Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

Қазақ тілі бүгінгі күні өзінің қолданысының функционалдық таралуын әлі де болса толық атқарып отыр деуге ертелеу сияқты. Себебі ол қазіргі заманның коммуникативтік талаптарына жаңа бейімделіп келе жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда дағыстан тілдері туралы «функциональды стильдердің даму процесі жалғасып жатыр» деген А.Г. Гюльмагомедовтың пікірі біздің ойымызбен үндесетін түрі бар. [8, 124]. Бұл функционалды даму деңгейі бойынша критерийлермен қазіргі кездегі тілдерді жүйелегенде қазіргі қазақ тілі Б. Хасановтың айтуы бойынша, әлем тілдерінің ішінде 70 орында. Осыған байланысты «тілдің дамығанын көрсететін параметр – оның стилистикалық саралануы деген тұжырымды да айтуға болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту мен қолданылу мен қолданылу аясын кеңейтуге байланысты тұжырымдарда қазақ тілінің мәртебесі нақты қойылып отыр. Сондықтан да тіл саясаты бағдарламаларын да белгілі дәрежеде оның стилистикасының да жүйелі қалыптасуы мен дамуына үлкен мән беріліп отыр.

Көптеген лингвистердің пікірінше, стильдерді қалыптастыру перспектиквасы ұлттық тілдік саясатпен тікелей байланысты болады екен: «В литературных языках, общественные функции которых связаны с обслуживанием начальных школ, изданием художественной, общественно – политической литературы, периодическолй печати, не будут интенсивно и разносторонне развиваться функциональные стили, для возникновения и развития которых необходимо издание соответствующих масшатабах научно – технической, публицистической литературы и осуществление преподвавния на этих языках в средних и высших школах, превращение их в языки науки» [9, 385].

Біздіңше, қазіргі қазақ тіліндегі кітаби жазба тіл түрлердің ауызекі сөйлеу түріне қарама қарсы қою қажет салада лексика – фразеологиялық және синтаксистік констуркцияларды арнайы таңдау болып табылады. Жазу дәстүрлері қазақ тілінде өте ерте дамыған деуге болады. Ұзақ тарихи кезеңде қазақ тілінде араб графикасының негізінде білімнің әр түрлі саласында қазақ тілді әдебиет қалыптасты. Қазақ тіліндегі кітаби – жазба дәстүрлердің қалыптасуына халықтық сөз бен ұлттық көркем әдебиет әсер етті. Ал 20 ғасырда бұл дәстүр басқа мәдени – көзқарастарға ие болды. Ол орыс

–еуропа өлшемдеріне сәйкестендірілді. Орыс әдебитетінің қазақ әдебиетіне таза тілдік әсері туралы айтатын болсақ, ол көптеген лексикалық пластта да өзінің ізін қалдырды деуге де болады.

Ғылыми стиль жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми, ресми - іскери, публицистикалық стильдер әр түрлі даму кезеңінде деуге болады.

Ауызекі сөйлеу стилі қазақ тіліндегі тұрмыстық саладағы негізгі қолданыстаболса, қазақ тілінің ауызекі сөйлеу стилі мазмұндық мәндік айтылымдардың синонимиялық және парллель құралдарының әр түрлілігімен ерекшеленеді.

Қазақ тілі сонымен қатар сөздердің көп қырлығығмен, колоритімен, сөйлеу модельлерінің өнімділігімен, түрлі семнатика - стилиситикалық транспозияциялардың айқын көрінуімен, айтылым жоспарының белсенділігімен, түрлі интонациялардың сөйлеушінің коммуникативтік мақсатының жүзеге асуымен ерекшеленеді. Бүгінгі күні қазақ тілінің ауыз екі сөйлеу стилі әлі де болса арнайы зертетулерден кенже қалып отырғанын да айта кету орынды деп ойлаймыз.

Дегенмен де басқа тілдердегі ауызекі сөйлеу стилін зертету материалдары оның өте қызықты және ғылыми қызығушылық тудыратын проблема екенін көрсетеді. Ауызекі сөйлеу стилі әлі де ғылыми негізде жүйелі тереңнен зерттеуді қажет етеді. [1,7]. Егерде ауызекі сөйлеу жалпы ұлттық тілдің ерекше және іргелі функционалды түрі ретінде соңғы жылдары зерттеу объектісі болып табылса, ал діни стиль әлі де болса тың және тысқары қалып отырған сияқты. Бұл мәселелер жөнінде В.В.Виноградов еңбегінде «діни тіл» ерекшеліктері туралы дәлелді талдаулар берілген. Онда: Дін – ерекше мәдениет. Сонымен қатар дінге сенушінің де психологиясы ерекше болады. Дінге сенушілер діни санаға байланысты барлық нәрсеге және діни дәстүрлердің барлығына дерлік аса ерекше сезіммен қарап оны сақтауды үнемі талап етіп отырады. Ол жеке тазалықтан бастап, ойлауына дейінгі адамдар арасындағы қарым – қатынастарға дейін қамтып отырады деп түйінделген. Соған байланысты кітаби стильдің ішінде діни стиль, мұсылман дінінің стилі ерте ерекшеленді деуге болады. Оның мына ерекшеліктерін атауға болады: а) лексикалық таңдаулардың қатаң және мұқият болуы; ә) шектелген тақырыптарға қатысты абстракты лексиканың көп болуы; б) ауызекі сөйлеу тілімен меңгерілмеген араб лексикасының белсенділігі; В) араб тіліндегі цитататлардың көп болуы; г) қарапайым қолданыстар мен дөрекі – атаулы экспресиияның тіптен болмауы; д) сөйлеуді

281

ұйымдастырудағы фонетикалық ерекшеліктер: ырғақты болуға бейімдеу, сенімді қарым-қатынас интонациясының болуы, уағыздылық; е) айтылымдардың синтаксистік аяқталуы; е) параллелизм құбылысының жиілігі.

