Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

Бақтығалиева Ә.Е.,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің 4-курс студенті

Ә.Ж.Әміров жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЙТАЛАУ АМАЛЫНЫҢ СИНТАСИСТІК-СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Жазба және ауызекі сөйлеуде қайталау амалы ерекше эмоционалды-экспрессивті реңк түзеді. Халық ауыз әдебиетінде, әсіресе, эпостық, лиро-эпостық жырларда қайталаулар молынан кездеседі. Қайталаулар – көркем әдебиет стилінде суреткердің стильдік шеберлігін көрсететін синтаксистікстилистикалық тәсіл. Бірақ кез келген қайталама стилистиканың негізі болып саналмайды. Тек берілетін, алынатын ақпараттың эмоционалды, экспрессивті және көркем-эстетикалық ерекшелігін жеткізудегі қайталама түрі ғана стилистиканың бірлігі бола алады. Тілші-ғалым Р.Әмір қайталауды синтаксистік амал ретінде қарастырып, оның тілдегі көркемдік, логикалық ерекшелігіне тоқталады және мынадай тұжырым жасайды: «Сөздердің сөйлем ішіндегі қайталануы кездейсоқ, сөйлеу үстінде инерциямен пайда бола қойған құбылыс емес. Ол белгілі қалыптасқан тәртіп бойынша құралады. Және бұл қайталауға жүктелген арнаулы қызмет бар. Сондықтан да қайталауды арнаулы тәсіл деп санаймыз» [8, 184].

Эмоцияны репрезентациялайтын синтаксистік құралдардың және мәтіндегі эмоционалды мазмұнды берудегі қайталау түрлері: парцелляция, инверсия, транспозиция, эмфатикалық құрылымдар, шылау, параллелизм негізінде жүзеге асырылады. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларында қайталаудың бірнеше түрі кездеседі. Грамматикалық формасы мен стилистикалық қызметіне қарай автор шығармаларындағы қайталауларды төмендегіше топтастырдық: анафора (сөз басында қайталануы), эпифора (сөз аяғында қайталануы), еспе қайталау, қайталама қос сөздер, одағайлардың қайталануы, қаратпа сөздердің қайталануы, сөйлем ішіндегі сөздердің қайталануы, сөйлемдердің жиі қайталануы.

Басында қу ағаштың тақияң тұр, Ақ күміс, адыра қалғыр, жарқырап тұр!

Келмесең сол барғаннан, жалғызым-ай, Артыңда қалған апаң аңырап тұр.

Қазақ тілінде жатыр, жүр, отыр, тұр қалып етістіктері сол мезеттегі болып жатқан іс-әрекетті, нақ осы шақты білдіреді. Мәтінде бір сөзді немесе сөз тіркесін сол сөйлемде қайталау күрделі ойды беріп қана қоймай, ерекше стильдік қызмет атқарады. Жоғарыдағы жыр жолдарында «тұр» көмекші етістігі бірнеше рет қайталанған. Мұндай қайталау түрін синтаксистік немесе стилистикалық қате деп тани алмаймыз. Өйткені автор қимылды көз алдымызға елестетіндей, қанық әрі дәл беріп тұр. Қайталаудың бұл әдісі халық ауыз әдебиетінде жиі кездеседі.

Анафора – өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отыратын қайталаудың бір түрі. Сөзді осындай формада жұмсау арқылы ойды күшейтуге, әсерлі етуге болады. Анафора көбіне өлең мәтіндерінде жиі кездеседі. Эпифора, еспе қайталауға қарағанда қайталаудың бұл түрі бір ойға немесе сөзге ерекше екпін түсіріп, оны басқа ойлардан даралайды:

Шимайды жындылықпен сала бердім, Шимайлы шайдың қалған қағазына.

Қай ақынның болмасын «шимайы» ‒ елеп, ескеріп, ешкім түсіне бермейтін өлеңі. Автордың «шимайды» қайталауының мәнісі ‒ астыртын мағына арқылы өлеңді, өлеңнің ішінде өрілген қоғам мен халық жайын сөз етуінде. Алғашқы жолда қайталанған сөз заттық мағынажа жұмсалса, соңғысында сындық тұрғыда қолданып тұр.

Жұртын жиып алады, Жұрты тарқап кеткен соң, Бір-бірінен сұрады.

Бұл жолдардағы «жұрт» сөзінің қайталануы – лезде болған іс-әрекеттің иесі, субъектісі. Яғни екі түрлі іс-қимылдың бір субъектіге қатысын білдіреді. Бір ерекшелігі – қайталанған есім сөздер лебізді

311

білдіруде грамматикалық орнын сақтаған: субъект – жұрт – сөйлем басында, предикат – алады, сұрады – сөйлемнің соңында орналасқан. Ерекшелік деп тануымыздың себебі – өлең ұйқасқа құрылғандықтан, олардың грамматикалық орындары көбіне ауысып келеді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларында сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі екі түрде (ретпен, ретсіз) кқрініс береді.

Эпифора деп өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөздің бірнеше рет қайталануын айтамыз. Қазақ тілінде сөйлемнің соңында көбінесе баяндауыш тұратындықтан, іргелес сөйлемдердің баяндауыштары қайталанады. Өлең жолдарында сөйлем үшелері трансформацияланып, ой өрнектеліп, құбылады. Сол арқылы сөйлеушінің сөзі әсерлі, әдемі шығады.

Құдайым жексенбі күн жер жаратты, Жер-суды әуел бастап - бір жаратты. Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен Түріндей текеметтің түр жаратты.

Сөздің екіден аса қайталануы заңдылық емес, сирек ұшырасатын жай. Қайталаудың тағы бір жиі атқаратын қызметі бар. Ол сөйлеуші тыңдаушыға бір затты, қимылды ерекше ескертіп, мойындатып атау қажет болғанда, мәтіндегі сөз, тіркес үш, төрт рет жұмсалады. Автордың «жаратты» сөзінің қайталауы сөйлеуде экспрессив тудырып, сөйлеушінің келерсі бір кісіге қандай да бір істі «мойындату» мақсатын аңғартады.

Көрініп терезеден даулаған от, Өртеумен ақыл-есті жаулаған от. Мөп-мөлдір тұнық судың ортасынан, Есіңнен айырмас па саулаған от?! немесе Тоқсан қара құлы бар,

Тоқсан тоғай малы бар.

