Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

7.ӨЗІ – ӨЗГЕЛЕР. Өзінің және өзгелердің күші, пайдасы, ішкі күштермен және сыртқы немесе біреудің көмегімен болған дербес және дербессіз әрекеттер туралы. Мысалы: «Өзім дегенде өгіздей күші бар, Біреу дегенде болар болмас ісі бар», «Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі, Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі», «Өзгенің сөзіне сенгенше, өзіңнің көзіңе сен», «Өзі білмеген, өзгенің тілін алмайды».

8.ЗАТТЫҚ – ОЙША. Заттық және ойша, соның ішінде материалдық нәрселер және олардың рухани әлемдегі бейнесі, нәрселер мен сөздер, нәрселер мен ойлар, сөздер мен ойлар туралы.

Мысалы: «Білім – қонақ, ақыл – қожа», «Бөз – көйлек, сөз – еңбек», «Ата – бәйтерек, Бала – жапырақ», «Ой ойласаң, кең ойла, Алды, артын тең ойла», «Тұрмыс түзер ойыңды, Ойың түзер бойыңды».

9.СӨЗ – ІС (әрекет). Сөз бен іс туралы, сөздің (және ойдың) іс-әрекетке қатынасы, белгілі бір іс-әрекетпен байланысты сөзді қолданудың ережелері. Мысалы: «Сөзі аз, Ісі саз», «Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзге жан түршігеді», «Сөзге көп — іске жоқ», «Ауыр істің салмағы білекке түсер. Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер»

10.ТҮЗУ – ҚИСЫҚ. Түзу және қисық нәрселер, сонымен қатар шындық пен қисықтық (жалған), шыншыл және өтірікші адамдар, сондай-ақ әділдік және әділетсіздік туралы. Мысалы: «Әділ би халқы үшін, Залым би құлқыны үшін», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Түзу көңіл қиық сөзге мән бермейді», «Түзу жолда қисық жүрме»

11.ӨЛІ – ТІРІ. Тірі және өлілер, көзі тірі немесе қайтыс болғандар, бұл өмір мен о дүниедегілер, сонымен қатар өмір мен өлім туралы. Мысалы: «Өлі риза болмай, тірі байымас», «Өлім – ойран, өмір – майдан», «Тіріде сыйласпаған, өлгенде жыласпайды», «Ағайын бірі өліде керек, бірі тіріде керек», «Өлі арыстаннан, Тірі тышқан артық».

12.ЕРЛЕР – ӘЙЕЛДЕР. Ерлер мен әйелдер, сонымен қатар әйелдері мен күйеулері, бозбала мен бойжеткендер, ұрғашы және еркек (жануарлар) туралы. Мысалы: «Ары жоқ жігіттен, намысы бар қыз артық», «Еркек дауысты әйелден без, Әйел дауысты еркектен без», «Қыз – ауылдың көркі, Жігіт – ауылдың серті», «Еркек – бас, ұрғашы – мойын».

13.ДОС – ҚАС. Достар мен қастар, жақтастар мен қарсыластар, жолдастар мен дұшпандар,

сонымен қатар достық пен араздық туралы. Мысалы: «Жүз дос аз, Бір дұшпан көп», «Дос көңіліңді суытып айтады, Қасың ойыңды жылытып айтады», «Досың айтса білгені, қасың айтса күлгені», «Досы көптің қасы көп».

14.АДАМДАР – АДАМ ЕМЕСТЕР. Адамдар мен адам еместер, нақтырақ адамдар мен жануарлар, адамдар мен өсімдіктер, адамдар мен тылсым күштер, құдайлар, жындар және рухтар туралы. Мысалы: «Ит жаманы түз қорыр, Жігіт жаманы қыз қорыр», «Кәрі білгенді пері білмейді», «Пейілі жаманды ит қабады, Ниеті жаманды Құдай табады», «Құдайға сенген құстай ұшады, Адамға сенген мұрттай ұшады», «Алла кешірер, аруақ кешірмес».

15.БЕЛСЕНДІ – САМАРҚАУ. Белсенді және самарқау адамдар, заттар, іс-әрекеттер, жылжымалы және жылжымайтын нәрселер, сонымен қатар жалпы қозғалыс және дамыл туралы.

Мысалы: «Асыққан аттыдан асықпаған жаяу озады», «Сабырлы адам сақтанып сөйлер, Сабырсыз адам мақтанып сөйлер», «Сабыр — күн түсірмейтін сая, Асығыс аунатып кететін мая», «Сабырлының бағына алма бітер, Сабырсыздың бағына қауа бітер».

16.АЙҚЫН – ҚҰПИЯ. Айқын және құпиялық, ашықтық және жасырындық, сонымен қатар танымал және белгісіздік, түсінікті және түсініксіздік туралы. Мысалы: «Куәлі істі куә табар, куәсіз істі күмән табар», «Көз көрмей, көңіл сенбес», «Көрген жоқ болса, есіткен куә».

17.ЖАСАМПАЗДЫҚ – БҮЛІНШІЛІК. Бір нәрселердің бірігуі, құрылуы немесе жөнделуі және олардың қирауы, ажырауы, бұзылуы, сондай-ақ кездесу мен қоштасулар туралы. Мысалы: «Бүлдіру оңай – түзету қиын», «Сындыру оңай, Сындырғанды жалғау қиын», «Айырылған азады, Қосылған озады»

371

ІІ в. Сыңарлары бір нәрсенің бар екенін және оның жоқтығын білдіретін жұптар

1.СӨЗ – ҮНСІЗДІК. Сөз бен үнсіздік, айтылған немесе айтылмаған нәрселер, сөйлеушілер мен сөйлемеушілер, сұраушылар мен сұрамаушылар, мылжыңдар мен үндеместер, жалпы көпсөзділік пен сөзге сараңдық туралы. Мысалы: «Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер», «Жүйелі сөз жүйесін табар; Жүйесіз сөз иесін табар», «Көп сөйлесең тақылдақ дер, Аз сөйлесең ақымақ дер.», «Сөз қуған пәлеге жолығар, Шаруа қуған қазынаға жолығар», «Көп сөйлеген білімді емес, Дөп сөйлеген білімді».

2.БІРЛІК – БЫТЫРАҢҚЫЛЫҚ. Бірлік пен бытыраңқылық, бірігіп (бірлесе) және жеке (жалғыз), сонымен қатар достар немесе қастар (адамдар), бір-бірімен тату және араздар, біртұтас ұжым және одан бөлектенген мүшелері туралы. Мысалы: «Бірлігі жоқ ел тозар, Бірлігі күшті ел озар», «Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, Ұйым жоқ болса, күйің жоқ», «Бөлінгенді бөрі жейді, Жарылғанды жау жейді».

