Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

82

Несовершенное деепричастие

 

Үнемсіз көсемше

83

Достигательное деепричастие

 

Ниетті көсемше

84

Причастие

 

 

Есімше

85

Причастие настояще-прошедшего времени

Осы шақтық есімше // Өткен шақтық есімше

86

Причастие будущего времени

 

Ұйғарынды есімше

87

Отрицательная частица

 

-

88

Вопросительная частица

 

-

89

Неопределенное наклонение

 

Тұйық рай

90

Сокращенные глаголы

 

-

91

Отглагольная имена

 

Етістіктен туған сөздер (автор етістіктен туған

 

 

 

 

сөздерді бірнеше түрге бөліп көрсетеді)

92

Корень

 

 

Түбір

93

Суффикс

 

 

Жұрнақ

 

6-тарау (Глава VІ)

 

 

94

Количественные имена числительные

 

Есептік сан есімдер

95

Порядковые имена числительные

 

Реттік сан есімдер

96

Разделительные имена числительные

 

Темілдік сан есім

97

Междометие

 

 

Одағай сөз

 

1-қосымша (Прибавление 1-е)

 

 

98

Иностранные слова

 

 

-

99

Заимственные слова

 

-

100

Переход (Алла-Алда, молла-молда)

 

-

101

Ударение

 

 

-

 

2-қосымша (Прибавление 2-е)

 

 

102

Слабое ударение или полуударение

 

-

103

Сильное ударение

 

 

-

104

Предикативные местоименные аффиксы (мен

Жіктік жалғаулар

 

атамын, сіз керексіз)

 

 

105

Местоименные

притяжательные

аффиксы

Тәуелді қалып

 

(алғаным, қарындасың)

 

 

П.М. Мелиоранскийдің еңбегінде «гортанный гласный, широкий зубо-гортанный звук, узкий зубо-небный гласный звук, губо-гортанный звук» деген сияқты көптеген фонетикалық терминдерді ұшыратуға болады. Оны автор өзі былай түсіндіреді: «Деление гласных на «твердые» и «мягкие» в настоящее время лингвистами оставлено, как ненаучное. Взамен его принято деление звуков физиологическое по органам, служащим для их произношения. Самый сингорманизм, по мнению многих ученых, составляет весьма характерную черту так называемых «приставочных языков» и есть как бы следствие их внутреннего строя. О всем этом нелишнее будет распространиться несколько подробнее; для этого сначала рассмотрим, какими органами и как произносятся гласные звуки» [2, 17 б.]. Ал Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде бұл терминдердің баламасын кездестіре алмаймыз. Себебі, тіл ғылымының атасының о баста термин жасаудағы мақсаты қазақ тілін ғылымиландыру емес, қазақ баласының сауатын ана тілімізде ашу болды. Тағы бір себеп ретінде айта кететініміз, П.М.Мелиоранскийдің еңбегі тіл үйренушілерге бағытталғандықтан, өзге тілдегі дыбыстардың физиологиялық, акустуко-артикуляциялық айтылымы маңызды орында тұрды. Ал Ахмет Байтұрсынұлы еңбегі, біріншіден, ана тілінде жарық көріп, оның аудиториясы қазақ балалары болды. Сол себептен де, ұлт ұстазына ол мәселе қажеттілік болып есептелмей, бірден өміршең ұғымдармен жұмыс жасады. Бірақ қазіргі қазақ тілінде бұл аталған терминдердің барлығына қазақша лингвистикалық атау берілген. Мәселен, «тіл мен тіс дыбыстары, таңдай және көмей дауыссызы, тіс пен ерін дыбыстары» деген сияқты көптеген терминдерді қазіргі қазақ тілі зерттеу еңбектерінен кездестіруге болады.

П.И.Мелиоранский еңбегі бойынша шақ категориясы жүйеленбеген. Оның дәлелін кестеде келтірілген терминдерден байқауға болады (первое прошедшее время, древнее будущее время, настоящее условное время). Ал А.Байтұрсынұлы еңбегінде шақ категориясын жалпылау әдісі арқылы үш үлкен топқа (өткен шақ, осы шақ, келер шақ) бөлген.

291

П.И.Мелиоранский есімшенің осы шақ және өткен шақ формасын (причастие настоящепрошедшего времени) біріктірген болса, А.Байтұрсынұлы жеке-жеке қарастырады.

П.И.Мелиоранский бұл еңбекті жазу барысында орыс тілінің грамматикасы жүйесін негізге алғаны белгілі. Оның бір көрінісі екпін және оның түрлеріне жіті мән берген. Яғни, екпінді «Слабое ударение или полуударение» және «Сильное ударение» деп екіге бөліп қарастырады. Ал А.Байтұрсынұлы еңбегінде екпін мәселесі аса көзге ілінбейді. Себебі ғалым ұлт тілінің ерекшеліктеріне де аса мән берген. Яғни, қазақ тілінің флективті емес, агглютинативті тіл екендігін ескерген.

Жоғарыда П.И.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты 1894 жылғы еңбегінің 1-бөлімінде көрініс тапқан терминдердің біреуін де қалдырмай, осы кестеге енгізуге тырыстық. П.И.Мелиоранский еңбегінде кездескен терминдердің кейбір баламасы А.Байтұрсынұлы еңбегінен табылып, кейбіреуі мүлдем сәйкеспеген тұстар да болды. Бұл кестені құрудағы мақсатымыз А. Байтұрсынұлының ұланғайыр еңбегін жұртшылыққа паш ету болатын. Яғни, оның әр терминге қосқан үлесін, тек қана терминге емес, ұғымдар жүйесіне, таптық, топтық бөліністер жүйесіне қосқан үлесін көреміз. Бұл жердегі терминдер саны жүзден әрең асады. Ал А. Байтұрсынұлы жасаған терминдер саны – үш жүзден астам.

