
87
.pdfжағдайларындағы мінез-құлықтарына, сырт кескініне, қылықтарына бақылау жасау негізінде алынған бұл ассоциативтік параллельдерден сол тілде сөйлейтіндердің фразеологизмдер қалыптастырудың бейнелі-аялық негізі және олардың мағынасын өзгерту және ауыстыру уәждері ретінде қызмет атқаратын біраз ортақтықты және ұқсастықты таба алады. Мәселен, қазақ тілінде кездесетін «алтыннан ардақты, күмістен салмақты» тіркесі адамды жағымды жағынан сипаттайды. Мұнда аса қадірлі, қымбатты, құрметті, мінезі жайлы адам сөз болып тұр. Алтын мен күміске тән салмақтылық, бағалылылық қасиеттерді жақсы зерделеп, ұғына отырып, оны ең абзал қасиет ретінде адамның бойына ауыстырады.
Ай қабақ, алтын кірпік Асқан сұлу, өте көркем қыз; ару әйел. Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең, неге аяйын аттың терін. Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім (Халық әндері).
Алтын айдар, жібек шашты / алтын айдар, қалам қас / алтын айдар, шоқ белбеу
Қисса-дастандар кейіпкерлеріне тән суреттеу дәстүрі, сұлулық өлшемі.
Ақылың, Манат, сенің жұрттан асты,
Қыз едің алтын айдар, жібек шашты.
Қасқитып, күрек тісің күлімдетіп, Қылмады-ау Құдай душар сіздей жасты (М.Байзақов).
Алтын айдар, қалам қас, Қадірге жетер замандас (Халық әндері).
Алтын айды аспаннан алды
Қайрат қозса, құмды судай сапырдың, Таудай істі түк көрместен жапырдың.
Аламын деп алтын айды аспаннан,
Арыстандай айбат шегіп атылдың (Б.Күлеев).
Алтын арай Таңның қызарып шапақ атуы я күннің қызарып батуы.
Алтын басты еркек [әйел] 1. Ер азамат, жігіт; еркек. «Алтын басты» еркекке «Борық бас» боп ердік біз, Шапса басың, алса жан Ықтиярын бердік біз (Б.Күлеев).
Алтын бесік Отаным Туып-өскен құтты ұя, ел, Отан.
Шаттыққа, Қуанышқа тоя ма адам, Бұлар ер жанын аямаған.
Айналдым алтын бесік Отанымнан,
Осындай ұл-қыз туып аялаған (О.Малқаров).
Алтын жаға сөгілді Бірлік-берекеден айырылды, тоз-тоз болды; құрмет-қасиетінен жұрдай болды.
Елдік кетіп ыдырап, Алтын жағаң сөгіліп, Абыройың төгіліп... (Д.Бабатайұлы).
Алтын көрсе, періште жолдан шығады [таяды] Тұрақты, адал жан жоқ, өз құлқы үшін дұрыстықтан таяды, сатылады деген мағынада. Сыр алдырмас кісі жоқ мақтанса да, Қасқыр түсер қақпанға сақтанса да, Алтын көрсе, періште жолдан шығар, Күнә қылмас кісі жоқ ақтанса да («Мұңлық-Зарлық»).
Оларды былайша жіктеп көрсетуге болады:
І. Асыл тастың қасиетін асыра бағалауға қатысты туған мақал-мәтелдер:
Алтын жерде жатпайды, Жаман ұста суын таппайды. Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ(өнер-білім) Қызымның құлағына алтын сырға. (өнер-білім) Алтын тапсаң, санап ал(өнер-білім)
Ақыл арымас, алтын шірімес. (Тіл өнері мен ой-пікір Алтын шыққан жерді белден қаз. (Тіл өнері мен ой-пікір
381
Ақылды ердің ішінде - Алтын ерлі ат жатар; Ақылды әйел ішінде – Алтын бесікті ұл жатар Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен ( Егіншілікке байланысты)
ІІ. Рухани және материалдық құндылықтардың айрықша сапасын бағалауға қатысты туған мақал-мәтелдер:
Ел іші – алтын бесік. Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да, отқа жақ. (өнер-білім) Мылтығыңның күмісін айтпа, Тиісін айт. (өнер-білім)
Пышағыңның күмісіне қарап, Өтпесіне болайын. (өнер-білім)
Алтынды еріте білмеген ірітер, Теріні илей білмеген шірітер . (өнер-білім) Алтын тісті ауыздан, Аса жаман сөз шығар; Жаннан безген жауыздан, Жазығы жоқ көз шығар(Тіл өнері мен ой-пікір туралы)
Сабыр түбі сары алтын, Сарғайған жетер мұратқа, Асыққан қалар ұятқа(Тіл өнері мен ой-пікір Ой түбінде алтын бар, Ойлай берсең табарсың, Қанша ұзақ болғанмен, Жүре берсең барарсың.( ^)
Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, Жақсы жер, жайлы қоныс – алтын тақ (Үй-іші, отбасына байланысты)
Күміс кездік сүйкімді.( Егіншілікке байланысты) Алтынды еріте білмеген күл етеді,
Жібекті түте білмеген жүн етеді (Жақсылық, жамандық, достық қастық, сақтыққа байланысты)
ІІІ. Қарама-қарсы құбылыстарды асыл тастар арқылы бағалаудан туған мақал-мәтелдер:
Алтынды ала білген, Бөле де біледі. (өнер-білім) Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын(өнер-білім)
Көп сөз – күміс, Аз сөз – алтын(Тіл өнері мен ой-пікір туралы) Көп сөз – көмір, Аз сөз – алтын.Өлең – алтын,сөз – күміс
Демек, «әр тіл – өз бойында ұлттық тарихын, өзіндік мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, ол – мәдениеттің көрсеткіші» [5, 258б.]. Сондықтан оны құрылымдық лингвистика деңгейінде зерттесек, үлкен нәтиже ала алмаймыз. Себебі, мұнда тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, этномәдени ақпараттарды сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, бүтін тұтастық болып танылады
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: |
|
1. |
Кубрякова Е.С., Демъянков В.З. Краткий словарь когнитивных |
терминов. – Москва: МГУ, 1996. |
2. |
Қайырбаева Қ.С. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық |
мәні. Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2004. |
–135б
3.Ж.А. Манкеева. Қазақ тiлiндегi этномадени атаулардын танымдык негiздерi: оқу құралы - Алматы: Жiбек жолы, 2008. – 356б.