3.ТҰТАСТЫҚ – ЕКІЖАҚТЫЛЫҚ. Нәрселердің тұтастығы мен екіжақтылығы туралы, олардың бір-бірінің сипаттарына қолайлы және қолайсыз ішкі бірыңғайлығы мен қарама-қайшылығы туралы, бір-бірімен келісімдегі және бірін-бірі жоққа шығаратын әрекеттер туралы. Мысалы: «Айырылған ел азады, Қосылған ел озады», «Ынтымақсыз елді Ұрысы билейді, Ынтымақты елді Дұрысы билейді», «Екі ел қосылмайды, екі тау қосылады».

4.БІЛІМ – БІЛІМСІЗДІК. Білім мен білімсіздік, сонымен қатар білімділер мен білімсіздер, оқымыстылар мен надандар, сауаттылар мен сауатсыздар, сондай-ақ тәрбиелі (сыпайы) және тәрбиесіз адамдар (дөрекі) туралы. Мысалы: «Білімді әйел басыңа қарайды, білімсіз әйел жайыңа қарайды», «Білгенің қайсы, білмегенді кешірмесең», «Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады».

5.ЕҢБЕК – ІССІЗДІК. Еңбек және іссіздік, жұмыс және уақытты босқа өткізушілік, сондай-ақ еңбекқорлар мен жалқаулар, еңбексүйгіштер мен еріншектер (адамдар) туралы. Мысалы: «Жүргенге жөргем ілінеді, Жатқанға жан жуымайды», «Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады».

6.ЕПТІЛІК – ЕПСІЗДІК. Ептілік пен епсіздік (бір нәрсе істеудегі), сонымен қатар, икемді және икемсіз (адамдар), тәжірибелі және тәжірибесіз жұмыскерлер, өз істерінің шеберлері мен олақтар туралы. Мысалы: «Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді», «Алтынды еріте білмеген ірітер, Теріні илей білмеген шірітер», «Атасы жер жырта білмегеннің, Баласы тұқым себе білмес», «Еріншек егіншіден, ерінбеген науқаншы озыпты».

Қорытынды. Мақал-мәтелдерде әр халықтың тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері мен өзіндік өмір сүру дағдылары айқын көрініс табады. Кез келген халықтың мақал-мәтелдер жинағын алып қарасақ олардың барлығынан өзімізге таныс мақал-мәтелдерді кездестіре бастаймыз. Бұл ұқсастық халықтардың этникалық және тілдік туыстығынан немесе мәдени және шаруашылық байланыстарынан, тарихи тәжірибелерінің ұқсастығы мен қоғамдық дамудағы идеологияның біркелкілігінен екенін аңғарамыз. Расында да әр түрлі тілдік семьяға жататын халықтарға қарағанда бір-біріне жақын туыс болып келетін халықтарда мақал-мәтелдер ұқсастығы өте көп. Сонымен қатар бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасамайтын халықтарға қарағанда, сан ғасырлық тарихи байланысы бар халықтарда ұқсастықтары сөзбе-сөз сәйкес келетін мақал-мәтелдер бар.

«Қазақ мақал-мәтелдерінің типологиясы» атты бұл зерттеу еңбегімізде паремиолия ғылымының білгір маманы, ғалым Г.Л. Пермяковтың «Основы структурной паремиологии» еңбегіндегі зерттеулеріне сәйкес қазақ халқы мақал-мәтелдерінің тілдік табиғаты, логикалық-тақырыптық, мағыналық топтарға жіктелу заңдылықтары мен ерекшеліктері салыстыра-салғастыра зерттеліп көрнекі мысалдарымен тиянақталып берілді. Аталған еңбекте ғалым паремиялардың (мақалмәтелдер, жұмбақтар, ырымдар) 7 прагматикалық функциясын немесе олардың қолданылуының 7 негізгі мақсатына тоқталумен қатар мақал-мәтелдерді топтастырудың жаңа үлгісі – инварианттық тақырыптық жұптармен топтастыруды ұсынғанын да көреміз.

Зерттеуші сондай-ақ бір логикалық-тақырыптық топтарды кең түрдегі 4 үлкен топқа бөледі. Біз осы зерттеуімізде қазақ мақал-мәтелдерін ғалымның сол топтық жіктемесі бойынша логикалықтақырыптық жағынан талдап көрсетуді міндет тұттық. Яғни, инварианттық тақырыптық жұп

372

құрайтын 2 топ: «егер бір нәрсе қандай да бір қасиетке ие болса, онда ол тағы да басқа қасиетке ие» деген І топ; «егер бір нәрсе болса, екінші нәрсе де болады» деген ІІ топ таңдалып алынып, инварианттық құрылымдық үлгіге сәйкес мақал-мәтелдер қарастырылды. Берілген жіктелім бірнеше халықтың мақал-мәтелдерінің қорын құрайды десек те, мақаланы жазу барысында зерттеуші жіктемесіндегі «үйреншікті – үйреншіксіз, «еңбекпен табылған – сыйға келген», «тауып алынған – шығындалған», «лезде – ептеп» деген кейбір тақырыптық жұптарына мысалдар табу қиындық тудырды. Сондықтан берілген жіктелім барлық халықтың мақал-мәтелдеріне толығымен сәйкес келеді дей алмаймыз. Дегенмен қарастырылған І және ІІ топтардың 45 инварианттық тақырыптық жұптарына қазақ мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірілді. Тақырып аясы аса ауқымды, әрі кең болғандықтан ғылыми талдау жасау аса ыждаһаттылық пен уақытты қажет ететіні анық. Сондықтан, қазақ мақал-мәтелдерін берілген жіктелімнің ІІІ, ІV топтар бойынша талдауларын алдағы зерттеулеріміздің еншісіне қалдырғанды жөн көрдік.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақал-мәтелдері. – Алматы, 2007.

2.Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. Мақалалар, баяндамалар жинағы – Алматы, 2014.

3.Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. – Алматы, 1967.

4.Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, 1988.

5.Г. Пермяков. Основы структурной паремиологии. – Москва, 1988.

6.Бабалар сөзі: Жүзтомдық. Т.65: Қазақ мақал-мәтелдері – Астана, 2010

Кеңес Б.Е.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс магистранты

ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ БҰРЫНҒЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ ӘДІСТЕРІ

Этимoлoгия тiлдегi сөздердің шығу тегiн, төркiнін зeрттeйді. Сонымен қатар сөздің ең негізгі, алғашқы мағынасын табуға тырысатын ғылым саласы. Сөз төркiнiн aнықтау өтe күрдeлі жәнe қиын мәсeлe бoлып тaбылaды. Сол себепті де, сөздің бастапқы мағынасын ашу үшін түрлі әдіс-тәсілдер мен тілдегі принциптер қолданылады.