Алдыңғы жолдағы «от» сөзінің қайталауы сөйлемге экспрессивтік реңк беріп тұр. Тілші ғалым Рақыш Әмір қазіргі тіл білімінде синтаксистік амалдарды ауызекі сөйлеу барысында талдағанды жөн деп санайды. Осы пікірге сай Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының іргетасы халық ауыз әдебиетінің негізінде қалыптасқандықтан, оның қай жанрлық туындысын алайық міндетті түрде эмоционалды-экспрессивті бояу соңын байқаймыз. Эмоционалды-экспрессивтілік стилистиканың нысаны болғанымен, оны беруші синтаксистік амалдар. Автор не үшін «отты» қайталап тұр? Өйткені «от» адам танымында екі түрлі сипат алады. Мәселен, тілде «отты көз» деген тіркес бар, бұл арғы түбінде өмір сүруге деген жалыны бар адамдарға, әсіресе, жастар мен жасөспірімдерге қаратылып айтылады. Алайда «от» ұғымы адам танымында әсте жақсылықтың нышаны емес. Оның бойында қандай да бір дүниеден сақтандыру, дабыл қағу секілді уәждеме бар. Автор қолданысындағы «от» сөзі осы уәждемеге сай «жаулаған», «даулаған», «саулаған» сөздерімен тіркесімділік валенттілігіне ие. «Тоқсан» сөзінің жол басында қайталануы көптік мағынаны береді. Кеңістіктегі тіл жетпес объектіні шамадан тыс ұлғайтып айту еліктеу сөздер, одағайлардың, одан кейін қайталау амадының ерекше синтаксистік-стилистикалық қызметі.

Жырда жиі кздесетін қайталаудың бір түрі – еспе қайталау. Еспе қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отыратын тілдік амал.

1)Елде тәуіп қоймады, Тәуіптің бәрі жиылып, Кең сарайға орнады, Сөйтсе де перзент болмады.

2)Иа, Құдайым, жарылқа, Жарылқасаң, малды қыл, Біткен жұрттың алды қыл.

3)Құлдар кірді кеңеске, Кеңескенде не десті, Тырнадай мойнын теңесті.

Әдебиетші ғалым З.Қабдолов «Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша

аударғысы келген нәрсені, не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды,

312

ұғымға мұқият сіңіре түсу» [13, 235]. Еспе қайталаудың синтаксистік ерекшелігі – бірінші ойда аяқталған ойды келерсі оймен жалғау. Есім сөздердің еспе қайталауы екі ойға ортақ бір субъектіні берсе, етістіктердің қайталануы шартты немесе мезгіл мәнді құрмалас сөйлемдерге құрылады.

Қайталаудың қай түрі болмасын, синтаксистік амалға жатады. Оларда сыртқы форма мен ішкі мазмұннан бөлек интонацияда айрықша стилистикалық қызмет атқарады. Актуализация үшін қолданылған қайталау мен іс-қимылдың интенсивтілігін білдіру үшін жұмсалған қайталау түрлі-түрлі интонациямен айтылады. Қайталаулардың интонациясы сөйлеушінің сөйлеудегі мақсаты мен көңілкүйіне сай түрліше құбылып отырады.

Бермесең де болмас-ты, Еркіме Сайын қоймас-ты, Бермегенмен бұл қызым Қанша маған жолдас-ты.

Қайталауды ұйымдастыруға қаратпа сөздер, одағай сөздер, демеулік шылаулар да қатысады. Одағай сөздер адамның эмоциясына тікелей байланысты сөз табы екені түсінікті. Олар жеке тұрып та экспрессивтілік мәнге ие. Қаратпа сөздер мен демеулік шылаулар грамматикалық қызметімен қатар тілде экспрессивтілік мән түзей алады.

«Ей, тақсыр, тақсыр», «Әй, жігіттер, жігіттер, Бұл сөзіме құлақ сал» секілді қаратпа сөздердің қайталануы ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік бірліктері. Ауызекі сөйлеу дайындықсыз жүзеге асатыны белгілі. Лебізде қаратпа сөздер тыңдаушысын нақты белгілейді. Ал олардың қайталануы назарды аударту мақсатында жұмсалады.

Қаратпа сөз әсіресе шешендік сөзде, үндеуде, диалогты сөйлемде, кім үшін, кімге қарап, неге арналғанын және сөйлеушінің ішкі сезімін аңғарту үшін жұмсалады [11, 243]. Қаратпа сөздердің мағыналық реңкін күшейту үшін олар бірыңғай қатар тұрып, қайталанып, не одағай сөздермен қабаттасып айтылады:

Сөйлем ішінде қайталанатын сөздер: «Заманды жылдан-жылға қуландырды», «дүниеден нешенеше өтті-ау жандар», «Дүниеде өле-өлгенше қуып-қуып», «Кеудемде түрлі-түрлі уақиғам бар», «Оқитын мезгіл-мезгіл намазым бар», «Кезек-кезек екеуі дүрс-дүрс ұрды», «Кірпішті кірпішпенен тарс-тарс ұрып», «Күл-күл ғып күйреттірді бәрін тегіс», «Мен, мен деген тшандар», «Алла, Алла» деумен кеткен тіл», т.б. Бір сөйлем ішінде сөздердің қайталануы күрделі сөздер немесе үйірлі мүшелер қатарын құрап, бір сөз табынан жасалып, бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады. Сөйлем ішінде сөздердің қайталануы сөздердің тіркесімділігімен қатар бірнеше синтаксистік ерекшеліктерді байқаталы:

а) іс-қимылдың кемінде екі рет орындалуы; ә) мойындату мақсатының басымдылығы; б) эмоциялық реңк.

Сөздерді осылай белгілі мақсатпен қайталау бар да, мақсатсыз қайталау бар. Мақсатсыз айтылған немесе сөйлеуші өзін көрсету үшін сөзді тым әсірелеймін деп жазу стилін ауырлатып, стилистикалық қатеге ұрынып жатады. Мұндай қателіктің алдын алудың жолы – дыбыс пен ырғақтың, сөз бен сөздің, сөз бен сөз тіркесінің, сөз тіркесі мен сөйлемнің заңдылықтарын барынша сақ пайдалану қажет. Өйткені тілдің өзіндік табиғи заңдылықтары бар: сөздің энергиясы, сөздің құдіреті, сөздің салмағы, сөздің күші. Тіпті кейде интонацияда сөйлеушінің мақсатына сай түрліше айтылып, стилистикалық қызмет атқарады. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы қайталаудың синтаксистік қызметімен бірге стильдік мәні зор, өйткені ол – экспрессивті білдірудің асқан бір көркемдік амалы.

Сөйлем ішіндегі, сөйлем аралығындағы қайталау амалын Р.Әмір ауызекі сөйлеуге тән ерекшелік деп таниды да, синтаксис саласын стилистикамен байланысты зерттейді. Біздің зерттеу нысанымызға алынып отырған Көпеев шығармаларындағы грамматикалық ерекшеліктер, соның ішінде синтаксистік ерекшеліктер тілдік амал мен көркемдік тәсілдің ұштасуымен қатар көрініс тапты.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Салқынбай А. Тіл және мәдениет. Алматы: Қазақ университеті. 2011 ж., 82 б.

