Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

талабы да орынды. Сондықтан да болу керек, А.Алтаева өзінің шартты бағыныңқылы сөйлемдер туралы мақаласында: «Шартты бағыныңқылы сөйлемдердің мәнін түсіну үшін алдымен «шарттылық» ұғымын тұтастай пайымдап алған жөн. Ондағы мақсат тіл мен танымды байланыстыру, соның негізінде «әлемнің тілдік бейнесін» жасау»,-дейді [6; 18]. Бірақ, бұл осылайша оп-оңай айқындап ала қоятын мәселе емес және оны «әлемнің тілдік бейнесі» мәселесімен байланыстырудың да өзіндік проблемалары баршылық.

Жаратылыс-болмыстағы және қоғамдық құбылыстардағы шарттылық құбылысын, оның философиялық табиғатын және олардың тілде бейнеленуінің мәселелерін танып-түсіну дегеніміз, шынында да, тілдік құбылысты тереңдей зерттеудің басты нысаны болып табылады. Басқа да алуан түрлі жаратылыстық құбылыстар мен олардың заңдылықтары тәрізді шарттылық қатынастар мен олардың заңдылықтары да табиғат пен болмыста алуан түрлі сипатта көрінетіндігі белгілі, ал осы жаратылыстық-болмыстық құбылыстардың тілдік бейнеленуі онан да күрделі болып келетіні

соншалық - оны тереңдей түсіну,

оның тілдік заңдылықтарын айқындау мәселесі ерекше назар

аударуды қажет етеді. Ал шарт

қатынасының

тұтастай ғаламның тілдік бейнесін қамти

алмағынымен, дүниені тілдік тұрғыдан танудың кейбір ерекшеліктерін көрсете алуы мүмкін деп білеміз.

Философиядағы шарттылық категориясы да, лингвистикадағы шарттылық қатынас дегеніміз де – жалпы жаратылыстық - болмыстың және ментальдық болмыстың да негізгі бір аспектісін қамтығанымен, тілдің мұнан да өзге алуан түрлі заңдылықтардың (себеп-салдарлық, мезгілдік, т.б.) бейнеленетінін ескерсек, ғаламның тілдік бейнесі туралы мәселе барынша кең ауқымды қамтитынын түсінуге болар деп ойлаймыз.

Жаратылыстық-болмыстық ақиқатқа келсек, «бірінен соң екіншісі келетін құбылыстардың бәрін бірдей себеп-салдарлық байланыстар деуге болмайды. Күн артынан түн келеді. Бірақ күн түннің себебі емес. Олардың өзара ауысуының себебі Жердің өз кіндігінен, сондай-ақ Күнді айналуынан». [7; 234]. Бірақ та тілде осы табиғи-жаратылыстық құбылысты бейнелеудің формалары мен мағыналық ерекшеліктері әр алуан көрінетінін аңғаруға болады. Мысалы: 1) Күн батты, түн келді. Тілде ыңғайлас салалас деп аталатын бұл құрылымда жаратылыстық жалғасты құбылыстардың болмысы сол күйінде беріліп тұр. Әдетте мұны ыңғайлас (мезгілдес) салалас деп атайтыны белгілі. Ал сабақтастық құрылымында бұл мағына Күн батып, түн келді – түрінде беріледі. Шартты рай тұлғасы арқылы берілетін құрылымдарда оқиға, құбылыс тек жай баяндалып қана қоймайды, олардың арасындағы белгілі бір заңдылық бейнеленеді. Яғни бұл тұлға жалғасты құбылыстарды емес, белгілі бір заңдылықтар негізінде байланысты болып келетін құбылыстарды бейнелейді. Күн батқандықтан, түн келді (келеді) (себеп). Күн батса, түн келеді( шарт). Күн батқан соң, түн келеді

(мезгіл). Күн батып, түн келеді . – деген сөйлемдерде алуан түрлі синтаксистік мағынаның көрінуі осы табиғи-жаратылыстық құбылысты адам көзімен, түсінігімен қарауда деп білеміз. Табиғижаратылыстық тұрғыдан, жоғарыда Д.Кішібеков айтып отырғандай, бұл аталмыш құбылыстардың арасында ешқандай ішкі заңдылық негізіндегі сабақтастық байланыс жоқ болса да, яки ол екеуінің алмасып келуі олардың біріне бірінің әсерінен емес, басқа сыртқы күштердің – ғаламдық заңдылықтардың әсерінен болса да, адам көзімен қараған кезде, олардың қимылдарының арасында белгілі бір заңдылық бар тәрізді көрінеді. Бұл адамзат танымының әлсіздігінен, оның жаратылысболмыстық заңдылықтарды танып-түсіне алмағандығынан емес, оның күнделікті қарым-қатынаста табиғи-болмыстық құбылыстардың обьектілерін өздерінің мақсаттарына ыңғайлап пайдалану талабынан, осыған байланысты қалыптасқан машығынан туады. Қарым-қатынастағы адам үшін күн мен түн алмасуының жаратылыстық-болмыстық заңдылығы маңызды емес, аталмыш обьектілердің қатысым қызметіндегі көмегі, мысал ретіндегі қолданысы маңызды болмақ. Міне, тіл осы адам санасы мен сезімі арқылы өткен танымдық түсініктерді бейнелейді. Сондықтан да біз Күн батса, түн болады – деген сөйлемнен белгілі бір синтаксистік мағына іздеуіміз заңды. Ал ол нақты қандай мағына екендігі коммуникативтік мақсаттарға, т.б. байланысты болады да, солар арқылы айқындалады. Мұны шарт мағына ретінде де, себептік мағына ретінде де, т.б. түрде қолдану коммуниканттардың өз еркі.

Мысалы, келтірілген Күн батса, түн келеді деген сөйлемді тек қана мезгілдік қатынастағы сөйлем деп қарауға болмас еді, өйткені мұның астарында Күн батпаса, түн келмейді деген альтернативтік ой (көлеңкелі контекст) тұрғанын да ескермеуге болмайды. Сонда ол шарттылық мағына болар еді. Жоғарыдағы сөйлемнің бағыныңқы сыңарына шарттық және мезгілдік

321

мағыналарға қатысты қашан?, қайтсе?-деген сұрақтардың қайсысын да қоюға негіз жоқ емес, бірақ олардың нақты қайсысы қойылуы контекст пен сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына байланысты айқындалады. Демек, көріп отырғанымыздай, жаратылыс-болмыстық құбылыстарды тілдік бейнелеудің өзіндік заңдылықтары бар екен, тіл табиғатын тануда осы заңдылықтарды ескерген жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тәжибаева С.Ж. Каузальные полипредикативные конструкции казахского языка. (Сопоставительный аспект), Новосибирск, 2001.

2.Төлеуп М.М. «Қазіргі қазақ тіліндегі себеп-салдарлықтың функционалдық аспектісі» канд. дисс. А., 2002.

3.Гегель «Работы разных лет» І т , М., 1970.

4.Будагов Р.А. Человек и его язык. М., 1976.

5.Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер. А., 1969.

6.Алтаева А. Шарттылықтың лингво-диалектикалық сипаты. «Ұлағат» 2007, №4.

7.Кішібеков Д. Философия А.,1991.

Бекмағанбетова, Г.Ш.