4.Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.
5.Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Филол.ғыл.докт.дисс.автореф – Алматы, 2004. –
47б
382
Тектіғұл Ж.
Ф.ғ.д., профессор
Қартбаева С.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің магистранты Ақтөбе қ.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИМВОЛДАР ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Символ мәселесі ғылым нысанына ежелден-ақ енген. Яғни, «Символды» тану ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келген «символизм» ағымынан әлдеқайда ерте туған.
Символ туралы ой қозғау, тұжырым айту Аристотель мен Платоннан бастау алып, И.Кант, Шлегель, Шеллинг, Гете, Гегель т.б. философтардың еңбектерінде сипатталған.
Ал қазақ ғылымында символды біздің мақсатымызбен байланысты зерттеу өз бастауын Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов еңбектерінен алса, осыған жалғас ғылыми көзқарастарды тілші – ғалымдар І.Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдар, Е.Н.Жанпейісов, К.Ш.Хұсайынов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, Ж.А.Манкеева, Г.Н. Смағұлова, Р.Ә.Авакова, Г.Сағидолда, Қ.Ғабитханұлы, С.Е.Жанпейісова, Б.Ақбердиева, Қ.С.Дүсіпбаева, А.Қ.Сейілхан еңбектерінен көруге болады.
Ал этнограф-ғалымдар Х.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, А.Сейдімбек еңбектері тілдік деректердің уәждемесін анықтауға көмектесіп қана қоймай, қазақ мәдениетіндегі ұлттық символдар табиғатын тануға, саралауға жол ашады. Бұл еңбектерде символ сөзінің орнына кейде белгі, нышан,
рәміз сөздері қолданғандығын, осылайша әрбір таным-түсініктің |
символдық мәнін көрсетіп |
|
отырғанын айта кеткен жөн. |
|
|
Мәселен, қазақ |
тілінің дыбыс символикалы сөздері |
фонесемантика тұрғысынан |
(К.Ш.Хұсайынов), қазақ тілі дыбыстарының символикалық мәнін ашу мәселесі (С.А.Өткелбаева), сан атауларының символдық мәні (І.Кеңесбаев, Қ.С.Дүсіпбаева, Р.Ә.Авакова), рухани мәдениет пен материалдық мәдениетке қатысты этнографизмдердің (Е.Жанпейісов, Ж.А.Манкеева), кейбір этнографизмдер мен түр-түс атауларының символдық мағынасы (Ә.Қайдар, Б.Өмірбеков, З.Т.Ахтамбердиева) көптеген этномәдени атаулар мен символдық мәнге ие фразеологизмдер сипаты (Р.Сыздық, Н.Уәлиұлы, Г.Смағұлова), мивтік танымға негізделген символдар (Б.Қ.Ақтамбердиева), халықтық эстетика мен сұлулық символизмдері (А.Қ.Сейілхан) зерттелген. Ал символдың когнитивтік сипаты Қ.Ә.Жаманбаеваның көрсетуінше: «Ішкі терең қажеттіліктер символдар арқылы оянады. Сана сыртқы факторларға таңдаулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі өсу, жетілу қажеттілігін белгілі бір модельдің, форманың бойына жинақтау арқылы шешеді» [1,8.]
Заттар мен құбылыстардың семиотикалық мәні, ұлттық символдар сипаты, мәдениеттің этнотаңбалық мәні туралы барынша тұжырымды көзқарастарды этнограф-ғалым М.С.Мұқанов, К.Ш.Нұрланова, Ж.К.Қаракозова, М.Ш.Хасановтың еңбектерінен табамыз.
Символдың көркем әдебиетте қолданылуы, аударылуы мәселесіне Б.А.Жетпісбаеваның, А.Т.Бақтыбаевтың, А.С.Айкулованың т.б. зерттеулері арналған. Аталған еңбектер символдың ұлт мәдениетіне тән ерекше құбылыс ретіндегі күрделі табиғатын жан-жақты және терең зерттеуге мүмкіндік жасайды.
Қазақ тіл білімі ғылымындағы көркем символдарды арнайы зерттеу барысындағы ізденістердің бастауы Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышынан» табылады. «Сөз өнерінің ғылымы» атты бірінші бөлімде ғалым "сөз талғаудың шарттарын" атап-атап көрсетіп, поэтикалық әдіс-құралдарды: 1) көріктеу; 2) меңзеу; 3) әсерлеу деп жіктеп бергені белгілі. Осы тіл көрнектілігі әдістерінің ішінде қазіргі әдеби терминологиядағы "символға" ең жуық — "бернелеу" деген орынды сияқты.
Зерделеп қарасақ, А.Байтұрсыновтың анықтамасы бойынша: "бернелеу-бір нәрсенің, көбіне адам мінезін, құлқын, ғамалын екінші нәрсенің мысалында көрсетіп айту" [2,348]. Бұл — символдың басты қасиетінің бірі, әрі ғалымның келтірген мысалдары да символ мысалдарына сай келеді. Символ ұғымын нақтылап, анықтама беру нәтижелерінде, атау беруде де бірізділік сақталмай, "бернелеу" (А.Байтұрсынов), 'бейнелеу" (Қ.Жұмалиев) [3,123], "астарлау" (З.Қабдолов) [4,219], «балама бейне» (З.Ахметов) [5,183] деген түрлі терминдер туындағанын көрдік.
