
87
.pdfДжакибаева Г.Д.
Алматы облысы, Панфилов ауданы, А. Розыбакиев атындағы ОМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ САН ЕСІМДЕРДІҢ ЭТНОЛИНВГИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Аннотация. В статье рассматриваются этнолингвистический аспект имен числительных в казахском языке, а также проблемы взаимосвязи языка и мышления, языка и национального сознания. Выявлены особенности фразеологических единиц с компонентами -числительными.
Abstract. The article considered ethno-linguistic aspect of the numerals in the Kazakh language, as well as the relationship problems of language and thought , language and national mentality. Identified the peculiarities of phraseological units with numerals –components.
Бүгінгі таңда тілді этнолингвистиалық тұрғыдан зерттеулерді саралау, тілдегі ұғымдық бірліктерді - концептілерді жүйелеу, оларды когнитивтік парадигма тұрғысынан жіктеп, жүйелеу – қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.
Әр халықтың тілін сол халықтың ұлттық болмысының, санасы мен салтынан тыс бөлуге келмейді. Әрбір ұлт өзін қоршаған ортадағы заттарды, нәрселерді, құбылыстарды, дүниені, ғаламды өзінің таным-түсінігіне, дүниені қабылдауына байланысты қабылдайды, тілінде бекітеді. Адам баласы өзін қоршаған шындық пен дүниедегі алуан түрлі құбылыстармен және олардың сапалық сипаттарымен тіл арқылы танысып, тіл арқылы сіңіреді. Соның нәтижесінде әр тұлғаның өзінің тілдік санасы мен тәжірибесі қалыптасады.
Қазіргі кезеңде тіл біліміндегі көптеген зерттеу жұмыстары тілдік құбылыстарды «тіл – этнос, тіл
– мәдениет, тіл – қоғам» мәселесі тұрғысынан зерттеуге бағытталған. Тілдің табиғатын тануға, сондай-ақ тілдік бірліктер мен таңбалардың «концептуалдық» өрісін ұлттық тұрғыдан қарастыруға арналған еңбектер аз емес, десе де танымындық, концептуалдық тұрғыдан тіл әлі де болса терең зерттеуді қажет етеді [1, 23].
Қазақ тілінде өзіндік сыры бар байырғы сөздердің бірі – сан атауларына қатысты тілдік бірліктер. Бұл жерде сан атауларынан жасалған күрделі атауларды – тілдік бірліктерді ақиқат өмірдің үзігі ретінде қараудың мәні ерекше.
Қандайда бір ортақ тіл иелерінің ұжымы бар жерде сан да бар. Себебі сандар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бір-біріне қатысты мөлшер, көлемін анқытаудан туындап, адамның дүниені тануының бір құралына айналған. Қазіргі кезде сандар кез келген ғылымның мазмұнына еніп,сол ғылым үшін қызмет етіп келеді. Сонымен бірге қай тілде болмасын ұлттың сандарға қасиет бергені байқалады. Сан атауларына қасиет беру, оны киелі санау дәстүрі – көптеген халықтарда тым ертеден келе жатқан құбылыс. Мәселен, жапондықтарда бұл «сан туралы ілім» деп аталады. Бұл ілім бойынша бірбір сан атауы тоғыз планетаға сәйкес келеді. Осы планетаға байланысты әр санның өзіндік ерекшелігі болады. Бір санына – Күн, екіге – Ай, үшке - Юпитер, төртке - Сатурн, беске – Меркурий, алтыға - Венера, жетіге – Уран, сегізге - Марс, тоғызға – Нептун телінген. Шумерлерден бастау алған мифологияда сандар жалпы тақ сандар, сиқырлы сандар, магиялық сандар, ретінде қалыптаса бастады. Осы деректер негізінде сандардың психолингвистикалық, логикалық аспектілері ескеріліп, қазақ тіл білімінде де қазақ ескіліктері тілдің танымдық қызметі тұрғысынан, тіл мен миф сабақтастығында қарастырыла бастады. Соның негізінде, мысалы, сандар арқылы адамның тағдырын да болжауға белгілі болды.
Ежелгі Грецияның әйгілі философ математигі Пифагордың (б.з.д. 560-500 ж. шамасы) сан жөніндегі ілімі санды құдірет тұтып, әлемді сандар жүйесі деп қарайды, заттар мен адамды, рухани дүниені санға балап, өнердің өзін сандық қатынастар гармониясы ретінде дәріптейді [2, 238].
Қазақ тіл білімінде сандар І.Кеңесбаевтың, сонымен бірге Ә.Хасенов, Ә.Қайдар, Н.Уәлиұлы, Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, Н.Оралбаева, Т.Сайрамбаев, Ж.Байзақов, А.Машанов, А.Елешева, Қ.Ғабитханұлы, Г.Шаһарман, Қ.Тажиев, Қ.Дүсіпбаеваның еңбектерінде әр түрлі аспектілерде қарастырылды. Осы тұста сан есімдерді жете зерттеген Н.Я.Маррдың мына пікірін келтіре кеткен
331
орынды: «Если возьмем из совремнной, тем более древней человеческой речи культовые термины и слова морали, легче всего понять, какая исключительная роль сыграна в этом отношении числительными в сметании как плевелы взращивавщихся классово-культурным человечеством граней и т.н. племенных и национальных, и социальных» [3, 14]
Қазақ халықының тарихындағы материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыс-тіршілігінің деңгейін бейнелейтін, яғни этнос өмірінің декеккөзі болар белгілі бір сандарға қатысты біртуар, үш жүз, бес қару, төрт құбыла, алтыбақан, бес саусақ, екі дүние, қырықаяқ, Жетіқарақшы, бесатар,
үш жұрт, сегізкөз, сегізаяқ, қырықбуын сияқты күрделі атаулардың әлеуметтік мәнділігі кең. Өйткені олардың мән-мағынасы жұртшылыққа, яғни тілдік ұжым мүшелерінің барлығына дерлік кеңінен түсінікті. Осыған қатысты жұртышылқтың бәріне ортақ қолданыстағы сөз және сөз орамдарын «әлеуметтік мәнділігі кең атаулар» деп алуымыздың тағы бір себебі – оның тек әдебилігі ғана емес, сондай-ақ тілдік бірліктердің мәдени мазмұнының да ұғынықты болуында. Сондай -ақ сан ұғымдарымен байланысты бес саусақ, төрт жақ, екі дүние т.б. атаулардың не нәрсе туралы екені көпшілікке түсінікті. Ал жанды тоғыз, жансыз тоғыз, аяқ тоғыз, төрт кітап, көктен түскен төрт қылыш, он сегіз мың ғалам, сегіз пейіш, жеті тозақ, төрт тұрман сияқты т.б. күрделі атаулардың мән-мағынасы жалпы жұртшылыққа белгісіз. Сондықтан бұлар әлеуметтік мәнділік деңгейі шектеулі астырт құрылым ретінде көрінеді[4, 36].