ф.ғ.к. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

МЕНТАЛЬ ШАРТ ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАР

Аннотация. В статье автор различает два вида условных сложных предложений: ментальные и материальные (общественно-природные). По мнению автора, такое разделение даст возможность рассматривать ментальных констукций на диктум-модусном отношений, которое позволяет глубже вникать в суть этих языковых явлений

Abstract. In the article the author differs two types of conditional complex sentences: mental and material (socialnatural). Accordinq to author`s opinion, such a division dives an opportunity to consider mental coustruchons on dictum-moduce relations which explains the meaninq of these lanquaqe phenomenon.

Менталь шарт сөйлемдердегі коммуникативтік мақсаттар сөйлеушінің модальдық сипаттағы көзқарас, пікірлерімен астаса, алуан түрлі модустық ыңғайда түрленіп келеді. Мысалы: Егер сиқыршыдан қорықсаң, әке-шешем кешіктірді де. Әке-шешең тергесе, сиқыршы жібермей қойды де (М. Исаұлы). Егер де мұндай адамға мені малға сататын болса, мен тәңір алдында көз жасымды кешпеймін! (Б. Майл.).

Біз бұларды жаратылыстық-болмыстық шарт тобынан бөлектеп, өз алдына бір топ ретінде ажыратып, ментальдық сипаттағы құрмаластар ретінде қарастырамыз. Ментальдық сипаттағы шарт қатынасындағы сөйлемдердің тілімізде қолданылу аумағы өте кең. Менталь шартта а д а м – бағыныңқыдағы формальды шартпен басыңқыдағы ойға қатысты белсенді тұлға. Ол басыңқы сыңар арқылы пікір білдіруші, талап қоюшы, түсіндіруші т.б. ролін атқарады. Сондықтанда мұндай сөйлемнің сыңарлары айқын «шарт-нәтиже» қатысында емес, «шарт-пікір (тұжырым, нұсқау, т.б.)»

қатысында көрінеді. Балаң бала болсын десең, оқыт, мал аяма (Абай). Шынайы суреткер бір тұста тым-тырыс қалса, оған таң қалмаған жөн (Ә. Кекілбаев).

Мұның, жоғарыда айтып өткеніміздей, басқа да алуан түрлі нұсқалары болуы әбден мүмкін. Ал жаратылыстық-болмыстық шартта мұндай алуан түрлілікке жол жоқ. Осылайша басыңқы сыңардағы ой бағыныңқы сыңарда қойылған проблеманың белгілі бір субъективтік сипаттағы шешімі түрінде, не оған қатысты ой, көзқарас, пікір, т.б. түрінде келетін шарт құрылымдағы сөйлемдерді ерекше түр ретінде ажырата қараймыз. Мұның басты себебі – осындай құрылымдық-семантикалық типтегі сөйлемдердің өздерінің жасалу жолы, сыңарларының мағыналық ерекшеліктері жағынан тілде алуан түрлі сипаттарда көріну мүмкіндіктерінің болуында деп білеміз.

Демек, шарттың нақты іс-әрекетке қойылуы – бір бөлек те, ментальды іс-әрекетке қойылуы екінші басқа. Сондай-ақ, қарап тұрсақ, менталь – шартқа қарағанда жаратылыстық-болмыстық шартта нәтиже де нақты, объективті болады. Ал менталь шартта басыңқы сыңар мағынасын нәтиже түрінде емес, тұжырым, нұсқау, т.б. алуан түрде көреміз. Бірақ бұл ментальды шарт сөйлемдерде айқын шарт көрінбейді дегендік емес, әрине. Егер активке сүйене отырып, солар арқылы халықты

322

басқара білсеңіз, орындалмайтын іс жоқ (С. Мұқ.). Әгәр екеуіңіз қолдасаңыз, оның үстіне елді біз үгіттесек, сіздер ұсынған кедей дауысты көп алуында күман жоқ (Ғ. Мұст). Келтірілген сөйлемдердегі сыңарлар арасындағы шарт мағынасы айқын. Бірақ жаратылыстық-болмыстық шартқа қарағанда ментальдық шарт мағынасы шарт жүйесінің орталығында емес, оның айналасында орналасады. Айқын ментальдық шарт түріндегі құрылымдық-семантикалық бірліктер орталыққа, яки жаратылыстық-болмыстық шартқа ең жақын орналасқан бірліктер ретінде танылғаны жөн деп білеміз.

Шарт қатынасын айқындауда құрмаластық құрылымдардың сыңарларын «диктум – модус» жүйесінде де қарастыру маңызды болмақ. Өйткені тілдің болмысты бейнелеуінің біз жоғарыда айтып өткен ерекшеліктері, яғни жаратылыстық-болмыстық құбылыстар мен ментальдық болмыс құбылыстарын тілде бейнелеудің ерекшеліктері, шарт қатынасындағы құрмаластық құрылымдарда алуан түрлі сипатта барынша айқын көрінеді де, оларды айқындай ажыратуда диктум-модустық ыңғайда қарастыру қажеттігі байқалады.

Тіл біліміне диктум және модус терминдерін енгізген - Ш. Балли. Ол диктум деп, құрмалас сөйлемнің өмір шындығын, болмысты, яки болмыстағы іс-әрекетті білдіріп тұрған сыңарын – денотаттық құбылысты білдіретін сыңарын атайды. Ал модус деп сөйлеуші субъектінің болмыстағы іс-әрекет туралы модальдық сипаттағы ойын білдіретін сыңар танылады [1, 44 б.]. М.И. Черемисина мен Т.А. Колосованың еңбегінде диктум туралы: «Это основное сообщение, референтом которого является некоторое отражение дел той реальности, которое отображается в речи» [2, 65 б.],-десе, Е.Н. Ширяев диктумды пропозиция ұғымымен байланыстыра қарайды [3, 75 б.].

С.Ж. Тәжібаева пікірінше, модус белгілі бір оқиғалар мен деректердің субъективтік тұрғыдан түсіндірілуі. Ол: «Модус (модусный компонент) – это психические операции, производимые мыслящим субъектом над представлением объективный действительности» [4, 47 б.],-дейді. Модус термині өзінің пайда болу негізі жағынан модальдылық терминімен бірдей. Ал модальдылық, Ш. Балли пікірінше, «сөйлемнің жаны (душа предложения)» [1, 44 б.]. Шарт қатынасындағы құрмаластық құрылымдардың сыңарлары арасындағы шарт мағынасының алуан түрлі сипатта құбылып көрінуі немесе ол мағынаның бір сөйлемдерде таза шарт түрінде, ал енді бір құрылымдарда көлегейленіп келуі сыңарлардың диктум-модустық сипатта келуімен тікелей байланысты екендігі тілдік деректерден айқын аңғарылады.

Менталь шарт құрылымдарда құрмаластың бір сыңары, не екі сыңары да сөйлеуші субъектінің модустық сипаттағы субъективті пікірімен, ойымен, алуан түрлі басқа да сезімдерімен байланысты болып келеді. Мысалы: Сен ұялтар іс қылсаң, мен ұялмай аман қалар дегенге итім сенер ме? (М.

Әуез.) дегенде, алғашқы сыңар диктумдық сипатта келіп, өмірдегі болатын іс-әрекетке, оқиғаға қатысты болып тұрса, соңғысы сөйлеушінің модустық сипаттағы ойын, сезімін білдіріп, ментальдық мәнде келіп отыр.

Мына төменде келтірілген сөйлемді де біз осындай сөйлем деп білеміз: Ел мекендеген Сырдың бір шығанағына колхоз орнаса, сол жерде орнаған колхозды Кеңтоғай атаса, бұдан қолайлы ат бола ма?(С. Мұқ.)