Ғылыми стиль қазіргі қазақ тілінде гуманитарлық ғылым саласындағы түрлі жарияланымдардың болуымен айқындалып отыр. Бұл жарияланымдар сипаттары және айтылымдардағы тілдік құралдардың әр түрлілігіне байланысты жалпы кітаби стиьдің шегінен шықпайды.

Тілдегі терминдік жүйенің әлі де болса қалыптасапағаны ғылыми стильдің кейбір саладағы дамымай отырғанын көрсетеді. Терминдік жүйенің дамымауы ғылыми жұмыстардың мазмұнының терең болмайтынын көрсетіп, олардағы қажетті талдаулардың төмен болатынын да көрсетеді.

Публицистикалық стиль қазіргі қазақ тілінде газет – журналдарға, теледидар мен радиоға тән жанрлардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Олардың құрылымдық – композициялық құрылымдары, мазмұны және олардың белсендендірілу тәсілдері әлемдік тәжірибеде осы саладағы шығармаларға қойылатын талаптарға сәйкес деуге болады. Оларды түрлі газеттердегі, журналдардағы тақырыптардан көруге болады.

Газет – публицистика стилінің ерекшелігі сөйлеудің өзге функционалдық түрлеріне тән емес тіркестер мен айтылымдардың қолданылуы. Осы тілдік құралдар арнайыланып, мақсатталған функционалды – стилистикалық коннотацияға ие болады. Сонымен қатар газет – публицицстикалық стильге тән ерекшеліктер қатарына сөйлеудің өзге түрлеріне тән емес жалпы әдеби қолданыстағы сөздер мен оралымдардың қолданысын да айтуға болады. Осы бағыттағы лексикалық жүйенің сипаттамасын айтқанда синонимдік қатынастың ерекше типі – стилистикалық синонимия пайда болады. Осындай сөйлеу фактілерінің әлеуметтік лингвистикалық қырынан интерпретациялануы тағы бар. Кей кездері осындай нәтижелерге тікелей орыс тілінің де ықпалы болғанын айту қажет. Осындай нәтижелердің әсерінен қазақ тілінің құрылымында публицистикалық стильдің негізі толық қаланып болғанын да көрсетеді.

Стильдің пайда болып дамуы ұзақ процесс. Сондықтан да зертетушілер олардың айқындаушы негізгі бір өлшемі ретінде «дәстүрлі» және «тарихи шарттылықты» атайды. Сонымен бірге синхрондық бағыттағы да жағдайлардың бар екенін де атап өту қажет. Көп жағдайда қазақ тіліндегі публициститкалық стильге көркем стильдің де әсері бар екенін көруге болады. Мұны кей жағдайларда ақпараттық публицицстикадан байқауға болады. Белгілі бір стильдің дамығанын көрсететін өлшем ретінде ондағы көптеген кіші стильдердің бар болуын атауға болады. Мысалы, орыс тіліндегі газет – публицистикалық кіші стильдердің кең типологиясы.

Ресми – іскери стиль қоғам өмірінің әкімшілік – құқықтық саласына қызмет етеді. Ол түрлі іскери құжаттарда (заңдарда, қаулыларда, өкімдерде, үкімдерде, келісімдерде, қызметтік нұсқаулықтарда) қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде іс қағаздарын жүргізу саласына енгізілуде. Осыған байланысты туындап жатқан қиындықтар да аз емес. Мысалы, көптеген құжаттардың әлі де болса орыс тілінде жасалып, қазақ тіліне аударылуы, көптеген іс қағаздарының аударылуы нәтижесінде құрылымдық – мазмұндық өзгерістерге ұшырау, тіпті кей кездері құжаттың мазмұнының дұрыс болмайтынында көрсетеді. Қазіргі қазақ тілінің лексикалық қорында ресми – құжаттық коммуникация саласымен сәйкес келетінін көрсетуші ерекше реңктегі сөздер мен айтылымдардың тобы бар. Олар, мысалы, «қаулы етеді», «растаймын», «растау», «сенімхат», «қолхат», «ресми жазбаларды жазу кітабы», «жауапқа тарту» т.с.с. құқықтық, әкімшілік және қызметтік іс – әрекетпен тікелей байланысты лексика мен фразеологиялар.

Әдеби – көркем стиль қазіргі қазақ тілінің ерекше функционалды түрі ретінде тілдік қолданыстардың бүкіл эстетикалық шарттарымен байланысты болып, кең ауқымдағы ағымдарды, жанрларды қамтиды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сыздықова Р. Бүгінгі көркем проза тілі және әдеби норма (сәйкестік пен алшақтықтар) // Өнер алды қызыл тіл. Мақалалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1986. -77-82 бб.

2.Жұмағұлова М. Газет тіліндегі саяси-қоғамдық эвфемизмдер. - Алматы: Арыс, 2005. -118 б.

3.Хасанов Б. Ана тілі.– Алматы: Атамұра, 1993. -120б.

4.Шмелев Д.Н. Русский язык в его функциональных разновидностях. – М.: Наука, 1977. -167с.

5.Виноградов В.В. Итоги обсуждения вопросов стилистики // Вопросы языкознания. -1955, -№1, -С. 60-87

6.Сепир Э. Избранные труды по лингвистике и культурологии пер с англ. – М.: Наука, 1993, -656с.