383
Дегенмен де, символдың өзіндік бет-бедерін "бейне, балама, белгі, астар" деген сөздер емес, "берне-бернелеу" параллелі көбірек ашатындай. Бұған біз А.Байтұрсынов айтқан бернелеуді, оның түсініктемесін, мысалдарын қарағанда көз жеткіздік.
Профессор Т.Есембеков "Тайна и символ в ранней прозе М.Ауезова" атты макаласында символдың көркемөнердің аса мәнді қасиеті болып табылатын құпиялылық, астарлылық тәрізді категориялармен тығыз байланыстылығына баса назар аударады. Бұл категориялар символдық ойлау машығына етене тән сипат екенін көрсетеді.
Сондай-ақ, ғалым осы мақаласында XX ғасырдың басындағы әдебиетте көрініс тапқан түрлі эстетикалық жүйелер, поэтика түрлері жөнінде өзгеше тың пікір айтады: "Эстетикалық жүйелер XX ғасырдағы дүниетанымның көрінісі болды., олардың пайда болуы адамдардың дүние қабылдауындағы сапалық өзгерістердің көрінісі болды. Олар ресми түрде жария етіп айтылмады, бұдан гөрі оларға қарсы күрес күшті болды. Әртүрлі себептермен ғылыми айналымға түспеді. Бірақ олардың 20-30 жылдардағы әдеби процеске елеулі әсері болды және оның іздері кейінгі жылдардағы ұлттық прозада көрінді. Қазақ прозасында поэтиканың түрлі типтерінің /феноменалды, импрессионистік, әкспрессивті, сипаттама/ болуын, олардың нақты қарым-катынастардағы күрделі байланыстарын эстетикалық жариялылық ретінде қабылдауға тиіспіз."[6,87]. Расында да, көркем әдебиеттегі эстетикалық жариялылықтың көркем сөз шеберлерінің шығармашылық еркіндігі мен шеберлігінің дамуына септігі мол болғанын айтуымыз керек.
Аталмыш мәселені арнайы қарастырған зерттеу еңбектің бірі — әдебиетші-ғалым Б.А.Жетпісбаеваның "Символ в движении литературы" /Алматы, 1999/ атты монографиясы. Символ туралы жетекші концепцияларды негізге ала отырып, символтанудың қазіргі қалып-жағдайын сипаттаған 1 тарауыңда ғалым символдың екіұдайлық табиғатынан туындайтын сан қилы, даулы көзқарастарды саралайды [7,17-34].
Бұл еңбектің тағы бір ерекшелігі — фольклор поэтикасындағы символ мен жазба әдебиеттің поэтикасындағы символдардың тығыз байланысын ашып көрсете білуінде. Біздіңше, осы арқылы халықтың рухани әлемінің жалғаспалылығын, әрі өміршеңдігін дәлелдеуге болатындай. Символикалық фольклоризмдер, оның ішінде зооморфтық және хронотоптық символиканың жаңа көркемдік контексте соны қырынан ашылып, жаңғыруы нақты мысалдар арқылы ашылған.
Фольклорлық символдардың /түйе, бұғы, жылқы/ қалыптасқан бұрынғы мағынасына үстеме мән қосылып, мүлде тың, терең концепт пайда болған. Зерттеуші символдардың бойында гносеологиялық, аксиологиялық, психологиялық, эмоциялық күш-қуаты шексіз болтандықтан да, олар көркемдік контекске енгенде аса белсенді рольге ие бола алатынын атап айта отырып, фольклорлық символдардың әдеби символға айналуының үш тәсілін атап көрсетеді: реинтеграция, реинтерпретация және осы екі тәсілдің аралас келуі.
Сондай-ақ, Б. Жетпісбаева қазақ прозасы жүйесінде символдың мынадай типтерін атап көрсетеді: 1) образ-символ, 2) ситуациялық символ, 3) символ-деталь, 4) жанр-әңгіме-символ, 5) жанрдың құрылымдық бірлігі [5,280]. Бұл жіктеме метафора-символ (бейнелеу-бернелеу), берне-символ, мифсимвол, дыбыс-символ деп толықтырылады.
"Бернелеу — символ" параллелі жайында А.Байтұрсынов "...ұқсастығын ұлғайтып айтқанда, бүтін мысалға айналып, бернелеу болып кетеді:
"Қырық мысалдағы" мысалдардың, Абай кітабындағы мысалдардың бәрі де бернелеу болады. Қазақтың «бернемен сөйледі» деуінің өзі, «пердемен жасырып сөйледі», немесе «бернемен суреттеп сөйледі» дегеннен шыққан болуы керек. Бұл екеуінің соңғысынан да алдыңғысы болуының ықтималы мол, өйткені «бернемен сөйледі» деп қазақтар сөздің өз мағынасын жасырып, өзге мағынамен сөйлегеңді айтады. Бернелеу — сол мағынасы жасырын сөздің өзі. Бернелеу біткеннің бәрінің лебіз мағынасынан басқа астыртын мағынасы болады. Бернелеу өте ұзақ болса, айтушы баяндап береді, ия болмаса ұшығын көрсетіп қояды. Қырық мысалдағы мысалдардың көбінде-ақ бернелеудің астыртын мағынасының баяндауы, шешуі бар" [2,349].
Енді "берне" сөзінің өзін қарастырсақ, "Түсіндірме сөздікте "ол жайында: "Берне-зат, сөйлеуде перне. Ертеде біреу мен біреу кез келіп сөйлесе қалса, жай сөз қалып, өлеңмен, жұмбақпен, бернемен сөйлескен /Қаз.әдебиеті/. Бұл өлең "көмір коммунизмді" бернемен суреттеп, малға бейімдендіріп, үгіттеп отырады /Ерубаев С. Шығармалары/" деген түсініктемелер берілген.