Қорыта келгенде, біз шарт қатынасындағы құрмаластық құрылымдарды олардың әр алуан болмыстық құбылыстарды тілде бейнелеуінің ыңғайына қарай, негізгі екі топқа ажырата қарастырдық: 1. Жаратылыстық-болмыстық шарт. 2. Менталь шарт.

Мұндағы жаратылыстық-болмыстық шарт өз ішінде:

Табиғи болмыстық шарт; Қоғамдық-әлеуметтік болмыстық шарт түрінде ажыратылады.

Менталь шарт құрмаластардың ішкі құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері.

Әдетте табиғи-жаратылыстық болмыс тұрғысынан айқын шарт болып келетін құрылымдар тобына қосуға келе бермейтін осындай ментальдық сипаттағы құрылымдық-мағыналық ерекшеліктер өздеріндегі шарт дәрежесінің деңгейімен де, модальдық тұрғыдағы ерекшеліктерімен де алуан сипатта келеді. Сондықтанда осындай тілдік деректердің айқын шарт түріне қосылу мүмкіндігі шектеулі көрінетін біралуан түрлерін ажырата қарастырамыз. Төменде осындай құрылымдықмағыналық бірліктердің кей түрлеріне тоқталамыз.

Менталь шарт құрмаластардың ішкі құрылымдық ерекшеліктері

1. Қайталама баяндауышты құрмаластар. Тілімізде өзінің құрылымдық-мағыналық сипаттары жағынан ерекшеленіп келетін кейбір шартты рай тұлғалы құрмалас сөйлемдер кездеседі. Мысалы:

Егер сен өмірде қателессең, өз бақытың үшін күресіп жүріп қателестің (Қ. Жиенбаев). Олар мені

323

бүгін аяп отырған болса, екі ел арасындағы жанжалдың ушығып кетпеуі үшін аяп отыр (Б.

Майлин). Осындай құрылымдағы сөйлемдердің бағыныңқы сыңарларында белгілі бір ой айтылады да, ал басыңқысы сол ойды нақтылай түсіп, белгілі бір тұрғыдан баяндау түрінде тұжырым жасайды. Мұның тағы бір құрылымдық ерекшелігі бағыныңқы сыңар баяндауышының басыңқы сыңарда да сол баяндауыштық қызметте қайтара қолданылуында. Орыс тіл білімінде осындай сөйлемдерді шартайырым (условно-выделительные) түріндегі сөйлемдер ретінде ажырата қарастырады.

Кейбір ғалымдар (М. Кубик) осындай құрылымдағы сөйлемдерді құрмаластар қатарында қараудың реті жоқ деп есептейді. Біздіңше, бұл көзқарас шарт қатысындағы құрылымдарды бірыңғай жаратылыстық-болмыстық тұрғыдан ғана қарастырып, оның ментальдық сипаттағы ерекшеліктерін ескермей, назардан тыс қалдырудан деп білеміз. Т.А. Колосова бұлардың құрылымдық ерекшеліктерінің құрмаластық сипатын, ал мағыналық жақтан дара оқиғалық (монособытийность) сипатын ескере келіп, құрмаластық құрылымдар қатарында қарау жөн деп таниды [5, 54 б.]. Мағыналық жақтан дара оқиғалық сипат деп отырғанымыз да сол жаратылыстық-болмыстық көзқарас тұрғысынан ғана дұрыс болмақ. Егер мәселеге менталь шарт тұрғысынан келер болсақ, мұндағы алғашқы сыңарды сөйлеуші субъектінің логикалық ойлау жүйесін бейнелеп тұрған ментальдық құрылымға тән табиғи ой орамы деп бағалауға мүмкіндік бар. Шынында да, ментальдық сипатта келетін осындай құрмаластардың сыңарлар арасындағы шарт мағынасы айқын көрінбей, сөйлеуші субъектінің ішкі ойлау жүйесінің ерекшелігі ретінде бейнеленіп тұрады. Біз мұны ментальдық сипаттағы шарт құрмаластардың табиғатына тән өзіндік ерекшелік деп танимыз.

Модустық бағыныңқылы менталь шарт құрмаластар Мына төмендегі құрылымдардан әдетте қыстырмалы құрылым, яки оқшау сөздер деп аталып жүрген синтаксистік бірліктердің, ментальдық тұрғыдан қарағанда, өзіндік ерекшелігімен көрінетін сыңар (компонент) ретінде қарастырылу мүмкіндігі бар екенін аңғарар едік.

Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтсам, кітап жазып, жазушы болғым келеді. Білгіңіз келсе, публицистика деген бөлім жоқ (А. Машани). Алтай ағамызға салсақ, арақты ішу түгіл оны үйде ұстаудың өзі күнә еді (А. Машани). Амандық болса, қысқы оқуға мектеп үйін дайындап алсақ, одан қуаныш не бар! Байлар, қолынан келсе, бізді аяйын деп отырған жоқ. - Менен кедей емессіңдер ғой, керек болса, сатып алыңдар.

Келтірілген мысалдардағы бағыныңқы сыңарларды ғалым Қ. Есенов шарт қатынасындағы құрылымдар қатарында емес, жай сөйлем құрамындағы оқшау сөздер, яки қыстырмалар мен оңашаланған айқындауыштар қатарында қарастырған [6]. Бірақ, байқап қарасақ, осы сөйлемдердің аталмыш автордың шарт қатынасындағы құрмалас сөйлем ретінде келтірген Ақылымды алар болса, Базекең бұл өлкенің елінен қайыр күтпесін,- деген сөйлемінен айырмасы жоқ. Мұндағы «Ақылымды алса» (алар болса) деген бағыныңқы сыңарды да қыстырмалық тұрғыда қарауға болар еді. Жаратылыстық-болмыстық құбылыстар табиғатынан ментальдық құбылыстар табиғатының тілде бейнеленуінің өзіндік ерекшелігі ретінде біз осы тәрізді құрылымдарды құрмаластық құрылымдар ретінде танып, бұлардағы бағыныңқы сыңарларды толық мәніндегі компонент ретінде мойындауды жөн деп білеміз. Мұнда біз сонымен қатар, ментальдық тұрғыдан, ойлаудың белгілі бір жүйесі, ой орамы ретінде көрінетін осындай құрылымдар құрылымдық табиғаты жағынан да кәдуілгі сөйлемдерге барынша жақын келетіндігін, осындай сипаттағы тілдік бірліктердің тілімізде аса мол кездесетінін және олардың алуан түрлі мағыналық сипатта келе алатындығын да ескереміз. Мұның өзі, екінші жағынан, тілімізде молынан қолданылатын осындай тілдік бірліктердің синтаксистік жүйедегі статусын қайта қарау, олардың тілдегі қызметін жаңаша бағалау болып табылар еді. Біз бұларды модустық бағыныңқылы менталь шарт құрылымдар деп атадық.