282

7.Гак В.Г. К типологии форм языковой политики // Вопросы языкознания. - 1989, -№5, -С.104-133

8.Гюльмагомедов А.Г. Краткий словарь синонимов лезгинского языка. Предисловие. – Махачкала, 1982. -20с.

9.Дешериев Ю.Д. Закономерности развития и взаимодействия языков в советском обществе. – М.: Наука, 1966. -

403с.

Акегожаева Р. Н.

Ф.ғ.к.

Қазақстан-Ресей медицина колледжі Жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы,филология ғылымдарының магистрі

ЖАНУАРЛАР АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЕРТЕГІЛІК, МИФТІК СИПАТТАРЫ

Аннотация.У любого народа формирование свойственных ему жизненных особенностей бытия, обычеав, традиций и сознания проходит на протяжении веков в неразрывной связи с развитием языка, генетической картины и других параметров того народа. В статье возникновение фразеологических едениц казахского языка рассматривается в тесной связи со сказками, мифами, и легендами, которые сформировались в сознании казахского народа еще в давние времена.

Abstract. For any nation, the formation of life characteristics of being, customs, traditions, and consciousness peculiar to it takes place over the centuries in close connection with the development of the language, the genetic picture, and other parameters of that nation. The article describes the emergence of phraseological units of the Kazakh language in close connection with fairy tales, myths, and legends that have been formed in the minds of the Kazakh people in ancient times.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің сарқылмас бұлағының бірі – фольклор, ауыз әдебиеті болып табылады. Бұрын жазу-сызу өнері болмай тұрғанда, халық қисса, жыр, ертегі, айтыс түрінде көптеген ауыз әдебиеті мұрасын жасады. Ал осы миф, аңыз, ертегілер бара-бара қысқарып, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерге негіз болған.

«Этнос туралы кейбір деректер бүгінгі ұрпаққа археологиялық қазбалар мен сәулет кесенелері, тас мүсіндер мен қашалып жазылған тас ескерткіштер арқылы да жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі – этнос болып өткен өмірдің мың да бір елесі ғана. Этностың шынайы бейнесі, болмысы оның тілінде ғана, тілі арқылы ұрпақ жадында ғана сақталады. Этнос туралы шексіз мағлұматтар мен деректер тек тіл бойында ғана сақтала алады»,– дейді Ә. Қайдар [1, 11 б.]. Біздіңше солардың бірі – этнос туралы түсінігімізді кеңейтетін халық жанында сақталған ертегілер мен аңыздар болмақ.

Тіл – халық рухының жанды көрінісі. А. А. Потебняның теориясы бойынша, тілдің барлық рухани эволюциясының алғашқы нүктесі, бастауы миф [2, 7 б.]. А.А. Потебня тіл дамуын: миф–поэзия– проза (ғылым) сатысында көрсетеді. Сонымен қатар, халық үшін миф, мифтік бейнелер (бақыт құс, алып батыр т.б.) сол уақыт кезіндегі барлық екі басты сұрақтар үшін жауап болды. Сол сияқты мифтік бейне де қиял емес, халықтың дұрыс шындық деп тапқан өмір көрінісі. Ол миф теориясын фольклор нышандарымен байланысты тұжырымдайды. Оның көзкарасы бойынша, символдардың пайда болуы тіл мен ойлаудың даму дәрежесімен байланысты. Сөз бара-бара өзінің ішкі формасын, этимологиясын жоғалтады. Ал жаңғыру нәтижесі халық поэзиясында символдардың пайда болуына әсет етеді.

Егер барлық анықтаманы жинақтап айтсақ, үлкен екі топқа бөлінеді: біріншісі – миф дегеніміз дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі, екіншісі – құдайлар мен алыптардың жайындағы ауызекі әңгіме.

Сәкен Сейфуллиннің айтуынша, «адам ол заманда түрлі хайуандар туралы, жаратылыстың түрлі заттары, құбылыстары туралы әңгіме қылғанда, өздерінің түсіндірулеріне шындап нанып, әңгіме қылатын. Және оларды неше түрлі «керемет», «сиқыр» істеуге, неше түрлі құбылтулар қолдарынан келеді деп сенген. Солардың бірін әңгіме қылған өзінің қиялынан шын тәрізді қылып айтатын. Сонымен бұрынғылар шын деген әңгімелер соңғыларға ертек болып қала беретін» [3, 70 б.]

Көптеген аспани (космогониялық) және тотемдік мифтерде тірінің өліге айналуының басты себебі шаршағандық болып келеді. Қатты шаршаған мифологиялық кейіпкер қозғалуға шамасы келмегендіктен тасқа айналып, тыныш табады. Мысалы шаршап жатып, ұйықтап кеткен батыр

283

жайындағы мифтер жалпы қазақ мифтерінде адамның затқа, хайуанға айналуының басты себебі – қарғысқа ұшырау, жазалану, яки болмаса зор қауіптен қашу, т.т.

Мәселен, «Сынтас», «Келіншектау» мифтерінде әкесінің алдында кінәлі болғандықтан қыздар тасқа айналып қалады. Мысалы суыр болып кеткен Қарынбай туралы мифте Адам Құдай алдында күнәлі болғандықтан аңға айналдырылып жіберілген деп баяндалады. Өмір жылжып, қоғам дамыған сайын адам мифтік санадан біртіндеп арыла бастап, жаратылысты, табиғатты тануда енді бұрынғы мифтік түсініктермен қатар күнделікті тәжірибеге де сүйенетін болған [4, 12 б.].