Сондай-ақ, бұл сөз Ж.Аймауытовтың 1924 жылы Ташкентте басылған "Психология" оқу құралында былай беріледі: «Жалғыз нәрсені, мәселен, кітапты, үстелді, ағашты түйсіктесем, оның
384
нәтижесінде менің миымда көлеңке, із қалады. Сол ізді бұрын берне деп едік. Бір ғана кітап емес, әлденеше кітапты көргем ғой. Бір ғана ағаш емес, әлденеше ағашты көргем ғой. Сондықтан, кітап, ағаш туралы сөз бола калса, әлденеше кітапты, әлде неше ағашты еске түсіремін. Кітап біткеннің бір жалпы белгісі бар, ағаш біткеннің бір жалпы белгісі бар. Сондықтан бізде нәрселерді түйдектеп, жалпылап қарайтын бір сипат болу керек. Осы сипатты жалпы берне әйтпесе ұғым деп атайды" [8,186].
Символдың табиғатын аша түсу үшін оны өз алдына жеке емес, өзіне еншілес өзге де көркемдік категориялармен салыстыра қаралады. Жалпы, көркемдік категориялар — әдеби туындының сапасы мен қуатын танытатын басты көрсеткіштер. Олардың арасында белгілі дөрежеде айырмашылық та, сондай-ақ қызмет бірлігі, мазмұндастық сияқты ұқсастықтар болуы да заңды. Бұл тұрғыда әсіресе, құбылту түрлерінің ара жігі мен байланысы аса күрделі құбылыс, осы күрделі құбылыстан келіп көркемдік тұтастық туады.
Поэтикалық символдың өзіндік табиғаты мен ерекшелігі өзге көркемдік категориялардан әрі ажыратылады әрі тығыз байланысты. Көркемдік танымның басты шартының бірі болып табылатын құбылтулар көркем шығарманы өрнектеуші амалдар ғана емес, белгілі дәрежеде жазушы дүниетанымының да жекелеген көрсеткіш-бірліктері.
Сондықтан да, символ құбылтудың (троп) бір түрі ретінде карастырылып келеді. Құбылту түрлерінің ішінде көбіне символ мен метафораны тығыз байланыстырады. Бұл тұрғыда тағы да А.Байтұрсыновтың терминологиясында метафора мен символды бейнелеу мен бернелеу деп атайды. Ғалым бұл екі әдістің арақатысына мән беріп, аражігін ашып көрсетуге тырысқан:
"а/ Бейнелеу. Бір нәрседе болмайтын күйді, екінші нәрседе болатын күйді көрсететін сөзбен айту бейнелеу болады. ...
...көшкенде көштің көркі, көгершінім /Шернияз/ в/Бернелеу. Бір нәрсенің, көбінесе, адамның мінезін, құлқын, ғамалын екінші бір нәрсенің
мысалында керсетіп айту бернелеу болады." [2, 349] деп анықтайды да, осы екі тәсілдің байланысын былайша көрсетеді: 'Бейнелеу бернелеумен арасы жақын. Бейнелеу де, бернелеу де екі үқсас нәрсенің бірін бірінің орнына айтудан шығады. Бейнелеу ұлғайғанда бернелеуге айналып кетеді. "деп көрсетіп, оны мынадай нақты мысалмен дәлелдейді.
"Мағжанның "Шын айт"деген өлеңі де бейнелеуден ұлғайып, бернелеуте айналған сөздің түрі болады. Бейнелеу мен бернелеудің арасындағы айырмасын мынадан көруге болады. Бейнелеу мысалы:
Жан еркем, мен жүремін мынау күймен, Бар ма екен ғашық жарын мендей сүйген Сен - бір шам, айнала ұшқан мен —пәруана Айналып, аламын деп отқа күйген.
Мұңда "мен - пәруана" дегеннен бастап, аяғына дейін бейнелеу болады. Бернелеу мысалы:
Отқа ұшар көбелек Карамай сорлы алды-артын Ойыңа кіріп шықпайды, Күйдірер деп от-жалын
болып, ұлғайтып айтканда бүтін мысалға айналып бернелеуге айналады. Бұл екі мысалдың екеуінде де адамның күйінің көбелекке ұқсастығы айтылады. Ол ұқсастығын қысқалап айтқанда, бейнелеу болып кетеді" [9, 349].
Қазіргі тілмен айтқанда, метафора мен символ /бейнелеу мен бернелеу/ арасын А.Байтұрсынов өте тығыз байланыстырады. Метафора "ұлғайып, бүтін мысалға" айналғаңда символ болады.
Расында да, метафора мен символдың ұқсастығы туралы ғалымдар үнемі айтып келеді. Ал Қ.Жұмалиев "Әдебиет теориясында" символды теңеу, метафорамен қатар ала отырып, былай дейді: "...теңеуде теңелетін нәрсе мен теңейтін нәрсенің екеуі де көз алдымызда тұрады. Сөз метафоралық ұғымда қолданылса, құбылысты көрсететін бір сөз аралығындағы жақындығы арқылы екінші сөзге ауыстырылады. Ал символда теңеудің бір ғана мүшесі болады. Сол кеңейтіліп, жеке образға айналдырылады..." деген қорытындыға келеді. Символды метафораға өте жақын құбылыс дегенмен де, олардың арасына тепе-теңдік қоюға болмайды.
"Егер образ метафора функциясына көшіп және ол тұрақты түрде қайталану сипатын алса, әрі бұған қоса өзінен тыс баска нәрсеге меңзесе, ол символикалық жүйенің іс-әрекет шеңберіне еніп,
385
символға айналады. Демек, символдың образ бен метафорадан бір айырмашылығы - оның тұрақтылығы мен қайталанушылығында.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – Алматы, 1998, –140 б
2.Байтұрсынұлы А. Шығармалар. -Алматы.: 1989.- 320 б.
3.Жұмалиев К,. Әдебиет теориясы.-Алматы, 1969–123 б.
4.Қабдолов 3. Сөз өнері.-Алматы. 1992. –219 б.
5.Әдебиеттану терминдер сөздігі. -Алматы, 199б, – 183 б.
