
87
.pdfжоғарыда аталып өткен факторлардың ықпалдастық себебімен де тығыз байланысып жатқаны көрінеді.
Мемлекеттік тіл саясатының терминологияға тигізетін ықпалын субъективті аспектіден басқа жұмысты ұйымдастыру қырынан атап өтуге болады.
Терминологиялық үрдістерді мемлекеттік тұрғыда реттеудің тағы бір тетігі ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру көрсетіледі. Баспасөздің қоғам өміріндегі рөлінің маңыздылығын халықтың онда жарияланған ақпаратты, оның ішінде терминдерді сол күйінде қабылдап, қолданысқа енгізіп жіберуінен көруге болады. Сондықтан Мемтерминкомда бекітілген жаңа терминдердің немесе сөз тіркестерінің баспасөз бетінде соңынан қайта өзгертіліп жүрмейтіндей және ұлттық негізі қалыптасқан нұсқада берілуі өте маңызды. Бұл Мемтерминком мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасында байланысты күшейтуді ғана емес жоғарыда айтылған біліктілікпен байланысты мәселелерді де кешенді түрде шешуді талап етеді.
Мәселенің кешенді түрде шешілуі Мемтерминком өкілеттігін арттыруды, бекітілген терминдерді «Терминологиялық хабаршы» тәрізді тиісті мемлекеттік орган бюллетеньдері, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату ісін жолға қоюды, әкімшілік шаралар қолдануды, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыруды қамтиды екен. Бұл арада мамандардың біліктілігін арттыруды ерекше бөліп айту керек. Себебі біліктілікті арттыру өз кезегінде өзге де бірқатар шараларды іске асыруды талап етеді. Бұл – ең алдымен жоғарыда аталып өткендей ғылым мен білімді дамыту.
Сонымен, біз терминологиялық үрдістерге әсер етеді деп атап көрсеткен сыртқы факторлардың бәрі де өзара тығыз байланысты болатынын осы процесті мемлекеттік реттеу тұрғысынан анық аңғарамыз. Осы ретте санамаланған экстралингвистикалық себептерден басқа, оның ішінде мемлекеттік тіл саясатынан да басқа, тікелей мемлекеттік басқаруға, бақылау мен қадағалауға, мемлекеттік қызметкерлердің ар-ождан кодексіне қатысты жағдаяттың да терминологиялық үдерістерге жанама ықпал ететін фактор ретінде көрінеді. Жанама ықпал етеді дейтін себебіміз аталған жағдаят ең алдымен ғылымибіліктілік, сондай-ақ мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, оның ішінде заңнамалық реттеу тетіктеріне қатысты болып, солар арқылы ғана термин қалыптастыру ісіне әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ш. Құрманбайұлы. Мемлекеттік саясат және терминология мәселесі // Егемен Қазақстан, 2003 ж. 30 қыркүйек.
2.А.Бисенғали. Түрік тіліндегі терминдер мәселесі (94-97) // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. 2002, №6 (57).
3.Құрманбайұлы Ш. Терминком және қазақ терминологиясының болашағы // Егемен Қазақстан. – 2002 жыл, 8 ақпан.
4.Б.Қалиев. Ерінбеген етікші болар, бірақ терминші болмас // Ана тілі. №36. 29.08.2002.
5.Әбдірахманов М.М. Ағым талабынан туындаған іс-шаралар (7-9) // Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері.- Павлодар: «ЭКО» ҒОФ, 2003. –150 б.
6.Ақаев С. Т. Терминнің тілдік және танымдық сипаты. Докторлық диссертация. -Алматы, 2002. 291 б.
Anessova Umit
PhD
әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Қазақ тіл білімі кафедрасы, Аматы, Қазақстан
Minzu University of China, Beijing, China
СИМВОЛ – ШАРТТЫ КОД
Мақалада символ терминін ашу мақсатында бірқатар теориялық тұжырымдар ұсынылды. Символды кодтың бір түрі дей отырып, шартты таңбалар қатарында қарастырып отырмыз. Символ, тіл сияқты, шартты таңба болғанмен, түрлі тұлғада (формада) жүреді, яғни ол тілге қарағанда бейнелі бола алады (бейне-таңба), сөз ретінде айтылып немесе жазу болып қағаз бетіне түседі (сөз-символ), тіпті дыбыс, иіс және басқа сезім мүшелері арқылы түйсікке барып, өзіндік ой, ассоциациялы және абстрактілі образ қалыптастырады. Сол шарттылықты аша түсу үшін, символдардың қалытасуына әсер ететін факторлар да қарастырылады.
Түйін сөздер: символ, код, таңба, шарттылық, семиотика.
301
Тіршілік иелерінің ішінде символдық жолмен ойлау қабілеті тек адам затына ғана тән. Адамның ассоциативті және абстрактілі ойлауы, оны жануарлардан ерекшелейді. Тек адам кез келген затқа, құбылысқа, жағдайға және басқа қоршаған нәрселерге ерекше мән-мағына, абстрактілі бейне үстеп, соны санасында бір нәрсемен сабақтастырып, ассоциациялап, топтастырып қояды.
Қазіргі тіл білімінде антропоөзектік парадигма көлемінде жаңа лингвистикалық бағыттардың пайда болуы мен белсенді түрде дамуы айтарлықтай ерекше болып тұр. Қазіргі кезеңде зерттеушілердің адам, тіл және мәдениеттің байланысына, я болмаса «тіл мен таным», «тіл мен мәдениет», «тіл мен ұлт» сабақтастығының танымдық сипатына назар аударуы тіл білімінің жаңа деңгейде дамуына өз әсерін тигізуде. Антропоөзектілік тілді жеке адаммен немесе жеке этноспен, олардың ойлау өрісімен және рухани-тәжірибелік қызметімен сабақтастықта қарастырады. Бұл бағыт қазір дүниежүзінің кез келген ғылым саласында – гуманитарлық, не техникалық – әсіресе, лингвистикада қарқынды даму үстінде. Сөйтіп, қазіргі тіл білімінің басты принципіне айналып, лингвистикада жаңа бағыттар мен түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл білімінің зерттеу нысаны кеңейе түсуде. Қазақ тіл білімі де жаңа бағыттардағы зерттеулермен толығу, даму үстінде. Жаңа принциптерге сәйкес когнитивтік ғылымның бір бөлігі болып табылатын және тілді когнитивтік механизм ретінде танытатын когнитивтік лингвистика ұстанымына сәйкес тілді түрлі ойлау құрылымдары және үрдістермен, оның ішінде когнитивті лингвистиканың маңызды категориясы болып табылатын символдармен сабақтастықта қарастыру, сонымен бірге, символдарды басқа ұғым, түсініктермен байланыста, таным мен қоршаған ортаның концептуалдануы тұрғысында зерделеу және символдардың тілдік бірліктер мен категориялар арқылы көрініс табуы тұрғысында зерттеу жүргізу өзекті болып отыр.