Бұл кестеде П.И.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты 1897 жылғы еңбегі (мұқабадағы жазу: Краткая грамматика какзакь-киргизского языка. Часть ІІ. Синтаксись. Составил П.М. Меліоранскій. САНКТПЕТЕРБУРГ. Типография императорской академии наук. 1897) мен А. Байтұрсынұлының 1914-1925 жж. аралығында шыққан «Тіл – құрал» атты еңбегіндегі терминдер жүйесі салыстырылып көрсетілді.

2-кесте – П.И.Мелиоранский [3] және А. Байтұрсынұлы пән сөздерінің салыстырма кестесі

 

П.И.Мелиоранский еңбегі бойынша

А. Байтұрсынұлы еңбегі бойынша

 

 

1-тарау (Глава І)

 

1

 

Простое предложение

Жай сөйлем

2

 

Подлежаще

Бастауыш // бас мүше

3

 

Сказуемое

Баяндауыш // баяншы мүше

4

 

Главные члены предложения

Тұрлаулы мүшелер

5

 

Второстепенные члены предложения

Тұрлаусыз мүшелер

6

 

Определение

Анықтауыш

 

 

2-тарау (Глава ІІ)

 

Автор бұл тарауда етістіктің ерекше түрлеріне, оның

 

 

ішінде етіс пен көсемше формаларына, шақ, рай

 

 

 

категорияларына тоқталған.

 

 

 

3-тарау (Глава ІІІ)

 

7

 

Определительные предложения

Анықтауыш бағыныңқы сөйлем

 

Бұл тарауда автор есімшенің түрлеріне, анықтауыш

 

 

 

жасаудағы қызметіне кеңірек тоқталған.

 

 

 

4-тарау (Глава ІV)

 

8

 

Словорасположение

-

Бұл кестеден көріп тұрғанымыздай, П.И.Мелиоранский еңбегінің екінші бөлімі «Синтаксиске» арналғанымен, синтаксис саласының іргелі ұғымдары толық қамтылмаған. Автор бірінші бөлімде аз қамтылған тақырыптарға осы бөлімде кеңірек тоқталған. Мысалы, автор алғашқы тарауында жай сөйлем синтаксисінен бастап, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне қысқаша тоқталып өткен. Ал екінші тараудан бастап септіктерге, етіс категориясына, көсемше мен есімше, шақ пен рай катеогориясына, демеуліктер т.б. алғашқы бөлімдегі тақырыптарға арналған ғылыми ақпаратымен бөліседі. Сонда бұл еңбекте синтаксистің іргелі ұғымдарының ішінде тек жай сөйлем, сөйлем мүшелері жайында ғана баяндалған. Жалпы кіріспеден, төрт тараудан және қосымша бөлімнен тұратын бұл зерттеу еңбек сол тұста елеулі қызмет атқарды деп айтуға болады. Дегенмен, қазақ тіл білімінің сөйлем жүйесін құрастыруға, салалық бөліністер мен категорияларды жіктеуге негіз болды деп айту қиын.

292

Ахмет Байтұрсынұлы және П.И. Мелиоранский терминдерінің арақатынасына тоқталып, сандық деректер келтіретін болсақ, орыс ғалымы өз еңбегінде 113 термин қолданған. Ал А. Байтұрсынұлы жасаған терминдердің кейбір саусақпен санарлығы ғана, дәлме-дәл орысша терминдерге сәйкес келеді. Ахмет Байтұрсынұлы бұл еңбектермен шектеліп қалмай, үш жүзге жуық термин жасағаны белгілі.

Ахмет Байтұрсынұлы пән сөздерді жасауда анық та айқын бағыт ұстанды. Әсіресе, «пән сөзі ретінде тиісті ұғым мағынасын толық беретін қазақ сөзін алуды» басты қағида етіп алды. Сол кездің өзінде-ақ, А. Байтұрсынұлы кірме терминдерді талғаусыз қабылдау тілдің дамуы үшін зиянды болатын тұстарын көрегендікпен болжай білді. Сондықтан: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа ауыз тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілдің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек» [4, 288 б.], - деп жазды.

А. Байтұрсынұлы пән сөздерін жасау барысында негізгі үш принципті басшылыққа алды. Ең алдымен, қазақтың төл сөздері негізінде термин жасауды көздеді. А. Байтұрсынұлы түзген терминдердің көпшілігі осы принцип бойынша жасалған. Сол арқылы тіліміздің сөздік қорындағы байырғы сөздерге жаңа мағына үстеп, оларды терминге айналдырды. Осылайша қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ғылыми термин жасаудың хас үлгісін көрсете білді.

Екіншіден, А. Байтұрсынұлы қазақ тілінде ұғым, түсініктің мағынасын толық беретін сөздер болмаған жағдайда өзге тілдерден сөздер алып, оларды ана тіліміздің дыбыстық жүйесіне бейімдеп, термин жасаудың шебері екендігін дәлелдеді. Үшіншіден, реті келген тұста А. Байтұрсынұлы халықаралық терминдерді (графика, грамматика, фонетика, морфология, синтаксис) сирек болса да пайдаланды. Міне, осылар арқылы, А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі пән сөздерін қалыптастырудың концепциясын жасап берді. А. Байтұрсынұлы терминделуші ұғым мен терминденуші сөзді өзара дәл сәйкестендіре алуы Б. Момынова сөзімен айтқанда: «оның нағыз терминолог ретінде терминге лексикология тұрғысынан да, концептология тұрғысынан да қарай білуі» [5, 52 б.], – деп білеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ақымбек С.Ш. «П.М. Мелиоранский және қазақ тілі фонетикасы» // канд. диссертация. Алматы, 2003.

2.Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. Часть 1. – СПБ, 1894.