6.Есембеков Т.У. Символ и тайна в ранней прозе М.Ауезова.// Вестник Семипалатинского университета.-Семей, 1997
7.Жетписбаева Б. А. Символ в движении литературы /на материале казахской литературы/.-Алматы : Ғылым, 1999.- стр. 17-34.
8.Аймауытов Ж. Псиқалогия.- Алматы, 1999. - 186 б.
9.Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. -Алматы, 1969.-123 б.
Камал А.
ҚазҰУ-дың 1-курс магистранты Жетекшісі: Смағұлова Г.Н, ф.ғ.д., профессор
ҚАЗІРГІ ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ТІЛІМІЗГЕ ЕНУ СИПАТТАРЫ
Аннотация. В статье рассматриваются особенности и причины внедрения англоязычных слов в современный казахский язык. В настоящее время внедрения современных иностранных слов в казахский язык стало нормальным явлением. Экономические и культурные связи и межэтнические отношения страны с другими странами, развитие рыночной экономики и влияние различных социальных факторов возросли. В связи с этим был проанализирован характер проникновения иностранных слов в современном казахском языке.
Ключевые слова: иностранные слова, свойства внедрения иностранных слов, медиа, международные отношения.
Annotation.The article discusses the features and causes of the introduction of English-language words in the modern Kazakh language. Currently, access to the language has become normal. Economic and cultural ties and interethnic relations with other countries, the development of a market economy and the influence of various social factors have increased. In this regard, the nature of the penetration of a foreign language from the modern Kazakh language was analyzed.
Keywords: foreign words, embedding properties of foreign words, media, international relations.
Қазіргі қазақ тілінің жүйесі ғасырлар бойы жиналған білім беретін, қазақ ұлтының жетістіктерін, дәстүрі мен тәрбие беру жүйесін, оның үлгілерін сақтап және адамзаттың даму жолындағы өзіндік орнын алып, ұлттың өзін-өзі тануы мен сана-сезімінің қалыптасуына үлкен әсер етті. Сондықтан тілдің дамуы арқылы қоғамның тұрақтылығы сақталып қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы, дүниетанымы, көзқарасы, мәдениеті үнемі жетіліп, дамып отырады. Соған байланысты кез келген тілдің сөздік құрамы үнемі жаңарып, толығып, жаңаланып отырады. Елімізде соңғы жылдары жүріп жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да салалардағы өзгерістер, Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне кіруі, еліміздегі үш тұғырлы тіл саясаты тілімізге де көптеген өзгерістер енгізуде. Соның бірі – соның ішінде тілімізге шет тілдерден енген кірме сөздер.
Шеттілдік кірме сөздер дегеніміз – тілдің өзіндік сөзжасам тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдермен ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Дүние жүзіндегі түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болады да, бір-бірінен сөз ауысады Мәдениеті кенжелеп дамыған ұсақ халықтарды былай қойғанда, мәдениеті
386
гүлденіп өскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да таза тума сөздерден құралмайтындығы дәлелденген. Зерттеушілердің ағылшын тілінің сөздік құрамы не бары 30% ғана өзінің төл сөздері, ал қалғаны өзге тілдерден, әсіресе роман тілдерінен ауысып келген дегенді айтады
Шеттілдік сөздердің ену сипатын бірнеше түрге бөліп жіктедік: экстралингвистикалық,
интролингвистикалық, қоғамдық-психологиялық, морфологиялық, лексика-семантикалық, грамматикалық және синтаксистік т.б.
Тілдің экстралингвистикалық сипаты бір ел мәдениетінің екінші бір ел мәдениетіне ықпал етуі, шет тілді үйренуге деген құлшыныстың артуы және тіліміздегі кірме сөздердің басым көпшілігі компьютер, спорт, техника салаларына қатысты термин сөздердің пайда болуы арқылы кірген. Оған мысал ретінде IPad, Facebook, байк-шоу, пейджинг, байкер, ралли-марафон, буллит, брасс,
ньюсджекинг, стедикам, Instagram, What’s Up сынды сөздерді айтуға болады. Интернационалды сөздердің пайда болуының бір легі осы сияқты кірме сөздердің әсерінен болып отыр.
Шеттілдік сөздердің енуінің интролингвистикалық себептері: 1) Туған тілімізге шеттілден енген белгілі бір затты білдіретін флешка, планшет, айкос, макбук, вейп, электробайк тәріздес сөздерді төл сөздермен алмастыру нәтижесінде шеттілдік сөздердің мағынасының солғын тартуы. Сондықтан осы сияқты сөздер бастапқы қалпында қалады. 2) Айқын мағынасы бар сөздерді сөз тіркесімен емес, бір сөзбен жеткізу үшін сөзді үнемдеу барысында пайда болған шеттілдік сөздер. Мысалы, «саммит» – сыртқы саяси келісімдерді жүргізіп, бір шешімге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі деп жатпай-ақ, бір сөзбен «саммит» деп атау дағдыға айналып отыр; «инаугурация» − белгілі бір лауазымға қабылдану; «импичмент» − парламент тарапынан жүргізілетін жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді қызметінен тайдыру рәсімі. Осындай бір ғана шеттілдік сөздің астарында терең мағынаның бар екені аңғарылады да, тұтас бір сөйлем бір сөзбен беріледі. 3) Сөзде нақтылық қасиетін одан әрі арттыру үшін қолданылатын кірме сөздер: субсидия – грант, образ
– имидж, қылмыскер – киллер және т.б. синонимдік қатарларды көрсете аламыз.