Этимология - тарихи лексикологияның үлкен бір саласы. Этимологияның зерттеу обьектісіне ғылыми талдаулар, нақтылы ғылыми принциптерге сүйеніп жасалады. Этимологиялық зерттеулерді кез-келген сөзге жасауға болады. Сөздің төркінін ашу үшін қолданылатын тілдік принциптерге тоқталып өтейік.

1.Фонетикалық принцип. Бұл принцип сөздердің алғашқы мағынасын айқындауға, туыстас тілдердің фонетикалық заңдылықтарына негізделеді. Этимологияның фонетикалық принципі белгілі

бір тілдің, ия

тілдік семьяның болмысына тән барлық

фонетикалық заңдылықтарды ескеріп

отырады. Түркі

тілдерінде мұндай заңдылықтардың

30

түрлі түрі бар: сингармонизм

(дауыстылардың лабиалды және палаталды үндестігі), дауыссыздардың ассимиляциясы, дыбыстардың өзгерісі (дыбыс алмасуы мен дыбыс сәйкестігі), дыбыстардың түсіп қалуымен редукция құбылысы, дыбыстардың ұзаруы мен кірігуі, геминация және созылыңқы дыбыстардың жасалуы, метатеза, апакопа және элизия, протеза, эпитеза, эпентеза, парагота, флексия, фузия, дауыстының шағылысуы және ашық буын, гиперагглютинация, гаплология, вокализация, дифтонгизация, фонетикалық деформация тағыда басқа түрлері бар. Этимологиялық зерттеу жүргізген кезде осы заңдылықтарды ескеру қажет.

2.Морфологиялық принцип.Тілдің тарихи дамуы барысында сөздің құрамындағы морфемалардың бастапқы ара қатысы, жігі өзгеруі мүмкін.Сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарын қарастыратын бұл принцип қазіргі таңда мағынасы түсініксіз сөздерді өзге тілдермен салыстыра зерттейді. Морфологиялық принцип негізінде кез келген сөздің түбір тұлғасын, оның құрамын анықтауға мүмкіндік береді.

373

3.Семантикалық принцип. Сөз төркінін анықтау барысында этимология ғылымының аяқ тірер критерийлерінің бірі – осы семантикалық принцип.Бұл қағида бойынша сөз мағыналарының өзгеру, даму жолдарын есепке алады.

Көп мағыналы лексикалық бірліктердің құрылымындағы алғашқы және туынды мағынаның күрделі қарым-қатынасын анықтау барысында этимолог ең бірінші сөздің алғашқы мағынасына назар аударып, соның негізінде ғана сөздің семантикалық мәртебесі анықтауы тиіс. Бірақ күнделікті тәжірибеде сөздің тура, атауыштық мағынасы кейінге ысырылып немесе жоғалып, сөздің шеткері мағынасына бағдар ауысуының нәтижесінде, этимолог жаңғыртудың қате жолына түсіп кетуі әбден мүмкін.

4.Генеологиялық принцип.

Бұл қағида бойынша тілдердің генеологиялық классификациясы, яғни олардың шығу тегінің бірлігіне қарай топтастырылуы көзделеді. Кейде белгілі бір тілдегі төл сөздердің этимологиялық байланысын ашу үшін, оларды сол тілмен туыстас, бір тілден тараған сөздермен салыстыру қажеттілігі генеологиялық принциптің бірден-бір шарты болып табылады.

5.Тарихи принцип. Этимологиялық зерттеулердің нысанына қатысты, тарихи деректерді дұрыс бағалап және түсіндіру үшін тарихи қағида қолдану қажет. Кез келген тілдің мәдениет тарихының экстралингвистикалық мәліметтері этимологиялық реконструкция жасауға мүмкіндігі бар бақылаушы факторлардың ролін атқарады. Көп жағдайда археологияның, этнографияның мәліметтері этимологтың бағдарын этимологиялық зерттеулерде таңбаланған релийлер мен ұғымдардың белгілі бір хронологиясына бұрады. Тіл ең алдымен этникалық ұжымның рухани және материалдық мәдениетпен тығыз байланыста болады. Сондықтан этимологтың этномәдени деректерге, тілдің этнографиялық фонымен материалдың негізіне тұрақты түрде назар аударуының этимология үшін маңызы зор. [2;20].

Жоғарыда келтірілген қағидаларға сүйену арқылы, сөздің алғашқы мағынасын анықтай аламыз. Сонымен қатар, сөз төркінін анықтаудағы қағидалармен қатар, әдіс-тәсілдерге тоқталып өтеміз.

Ең алдымен әдіс пен тәсілдің айырмашылығын анықтап кетейік.

Әдіс дегеніміз - дүниенің, қоғамның объективті заңдылықтары мен құбылыстарын тәжірибемен теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.

Тәсіл дегеніміз - әдістің құрамды бөлігі, сонымен қатар әдісті іске асырудағы жеке қадам. Ғылымның алға қоятын мақсаты - өз объектісін жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын,

заңдылықтарын ашып, айқындау. Ғылымды қызықтыратын нәрсе – әлі шешілмеген, белгілі болмаған, сыры ашылмаған жайттар, проблемалар. Сондықтан ғылыми зерттеу – белгісізді белгілі ету, ашылмағанды ашу, шешілмегенді шешу процесі.

Арнаулы зерттеу әдісінен туатын негізгі мақсатқа жету үшін зерттеуші ғалым қажетті фактілерді жинап, сұрыптап, қажетті жүйеге келтіруде, жинақтап қорытуда қолданатын көмекші іс жүргізу тәсілдері болады. Ондай жұмыс методикасы деп аталады. Басқаша айтқанда, методика дегеніміз

бақылау, есепке алу, салыстыру, эксперимент сияқты зерттеу тәсілдерінің жиынтығы. [1;219].

Қазіргі таңда ғылыми зерттеу ісінде жиі қолданылатын бірнеше тәсілдер бар. Соның бірі – бақылау тәсілі. Ғылымда ең жиі қолданылатын, кең тараған тәсіл. Өйткені, бақылай білмейінше қажетті фактілерді дұрыс жинап, олардың құбылыс сипаттарын дұрыс айқындап, дұрыс топтау мүмкін емес. Дұрыс бақылай білу дегеніміз - дұрыс қорытынды жасаудың кепілі.