3.Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. Часть 2. – СПБ, 1897.

4.Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері / Құраст.: Ғ. Әнес. – Алматы: Абзал-Ай, 2013. – 640 б.

5.Момынова Б.А. Байтұрсынұлы және лингвистикалық терминдер // Терминологиялық Хабаршы. – Астана, 2009. –

№4(30). – 49-53 бб.

Алмауытова Ә. Б.

Филол.ғ.к. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

«ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ» САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ КӨРІНІСІ

Аннотация.

На протяжении многих веков каждый народ

в результате

хозяйственной и культурной

деятельности

создает свой материальный мир (орудия труда, предметы быта,посуда, одежда и т.п.), в

котором находит отражение его культура, быт, обычаи и традиции, национальные ремесла.

Казахская национальная одежда – один из важных элементов

культуры, сохранивший в себе и донесший

до сегодняшнего дня особенности жизни и быта этноса.

 

 

Наименования видов одежды образуют

значительный пласт в словарном фонде казахского языка. И этот

пласт необходимо изучать

с ономасиологической точки зрения, исходя из

теории этнолингвистики, что «

нация и язык» - единое целое, связанное с национальным бытием, национальным познанием.

В данной статье

анализируются

наименования видов одежды

в казахском языке с учетом

этнолингвистического фактора.

 

 

Annotation. For many centuries, each people as a result of economic and cultural activities creates their material world (tools, household items, dishes, clothes, etc.), in which its culture, way of life, customs and traditions, national crafts are reflected.

293

The Kazakh national clothing is one of the important elements of culture, preserving in it and brought to the present day features of life and life of the ethnos.

The names of types of clothing form a significant layer in the dictionary fund of the Kazakh language. And this layer must be studied from the onomasiological point of view, proceeding from the theory of ethno linguistics, that "nation and language" is a single whole, connected with national existence, national knowledge.

In this article, the names of the types of clothing in the Kazakh language are analyzed, taking into account the ethnolinguistic factor.

ХХ ғасырдың соңғы жылдары дами бастаған тіл білімінің анропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам-тіл-мәдениет» және «адам-тіл-ойлау» үштігіне сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің жаңа бағыттарына жол ашты. Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру - қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бүгінгі күні

адами факторларға ерекше мән беріп,

тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану,

мән-

мағыналарын

терең түсіну мәселесі

ғылыми еңбектерде жиі көтерілуде.

Осындай

зерттеу

жұмыстарында

ұлттық құндылықтарға

қатысты мәдени деректерге көп көңіл

бөлініп,

тіл

тек

тұлғалық жағынан ғана емес, сонымен қатар ол мағыналық, ұғымдық, мәдени-концептілік тұрғыдан да қарастырылып, талданатын болды. Тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста , бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады. Өйткені ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным-болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан мәдениетінен, таным-болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен тілдегі атаулар, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады.

Әр ұлттың айналадағы дүниені танып-білуі, әлемді тану тәсілі, рухани санасы, бүкіл болмыс-

бітімі

сол

ұлттың тілімен тығыз байланысты екені мәлім.

Осымен

байланысты

ұлттық

дүниетанымның тілдің терең

құрылымдарынан, оның

бай сөздік қорынан,

лексикасынан көрініс

табуы заңды.

Олай болса,

тілді тек коммуникативтік

қызметі шегінде зерттемей,

оны таным

тұрғысынан да зерделеу, когнитивті лингвистика шеңберінде

қарастыру,

тілдің

кумулятивтік

қызметіне ерекше

мән беру бүгінгі қазақ тілі біліміндегі негізгі,

жаңа бағыттардың бірі болып

табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халқымыздың

әр дәуірдегі

рухани

мұрасын,

өз бойына сақтаған этномәдениеттің

әртүрлі

қырларын

(этнографиялық,

археологиялық, өнертену,

тарихи, әдеби т.б.)

зерттеу Ш.Уәлиханов

жазбаларынан

бастап, Ә.Марғұлан,

М.Әуезов,

С.Мұқанов,

Х.Арғынбаев, Ә.Қоңыратбаев,

Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов т.б. еңбектерінде өз жалғасын тауып, жан-жақты қарастырылды.

 

Қазақ

 

тіл

білімінде

этнолингвистиканың ғылыми-теориялық алғышарттары

Ә.Т.Қайдар,

Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко т.б. ғалымдардың еңбектерінде жасалса, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Б.Сағындықұлы, Б.Қалиев, Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, С.Сәтенова, Р.Шойбеков т.б. ғалымдардың жұмыстарынан этностың рухани-материалдық мәдениетіне қатысты этнолексиканың зерттелуіне байланысты құнды деректерді кездестіруге болады.

Сондықтан ұлттың болмыс-мазмұнын тұтас мәдени жүйе ретінде өз бойында сақтаған құнды

этномәдени дерек ретіндегі тілдік бірліктерді «ұлт пен тіл біртұтас» деген

қағидаға сәйкес

жинақтап, жүйелеу, талдау игілікті іс болмақ [1,5].

 

Тіл таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет, сондықтан да ол - әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттың тарихи жетістігі. Академик Ә.Қайдар: «Мәдениетті танып білудің құралы – тіл»,-деп тұжырым жасайды [2,13]. Әрбір ұлттық мәдениеттің ең маңызды және арнаулы құрылымының бірі және түрлі халықтардың мәдениеті, дәстүр-салты, таным мен талғамы арасындағы айырмашылықтыр тілде айқын көрінеді. Мәдениет тілдің таңбалық жүйесінің мазмұнын анықтайды. Әрбір мәдениетте интернационалды және ұлттық сипат бар, сонымен қатар әр тіл семантикасында адамзат мәдениетінің жалпы әмбебап компоненті және белгілі бір халықтың өзіндік мәдениеті көрінеді. Мәдениеттің тілге әсерінің сипаты мен тұрпаты әсіресе түрлі мәдениетке негізделген тілдерді қарастырғанда байқалады.

Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этникалық қоғамдастықта, бір жағынан, этностың мәдени өзгешелігінің факторы

294

ретінде, екінші жағынан – тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрапққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Осылайша, қазіргі, келер ұрпақты бір үлкен тарихи арнаға, бүтіндікке байланыстырады. Демек, тіл мәдениетте өсіп-өнеді, дамиды, және соны бейнелейді. Мәдениет этномәдени ақпараттар береді.Ал этномәдени ақпараттар әр түрлі формаларда жүзеге асады. Олар материалдық және рухани мәдениеттің туындылары т.б. Бірақ ең негізгі форма – сөздік ақпарат.

Лигвомәдениеттанушы В.В.Маслова: «Мәдениет тілі – тек құрылым емес, ең алдымен - мазмұн, тарихи жағынан қалыптасқан, дамыған, толыққан және өзгеретін, мұның бәрі оның құрылымында көрініс табады», - десе [3,101], академик Ә.Қайдар: «Кез келген этностың (бүгінгі ұлыстың, қалықтың не ұлттың) тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың, яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тілінде ғана сақталады. Әр түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтың бәрі де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы еліп жетуі мүмкін»

[2,21б.].

Сонымен қатар тұрақты сөз орамдарының мәдени ұлттық мазмұны халық тілінде байырғыдан келе жатқан тұрақты сөз орамдарының ( мақал, мәтел, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер т.б.) сан алуан сыры бар. Олай болатыны халық өзінің өткен дәуірлердегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген [4,128].

Тіл мен мәдениеттің сабақтастығы тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылуда (В. Фон Гумбольдт, А.А.Потебня, А.Вежбицкая, Ю.Апресян, В.Воробьев,Ә.Т.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, А.Сейілхан, С.Жанпейісова т.б.).

Академик Ә.Т.Қайдар тілдің қызметі туралы былай дейді: «Кез келген тілдің қоғамда атқаратын өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым – қатынас жасап, бірін – бірі түсінуі үшін қажетті қызметі; екіншісі – көркем шығарма тіліне тән адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі; үшіншісі – ғылыми терминмен айтқанда, кумулятивтік қызметі, яғни ол тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиеті» /2,19/. Демек тіл қарым

– қатынас құралы ғана емес, халықтың көп жылғы тәжірибесі негізінде жинақталған ақпаратты беруші құрал.

Ғалым Ж.Манкеева өз еңбегінде: Тілдегі мазмұнның сақталуы оның кумулятивтік қызметіне тікелей байланысты. Ол өз кезегінде қабылдау, ойлау, жад сияқты психологиялық ұғымдармен тығыз байланыста болып, тұтас күйіндегі когнитивті парадигма құрайды», - деп тұжырым жасайды [5].

Тіл немесе ұлттық рух негізінде адамзат қауымы қалыптасып, белгілі бір этникалық топ құрайды. Осы этникалық топқа тән мінез-құлық, этностық таным мен көзқарас, наным-сенім, салт-дәстүр ұлттық рухпен суарылып, соның бейнесі ретінде көрінеді. Демек, біздің дүние танымымыз рухани мәдениетті құрайды. «Халықтың рухы дегеніміз – оның ақыл-ой әлеміндегі жетістігі» (Ш.Уәлиханов).

Г.Смағұлованың пікірінше, тіл білімінде тіл арқылы мәдениеттанудың бір-бірімен өзара байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді. Олар: «Этнолингвистика; Елтану; Лингвомәдениеттану.

Этнолингвистикалық зерттеу – этномәдени, этнопсихологиялық және тілдік факторлардың өзара байланыс арқылы тілдегі қызметімен дамуына негізделген сала. Бұл пән XIX-XX ғасыр аралығында этнографияда Солтүстік және Орталық Американ үндістерінің тіл ерекшеліктерін қарастыру арқылы пайда болған. Мұнда гендік туыстас халықтардың тілдік байланысы, олардың этномәдени факторларының тілдегі көрінісі сөз етіледі. Американың қоғамдық ғылымдарында әуелде Б.Уорфтың атымен «Уорф гипотезасы» деп аталды. Одан соң Уорфтың ұстазы Э.Сепирдің атауымен «этнолингвистика» деп тіл біліміндегі термин ретінде орнықты.

Тіл арқылы мәдениеттану аспектілері қазақ тіл білімінде 1980 жылдардан бері ғылыми негізде сөз етіле бастады. Бұл істің бастауында академик Ә.Т.Қайдаров бастаған ғалымдар тобы болды. Кейіннен этнолингвистикаға байланысты ғылыми ой-пікірлер Р.Сыздықованың, Е.Жанпейісовтың еңбектерінде жалғасын тапты. Этнолингвистиканың ғылыми негізіне терең талдау жасаған М.М.Копыленко болды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тіл білімі саласында да барымызды

295

бағамдап, жоғалтқанымызды түгелдеуге кірістік. Бұрынғы уақытта тілдің коммуникативтік қызметіне мән берілсе, қазір оның кумулятивтік қызметіне ерекше назар аударыла бастады.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері де саясаттың салқынынан, ғылым мен техниканың дамуы сияқты факторлардың әсерінен ұмытыла бастады.Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында төл мәдениетіміздің жарқын жақтарын кейінгі ұрпақтың жадында жаңғырту үшін салт-дәстүрлеріміз жайлы деректерді әдеби шығармаларымыз арқылы насихаттап, оқытып отыруымыз қажет. Қазақ мәдениетінің жауһарлары тілімізде сақталған. Тіл – мәдениеттің бір көрінісі. Осындай мұраларымыздың бірі – «Қорқыт ата кітабы»[6]. Атап айтқанда, «Қорқыт ата кітабындағы» материалдық мәдениет лексикасының тілдік көріністерін, олардың этнолингвистикалық аспектілерін ашып, халқымыздың этномәдени өміріне қатысы тұрғысынан «тіл мен мәдениет» сабақтастығын айшықты дәйектейді. Жұмысымыздың мақсатына орай төл лексикамыздағы атаулардың этнолингвистикалық қырлары олардың түсіне байланысты уәжділік арқылы да айқындалады.