Шеттілдік сөздердің енуі қоғамдық-психологиялық жағынан төмендегідей себептерге ие: 1) Шеттілдік сөздердің аясының кеңдігі соншалық, қазақ төл сөздеріне қажет емес болса да сөйлеу тілінен әсерінен кірмелік синоним бола алатын шеттілдік сөздер бар. Мысалы: дүкен аралау – шопинг, жоғарғы технология – хайтек, сән – fashion, БАҚ – масс-медиа, жаңашыландыру –
модернизациялау, жасырын – инкогнито, қызмет көрсету – сервис, бет әрлеуші – визажист, ерікті –
волонтер, әрлеу (бет-әлпетті) – макияж, жасөспірім – тинейджер, жарнама – паблисити, т.б.; 2) Коммуникативті сөйлеу барысында, яғни жағдаятқа (ситуацияға) байланысты қолданылатын шеттілдік сөздердің болуы. Мысалы, сайлау болатын жағдайда праймериз, электорат, рейтинг, импичмент секілді шеттілдік сөздердің қолданылуы, т.б; 3) Интернационалды жаргондардың болуы.
Мысалы: окей, лайфхак, логотип, хай, хайлайф т.б. [1, 48].
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазіргі таңда тілімізге кірме сөздердің енуі қалыпты жағдайға айналды. Еліміздің басқа елдермен экономикалық-мәдени байланысы мен ұлтаралық қатынастардың, нарықтық экономиканың дамуы, түрлі қоғамдық-әлеуметтік факторлардың әсерінен кірме сөздер көбейе түсті.
Тілші-ғалым Исламова А. «Шетел сөздерінің қалыптасуы» атты мақаласында шеттілдік сөздердің қазақ тіліне морфологиялық тұрғыдан ену жолдарын көрсетті [2, 125]. Морфологиялық тәсіл деп танитын себебіміз: бірқатар шеттілдік сөздер қазақ тіліне туынды түрде, яғни жұрнақтармен бірге кірген: аутсорсинг, брэндинг, буккроссинг, коворкинг, нетворкинг, ньюсджекинг, майнинг, скрининг, рекрутинг, роуминг, диджитализация, модификация, пробация, модификация т.б.
Қазіргі қазақ тіліндегі шеттілдік сөздердің құрамында ешбір жұрнақ қабылдамай-ақ, жеке сөз (түбір сөз) ретінде қолданылатын сөздер де бар: лот, рейд сайт, смарт, тренд, форум, хаб, чип т.б.
Қазақ тілі қорындағы шеттілдік сөздер сөзжасам құбылысының барлық амал-тәсілдерімен түрленіп, сөзжасамдық ұя жасай алады. Қазақ тіліндегі ең өнімді -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті, -лық/-лік, -
дық/-дік, -тық/-тік қосымшалары арқылы жаңа сөз туады: мобиль+ді, цифр+лы, инклюзив+ті, дебитор+лық, венчур+лық т.б.
Қазіргі қазақ тілінде шетел сөздердің құрамында бірге келіп, жеке тұрып қолданылмайтын: де- т.б. префикстер кездеседі. Мысалы: де-факто, де-юре т.б.
Қазақ тіліндегі шеттілдік сөздердің лексикалық жолмен енуі:
387
Бұрын қазақ тіліндегі денотаттармен бірге шеттілдік лексикалық денотаттың көбеюі. Мысалы:
брокер, дилер, ваучер, холдинг, грант, банкомат, т.б.
Қазақ тілінде жаңа шеттілдік денотаттардың көбеюі, яғни бұрын бұл сөздер қазақ тіліндегі денотаттармен ауыстырылса, қазір шеттілдік денотаттар орын алып сөз мағынасын айқындап көрсетеді. Мысалы, е-library – электронды кітапхана, консалтинг – кеңес беру, кастинг – байқаудан өту, тьютор – ұстаз, ньюсмейкер – жаңалық жазушы, жазылушы – фоллоуер, фейк – жалған, менеджмент – басқару орталығы т.б.
Тілімізде көбінесе қазақ-орыс тілдерінде күрделі-қосымшалы сөз ретінде қолданылып жүрген, тұтас лексикалық бірлікте болатын және сөзді ықшамдау жолында септігі тиетін шеттілдік сөздер.
Мысалы: хард-ток – қызу талқылау, брейнг-ринг – интеллектуалды ойын, сэконд-хэнд – өзге елден әкелінген тауарлаудың сатылымы, бизнес-тренер – кәсіпке үйретуші [3, 35].
Тілімізге шеттілдік сөздердің синтаксистік тұрғыдан еніп, сөз тіркесі ретінде қолданысты жүрген, яғни сөз бен сөздің байланысуы арқылы сөз тіркесінде кездесетін шеттілдік сөздер де аз емес.
Мысалы: хайп ұстау, мессенджермен сөйлесу, трендте болу, селфи түсіру, мониторинг жүргізу, мораторий жариялау, сайтқа кіру т.б.
Кейбір шеттілдік сөздер төл сөздермен немесе шеттілдік сөздер өзара тіркесіп, қосарланып келеді. Кірме сөздер мен төл тіліміздегі сөздердің бірігіп, тіркесіп келуін терминолог Ш.Құрманбайұлы гибрид сөздер деп атайды. Мұндай гибрид тіркестер шеттілдік сөздерде де жиі көрініс табады.
Мысалы: агломерациялық аумақ, акционерлік қоғам, бизнес-қауымдастық, веб-мекенжай, венчурлық қор т.б. Бұл мысалдардан терминдердің бірінші сыңары шеттілдік сөздерден, ал екінші сыңары қазақ тілінің төл сөзінен жасалған. Кейбір терминдердің екі сыңары да шетел сөздердің тіркесуі арқылы жасалғанын көруге болады.
Шеттілдік сөздердің ену сипаты түрліше болады. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысуы белгіленетін заттар мен ұғымдардың ауысып келуімен байланысты. Сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз алмасудағы басты және дағдылы құбылыс болып саналады.
Шеттілдік сөздердің енуі әрқашан осылай бола бермейді. Шеттілдік сөздердің өзімен бірге жаңа ұғымдарды ала келуі әр уақытта шарт емес, кейде олар қабылдаушы тілде біртектес ұғымды білдіретін сөздермен қатар қолданылып бірге өмір сүреді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Еренков А.С. Социолингвистический аспект функционирования английского языка в русской молодежной среде. –
Воронеж, 1998. – 194 с.