Қазақтың ел қалаған үш биінің бірі Қазыбек бидің көңілін сұрай келген Бұхар жырауға бірден онға дейінгі санның мағынасын айтып берші депті. Сонда ол:
Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз – егесіп өткен ел жаман.
Үш дегеніңіз – білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман. Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатыңа жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған жаман.
Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Осы жолдардың әрқайсысы қазіргі күнде нақыл, өсиет сөз түрінде халық тілінде қолданылады. Енді қазақ тіліндегі символикалық мәні басым сан есімдердің бірқатарына тоқталайық.
Бір саны. Бір санымен тіркесіп келетін заттың, нәрсенің мөлшерінің, арасының аз, жақын екенін білдіретін тіркестер қазақ тілінде бірталай. Мысалы: бір уыс «бір рет тамақ жасауға жететін арпа, бидай, тары» т.б., бір асым (ет), бір аттам «өте жақын жер», бір жапырақ «азғантай, аз», бір жұтым «бір ұрттап жұтарлық», бір киер «оқта-текте бір киетін», бір тұтам «1. бір сығым; 2. өте қысқа», бір түйір «аз, кішкентай ғана», бір тілім «бір ғана кесіп алған», бір үзім «жарым-жарты бөлшек», бір шайнам «тіске басарлық», бір шөкім «азғана, кішкентай» және т.б.
Екі саны. Қазақ тілінде екі сөзі фраземалар құрамында жұп соматикалық ұғымдармен де келеді.
Мысалы: жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты, екі езуі екі құлағында; аяқ – екі аяғын бір етікке тықты; иық – екі иығынан демін алып отыр, екі иығына екі кісі мінгендей, екі иығын жұлып жеді; көз – екі көздің бірі, екі көздің шарасы, екі көзі алдында, екі көзі су қараңғы, екі көзі төрт болды, екі көзі шарасынан шыкты, қол – екі қолы алдына сыймады, екі қолы жағасында болды.
Үш санының символдық мәніне келер болсақ, халық ерте заманнан-ақ түрлі құбылыстарға баға беріп, олардың кейбір қасиеттеріне ерекше көңіл бөліп, оларға бақылау жасаған. Олардың ортақ қасиеттерін саралап, санамен түйіп, оның ізін өз тілінде сақтаған (үш жұрт, үш күндік пәни, үш қайтара сәлем беру, үш қайнаса сорпасы қосылмау және т.б.).
Төрт саны. Қазақ халқында киелі сандар қатарына жатпаса да, өзіндік ерекшелігі бар, ерекше қолданысқа ие болған жұмбақ сандар қатарына жататын төрт сан есімімен келетін сөз тіркестері өте көп. Ең бірінші, төрт сан есімінің ерекше қолданысқа ие болуына әсер етуші фактор - көне мифология. Бүкіл әлемді алып бәйтерекке теңеп, оны мүшелеуі әлемді де төртке бөлуден көрінеді. Ол статистикалық тұтастықтың образы ретінде қабылданады. Тұрақтылықты қажет ететіннің барлығын өзіне тартатын ең тұрақты құрылым ретінде ол тіпті, дүниенің бар бұрышын, үйдің қабырғасына дейін қамтиды. Осы тұрақтылық қасиеті басым төрт сан есімі тұрақты тіркес құрамында сандық ұғымнан гөрі негізгі, басты мағынасында жиі ұшырасады. Мысалы: төрт түлік, төрт тарап, төрт құбыла, төртжолдың торабы, төрт құлақ, екі көзі төрт болды, төрт көзі түгел, төрт тағандау, төртпақ, төрт бұрыш, түн ұйқысын төрт бөлді т.б.
332
Қазақ тіліндегі бес аспабы сайлаулы «бар қаруы дайын, жау-жарағы әзір» фраземасы бес қарудан шыққан. Бес қару тартыспақ – садақ, атыспақ – мылтық, шанышпақ – найза, сүңгі, шабыспақ – қылыш, алдаспан, салыспақ – шоқпар, айбалта. Ертедегі түсінік бойынша, ержігіттің бес қаруы болуы керек, ол әрқашан дайын тұру қажет.
Бес саны. Тілімізде бес санына қатысты да ұғымтүсініктер көптеп кездеседі. Тілдегі бес аспап «қолынан бәрі келетін шебер, барлық іске икемді», бес саусақтай біледі «жатқа біледі, жетік біледі», бес биенің сабасындай «толық, ет жеңді» фраземаларында «өте жақсы», «керемет» семаларының мағыналары бар.
Бес санының магиялық, жұмбақ сырын бес асыл, бес дұшпан деп жырлаған Абай өлеңінің жолдары да дәлелдей түседі:
Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол Адам болам десеңіз... (Абай).