2.Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. Алматы: 2014, Қазақ ұлттық университеті

3.Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2002 ж.

313

Әбдуәлиұлы Б.

Л.Н.Гумилев атынадғы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨНЕ ТҰЛҒАЛЫ КЕЙБІР ЕСІМДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

Аннотация. Основная часть антропонимов лексического фонда древнетюркского письменного памятника до сих пор сохраняется в современном казахском языке. Среди них есть которые не изменившие свои историческую основу и есть имена в пользовании неопределенные со звуковых и семантических сторон. В статье делается этимологический разбор, определяется связь между древнего и современного варианта антропонимов казахского языка. А так же делается научные гипотеза некоторым вариантам имеющих общего корня или взаимную основу, но сильно отделяюхщся друг от друга в ходе исторического развития.

Ключевые слова: древнетюркский, Адай, Алгадай, Алгай, Алгыр, Алдан, Алга, Алгатай, Ай, Aй таңри, Aяс, Аяз, Бай, Байапа, Байбуга, состоятельный, зажиточный, имена людей, антропонимия, этимология, мотивация.

Annotation. The article makes a linguistic analysis of etymology of the names of people preserved in the language of the ancient Turkic written inscriptions. Personal names, including the names of people, are formed from common lexical fund names and, according to a functional feature, move to another stage of language usage. In this connection, the definition of anthroponyms and common nouns is unique. During the analyzes, there is a specific approach to the same specifications, ie, the origin of their names. The grammatical and lexical-semantic relationships between ancient names and their modern Kazakh versions are also defined.

Keywords. Adaj, Algadaj, Algaj, Algïr, Aldan, Alga, Algataj, Aj, Aj täŋri, Ajas, Ajaz, Baj, Bajара, Bajbuγa, solvent, prosperous, names of people, antroponim, etymology, motivation.

Қазақ тілінің антропонимдік құрамында дыбыстық тұлғасы өзгеріп, мағынасы көнерген есімдер бар. Кісі есімі немесе фамилиясының қатарында, атауыштық қызметте қолданылатын болғандықтан, олардың шығу тегі мен түпкі мағынасының айқын болуына жоғары талап қойыла бермейді. Алайда, кісі есімі ретінде олардың ары қарайғы болашағының жалғастылығы үшін этимологиясының айқындығы негізгі шарттардың бірі екені белгілі. Қазіргі қолданыста жүрген мағынасы көмескі тартқан біршама есімдерді көне түркі жазба мұраларының тілінен кездестіреміз, олар жалқы есім әрі жалпы есім түрінде де сақталған. Кісі аттары атауыштық қызметіне байланысты негізінен мағынаға тәуелді бола бермейді, екіншіден басқа тілдерге аударылмайды, сондықтан оның құрамы ұзақ уақыттар бойы өзгеріске түспей, бастапқы тұлғасында қалады. Осы ерекшелікке байланысты көне есімдерді талдаулар барысында оның құрамындағы көне қазақ тілінің элементтерін айқындауға да оңтайлы жол ашылады. Сонымен қатар жазба мұралар тілінде сақталған есімдер мен қазіргі сөздік қорымыздағы көне тұлғалы есімдердің тарихи негіздерін ғылыми зерделегенде олардың кейбірінің шығу тегі бір түбірден тарайтынын немесе лексика-семантикалық жағынан жақын сөздерден жасалғаны анықталады. Енді сол есімдердің бірнешеуіне тоқталып көрелік.

ADAJ I 1. балапан: üč kögürčkan adajïn lačïn toqup үш көгершіннің балапанына қаршыға тап беріп (Suv 6277). Бұл сөз сонымен қатар көне дәуірлерде кісі есімінің де қызметін атқарған:

ADAJ жалқы е. (ФТ l1); adaj tutuŋ и. собств. (ФТ 2 1,7) [КТС]. Осы тарихи деректі басшылыққа ала отырып, Т.Жанұзақов "Адай к.т. — балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы

мағына береді", – деген пікір айтады [1, 15 б.].

Бұл пікірге қосымша, талдаулар барысын Адай этнонимнінің шығуы туралы тағы мынандай болжам ұсынады. Қазақ халқының құрамындағы тайпа атауы мен көне түркілік және қазіргі қолданыстағы антропонимнің өзара сабақтас екені белгілі. Бұл этноним жөнінде бұған дейін көптеген пікірлердің айтылғаны белгілі. Өзіне дейінгі ғалымдардың пікірін саралай келіп, А.Нұрмағамбетов Каспийден Арал теңізіне дейін аралықты алып жатқан Дай тайпасының атауымен байланыстырушылар, осы пікірді ұстанушы С.Аманжолов, А.Абдрахманов пікірлерін дәлелді түрде жоққа шығарады. Сондай-ақ қытай жазбаларындағы «аде» сөзіне тоқталған ғалымдар пікірінен мысалдар келтіре отырып, келіспейтін жақтарын да атап өтеді. Бірақ "Сказать что-либо определенное о значени этнонима Адай на основе приведенных примеров мы затрудняемся", — деп нақты пікір айтудан бас тартады. Осылай дей тұрғанмен, мақаладағы мынадай кейбір жолдардан үзінді келтіре

314

кету қажет секілді: "Как видим вышеупомянутых источниках этот этноним встречается в самых различных звуковых вариантах: Ады, Аде, Атие, Адйе, что не может быть к фактом случайного характера" [2, 92 б.]. Ілгеріде атап өткен түбірлер (ад) мен мұнда келтірілгендердің арасында ұқсастықтың бары байқалады.

Көне түркі тілінде қауіп қатер мағынасындағы «ада» сөзі қолданылады. Есімнің шығуына негіз болған мынандай туынды мағына туралы болжамды да осы орайда назарға алуды жөн көріп отырмыз: ADA жұт, бақытсыздық; қауіп: bu adatïn ozγuluq joluŋ oruquŋ közünmäz бұл бақытсыздықтан құтылатын (озатын) жолың көрінейді (көрінбес) (ТТ I20) [КТС]. Түбір бастапқыда адым, аттау, аяқ мағыналарында қолданылып, келе-келе аяқталу мағынасын жамап, жаңаша сипатқа ие болған секілді. Қазіргі қазақ тілінде таусылу, біту дегенді білдіретін «ада болу» тіркесінде сақталған. Сырттай қарағанда бір-бірінен алшақ тұрған секілді көрінгенмен, соңы, аяқталу, тусылу, жұтау, қауіп төну секілді сөздердің мағыналарындағы нәзік байланыс арқылы жалғасқан ортақ ақпараттар сатылай дами отырып, қауіп төндіруші мағынасына ұласқан. Бұл жауынгер тайпаға қауіп, қиындық әкелуші ретінде басқа тайпалардың берген атауы, яғни "алға ұмтылу, шабуылдау, тап беру" дегеннен шықса керек.