Міне, сөйтіп, ол әртүрлі түсіндірмелі мифтер туғызған. Бірақ бұл мифтер алғашқы қауымдағыдай жалаң аяқ топшылау мен мифтік санаға негізделмей, тіршілік тәжірибесіне де сүйенген. Осы қатардағы мифтер тобына аспан денелері туралы, аңдар, құстар жөнінде, адамдар мен рулардың шығу тарихы жайында баяндалатын түсіндірмелі мифтер жатады.

Жануарлар жайындағы мифтер түсіндірмелі – себепті болады: мұнда «неге?» – деген сұрақ қойылып, миф сюжеті соған жауап ретінде қарастырылады. Айталық, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Бөдененің құйрығы неге қысқа?», «Қоянның ерні неге жырық?», т.т. Рас, бұл мифтер өзінің алғашқы «қасиетті» сипатын әлдеқашан жоғалтқан, сондықтан олар көбінесе ертегі деп қабылданады. Әрине, бұлардың бізге жеткен түрі ертегі болуы мүмкін, бірақ сюжеттің түп негізіне қарасақ, олар алғаш кезе миф болғаны айқын сезіліп тұр. Кейінгі замандарда сакральдылық сипаты жоғалған соң, олар екі аңның немесе жәндіктің қақтығысы туралы күлкілі әңгімеге, бертін келе ертегіге айналып кеткен [5, 12 б.].

Ертегілік мотиф мифологиялық негізде пайда болатыны сөзсіз. Мәселен, көптеген тотемдік мифтер жан-жануарлар туралы ертегілерде көрініс тапты. Мифтің ертегіге айналуының басты көздерін Е. М. Мелетинский былай көрсетеді: «Ославление строгой веры в истинность мифических «событий», развитие сознательной выдумки, потеря этнографической конкретности, замена мифических героев обыкновенными людьми, мифического времени-сказочно-неопределенными, ославление и потеря этнологизма, перенесение внимания с коллективных судеб на индивидуальные и с космических на социальные» [6, 202 б.].

Яғни уақыт келе, миф өзінің қасиеттілік, әрі құпиялық сипатынан айрылып, ыдырауға ұшырауына рулық қоғамның күйреуі, бұрынғы нанымдар мен ұғымдардың өзгеруі және т.б. себепкер болды. Міне, осындай жағдайлардан көне миф өзінің алғашұы семантикасынан айырылып, тұтастығын жоғалтқан да, жаңа қоғам мен өмірге сәйкес өзгеріп отырған.

Сол секілді көптеген жануарлар атауларына қатысты фраезологиялық бірліктердің қалыптасуына ертедегі мифтер, аңыздар мен ертегілер себеп болған.

Бірінші кезекте жануарлар атауларына қатысты фразеологиялық бірліктердің қалыптасуының мифологиялық архетиптерін қарастырып көрейік.

Қазақ тіліндегі «қоян жүрек» деген тұрақты тіркес қорқақ, ынжық деген мағынада қолданылады. Қоянның қорқақтығы туралы келесідей мифті кездестіреміз:

Жер жүзіндегі барлық жануарлар жаралып болғаннан кейін, қоян жаралған екен. Сондықтан оның он екі мүшесі өзінен бұрын жаралған жан-жануарлардан сұрап алыпты. Қоянның ернін түйеден, құлағын есектен, құйрығын ешкіден, аяғын иттен, тағысын тағыларын сұрап алыпты. Жанжануарлардың бәріне борышты болған қоян бұлар «алымсағын сұрайды ма» деп зәрезеп болып, қыл аяғы өзінің көлеңкесінен де қорқып, бұқпантайлап қашып жүреді екен. Ешқандай жануар қоянға жүрегі мен бауырын бергісі келмегендіктен, ол жүрегін судан, бауырын тастан алыпты. Қорқақ адамдарды «қоян жүрек», «су жүрек» дейтін себебі сол. Қоян көжектеген соң, басқа жануарларда баласын асырамайды. Үш күннен соң, «қанжығада көрісейік» деп, тастап кете береді. Қоянның бүйтіп баласына жаны ашымауы, бауырының тастан жаралғандығынан. Әдетте, туысына жаны ашымайтын адамды «тас бауыр» дейтіні сол екен.

Қорқақ ұғымындағы қоян көркем әдебиетте келесідей қолданыс тапқан:

Ел болуға алдымен білік керек,

Бір сөзді, бір ауызды намыс керек. Жалғыз ғана окумен теңелмейді

Алты ауыз азған болсаң қоян жүрек (С.Торайғыров). Секең-секең жорытқан, көрінгеннен қорыққан (Жүмбақ).

Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді (Мақал).

284

Осы секілді қазақ тілінде «сиырдың бүйрегіндей» деген тіркес бар. Бұл тіркестің пайда болу архетивін келесі мифті талдау арқылы табуға болады.

«Барлық жан-жануарларды жаратып, оларға бүйрек үлестіргенде сиыр жайбасарлық істеп кешігіп, ең соңынан барыпты. Сиырға бүйрек қалмапты. Бүйректен құра алақан қалған сиыр қатты өкініп: «Мен бұл жалғанда бүйрексіз қайтып күн көремін!» деп, азан-қазақ болып, өкіріп жылапты.

Сиыр сорлының көз жасын көрген жануарлардың қабырғасы қайысып, бүйрегі бұрытылыпты. Бірақ уатып, жұбатып, көңіл аулаудан бөлек көмек көрсете алмапты. Ең соңынада сиыр оларға: «Бүйрек алып, бүйірлерің шығып тұрған жансыңдар ғой. Тым болмаса, құр қалған туыстарыңа берер жылуларың жоқ па?» – депті. Оның бұл сөзін жөн көрген жылқы, түйе, қой жылу беріпті. Сол себептен сиырдың бүйрегі басқа жануарлардың бүйрегінен бөлек, бұжыр-бұжыр, қырық бүйрек болған екен. Сиырдың қилы-қилы мінездері – осы қырық қиқымнан құралған, без бүйрегінің белгісі»

[63, 45 б.].