Алты санының мағынасында өте көп, шексіз, шетсіз семасы бар. Бестік санау жүйесінен кейінгі (көп мағынасындағы) алты саны да халық ұғымында алыстық, күштілік, кереметтік, қаһарлық мағынасы бар. Алты аласы, бес бересі жоқ «айдаладағы, алыс: біреу», алты арыс «ірі-ірі рутайпалары, туыстық жағынан жақындар», алты алаштың баласы «күллі қазақ, тұтас», алтау араз болса «өзара араз, береке болмаса», алты қабат аспанның ар жағында // алты қырдың ар жағында
// алты қырдың астынан «алыста, қиырда» фраземаларында алыс, көпшілік, біртұтас мағыналары басым болса, алты басты айдаһар «айбарлы, күшті, дүлей», алты батпан «аса зор, үлкен, тым ауыр», алты батпан азап «ауыр жол, қиянат-қасіреті мол өмір», алты малта ас болмай «басқа қиыншылық күндер туып, жартымсыз тамаққа көну», алты қанат ақ үй // алты қанат ақ орда «үлкен, еңселі, салтанатты», алты құлаш ақ найза «батырларға арналған ұзын қару» идиомаларында күшті, қаһарлы, үлкен, ұзын, дәу, өте зор мағыналары басым.
Жеті негізінде жасалған нақыл сөз, тақпақ, мақал т.б. фразеологизмдер едәуір. Бұларда көне дәуір салт-санасының ізі сақталған.
Жеті санының ой-санадан мықтап орын алғаны сондай, бір нәрсені шығаннан шыққан күш деп білсе, адам түңілерлік етіп, жеті санын қосып, қазақ ат қойып, айдар тағып алады; жалмауыздың,
айдаһардың ең зорын қазақ жеті басты жалмауыз, жеті басты айдаһар (жеті басты аждаһа)
дейді.
Тілімізде жеті атамнан мұндай пәлені көргенім жоқ (жеті ата, жеті мұстанымда мұндайды көргенім жоқ) деген сөз бар. Біреуді түгін қалдырмай, үрім-бұтақтан бері қарай сыбап, балағаттағысы келсе, қазақ – «жеті ата», «жеті мұстыдан» немесе «жетпіс жеті атадан» келеді.
Жеті сөзі бір топ мақал-мәтелдермен ұласып жатыр: жетіге келгенше, жерден таяқ жейді; алып алты, жеп жеті болмайсың; жетімнің құрсағы жеті қабат [жетімнің жеті қарны болады];
кедейдің жеті қаңтаруы бар («... кесірі бар» деген мағынада), т.б.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қайдар Ә. Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А.: Ана тілі , 1998, - 304 б.;
2.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным. №4. 2001, 39-44 бб.;
3.Марр Я.Н. О числительных // Языковые проблемы по числительным. – Л.: ЛГУ. 1927. – 270 с.;
4.Уаңкі М. Түркі тілдес халықтардағы сырлы сан 7 мен 40-тың тегі туралы. // Мұра, 1988, №3, 54 б.
333
Есентемір Н.С.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің 4-курс студенті
Ғылыми жетекші: Әміров Ә. Ж.
әл-Фараби ат.ҚазақҰлттық университеті
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ЛЕКСИКА
Жалпы тілден, әдебиеттен хабары бар кез-келген адам әскери лексика терминін естіп-көріп жүргені анық. Қазіргі кезде әскери лексиканы қолданамыз деп айту әсте қиын. Оларды біз тек көне заман шығармаларынан, хандық дәуірі кезіндегі жырау-ақындарымыздың шығармаларынан кездестіреміз. Оларды кездестіргенімізбен, мағынасын түсінбей жатамыз. Бұл әскери лексиканың қазіргі кезде мағынасының көмескіленуінен деп түсінуге болады. Ендігі мәселе, осы көне шығармаларда біз байқап-байқамай жүрген әртүрлі әскери сөздер қызметі жағынан да әркелкі екенін айтуға болады. Олардың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:
1.Әскери қару-жарақ атаулары;
2.Әскери атақ-дәреже атаулары;
3.Әскери киім-кешекке қатысты атаулар;
4.Әскери іс-әрекетке қатысты тіркестер;
Әскери лексиканың қолданылуына қарай бөлінген түрлеріне тоқталсақ:
1. Әскери қару-жарақ атауларын мылтық, адырна, дулыға, сауыт, қалқан, жебе, садақ, оқ, шарайна, айбалта, сүңгі, қу жебе, көк жебе, сұр жебе, ақ найза, ақ семсер, ақ алмас, семсер сияқты тағы басқа сөздер құрайды.
Садақ сөзіне келер болсақ, садақ - ағаштан доғаша иіп немесе иілген іспетті екі бөлікті жалғастырып, екі ұшын қайыспен керіп, сол кермеге оқ салып, тартып ататын өте көне заманнан келе жатқан қару. [1]Садақ кейбір түркі тілінде қарудың өзін емес, оның қабын, сауытын білдіреді немесе жақтың бүкіл жабдығымен қоса аталған жалпы атауын білдірді. Былғары садақ, көн садақ, бұқаржай, көннен жасалған қап.
Мысалы:
Қарағайдан садақбудырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт [2] (Қазтуған жырау)
Қылыш – шауып түсуге ыңғайлап болаттан істелген өткір жүзді, ұзындау келген, тұтқалы имек қару. Қазақ әдебиетінде қылыштың төрт түрі бар делінген. Қайқы, тура, қамқам, самсам. [3]
Мысалы:
Білейін мен жаман күн Болатсыз қылыш кесерін. [2] (Доспамбет жырау)
Найза – ұшы істік, металдан істелген ұзын ағаш сабы бар, қадалғыш немесе лақтырмалы соғыс қаруы. Алғашқыда ұшы ұшталған таяқтан жасалады. Бертін келе ұзындығы 1,5-5 м дейін жететін ағаш сапқа тастан немесе сүйектен үшкір ұш орнатылған түрлері шықты. Қазақ батырлары мен жауынгерлері найзамен қаруланды.