Адай есімінің мағынасын Көне түркі сөздігіне сүйеніп кей ғалымдар «балапан» мағынасын береді деген тұжырым жасайды. Сөздің шығу тарихына тереңірек үңілсек, бастапқы негізі көне түркі тілінде қолданылған аяқ мағынасын беретін ‛аdaq’, ‛аδаq’, ‛аjaq’, ‛аzaq’ сөздерімен түбірлес, яғни адым, аттау, аяқ, алға сөздерімен бір негізден тарайды. Балапан деген мағынасы «алғашқы қадам жасаушы», «аяғынан тұрушы» - дегеннен шықса, қауіп-қатер мағынасы «алға ұмтылу», «шабуыл жасау», «қауіп төндірумен» байланысты қалыптасқан.

Адай есімі көне замандардан бері келе жатқанына қарамастан, кейде сәбиге бастапқы мағынасында емес, тайпа атауына байланысты – қайсар, ержүрек, батыр болсын деген ырыммен де қойылады, сөйтіп тайпа атауы кісі атына айналады. Сондықтан, бұл есімнің мағынасы кең – құрамында өмірге жаңа қадам басқан балапан деген түсінік бар, сондай-ақ ерліктің де белгісі болып табылады.

АЙ

Көне түркі жазбаларында «ай» сөзі кісі есімінің компоненті ретінде қолданылады: AJ жалқы е. (ЛОК 85); аj qaγan жалқы е. (ЛОК I3); aj ölütči жалқы е. ‘Айды өлтіруші — Яма7 әскерінің қолбасшысы (ТТ VIoo); Аj toldї жалқы е.(QBK 33).

Сонымен қатар антрпонимжасамға негіз болған мынандай мағыналары кездеседі: AJ I 1. ай ‘уақыт’, ай (аспан шырағы): jarut[t]ï ažunqa künüg häm ajïγ әлемге жарық берді [құдай] күн мен ай

(QBN 2112); 2. астр. Ай (планета): qaju ȩvkä kïrsä bu aj tȩrk čïqar Қандай үйге кірсе [аспан жарты шарында] бұл Ай, [одан] тез шығар (QBN 6315). aj täŋri діни. Ай тәңірі: küčlüg iki jaruq kün aj taŋrilär күшті екі жарық Күн мен Ай тәңірлері (Man ІІІ 64);

Көне замандарда бабаларымыз айды кие тұтып, құрметтеген, ондай наным-сенім – жалпы түркі халықтарына ортақ көне дүниетанымдардың бірі. Қытай жазбалары бойынша зерттеулер жүргізген ғалымдар, бұл дәстүрдің ғұн заманынан бар екенін айтады: ғұндар Ай толған кезде шабуылға өтіп, Ай қараңғы күндері соғыс жүргізбейді. Бұлай болуы олардың айға табынуына тікелей байланысты. Қазақтар Айды құрметтеп сөйлейді. Батыс сібір татарлары жаңа Ай кезінде асыр сап би билеген, дауыстап бата айтқан. Осыған қарап, қазақтың халықтық биі «Айгөлек» те бір кездегі Айға табынған адамдардың оған көрсеткен құрметі негізінде келіп шыққан би болуы керек. Жасы үлкен адамдар: «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата оқыса, жастар: «Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, айдай толған кезімде би блеймін дөңгелеп» – деп ән шырқап, би билеу арқылы ескі айды шығарып салып, жаңа айды қарсы алған [9: 43-52 бб.]. Айды кие тұтумен қатар сұлулықтың да символы. Адам сұлулығын Айға теңеу сол көне дәуірлерден бастау алады. Соның бір дәлелі іспетті көне түркі жазбаларында «Ай тәңірі» тіркесі кездеседі. Ол тек жарық беруші күш қана емес,

сұлулықтың да теңеуі ретінде көрінеді: ai täŋri: beš jẹgirmidäki tolun aj täŋri tẹg sẹvigilig jüzlüg uluγ elig-ä ‘Уа, он бесінде толған Ай тәңірі секілді сүйкімді жүзді (жүзі сүйкімді) ұлы ел билеуші!’. Айды сұлулықтың символы ретінде тану келе-келе құлдар мен күңдерге ауысқан секілді. AJ III (aji'm?)

қызметші (күң): barsun naru qaδγura / sattï mẹniŋ) ajïmnï сонда барсын қайғыра / [себебі]

7 Йама (Jama) – өлгеннен кейінгі әлемнің (о дүниедегі) құдай-патшасы.

315

сатты менің күңімді (МК 3636). Оғыз қағанның алты ұлы бар еді. Оның біреуінің аты Ай болатын

[10: 30 б.].

Жазба деректер мысалы көне түркілік «аяс» сөзінің шығу тегін «ай» түбірімен байланыстыруға жетелейді. Көне түркі тілінде Аяс «ашық, айқын» мағыналарында аспанға қатысты қолданылған сөз: Ajas kök аяс көк, яғни ашық аспан. «Ашық, айқын, таза, мөлдір» сөздерінің ауыс мағынасы «әсемдік, көркемдік, сұлулық» т.б. сабақтас. «Мөлдіреген көз», «үлбіреген жүз» т.б. сипаттаулардың барлығы мағыналық алмасулардың негізінде қалыптасқан. AJAS (Айас) Жүзі сұлу құлдарға берілетін ат. Көне түркі сөздігін дайындаушылар Аяс пен Аязды өзара салыстыра, ұқсастыра қарайды да, бұлардың шығу тегін бір-бірімен байланыстырады (ср. ajaz). Көне қолданыста дыбыстық өзгешелігі бар Аяспен мағыналас Аяз (Ajaz) есімі бар. Сонымен қатар, осы орайда жазба мұралар тілінде кездесетін ортақ етіс тұлғалы «аяс» сөзіне де тоқтала кетуге тура келеді, өйткені дыбыстық тұлғасы осыған ұқсас кісі атымен сәйкес келеді.

«AJAS- ортақ. е. aja-: ajašamraš- тіркес. Аялау-аймалау, екі адам арасындағы сүйіспеншілік, түсінісушілікке қатысты тұрақты тіркес: bir ikintiškä ajaštačï amraštačï ӧgrünč sẹvinč üẓä ilinčü mẹŋi qïltačï... bolurlar бірі екіншісімен (бір-бірімен) аяласады, түсініседі, сүйініседі, сөйтіп осы шаттық пен махабаттың арқасында көңілді серуендеп, бой жазысады

(Suv 41117). Бұл мағынадағы «ая-» сөзі алақан дегенді білдіреді, қазіргі кезде «аялы алақан, аялы көз, аялау» секілді етістік, тұрақты сөз тіркестерінің құрамында сақталған. Мазмұнында мейірім, сүйспеншілік, көркемдік туралы ақпараттар қамтылған. Сондықтан, екі түрлі аяс сөзінің түбірлері де бір-біріне ұқсамайды: біріншісінікі – ай, екіншісінде – ая- (айа).