Лингвистикалық бақылау – текстен белгілі бір деректі тауып, оның сөйлеу процесінде қандай құбылыстарға ұшырайтынын ескере отырып, зерттелетін категориялар құрамына енгізу түрі. Бақылаудың сәтті шығуы бақылаушының тілді жете білуіне, сезімталдығына, байқағыштығына тікелей байланысты.Бұл үшін лингвистикалық білім, қалыптасқан әдет-дағды, тәжірибе қажет.

Бақылау басқа да қосымша амал-тәсілдерсіз, жеке дара әрдайым нәтижелі бола бермейді. Бақылау

– бақылауға алынған элементтердің, формалардың өзгеріс-құбылыстарын, байқаған қасиеттерін есепке алу, сипаттау тәсілдерімен қатарласа жүреді. Себебі, бұларсыз бақылаудан туған ой түйіндерін бір жүйеге бір ізге келтіріп, жинақтап, оның дұрыс-терісін қайта тексеріп отыру мүмкін болмас еді. Сондықтан қажетті мәліметтерді есепке алу, оны сипаттау – ғылыми зерттеу істерінің барлық саласында да бақылаумен жарыстырыла қолданылатын тәсілдің екінші бір түрі.

374

Зерттеу жұмыстарында жиі қолданылатын тәсілдің үшінші түрі – мәліметтерді бір-бірімен салыстыра қарау. Салыстыру – тілдік фактілердің әрқайсысының өзіндік сипатын айқындауға, бірбірінен қандай өзгешеліктері барлығын жан-жақты ашуға, оларды дұрыс жіктеуге жәрдемдесетін тәсілдің бірі. Бұл тәсілдің, әсіресе тіл тарихын зерттеуде атқаратын қызметі салмақты.

Сонымен қатар, зерттеу жұмыстарында экспериментальды, картография, лексикографиялық

тәсілдер де қолданылады.

Экспериментальды тәсіл – ол тілдің фонетика саласын зерттеуде жиі пайдаланылатын методиканың түрі. Кейде оны аспапты методика деп те атайды. Оның аспаптары қатарына магнитофонды, кимограф пен осциллограф секілді құрылғыларды жатқызуға болады.

Лексикографиялық тәсіл – өте күрделі методикалардың бірі. Себебі, бұл тәсілдің құрамына бақылау, фактілерді есепке алу, оларды сипаттау, тілдік элементтерді бір-бірімен қарым-қатынаста қарау сияқты көптеген тәсілдер енеді.

Картографиялық тәсіл – тәсілдердің ішіндегі аса күрделісі. Мұны көбінесе лингвистикалық география немесе картографиялық тәсіл деп те атайды.Бұл тәсіл тіл білімінің диалектология саласында қолданылады. Соған қарай оны кейбір еңбектерде диалектография деп те атайды. Тәсілдің негізгі мақсаты - диалектілік ерекшеліктердің тараған аймақтарын арнаулы белгілер арқылы картаға түсіру, әрбір ерекшеліктердің жайылған шекарасын көрсетіп беру. Диалектологиялық зерттеулерде картографиялық методиканың қолданылуы –

бұл ғылымның үлкен табысы. Осы тәсілдің арқасында көптеген тілдердің диалектілік ерекшеліктерінің тараған аудандарын нақтылы айқындауға, оның тарихи себептерін ашуға мүмкіндік туды.

Тіл біліміндегі әдістер және олардың түрлері.

Лингвистикалық әдіс - дегеніміз тіл білімінде қолданылатын зерттеулер. Кейбір еңбектерде лингвистикалық әдістерді бір сөзбен филологиялық немесе гуманитарлық әдіс деп те атаушылық бар. Қазіргі таңда тіл білімінде лингвистикалық әдістердің көпшілікке танылған, зерттеу объектісі айқындалған бірнеше түрлері бар. Олар: сипаттама, салыстырмалы-тарихи, тарихисалыстырмалы, құрылымдық, математикалық, математика-логикалық әдістер.

1.Сипаттамалы немесе синхрондық әдіс.

Сипаттамалы әдіс – лингвистикалық әдістер ішіндегі ең көнесі. Тілге байланысты алғашқы зерттеулердің барлығы дерлік осы сипаттамалы әдіс бойынша жүргізілген. Сипаттамалы әдіс деген кезде, біз тілдегі құбылыстарды сипаттау деп түсінеміз. Бірақ бұл әдіс оданда көп ауқымды ұғымды білдіреді. Сипаттамалы әдіс тілдің әлеуметтік қолданысы үшін, тіл механизмінің элементтеріне және бөліктеріне сипаттама мен талдау жүргізу үшін, қолданылады. Бұл әдіс фонемалардың, морфемалардың, сөздердің, грамматикалық категориялар мен формалардың нақты сипаттамаларын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген элементтердің әрқайсысын формальды және семантикалық түрде қарауға болады.

Әлі күнге дейін нақты осы әдіс лингвистикамен қоғамның қажеттіліктерін толықтай байланыстырады. Әртүрлі тілдердің қолданыста қызмет етуі үшін, сипаттамалы әдіс негізінде көптеген сипаттамалы грамматикалары жазылып, қайтадан жазылу үстінде. Сонымен қатар, осы әдіс арқылы әртүрлі тілдердің түсіндірмелі сөздіктері жазылды.

Сипаттамалы әдістің жетістіктері жеткілікті, алайда толықтай танылмаған. Олар көбінесе басқада әдістермен байланысып жатады. Әсіресе салыстырмалы-тарихи әдіспен астасып жатады, себебі сипаттамалы әдісті салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырып, дамытқан ғалымдар негізін салды.

2.Құрылымдық әдіс.

Бұл әдіс тіл білімінде XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолданыла бастады. Бірақ бұл әдіс ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс. Құрылымдық әдісті тілді зерттеуге алғаш қолданушылар – Чехословакия мен Дания лингвистері. Құрылымдық әдіс қазіргі таңда дүние жүзіне кең таралған лингвистикалық ағымның бірі ретінде құрылымдық тіл білімі немесе структурализм деп те аталып жүр.

Бұл әдістің құрылымдық деп аталуының мынадай себебі бар. Әдісті қолданушылар тілді өзара тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын, біріне-бірі тәуелді бөлшектерден құралған біртұтас, бір бүтін құрылым ретінде қарайды. Құрылымдық әдістің міндеті – тіл құрылымын зерттеу. Тіл құрылымын зерттеуде қолданылатын әдіс, құрылымдық әдіс деп аталады. Бұл көзқарасты жақтаушылар, яғни құрылымдық әдісті қолдана отырып, тілдің құрылымын зерттеу – тіл білімінің бірден-бір міндеті деп санайтындарды – структуралистер деп аталады.