Әрбір халықтың менталитетінің ерекшелігіне яғни, тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына, наным – сеніміне байланысты түр-түстің символдық мәні қалыптасқан.

Академик Ә.Қайдар бұл жөнінде: «түр-түс атаулары тамыры алыста жатқан, халықтың ұзақ өмірімен астарласа келіп, эстетикалық талғам-танымымен, ұлттық психологиясымен, салт-сана, әдетғұрпымен ұласатын қоғамдық, филологиялық, этнолингвистикалық мәні зор мәселелер қатарына жатады» - дейді [7,34].

Демек, материалдық мәдениет түрлерін жасауда ата-бабаларымыз әлеуметтік, рулық т.б. де ерекшеліктерге байланысты оның түр-түсіне ерекше мән берген.

Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісін этнографиялық түсінік ұғымдарынан анық байқауға болады.

Мысалы, Г.Смағұлова: «көк» түсті қазақтар ерекше пір тұтқан. Ұлт ерекшелігін тұтастай тану үшін оның тілдік, танымдық қасиеттерін зерттеп білмейінше пәлендей ой пікір түюге бомайды. Тіл дүниенің ұлттық-мәдени айшықтарын бейнелеуде адамдардың когнитивтік «танымдық) әрекетін қоршаған ортаның ықпалымен ұштастырады» - деп түйіндейді [8].

Көк, қызыл, ақ, қара т.б. түстердің номинациялық мағынасынан басқа халқымыздың түсінігінде ақ түс – кіршіксіз тазалықтың, махаббаттың, қызыл түс – жастықтың, қара түс – қайғының белгісі болып саналған.

Осы пікірдің растығын «Қорқыт ата кітабынан» көруімізге болады: Хандардың ханы Баяндүр оғыз елінің бектеріне жылына бір рет той беруші еді, сол тойын бастап, оған ең семіз деген жылқыларды, түйе, қойларды сойғызды. Бір жерлеоге ақ үй, бір жерлерге қызыл үй, енді бір жерлерге қараша үй тіккізді Жұртына уағыз беріп: «Ұлы-қызы бірдей жоқ адамдар болса, олар қараша үйлерге кіргізілсін, астына қара құрым киіз төселіп, жейтін асына қара қойдың еті берілсін, жесе жесін, жегісі келмесе орнынан тұрып кете берсін. Ұлы барларды ақ үйге, қызы барларды қызыл отауларға кіргізіңдер. Баяндүр хан той жасапты. Бір жерге ақ үй, бір жерге қызыл үй, ненді бір жерге қараша үй тігіп, жігіттеріне: «Ұлы барларды ақ үйге, қызы барларды қызыл үйге кіргізіңіздер, кімде-кімнің ұлы да, қызы да болмаса, оны қараша үйге кіргізіңдер, астына қара-құрым киіз төсеп, жейтін асына қара қойдың етін беріңдер, жесе-жесін, жемесе ауылына қайта берсін. Бану-Шешек өзінің ақ көйлегін тастап, қара көйлек киді, күздің піскен алмасындай қып-қызыл беттерін жұлды. Олар қара көк киім киіп отыр екен. Ақ шатырды қойып, қара шатырда отыратын болыпсыңдар, қыздар. Ақ киімдеріңді тастап, қара киетін болыпсыңдар, қыздар.

Бұл жөнінде: «дүниенің тілдік бейнесіндегі қара, ақ сөздерінің мағыналық спектрінің өте кең екендігі байқалады».

Қара жамылу,ниеті қара сияқты тіркестердегі қара сөзінің «қайғы, қаза, жамандық» мағынасында жұмсалып, символдық мән алуы лингвомәдени коннотация болып табылады» [9].

Осы тәріздес мысалдарды «Қорқыт» жырында кездесетін Бәмсі-Байрақты жоқтаудан көруге болады. Мұндай былай деген:

Ақ үйдің ішінен зарлаған дауыс шықты, Сұқсырдай бой жеткен жас қыз

Ақ киімін шешіп, қара жамылды.

Бамсының ақ боз атының құйрығын кесті. Және

296

Қырық беске келген жігіттер Тегіс қара киім киісті Бастарына көксәлде салысты, Қазанбектің алдына келіп, Сәлделерімен жерді ұрып,

«Бұйрық қайда!» - деп жыласты [10].

Осы мысалдардан көріп отырғанымыздай, тура мағынасымен уәжделген ауыспалы – метафоралық қолданыстағы түстердің көрінісі, яғни, әр ұлттың өзіне тән мәдени – танымдық ерекшеліктерінен «дүниенің тілдік бейнесі» түрліше болатындығын дәлелдейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. –А., 2008. 2.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –А., 1998.

3.Маслова . Лингвокультурология. -М., 2001. -208 с. 4.Уәлиұлы Н. Фразеология мен тілдік норма. -А., -128 б.

5.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері //Тілтаным.- 2001, №4. 6.Қоңыратбаев Ә. Қорқыт ата кітабы. –А., 1986. -128 б.

7.Қайдаров Ә., Ахметбердиева З., Өмірбеков Б. Түр – түстердің тілдегі көрінісі. –А., 1992.