Ай көне түркі тілінде «AJ IV (ej?) қызғылт сары түсті жібек мата (МК 3210) атауы, яғни мұнда да сұлулық, нәзіктік мағынасы бар. Сұлулық, әсемдік бұйым мағынасында да кісі есіміне айналуы мүмкін, сондықтан бұл фактілер де назарға алынуы тиіс.

Түркі халықтарының ұғымындағы айдың осындай және т.б. сипаттары бұл сөзден тарайтын көптеген есімдердің жасалуына негіз болған, сондықтан Ай компонентімен келетін барлық есімдердің мағынасында жоғарыда берілгендермен қатар, көне түркі тілінде мынандай бірнеше ауыс мағынада қолданылған: «сұлу, көркем, әдемі, бағалы; қасиетті, киелі; таза, жарық, нұрлы; ақылды, құрметті, қымбат бағалы; бақытты, кемел» т.б. Осындай ұғым-түсініктер мен ат қоюға қатысты арман-тілектердің негізінде кісі есімі ретінде тұрақты сақталып келеді.

АЛҒАДАЙ

Түрлі сөз тұлғалардың жасалуына негіз болған «ал» түбірінен тарайтын кісі есімдерінің шығу уәждерін зерделегенде «алға» және «алу, бағындыру» секілді екі мағынаны аңғарамыз. Сөз таптары тұрғысынан алғанда алға – бағыт мәнді (барыс тұлғалы зат есім) сөз де, алу – етістік, алайда бұл қазіргі сипаты. Ал қисынға салып қарағанда біріншісінде де қимыл мәнді ақпарат байқалады, демек екеуінің арасында мағыналық байланыс бар. Кісі есімдеріне негіз болған сонымен қатар «алдыңғы, алғашқы» мағынасындағы үстеу тұлғалы сөздер бар. Үшеуі де антропонимжасамдық уәж шарттарына сәйкес келеді. Енді осылардың кісі есіміне айналуына негіз болған мағыналардың көнеден бүгінге дейінгі сипатына тоқталып көрелік. Бұл орайда кісі есімдерінің құрамынан үстеу мен етістіктің қалыптасу жолдары көрініс береді.

І Алғашқы, бірінші. Бұл мағына қарашай-малқар тілінде сақталған: Ал 1) алдыңғы: ал аякъ алдыңғы аяқ [3]. Қазақ тілінде «алжапқыш, алшалғыш» сөздерінің құрамында сақталған [4: 19]. Кісі есімдерінің құрамында: татар есімдері: 1. Алғай ‘тұңғыш бала’, 2. Алгыр 1) ‘алдыңғы қатарлы, алғыр; 2)’шапшаң, ширақ, жылдам’. 3. Алдан ‘тұңғыш бала’ [5]. Қазақ есімдері: 1. Алға ‘баланың келешегі зор болсын, өмірде алда жүрсін деген мағынада берілген есім’. 2. Алғатай ‘алғашқы, тұңғыш, бақытты бала мәніндегі есім’. [6]

ІІ Кісі есімдерінің «алғашқы, шабуыл, жауынгерлік» секілді мағыналық аясына мынандай сөздер топтасады: көне түркі тілінде AL- (Ал-) 1. Күштеу, тартып алу: kišig tut[t]um aldïm küčün jarmaqïm men адамдарды ауладым (тұтқындадым), күшпен ақшаларын тартып алдым

(QBAT 38712); 2. Басып алу, жаулап алу, талқандау: tanut bodunïγ buzdïm oγlïn ju[tuz]ïn jïlqïsin barïmïn anta altïm Таңғұт халқын талқандадым, ұлдары мен қыздарын, малы мен барын (байлығын) сонда алдым (олжаладым) (БК24). Бұл мағына ХVI-XVII ғасырлардағы жазба мұралар тілінде де сақталған. Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ-ат тауарих» еңбегінде «Ал – ет. Алды – алды, өзіне қаратты (бағындырды Б.Ә.)» [7: 20]. Әбілғазы Баһадұр ханның «Түрік шежіресі» еңбегінде: «Ал ет. Алды – бағындырды, өзіне қаратты» [8: 30] мағыналарында қолданылған.

316

Э.Севортян А:л түбірінің өзі қарастырған еңбектердегі түркі тілдерінің барлығында 1. қулық; 2. өтірік; 3. стратегия; 4. тәсіл мағынасында жұмсалатынын айтады [13: 126]. Осылардың ішінде «стратегияның» алға сөзімен байланысы назарға алуды талап етеді. К. Қайыржанның «Сөз – сандық» еңбегінде «Ал сын, көне. Қорқынышты (албасты сөзі осы «ал» сөзімен байланысты); өр, даң * алкеуде (өркөкірек, омырау соқты, даң кеуде) [4: 19]. Алғадай зат. көне белгілі адамның жекпе-жегімен басталатын ұрыс үрдісі. Алғай зат. көне Жау, алашы → Жәукен * Алдын тосып алғайдың, шаңын қосып шалғайдың (“Жорық жыры”) [4: 24]. Кісі есімі ретінде: Алғыр ‘өжет, ер жүрек, батыл, жүректі’ [6].

Осы талдаулардың барысында ілгеріде аталған есімдердің арасында, антропонимдік уәж тұрғысынан алғанда байланыстың бары айқындала түседі. Түпкі тегі «а» семасынан бастау алатын а:дым, а:зақ, а:йақ сөздерін де ал- түбірімен байланыстыруға болатын секілді. Әу баста қазіргі тілміздегі «А дегенде. Әуелде, алғашында» деген мағынадан өрбісе керек. Арғы тегі адамның алғашқы эмоциясын білдіретін одағай сөздердің қатарына жатады. Осыдан келіп зат есім, сын есім, үстеу, етістік секілді үш тарау мағына қалыптасқан. Бірішісі (зат есім) – адақ (адым, аттау), азақ, айақ сөздері; екіншісі (үстеу) – «ал» түбірінен тарайтын алғашқы, алдыңғы, бірінші; үшіншісі (етістік) – алу, алғыншы (алушы, жаулап алушы); төртіншісі (сын есім) – үрейлі, өркөкірек.