2.Исламова А. Шетел сөздерінің қалыптасуы // ҚР ҰҒА хабарлары. Филология сериясы. – Алматы, 2004. – №3. – 123129 бб.
3.Стернин И.А. Общественные процесы и развитие современного русского языка. – Воронеж, 1998. – 359с
Өмірбекова Р.Қ.
ф. ғ. к., доцент Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Рамазанова Ш.
ф. ғ. к., доцент. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СӨЗ ТІРКЕСІ –СИНТАКСИСТІК ТҰТАСТЫҚ
Синтаксистің нысанына сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Соңғысын синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік категориялардың барлық жиынтығының шоғырланған тобы деп көрсеткен ғалымдар да болған. Кейде синтаксистік категорияларды осы ретпен берумен бірге, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық, құрмалас сөйлем, жай сөйлем және сөз тіркесінің синтаксисі деп қарастыру да ұшырасады. Әсіресе синтаксистің осы салаларының ішіндегі соңғы кезде жан-жақты қолға алына бастаған нысанының бірі – сөз тіркесінің синтаксисі жөнінде жазылған зерттеулер жеткілікті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мәселелері, сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен
388
салыстырыла берілуі,тарихы сияқты мәселелер кеңінен қарастырылғанымен,сөз тіркестерін оқытудың әдістемесі бірер мақаланың төңірегінде ғана сөз болып отыр. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты әдістемелік мәселелер – жан-жақты зерттеуді талап ететін күрделі мәселе. Сөз тіркесінің теориясында, түркологиялық еңбектерде бір ізге түспеген мәселелер баршылық. Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс категория ма, сөз тіркесіне салалас не сабақтас тіркестердің қатысы, олардың құрылысы, сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы сияқты мәселелері әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. 1. Сөз тіркесінің сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданылу төңірегінде де тартысты пікірлер кездеседі. Бұл мәселенің өзі тек түркологияда ғана емес,орыс тілі білімінде де шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, орыс тілі білімінде В.В.Виноградов,В.Н. Ярцева, Д.Ю.Корбин, К.Н. Абервух, түркологияда М.Балақаев, М.Х.Закиев сөз тіркесі негізінде тек сөйлемде, яғни сөйлемнің құрылыс материалы ретінде қолданылады деп дәлелдейді. Шынында да, сөз тіркесі де сөз тәрізді қолданылады. Жалпы сөз лексика, семасиология, морфология мен синтаксистің объектісі екені белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығын да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде үнемі жекелеген сөздер ғана емес, тіпті тұрақты тіркестер, күрделі терминдер де сол сөз сияқты өмір сүреді. Сонда сөз де, тұрақты тіркестер де, күрделі тіркестер де сөйлемде қолданылуы жағынан ұқсас. Олай болса, бұл топтар сөйлемге негіз болады. Әрбір сөз сөйлемде өзі мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың жиынтығы сөйлем құраудың негізі болып табылады. Сөз тіркесінің сөйлемде негізгі нысан болуының өзі оның ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, әсіресе сөйлемнің ойды білдірудегі алғышарты сөз тіркестері аркылы жүзеге асатынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тек сөйлемде жұмсалатындығының негізгі шарты. Әрине сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Ол сөйлемнің негізгі құрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі де бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем ішінде сөйлем құрауға негіз болады. Сонымен, сөйлемлегі сөз тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді құрайтын әрбір сөздің келесі бір сөздермен қарымқатынасының, мағыналық бірлігінің негізінде айқындалса керек. Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз бен күрделі сөз болып келеді. Күрделі тіркестер мен тұрақты тіркестер де баска сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты топ құрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемнің де аясын кеңейтеді. Сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен құрала бермейтін де жайттар бола береді.
2. Сөз тіркесі – синтаксистік бірлік. Орыс тіл білімінде, сол сияқты түркологиялық білімнің алғашқы қалыптасу кезінде де сөз тіркесі айтылып келеді. Бірақ сөз тіркесі бірде жай сөйлемнің синтаксисінде, кейде керісінше, жай сөйлем сөз тіркесінің бір нұсқасы ретінде қарастырылады. В.В.Виноградов еңбектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі бір жеке объектісі ретінде қарала бастады да, сол кезден осы күнге дейінгі орыс тілі жайлы еңбектердің барлығында синтаксистің басты объектісі ретінде сөз тіркесі және сөйлем деп берілу негізі бағыт болып отыр. Осы сияқты бағыт түркологиялық әдебиеттерде де орын алғаны белгілі. Ал қазіргі кезде сөз тіркесі қазақ тілінде де синтаксистік бірлік ретінде арнайы қкрастырылып келеді. Солай бола береді. Дегенмен де сөз тіркесінің синтаксистік единица екені туралы соңғы кезде талас пікірлер де орын ала бастады. мақалаларда сөз тіркесінің единица екеніне баса назар аударылды. Негізінде сөз тіркесі синтаксисі – синтаксистің негізі бір саласы. Өйткені, біріншіден, осы уакытқа дейінгі бүкіл грамматикада орын алып келді, екіншіден, сөйлемнің де іштей өз жасалу жігі, өзіндік тобы болатыны еске алынуы керек.
Синтаксис, оның үлкен бір саласы сөз тіркестері қазіргі кезде жан-жақты зерттеудің объектісі болуда.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркестерін М.Балақаев арнайы зерттей келе оның негізгі: а) байланысу формалары, ә) байланысу тәсілдері, б) синтаксистік қатынастары,
в) түрлері сияқты басты-басты объектілерін нақтылап, соның әрқайсысы арнайы зерттелу үстінде [1]. Әсіресе сөз тіркестерінің осы объектілерінің ішіндегі олардың түрлерін есімді, етістікті сөз тіркестері деп топтап беру сөз тіркесінің жігін айқындаудағы ең негізгі белгі болып табылса керек.