Қазіргі зерттеу жұмыстарында көркем мәтінді құрылымдық және мазмұн жағынан кеңінен қарастырып зерттеу басымдыққа ие болып отыр. Соған байланысты автор өз еңбегінің мазмұны мен ойын толыққанды жеткізу, бейнелеу мақсатында әртүрлі тілдік амалдар мен сөз қолданыстарды іздейтіні белгілі, солардың бірі – троптар. Ал, кез келген троптың негізін қалайтын символ-таңба екені белгілі болды. Бұл тұрғыдан да зерттеу жұмысында қарастырылып отырған мәселе маңызды болып табылады.
Символдың адам өміріндегі маңызы күнделікті өмірде өте жиі кездесетіндігімен түсіндіріледі. Кейбір символдар раушан гүлі (сұлулық, сүйіспеншілік), жүрек (махаббат), мәуелі ағаш (тамыры тереңге кеткен әулет), көгершін (бейбітшілік), бүркіт (еркіндік, өжеттілік) символы түрінде келсе, көбі керісінше, кең символдық мәнге ие болып, жалпы заттардың көрінісіне айналады. Символдың мағыналары кеңейген сайын, олардың символдық мәні де арта түседі. Сол арқылы символдар адам ойы мен наным-сенімдеріне ықпал етеді, адамның рухани дүниесін байытып, өмір туралы көзқарасы мен түсінігін кеңейтіп, танымын тереңдетеді.
Символдық мағынаның үнемі бір қалыпта тұруы тілдегі басқа бірліктер сияқты, мүмкін бола бермейді. Олар да өзге де тілдік бірліктер сияқты эволюциялық даму кезеңінен өтеді немесе кері үдеріске түседі, мағыналық өзгерістерге ұшырап, мағыналық жақтан толығып, тарылады. Кезеңкезеңде осылайша өзгерістердің жүруі нәтижесінде бір кездерде мәні жоғары болған кейбір символдардың әсері жойылады, өйткені олар үшін ол символ соншалықты маңызды болудан қалады. Басқа біреулері, керісінше, дүниені интеллектуалды тұрғыдан түсініп-білудің кілті болып кетеді. Символизм адамның қолы жетпейтін нәрселерді материалдандырып, олармен ықпалдасуға мүмкіндік береді.
Көптеген дәстүрлі символдар – көпмағыналы. Барлық халықта айдаһар қас жаудың символы бола бермейді, сол сияқты жүрек барлық жерде махаббаттың символы емес. Дегенмен, символдар үнемі әртүрлі, бірақ өте маңызды «ақпарат» көзі болып табылады. Кейде белгілі бір символ неліктен нақты сондай мағынаға ие болатындығын түсінуге тырысамыз, оны адаммен, адам өмірімен байланысын танып-білуге талпынамыз және қайтен күнде де ол логикалық ойлаудың нәтижесі болады.
Жаһандану күшейген сайын әр ұлт «интеллектуалды құлдыққа» жақындай түсуде, себебі, көп ретте, дүние жүзіне адамзатқа жат құбылыстар мен өнімдер таралып, құлдықтың белең алуын өзіміз, адамдар қамтамасыз етудеміз. Бірақ адамның тынымсыз іздену қасиеті түрлі символ-кодтарды білуге деген құлшынысы арқылы түсіндіріледі.
Қазіргі, жарнама өнім шығару өркениетінің ең негізгі тетіктерінің біріне айналды. Оның жағымды, әрі тиімді қызметімен қатар, жағымсыз қасиеті болатынын атап өту керек. Жарнама жаһанданудың негізгі көзі десек болады. Символдардың әсерлі, ықпалдылығын, «магиялық» күшін
302
жетік меңгеріп алған – қазіргі жарнама жасаушылар. Символ арқылы олар еркін түрде адамның қиял дүниесіне әсер етеді де, адамдардың санасымен түрлі манипуляциялар жүргізеді. Бұл туралы Х. Бидерманн: «...бір жағынан, олар өткен құндылықтарымызды көрсетеді, екінші жағынан, ниеті жамандар ол арқылы, яғни символдар арқылы адамды робот қыла алатын кодтардың жиынтығына айналдыруы әбден мүмкін» [1],–деп айтады.
Кейбір символдардың «магиясы», яғни адамдардың оның тылсым күш бар екеніне сеніп кетуі, ыңғайсыз жайларға әкеледі. Мысалы, ацтек цивилизациясының «құрбандық қаны, жүрек, күн» деген сияқты символдары ацтектердің тіршілігінің жойылуына алып келді.
Символдар – әлі де адам тіршілігінің ең ықпалды, әрі тәуелділік тудыратын құралы. Олар әлемдегі керемет ескерткіштер мен адамзат тарихының айрықша беттерін қалыптастыруда көп қызмет етті: шіркеулер, пирамидалар, храмдар, симфониялар, скульптуралар, суреттер, діни тәжірибелер, фестивальдар және т.б. символмен тамырлас. Ал символикалық тұлғалар (фигуралар) басқа адамдардың жеке өміріне ықпал етіп, олардың дамуына, танымына, сөзсіз, септігін тигізіп келеді.
Өзге бір мәдениеттерді зерттеу – сол мәденеттің символдар әлемін зерттеу арқылы жүзеге асады. Себебі, символдар мәдениеттің барлық бөлігінде, әсіресе, мифология мен теологияда, ырымтыйымдарда, салт-дәстүрде және өзге де рухани және мәдени құндылықтардың бойында жүйеленіп, белгілі сенім, мазмұнды қамтып, ұлттық танымды, ұлттық сананы қалыптастырады. Әрине, бұл тұста шарттылықты ұмытпауымыз керек. Ол шарттылықты символ мағынасының өзгеріп, дамып, кейде жоғалып кететіндігінен көре аламыз.