8.Смағұлова К.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Ф.ғ.д. дисс. –А., 1998, 168. 9.Снасапова Г.Ж. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени бірліктер». –А., 2003, 13-б. Ф.ғ.к. автореферат. 10.Әлкей Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар. –А, 1985.

297

Әміров Ә.Ж.,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ тіл білім кафедрасының доценті

Досанов Б.И.,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ тіл білім кафедрасының аға оқытушысы

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ТІЛДЕН ТЫС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ ФАКТОРЫ

Аннотация. В статье рассматривается один из экстролингвистических факторов терминологических тенденций – фактор государственной языковой политики.

Abstract. The article deals with one of the extralinguistic factors of terminological trends – the factor of the state language policy.

Кез келген мемлекет өзінің тіл саясатын ұлттық даму стратегиясына сәйкес жүзеге асыратыны белгілі. Ұлттық дамудың болашаққа арналған жоспары ғылым мен білімді, индустрияны инновациялық негізде ілгерілетуге, мәдени жаңғыруға бағытталатындықтан, бұл процестердің барлығы тілдік құралсыз, бірінші кезекте оның ғылыми терминологиясынсыз, оны қоғамның қажеттіліктеріне бейімдеусіз яғни түрлі дәстүрлі, жаңа ғылым салаларының ұғымдар жүйесін игерусіз іске асырылуы мүмкін емес. Сондықтан терминология саласындағы үрдістерді басқару, оларды материалдық қажеттіліктер мен рухани сұраныстарды дер кезінде қанағаттандыруға бағыттап отыру мемлекеттік тіл саясатының негізгі нысаны болып табылады. Шын мәнінде “…белгілі бір ұлт тілінің мүддесін көздейтін, оның қоғамда атқаратын қызметтерінің берік орнығуын қалайтын кез келген мемлекет терминологияның жасалуы мен қалыптасуына, дамуына айрықша мән береді. Олай істелмесе, сол мемлекеттің өзі мүддесін көздеп, ресми мәртебе беріп отырған тілдің мемлекеттік тілге жүктелетін қызметтерді атқаруға мүмкіндігі жетпес еді. Ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси, т.б. терминдері жасалып, адам өмірінің сан түрлі салаларындағы ұғымдарды дәл бейнелеп бере алатын жүйеленген терминқоры қалыптаспаған тіл сол түрлі сала мамандарының қажетін өтеп, кәсіби қарым-қатынасын қамтамасыз ете алмасы анық. Ондай атауларсыз ұлт тілінде білім беру мен ақпарат тарату ісі өз деңгейінде жүзеге асырыла алмайды” деген маман пікірі бүгінгі күні еш талас тудырмайды [1, 3].

Мұндай тұжырымнан туатын негізгі қорытындының бірі – кез келген мемлекеттің тіл саясатында терминологияға, оның қоғам өмірінің барлық саласында өз қызметін мүлтіксіз атқаруына ұйымдыққұрылымдық, заңдық-құқықтық тұрғыдан ерекше мән берілуі. Мұндай жұмыстарға ұлттың мемлекет болып қалыптасу, даму кезеңдерінде идеологиялық тұрғыдан да айрықша назар аударылады. Бұл кезеңде мәселе терминологияны ұлттың даму стратегиясына, жалпы ұлттық құндылықтарға сай бейімдеу қажеттілігінен туындап, осыған байланысты барлық іс-шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдеріне қысқаша шолудан қазақ ұлттық мемлекетін қалыптастырудың алғашқы әрекеті қолға алынған 20-30 жылдары алаш зиялыларының бұл мәселеге айрықша назар аударғанын білеміз. Алайда 30-жылдардан кейін бұл үрдістің үзіліп қалғаны тағы да белгілі. Тәуелсіздік алғалы жалғасын тауып отыр дегенмен де кеңестік 60 жылдай уақытқа созылған тілдік тоқырау ұлттық даму тарихымызда із-түзсіз кеткен жоқ. Мұны, әсіресе, осындай ұлттық бұрмалаусыз даму жолымен келе жатқан туысқан Түрік республикасының тәжірибесіне көз жіберсек анық аңғарамыз.

Терминологияны ұлттық бағытта қалыптастыруға байланысты бізде үзіліп қалған ұлттық үрдіс туысқан түркі елінде тоқтаусыз жүріп келеді. Бұл жұмыстардың негізін терминдерді ұлттық негізде қалыптастыру, сөздіктер шығару, түрік тілінің орфографиясын жетілдіру сияқты мәселелер құрағанын және бұдан тілге, оның терминологиясын байытуға қажетті шаралар негізінен барлық тілдерге тән болатынын көреміз. Мәселен, осы тәрізді жұмыстардың терминдерді дамытудың «А. Байтұрсынұлы» кезеңінде» болғанын айтуға болады. Бұл жұмысты Түрік республикасында дәл

298

біздікіндей терминологиялық комиссия емес, «Түрік тілі» қоғамы жүзеге асырады. Осы туралы зерттеуші А.Бисенғали былайша баяндайды:

«Шамамен 150 жылдан бері жалғасып келген терминдер мәселесі Республика дәуірінде түбегейлі қолға алынды. Үкімет қадағалауымен түрік жалғау-жұрнақтары арқылы терминдер пайда бола бастады. 1934-1950 жж. терминдер мәселесінің едәуір өркендеп, қолға алынған кезі. Ататүріктің қатаң бақылауымен басталған бұл жұмыстарға Ұлттық білім беру министрлігі де атсалысып, “Түрік тілі” қоғамымен тығыз қарым-қатынас құрды.

Бұдан кейін де терминдік жұмыстарын жалғастырған “Түрік тілі” қоғамы түрлі ғылым мен өнер салаларын қамтитын термин сөздіктерін шығарды.