Менталь шарт құрмаластардың мағыналық ерекшеліктері

Біз құрмаластық құрылымдарды денотат-модус ыңғайында ажырата отырып, олардың ішкі мағыналық ерекшеліктерін айқындауды мақсат етеміз. Тілдік құбылыстың ішкі мағыналық ерекшеліктеріне көз салсақ, әуелде тілде жаратылыстық-болмыстық сипаттағы заңдылықтар бейнеленіп, келе-келе осы үлгімен ментальдық сипаттағы құбылыстарды да бейнелеу жүзеге асқан деп ойлаймыз. Әдетте, тілде диктум-диктум сипатында келетін жаратылыстық – болмыстық құбылыстар арасындағы заңдылықтар өзінің айқындық сипатымен ерекшеленеді. Ал, диктум-модус немесе модус-модус сипатында келетін ментальдық сипаттағы құрмалас сөйлемдерде адамның алуан түрлі ой-тұжырымдары, сезімдері, пікірлері, модальдық сипаттағы көзқарастары бейнеленетін болғандықтан, осындай құрмаластардың сыңарлары арасындағы синтаксистік қатынасты айқындау бірқатар қиыншылықтар келтіреді. Біз мұнда ментальдық сипаттағы құрмаластық құрылымдардың тек сөйлемге модальдық мән беріп қана қоймай, сонымен бірге оның синтаксистік қатынас сипатына

324

да өзгеріс әкелетінін, яки диктумдық жүйеге модустың енгізілуі тек қана модальдық ерекшеліктерімен емес, тұтастай құрмаластың сипатын өзгертетіндей әсерімен ерекшеленетінін көреміз.

Менталь шарт құрмаластардағы құраушы сыңарлардың құрылымдық-мағыналық сипаттары әралуан болып келеді. Мұнда, әсіресе, басыңқы сыңардың мағыналық сипаты алуан түрлі көрінетіні айқын байқалып тұрады. Осы ерекшелігіне қарап, біз бұлардың сыңарларын жеке-жеке алып ажырата қарап, әрқайсысының тұтастай құрмаластың құрылымдық-семантикалық сипатына жасайтын әсерықпалын көрсетуді мақсат етеміз.

Менталь шарт қатынасындағы құрылымдарда бағыныңқы сыңардағы шартты рай тұлғасының беретін шарт мағынасы кейде басыңқы сыңардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктеріне орай, айқын шарт түрінде емес, солғынданып, көлегейленіп келуі мүмкін. Мұндай жағдайда шарт қатынасы айқын әрекет-шарт емес, жағдай-шарт түрінде көрінеді. Мұны біз менталь шарт жағдайында шарт мағынасының көлегейленуі деп атадық.

Қорыта келгенде, тіліміздегі әдетте шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер деп аталып жүрген сөйлем түрлерінің ішкі құрылымдық-мағыналық сипаттарын тереңдей зерттеу олардың тілдік табиғатын жан-жақты тануға мүмкіндік туғызатынын көреміз. Мұнда тілдік дерекке тек құрылымдық тұрғыдан ғана емес, олардың тілдегі қызметі, қатысымдық ерекшеліктері тұрғысынан да зер сала отырып, сөйлемдік құрылымдарды тұтастай сөйлеу процесінде қарастыру маңызды екені айқынырақ көрінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Балли Ш. Общая лингвистика и вопросы французского языка. – М., 1955. – 44 с.

2.Черемисина М.И., Колосова Т.А. Очерки по теории сложного предложения. – Новосибирск: Наука, 1987. – 410 с.

3. Ширяев Е.Н. Русская разговорная речь: Общие вопросы. Словообразование. Синтаксис. – М., 1981. –

350с.

4.Тәжібаева С.Ж. Каузальные полипредикативные конструкции казахского языка «сопоставительный аспект». – Новосибирск, 2001. – 312 с.

5.Колосова Т.А. К вопросу о семантике сложных предложений // Сложные предложение в языках разных систем. – Новосибирск: Наука. Сиб. отд-ние. 1978. – 29-35 с.

6.Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер. – Алматы, 1969. –

191 б.

Берикбол Т.

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Р.Ж. Қияқова

АСҚАР АЛТАЙ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТ КӨЗІ – ТҮР-ТҮС

Аннотация.В статье рассматривается использование колоративной лексики, изучаемой в лингвистике. Взгляды исследователей на концепцию колоративного словаря, используемого в произведениях искусства. А также использование словарного запаса в рассказах писателя А.Алтая в искусстве изучалась с точки зрения этнолингвистики, в том числе и в значении названия цветов.

Abstract.The article discusses the use of colorative vocabulary studied in linguistics. Researchers views on the concept of colorative vocabulary used in works of art. As well as the use of colorative vocabulary in the stories of the writer A.Altai in art was studied from the point of view of ethnolinguistics, and including the value of the name of the flowers.

Әр этностың aрaсындағы мәдени және психологиялық ерекшеліктерді зерттеудің бірден-бір жолы

– негізгі концептерді зерттеу. Ментaлитетін тaнытaтын концептілердің бірі – «түр-түс» концептісі. Қaзіргі кезде мәдениетaрaлық қaтынaстың кеңеюіне байланысты, тілі, діні, мәдениеті әртүрлі еуропaлық тілдердегі түр-түс концептісін aшaтын сөздер мен сөз тіркестеріне когнитивтік және лингвомәдени тaлдaу жaсaлып жүр. «Түр-түс» aтaулaры тіліміздегі ұлттық-мәдени ерекшелігін, әр ұлттар сaнaсындaғы моделін aнықтaу өзекті болып сaнaлaды.

Адaм өмірінде түстің үлкен мaңызы бaр. Түс aдaмдaрдың көңіл-күйіне, эмоциясынa әсер етеді. Сондықтaн дa түстерді әр түрлі ғылым сaлaлaрының мaмaндaры зерттеп-зерделеуге тырысқaн. Лингвистер, этнолингвистер, тіл тaрихын зерттеушілер он шaқты тілді зерттей келе, түр-түс aтaуларының жүйесінде кейбір әмбебaп ұқсaстықтaр кездеседі деген тұжырымға келеді. Сондaй-aқ

325

белгілі бір түстің әр түрлі реңкіне қaтысты тіл-тілде бейнелі тіркестер, идиомaлaр және мaқaлмәтелдер қолдaнылaды. Олaр әрбір ұлттың өткен өмірінен, әлеуметтік-тaрихи, эмоционaлдықментaльдық aқпaрaт бере aлaды.

Шындығындa, түр-түс aтaулaрының тaмыры aлыстa жaтыр. Хaлықтың ұзақ тарихымен төркіндес, оның рухани, мәдени өмірімен aстaрлaсaды. Эстетикалық талғам-танымымен, ұлттық психологиясымен, сaлт-сaнaсына, әдет-ғұрпымен ұласатын қоғамдық, филологиялық, этнолингвистикaлық мәні бар мәселелерге жатады. Түр-түс ғылымының дүниеге келіп, жан-жақты зерттелу нысанына айналғанына екі ғасырға жуық уақыт болды. Алғашқыда түс табиғаты олардың практикалық қажеттілігіне орaй көбірек зерттелді. Бұл тұрғыдан есімдері белгілі болғандар – Ньютон, Ломоносов, Вернер, т.б. зерттеушілер. Түркі тілдері әлемінде – А.Н.Кононов, Э.В.Севортян, А.М.Щербак т.б. есімдерімен байланысты. Ал қазақ тіл білімінде академик Ә.Қайдаров, Т.Қоңыров, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков, Ә.Алмауытова т.б. ғалымдар зерттеген.

Ә.Қайдаров, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбековтің «Түр-түстердің тілдегі көрінісі» атты еңбегінде ғалымдар: «Расында да, айналадағы табиғатты біршама танып болған адам өзін танып-білуге көп әрекет етіп келеді. Ол өзінің aдaмдық қасиетін, рухани дүниесі мен мінез-құлқын, жүріс-тұрысы мен т.б. ерекшеліктерін танып-білумен ғана шектелмей, сыртқы пішінін, бет-әлпетін, реңін, шырайын, денесінің (көзінің, қас-кірпігінің, шашының, сақал-мұртының т.б.) түсін анықтауға да көп көңіл бөлген. Осының нәтижесінде тілімізде жүздеген түр-түстік тіркестер, теңеулер, салыстырулар пайда болған» [1, 132] деген тұжырымға келеді.

