үш айлық‚ үш айдан соң шошайдық тiркесiнен көруге болады. Сол сияқты кезеңдiк жұмыстың уақытын бiлдiретiн: пiшен шауып жатқанда; егiн орғанда‚ ал қазiргi жарты сағат мөлшерiн бiлдiретiн тiркеске шай қайнатым сияқты сөз тiзбектерi жатады.

Мәдени-ұлттық коннотация фразеологиялық бірліктердің барлығында бар, тарихи, мәдени, этнографиялық, тұрмыстық және халықтың рухани өмірімен (әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, сенімдер) байланысты фразеологизмдер сияқты ұлттық-мәдени ақпараттардың мағына деңгеңі әртүрлі болса да коннотация міндетті түрде көрінеді. Бұндай лексемалардың қатарына ботаникалық компоненттер де жатады. В.Крупаның пайымдауынша, фразеологияда ең жиі қолданылатын ағаш (tree) образы ең алдымен өзінің әлемдік мәдени маңыздылығымен байланысты. Көптеген мәдениеттердің мифологиялық жүйелерінде ағаш әмбебап концептуалды модель ретінде қолданылады.

Фразеологиялық теңеулер фразеологизмдердің басқа түрлерінен өзінің логикалық құрылымы, компаративті мағынасы мен стильдік қызметі арқылы ерекшеленеді. Фразеологиялық теңеулер табиғатын зерттеуде фразеологиялық теңеу мен метафораның өзара байланысы, ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу қажет. Осы мәселеге арналған ғылыми еңбектерде фразеологиялық теңеулер мен метафоралар тілде қатар қолданылады, себебі олар өзара тығыз байланысты деген пікір бар. Теңеу мен метафораның ортақтығы – олардың заттар мен құбылыстар негізінде фразеологиялық ассоциация жасауынан көрінеді. Алайда, оларды мазмұн жағынан ажыратып қарастырған жөн. Теңеуде салыстырушы теңеу заты және оған қажетті негіз бар. Тілімізде «гүл» концептісіне

406

байланысты жағымды-жағымсыз ассоциативтік мәнде қолданылатын фразеологиялық тіркестер мен теңеулер жетерлік.

Мысалы:

 

Жағымды мәнде:

жағымсыз мәнде

гүлдей жайнады,

гүлдей солды

қырмызыдай құлпырды,

қуарған гүлдей

бәйшешектей бүр жарды,

гүлдемей жатып солды

он екіде бір гүлі ашылмаған,

сарғалдайқтай сарғайып

тасты жарған гүлдей,

қар соққан гүлдей

қырдың қызыл гүліндей,

 

жауқазындай жайқалады,

 

қызғалдақтай үлбірейді,

 

қадамдарыңа гүл бітсін т.б.

 

Мысалы: «Жел үп етсе болғаны, жауқазындар сыбдыр қағып, сыбырласа жөнеледі»

(Ғ.Мұстафин).

Немесе: «Шіркін қырмызы қыз қыз емес, қыршын еді ғой! -деп басталатын бұл әңгіме сонау ерте заманда дала заңының бір кезіндегі тастан қатты үкімі дәурен сүріп, жон алтайдың екі жағын қобда елі мен алтай елі жаз жәйлап, барымталап мал ұрлап, аяғы дауға шауып, талай-талай сорлының соры қайнап, зар-заманға нәлет айтумен тынатын кездер еді» . (А.Мәңкейұлы)

Қазақ тіліндегі гүл атаулары әлі күнге дейін бір жүйеге түсіп, сараланған жоқ. Оларды дұрыс жүйелеу үшін, ең алдымен, тіліміздегі барлық өсімдік атауларын - мейлі ол халықтық атаулар болсын, мейлі ол жергілікті атаулар болсын түгел жинап алу керек. Содан кейін барып, гүлдердің әдеби, ғылыми атауларын жүйелеуге кіріскен абзал.

Қорыта келгенде, табиғатпен етене араласып, нәсібен жерден тапқан қазақ халқының өмірінде өсімдіктер маңызды орын алғанын оларға қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің молдығынан байқаймыз.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. - Алматы : Санат, 1993 - 496 бет.

2.Сәтенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты: Докт.дисс. Алматы, 1997. -260 б.