Мифтен байқап отырғанымыздай сиырдың бүйрегі әртүрлі жануарлардың бүйрегінің қосындысы болғандықтан оның мінезі нашар деп түсініледі. Яғни бұл сиыр туралы жағымсыз коннатация туындауына себеп болып отыр.

Жүр, анда! Сиырдың бүйрегіндей бытырауға айналған екенбіз, тек арты қайырлы болсын(С.Мұқанов).

Солардың бәрін жинақы ұстамасаң, жүдә сиырдың бүйрегіндей бытыратып аласың (С. Мұқанов). Тілімізде сиырдың мінезі туралы келесідей тұрақты тіркестер кездеседі: жаман сиыр өрешіл, құдай сүзеген сиырға мүйіз бермейді, сиыр сипағанды білмейді сиыр мінез, мүйіздескен сиырдай. Сиыр құйымшақтатты – аяқсыз қалдырып берекесіз етті мағынасында қолданылатын сөз тіркесі. Мысал келтірер болсақ: Матайдың сөзінің басы қандай болса да, аяғы сиыр құйымшақтап келіп, қылдай болып кетті (М.Әуезов). Бәрі де сау сиырдың боғы емес, үшеуі де бірдей. Бәрінің де ұрлығы бірдей деген сөйлемдегі сау сиырдың боғы емес тұрақты тіркесі бір бәлесі, сұмдығы бар деген

мағына беріп тұр.

«Жер көтерген өгіздей» деген тіркес те жиі қолданылады. Мәселен, Жер көтеріп тұрған жалғыз өгіздей, тәкіпарланады екен, сол немең, деді – Керауыз кемпір (Ш. Мұртаза). Сол мен бір аспан мен жерді тіреп тұрғандай бір жұмыс тауып бер дейді. (Б. Сарыбай)

Жоғарыда атап өткеніміздей ертедегі адамдардың таным-түсінігінде адамдардың жануарларға, құстарға айналуының басты себебі олардың қарғысқа ұшырауы.

Мәселен, тіліміздегі «кірпідей жиырылған» деген тіркес сараң, ешкімді жақтырмайтын, тырысып қалған адамдарға қатысты қолданылады. Осыған қатысты мынандай бір мифті талдап көрейік.

Ертеде малы көп бір бай адам болыпты, өзі сараң, үйіне кісі келсе жақтырмайды және бір адам шақырып шай беруді ұнатпай шығын көреді екен. Бай малының садақасын да бермей, кедей-кепшікті жанына жолатпапты. «Сол сараңды қойшы, ең болмаса малының садақасын бермейді», – деп ел-жұрт ренжи берген соң, оған құдайдың қаһары түсіп, «Ақыры өзіңнен асып жатқан дәулетіңді жақыныңа бөліп бере алмайды екенсің, мәңгі бақи жиырылып, дәулетің өз денеңе жабысып қалсын» деп, оны кірпіге айналдырып жіберген екен. Содан бері сараң адамдарды «кірпідей жиырылған» деп атайды екен.

Адамға қатысты ит өмір, ит өлім, көк есек, есек өмір, маймылға ұқсап сайқымазақтанды, маймыл болып жүр деген тұрақты тіркестер кездеседі. Олар адам өмір сүру әдебіне немесе белгілі бір кезеңіне қатысты қолданады.

Осы тіркестердің пайда болуының архетиптерін келесідей бір мифтен іздеп көрелік. Алла Тағала Адамды жаратқанан кейін оған қарап айтты:

Саған бердім отыз жыл ғұмыр!

Я, Алла, оның аз, – деп қапаланып адам айтты: – Ғұмыр сондайын жақсы һәм онда сонша қызықты нәрселер бар. Көңілімнің қалағанының хисабы жоқ. Мұндай аз уақыттың ішінде жақсылыққа тоймай қаламын, мархамат етіп мағын тағы да бірнеше жыл ғұмырыма, – деді. Алла Тағала адамзатқа ешбір қарамайынша, басқа түрлі хайуанатты жарата бастады. Алла Тағала есекті жаратты. Есекке айтты:

Саған елу жыл ғұмыр бердім, – деп – Сен адамзатты тыңдаушы боласың. Ол саған мініп жүреді. Оның ауырлығынан сенің арқаң мүлде жауыр болып кетеді. Ол сені қуалайды, сен арыпшаршап тізеңді бүксең, ол сені ұрып-соғады. Оның көзіне сен бір қор жаратылған көрінесің. Ол саған айтуға басқа сөз таба алмайды, сені қор етіп айтуға өіңнің атыңнан басқа.

285

Ой, Жаратушым, мұның артық, бек көп, – деп есе шырылдап қоя береді. – Маған он бес жаста болады, ғұмырымды қысқарт деп.

Маған бер, Жаратушым, оның жиырма жыл ғұмырын, – деп қайтадан сұрады адам. Алла тағала айтты:

Жақсы мұны да ал.

Ендігі кезек итке келді.

Бердім саған ит, қырық жыл ғұмыр. Сен адамзатқа шын жолдас боласың, үйін-мүлкін аңдып тұрасың, бірақ өзің аш, әр тараптан сені қуады, ашқыттан қорадан, көшеден жиып-теріп жүресің қалған-құтқан нәрселер мен тастаған сүйектерді.

Ой, мұныңыз көп, – деп жылып тілей бастайды ит. Маған болады он жыл ғұмыр берсең де, Жаратушым, – деді.