375

Тіл құрылымын зерттеу тіл білімі тарихында структурализмге дейін де болған, сондықтан структуралистердің өзіне дейінгілерден ерекшеліктері тіл құрылымын зерттеуінде емес, соны зерттеу тәсілдерінде, алға қоятын мақсаттарында.

Құрылымдық әдіс барлық елде, барлық жерде бірыңғай, бір мақсатта ғана қолданылмайды. Бұл әдісті қолданушылар арасында қайшылықтар да, ала-құлалықтар да жеткілікті.

Құрылымдық тіл білімі түгелдей дерлік жоғарыдағы сипаттама әдіске сүйенеді, соны қолданады. Бірсыпыра ғалымдар құрылымдық әдісті сипаттама әдістің жаңарған, жетіле түскен жалғасы дейді де, оны сипаттама әдістің құрамында қарайды, екеуін біріктіріп, синхрондық әдіс деген бір ғана атаумен атайды. Бұлай қарау негізсіз де емес. Өйткені сипаттама әдіс болсын, құрылымдық әдіс болсын тілдің белгілі бір дәуірдегі күйін, статикалық жүйесін зерттейді. Бірақ қолданыла бастау мерзімі жағынан болсын, зерттеу тәсілі, алға қоятын мақсаты жағынан болсын бұл екеуі арасында бірсыпыра өзгешеліктер де бар. [1;225]

3.Салыстырмалы әдіс.

Деректерді бір-бірімен салыстыра зерттеу – ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл.

Сол себепті де бұл әдіс барлық ғылымға тән, ортақ тәсіл деп есептеледі. Салыстыру арқылы салыстырылып отырған объектінің өзіндік ерекшеліктері, басқаларға ұқсастығын және өзгеше жақтарын айқындайды. Салыстырудың жолдары әр ғылымда әр түрлі болуы мүмкін. Тіл білімінде салыстырудың көмегі арқылы туыстас тілдерді де, туыс емес тілдерді де зерттеуге болады. Салыстырылатын фактілердің өзгешеліктеріне қарай салыстырмалы әдісті тіл білімінде үш түрге бөледі. Олар: салыстырмалы-тарихи әдіс, тарихи-салыстырмалы әдіс, салғастырмалы әдіс.

3.1Тарихи-салыстырмалы әдіс. Кейбір ғылыми еңбектерде зерттеу әдісінің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды. Бұлай аталу себебі: тілдік деректердің тарихын айқындау үшін қолданылады. Тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы өлі тілдерді, тарихи жазба ескерткіштерді салыстырып зерттейді. Осы орайда археология, этнография, тарихи деректер, диалектология секілді ғылым салаларының көмегі өз септігін тигізеді. Тарихи-салыстырмалы әдіс - тілдің өзгеру, даму жолдарын, ол өзгерістің заңдылықтарын және оған түрткі болған ішкі-сыртқы факторларды зерттеу үшін қолданылатын әдістің түрі.

3.2Салыстырмалы-тарихи әдіс.

Тіл білімінде ұзақ уақыт бойы салыстырмалы-тарихи әдіс ең негізгі болып саналды. Түркі тіл

білімінде салыстырмалы-тарихи әдіс Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінде қолданылған. XIX ғасырдың басы тіл білімі даму үстінде болды. Дәл осы кезде салыстырмалытарихи әдіс қалыптасты. Жаңа әдістің негізін салушылар неміс ғалымы Франц Бопп (1791-1867), дат ғалымы Расмус Раск (1787-1832), неміс ғалымы Якоб Гримм ( 1785-1863), орыс тіл білімінде Александр Востоков (1781-1864) болып табылады.

1818 жылы Франц Бопптың «Санскрит тілінің жіктелу жүйесі» атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте санскрит тіліндегі етістіктерді грек, латын, парсы, герман тілдерімен салыстырады. 1818 жылы Расмус Расктың «Исланд тілінің шығу тарихы» атты зерттеу еңбегі шықты. 1819 жылы Якоб Гримм «Неміс грамматикасы» атты ғылыми еңбегінің I томы жарық көрді.1820 жылы Александр Востоковтың «Рассуждение о славянском языке» атты еңбегі жарық көрді. Осы еңбектер негізінде салыстырмалы-тарихи әдіс қалыптасты.

Бұл әдістің негізгі мақсаты туыс тілдердің туыстық ұқсастықтарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар туыс тілдердің зерттеу арқылы ата-тілді анықтайды. Салыстырмалы-тарихи әдіс тілді адамзат тарихының бір бөлігі ретінде қарай отырып, тілдің уақыт бойынша өзгеруін зерттеп, салыстырады. Бұл әдіске тілге тарихи тұрғыдан қарау негізгі принцип болып табылады.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі өзінің салыстырмалы-тарихи әдісі арқылы әсіресе этимология ғылымының дамуына өз ықпалын тигізді. Салыстырмалы-тарихи әдістің жетістіктері арқасында Лейбниц пен Р.Раск этимологияны біршама маңызды көлемде қалпына келтірді. Ал Август Фридрих(1802-1887) болса, этимологияны ғылыми тұрғыдан дисциплина ретінде жасады. Этимологиялық зерттеулер туыс тілдер арасындағы дыбыстар заңдылықтарына, дыбыстық сәйкестіктерге және дыбыстық өзгерістерге құрылу керек. Негізінде үндіевропа тілдерінің салыстырмалы-тарихи фонетикасын Пизани құрастырды. Этимология фонетикалық заңдылықтар арқылы ғана нақты ғылыми дәлелдемелер келтіру арқылы ғана, этимологиялық қабілетіне ие болады.Фонетикалық заңдылықтарсыз этимология құр бос болжам ғана болады. Сөздің этимологиясын ашу кезінде, семантикалық деректерден гөрі, фонетикалық деректермен, дәлелдемелерге сүйену керек.

4. Математикалық әдіс.

376

Кейінгі жылдарда физика, химия, математика ғылымдарының тез қарқынмен дамуы нәтижесінде техниканың ролі мейлінше артты. Ол өмірдің бар саласына да кең тарала бастады. Күрделі есептер шығаратын, бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машиналар жасалып шығарылды. Содан барып математикада қолданылатын әдісті басқа ғылымдарда, солардың ішінде тіл білімінде де қолдануға болмас па екен деген сұрақ туды. Оған себепші боларлық кейбір жайттың тілде барлығы даусыз. Мысалы, тілдің құрылымында оның элементтерінің сандық шамасының да атқаратын ролі аз емес. Онда белгілі бір элемент, форма көп болса, екінші біреулері сан жағынан одан әлдеқайда аз болады. Бірі өнімді, актив қызмет атқарса, екінші біреулері өнімсіз, пассив болады, өте сирек қолданылады. Бұларды айқындау, есепке алу – ғылым үшін қажет нәрсе. Өйткені тіл білімі үшін тілдік элементтердің сапалық сипаты қандай мәнді болса, сандық сипаты да сондай мәнді.