3.Төреқұлов Н. Қанатты сөздер. -Алматы: Жазушы, 1977

4.Ф.Герн. Характер и нравы казахов. Караганда. ТОО Номади и К -1995

5.Р.Мырзахметов. Құдасын құдайдай көрген.// Ана тілі. 1994 №9

407

Сейітова Б.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы "Әдебиеттану" мамандығы бойынша магистранты

МҰҚАҒАЛИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДІНИ ТАНЫМ: ЖҮРЕК КОНЦЕПТІСІ

Аннотация. В статье рассматривается связь поэзии поэта с религией, анализируется с точки зрения познания религиозных понятий в стихах. В частности, дает представление о концепте "жүрек". Сравнивает применение концепта "Жүрек" в творчестве других поэтов и применение в поэзии Мукагали. Описывает картину религиозного знания в познании поэта, приводят доказательство примерами.

Abstract: The article deals with the connection of poetry of the poet with religion, analyzed in terms of knowledge of religious concepts in poetry. In particular, it gives an idea of the concept of "zhurek". Compares the use of the concept "Zhurek" in the works of other poets and the use in poetry of Mukagali. Describes the painting of religious knowledge in the knowledge of the poet, the result proof examples.

Дін – ғылымның анасы, Дін – ғылымның әкесі. Ғылым – діннің баласы, Дін – ғылымның көкесі. Ғылым да бар, дін де бар, Қоқыс та бар, гүл де бар. Қол ұстасып Құдайға, Ғылым мен дін бірге бар,

- деп жырлаған Мұқағали ақын өзінің қандай өлеңінде болмасын өзінің дінге көзқарасының түзулігі мен діни танымының биіктігін танытады. Дінді ғылымның әкесіне де, анасына да, көкесіне де балауы - ғылым діннен тамыр алды деп көрсеткісі келгендігінің көрінісі. Расында, қасиетті кітабымыз Құранда қазіргі зерттеліп, ашылып жатқан тың жаңалықтарымыздың бәрі қамтылып айтылған. Яғни, негізгі қайнар көз.

Алғашқы шумағы талдаусыз-ақ түсінікті өлеңнің екінші шумағындағы:

"Ғылым да бар, дін де бар, Қоқыс та бар, гүл де бар." - деген жолдардың мәні неде деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл жерде ақынның ғылым мен дін, қоқыс пен гүл деп параллел алып қарауының мәні неде? Бір жағынан өлең ұйқасына келтірілген деп ойлаймыз. Ақын тек өлең формасын сақтап қалғысы келген болса, "қоқыс" сөзінің орынын басқаша "гүлге" мәндес болатын сөзбен алмастыруға болар еді. Бірақ, ақынның танымында дін жоғары тұрғандықтан, дінді "гүлге", дінсіз келген ғылымды "қоқысқа" теңеген деген шешімге келе аламыз.

Мақатаев поэзисында дінді дәріптейтін, хадистың құндылықтарын алға тартып отыратын, сөзбесөз жазбаса да, кез-келген адам оқығанда рухани байып, тыныштық тауып қалатын сарын бар. Оның қай өлеңдерін алып қарасақ та "биік ұғымға" негізделген. Нағыз құдайсыздық идеологиясы орнап жатқан ХХ ғасырда жоғалтқанды қайта тапқандай әсер қалдырар туындыларымен қазақ әдебиетіне үлкен үлес қосты. Сан ғасырдан бері тамыр жайып келе жатқан мәдениетіміздің қайнарының не екенін дәлелдеуге тырысты. Осы жөнінде «Мұқағали» журналының бас редакторы Батық Мәжитұлы: «Мұқаң да октябрят, пионер, комсомол, коммунист болу үдерістерін басынан кешті. Сол заманның перзент, пендесі. Тіпті алғашқы дастандарын Ленинге арнағаны да – сондай сенімдердің шалығы. Қызыл қоғам сендірген және жалаулатып көндірген идеяларға ол да сенді. Бірақ ақынның басқа замандастарынан айырмашылығы – компартияға деген сенімінің алдамшы екенін ең алғашқы болып білгендердің бірегейі де өзі еді. Шындықты танып қою әсері ақынды есеңгіретпей қалған жоқ. Дәл осы кезде ақын ата діннің қағидаларына тереңдеп үңілді. Жоғалтқанын Исламнан тапты. Исламды жырлады. Күнә жасағанын ойлап жылады. Тіпті «Дін – ғылымның анасы» деген ғажайып теңеуді өмірге келтірді. Осыдан кейін барып ақынның ойы да, бойы да жеңілдеді. Себебі ол өзі іздеген ақиқатты Исламнан тапты», – дейді.