Иттің жиырма жылын маған бер, – деп тілей бастайды адам.

Жақсы, ал, – деді. Иттен соң Алла Тағала маймылды жаратты:

Сенің адамға бір-ақ сыртқы сипатың ұқсар, бірақ сол уақытты бала рауышты боларсың, жүргенде беліңді бүкірейтіп жүресің. Балаларға ермек боларсың Һәм үлкен кісілерге ойын болып, дүниеде алпыс жыл жүрерсің.

Ойбай, – деп қайғырады маймыл, – маған отыз жас та болады ғұмыр етуге. Ей, жаратушым, мархамет етіп, қысқарта көр!

Маймылдың отыз жасын маған бер, – деп қолын көтеріп, адам сұрады.

Жақсы ал, – деп Жаратушы айтты.

Осыдан кейін барлық жануарлар өз жұмыстарын біліп, бет-бетімен тарапты. Сонда адам да барып өзіне әуелі берген отыз жылдың ішінде бақытты дәурен сүріп, еш уайымсыз, жас жігіт болып тұрапты. Онан соң отыздан асып, елуге шейін қатты жұмыстар қылып, мехнаттарымен жүріпті, түрлі шаруа қылып көп қиналыпты. Бұл жиырма жастың есебі баяғы есектен алған жиырма жыл болады. Сонан адам елуден асқан соң, өзінің жетпіс жасына шейін оны-мұныларын жатып аңдиды. Не болса содан күдіктенгіш келеді. Сол мезгілде кім болса соған айғайлап һәм сүйек жұтудан таймайды. Адамның сол жастары иттен алған жылдары болады. Сонан жетпістен асқан соң ақылынан айырылады, бала рауышлы болады, ол уақытта бүкірейіп, иіліп те кетеді, баларға һәм ермек, ойын болады. Сол жастар маймылдан алған жылдары болады [64, 58 б.].

Жоғарыдағы адамның жаратылуы туралы мифте адамға әуел баста Жаратушы 30 жыл ғұмыр бергендігін және ол өмірдің сауық-сайранының көп болатынын айтады. Өз өмірі өзіне аз көрінген адам есектің, иттің, маймылдың жарты өмірін қосып алған дейді.

Мысалы, ауызекі тілде, «мен бір жүрген көк есек», «тапты жұмсап қойып отыратын көк есекті» деген сияқты шағым сөздер көп қолданылады. Мұндай қолданыстарды көркем әдебиеттерде де көптеп кездестіреміз.

Суық тас әкем тәні қаракесек, Жаншылған шешем жаны балшыққа есеп. Көлігі көз ашқаннан көрінгеннің,

Жаны желік, жүрегі өлік, бір көк есек (І. Жансүгіров). Біреуге есеп өмір, Біреуге есек өмір.

Бірекге «кесек» өмір Біреуге «тезек» өмір (Мақпал Сембай).

Сонымен қатар, ит өлім, ит болып өткен өмір, маймыл ұқсап сайқымазақтану, маймыл болу деген тіркестер де адамға қатысты қолданылады.

Ит өмірдің осылай аяқталатынан білді ме? (Ә Нұрпейісов).

Жуастып жер құштырды ит өліммен, тізілген неміс тобын мыңнан, жүзден (М. Жанасаева).

– Әрқайсысының көңілін табамыз деп, маймыл болдық қой сайқымазақтанған (Д. Исабеков). Осы секілді жәндіктерге, құстарға қатысты тұрақты тіркестердің мифтік архетиптерін табуға

болады. Мәселен, бәрімізге белгілі «Жылан қабықты адам» туралы миф «іштен шыққан шұбар жылан» деген тіркестің пайда болу архетибін былайша түсіндіреді:

Баяғыда бір кедей шал мен кемпір болыпты. Қолында мал дегеннен жалғыз есегі бар екен. Қалаға отын сатып күн көреді екен. Шал мен кемпірдің жасы алпысқа келгенше бір перзентке зар болып, күні-түні жылап жүргенде, кемпір құрсақ көтеріп, айдаһардың етіне жерік болыпты. Шал айдаһарды

286

іздеп келе жатса, бір шаң көрінеді. Жақындаса, қара айдаһармен сары айдаһар арбасып-алысып жатыр екен. Қара айдаһар сары айдаһарды өлтіреді. Шал өлген айдаһардың сан етінен кесіп алып, үйіне келсе, кемпірі жерігі асып, ауырып жатыр екен. Шал келіп: «ау, кемпір, сүйінші бер! Жерік асың табылды!» – депті. Аңсап жатқан кемпір орнынан ұшып тұрып, шалдың әкелген етін шикілей жер беріпті. Жерігі қанған кемпір тоғыз ай, тоғыз күнде аман есен босанған екен. Бірақ бала жыланға ұқсаған екен. Кемпір-шал не де болса ішінен шыққа соң асырай беріпті. «Іштен шыққан шұбар жылан» деген содан қалыпты. Жылан баланың сөзінде ағаттық жоқ екен... (Бабалар сөзі. Қазақ мифтері) .

Мифтің өз ішінде «Іштен шыққан шұбар жылан» деген содан қалыпты» деп фраеологиялық бірліктің пайда болу себебін түсіндіріп отыр.

Жоғарыдағы бір сөзімізде жануарлар атауларына қатысты мифтер бертін келе «Ит пен мысық неге жауығысады?», «Тышқан мен мысық неге араз?» секілді болып түсіндірмелі сипаттағы ертегілерге ауысып кетеді дедік. Ендігі кезекте сондар біршама ертегілерді талдап көрейік.