Қоршаған орта мен дүниедегі барлық нәрсені символдар арқылы кескіндеуге болады. Символдар
– таным мен қарым-қатынас үдерісінде басты да, көмекші де мағынасы бар таңба түрі. Символдардың адамзат қоғамындағы, адам өміріндегі рөлі зор, бірақ бұл рөл шындықтың реалистік көрінісінің жалпы мәселесіне бағынышты, тәуелді. Сондықтан символды басты және дүниені танудың жеке-дара жалғыз формасы деп қарауға болмайды. Адамдарға әркелкі әсер ететін, сондықтан да белгілі бір сезімдермен, жағдайлармен, қатынастармен байланыста болатын әртүрлі заттар мен олардың ерекшеліктері де символ ретінде қолданыла береді. Мысалы, көптеген халықтардың таным-түсінігінде кейбір түстер, өздерінің өмірдегі орны мен атқаратын роліне қарамастан, символдық мағынаға ие: ақ түс – пәктіктің белгісі, қара – қазаның, қызыл – махаббаттың белгісі т.б.
Әр ұлт символдары өз бойында ұлттық мәдениет, ұлттық менталитет, ұлттық психологияны сақтайды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескеретін болсақ, символ, тіл секілді шартты код екенін аңғару қиын емес. Оған төмендегі ойлар дәлел бола алады:
-Қазақстанның түрлі өңірлерінде өмір сүретін қазақтардың ойлауы мен әлемді тануы, түрлі заттар мен құбылыстарды символдап, ассоциативті пікір қалыптастыруының әр түрлі болуы;
-Әр түрлі табиғи ортада өмір сүретін адамдардың сол табиғи ортаға сәйкес символдар қорының бала кезінен қалыптасып, көп жылдар бойы өмір сүру үлгісі болуы;
-Символ мағанасының үнемі өзгеріп отыруы. Мағынаның өзгеруі, кеңеюі, не тарылуы – әр түрлі факторларға байланысты болады;
-Кейбір символдардың код ретінде жоғалып кетіп, олардың орнын басқа тілдік, таңбалық кодтың басуы;
-Отанынан тыс шет елдерде өмір сүріп жатқан мысалы, Қытай Халық Республикасында немесе шет тілін үйреніп жүрген адамдардың өз мәдениетінен бөлек өзге елдің мәдени кодтарын меңгеруі;
-Символдың да, код ретінде атадан балаға мұра болып берілуі;
-Әлемнің тілдік бейнесін символ-кодтар арқылы қалыптастыруы.
Айта кететін жайт, символ – бұл таңба. Ол да тіл секілді шартты таңба, нақтырақ айтқанда, символ, кез келген таңбаның түпкі атасы болып отыр. Бірақ оның формасы, таңбанікі сияқты, әр түрлі болады. Бірде ол тілдік таңба болса, енді бір кезекте бейне-таңба немесе сөз-таңба, тағы бір кезде таңбаланушының өзі, яғни зат, өсімдік, түс және т.б. орнында жүретін код ретінде өмір сүре береді. Ең қызығы, символ тек біздің миымызда, не адамның санасында ғана таңбаланады.
Символдың шарттылығын оның қалыптасу факторлары арқылы да түсіндіруге болады. Дүниенің концептуалдануының нәтижесінде символдардың пайда болуының мынадай факторларын көрсетуге болады:
303
1)Қоршаған табиғат факторы (бұл жерге түр-түс, флора мен фауна, космосимволиканы және т.б. символдарды жатқызуға болады), табиғаттың беретін пайдасы мен келтіретін зиянына қарай, сол табиғатта өмір сүретін тіршілік иелері мен өсетін өсімдіктеріне, болатын табиғи-климаттық құбылыстар, негативті және позитивті символдардың теңеу, метафора, фразеологизмдер түрінде пайда болуы мүмкіндігін туындатады және символдың мағынасын кеңейте алады. Адамның мекен ететін жері құмды шөлейт болса, соған қатысты символдар түзіледі және қол жетпес, армандап аңсаған әлемінің символдары пайда болады, себебі ол рухани-эстетикалық қажеттіліктен туындайды. Мысалы, жүрген жерің көгорай шалғын болсын (жақсылық, молшылық символы) деген тұрақты сөз тіркесі қалыптасуы мүмкін. Бұндай тұжырымды Н.Уәли айтып өтеді: «..қарғыс мәнді жүрген жеріңе шөп шықпасын деген фразеологизмнің ұлттық семантикасы орманды алқапты мекендейтін халықтар үшін, олардағы дүниенің тілдік бейнесі басқа болғандықтан, мүлдем қисынға келмейтіндей көрінеді»
[4].Көріп отырғандай символдар әрі позитивті, әрі негативті сарында түзілуі ықтимал.
2)Жан-жануарлардың қатал табиғаттағы өмір сүруіне орай, сондай жағдайларға арналып табиғи түрде берілген инстинктері мен физикалық қасиеттерінен туындаған символдар (мысалы, арыстан – күштіліктің символы, қоян – қорқақтықтың символы сияқты, қасқыр – қараулықтың символы) бар. Ұлттың ұлт болып қалыптасуына негіз болған тотем-символдар да жеткілікті Мысалы, көк бөрі – түркі халықтары үшін тотемдік мәнге ие символ. Қазақ халқы қазіргі күнге дейін батыл жігіттерді көк бөріге теңеп жатады.
3)Белгілі бір тарихи оқиғалар мен жағдайлар, көптеген адамның өміріне ықпал еткен құбылыстардың нәтижесі және осындай жағдайларда тарихта өзіндік орын қалдырған тұлғалардың символдық фигура болып қалыптасуы белгілі. Бұл жерде 9 мамыр – Жеңіс күні, жеңіс символы болып қалғанын айту керек. Қазақтың батырлары мен билері, хандары, сұлтандары және т.б. көптеген тұлғалар символдық фигура болып тарихта есімі қалған және тілде қолдануы арқылы белгілі бір эталондық та қызмет атқарып келгені шындық. Мысалы, Қабанбай батыр – қалмақты жеңген қазақ халқының батыры ерліктің символы. Кейінгі кезде болған трагедиялық оқиғалардың бірі 11 қыркүйекте АҚШ-та болған терроризм планета тұрғындарын әлі күнге дейін үрейлендіреді. Осы сияқты оқиғалар мен сол оқиғалардың кейіпкерлері көбінесе символ түрінде өз ғұмырының жалғасын табады.