Математикалық әдіс тілді күрделі есептер шығаратын, немесе тексті бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машинамен қалай жақындастыруға болады дегенді зерттейді. Кейбір ғалымдар математикалық әдістің бұл міндетін автоматтық анализ әдісі деп бөліп қарайды.

Математикалық модельдер үлгісін тілге де қолдану, тіл білімін де автоматтандыру талабы хабар, информация теориясы негізінде, соның қасиетінен туып, соңғы жылдары өте тез қарқынмен дамып келе жатқан кибернетика ғылымының әсерінен пайда болды. Бұл әдіс кеңес тіл біліміне 50жылдардың екінші жартысынан бастап ене бастады. Содан бергі уақыт ішінде ағылшын, француз тілдерінен орыс тіліне электрон машинасы арқылы аударуға бірнеше әрекет жасалды.

Математикалық әдісті тіл білімінде қолдануа бола ма деген мәселенің басы әлі ашыла қойған жоқ. Елеулі қиындықтарына қарамастан, математикалық әдіс, егер дұрыс қолдана білсе, тіл біліміне едәуір септігін тигізері анық.

5.Математика-логикалық әдіс.

Математика-логикалық әдіс салыстырмалы-тарихи әдістің негізінде қалыптасқан жаңа

әдістердің бірі. Бұл әдістің негізгі мақсаты тілдегі сөздердің шығу төркінін математикадағы жалпы негізгі ережелердің түсінігі арқылы, логикаға сүйене отырып, тілдегі болатын құбылыстарды анықтап, ең басты фонетикалық заңдылықтарды қолданып, сөздердің нақты, дәл этимологиясын анықтайды. Бұл әдісте лингвистикада іске қосуға тіліміздегі үнемдеу заңы, жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға, еріндіктердің езуліктерге айналу заңдылықтары, метатеза, сіңісу, жылысу, ығысу құбылыстары, дауысты дыбыстардың да, дауыссыз дыбыстардың да шыққан тегін, арғы тегін, түпкі тегін ажырата білу тәсілдері секілді құбылыстар елеулі үлес қосады. Математика ғылымындағы белгіліні пайдалана отырып, белгісізді қалпына келтіру әдісіне сүйене отырып, жоғарыда келтірілген тілдік құбылыстардың көмегімен, сөз төркінін анықтаймыз. Бір тілдің бүкіл даму динамикасын меңгеріп, барлық заңдылықтар мен құбылыстарды кешенді байланыста қарастырғанда ғана белгілі арқылы белгісізді табуға болады.

Сонымен қатар, біз математика-логикалық әдіс арқылы бір сөздің этимологиясын анықтауда тілдік дәлелдемелері жеткілікті болса, бастапқы мағынасын нақты келтіре аламыз. «Түбіртек теориясы» негізінде, кейбір білетін тілдеріміздегі негізгі сақталған базалық лексиканы пайдалана отырып, «барлық тіл бір тілден шыққан деген» теорияны дәлелдей аламыз.

Қазақ тіл білімінде этимология саласында нақты ғылыми дәлелдемелер арқылы сөз төркінін зерттеуші ғалым, осы әдістің негізін салушы, филология ғылымының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлының ғылыми-зерттеу еңбектерінен мысал келтірейін.

Б.Сағындықұлының «Қазақ тілінің тарихы» атты еңбегінде бұршақ сөзіне осы әдіс негізінде, сөзді алғашқы қалпына келтіреді.

Бұршақ - кішкене-кішкене домалақ мұз күйінде түсетін атмосфералық жауын-шашын. Сөз құрамынан протезалық б дыбысын бөлек ажыратқанда, қалған бөліктері түбіртек ретінде мағына бере бастайды: б+ұршақ>б+ұр+ш+ақ. Ұр – сабау, соғу, тоқпақтау ұғымдарын берсе, ақ – жоғарыдан төмен қарай жылжу ұғымында жұмсалған. Ал ш түбіртек сарқыншағы процестің дүркінділігін білдіріп тұр. Талдау барысында «не ұрғылап тұр» деген сұрақ туындайды. Құрамында б немесе п дыбысы бар, «домалақ» ұғымын беретін морфеманы іздестіре бастаймыз. Себебі, бұршақ сөзінің «домалақтан» басқа семалары ұр+ш+ақ бөлегінде қамтылған. Құрамында п дыбысы бар, «домалақ» ұғымын беретін сөз – доп~топ. Бұрынғы формасын қалпына келтірсек: до+б+ұр+ш+ақ. Тілімізде осы үлгіде жасалған сөздер бар ма? Су тиген соң ұн топаршақтанып қалыпты. Домаланып, түйір-түйір болып қалды деген мағынада. Топаршақ диалектілік сөз болғанымен, добуршақ үлгісінде тұр. [3;118]

Берікбай Сағындықұлының «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» атты еңбегінде «Әр тектес сәйкестіктер» атты тақырыбында «ғ~у, ғ~й» сәйкестіктері атты

377

тақырыпшасында қауын, қырау, бұзау сөздерінің бастапқы қалпын ашып көрсетеді. Бұл жерде Б.Сағындықұлы математика-логикалық әдіс негізінде, фонетикалық заңдылықтарды ескере отырып, «ғ~у, ғ~й» сәйкестіктері қате болжам екенін, ғалымдардың зерттеу жұмыстарын салыстырып көрсете отырып, дәлелдеп көрсетеді.

Жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» курсы бойынша дайындалған оқулықтарда өзге сәйкестіктердің қатарында осы сәйкестіктер де аталып жүр: «Сөз ортасында айтылған ғ дыбысы қазақ тілінде у-ға айналған: ағыр, ағыз, бағыр, ағна – қазақ тілінде ауыр, ауыз, бауыр, ауна болып дыбысталады. Кейбір фактілерге қарағанда ғ-ның ішінара й-ге ауысуы да болған: бағла – байла, йығыл – жыйыл, йығырыл – жиырыл, т.б. » деп М.Томановтың еңбегінде көрсетіледі. Ғалым бұдан кейін ғ-ның буын құрамайтын у дыбысына ауысуы сәйкестіктің негізгі көрінісі екенін, ал ғ-ның ішінара й-ге ауысуы сирек екенін ескертеді.