«Ит пен мысық неге араз?» деген ертегіде Ит пен мысықты басында өте тату болғандығын, екеуін де адам асырап үйінде ұстағандығын айтады. Күндердің бір күнінде адамның май сіңген тері дорбаға салып жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де табалмаған соң ит пен мысық қожасының жоғалған алтынын іздеуге кіріседі. Екеуі ой-қырды аралап, бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Ақыры титығып, үйлеріне қайтады.

Ит пен мысық ұнжырғасы түсіп, үнсіз келе жатқанда қожасының май сіңген дорбасының исі мұрындарын жарып жіере жаздайды. Ит айнала жүгіріп, тіміскілеп, ақыры бір тышқанның інін тырналап қаза бастайды. Ит көп азаптанып, тышқын інінің түбіне жетсе, алтын салынған майла дорбаны тышқан тығып қойған екен. Иттің алып шыққан дорбасын мысық қожайынына жақсы көрінуі үшін иттен бұрын алтынды ала қашады. Алтынды тауы әкелген мысықты көріп қожасы қуанып кетеді. Мысықты бауырына басып, аймалай береді. Сөйтіп тұррғанда қара терге түсіп, сабалақ-сабалақ болып, арсалаңдап ит те жетеді. Ештеңені түсінбеген ол итін теуіп, жекіріп қуап тастайды. Жәбір көрген ит ызаланып, мысққа тап береді. Қожасы арашалап, екеуін айырып алады да, мысықты үйіне алып кетеді. Сол күннен бастап итті үйіне жолатпайды. Содан бері ит пен мысық біріміне-бірі араз болып қалыпты» [7, 57 бб.].

Тілімізде ит пен мысықтай болу, ит көрген мысықтай тіксіну, бір біріне араз адамдар арасындағы қарым-қатынасты сипаттау үшін қолданылады. Мысалы:

Неге екенін білмеймін, ағамның Шойтыққа жұлдызы қарсы, екеуі ит пен мысықтай деді, – деді Жұмаш (Н. Сералиев).

Ит көрген мысықша тіксіне қарап тұр оған (Ғ. Мұстафин).

Тұрақты тіркестердің қалыптасуына себеп болған тағы бір ертегіні талдап көрейік.

Қарға баласын әппағым дейді, қарға баласын жұмсағым дейді.

Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді:

– Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Ол құсты менің бас жағыма әкеп отырғыз. Таң атқанда, ол құс мені сайраған даусымен оятсын. Ал, сен, кірпі, барып жердің жүзін тінтіп, бір жұмсақ нәрсе тап. Ол нәрсені әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме тақау қой. Құстың сайрағанымен оянған кезімде, бетім сол жұмсақ нәрсеге тисін!», – деп бұйрық береді. Нәтижесінде, Қарға дамыл таппай, көп жерді аралап, көп құстың сайрағанын естиді. Даусы жақсы құс таба алмай, қарға сорлы қайғырады.Үйіне қайтып бере жатып, балапандарының қақылдағанын естиді. Бұлардың қасында бұлбұл және басқа құстар әлдеқайда жаман сайрайтын боп көрінеді. Қарға қуанып, балапандарын Сүлейменге әкеліп, бас жағынан ұя салып, соған отырғызады.

Дәл осы секілді, Кірпі де өз балаларынан басқа жұмсақ нәрсе болмас деген қорытындыға келеді. Сүлейменнің сарайына алып барып, жастығының үстіне жатқызып қояды.

Таң атады. Қарғаның балапандары қарқылдай бастайды. Сүлеймен оянып, оларға қарай бергенде, мұның бетіне кірпі балаларының түрпі тікендері қадала кетеді. Қараса, қарғаның балапандары мен кірпінің балалары екен.

Сүлеймен ашуланып, қарға мен кірпіні шақыртып алып, жендеттеріне бұлардың басын кесуге бұйырады. Жазалы болған қарға мен кірпі: – Дат, тақсыр! – дейді.

Сүлеймен: – Айт датыңды! – дейді.

287

Жазалы екеуі өздері істеген істің бәрін бастан-аяқ баян етеді. Сонан соң Сүлеймен: – Әркімге өзінің баласынан артық көретіні жоқ екен ғой. Баласы өзіне балдан тәтті, оттан ыстық, күннен жарық, мамықтан да жұмсақ екен ғой, – деп қарға мен кірпіні жазадан босатып жіберіпті», – дейді [8, 71 б.].

Осындай ертегінің негізінде ел ішінде қарға баласын әппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді деген тұрақты тіркес қалыптасқан. Бұл әркімнің баласы өзі үшін ең сұлу, ең ақылды, жақсы деген мағынада қолданады.

Сонымен миф, аңыздар мен ертегілер – адамдардың ертедегі дүниетанымының көрінісі. Олар тұрақты тіркестердің қалыптасу уәждерін айқындауда маңызды дерек көзі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қайдар Ә. Халық даналығы. – Алматы: Тоғанай Т, 2004. – 560 б.

2.Потебня А. А. Слово и миф. М., 1989. – 622 с.

3.Cейфуллин С. Шығармалар: 6 томдық. – Алматы, 1964. 6-т. – 70 б.

4.Бабалар сөзi: Көп томдық / М.О. Әуезов атын. әдебиет және өнер ин-ты; Құраст.: Әзiбаева Б., Әкiмова Т., Қосан С. ж.б.; Ред.кеңес: Қасқабасов С., Абдрахманов С., Асқаров Ә. ж.б..- Астана: Фолиант, 2002.