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

408

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?! Құбылаға бет алып қол қусырып, Сәждеге жығылатын қайда күнім? Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен, Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем. Таппайтын күнде тыным, түнде тыным, Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін. Бәрі рас айтқанының Ақ Алламның,

Құмменен топырақтан жаралғанмын, - деген өлең жолдары ақынның Аллаға деген сенімінің толық көрінісі және соны көркем түрде жеткізе алғандығының дәлелі. Өйткені, мұсылман екендігіңді дәлелдейтін бірінші шарт Алланың ақиқат екендігіне және Мұхаммед оның елшісі екендігіне куәлік ету.

Автор поэзиясын көптеген діни концептілерге жіктеуге келеді. Дегенмен, олардың бәрі бірбірімен тығыз байланыста. Мысалы, "Өмір-өлім", "Жүрек-махаббат", "Қуаныш-қайғы", "Құлшылық" т.б Ақында "Жүрек" концептісі былай беріледі.

Мұқағали айтады:

"Сен менің жүрегімді жазалама Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да Жүрек деген - сезім ғой, сезіміме Сезіммен кел, болмаса мазалама"

Бұл шындықты Мұхаммед пайғамбардың «Адамның жүрегі бейне бір шөлде жатқан құстың қауырсыны сияқты, жел оны кейде былай, кейде былай аударып тұрады», — деген хадисінен де кездестіреміз.[1] Пайғамбарымыздың сөзіндегі жел қауырсынды аударып тұра алады, бірақ жоғалтып жібере алмайды. Мұқағалидің "Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да" деген жолдарынан да осы ойды аңғара аламыз. Ақыл мен хауас барлығын

Білмейдүр жүрек, сезедүр, – деген Абай сөзін М.Мырзахметұлы «хауасты жүрекпен сезесің дейді» деп түсіндіреді.[2] Осы жердегі Мұқағалидің "Жүрек деген - сезім ғой" деген танымы мен Абайдың "Хауасты жүрекпен сезу" ұғымдары ортақ мәнге ие болып тұрғандығын да анық байқай аламыз.

Абу Хамид Ғазали: «Жүрек — рухани, көзге көрінбейтін, Алланың ерекше жаратқан жауһары...»,

— деп жүректің рухани жағын мегзеді [3]. Тағы бір сөзінде: «Жүрек ол — Адамның барлық ағзаларын басқарушы рух» деп түсіндірді [4]. Орта ғасырлық ғалым Әбул Қасым: «Кейбір ғалымдар бұл жүректі рухқа, енді бірі ақылға теңеді. Асылында, ол білетін, түсінетін нәзік болмыс. Ал, нәзік болмысты сезім ретінде танимыз.

Бұлданба, жүрек, бұлданба! Жиылып досың тұрғанда, Жиырып сені жентектер, Жымысқы қайғы-мұң бар ма, Бұлданба, жүрек, бұлданба!

Қызығы тайып, қызы өлген, Жалғыз-ақ сен бе бұл маңда?! Қыс қайтып, жасыл көктемде, — Қызғалдақ өсер қырларда. Өкініш айтып өткенге, Бұлданба, жүрек, бұлданба! Сары алтын дейді сабыр іс, Тепкілей берме, өкпемді.

Қыз деген құрғыр сағыныш, Сағынту үшін кеткен-ді.

Бұлданба, жүрек, бұлданба! - деген ақынның өлең жолдарынының жалпы мазмұны да, құрылымы да діни тұрғыдан дұрыс танымда жазылған. Оған хадистен мысал келтіруге болады. Пайғамбарымыз

( ) бір сөзінде былай дейді:

409

 

ﻦﻋ ﻲ ﺑأ ﻰﯿ

 

ﺤﯾ ﺐﯿﮭ ﺻ ﻦ ﺑ نﺎﻨﺳ ﻲ ﺿر ﷲ

 

َ َ

ﻰﻠ ﺻ ﷲ

 

ً

 

 

ﮫﻨﻋ لﺎَﻗ: لﺎَﻗ

لﻮﺳرُ ﷲ

ﮫ ﯿﻠﻋ ﻢﻠ ﺳو: ﺎﺒﺠﻋ ﺮﻣﻷ ﻦﻣﺆﻤﻟا نإ هﺮﻣأ

 