Жоғарыдағы мысалдарды салыстырғанда, сөздік қордағы сөздердің мағыналық дамуымен бірге кісі есімдері де даму сатыларынан өтетіні байқалады. Мысалы, «алғай» сөзінің ілгеріде келтірілген жалпы есім түріндегі (жау, басқыншы) мағынасы мен антропонимдік (тұңғыш бала) мағынасының арасындағы сабақтастық, сонымен қатар олардың бойындағы дивергендік құбылыстың сырлары мен тарихы арнайы зерттеп, зерделеулерді талап етеді. Қазіргі анықталған бір мәселе – Алға, Алғай, Алғыр, Алғатай, Алғадай, Алдан, Алдыоңғар т.б. секілді антропонимдердің түпкі морфемаларында байланыс бар, олар бір-бірімен нәзік антропонимдік тін арқылы жалғасып жатқаны анық. Антропонимдердің шығу уәждеріне қойылатын талаптар тұрғысынан Құттыаяқ, Құттықадам, Байқадам секілді есімдерді де осы қатарға қоюға болады.

БАЙ

Көне түркі жазба ескерткіштерінің материалында «бай» сөзі кісі есімінің компоненті ретінде мынандай есімдердің құрамында кездеседі: «BAJ III: baj ара и. собств. (Е 396); baj

buγa и. собств. (USp 142, 172, 387); baj temür и. собств. (USp 22) 9, 25S); bört baj см. bört; tüz baj см. tüz II » [ КТС 7 9 ] . Жалпы есім ретіндегі көне түркілік мағынасы: BAJ I 1. богатый: baj

er qojï бай ердің қойы (ThS H40); baj meŋilig qïlγaj biz біз [оларды] бай әрі көңілді етеміз (Suv 34117); 2. ауыс. бай, жомарт: tili čïn bütün häm közi köŋli baj тілі – бүтіндей шындық, көзі мен көңілі – бай

(жомарт) (QBN 417) [КТС 79].

Қазіргі қазақ тілінде де осы мағынасы сақталған: Бай: байлықтың иесі; аса дәулетті, ықпалды адам, мырза. Бай компоненті кісі есімінің құрамында келгенде 1. материалдық әрі рухани байлықтың иесі; билеуші, беделі жоғары, ықпалды адам; жомарт, пейілі кең, жұрттың қамқоры. 2. Ұл бала, перзент. 3. Өзі жалғанған сөздердің кісі есімі екенін білдіреді (антропокомпонент). «Бай» түбірі бүгінгі тілімізде де тұрақты компонент ретінде қызмет етіп келеді. Бай сөзімен тіркесіп, түркі тілдерінде Байгелді, Байгерей, Байғали, Байғозы, Байдолла, Байкүшік, Байқара, Байқожа, Байқошқар, Байқуат, Байқұш, Байқұшат, Байқылыш, Байлық, Баймақ, Баймолда, Баймұрат, Баймұхамет, Баймырза, Байназар, Байсары, Байсәлім, Байсейіт, Байслан, Байсұлтан, Байсұңқар, Байсүйер, Байтазар, Байтемір, Байтөре, Байтуған, Байтулақ, Байшат, Байшора т.б. секілді көптеген есімдер қалыптасқан. Мағынасы айқын әрі бұл жөнінде даулы мәселе жоқ. Алайда осы түбірден тарайтын кейбір антропонимдер жөнінде түсінік беру үшін, көне түбірдің бастапқы кезеңінде қалыптасқан тағы бір сөздің тегіне үңілуге тура келеді. Бұл бай, бар сөздерінің бір негізден таралатындығына байланысты. Көне түркі тілінде қолданылған мынандай мысалға тоқталамыз: «baj bar тіркес.

бай: baj bar ẹrtim бай бар едім (C5); baj barïmlïγ парн. байлық, барлық: baj barïmlïγ tïnlïγlar az

бай, дәулетті тірі жан аз (ТТ VI024). Көне түркілік «бар» мен «байдың» синонимдік мағынасы кейінгі зерттеушілердің еңбектерінде де талдауларға негіз болады. Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінде Э.Севортян бай сөзінің варианттарын салыстыра отырып, А.Н.Самоилович пікіріне тоқталады. Мысалы ба:й и т.д. этимологический родственным с І ба:р~бар~вар и т.д. Сонымен қатар, монғол және манчжур тілдеріндегі "баян" сөзіне тоқталып, байлық, байу т.б. мағыналары да қолданылатынын анықтайды [11, 28 б.]. Көне түркі жазбаларында

317

сонымен қатар bar bajagut тіркесі бар, дәулетті мағынасында қолданылған [КТС, 83 б.]. Ал түсіндірме сөздікте "Бар, молдық, молшылық, баршылық. Барлықты қай әйел жек көреді" (Т.Ахтанов "Қаһарлы күндер") [12, 105 б.]. Бұл мысал А.Н.Самойлович пікірінің орынды екенін көрсетеді, яғни «бар» мен «бай» сөздері ортақ негізден тарайды. Тілімізде Барлық, Баржақсы, Барманбек, Барманқұл, т.б. Баян, Баянбек, Баянжан, Баянқұл т.б. Бай, Байжан, Байбек, Байбосын т.б. антропонимдер арғы мағынасы ортақ үш түрлі тұлғада (Бай, бар, баян) қолданылып жүр.

Кісі есімдері қоғамның түрлі даму сатыларын басынан кешіре отырып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан көне жәдігерлік. Мағыналарын тарихи тұрғыдан талдағанда олардың аясында көптеген ақпараттардың сақталғанына куә боламыз. Солардың бірі сырт көзге көріне бермейтін, тек антрпонимжасамдық мағына арқылы ғана анықталатын көне лексика-семантикалық және лексикаграмматикалық байланыстар. Бұл байланыстар қазақ антропонимдерінің біртұтас болмысы мен есімжасамдағы ортақ принциптерді де айқындай түседі.

Әдебиеттер тізімі

1.Жанұзақов Т. Есіміңіз кім? Ваше имя? —Алматы: Қазақстан, 1989. -192 б.

2.Нұрмагамбетов А. О казахских этнонимах адай и шеркес // В сб. Тюркская ономастика. —Алма-Ата: Наука, 1984.

—248 с.

3.Карачаево-балкарско-русский словарь: около 30 000 слов. Карачаево-Черкесский н. -и. ин-т ист., филол.- М.: Рус.

яз., 1989. – 832 с.

4.Қайыржан К., Сөз – сандық: Қазақтың көне сөздері. – Алматы: «Өнер», 2013. – 480 бет.

5.Мусульманские имена. Словарь-справочник. – СПб.: ДИЛЯ, 2009. – 448 с.

6.Жанұзақ Т. Есімдер сыры (Тайны имен). – Алматы: Парасат журналы, 2004. – 208 б.

7.Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ-ат тауарихының» тезаурус сөздігі. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012. – 392 бет.