Б.Серебренников пен Н.Гаджиева ғ~у, ғ~й сәйкестіктеріне өзге түркі тілдерінен мынадай мысалдар келтіреді, ғ~у: ағыз (рот), тат. ауыз, карач.-балк. аууз; тоғ - (рождаться) к.калп. – тууды (родила), ног. – туудыр – (порождать); ғ~й: соғук (холод) азерб. – coiyk; бағ ног. – баіла (вязать) карач.-балк. баіла – бәіла – (Серебренников, Гаджиева, 1986, 45-46).

Ғ – тілдің түбі таңдайдың артқы шеніне тиюден жасалатын ызың, ұяң фонема; у – еріннің бірбіріне жуысуынан жасалатын ызың ауыз жолды сонор фонема; й – тілдің қатты таңдайға жуысуынан жасалатын спирант ауыз жолды сонор фонема (Аралбаев, 1988, 47,56, 60 б.) Б.Сағындықұлы: «Бұлар акустикалық-артикуляциялық жағынан бір-біріне ұқсамайтын әр бөлек фонемалар». Жоғарыдағыдай варианттардағы сәйкестікті ғ-ның ауысуы сияқты көрсетіп тұрған тетік тіпті қарапайым екенін айтады.

Қағун (дыня) (ДТС, 406); осы сөзден ең алдымен ғ дыбысы түсіп қалады: қаун. Бірақ қазақ тілі жүйесінде мұндай буын (+ун) болмағандықтан, у мен н-нің аралығына ы эпентезасы қыстырылады: қауын. Бар болғаны үнемдеу құбылысының әсері: дыбыстар орын алмастырған, басқаша айтқанда, ғ-ның орнына у жылжыған, ы эпентезасы пайда болған. Демек, ғ дыбысы у дыбысымен алмасқан жоқ.

Қырағу (иней, изморозь) (ДТС, 445); Көнетүркілік бұл сөз тілімізде былай қалыптасқан: у өзінен кейін келетін дыбыс болмағандықтан, эпентезаны қажет етпеген, түсіп қалған ғ-ның орнына жылжи салған. Сонда – қырау.

Бузағ – «теленок» (ДТС, 130); Бузағу – «теленок» (ДТС, 130);

Бұзау – «сиырдың алты айға толмаған жас төлі».

Көне түркі тіліндегі «бузағу» сөзі қазақ тіліндегі «бұзаудың» қалай жасалғанын көрсетіп тұрса, «бузағ» сөзі бузау сөзімен ғ~у сәйкестігін түзіп тұр. Дыбыстардың сәйкес келетініне қарап, ғ мен у алмасады деу қате. Мұны үнемдеу заңының әрекетінен пайда болған жай кездейсоқ сәйкестік деп түсінгеніміз жөн.

ғ~й сәйкестігі де осындай комбинаторлық орын алмасулардың себебінен қалыптасуы мүмкін. Алайда оның түзілуінде басқа заңдылықтың үлесі үлкен. Й түркі тілдерінің ежелгі, кейінгі дәуірлерінде бір буынды түбірлердің, қосымшалардың соңғы дыбысын жаппай ауыстырған. Сондықтан бұл сәйкестік те кездейсоқ сәйкестіктердің қатарына жатады.

Түркологияда тектес сәйкестіктер мен кездейсоқ алдамшы, әр тектес сәйкестіктердің жіктеліпажыратылмауы осы сияқты теориялық қателіктер жіберуге әкеліп соқты. [ 4;85].

Сонымен қорыта келгенде, Б.Сағындықұлының математика-логикалық әдісі арқылы біз дыбыстардың шығу тегімен, сөздердің шығу төркінін нақты анықтай аламыз. Ең бастысы логикалық тұрғыдан ойлана отырып, тілдегі заңдылықтарды орынды қолдану қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы: Мектеп, 1983 жыл. –219бет, 225бет.

2.Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. VI том – Алматы: Сардар баспа үйі, 2014. 11-12 бет, 20бет.

3.Сағындықұлы Б. Қазақ тілі тарихы. –Алматы: Қазақ университеті 2011ж. –120бет, 121-123 бет, 124бет.

4.Сағындықұлы.Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы, 2005 ж. –85-86 бет, 77бет, 232 бет, 227-228бет, 79-80 бет.

5.Древнетюркский словарь. – Л: Наука, 1969.

378

Қожахметова С.Р.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, А. Розыбакиев атындағы ОМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «АЛТЫН» ЛЕКСЕМАСЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация. В статье рассматриваются этнолингвистические особенности лексемы «золото» в

казахском языке. На основе конкретных примеров анализируются прямые и метафорические значения слова «золото».

Summary. The article discusses the ethno-linguistic features of the lexeme "gold" in the Kazakh language. On the basis of concrete examples, the direct and metaphoric meanings of the word "gold" are analyzed.

Тілде әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Қазақ тілінің мәдени лексикасының бір тобын асыл тастарға

қатысты атаулар құрайды. Біз асыл

тастардың, оның

ішінде

«алтын» лнексемасының қазақ

танымында қандай ұғым беретінін

қарастыра отырып,

тілдік

бірліктердегі ұлттық болмыстың

көрінісін анықтай түсеміз [1,34] Асыл тастардың қашан, қайда шыққанын ешкім білмейді. Бірақ, адамзат баласы ежелден

пайдаланып келеді деп айтуға болады. Мыңдаған жылдар бұрын асыл тастар ауру мен көз тиюден сақтайды деген түсінік болған. Қазіргі кезде де көп адам асыл тастардың айрықша қасиеті бар деп сенеді. Алғаш рет асыл тастар жөнінде Библияда айтылған екен. Сосын, ежелгі Египет жерінде египеттіктердің тұмар ретінде тағып жүргендігі де жазылған. Тас тағып жүру бәле-жаладан қорғайды деген түсінік болған.