Қамыстың басы майда, түбі сайда Жәнібек Шақшақұлы – болат найза, - дейді. (Тәттіқара)
Қазақтар төрт найзаның басын біріктіріп, ортасына әлгі қазақты «қара найза» астына отырғызады. Оны жалаң қылыш ұстаған бір солдат күзетті. Қазақтар бұл жорадан қатты ұялатын көрінеді, тіпті бір ерекше масқара деп те санаған. Сонымен қатар, үй турылығының сыртына шығарылған сүңгі найза бұл шаңырақ иесінің сұлтан не ұлық екенін дәлелдейтін белгі болып саналады. [4]
2. Әскери атақ-дәреже атауларына әскербасы, хан, әскер, қарауыл, қол сияқты тағы басқа да сөздер жатады.
334
Қол – әскер, қарулы топ. Тегіс сойыл, найза, айбалта, шоқпар ұстаған шабуыл мен соғысқа әзірленген қол. [5] Жетіншітілектілеңіз Желкілдеген ту келіп, Жерқайысқанқолкеліп...
3. Әскери киім-кешекке қатысты атаулар көбе, кіреуке, сауыт, дулыға, қылшан, қаттау т.б сөздерді жатқызуға болады.
Көбе – сауыт. Ерте кезде батырлардың киген сауыты, темір қаптама. Оның екі түрі бар:
1.Жүрек тұсы, білекті, иықты садақ оғынан, қылыштан қорғау үшін жалпақ темірден жасалған
сауыт.
2.Бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мысты, кейде алтынды қатпарлап тізіп немесе метал шынжырларды біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасаған.
Күлікке тастай болып тимесе, Үстіме көбесайлап кимен-ді!
Дулыға – соғыста оқтан сақтану үшін киетін бас киім. Дулығаның екі жағымен артқы етегіне темір тор ілініп, адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді тұтас жауып тұрады. Дулыға батырдың басын сойыл, шоқпар, қылыш және садақ оғынан сақтауға арналған. [3]
Дулығамның төбесі Туған айдай болмаса Батыршылық сүрмен-ді! (Шалкиіз жырау)
Қылшан – оқ қабы. Ертедегі батырлардың жебе салып жүруі үшін жылқының қылынан істелген оқ қабы қабы, қорамсақ.
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт.
(Қазтуған жырау)
Берен – көне,
1.Болаттагн жасалған батырлар киімі. Болат тақталары астарына іш жағынан бекітілген тақталы
сауыт.
2.Асыл болаттан жасалған семсер немесе қылышты да берен деп атаған.
Айдын шүйсең – тарлан шүй, Көтерілген сона құтылмас. Жауға кисең – беренки, Егеу мен болат өте алмас.
Сауыт – садақ, қылыш, найза т.б. осы сияқты қару-жарақтардан қорғануға арналған киім. [6] Ал енді сауыт болса тіптен жақсы, металдан кіреуке тоқытуға жағдайы келе бермейтіндер сыртқы
киімнің ішінен астыңғы қабатына көн қаптап, арасына жүн салып сырылған сауыт киген. [7]
4. Әскери іс-әрекетке қатысты тіркестерге жорық, дұшпан, жау шабу, топ бастау, оқ тию, тепсіну, ат сайлап міну, талқан ету, күлін көкке ұшыру, қол келу, садақ салу, соғысу сөздерін жатқызуға болады.
Мысалы:
Еңсегей бойлы Ер Есім Сырым саған түзу-ді
Садаққа салған бұлындай Жұмыскерің мен едім Сатып алған құлындай. (Жиембет жырау)
Екі арыстан жау шапса, Оқ қылқандай шаншылса, Қан жусандай егілсе, Аққан судай төгілсе,
335
Бетегелі Сарыарқаның бойнда Соғысып өлген өкінбес! (Доспамбет жырау)
Қорыта келгенде, жыраулар поэзиясы тұнып тұрған әскери сөздерден құралған. Жыраулар поэзиясы 15-18 ғасырлардағы қазақ халқының саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен бағалы. Әскери лексиканың қолданылу аясы өте кең, соның ішінде ерекше зерттелген әрі көп кездесетін шығармалар – жыраулар поэзиясы. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы – туған ел, елдің бірлігі, бүтіндігі. Оның лексикалық қабатының негізін әскери лексика құрайды. 15-18 ғасырларда қолданылған әскери лексика қазіргі әдеби тілімізден де орын алып отыр. Сондықтан қазақтың әдеби тілінің қалыптасу кезеңдерін қарастырудың маңызы өте зор.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Р. Сыздықова «Сөздер сөйлейді»
2.«Жеті ғасыр жырлайды» 1-том, 2008ж
3.А. Құралұлы «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі»
4.Адольф Янушкевич «Сапар күнделігінен»
5.Е. Жанпейісов «Абай жолы эпопеясының тілі»
6.М. Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі»
7.З. Бронислав «Қазақ даласының өмірі»
Әбутәліп О.М.
Ф.ғ.к., доцент, Халықаралық бизнес университеті, Алматы қ., Қазақстан
АМАЛ АТАУЛАРЫНЫҢ ТІЛДЕ БЕЙНЕЛЕНУІ
Резюме.В данной статье говорится об особенностях при изменении погодных условий, происходящих в течении года, о смысловом понятии «жеті амал» (специфика обозначения определенного времени года), и их выражение в языке.
Summary.This article is about features of weather conditions, when undergo changes that occur during the year, as well as semantic concept “zhety amal” (specifics of the determination of a particular season of the year) and their expression in the language.