…Түрік тілі қоғамы түрікше сөздік, емле сөздігі секілді негізгі шығармаларын шығарғаннан кейін терминдік жұмыстарын үдете бастады. Ататүрік атындағы “Мәдениет, тіл және тарих қоғамының” № 2876 заңының 37бабының “д” тармағына сәйкес, “Түрік тілі” қоғамы: “Барлық ғылым өнер және техника терминдері мен ұғымдарына сай түрікше терминдер табуға бағытталған зерттеу жұмыстарымен айналысуға міндетті”, – деген шешім қабылдады» [2, 96].

Түрік республикасында 30-50 жылдары терминология тұрақты даму жолына түсіп, өркендеуді бастан кешірсе, қазақ терминологиясы бір кезде қол жеткен жетістіктерінен де айрылып, тіл табиғатына кереғар жолды таңдады. Осыған орай, терминологияның дамуы үшін аз уақыт болмаса да, 30-жылдардан 90 жылдарға дейінгі кезеңде қазақшаланған терминдер саны болмашы ғана еді. Ол туралы нақты көріністі Ш. Құрманбайұлының мына дерегінен аңғарамыз: “КСРО идеологиясы бойынша орыс тілінде сөйлейтін “совет халқы” деген халықты қалыптастыру мақсаты қойылса, соған сәйкес қазақ терминологиясы да 30-ыншы жылдарға дейінгі өзінің ұлт тілі негізінде даму бағытын өзгертіп, ортақ терминологиялық қор құру бағытын ұстанды. Бұл бағыт терминологияны қалыптастыруда 60 жылдай (90 жылдарға дейін) үстемдік құрды. Соның нәтижесінде ұлт тілдерінің термин жасау мүмкіндігі шектеліп, теримн шығармашылығы тоқырауға ұшырады. 30-ыншы жылдарға дейін ұлы Ахаңның бір өзі жүздеген терминдерді, ал оны қолдаған қазақ зиялыларының әрқайсысы ондаған терминдерді қолданысымызға енгізіп кеткен болса, кейінгі алпыс жылда бүкіл зиялы қауым сол ат төбеліндей аз ғана қазақ зиялылары жасаған терминдердің оннан бірін де жасамаған екен” [3, 5].

Әрине, бұл кезеңде қолданыста болған терминологияның қағидаттарында қазақ тілінде термин жасалмасын деген тыйым салу болмаса да, терминдерді қазақ тілінің мүмкіндіктерін пайдаланып қалыптастыру қағидаты интернационалдық терминдерді өзгеріссіз алу, оның ішінде «ұғымды дәл беретін» кейбір орыс терминдерін де сол күйі қабылдау қағидаттарына жол беріп отырды. Дәлірек айтқанда, мұндай “жол берулер” жарты ғасырдан астам уақыт бойы қазақ терминологиясы дамуының басым бағытына айналды деуге болады. Қазақ терминологиялық жүйесінің тұтас бір даму кезеңін құрайтын бұл мәселенің ішкі, сыртқы себептері болашақта өз алдына зерттеліп, ашып көрсетілуі керек. Қазірше бұл құбылыс жайында жекелеген ғалымдардың пікірлерімен шектелуге тура келеді. Мәселен, ол туралы профессор Б. Қалиұлы: «Қазір қазақ тілінің ұлттық терминдеріне деген саясат басқаша болуы керек. Егер терминдеріміздің 70-80%-ы тұрпаты жағынан да, айтылуы-жазылуы жағынан да бұрынғыдай бөтен, жат сөздер (орысша, ағылшынша) болып келсе, онда қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуы екіталай.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болу үшін терминдеріміздің құрамы сандық қатынасы жағынан керісінше 70-80%-ы қазақтың төл сөздері болу керек 20-30% бөтен сөздер тіліміздің құрылысын, бірегейлігін бұза алмайды. Ал, бұрынғысынша болған жағдайда тіліміздің тілдік құрамы мен құрылысына нұқсан келетіндігі сөзсіз. Тіліміз шұбарланып, қалыптасқан өзіндік ерекшелігінен, ежелден бері келе жатқан байырғы дәстүріне, дыбысталу сипатынан айырылып қалары хақ.

Әрине, ғылыми терминдерді жасау оңай шаруа емес. Ол үшін термин жасаушы біріншіден, белгілі бір ғылымды жақсы меңгерген ғалым болу керек. Екіншіден, ол ұлттық тілдің қыр-сырын, сыр-сипатын, қалпын жақсы білуі қажет. Үшіншіден, ол адам термин жасау жолында көп жыл еңбек етіп, тер төгуі, тәжірибе жинақтауы тиіс. Басқаша айтсақ, әлгі кісі терминнің не екенін жақсы біліп, терминші ретінде мамандануы керек.

Ақиқатына жүгінсек, жаңа жасалған қазақша терминдер мен жаңа сөзжасам үлгілерін кәдеге жаратып, қалыптастыратын да, оларды былықтырып, бей-берекетке түсіретіндер де – ақпарат құралдары: газет-жорналдар, радио және теледидар хабарлары, т.б. Әсіресе, біздегі оқулықтар мен ғылыми еңбектердегі терминдердің қолданысы тіптен сын көтермейді» дейді [4, 10].

299

Әрине, бұл арада мәселені тек қазақ тілінің ерекшелігіне бейімделмеген қағидаттармен, кеңестік ортақ терминқор қалыптастыру саясатымен ғана түсіндіру жеткіліксіз болар еді. Бұл арада кеңестік идеологиямен тәрбиеленген, оның коммунистік ұстанымдары жолында ұлттық құндылықтарды тәрк етуге дайын ұрпақтан, мамандар мен лауазымды тұлғалардан тұратын субъективті факторды да айтпай кетуге болмайды. Субъективті (адами) фактор деп тілдік ахуалға әсер ететін ұлттық психологиялық себептерді айтуға болады.