Біздің дана бабаларымыз да асыл тастарды ерте заманда-ақ танып, оны пайдалана білген. Солардың қатарына Солтүстік және Батыс Қазақстан жерінен табылған біздің заманымыздан бұрынғы 2 мыңжылдықта тастан жасалған білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктерін, Бесшатыр зираты мен Есік қорғанынан қазып алынған ақықтан жасалған моншақтарды жатқызуға болады. Жалпы, Батыс Қазақстаннан табылған Сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрса, түрлі нифрит, ақық және тағы да басқа тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың бөліктері түрлі мұражайларда сақталған. Зергерлік бұйымдар ұлттың ғасырлар бойы жинақталған дәстүрін білдіреді [2, 97]

Ертеде байлар мен олардың әйелдері киімдерін небір асыл тастармен безендіріп, көмкергені белгілі. Қыз-келіншектердің өздері қандай көрікті болса, үстіне киген әсем киімі, тағынған сәнді бұйымдары оларды тіпті құлпыртып жібереді. Қазақ халқының да зергер, ұсталары ерте заманнан-ақ түсті металдардан сан алуан бағалы бұйымдар жасап, нәзік жандылардың көркіне көрік қосқаны, бізге жақсы мәлім. Этнограф ғалымдардың пайымдауынша, солардың ішінде әйел әшекейлері – қазақ қолөнерінің асыл мұрасы. Әшекейлердің түрлері:

1.Киім-кешектегі әшекейлер: бас киімге тағылатын сәндік бұйымдар, үстіндегі киім-кешекке тағылатын әшекейлер, белдіктер.

2.Денедегі әшекейлер: шашқа тағылатын, мойынға, басқа, кеудеге, иыққа, қолға, аяққа тағылатын зергерлік заттар.

3.Тұрмыстағы әшекейлер: денсаулыққа пайдалы әшекейлер, сәндік әшекейлер, зат салатын сәндік бұйымдар. Әшекейді жасауда басты мәнге ие болатын ерекше тұсы әшекейдің түрлі асыл тастармен безендірілуі.

Зергерлік әшекей бұйымдар байлық пен сәндік белгісі ғана емес, киім-кешек мәдениетінің ажырамас атрибуты да. Олар бірегей кешенді аксессуарларды құрап, киім-кешектің ғұрыптық, функциялық ерекшеліктерін, қолданыстық сипатын арттыра түседі. Қымбат әшекей бұйымдарды (сырға, жүзік, сақина, білезік, алқа, тұмар, диадемалар мен шолпылар) қалай тағу қажет, оның өзіндік қатаң қағидасы бар. Қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы,

379

саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылатын қыздың сән-салтанатты жасауы болып та саналады. Кейбір әшекейлер жас талғаса, кейбір әшекейлерді қыз-келіншектердің бәрі бірдей таға береді [3,110]

Әлемнің кемеңгер ақындары – Гете, Гейне, Омар Хаям, Байрон, Пушкин асыл тастарды өз шығармаларына шабыттана арқау еткен. Және олар тастардың сұлулығына ғана сұқтанып қоймай, сыйқырлы тылсым күші барына қатты сенген. Пушкиннің 1827 жылы жазылған «Храни меня мой Талисман» деген өлеңі – өзінің ортасына асыл тас қондырылған алтын жүзігіне байланысты туған екен.

Ертедегі адамдар тастарды түстеріне қарап, бір түрге балаған. Мысалы, қызыл тастардың бәрін «рубин» тасы деп, жасыл түстілерді «изумруд» тасы деп, бүкіл көк түсті тастарды «сапфир» тасы деп білген. Уақыт өте келе адамдар кейбір асыл тастардың өте қатты болған сайын, ұзақ уақыт сақталатынын, сатуға шығарса қымбат тұратынын білген. Асыл тастардың ішінде – Алмас өте қымбат, әдемі тас және қаттылық шкаласы бойынша – өте қатты тас болып есептеледі. Қымбат асыл тастар деп көптеген тастарды айтқанымызбен, қазіргі кезде нағыз қымбат асыл тастар деп төрт тасты ғана айтамыз. Олар: алтын(золото), гауһар (бриллиант), лағыл (жақұт,рубин)

Алтын (золото) – баға мөлшері үшін және қымбат заттар жасау үшін қолданылатын сары түсті қымбат металл. Алтын мен күмісті қазақ халқы ежелден бағалы асыл тастармен қатар қойып, кең түрде пайдаланып келеді. Бұл екі металл қазақ танымында – тас. «Алтын, күміс – тас екен, арпа бидай - ас екен» деген даналық сөз соның айғағы, және осы екі тас басқа тастарға қарағанда халқымыздың тұрмыс-салтында өте жиі қолданылған.

Мысалы, Сандық толы сары алтын, сапырып судай шашқан күн (М.Өтемісов) Тұрманының барлығын алтындатып, Күміспенен төрт аяғын тағалатты. Тоғыз нарға алтын мен күміс артып,

Бес жігіт тағы алды қызметкерге. («Қыз Жібек» жырынан).

Жырда Қыз Жібектің келбетін баяндағанда «алтын» сөзі көп қолданылған: Сексен түйе үстінде, Алтынды жағдан орнаған...

Екі көзі жалтылдайд, Патшаның алтын тонындай...

Аузынан шыққан лебізі,

Сары алтынның буындай...

Көш алдында бәйбіше,

Сары алтыннан жабдығы Бұл сөздің шығу тарихы жайында бірнеше пікірлер бар: 1) Кейбір зерттеушілердің айтуынша, бұл

сөз монғол тіліндегі алтан // алтин – «қызғылт мыс» деген сөзден шыққан («Қаз. Қаз. Тілі» 57; Пекарский, Сл. Якут. Яз. 82). 2) Басқа біреулер алтынның түсіне қарай түркі тілдерінің көбінде қолданылатын ал – «ашық қызыл, от тәрізді түс» деген сөзді негіз етіп алады (Lokotsch, Etym/ wort. 5).

Тіл мен этнос, тіл мен рухани мәдениет арасындағы байланыс этнография қарастыратын мәселелердің де ауқымына кіретін белгілі бір халықтың салалық лексикасымен байланысты болғанда ерекше аңғарылады.

Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған. Мысалы: алтынның сынығы (жақсы адамның ұрпағы, жақсының көзі) деген фразеологизмнің негізінде сынған алтын бейнесі елестейді. Басында осы мағынада шыққанымен, қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, адамға байланысты айтылады. Сол себепті т.б. фразеологизмдердің жасалуына да, сөз жоқ, адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы себеп болғандығын танып білуге болады [4,62]

«Алтын» сөзіне қатысты сипатталатын фразеологизмдердің көпшілігі адамға сәйкес ерекшеліктері бар яғни әрбір тастың өзіндік қасиетін, сырт пішінін, түсін, өзіне тән тарихын және қолданылуын сырт көзбен қарап, бейнелі түрде салыстыру негізінде жасалған. Бір жағынан, адамзат әлеміне яғни адамдардың қоғамдағы өзара қарым-қатынасына және олардың әр түрлі тіршілік

380

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]