"Амал" деп жыл ішінде белгілі бір уақытта қайталап келіп отыратын ауа райының ерекше өзгерісін айтады. Осы мағынадағы амал сөзі "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне" кірмей қалған. Амалдар бірнеше күннен бірер жетіге дейін созылуы мүмкін: мысалы, "текенің бұрқағы", "бес қонақ
— бес ешкі", "наурыздың ақша қары", "құралай", "кіші қазан", "үлкен қазан", "қараша", т.б. Сол секілді ауа райының ерекше мезгілдері февраль айында — ақпан, июльде – шілде, августе – тамыз деп білеміз. Мұндай мезгілдер әдетте отыз күннен аз не көп те болуы мүмкін. Мысалы, қырық күн шілде.
Енді осы қазақша ай аттарына байланысты қолданыстарға көңіл аударалық. «Мен туыппын ақпандатқан боранда» («Қазақ әндерінен»), «Жыр басталды дауылды — ақпандатқан борандай» [1]. «Еске алады қыстағы ақпандатқан әр айды» [2].Осы жолдарда ақпан сөзінің ай мағынасында емес, ауа райының ерекше мезгілі ретінде айтылғандығы даусыз.
Наурыз сөзінің ай аты емес, жыл басы, қазақтардың ғана емес, бүкіл мұсылман халықтарының мейрамының аты екені белгілі.
Мамыр сөзі ай аты мағынасында кең қолданылатын сөз емес. Көркем мәтіннен алынған мына мысалға назар аударуға болады: "Ендеше біліп алғын, бала, жаңаша май", ескіше "мамыр", шаруалар тілімен "сәуір", ал аңшылар тілімен айтсақ "құралай айы" дейді мұны [3]. Тамылжыған мамырдан
май тамып тұр [4].
336
Маусым атауы шөп шабу, пішен дайындау маусымына байланысты болса, қыркүйектің қойешкінің шағылысу кезеңін білдіретіндігін кез келген қазақ біледі.
"Қазан соқты, келді күз" (I. Жансүгіров), "Қазан соққан көк егіндей" (Ө. Қанахин) деген жолдар қазанның амал екенін көрсетіп тұр.
Осы ай аттарына жан-жақты талдау жасаған I. Кеңесбаев өзінің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» кітабында «желтоқсан әуелде қыстың үш айының да аты болуы ықтимал» деген пікір айтады
[5, 634 б.].
Жалпы халық арасында жыл, айға қатысты атаулар түрлі-түрлі болып аталады. Оның басты себебі - араб және парсы, орыс тілдерінен еніп, қазақша ай аттарының орнын басып, тілдік қолданысқа аралас жүруі. Сондықтан күнтізбе жүйесіне қатысты лексикалық бірліктерге лексикологиялық талдау жасай отырып, әдеби тілге қатысты атауларды бір бөлек, диалектизмдер мен кәсіби сөздерді амал атауларын бір бөлек анықтау қажет.
Мәселен, отамалы деген сөз ай атауы деп танылатын пікірлер көп, бірақ қалыптасқан қолданыстағы он екі айдың ішіне бұл сөз кірмейді. Ондағы екі айдың арасында болатын кәсіби шаруашылыққа негізделініп, сол шаруа науқаны басталған уақытты атау мақсатында қолданылады. Сондықтан отамалыны кәсіби сөз деп тану керек сияқты. Сондай-ақ қазіргі ай аттарын тұрақты қолдану барысында апрельді араб-парсы тілінен енген сәуір атауымен аталып жүр. Халықтың табиғи құбылысқа сай алған «көкек» деген атауы бар. Осы сөзді тұрақтандырған дұрыс болар еді. Әрбір ай атының көне атаулары болады.
Әрбір айдың жанаса жүретін атаулары бар. Олардың өзіндік ерекшелігі табиғат құбылысын көрсете алатындай сипатында деуге болады. Айға жанама ат қоюдың уәжі табиғат құбылысымен байланысты. Мәселен, наурыз айында қар еріп, жаңбыр жиі жауа бастағандықтан халық арасында оны жылауық ай деп атайды.
Жазба күнтізбесі болмаса да, жыл он екі айды өзінше зерттеп, зердесіне түйген қазақ он екі ай ішіндегі әртүрлі амалдарды атадан балаға мирас қып, сабақтай білген. Жыл басы Наурызды ел асыға күткен. Қиыншылығы көп қыстан малды аман алып, шығамын ба деп, қардың тез кетерін, не кетпесін болжаған. Осы күнгі күнтізбесі бойынша 14-наурыз күні қыс бойы аттылы кісіні көтеріп кететін қар бетінде жатқан құмалақ өз салмағымен батса, жаз тез шығады дескен. «Қардың басын қар алар» деген сөз өліраға, яғни 26-28 наурызға келетін сияқты. Ол күндері жапалақтап қар жауып, іле еріп, не жаңбыр сіркірейді. Бұл қарды ел «құсқанаты» деп атаған. Наурызда (14 наурызда) «жаз жұлдызы» туған.
Ал Отамалыдағы ызғырық қара суық өте жайсыз. Сондықтан «сәуір болмай, тәуір болмайсың» деген сөз қалған. Сәуір туғанда алғаш күн күркірейді, бөлек-бөлек «жаз бұлты» шығады. Онан соң бір-екі күнгі жылымық 17-19 сәуірде болатын жаңбырмен, суықпен ауысады. Отамалының 25-27 күндері «Тобылғы жарғанның» қара суығы өтеді, тобылғы бүршіктейді. Көкек айының 17-25 шамасында өтетін «Құралайды» да қазақ ырым еткен. Құралайдың жаңбырлы болуы егін-шөптің молдығының көрінісі деп те есептеген.