4)Құбылушылық факторы арқылы қалыптасқан символдар адамның өз-өзінен, өз еркімен басқа кейіпке түсуінен пайда болады; Бұған біз аллегорияны, теңеу, метафораның құбылушылық қызметінде қолданылып тұрған символдық бейнелер мен образдарды жатқызамыз.
5)Экспрессивті-эстетикалық қажеттілік факторы туындатқан символдар;
Мысалы, бәйшешек гүлі қазақ халқы үшін сұлулықтың символы.
6) Қарама-қарсылықты шешу факторы арқылы пайда болып, қалыптасқан символдар. Бұл жерде жақсы мен жаман, ақ пен қара, дос пен қас сияқты қайшылықтардан туындаған символдарды жатқызамыз. «Жаман айтпай, жақсы болмас» деген сияқты адам көп нәрсенің байыбына салыстыру арқылы барады. Мысалы, аспан мен жер. Аспан – бұрынғы мифологиялық ойлаудан бастап, құдайлардың мекен ететін жері болса, жерасты - өлім патшасы Аидтың тұрағы. Аспан - өмір, жерге жерасты - өлім символы. 7) Өзін қоршаған заттар мен құбылыстарды алғашқы қауымдық адам өзінің тікелей қандас туысы ретінде қабылдайды. Бұл дүниені мифологияландыруға алып келеді. Мифологияландыру – қоршаған дүниені «рухтандыру», оған «жан бітіру», содан соң оны тұтастырып, байланыстырып түсіндіру сияқты танымдық қажеттіліктерден келіп туындайтын процесс. «Таратып айтқанда, бұл процесс дүниені адами-өлшемдік (человеко-размерности) деңгейде тұңғыш концептуализациялау идеясына, дүниенің мифологиялық моделін адамзаттық өлшем тұрғысынан жасап шығаруға алғышарт болып табылады» [5].
Сөйтіп, символ өзі бейнелейтін образға байланысты және соның көмегімен кейбір аса маңызды және дерексіз мазмұнды шартты түрде білдіру үшін пайдаланылады. Сондай-ақ символ белгілі бір таңба, белгі, көрініс, образ, зат және басқа да формада бола тұрып, адамның әрекет моделінің қалыптасуына негіз болып, өмір сүру жолдарын анықтап, ықпал етіп, түрлі мән, мазмұн, образ үстеп, адамның санасындағы түрлі танымдық (концептуалдық) білімге айналады. Сондықтан да, символдар, тіл сияқты шартты болады, алайда осы шарттылықтың арқасында этностар бір-бірінен ажыратылып, өзіндік әлемді тану үлгісін қалыптастырады. Бұл ретте ұлттық символдардың атқаратын қызметі – жетекші. Ұлттық сана мен танымды қалыптастырып, қазақ мәдениетін сақтап, атадан балаға мұра етіп қалдыру жолында символдың осындай шарттылық қасиетін ұтымды пайдалу қажет.
304
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Bennett M.Berger. An Essay on Culture. Symbolic structure and Social Structure. London: University of California Press, Ltd., 1995.-P. 188.
2.Wheelwright P. The archetypal symbol. // Perspectives in literary symbolism. V.I. The Pennsylvania State University Press. University Park; – London, 1968. p. 222.
3.Terence Hawkes. Structuralism and Semiotics. –London: Routledge, 1988. –Р. 34-45.
4.Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол.ғыл.докт... дисс. автореф. –Алматы, 2007. – 54 б.
5.Ақбердиева Б.Қ. Лексико-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар (қазақ тілі материалы бойынша): филол.ғыл.канд...автореф. – Алматы, 2000. – 30 б.
Атаханова Н.А.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МӘТІНДЕРДЕГІ ЛИНГВОПОЭТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Аннотация. В данной работе рассматривается лингвопоэтическая сфера по фольклорным текстам. Анализируя использование фольклора в лексико-семантической и стилистической системе, необходимо определить лингвопоэтические выражения фольклорных названий и их коннотаций.
Abstract. In this paper we consider the linguistic sphere of folklore texts. Analyzing the use of folklore in the lexical-semantic and stylistic system, it is necessary to determine the linguo-poetic expressions of the folklore names and their connotations.
Фольклорлық мәтіндердегі лингвопоэтикалық қызметтерін талдай отырып, біздің зерттеумізідің осы (ракурс), фольклорлық оним-көркем образдың қайталануында маңызды рөл атқаратын, сондай-ақ шығарманың лингвопоэтикалық жүйесінде сөздік-бейнелеуіш құрал рөлін орындайтын өзіндік эстетикалық категория.
Сөйтіп, батырлық эпостарда фабула мен барлық сюжеттік желілер, образдар жүйесі ат пен бас кейіпкер образының төңірегіне шоғырланған. Қазақтың батырлық эпосы «Қобыланды батырдағы» фольклорлық Қобыланды антропонимі мәтін құрайтын маңызды қызмет атқарады. «СССР
халықтарының эпосы» (Мәскеу, 1975) сериясында шығарылған «Қобыланды батыр» мәтінінде фольклорлық Қобыланды антропонимі 244 рет кездеседі. Фольклорлық Қобыланды антропонимінің осылайша көп мәрте қайталануы, мәтінде фольклорлық шығарма мен оның идеясының жетекші тақырыбын ашуға әсер етеді.
Эпостың фольклорлық мәтініндегі Қобыланды антропонимі жай қайталанып қана қоймайды, ол маңызды лексика-стилистикалық құрал ретінде, көптеген мағыналық байланыстар, күрделі ассоциациялар жүктей отырып, мәтіннің басқа да сөздік бейнелеуіш құралдарымен парадигматикалық және синтагматикалық байланысқа түседі. Қызметі жағынан маңызды Қобыланды антропонимінің синтагматикалық байланысын қарастырайық, ол эпикалық кейіпкердің көркем (фольклорлық) образын жасауда маңызды рөл атқарады.
Фольклорлық баяндау былайша басталады: «Кешегі өткен заманда
Қарақыпшақ Қобыланды Атасы мұның Тоқтарбай Халықтан өткен бай болды».
Фольклорлық Қобыланды антропонимін анықтаушы рөлінде көрінетін Қарақыпшақ этнонимінің синтагматикалық қолданылуы кейіпкердің рулық түбірлерін көрсетеді. Жеке атпен бірге рудың аты қолданылуы патриархалдық-рулық қазақ құрамында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Үйсін Төле би және т.б. түрде қолданған, «ру, жеке ат» дәстүрлі антропонимдік формуланың өзіндік белгісі болып табылады.