Табиғaттa, aдaм қоғaмындa бaсқa түр-түстер сияқты қaрa түстің ауыспалы, шартты, символикалық мағыналары бар. Бұл тек қaзaқ тіліне ғaнa емес, бүкіл түркі тілдеріне ортақ құбылыс. Түркі тілдеріндегі түр-түс атауларының мағынасын арнайы зерттеген академик А.Н.Кононов: «Қара түстің сын есім ретінде 20 шақты түрлі мағыналарын қараңғы, ызғар, қалың, үлкен, күшті, дүлей, көп, қарапайым, белгісіз және т.б. мағыналарын көрсетсе» [2 ] , кейбір зерттеушілер қара түске байланысты атауларды мағынасына қарай: 1) жaмaндықтың; 2) жaуыздықтықтың, қaтыгездіктің; 3) алғашқылықтың, бaстапқылықтың; 4) киеліліктің, қaсиеттіліктің; 5) қарапайымдылықтың; 6) қaйғымұңның белгілері деп 6 топқа бөліп қарастырады [3, 13].

Қaзaқ тіл білімінде түр-түстердің тілдегі көрінісін ғалым Ә.Қaйдaров өз зерттеулерінде табиғаттағы түр-түстерге, олардың жер-су aтaулaры құрaмындaғы мaғыналық ерекшеліктеріне шолу жасап, төрт түлік мал түстеріне қатысты атаулардың семантикалық және этнографиялық сөз орамдарына негіз болуын жан-жақты қарастырады [1, 7]. Сонымен қатар ғалым «Қазақтар ана тілі әлемінде» атты еңбегінде қазақ тіліндегі түр-түс атауларын табиғатқа, адамға, әлеуметтік-қоғамдық тұрмысқа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа т.б. байланысты топтарға бөлген. Олар: қара – сиыр, жылқы, түйе сияқты ірі мал; Қaрa – aлыстан бұлдырап, қарауытып көрінетін бейне, жанды және жансыз зат тұлғасы; Қара – хан, ақсүйектер, төре тұқымына жатпайтын, жалпы халық, не сол халықтың өкілі; Қара – серік, ес, жәрдемші (іні-қарындас, бауырлас адам); Қaрa – майсыз, дәмсіз, қатықсыз, сүтсіз дайындалған ас (ет, көже, сорпа, нaн, шaй, т.б.) ; Қара – айыпты, кінәлі, қылмысты (адам) ; Қара – жала, орынсыз айып; Қара – адамға зиян келтіретін қасиетсіз мақұлық, ескі сенімге байланысты неше түрлі жын-шайтан, марғу, албасты іспеттес нәрселер; Қара – 1) өлім-жітім, қaйғы-қасірет, ылaң. 2) өлім-жітімге, қaйғылы қaзaғa бaйланысты жaмылaтын, киінетін, тұтынaтын азалы зат, киім; Қaрa – қою, қaлың, тығыз; Қaрa – реңсіз, қоңырқай, түр-түссіз; Қара – жәй, қарапайым; Қaрa – ауыр, зілбатпан; Қaрa – қатыгез, қаныпезер, ұятсыз, пиғылы жаман адам; Қара – жазу-сызу, хат, әріп таңбалары; Қара – жердің беті, қабаттары; Қара – күшті, екпінді, тегеурінді; Қара – желсіз, тымырсық қыс күндеріндегі қатты суық; Қара – жаяулы-жалпылы (адамның өз аяғымен жүруге байланысты); Қара – көңілсіз, сүреңсіз, тұңғиық терең, қалғып-мүлгіген, қараңғылық, бейғам; Қара - (көбінесе қарашық формасында айтылады); Қара – жарлы-жақыбай, кедей шаруадан шығып, еңбекпен ысылып өскен; Қара – үлкен, қадірлі, қастерлі, қасиетті мағыналарын көрсеткен» [4, 559].

Адaмның дүниені танудағы ең негізгі мүшесі – көз. Қaзaқ хaлқы көзімнің aғы мен қaрaсы деп ең қымбaтты, aяулы, aрдaқты aдaмын aйтсa, көзінің қaрaшығындaй немесе қaрaсындай деп aтaдaн бaлaғa мирaс қaлғaн бaғaлы зaтты не мұрaны сaқтaудa қолдaнaды. Ғaлым М.Қaшқaри «Диуaни лұғaт aт-түрік» сөздігінде: «Қaрaқ - көздің қарaшығы, көз» [5, 338] мәнінде түсіндірген. Яғни, қaрaқ және көз сөздері бір-біріне синоним. Ал қaзіргі қaзaқ тілінде бұл көздің бір ғaнa бөлшегі қaрaшық болып қaлыптaсқaн. М.Қaшқaридың пікірінше, қaрaқ сөзінен қaрa, қaрaшы, қaрғaм, қaрығу, қaр сияқты біршaм сөздер пaйдa болғaн. Қaзіргі қaзaқ тіліндегі қолдaнылып жүрген қaрa сaпaлық сын есімі еңбектерге сүйенсек, қaрaқ (көз) тұлғaсынaн пaйда болғaн. Яғни, қaр түс aтaуы зaттық ұғымнaн, қaрaқтaн туындaғaн.

326

Қaзіргі қaзaқ әдебиетінің көрнекті өкілі, әдебиет aйдынынa жaңaшыл серпіліс әкелген жaзушы Асқaр Алтaйдың «Кер aзу», «Тaсбaқaның тaқыры», «Соқыр тұмaн» әңгімелерінде колорaтивті лексикa молын қaмтылғaн. Автор әңгімелерінде қара, ақ, қызыл және тағы басқа түстерді ұтымды әрі шебер қолдана білген. Қалaмгердің түр-түске байланысты фрaзеологизмның ішінде сан жағынан ең бірінші орында тұрған тұрақты тіркестері – «қaрa» деген түске ұйытқы болған фразеологизмдер. Оның себебі, біріншіден, табиғaттың кең түрде қабылдaнуынa және басқа түр-түс атауларымен тіркесе қолданылуына, яғни аралас түр-түсті білдіруге бейімділігіне байлансты. Екіншіден, оның табиғат пен қоғамның өмірдегі құбылыстардың көбінің түр-түсіне, бейнесіне, сұлбасына, қайғықасіретіне, қаралы сәтіне, көңілсіз жайтқа т.б. осы сияқты күңгірт жақтарына қатыстығына байланысты. Жазушы А.Алтайдың «Кер азу» әңгімесінде анасының қайғыдан қан жұтып, қара жамылуы былай суреттеледі:

1-мәтін. Әйкенай әлде қашан тұрса керек, мал қора жақта жүр. Мұны көрген бойда ауладағы қазандық басынан қанжылым сулы жез құманды жылдам басып кеп қолына ілді. Бойын тіктеп алған қария Әйкенайдың ақсары өңіне сездірмей көз қиығын тастап өтті. Ауыл шетіндегі тораңғыл мен жиде, дүзген мен сексеуіл өскен қалыңға кіріп бара жатқан қария кемпірінің өңі аз күнде ақжемдене оңып, әжімдері тереңдеп, басына тартқан қара орамалының түсімен астаса көлеңкеленіп кеткенін байқады [6, 135].