Шілденің аптап ыстығынан кейін саршада туатын Үркер бір-екі күндік жүріп өткен жаңбырмен ауаны шайып өтіп отырған, мұны ел «Үркер толғағы» деп атайды. Ал тамыз айында Сүмбіленің суы жүреді. Сондықтан қазақ «сүмбіленің суы жүріп пе екен» деп сұрасқан.Сүмбіле жаңбыры жүріп өткен жердің кәдесінің түбі көк, малға от болады деп, жылқыны қыста сол жерге тебіндеткен. Сол айдың 17-19 арасында болатын салқын да есепке алынып отырған. Сүмбіле туа су суыса, келесі қазан айында Таразы туып таң суыған. Қазан айының 20-21 шамасында Күн райы салқындай бастайды. Қыркүйектің 3-5 шамасындағы суық «боз қырау» немесе «боқырау самалы» деп те аталған. Бұл суықта алғаш рет көкті үсік шалып, су бетіне қаймақ мұз тұрады. Осы айдың 20-25 шамасындағы қардың көрінуін «ұшқын» деп атаған. Қыс ұзаққа созылатын жылдары қарашаның 4-5 шамасында қар түсіп жатып қалады. Осы айдың 17-19 шамасында қай жылы болмасын, жылымық болып, кейде жаңбыр жауатынын, есепшілер күні бұрын ел құлағына салып отырған. «Ақпан ақырып» келеді келеді дейді ел. Осы айдың 5-7 шамасында аяз көтеріліп, 30 градусқа дейін жетеді. Айдың 15-20 шамасында атақты «Текебұрқыл» бораны соғып өтеді. Қаңтар айының 3-5 шамасында кейде қатты аязды не жапалақтап жауған қарлы, жұт жылдары жаңбырлы болып келеді. Жалпы қаңтар – қыстың ең қиын айы. «Күн көзі қыраулы қыс күнінде мәлім жоқ» деген қазақ. Үт айының 3-5 шамасында ең суық күшті аяз болып өтеді. Онан кейін аяздың күші бәсеңдей береді. Үт айының 15-17 шамасында жылымық болып кейде жаңбыр жауып кетеді. Осының ақырып, 20-25 шамасында болып өтетін «Бөрі
337
сырғақ» атты борасынға ұласады. Бұл боранда итт-құс жұпталып, қаншығы жерік болады. Жыл он екі айдың амалдарын мал шаруашылығының тұрмысымен байланыстырған ел келер күннің жауыншашыны мен бұрқасын боранын көңілге түйіп есептеп жұлдызға қарап шамалап отырған.
Жазы-қысы далалық өмірде тіршілік еткен қазақ халқы өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең меңгергендігі сондай, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, жыл мезгілін ерте болжап, өзінше қам жасаған. Жылдың әр айлары мен тоқсанында болатын ауа райындағы өзгерістер мен құбылыстарды дала халқы әр кез назарына ұстап, оған ат қойып, айдар тағып, баға беріп отырған. Мұндай жайларды үнемі қадағалап болжап және оны күн ілгері хабарлап отыратын жұлдызшылар да болған.
Сондықтан біз есепшілерді қазақ қоғамында уақыт есептеу жүйесін жасаған, сөйтіп, өз заманында халықтың мәдени-танымдық қажетін өтеген тұлға, әрі халық астрономиясының негізін қалаушылар, халық астрономдары деп танимыз. Әрине, халық астрономдары туралы дерек жоқтың қасы. Олардың есімдері энциклопедияға кірмей жатыр. Ел ішін аралап жүріп, олардың есімін, мекендеген жерін, айтқандарын жинау аса қажет игілікті іс болар еді. Зерттеуші Н.Уәлиев «Ана тіліндегі» мақаласында қазақ халық астрономы Қазыбек туралы біршама дерек берген: «Қазақтың бұрынғы күнқайыру жүйесіндегі көмескі тұсқа жарығын түсіретін осындай байырғы сөздермен бірге ел аузында есімі жалпақ елге танылған есепшілердің аты-жөндері де сақталып қалды. Сондай халық астрономдарының бірі – Қазыбек. Түркі тілдерінің екі томдық көлемді салыстырма сөздігін (1867 ж.) жасаған ғалым Л.Будагов қазақтарда 22-март күні тойланатын Жас Наурыз, марттың басында тойланатын Қарт Наурыз жайында айта келіп, Қазыбектің Наурызы деп аталатын наурыздың болғаны туралы аса құнды дерек келтіреді. Л.Будаговтың көрсетуінше Қазыбек наурызының Қарт Наурыздан 12-13 күн айырмасы болған (март айының 10-11-леріне сәйкес келеді). Сөздіктегі дерекке қарағанда Қазыбек Кіші жүз, Он екі ата Байұлының Байбақты руынан шыққан. Оның жасаған күнқайыру жүйесі тек қазақтардың арасында ғана емес, күллі Түркістан көлемінде қолданылғанға ұқсайды. Арада ғасырдан астам уақыт өтсе де, Қазыбек есімі ұмытылмапты. Классик жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ әдебиеті» (1977, наурыздың 18-і) газетінде жарияланған мақаласында: «Нұрпейіс Байғаниннен Алматыға қашан келесіз» деп сұрағанымда «Қазыбек қазаны өткен соң келемін» дегені бар еді. Қазыбек қазаны біз білетін қазаннан өзгешелеу болуы мүмкін», – деген сөзі Қазыбек жайындағы дерекке аздап та болса сәулесін түсіргендей» («Ана тілі», сәуірдің 2-сі, мешін жылы).
Қазақта ай аты мен амал атының арасы жер мен көктей. Ақпан, наурыз, сәуір, қыркүйек дегендер ай аты емес, амал аттары. Өмірі малға бола көші-қонмен далада өткен қазақ табиғаттың мінезіне көп халықтан сауатты. Ауа райындағы құбылыстарды қазақ баяғыдай есептеп алған. Олардың неше күн болатындығын, қалай өтетіндігін алдын ала болжаған. Осы болжаулар арқылы алда не істейтінін де мөлшерлеп білген.
Ақпан – өтпелі суықтың өтпей кетпейтін, осы арқылы алдыдағы күннің қалай болатынын ескертетін кез.