Мұндай антропонимдік үлгі, сол сияқты бірқатар фольклорлық антропонимдерге де тән.
305
Фольклорлық мәтіннің басқа жерлерінде Қобыланды антропонимінің анықтауыштары мен типтерінің синтагматикалық қолданылуы кездеседі: арыстан туған Қоблан, Батыр Қоблан, Қобыланды батыр, Қобыланды деген ері бар; Артық туған Қобыланды т.б.
Қобыландының жиі қайталынатын «тұрақты» эпитеттері «арыстан туған», «ер», «батыр», «сұлтан», «бөрі» және т.б. болып табылады. Бұл эпитеттер эпикалық кейіпкердің образын беруде оның тайсалмайтындығын, ерлігін, адамгершілігін және т.б., яғни ерекшелігі мен қабілеттілігін көрсете отырып, маңызды рөл атқарады. Кейбір фольклорлық эпитеттер жай бейнелену теңеу ғана емес, олардың бойында тотемдік, мифологиялық түсінік жатыр. Ертедегі көне ұғымдарда мифтік кейіпкер қандай да болмасын тотемдік аңнан – қасқыр, арыстан, жолбарыс және т.б. туылған. Бұл эпикалық кейіпкер атының өзі фонетикалық жағынан қабылан сөзіне жақын. Біршама уақыт кейін эпосты кезеңдеу нәтижесінде, кейбір рулық (мифологиялық) атаулар эпитетке айналды және «Қобыландыдай бөрінің», «Арыстан туған Қоблан», «Қоблан нар» және т.б. сияқты образдың қандай да болмасын қасиеттерін сипаттайтын анықтауыштар ретінде жұмсалды. «Батыр Қобылан», «Қобыланды батыр», «Қобылан сұлтан» тәрізді синтагматикалық қолданыстардағы батыр, сұлтан анықтауыш сөздері әлеуметтік емес, эпитеттік атаулар болып табылады, дегенмен бұл лексемалардың белгілі бір дәуірде, қазақ қоғамының әлеуметтік-иерархиялық жүйесінің атақлауазымы болғандығы белгілі.
О.И.Фонякова [1, 31-32] былай деп атап көрсетеді: «... жалқы есім семантикасының жалпы қасиеті
– оның суггестивтілігі, яғни мәтіндегі және мәтін сыртындағы ассоциациядан шығатын әр текті коннотациялар мен семантикалық компоненттердің жинақталуы. Дербес-көркем мағына жалқы есімнің семантикалық композициядағы барлық үш деңгеймен – оларың синтагматикалық және парадигматикалық байланыстары мен қарым-қатынастарында, семантикалық өзара әсері негізінде қалыптасады».
Фольклорлық мәтіннің лексика-семантикалық және стилистикалық жүйесіндегі қолданысын сараптай отырып, фольклорлық есімдер мен олардың коннотацияларының лингвопоэтикалық қызметін анықтау қажеттігі тұр.
Фольклорлық мәтінде фольклорлық онимдер синтагматикалық және парадигматикалық қарымқатынастарда (көлденең және контекстер жағдайында) қолданылады. Біз фольклорлық Қобыланды атының синтагматикалық қолданысын сипаттауға тырыстық. Ол «фольклорлық эпитеттермен» бірге мынаны көрсетеді, ол:
1)барлық эпитеттің эстетикалық (лингвопоэтикалық) негізі болмайды, яғни олар тарихи өткен кезеңде мифологиялық ұғымдармен байланысты болды;
2)термин-титулдар болып табылатын бірқатар анықтауыш сөздер, фольклорлық мәтінде эпикалық кейіпкер қасиетін сипаттайтын эпитеттер қызметін атқарады; эпитеттер қызметін атқарады;
3)бірқатар эпитеттер орталық эпикалық кейіпкер образын сипаттай отырып, нақ эстетикалық қызметті атқарады;
4)кейбір анықтауыштар «батыр», «ер» және т.б. «тұрақты» фольклорлық эпитеттер рөлінде жұмсалады.
Фольклорлық онимдегі әр текті коннотациялар мен семантикалық компоненттер, парадигматика немесе «тік контекст» жағдайында, онимнің қолданылуы мен басқа тілдік құралдармен өзара әсері нәтижесінде жинақталады. Мысалы, Құртқа сұлудың Қобыландыға айтқан монологында, ол Қобыландыны:
«Жылқы ішінде аласың, Қылшық жүнді қарасың. Ағаң, інің сенің жоқ
Жеке туған дарасың», - деп көрсетеді.
Бұл фольклорлық үзіндіде фольклорлық Қобыланды онимімен синтагматикалық жағынан байланысты емес, бірақ оған парадигматикалық қатысты, эпикалық кейіпкердің ерекшелігі жөнінде мәлімет беретін синтагматикалық компоненттер бар. Фольклорлық кейіпкердің ерекшелігі матафорамен беріледі, мұндағы образдық параллелизм оны сирек кездесетін жылқыға теңеу негізінде жасалады. Эпикалық кейіпкер ерекшелігі, сол сияқты дара батырдың уәжімен көрсетіледі:
Ағаң, інің сенің жоқ Жеке туған дарасың».
306
Кейіпкерді бейнелеудегі бұл фольклорлық уәж дәстүрлі болып табылады: бірқатар батырлық және қиял-ғажайып ертегілердегі бас кейіпкер – қарт ата-ананың жалғыз ұлы.
Батырлық эпос кейіпкерлерін бейнелеудегі стилистикалық тәсілдердің бірі – гипербола болып табылады. Фольклорлық кейіпкер гиперболанған:
«Қырық мың атты Қызылбас Қырық кісідей көрінбес Батырыңның көзіне Тікелеп атқан оқтары Тікенектей қадалмас Көблекеңнің жүзіне. Қабағынан қар жауып, Кірпігіне мұз тоңып, Қаруланып қаттанды, Буырғанып бұрсанды, Мұздай темір құрсанды, Самсап тұрған кәпірге
Қобыланды батыр жол салды».
Кейіпкер мен оның әрекеттерінің образын гиперболалау, біздің ойымызша, тек эстетикалық қана емес, тек батырлық эпостың дәстүрлі тәсілі ғана емес, фольклорлық гипербола негізінде, орасан күші мен мүмкіндіктеру бар алып түріндегі батыр жөнінде мифологиялық ұғым жатыр.