Қара түске байланысты академик Ә.Қайдар мынадай деректерді келтіреді: «Зерттеуші А.Дивaевтың еңбектерінде қaзaқ дәстүрі бойынша қaрa, ақ, қызыл түстердің қазаға байланысты синкретикалық қолданысының болғанын көреміз. Бұл түстердің бәрі қазақ өмірінде қайғылы қазаның, қара тұтынудың символы болып келген, осы түстерге боялған мата, киім-кешек, үй жиһаздары мен тұрмыстық бұйымдардың бәрі де символика атрибуттары болып саналған. А.Диваевтың жазуына қарағанда ертеректе күйеуі өлген қазақ әйелдері бастарына қара және қызыл түсті орамал, желек жамылған [7, 23]. Жазушы ананың баласынан айрылуын, қайғылы оқиғаның болғанын қара орамал тағуымен-ақ суреттейді. Қазақ танымында қара не ақ орамал жақын адамынан айрылғанының белгісі ретінде көрсетілген.

2-мәтін. Мұз мәйіттің қара жердің сыз қойнын жауырыны жастанғалы да үш күн өткен...

Қарияның да жан-жүйесін жегідей жеген құса үш күн бойы нәр татқызбай, бас алғызбай қойған. Көкірегі өксікті, көңілі қамырықты жан үш күн дегенде сабыр сарқыды. Қараңғы тартқан сана-сезімі, суық қарпыған ақыл-ойы дірілдеп қатқан уыздай орнығып, өз-өзіне келген. Қуыс кеудеде қу жаны, томашадай тұлғада құр сүлдері қалыпты [6, 135].

Көркем шығармада қара сын есімі түрлі мағыналарда жұмсала береді.

Мысалы: «Қара жер. а) Қарсыз жер. ә) бейн. Қойны суық жер, қабір. б) бейн. Өлім, қаза. в) поэт. Тіршілік көзі, нәрі, өмір арқауы. г) Соқа тимеген, игерілмеген, тың жатқан жер. ғ) бейн. Жер, жер беті» [8, 282]. Осы мәтінде жазушы қара жердің қойны синтаксистік тіркесін қойны суық жер, қабір деген мағыналарда түсіндіреді. Оны келесі мәтінде жазушының қабір деп қолданғанынан-ақ түсінуімізге болады.

3-мәтін. Жас қабірдің басына қайта оралды. Қара барқыт шапанын шешіп, әлгінде өзі мізбақпай отырған орнына төрт бүктеп төседі. Басындағы Іле ондатрынан тігілген дөңгелек бөркін жанына тастады. Төбесінде қошқар мүйіз ою бастырылған тақиясы ғана қалды. Тақия төбесі де үшкіл, шошақ емес, күмбезсіз моладай тайпақ, жатаған [6, 138]. Сөздіктерде қара барқыт тіркесіне жібектей, жұмсақ, жайлы мағыналары көрсетілген [8, 278]. Барқыт жұмсақ мақпал матаның бір түрі ретінде қарастырылса, автор қара барқыт синтаксистік тіркесін тура мағынасында киімнің түсі ретінде қолданған.

4-мәтін. Күн көтеріле Көк биеге қонған қария қамшы орнына қолына ешкі терісінен тігілген құндақты домбырасын алып, ер үстінде қазықтай қадалып, ауылдан шыға берді.

Отағасының бұл қылығына түсінбеген Әйкенайдың қаралы көңілі алабұртып қала берді [6, 136]. Қара көңіл тіркесіне : а) Қaйғылы, шерлі, қaм көңіл. ә) Ойсыз, күйбең тіршілікпен шектелген, кең ойлай алмайтын, қараңғы. б) Көңілсіз, мұңлы, алаңдаулы. в) Надан, топас, пасық. г) Арaм, зұлым, қара ниет мағыналары ұсынылған [8, 286]. Жaзушы осы мағыналардың ішінен көңілсіз, мұңлы, алаңдаулы мағынасында берген.

5-мәтін. Кенет қара арғымаққа оқ тиген. Жошы ер үстінен тымақша ұшқан. Әлде бір қара киінген қарулы қол қарақұстан қайың без шоқпармен қағып өткен. Ноян үш ұмтылып тұра алмаған. Кеудесін көтеріп, жаңа ғана өзі қуған құланның үйірінің соңынан түсіп бара жатқан салт қараны көрген. Көрген бойда аузына қара қан толды... Көз алды бұлдырады [6, 151]. Осы мәтінде автор қара арғымақ, қара киінген және келесі сөйлемдегі қара шаш тіркестерін тура мағынасында қолданса,

327

салт қара, қара қан тіркестерін ауыспалы мағынада қолданған. Мысалы, қара қан. Қою, түсі күңгірт қан [8, 288]. Осы мәтіндерден жазушының бір қара түсін тура және ауыспалы мағыналарда пайдаланғандығын көреміз.

6-мәтін. Қара шашын боқыраудың ызғарындай қырау шалған. Соғыстың бар сорын тартқан ғой

[6, 147].

7-мәтін. Он алтыншы жылы да ел аман, жұрт тынышта бар қазақты елден аққұла әскердің қара жұмысына айдаймыз деп, орыс ойына келген ойранын істепті [6, 140]. Қара жұмыс тіркесіне а) Жоғары біліктілікті емес, дене еңбегін қажет ететін жұмыс. ә) Азaбы көп, бейнетті, aдaмды титықтатып тоздырaтын aуыр жұмыс [8, 284] деп көрсетілсе, aвтор қолданысында aуыр жұмыс деп ауыспалы мағынада қолданылған.

8-мәтін. «Әйкенайдан» өзге арнаға аунағалы тапқан бұл күй әуезі бой-бойын иітіп, бір өзіне бағынышты еткен. Кейде жылт еткен шуақ болмаса, қаралы бір әуен күңіреніп тұрып алған. Қандай күй шертіп отырғаны тек көкірегіндегі күмбірлеген бөлекше саздың ырқымен екенін аңдаған. Құдіретті күйдің сезімді шарпып, жүректі қармаған салқын сазы өткен өмір елесінен хабар беріп, қилы-қилы кезеңнің қобығынан құйын тудырып, қара дауыл соқтырғандай солықтап, аш бөрідей ішін тарта ұлып, кер заман үнін жеткізген [7, 146]. Бұл мәтіндегі қара дауыл тіркесі а) Жолында бәрін ұшырып, шаңды, қарды бұрқыратып әкететін екпінді қатты жел. ә) бейн. Қиыншылық, тауқымет [8 ] сияқты мағыналары көрсетілген. Қaрa дaуыл еркін және тұрақты тіркес. Автор сөздікте берілгендей, қиыншылықтың, тауқыметтің белгісі ретінде ауыспалы мағынада қолданған.

Жазушының «Кер азу» әңгімесінен өзге «Соқыр тұман» әңгімесінде де қара түске байланысты мәтіндер бар.

9-мәтін. Жер – қара, күн – тұман. Қара күздің соңы. Сол күні төңіректі түбіттей тұман тұтты. Қарға адым жерді аңдау – мұң, қарайған атаулы – қылаң. Қозғалмастай қалың да ауыр түскен тұманнан дүние атаулының ашық арқасын ақ қыраулы түк басқан [6, 184]. Қара күз синтаксистік тіркесіне күздің ортасынан асқан кезіндегі суық мезгіл, нағыз күз, суық күз мағыналары ұсынылған

[8, 286].