389
Сөз тіркестерін есімді, етістікті деп бөлу олардың басыңқы сыңарларының қай сөз таптарынан болуына негізделсе керек. Соның ішінде етістікті сөз тіркестерінің морфологиялық, құрылымдық түрлерінің рөлі әртүрлі. Етістіктердің басыңқы қызметте жұмсалуы мен оның басыңқы қызметтегі ерекшеліктері туралы М.Балақаев, Р.Әміров, Т.Сайрамбаев, Ә.Әбілақов т.б. ғалымдар едәуір дәрежеде пікір айтқаны белгілі. Дегенмен, етістік – сан қырлы сөз табы. Сондықтан да олардың басыңқы қызметімен бірге енді басыңқы сыңарларының бағыныңқы сыңарларға ауысу процесіне тоқталмақпыз. Ол үшін етістіктің әртүрлі категорияларының сөз тіркесінің басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшелігін сөз етелік. Есімшелі оралым синтаксистегі ең күрделі мәселенің бірі: жоғарыда көрінгендей бұл сияқты топтарды әртүрлі түсіндіру – оның әлі де болса түбегейлі шешім таба қоймағандығын көрсетсе керек. Әрине, есімшелі оралымдарды нақты айту ең алдымен етістіктің негізгі ерекшеліктерін жан-жақты көрсету арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан да етістіктің категорияларының сөйлемде қолданылу орындарын айқындаудың да негізгі мәселені шешуге себебі мол тиетіні анық. Басқа сөз таптарына қарағанда етістікті сөз тіркесі сөйлем мүшелері жағынан да едәуір көп айтылып келе жатқан сөз табы. Осыған байланысты бұл жерде етістіктің сөз тіркесі мен сөйлем мүшесінде баяндауыш қызметінде жұмсалуының өзіндік ерекшеліктерін айқындау ең қажет факт.
Әрине, есімшелердің әрі сөйлемнің соңында, әрі сөйлемнің ішінде қолданылуының:
а) сөйлем мүшесі жағынан, ә) морфологиялық өзгерісі жағынан, б) тіркесу қабілеті жағынан в) құрамы жағынан өзіндік ерекшеліктері бар.
Егер есімше сөйлемнің соңында келсе, ол үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалады да, сөз тіркесінде сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарын құрайды. Енді есімшелердің қандай тұлғаларда басыңқы сыңарда жұмсалатынын қарастыралық.
-ған, -ген, -қан, -кен жұрнақты есімшелер арқылы: Кейбіреу жайдары ашық боламын деп, орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай). Осы сәлемді ести сала Базаралы атқа мінген (М.Әуезов).
Тарының шықпай қалғанын Айранбай талай айтқан (М.Әуезов). Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, нәзік бел тал шыбықтай бұраңдаған (Абай).
-атын, -етін жұрнақты есімше арқылы: Мағаш пен Кәкітай бұл күндерде орташа кітаптарды, әсіресе жеңіл тілмен жазылған романдарды көп оқитын (М.Әуезов). Осы еңбекті жазуда көп оқығанын, көп ізденгенін айтатын (Жұлдыз).
-ар, -ер, -р жұрнақты есімшелер арқылы: «Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар (мақал). Бүгінгі күресте көрсеткен күшіңді өлеңге шығар (С.Мұқанов). Аудан өкілдері қазір ел ішінде болар (Ғ.Мүстафин).
Кейде есімшеге қатысты басыңқы сыңардағы есімше, көсемше тұлғалы етістіктермен күрделі түрде жұмсалуы арқылы: Ел жата Олжабек көше жөнелген (Ғ.Мұстафин). Бұл екі ауылдың арасында мұндай қақтығыс ұдайы болып тұратын (Ғ.Мүсірепов).
Есімшелерге есімше тұлғалы е көмекші етістігінің тіркесі арқылы күрделі түрде келе береді. Кеше Маржан келін қымыз ішкен екен (Б.Майлин). Сегіз жүз жылқыдан бір тай қалмаған екен (М.Әуезов).
Есімшеге модаль сөздердің тіркесі арқылы: Гудок бүгін бұрынғысынан ұзағырақ айқайлаған тәрізді (М.Горький). Осы сөйлемдерде есімшелер -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -итін, -ар, - ер, -р жұрнақтары арқылы дара, күрделі түрінде сөйлемнің соңында келіп, үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалған. Бұл есімшелердің етістік тұлғасындағы үлкен бір белгісі. Бірақ есімше үнемі сөйлемнің соңында келіп баяндауыш қызметінде ғана емес, енді сөйлемнің ішінде де келіп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сөйлемнің соңында келіп, сөйлемді біршама тиянақтау нәтижесінде баяндауыш қызметінде жұмсалса, енді сөйлемнің ішінде анықтауыш қызметінде жұмсалуы оның аясының кеңейгендігін көрсетсе керек. Есімшелердің есімдермен тіркесі арқылы олар сөйлем мүшесі, атқаратын қызметі, тіркесу қабілеті жағынан өзіндік өзгеріске ұшырайды. Әрине, есімшелер баяндауыш қызметінде басқа көмекші етістіктермен тіркесіп келе берсе, енді олар анықтауыштық қызметте көбінесе дара жұмсалады.
Жоғарыдағы есімшелер дара және күрделі түрде жұмсалған. Бірінші топтағы басыңқы сыңардағы етістіктермен екінші топтағы есімшелердің басыңқылық қызметі бірдей. Бұған қарағанда, етістіктер осы топтардың бәрінде тек басыңқылық қызметте жұмсалады деп білеміз.
Бірақ зерттеу барысында, осы екі топтағы есімшелі етістіктер басыңқы сыңарда жұмсалады делінгенімен, олардың сөйлемде қолданылу орындары, сөз тіркестерінің басқа сыңарларға ауысу процесі жағынан үлкен айырмашылықтарға ие екенін көреміз.
390