Барлық эпос кейіпкерлерінің образы көп деңгейлі: Сондықтан Қобыланды кескінін суреттейтін эпитеттер мен метафораларда тек қалдық мифологиялық негіздер емес, сол сияқты көшпелі мал шауашылығы мен аңшылыққа қатысты түсініктер мен ұғымдар байқалады:
«Сіздер сұңқар, біз қарға, Сіз алыстан келгенде...»
Әрине, сұңқар метафоралық қолданысын саятшылыққа қолданылатын қыран құстардың бірімен тікелей теңестіру қажет емес. Фольклорлық батырлар жыры мәтініндегі қазақтардың бұл кәсіпке қатыстылығы аз байқалады, фольклорлық мәтінде сұңқар сөзі эпикалық кейіпкер образын бейнелейтін көркем-стилистикалық тәсілдердің бірі ретіндегі эстетикалық категория болып табылады.
Бақтыбаева А.Т. [1,16] орыс және қазақ халықтарының фольклорындағы «сокол-сұңқар» ұғымдары символдық семантиканың ұқсас белгілері мен айырмашылықтарын анықтап, сипаттауға арналған диссертациялық зерттеуінде былай деп жазады: «Екі халықтың да батырлық эпосы шін троптарды қолдану дәстүрлі болып табылады. Олардың ішінде батырды қыран құстарға ұқсататын көне теңеулер ерекше топ құрайды. Эпостағы батыр кейіпкерлерді сұңқарға қатысты көрсету орыс және қазақ халықтарының дәстүрлерін жақындастырады. Адамдар образын құстарға қатысты көрсету дереккөзінде психологиялық параллелизм бар, нақ осы жағдайда, сұңқардың мінез-құлықтық репертуары. Салыстыру үшін тек құстар ғана емес, сол сияқты жануарлар мен аңдар және өсімдіктер әлемінің өкілдері де (батыр-арыстан, батыр-қасқыр), қолданылады. Мысалы, Қобыландыны сұңқарға теңейді. Оның ерекшелігі «Сен сұңқар, біз қарға» антитезасымен көрсетіледі. Сұңқар образы Қобыландының ұлы Бөкенбай кескінін беру кезінде теңеу арқылы қолданылады:
«Қабағы тастай түйіліп, Ақ сұңқар құстау шүйіліп, Ойыны күшті арыстан - Алты жасар Бөкенбай».
Қобыланды образының сипаттамасы, оның мінез-құлқының батырлық және адамгершілік қасиеттері, әр түрлі кейіпкерлердің оған қаратып айтқан сөздеріндегі образды теңеулерде, эпитеттер мен метафораларда айқындала түседі. Өйткені табиғат пен адамды бір-біріне қарсы қою тәсілі мифтік шығармаларда болмаған, болуы да мүмкін емес. Адам мен табиғаттың бір-бірінен бөліне бастауы - ақыл мен ойдың өсуінің белгісі. Өлеңге келсек, бұл психологиялық параллелзмдер мен метафоралық тәсілдердің туған дәуірі. Яғни, мифтен метафора, метафорадан теңеуге ауысу дәуірі. Қорытып айтқанда, адам баласының ой-санасы, өмір тану дәрежесі өскен сайын көркем тіл, сөз образдары да үнемі өсіп, өзгеріп, бірінен-бірі туындап отырған».
307
Қазақ фольклорының сөздік-бейнелеуіш жүйесінде, фольклорлық жалқы есімдермен тікелей немесе жанама түрде байланысқан түспен таңбалау маңызды рөл атқарады. Мысалы, кейбір фольклорлық онимдер өздерінің сөздік құрылымында (тұлғасында) қандай да болмасын бір түсті білдіретін сөз-таңбаларды қамтиды: Қараман, Сары қыз, Құба інген, Ақ моншақ, Жиренше, Құламерген, Қызылер, Ақтабан, Ақжұніс және т.б.
«Қазақ фольклорының әр түрлі жанрында «сокол-сұңқар» «ақ-белый» тұрақты эпитетімен бірге жиі қолданылады. Ежелден-ақ қазақтар оң пейілдерін, ниеттерін, сезімдерін, адалдықтарын ақ сөзі арқылы білдірген: ақ көңіл, ақ пейіл, ақ тілеу. Қазақ фольклорында жарық, жарық дүние, таза мөлдір аспан мен су, жарық ай, адам жанының кіршіксіздігі - бәрі сүттің ақтығымен салыстырылады. Кіршіксіздік, пәктік, мөлдірлік, адалдық, ақкөңілдік - бәрі ақ түспен астарласады» [2,11].
Қазақ халық әндерінде ақ түс әйел сұлулығын сипаттағанда қолданылады. З.А.Ахметов [3, 242] былай деп жазады: «Ғашық болған жас қыздың портретін сипаттағанда салыстыру үшін аққу, ақ сұңқар, ақ қоян сөзін жиі қолданады. Сүйгенінің бет-әлпеті мен денесінің ақтығы, нәзіктігі халық әндерінде жарық аймен, таңғы нұр сәулесімен, ақ қармен салыстыру арқылы беріледі».
Осылайша, қазақ фольклорының поэтикалық жүйесіндегі эстетикалық мәні бар тәсілдердің бірі - түске қарай таңбалау екендігін байқауға болады, олар тікелей немесе жанама түрде кейбір фольклорлық антропонимдер мен топонимдердің семантикасында қолданылады. Осы арада айта кеткен жөн, ақ түстік таңбасы бар фольклорлық топонимдер, антропонимдер, зоонимдер оң мағынаны, яғни жағымды батырлар мен кейіпкерлерді білдіреді: Ақжүніс, Ақмоншақ, Ақ Табан, Ақ боз ат, Ақ баян және т.б.
Қазақ тіліндегі қара түстік таңбасының семантикасы кең екені белгілі. Бұл сөз контекстік қолданысына қарай мынадай мағыналарға ие бола алады: «қара», «қарапайым, жай», «жаман», «түнерген», «бақытсыз» және т.б.