10-мәтін. Саған қайдан жолығып едім?! Сормаңдай ғана басым-ай! Ел бетін көре алмастай, жүзіміз – қара, жүрегіміз жоқ па еді. Қай жеріміз кем еді?! – деп барып Гүлшер бетін екі қолымен басып, үстелге отырып қалды [6, 190]. Сөздікте қара жүз тіркесіне ел алдында барлық сенімнен айырылған, елдің қарғысына қалған жауыз, ұятсыз, арсыз адам деген түсініктеме берілген [8, 284].

11-мәтін. Жазық далада үркердей орын тепкен кішкене ғана қалашықтан төрт-бес шақырым жерге салынған «құпия заводтың» сорайған қос мұржасынан қап-қара түтін будақтайды. Ол да көк пен жердің арасын аткөпір бумен толтырған тұманға жұтылып, тезек түтініндей сіңіп жатыр [8, 184]. Қара түтін. Қою түтін мағынасында көрсетілген [8, 299].

«Тасбақаның тақыры» әңгімесіндегі қара түсіне байланысты мәтін.

12-мәтін. - Жоқ! – деп ақырып қалды ол шашы көзіне түсіп кеткен. – Кеше құдық басына олар тағы келді. Қап-қара жәудіреген көздерін көргенімде Гүлсім елестеп кетті [6, 168].

Қара көз деген еркін тіркесі көздері қап-қара, ағынан қарасы мол, әдемі көз [8, 285].

Автор мәтіндерде қара күз, қара жүз тіркестерін сөздікте көрсетілгендей ауыспалы мағынада, ал қап-қара түтін, қап-қара көз тіркестерін тура мағыналарда қолданған. Олай болса, жазушы «Кер азу» әңгімесінде қара түсін 27 рет пайдаланған. Әйкенай ана мен Үмітәлі қарттың кенжесі Бейбітжанынан айрылуы, қайғыдан қан жұтып, қара орамал жамылуы, табиғат құбылыстарының да қара дауыл, қара күз, қара жел сияқты қолданылуы кейіпкерлердің көңіл-күйінен хабардар етеді.

Жазушының «Кер азу» әңгімесіндегі ақ және қызыл түстеріне микрмәтіндер.

13-мәтін. Ол беті-қолын жуып, аузын, шынтағы мен мәсісін шайіп оралғанда үлкен ұлы Сағындықтың жары – келіні ақ самауырды үйге кіргізіп бара жатыр екен. Шәйді қашанғы әдетімен Әйкенайдың өзі құйды [6, 135].

14-мәтін. Ақ жамылған атасы оң жақта, жап-жаңа текемет үстінде жатыр екен [6, 143]. Өлген адамға ақ жамылтқызып, кебінін кигізіп жерлеген. Автор бұл мәтінде ақ түсінің пәктікті, тазалықты білдіретіндігін көрсеткісі келеді.

15-мәтін. Бет әлпеті сұрланып, ақ құба өңінде су орған жыралардай әжімдері тереңдеп, самайын қырау шалыпты [6, 143]. Бет әлпетінің, ажарының ағарып, аппақ қыраудай болғандығын, кейіпкердің халін түсіндіру мақсатында бет-жүзін қырауға теңеп отыр.

16-мәтін. Сол күні атасының иістенген тәнін жалбызбен жуып, сандық түбінде қалған бармақтай қалампыр түйнегін талқандап, шалдың өзі өлерінде киіп жатқан ақ қардай кебініне сеуіп, шешесімен

328

ымырт жабылғанша топырағы жұмсақ өзенге жақын маңнан қабір қазып, ай туа жамбасын жерге тигізген [6, 143]. Кебінінің ақ болатынын көрсете отырып ақ қарға теңеген.

17-мәтін.Ұлы қаһан ұлының өлімін естіртушіге өлім жазасын кескенде, Алтай мен Тарбағатайдың шенінде, Сарыарқаның белінде – қазіргі Шыңғыстаудың етегінде он екі қанат ақ боз ордасын көтеріп, тай жібек шатырын тігіп, қалың қолмен ерулеп жатқан еді [6, 149]. Ақ орда – жоғары тап, билеушітөстеуші қауымның ханның, бектің, патшаның мекені, ел басқаратын орталығы [8].

18-мәтін.Ұлы қыпшақ даласына Жошы ақ кигізге салынып, хан көтерілді [13, 151]. Ханды ақ кигізге салу, қазақ халқының салт-дәстүрі екендігінен хабардар етіп, ханның ісі адал әрі жүрген жолы ақ болсын деген сенім.

19-мәтін. Үмітәлі қарттың өз қолымен Алатаудың ақ самырсынынан қалақтай қылып қана ойып берген, көлеңкеге кептіріліп, жосаға шомылып, буына қызара қаныққан қызыл домбыра шешен-ақ болатын [6, 152].

Қазіргі қазақ тілінде «қызыл» түстің ғана емес, жас, қызу қанды, сұлу реңді «қыз» деген сөзінің шығуына негіз болған. Ал, М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» сөздігінде: «Қыз түбірінің тағы бір мағынасы беріледі: Бұ ат қыз алдым – Бұл атты қымбат алдым [5]. Сонда қыз түбірінің мағынасы: 1)қызыл; 2)қымбат, соған тағы да –ыл жұрнағы қосылып, тарихи тұрғыдан қатыстық сын туғыса, біздің тілімізде сапа сыны болып қалыптасқан.

20-мәтін. Қызыл күрең шайды құйған сайын жүрегі лоблып, кеудесіне сыймай қыстығып, сілесі қатып отыр [6, 136].

21-мәтін. Шекарадан есен-сау өтті ме, әлде шекарашы қызыл әскерлердің оғына ұшты ма – беймәлім... [6, 147].

22-мәтін. Балалар да қызылаш [6, 147].

23-мәтін.Үмітәлі қарттың өз қолымен Алатаудың ақ самырсынынан қалақтай қылып қана ойып берген, көлеңкеге кептіріліп, жосаға шомылып, буына қызара қаныққан қызыл домбыра шешен-ақ болатын [6, 152].

Қызыл түс әңгімеде жеті рет, соның ішінде қызыл әскер сөзі үш, қызыл домбыра екі рет кездеседі. Бұл мәтіндерде қызыл түсі қызыл әскерлердің түсі ретінде және қызылаш тамақтанбаған, нәр татпаған сөздерінің синонимі ретінде қолданылған. Ал домбыра сөзімен тіркесіп қолданылуы ағаштың түсін, сапасын білдіреді.

«Соқыр тұман» әңгімесі бойынша түр-түске қатысты микрмәтіндер.

24-мәтін. Қалашықтан шығып кеткен Ерқанат аппақ тұманның арасында қалды. Жалғыз. Табан астында тасжол. Оның да жүзі суланған. Жол жиегіндегі құрай мен ақселеу қырау жамылыпты. Айнала ақ қырау шалған атырап [6, 185].

25-мәтін. Байтас үйіне келсе де байыз таппады. Қызыл телефонның қасына қайта-қайта барған. Басындағы қара шляпасына қырау қатып, көзі үңгірдей шүңірейіп, нұры тая бастаған жанарын жасқаншақтай алып қашып, қолдары қалтырағаннан хат сала алмай сарсаң болған Ерқанатты ойға ала берген [6, 186].

26-мәтін. Қызыл телефонның құлағын құлағына жақындатты [6, 186].