Субъективті фактор терминологиялық үрдістерге әсер ететін өзге факторлармен тығыз байланысып жатыр. Атап айтқанда, ол терминологиялық жұмыстарды іске асыратын, қадағалайтын құрылым аясында тіршілік етеді. Тіршілік етіп қана қоймай, оған белгілі бір дәрежеде әсер ету мүмкіндігі де бар. Мүмкіндік дегенде бастама көтеру, құрылым жұмысын басқару, реттеу органдарына, БАҚ бетінде осы құрылымға, оның қызмет ету тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар беруді айтуға болады. Сонымен қатар аталған фактор мемлекеттік тіл саясаты белгілейтін іс-шараларды өзінің күнделікті қызметіне бағдар етіп, мақсат, міндеттеріне енгізеді. Бұл жерде де заң белгілеген шеңберде, сондай-ақ алдыңғы факторға қатысты айтылған жолмен осы тіл саясатының өзіне әсер етумен болады.

Ғылыми-техникалық фактордың да субъективті фактормен байланысы жоқ емес. Бұл байланыс терминологиялық үрдіске қандай да бір қатысы бар субъектілердің яғни лауазымды тұлғалардың, қызметкерлердің біліктілігі түрінде көрініс береді. Субъективті фактор терминологияға қатысты ісшараларды жүзеге асырудағы жеке тұлғаның қалауы түрінде көрінсе, оған өз кезегінде жеке тұлғаның отбасылық жағдайы, қоршаған ортасы, әлеуметтік жағдайы сияқты себептер әсер етеді. Жеке тұлғаның осындай себептер негізінде қалыптасатын дүниетанымы оның қалауы түрінде көрініс береді. Бұл арада жеке тұлғаның қалауы мен біліктілік факторларының өте тығыз байланысып жатқанын, біріне-бірі әсер етіп жарыса жүріп отыратынын атап айту керек. Тиісінше, субъективті фактор шеңберінде қарастырылатын қандай да бір іс-әрекет нәтижесінің негізінде осы бір-біріне ажырағысыз екі себеп жатады деуге болады. Бүгінгі күні орын алып отырған тілдік ахуалда субъективті фактор жиі көрініс береді. Мәселен, көптеген лауазымды тұлғалардың тіл мәселесіне қатысты айқындамасын келесі ахуал анық аңғартады деуге болады: «Алайда, өкінішке орай, кейбір қаржылы әрі беделді мемлекеттік мекемелердің басшылары мамандарының біліктілігі “өте жоғары болғандықтан, оларды қайта дайындаудың қажеті жоқ” дегенді желеу етіп, кейбірі «қаржы тапшылығын» сылтауратып, аудармашыларын оқуға жібермей қалды. Бұл орайда көңілге осы азаматтардың өз мамандарын мерзімді уақытта дайындықтан өткізіп отыру міндеттігін білмеуінде емес, жалпы тіл саясатына деген баяғы немқұрайлықтың, әкімшілік-өктемдік дәуірдің сарқыншағының әсері ме деген ой келеді…» [5, 9].

Тіл саясатының терминологияға ықпал етуінің субъективті аспектісінің осы салаға әсер ететін басқа сыртқы факторлармен байланыстылығы оның әлдебір нысанмен тілде көрініс беру немесе сол тілде сөйлеушілер санасына әсер ету деңгейінен байқалады. Бір жағынан субъективті фактор өзге факторлардың әрекет ету дәрежесін көрсететін индикатор қызметін атқарса, екінші жағынан өзі де осы фактолрлар аясында реттеп отыруды талап етеді. Мәселен, зерттеуші С. Ақаев тілге әсер ететін факторларға тоқтала келіп: “Бүгінгі тіл өз дамуының жаңа кезеңіне өтіп отыр. Бұл кезең тілге, оның дамуына әсер ететін ішкі-сыртқы жағдайлардың сандық, сапалық тұрғыларда өзгеруімен ерекшеленеді. Айталық, бұрынғы кезде тілге басқа тіл және тілден тыс нәрселер әсері азырақ болып, тіл өз бірліктері негізінде, өз табиғатына сай дамып келсе, қазір жағдай күрт өзгерді. Ең әуелі тіл дамуына ол тілде сөйлеушілердің әсері артып, олар тілді жай ғана, қажеттілікке қарай пайдаланып қана қоймай, оны саналы түрде өзгертіп, жетілдіретін болып отыр. Екіншіден, тілге қоғамдағы мәдени, саяси және психологиялық ахуалдарға сәйкес басқа тілдер әсері артты. Тілге бөгде саяси мүдделер тарапынан саналы түрде қарсы әсер етілуінің, тілдің төл қолданушыларының өз тіліне деген тоғышарлық көзқарасы мен теріс пиғылының артып, соңғыларда жасанды талғам қалыптасуы – тілді түзеуші-бұзушы күштерінің табиғи арасалмағын бұзып отыр”,-дейді [6, 6]. Бұдан зерттеушінің субъективті фактордың немқұрайлылық, тоғышарлық түріндегі көріністерінің артуына бірінші кезекте сыртқы фактордың әсер етіп отырғанын көрсететінін аңғарамыз. Автор көрсететін «мәдени, саяси және психологиялық ахуалға сәйкес артқан басқа тілдер ықпалын» тіл саясатына, оның ішінде терминологияға да әсер ететін экономикалық ықпалдастықтың арту факторы негізінде қарастыруға болады. Себебі сыртқы елдермен мәдени, экономикалық және т.б. байланысты кеңейтусіз, томаға тұйық өмір сүрген жағдайда тілге басқа тілдердің ықпал етпейтіндігі де белгілі. Тиісінше, бұл арадан

300

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]