Қазақ фольклорында қара эпитеті, әдетте, фолклорлық ақ түске қарсы жұмсалады да, оның ұнамсыз мағынасы болады, қазақ фольклорындағы жағымсыз батырлар мен кейіпкерлерді білдіреді. Салыстырыңыз: Қарамес, Қарабас, Қарақұс, Қараман - наным-сенім ғұрпындағы бақсы сарыны мәтінінің фольклорлық, мифологиялық кейіпкерлері. Жер асты әлемін билеушілердің бірін қазақ фольклорында Темірқан деп атайды. Темір өзінің ертедегі мағыналарының бірінде «қара» дегенді білдірген, ол өзбек тілінде сақталған. Р.Н.Шойбеков [4,171] былай деп көрсетеді: «Қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінде кездесетін «қара балталар» темірден соғылған, балтаның қарапайым түрінің атаулары. Өзбек тілінде қара сөзі «темір» деген мағынада қолданылады».
Ұнамсыз мағынадағы қара семантикалық компоненті бар фольклорлық антропонимдердің лингвопоэтикалық қызметтері «Қобыланды батыр» батырлық эпосының мына үзіндісінде қолданылуынан байқалады:
«Қазақ басты қара дәу Шығып еді қаладан Қарлыға іліп тастады. Қалмақтың қара батыры Шығып еді қаладан, Қоблакең іліп тастады».
Көркем (фольклорлық) мәтін құрылымындағы кез-келген жалқы есім өзінің негізгі ұқсату қызметінен басқа, лингвостилистикалық қызметті де атқарады, себебі мәтіннің поэтикалық жүйесіндегі маңызды көркем-бейнелеуіш тәсілдердің бірі болып табылады. Басқаша айтқанда, жалқы есім образдылыққа ие болады, ол тіл фактісінен көркем сөз фактісіне айналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бактыбаева А.Т. К проблеме символа-концепта (сокол-сұңқар в традиции русского и казахского фольклора) Автореф. дисс... канд.филол.наук. Алматы, 1998. - 22 с.
2.Мадиева Г.Б. К вопросу изучения прецедентных имен// Хабаршы.Филология сериясы №11 (45). Специальный выпуск. Материалы конференции. Алматы: Қазақ университеті, 2001, 67-71 с.
3.Ахметов З.А. Казахское стихосложение. Алма-ата, 1964. - 460 с.
4.Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. Алматы, 1993. - 191 б.
308
Ахтаева Н.
Филология магистрі. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Кузембаева Ш.
Магистрант С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қ.ЖҰБАНОВ ТҰЖЫРЫМДАРЫНДАҒЫ КОНТАКТОЛОГИЯЛЫҚ ІЗДЕНІС
Аннотация.В статье проблема контактологии дается с формулировкой К.Жубанова. Мнения ученого стали основой таких отраслей языкознания, как фонетика, лексика и грамматика. Так же его мнения в области физики, физиологии имеют связь с языкознанием.
Annotation.In the article the problem of contactology is given with K. Zhubanov's formulation. The opinions of the scientist became the basis of such branches of linguistics as phonetics, vocabulary and grammar . Also his opinions in the field of physics, physiology have a connection with linguistics.
Қазақ филологиясының феномен тұлғаларының көшбасында тұратын тұлғалардың бірі – Құдайберген Жұбанов. Сондықтан болар «Қазақ тіл білімінің антологиясы» атты ірі зерттеу еңбектің екінші кітабы Қ.Жұбанов тұжырымдарын арқау еткен. Әрине, А.Байтұрсынұлын ұстаз тұтып, аз ғұмырында ғылыми-шығармашылық мұра қалдыру қазақ филологиясының (тіл мен әдебиет қатар өрілгендіктен «қазақ филологиясы» деп алып отырмыз –авторлар) атасы – Қ.Жұбановқа да тән. «Қазақ тіл білімінің мәселелерін» құрастырған ғалым Ғ.Әнес профессор Қ.Жұбановтың тұжырымдарын «тұңғыш, ізашар зерттеулер» деп екшесе, филология ғылымдарының докторлары, профессор Т.Сайрамбаев пен С.Мырзабеков «Қазақ тілі білімі әлеміндегі феномен» деп бағалаған. Қ.Шаяхметұлының тілімен айтсақ, «алдыңғы аға буын өкілдері мен өз қатарластары сияқты бұл кісі де – сегіз қырлы, бір сырлы, әмбебап тұлға» [1, 277].
Тіл тынысын тілдік һәм танымдық түйсікпен жіті бақылап, оның сан саласын саралауға және өз байқауларын өзгеше шабытпен сауатты жазуға келгенде Қ.Жұбановтан асқан тілшіні таба қою қиын болар, сірә [2, 58]. Сондықтан қазақ тіл білімінің тілдік қабаттарының қай-қайсысының болсын түпкі негізін қарастыру барысында Қ.Жұбановтың қалдырған мұрасына жүгіреніміз хақ. Ғалымның фонетикаға қатысты ізденістері негізінде құрастырылған «Қазақ тілінің жоғарғы курсы» атты дәріс желісі фонема, диффузи, дифтонг, дыбыс физиологиясы, дыбыстардың пайда болуы, дыбыстау мүшелерінің түрлері, олардың әрқайсысының қызметі, дыбыстардың түрлері, олардың жіктелуі, қолданылуындағы ерекшеліктер екпін, ырғақ, буын сияқты ұғым, түсініктерді жинақтаған. Тарихи фонетиканың да қыр-сырын түгендеген еңбек тұжырымдарының «бәрі қысқа да, нұсқа, анық та сенімді, ғылыми мәні зор» [3, 6].
Ғалымның фонетика терминін тарқатуынан идиостильді байқаймыз. Мәселен, «Фонетика сөзінің түбірі – алдыңғы үш дыбыс – «фон» сөзін біз басқа жерлерде де ұшыратамыз, мәселен, грамофон, телефон, фонограф сөздерінде. Мұның бәрінде де «фон» дыбыс деген мағына беріп тұрғанын білеміз. Енді фонетика сөзінің аяққы екі буыны болған – тика жалғауы грамматика, косметика сөздерінде де кездесеміз. Мұның бәрінен де – тика жалғауы «жүйе», «ғылым» мағынасында екенін аңғарамыз. Фонетика сөзінің әлгі айтылған екі жұрнағының екі арасына біткен – е дыбысы екі жағындағы екі сөзді қосып, ұстап тұрған байлам, дәнекер екенін ескерсек, фонетика дыбысы ғылымы немесе дыбыс жайындағы ғылым деген болып шығады» [4, 15]. Рас, фонетикалық таныстыру болғанымен, жеке ғылым саласын да (фонетика мен синтаксис) қамтиды, басқа ғылым саласынан да хабар береді (физика, физиология). Контактология құбылысы осындай ғылымдар қатысынан айқындалса керек.