8.Мамырбекова Г., Сейтбекова А. Әбілғазы Баһадұр ханның «Түрік шежіресінің» тезаурус сөздігі. Алматы: «Фирма Орнак», 2013. – 480 бет.

9.Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. – Алматы: «Арыс», 2006. – 168 бет.

10.Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. – Алматы: Қазақстан, 1997. –

11.Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. Москва: Наука, 1978. —352 с.

12.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2 том. —Алматы: 1974. — 623 б.

13.Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. — Москва: Наука, 1974. —778 с.

Бекмағанбетова Г.Ш.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты

ШАРТТЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ КАУЗАЛЬДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

Аннотация. В статье рассматривается вопрос о месте условных отношении в системе каузальных отношении. Автор исследует данную проблему с точки зрения философских, мировоззренческих понимании мира субьектом познания. Связь между причинно-следственными и условными отношениями определяется в статье как разновидности творческого подхода человека к познанию окружающего мира.

Шарт қатынасының грамматикалық табиғатын тереңдей тану үшін әуелі оның логикафилософиялық табиғатына назар аударған дұрыс тәрізді. Тілдік және логикалық категориялар бірімен-бірі сәйкес келе бермейтіні түсінікті болса да, тілдің ойлауды бейнелеу принциптерін түсіну тұрғысынан бұл қажет. Қазіргі ғылымда жаратылыс болмыстағы алуан түрлі қатынастарды классификациялаудың түр-түрі кездеседі. Соның ішінде батыстық тіл білімінде каузальдық қатынастағы құрылымдарға себеп, мақсат, шарт қатынастарын жатқызады.

С.Ж.Тәжібаева себеп, шарт, мақсат мәнді құрмаластарды каузальды қатынастағы құрылымдар ретінде қарастырады. Каузальдық қатынастардың философиялық, логика-математикалық модельдері мәселенің байыбына баруда көптеген қызықты информациялар беруге қабілетті болғанмен, олардың тілдегі бейнелену заңдылықтарын толық көрсете алмайтындығын, сондықтан да мұнда

318

лингвистикалық әдіс-тәсілдердің маңыздылығын атап көрсетеді [1; 50]. Ол каузальдық қатынастағы құрмаластардың ішінде негізгі орталық планда көрінетіні – себеп-салдарлық қатынас деп біледі. Автордың айтуы бойынша, американ лингвистикасында мәселеге өзгеше көзқарас қалыптасқан. Яғни, оларда негізгі орында шарттылық қатынастағы мағына тұрады. Мұның себебін автор былайша түсіндіреді: «Повышенное внимание американских ученных к условным конструкциям связано с гипотезой, согласно которой условие (непосредственно отражает типично человическую способность размышлять об алтернативных суждениях, делать выводы основанные на неполной информации, предпологать возможные коррелации между ситуациями и понимать, как мир менялся бы если бы определенные корреляции были бы другими)» [1; 53].

Халықтың өзіндік менталитетіне, этникалық дүниетанымы мен өзіндік ойлау ерекшеліктеріне байланысты олардың тілдік құбылыстарға деген көзқарас ерекшеліктері де өзгеше болуы заңды. Тілдік табиғат тұрғысынан келгенде, себеп-салдарлық қатынас пен шарт қатынасының дәрежедеңгейлері шамалас, қатарлас. Ал ұлттық таным тұрғысынан олардың қайсысына басымдық беру, жоғарыда айтып өткеніміздей, өзіндік ерекшеліктерімен көрінеді.

Тілдің негізгі коммуникативтік мақсатын жүзеге асыруда синтаксистік категориялардың, әсіресе, сөйлемдік сипаттағы синтаксистік категориялардың қызметі ерекше екені белгілі. Жалпы бітімболмысы кең ауқымдағы философиялық, яки дүниетанымдық сипаттағы абстрактылық ұғымтүсініктермен – мезгіл (уақыт), мекен (кеңістік ), қозғалыс, себеп-салдар, т.б. тәрізді тікелей байланысты болып келетін тілдік қарым-қатынастық құбылыстың аясында тілдік-грамматикалық, модальдық т.б. тұрғыдан алуан түрлі көріну мүмкіндігі бар шарттылық қатынастың өзіндік орыны ерекше көрінеді. Өйткені жаратылыстық құбылыстар мен олардың пайда болуы және өзгеруі (дамуы) арасындағы негізгі заңдылықтар осы шарттылық заңдылығымен де тығыз байланысты. Тіл білімінде әуелде, негізінен, құрылымдық жүйе ретінде ғана қарастырылған тілдік заңдылықтар туралы ғылым (құрылымдық тіл білімі) кейіннен функционалдық тұрғыдан қарастырыла бастауының бір себебі де осында болатын.

Шынында да, тілдік бірліктердің пайда болуы мен қызметінің негізгі мақсаты да, тудырушы күші де адамдар арасындағы қарым-қатынасқа белгілі бір мақсатта қызмет ету болғандықтан, тілдің ішкі табиғатын тану мақсатындағы ізденістердің осы мәселемен, яки функционалдық бағыттағы зерттеулермен тікелей байланысты болуы да түсінікті болмақ. Сондықтан да біз бірыңғай құрылымдық бағыттағы ізденістерді тіл білімі дамуының алғашқы кезеңдеріндегі және тілдік материалды тереңірек тану мақсатына байланысты әр алуан практикалық қажеттіліктерден пайда болған деп білеміз.

Ал тіл білімі дамуының қазіргі кезеңіндегі дүниетанымдық сипаттағы (когнитивтік) тіл білімі мәселеге антропоцентристік принцип негізінде келе отырып, тілдік материалды адамзаттың не белгілі бір этностың ойлау, дүниені тану, оны тіл арқылы бейнелеу ерекшеліктері тұрғысынан қарастыруды мақсат етеді. Бұл бағыт, әрине, алғашқы екі түрлі бағытқа қарағанда да өзінің жаңашылдығымен, ғылыми тереңдігімен ерекшеленеді. Дүниені танушы, оны тіл арқылы бейнелеуші белсенді субьектінің – адамның орталық фигура ретінде көрінуімен ерекшеленетін бұл бағыттағы зерттеулерде тілдік құбылыс өзінің о бастағы пайда болуындағы негізгі принциптері тұрғысынан, яки дүниені ойлау арқылы тану және осы танымдық түсініктерді тіл арқылы бейнелеу принциптері тұрғысынан зерттеледі. Әрине, қазіргі ғылымда мұның өзі әр қалай түсіндіріліп жүрген жайы бар. Шарттылық қатынастағы құрылымдық-семантикалық бірліктерді тереңдей тануда осы шарттылық қатынастың табиғат пен жаратылыс-болмыста және адамзатқа тән ментальдық болмыста қалай көрінетіні мен олардың тілде қалай бейнеленетіні аса маңызды болмақ.