27-мәтін. Аппақ буалдыр ішінде Ерқанат жүзіп келе жатқан елес тәрізді. Ақ қырау шалған жолаушы жұмбақ жолдың бойында асығыс. Тұйыққа тірелерін біледі... Алдында – завод [6, 188].

28-мәтін. Көзі ілінбей ұзақ жатты. Қиғаштай түскен ай сәулесі аппақ қабырғада күмістей діріл қағады [6, 188].

29-мәтін. Тұман түсі қашқан. Иек астындағы аумақтың ақ түсті әрі кетіп, ымырт ұйыйын деген іспетті [6, 190].

30-мәтін. Ет жүрегіңді ерітіп, сусыраған өзегіңнің өртін басып, жанарыңды жасқа тығылтар саумал сулы Салқын көл алыстағы арықтай боп ағып жатқан дарияның көктемде телегей-теңіз таситын тамырынан нәр таба алмай, жат ананың теперішіне түскен жетім сәбидің қасіретті көз жасындай тез сарқылып, ақ кебектене сортаңданып тартылғалы – тасбақа төлі тұрақ тепкен мекен – тасбақаның тақырына айналды... [6, 172]. Автор ақ түсін табиғат құбылыстарын суреттеу үшін, ал қызыл түсті заттың түсі ретінде тура мағынасында қолдана білген.

«Тасбақаның тақыры» әңгімесі бойынша қызыл түсіне байланысты микромәтіндер. 31-мәтін. Қызыл танау балалықты айтсаңшы! [6, 165].

32-мәтін. Төбе-төбе арасымен алтайы қызыл түлкідей бұлаң қағады [6, 168].

33-мәтін. Қызыл іңірдің қою қараңғылығын түре қуып, жер бауырлаған «Жигули» төбесі лаймен жабылған қамыс үйдің қасына кеп тоқтады [6, 168].

329

34-мәтін. Қызыл машинаны қоршап алған төрт қарадомалақ төрт есігінен ішіне сын беріп, тамашалауға көшкен [6, 168].

35-мәтін. Қазір «қызыл телпектерге» айтсам, қайдан шығатыныңды білемісің?! – деп, Жақыпов бірден қорқыта сөйлеп, ықтырып алғысы келген, - қалтаң қомақты секілді... [6, 171].

36-мәтін. Содан... жылда сарша тамызбен құм аралауды кәсіпке айналдырды. Шөл азабын арқалаған еңбегі еш кеткен жоқ. Табысты. Қызыл түлкідей машина да бар [6, 171].

Осы миромәтіндердегі табиғатқа байланысты: қара күз, қара дауыл, қара жел, қара жер, ақ самырсын, көк жиде, күреңіткен тораңғыл, сарыкеріш топырақ т.с.с. тіркестер кеңінен қолданылған.

Тұрмыс-тіршілікке, салт-дәстүрге байланысты: aқ құба, aқ сaмaуыр, aқ қaрдай кебін, ақ жаулық, ақ боз орда, ақ кигіз, қара көңіл, қара жұмыс, қара орамал, қара жүз, қара барқыт, қара шертіс, қара шаш, қара ниет, қара арғымақ, қара қан, қызыл домбыра, көк бие, қоңыр домбыра т.с.с. адамға, адамның сырт-пішінін, мінез-құлқы ерекшеліктерін, іс-әрекетін, сыпaйылығын, қaсиеттілігін, т.б. тaнытaтын синтaксистік тіркестер пaйдaлaнылғaн.

Жазушының «Кер азу», «Соқыр тұман», «Тасбақаның тақыры» әңгімелеріндегі мәтіндерде көрсетілгендей қара, ақ, қызыл түстерін ауыспалы мағынасында да, шартты, символикалық, номинативтік мағыналарда шебер қолдана білген. Қаламгердің өзіне тән колоративті лексиканы ұтымды қолдана білуі әңгімедегі кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігін, сенім-нанымын, әдет-ғұрпын, оқиғалар мен құбылыстардың нақыш-бояуын беруде, автордың сипаттамалық, анықтауыштық, бейнелеуіштік сын-сипатын айқын көреміз.

Олaй болсa, құрaмындa түр-түс aтaуы бaр фрaзеологиялық бірліктерді сaлыстырмaлысaлғaстырмaлы зерттеген еңбектерге сүйене отырып, жaзушының әңгімелеріндегі түр-түс aтaулaрының жaсaлуынa тек лингвистикалық жайттар ғана негіз болмайды. Түс aтaуының жaсaлуы әр түрлі экстрaлингвистикaлық жaйттарға бaйлaнысты болaды. Олар:

-этностың мәдениеті,

-тұрмысы,

-салт-дәстүрі,

-ұлттық психологиясы,

-танымдық ерекшелігі,

-әртүрлі тарихи оқиғалары,

-объективті құбылыстары .

Сонымен, түр-түс aтaулары әрбір хaлықтың лексикaлық қорындa көптеп кездеседі. Әрбір тілдегі түр-түс атаулары белгілі бір заттың сапалық сынын білдіретін, сондай-ақ белгілі бір халықтың мәдени өмірі мен тарихынан, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан мол мәлімет беретін күрделі категория болып саналады.

Жазушы А.Алтайдың «Кер азу», әңгімесінде түр-түс түрлерінің сандық көрсеткіші төмендегідей екенін анықтадық: ақ түс – 8, қара – 20, көк – 5, сары – 1, сұр – 1, қызыл – 7, қоңыр– 3, күрең – 2. Ал «Соқыр тұман» әңгімесінде қара – 8, ақ – 6, қызыл – 2, сары – 1 рет қолданылса, «Тасбақаның тақыры» әңгімесінде қара – 4, ақ– 1, қызыл – 6, көк, сұр, қоңыр, сары– 1 рет қолданылған.

Ойымызды түйіндейтін болсaқ, aтa-бaбaмыздaн мұрa боп қaлғaн тіліміздің сөз байлығы, сөздердің aнық-қaнықтығын, сөздерді көркемдейтін, әсерлете түсетін түр-түс қaзaқ халқының тарихын, салтдәстүр, ұлттық сана мен ой-өрісін, адамгершілік қaлыптарын, тұрмыс-тіршілігін, ісін, мінез-құлқын, жан дүниесін, ділін, дінін әрі қысқа, әрі нұсқа суреттейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Ә.Қайдаров, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. -Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.

2 А.Н. Кононов. О семантике слов «ақ» и «қара» в тюркской географической терминологии Вып. V. - Москва - 1975. С.153.

3Лауланбекова Р.Т. Түр-түс компонентті күрделі аталымдардағы ұлттық дүниетанымның тілдік көрінісі. Филол. ғыл. канд. дис. –Алматы 2010. - 34 б.

4Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде: этнолингвистикалық сөздік. 3-т. Табиғат. – Алматы: Сардар, 2013. - 608 б.

5Қашқари М. Түркі тілінің сөздігі (Дивани-лұғат-ат-түрік): ІІІ т. шығармалар жин. — Алматы: Хант, 1997. – 536 б.

6Алтай А. Қыр мен қала хикаялары. – Алматы: Сардар, 1998. - 400 б.

7Алмауытова Ә.Б. Қазақ тіліндегі киім атауларының этнолингвистикалық табиғаты. –Алматы, 2004. -29 б.

8Ә.Ыбырайым, А.Жаңабекова, Қ.Рысбергенова, Г.Халықова, Б.Сүйерқұлова, Б.Хинаят, М.Малбақов. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 9-том, -Алматы: Арыс, 2008. -744 б.

330

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]