Сәуір – май айында өтетін, суықтың ақырласатын шағын аңғартатын амал. Бұл кезде қазақтың екі көзі аспанда болған. Өйткені ол уақытта сәуірдің бұлты делінетін қою, өркеш-өркеш, қоңыр-сары, қозғалмайтын бұлт қашан күн біржола жылжымай жылымайды. Аспаннан осы көшіп ар жағынан ыстықты ап-ашық аспаны, тотияйындай көкпеңбек түсі көрінбей ауа-райына сенуге болмайды. Амалдың ішіндегі ең ұзағы – осы сәуір. Бұған «қырық сәуір» деген дәлел бола алады. «Сәуір кетпей тәуір болмас» деген жорамал осыдан шыққан.
Қыркүйек – қазан мен қараша арасы. Бұл кезде ұсақ мал қырдағы жазық жерге әкелінеді. Қошқарлардың күйігін алынады. Саулықтың да күйлейтін шағы. Малды жазыққа әкелетіні – жазы жер саулықтардың қашуына ыңғайлы. Мал күйлі, ауа-райы қолайлы мезгіл. Сондықтан бұл шақ күйек кезі немесе қыркүйек дейді. Мұндағы «қыр» сөзі бұл атаудың ай аты емес екендігінің әрі амал атауы да емес науқанды мезгіл екендігін танытады.
Қазақ күнтізбесіндегі «Жеті амал» былайша келтіріледі: Күннің тоқырауы: Жазғы тоқырау – маусымның 21-інде; Қысқы тоқырау – қаңтардың 22-інде.
Қарашаның қайтуы: Жайылымның сонысы қайтып, дала сұрқай түске енген уақыт.
Үркердің батуы: Үркердің төмен түсуі (Үркер шоқжұлдызы мамырдың басынан 10 маусымға дейін көкжиекке көтерілмейді).
338
Мұздың қатуы: Су бетіне кілегей мұз қатқан уақыт. Қарашаның суығы ұрған кез. Киіктің матауы: Үркер батқан қыс айында болады. Үркер қаңтардың 11-де батады. Қыс тоқсанға – қыс айлары кіреді.
Ай тоғамы: Үркер мен айдың қатар көрінуі «тоғыс» деп аталады.
Сәуірдің 18-19-ы күндері «Қызыр қамшысы» деп аталады. Сол күндері адал құстар ұя басады. Құстардың балапан шығаруы мамырдың сегізі, тоғызы күндеріне дәл келеді. Осы күн халық санасында «Қызыл жұмыртқа» деген атаумен қалған.
Қазанның 3-5 шамасындағы суықты «Бозқырау», не «Боқырау», не «Қысамалы» деп атаған. Бұл суықта алғаш рет көкпті үсік шалып, су бетіне мұз қаймақ тұрады. Осы айдың 20 не 25 шамасында қардың көрінуін «Ұшқын» деп атаған. Қыс ұзаққа созылатын жылдары қарашаның қары 4-5-інде түсіп жатып қалады. Осы айдың 17-19 шамасында қай жылы болмасын жылымық болып, кейде жаңбыр жауатынын есепшілер күні бұрын ел құлағына салып отырған.
«Ақпан ақырап келеді» дейді ел. Осы айдың 5-7 шамасында аяз көтеріліп, 30 градусқа дейін жетеді. Мұны Арқа елі «Қызыл», «Қырбас өлген қызыл» деп те атайды. Айдың 15-20 шамасында атақты «Теке бұрқыл» бораны соғып өтеді. Теке бұрқылдан соң, айдан асаға созылатын Сары аяз (қыс шілдесі) өтеді.
Бөрі сырғақ. Қаңтар айының 3-5 шамасында кейде қатты аязды, кейде жапалақтап жауған қарлы, жаңбырлы (жұт жылдары) боп келеді. Қыстың – ең қиын айы. «Күні көзі қыраулы, қыс күнінде мәлім жоқ» деген. Үт айының 3-5 шамасында ең соңғы күшті аящ болып өтеді. Онан кейі аяз өрлей алмады.
Үт айының 15-17 шамасында жылымық болып, кейде жаңбыр жауып кетеді. Осының ақыры 20-25 шамасында болып өтетін «Бөрі сарғақ» атты борасынға ұласады. Бұл боранда ит-құс жұпталып, қаншығы жерік болады.
Құралай – жаңаша санат тізбегі бойынша 15-18 заузада (мамырда) кіріп, 25-28-інде, яғни он күнде аяқталатын амал. Қатты ұшырма жел, салқындық болады. мезгіл-мезгіл нөсерлетіп, кей жылдары қар аралас жаңбыр жауады. Бұл он күнде киік лағын өргізіп, жаңбырға сауырын тосып тазарады [6].
Сауыр бұлты байланысты «сауыр» амалын ауыл қарттары қырық күндік «қарасауыр» деп те атайтын көрінеді. Көкек айының 20-сынан бастап үзілмей соғатын көктемнің аңызақ желі мамырдың жиырмасында тоқтайды екен. Ол қары көшіп, бусана бастаған жердің тез жетілер көктемін кешіктіріп, қыстан арық шыққан малға ауыр тиетін көрінеді. Бұл кезде қй қоздап, киіктер төлдеп жатады. Ұлыстың ұлы күні «наурыз» тойын мерекелеп өткізген малшы қауымы енді көктемнің жаршысы саналатын көкектің үнін естуге асығатын болған. Табиғат қатуланса, «қарасауырдың» аяғы қзарып, мамырдың соңына дейін созылып, қысатын жылдар да болған [7].
Ы.Алтынсариннің «Сәуірде көтерілер рахмет туы» сол малдың арты жеңіліп, жақсылыққа айналарын, ел амандығын тілеген ізгі ниет. Бірақ амалды аймен алмастыруға болмайды. Гректің Зодиак шоқжұлдыздарының бірі – арабтар аударған «әс-сәуір» (тайынша) біздің тоғыстық есебімізге кереағар жатыр. Көкек – қазақ күнтізбесіне кірген айлардың ішіндегі көне түркіден кеп қосылған ескі айлардың бірі. Шаман абыздары өлген адамның жаны көкек құсына айналады деп киелі саған. Алтай елі көкекті «көрік құсы – көктемнің басы» деп көрінсе қуанған.