 

َ

ٍ

 

َ

 

ً

 

 

 

ََِْ ِ ُ

َُْ

 

 

 

ْ

 

َ

ْ

 

ً َ

 

َُ َ

 

 

 

 

 

 

ُﮫﻠﻛ ُﮫﻟ ﺮﯿﺧ ﺲﯿﻟو

 

ﺪٍﺣﻷ ﻻإ ﻦﻣﺆْﻤﻠﻟ: نإُْﮫﺘﺑﺎﺻأ ءاﺮﺳ

ﺮﻜَﺷَنﺎﻜََﻓ اﺮﯿﺧَُﮫﻟ٬ نإوْ ُﮫﺘﺑﺎﺻأ ءاﺮﺿ ﺮﺒﺻ

نﺎﻜََﻓ اﺮﯿْﺧَُﮫﻟ

 

 

ٌ َ

ﻚَﻟذِ َ

ُِ

ََ ََُﱠ

 

 

ََ َُ

َََ

 

 

«Мүміннің ісі қандай ғажап! Оның қандай ісі болмасын қайырлы. Алайда, бұл мұсылманның ғана маңдайына бұйырған. Ол жақсылыққа тап болса, бірден шүкіршілік етеді – бұл оған қайырлы. Егер ол қандай да бір қиындыққа тап болса, дереу сабырлық танытады – бұл оған қайырлы».

Қыс қайтып, жасыл көктемде, Қызғалдақ өсер қырларда - деген қатарларда қиындықтың артынан қуаныш келетіндігін, қызының

қазасының орыны толатындығын өзіндік шеберлігімен, көркемдігімен жеткізген. Басты назарға алынып отырған "жүрек" ұғымы ақынның тағы бір өлеңіндегі: Жүрегіме жүк артып жүргенімде, Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?

Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген, Уландың ба, білмеймін кірледің бе? -деген жолдарынан "уланған жүрек", "кірлеген жүрек" деген

тіркестерді құрап тұрса, бұл тіркестердің танымдық мағынасы Абай поэзиясында былай түсіндіріледі:

"Сылдырлап өңкей келісі бұлақтың суындай, Кірлеген жүрек өзі ішін, Тұра алмас әсте жуынбай, Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл , Не жазып кетсе, жай ол,

Жек көрсеңдер өзің біл (Абай. «Адамның кейбір кездері»). Абайдың өлеңінде жүрек сөзімен «кірлеген», «ызалы» сын есімдері тіркесіп есімді сөз тіркесін жасап отыр. Кейінгі ұрпақтың алдыңғы арманға шарық ұрар сәтіне өсиетін жазып кеткен Абайдың ызалы жүрегі адам жанын ауыртар ащы шындықты жазады. Абайдың ойынша, жүрек белгілі бір жағдаяттарға, оқиғаларға сәйкес кірлеуі, мұң басуы, мүмкін. Алайда ол уақытша. Оны қайта жуып, тазартуға болады. Сонымен бірге, көріп тұрған келеңсіздіктер болса, ызалы жүрекпен ашына отырып, бетіне айту да айып емес. Өзіңді айналаң жек көрсе де, шындық жолымен жүр деген қорытынды жасайды. Демек, ақын өз танымын «жүрек» және онымен тіркескен сөздер арқылы таныта отырып, «жүрек» концептісін құрады. Ол үшін жүректі жанжақты, өз танымы бойынша, өз ұғымы бойынша танып, біліп, оны болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде ұсына отырып, олардың аялық білімдерінің толысуына мүмкіндік береді."

Қарастырар болсақ, ақын поэзиясының басым діни ұғымымыздың аясында қозғалып отырады. Және сол ұғымдар қатесіз жеткізілген. Бұл ақынның діни танымының өрісінің кеңдігін көрсетеді. Әрбір туындыларын тармақтап талдар болсақ та алар құндылықтарымыз азаймақ емес.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Хадистер жинағы. Алматы: Көкжиек, 2003.

2.Мекемтас Мырзахметұлы.Абайтану. 2-кітап. Астана: Interactiv Kazakhstan, 2014

3.Ғазали Абу Хамид. Ихия улум ад-дин. — Бейрут: Дарул маариф, 1990.

4.Ғазали Абу Хамид. Маарижул-Қудус фи мадариж марифа ан-нафс. — Бейрут: Дарул афақ джадид, 1975.

410

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]