Ғалым дыбыс санына қарап фонеманы қарастырудың жөн еместігін с мен з, қ мен х, п мен ф сынды дыбыстар арқылы көрсетеді. Мәселен, «қайыр – хайыр дегендегі қ мен х екі дыбыс болғанымен бір фонема» [3, 8]. Б.Сағындықұлының пікіріне сүйенсек, «Лингвистер түркі, моңғол және тұңғыс-манчжур тілдеріндегі бұл құбылысты шұғыл қатаң фонема қ-ныңспирант қатаң фонема х-ға ауысуы деп түсінеді. Бұл қ дауыссызының аса жиі және басым қолданылуынабайланысты
309
жасалған тұжырым. Бұл жерде тарихқа белгісіз дәуірде ата тілде х дауыссызы болып, оның ұштығын кейбір ата тілдері сақтап қалмады ма екен деген ой келеді» [5, 59]. Ал ғалым Қ.Жұбановтың африкат дыбыстарды «диффуздардың әлжуазданған түрі» деп беруінің өзі де көпке ой салса керек.Сонымен қатар оның «ілім тіліне» сүйеніп те отыратынын байқауға болады: вокализм, консонантизм, детерминатив, палатализция, резонатор, дифтонг, трифтонг.
Тілдің сөз жүйесіне қатысты алғашқы ғылыми ой-тұжырымдар да Қ.Жұбанов қаламына ілінген. Бұл жөнінде А.Салқынбайдың Қ.Жұбановты «лексика», «лексикология» терминдерін бірнеше жерде келтіруіне сүйеніп, аталмыш терминдерді қазақ тіл біліміне қатысты алғаш қолданушы деп топшылағаны кездейсоқ емес [6, 58]. Айтса айтқандай, Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің грамматикасында» «Сөздің жалпы құрылысы» атты 1-бөлімнің таныстыруында «сөз, сөз бөлшектері, сөз бөлшектерінің құралуы, сөз бұйымы мен сөз материялы, сөз бен ой» деген мәселелерге тоқталады [4, 28-33]. Бірақ Қ.Жұбанов сөз, сөз бөлшектері дегенді тек лексикалық тұлға емес, сөйлеу (речь) мәнінде де жұмсаған. Қ.Жұбанов зерттеулерінен сөз жүйесіне тән синоним, омоним бірліктерін анықтамалағанын кездестіруге болады: «Сөз бөлшектерінің дыбыстары бірдей болса, мағынасы да бірдей (көбінесе) болмақ. Оларды сөз алқасынан танимыз. Дыбысы бір болғанмен мағынасы басқа болса, не мағынасы бір болғанымен дыбыстары басқа болса, ол бір сөз болмайды. Мысалы: ат – жылқы, ат – есім, ат – етістік; Адам-кісі. Алғашқы мысалдағы «ат» сөздерінің дыбысы бірдей де, мағынасы басқа, соңғы мысалдағы «адам» мен «кісі» сөздерінің мағыналары бірдей де, дыбысталуы басқаша [3, 27]. Ғалым «Лексика етік, етікші сөздерінің қалай жасалғанын қарамайды. Сондықтан ол грамматикаға да кірмейді, тек даяр материалды ғана қарайды. Тегінде материалдың сыр-сипатын қарайтын ілім – технология; сондықтан сөз жасау технологиясын қарайтын ілімді грамматика десе де болар еді» - дейді [3, 51]. Бұл пікірден де лексика-грамматикалық байланысты танысақ етті. Мұны ғалымның «Сөз жасау технологиясы қарайтын ілім» - деп иектеуі контактология құбылысын көтергенін көрсетеді.
Қ.Жұбанов мұрасын барынша жіті қарастырған ғалымдардың бірі – академик Р.Сыздық «Валенттілік теориясы», «Текст теориясы», «Фукционалдық грамматика», «Лингвистикалық стастисика» сынды бірліктерге қатысты алғаш тұжырымдар ғалымның еңбектерінде дәл осылай аталмаса да теориялық тұрғыдан көрініс тапқанын ескере отырып оны теоретик ғалым ретінде зерделейді [7]. Мұның бәрі қазақ тіл біліміне тән дәстүрлі грамматика мен бүгінгі лингвистиканың табиғатын саралауда Қ.Жұбанов зерттеулерінің «ақпарат көзі» бола алатынына дәлел. Сондықтан Қ.Жұбановты да тіл білімінің атасы ретінде таныған жөн деп білеміз.
Қорыта келгенде, «Дәлел-дәйек арқылы ғылыми ақиқатты мойындатпай қоймайтын ерекше біліктілік – Жұбанов еңбектерінің қай-қайсысына болсын тән сапалық белгі. Жоғалғанқұртылғандардан қалған зерттеулерінің өзінен кең құлашты, үздік маманның бейнесі айқын көрінеді. Қазіргі ғылымның биігінен қарағанда ішінара ескіргендеу тәрізді немесе мүлт кетушілік болып табылатын некен-саяқ асығыс байламдар бар болғанымен, тұтастай алғанда – тіл тарихына, дыбыс жүйесіне, грамматикаға, сөз мәдениетіне, емле принцептеріне, түсіндірме сөздік құрастыруға, терминология заңдарына, әдеби-көркем тіл шеберлігіне байланысты ой-толғамдарында алтын кесектері мен түйіршіктеріндей құндылық та, салмақ та әлі аз емес» [1, 278].
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Шаяхметұлы Қ. Қазіргі қазақ тілі (Сөзжасам-дериватология, сөзөгерім-морфология). – Семей-Новосібір: Талер-Пресс, 2007. – 344 б.
2.Құдайберген Жұбанов / Жалпы редакциясын басқарған филол.ғ.д., профессор М.Малбақов. – Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2013. – 448 бет.
3.Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы: Лекциялар желісі. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 112 б.
4.Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері / Құраст.: Ғ.Әнес. – Алматы: Абзал-АЙ, 2013. – 640 б.
5.Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: «Қазақ университеті», 2005. – 258 бет.
6.Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: «Эверо», 2008. – 464 б.
7.Сыздық Р. Қ.Жұбановтың лингвистикалық мұраларын танып-игеру проблемалары // Жұбанов тағылымы. – Ақтөбе, 1998. 13-18 б.
310