Тілдік құбылысты функционалдық тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы туралы М.М.Төлеуп ғалым В.Н.Ярцеваның пікіріне сүйене отырып, былай дейді: «...тіл жүйесінде болып жатқан процестердің функционалдық маңыздылығын бірінші орынға шығару тіл құбылысының кейбір категорияларының сан алуан семантикалық байланысын көрсетуге, олардың түпкі негізін анықтауға септігін тигізуі мүмкін» [2; 12.].

Тіл құбылыстарын функционалдық-семантикалық жағынан сипаттау принциптері Ф.И. Буслаев, А.А.Потебня, А.А.Шахматов, И.И.Мещанинов, Л.В.Щерба еңбектерінде көрсетілгенін айта келіп, автор Р.М.Теремова пікірінің негізінде, қазіргі уақытта сол көзқарастарды ғылыми талдау кезінде тілдік тұлғаларды ескеру қажеттігін, мағынадан (функциядан) тұлғаға ғана емес, тұлғадан мағынаға

319

(функцияға) қарай жүрудің де дұрыстығын қарастыратын жаңа бағытқа ие болып отыр» - дейді [2; 13].

Шынында да, тілдік бірліктердің пайда болуы мен қызметінің негізгі мақсаты да, тудырушы күші де адамдар арасындағы қарым-қатынасқа белгілі бір тұрғыдан қызмет ету болғандықтан, тілдің ішкі табиғатын тану бағытындағы ізденістердің осы мәселемен, яки функционалдық бағыттағы зерттеулермен тікелей байланысты болуы да түсінікті болмақ.

Ойшыл Гегель: «Изучение грамматики составляет начало логического образования» - деген болатын [3; 406]. Дүниедегі барша заттар мен құбылыстардың тіршілігі мен қызметіндегі сабақтастық байланыстар себеп пен салдар және шарт пен нәтиже қатынастарына құрылады. Диалектикалық қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігінің жаратылыстық ұлы заңдылығы сияқты шарттылық пен себептік қатынастар да диалектикалық категорияларға жатады.

Тіл білімі ғылымы дамуының кейінгі кезеңінде пайда болған танымдық (когнитиватік) тіл білімі бағыты тілдің бітім-болмысынан «ғалам бейнесін» тануды мақсат етеді. Жаратылыс-болмыстың заттары мен құбылыстарын тілдік-дыбыстық құралдар арқылы бейнелеу адамзаттың дүниетанымдық ойлауының нәтижесі болғандықтан, тілдік болмыстан жаратылыстық болмыстың бейнесін көру талабы орынды да. Штейнтальдың «четырех угольный круг» дегеніне сын айта отырып Р.А. Будагов: «Специфику языка в отличие от логики надо искать не в том, что язык будто бы разрушает все основы логики и сам по себе алогичен и даже антилогичен, а в том, что язык по своему передает логические законы нашего мышления»,-дейді [4; 58]. Бірақ, автордың осындағы «по-своему» деген сөзінің мағынасын түсіндіру де оңай емес тәрізді. Р.А.Будагов мұнан әрі: «Если бы сам язык был антилогичен, то с его помощью, во-первых нельзя было бы выразить логические законы и логические понятия и, во-вторых проблема понимания между людьми не могла бы находиться в центре науки о языке» - дейді.

Егер тілдік құбылысты тек қана формалық тұрғыдан – тілдің дыбыстық материалынан мағынаға қарай қарастырмай, тілде ақиқат болмыстың шынайы бейнеленуі тұрғысынан, яки жаратылыстық болмыстың мәні мен мағынасының тіл арқылы бейнеленуін тілдің когнитивтік қызметі тұрғысынан, оның қатысымдық-прагматикалық қызмет ерекшеліктері тұрғысынан қарайтын болсақ қана мәселенің байыбына бара аламыз.

Қ.Есенов өз еңбегінде: «Шарттық ұғым адамның түрлі сипаттағы ойынан туып отырады» - деген пікірді айтқанда, мәселенің осы жағын да ескерген тәрізді. Ойдың табиғатқа, табиғат құбылыстарына тікелей қатысты болып, сол табиғи процесті бейнелеуі бар: Жаңбыр жауса, жер көгереді.т.б. 2. Ойдың ішкі ментальдық объектіге қатысты болуы бар: Ойлап отырсам, Асқардың ісі ерлік екен. т.б. [5; 74].

Философиядағы шарттылық ұғымы мен тіл біліміндегі шарттылық ұғымдары бір емес екендігі түсінікті. Сондықтан бұл аталмыш екі мәселенің басын ашып алған жөн болмақ: философияда бұл шарттылық категориясы ретінде қарастырылса, тіл білімінде шарттылық қатынас ретінде қарастырылады. Сондықтан да біз шарттылық ұғымы деген жалпы атауды емес, олардың ара жігін аша, айқындай қарастыратын, ғылыми әдебиетте қалыптасып орныққан ғылыми терминдерін – философиялық тұрғыдан, шарттылық категориясы терминін, ал лингвистикалық тұрғыдан, шарттылық қатынас терминін қолданған жөн деп білеміз.

Бір ерекшелік, біздіңше, мынада: шарттылықты философияның обьектісі ретінде категориялдық тұрғыдан тану жаратылыстық-болмыстық, қоғамдық құбылыстардың философиялық табиғатын түсінуді, олардың жалпы заңдылықтарын ашуды көздесе, оны тілдік тұрғыдан тану жаратылыстықболмыстық, қоғамдық құбылыстар мен олардың заңдылықтары туралы адамзаттың дүниетанымдықфилософиялық түсініктерін сөйлеуші субьектінің қатысуы арқылы, соның ментальдық болмысы арқылы қабылдай отырып, тілдік амалдар арқылы бейнелеудің өзіндік заңдылықтарына сүйенеді. Яғни, бұл соңғы жағдайда жаратылыстық-болмыстық құбылыстардың тілде бейнеленуі ментальдық тұрғыдан сараланып, яки қайта қаралып, нақтырақ айтқанда, адамның тілдік санасы арқылы өткізіліп барып жүзеге асады. Міне, біз айтып отырған мәселенің негізгі екі жағы, басты екі бағыты осында деп білеміз.

Тіл білімі ғылымының кейінгі кезеңінде пайда болған танымдық (когнитиватік) бағыттағы зерттеулер тілдің бітім-болмысынан «ғалам бейнесін» тануды мақсат етеді. Жаратылыс болмыстың заттары мен құбылыстарын тілдік-дыбыстық құралдар арқылы бейнелеу адамзаттың дүниетанымдық ойлауының нәтижесі болғандықтан, тілдік болмыстан жаратылыстық болмыстың бейнесін көру

320

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]