Қазақ этномәдени қоғамдастығында есепшілер өзін қоршаған табиғатты, күн райының құбылыстарын, аспан әлемін, ондағы жұлдыздар «қозғалысын», айдың өзгеру циклдарын, күннің шығуы мен батуын, жыл мезгіліне орай Күн қай тұстан шыққанын, қай тұстан батқанын жиі бақылап отырған. Қазақ есепшілері (күнтізбе жасаушылар және оны күнделікті өмірде қолданушылар) табиғат құбылыстарын, аспан әлемін жай ғана бақылаушы емес, яғни пассив субъект емес, әрқилы табиғат құбылыстарынан ақпараттар ала білген, сол ақпараттарды санада тоқи отырып жүйелеген. Алынған ақпараттарды санада «сақтап» қана қоймай, қайта өңдеп, білімдер жүйесін жасаған, сол білімдерді әрі қарай басшылыққа алып, табиғат құбылыстарын өмір тәжірибесінде қолданған. Табиғат құбылыстарының тосын жағдайларынан мал-жанын, егін жайын аман алып шығып отырған. Сөйтіп, табиғат құбылыстарын танып білу жолында жинақтаған білім жүйесінен төлтума күнтізбесін жасаған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тәжібаев Ә. Өлеңдер жинағы. – Алматы, 1982. – 189 б.
2.Аманшин. Б. Шығармалары. – Алматы, 1996. – 213 б.
3.Тұрысов Е. Әңгімелері. – Алматы, 1999. – 115 б.
339
4. |
Мақатаев М. Аманат. – Алматы, 2004. – 432 б. |
|
5. |
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, |
1977.-712б. |
6.Жүністегі Кәмел. Алты айды болжаған алты күн//Ана тілі.- №1.- Б.5.
7.Нариман Мұхаметханов. Қазақ күнтізбесі. Сана. -1991.-№3.-Б.6-7.
Джанабергенова Ж.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің магистранты
Сембаева А.Ғ.
ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., проф.м.а.
КИНО АУДАРМАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация. В статье рассматриваются прагматикостилистические особенности киноперевода. А так же, рассматриваются существующие классификации видов художественного перевода и проблемы озвучивания кино.
Annotation. The article discusses the pragmatic and stylistic features of the film translation. As well, the existing classifications of types of literary translation and problems of film dubbing are considered
Адамдар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми, мәдени қарым-қатынастың алмасу, айырбастау, ел танудың құралы болған аударманың кино өнерінде де алатын орны айрықша. Кинодағы аударма оның мақсаты мен жұмыстың ерекшелігіне қарай синхронды және жазбаша жасалады. Бұл мол тәжірибе мен білімді қажет ететін күрделі үдеріс.
Кино мәтінінің өзіндік көркемдік ерекшеліктері мол. Ондағы монологтар мен диалогтар арқылы көрермен жүрегіне жол табу үшін бейнелі көріністі ақпараттау образ, көңіл-күй, эмоциялар сөз арқылы жақсы, ұғымды әрі орынды жеткені дұрыс [1,50]
Кинофильм мәтіні диалогтар, кадр сыртындағы комментарийлер, ән сөздері және жазбалар түрінде көрсетіледі. «Басқа мәтін аудармаларымен салыстырғанда, оның бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар: амплификацияны болдырмас үшін уақытша дыбыс рамкаларымен шектелген; аз уақытта қабылдауға негізделген, соған орай, көрерменге жеткілікті түрде ақпаратталған әрі түсінікті болуы тиіс. Сонымен қатар аударманың мүмкін болатын нұсқалар таңдауын шарттайтын видеоқатар да қоса беріледі».
Көркем фильмдер аудармасы — «мақсаты түпнұсқа мәтінді интерпретация жолымен басқа тілде жаңа мәтінде туындаған тіларалық, эстетикалық коммуникацияны іске асыру болып табылатын көркем аударманың ерекше түрі» [2,17]. Осыған орай кино аудармасында екі түрлі ерекшелікті атап өтуге болады: біріншісі, киноның өз тілімен айтылған ерекшелік, екіншісі көркем аударма критерийлерін сақтау қажеттігі. Ережеге сай, аудармашыға студияда монтажды қағаз, яғни диалогтар жазбасы және фильм түсірілген кассета, беріледі. Ол бұл мәтінді аударып, аударманы фильмнен шығатын репликаларымен қоса синхронды түрде дыбыстауы қажет.
Қазіргі кездегі кинода қойылымдық дискурс эстетикалық жүйелермен қатар, күнделікті қоғам өмірінен алынып жасалып, шынайы шығармашылық образдарға ие болып отыр. Бұл сияқты жағдай тек кино саласына ғана емес, сонымен бірге БАҚ-қа да тән. Киномәтінді құрастыруда режиссер, сценарист және композитор үнемі бірлікте жүреді, лингвистикалық зерттеулер тұрғысынан кинодискурса шығармашылық және ұйымдастырушылық ұжыммен қатар маңызды тұлға режиссер болып есептеледі. Жұмыстың ұжымдық сипаты рөлдерді дифференциалды сомдағанда көрінсе керек. Рөлді сомдаудағы автордың тұлғасы жанрдағы ең маңызды құбылыс. Сондықтан, кинодискурсты альтернативті (авторлық, тәуелсіз) және коммерциялық (жанрлық) бағыттармен ажыратады.
С.А Кузьмичев те индивидуалды-шығармашыл туындылар үшін белсенді жұмыс атқаратын формалды репициентті баса көрсетеді. Оның пікірінше, адресатқа ұсынылған көркем фильмді не киноны қабылдаушы (адресат) өз позициясын ұстану арқылы шешеді дейді. Яғни адресаттың ол
340