5.Қазақ фразеологизмдерiнiң ұлттық-мәдени деректерi: филол. ғыл. канд. ... дис. / Әл-Фараби атын. Қазақ ұлттық унтi ; ғыл. жет. Смағұлова Г.Н..- Алматы, 2002.- 120 б.

6.Мелетинский Е.М. Поэтика мифа. М., 1976. –407с.

7.Бабалар сөзi: Көп томдық / М.О.Әуезов атын.әдебиет және өнер ин-ты; Құраст.: Әзiбаева Б.; Жауапты шығ.Рақышева Ж.; Ред.кеңес: Қасқабасов С.(төраға), Абдрахманов С., Асқаров Ә. ж.б..- Астана: Фолиант, 2002.-312 б.

8.Ертегiлер. Том 1.- Алматы: Жазушы, 1986.- 288 бет.

Ақжігітова А. О. гуманитарлық ғылымдар магистрі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ П.И. МЕЛИОРАНСКИЙ ТЕРМИНДЕРІНІҢ АРАҚАТЫНАСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Түйіндеме. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының бірнеше іргелі ғылымдардың негізін қалағанын «көзі ашық, көкірегі ояу» азаматтар айтып та, жазып та жүр. Ол жұрт мойындамаса да, тарих мойындаған ақиқат. Дегенмен, кей ғалымдар бұл пікірге қарсы келуі де мүмкін. Сондықтан, біз осы мақаламызда тіл білімі ғылымы төңірегіндегі Ахмет Байтұрсынұлының терминдері туралы ой қозғаймыз.

ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақ тілінің зерттелуіне байланысты түрколог ғалымдардың тарапынан бірлі-жарымды еңбектер жариялана бастады. Олардың қатарына Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргизского наречия» еңбегін, П.И. Мелиоранскийдің 1894 жылы шыққан «Краткая грамматика казак-киргизского языка» еңбегінің «Фонетика и этимология» атты бірінші бөлімі мен 1897 жылы жарық көрген «Синтаксис» атты екінші бөлімін т.б. жатқызамыз. Бұл еңбектерді өз заманының биігімен қарайтын болсақ, өте құнды еңбектер деп бағалауға болады. Осы мәселе турасында ғалым Съезд Шардарбекұлы былай дейді: «ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қазан төңкерісіне дейінгі аралықта екі тілді сөздіктер мен салыстырмалы түрдегі сөздіктерді қоса есептегенде қырыққа жуық еңбек жарық көреді. Мәселен, С.Петербургте шыққан «Сравнительный словарь всех языков и наречий...» деген сөздік және Л.Будаговтың, Мир-Салих Бекчуриннің, В.В.Радловтың сөздіктері сияқты салыстырмалы типтегілер де бар. Бұл жұмыстар А.Кононовтың сөзімен айтқанда «орайы келіп ғылыми мазмұнға да ие болған» еңбектер болды. Осындай тілді меңгерудің бірінші саласы бойынша қазақ лексикографиясына түрколог П.М. Мелиоранскийдің «Араб филологы» қомақты үлесін қосты деп есептейміз. Тілді зерттеудің екінші саласы бойынша ғалымның «Краткая грамматика киргизского языка» деген еңбегі маңыздылығымен ерекшеленеді» [1, 7 б.].

Өз кезегінде А. Байтұрсынұлының тіл біліміне арналған ғылыми-әдістемелік еңбегін жазу барысында бұл еңбектердің пайдасы болуы мүмкін. Әсіресе П.И. Мелиоранскийдің екі бөлімді «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты зерттеу еңбегі – салыстырмалы түрде толыққанды жазылған еңбектердің бірі. Яғни, А. Байтұрсынұлы зерттеу барысында құрылымдарды

288

жіктеуге, жүйелеуге, бөліністерді сұрыптауға келгенде осы еңбектерге сүйене отырып, үлгі ретінде пайдалануы мүмкін деген болжам айта аламыз. Бірақ, А. Байтұрсынұлының қай еңбегін де көшірме еңбек деуге мүлде негіз жоқ. Себебі, біріншіден, ол еңбектер орыс тілінде жазылған және де орыс тілі грамматикасы басшылыққа алына отырып негізделген. Екіншіден, еңбектегі атаулар жүйесі сөзбе-сөз мүлде бір-біріне сәйкеспейді. Үшіншіден, ғалым П.И. Мелиоранский қазақ тілінде сөйлеуші (носитель языка) болмағандықтан (осы мәселе турасында өзінің қазақ тілді студентінің көмегіне жүгінгендігін, Ильминскийдің еңбегін басшылыққа ала отырып жазғандығын алғысөзінде айтып өтеді), ғылыми ұғымдарды туралап, тек мысалдарға ғана мән берген. Ал А. Байтұрсынұлы еңбектерінде ғылыми ұғымдар жүйеленіп, қазақтың болмыс-бітіміне байланысты ғылым тілі қалыптасқан. Осы айтылған себептердің дәлелі ретінде екі ғалымның ғылыми түсініктемелерін салыстырмалы талдауды кесте арқылы көрсетуді жөн көрдік.

Бұл кестеде П.И.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты 1894 жылғы еңбегі (мұқабадағы жазу: Краткая грамматика казакь-киргизского языка. Часть І. Фонетика и этимология. Составиль П.М. Меліоранскій. САНКТПЕТЕРБУРГ. Типография императорской академии наук. 1894) мен А. Байтұрсынұлының 1914-1925 жж. аралығында шыққан «Тіл – құрал» атты еңбегіндегі терминдер жүйесі салыстырылып көрсетілді.

1-кесте – П.И.Мелиоранский [2] және А. Байтұрсынұлы пән сөздерінің салыстырма кестесі

П.И.Мелиоранский еңбегі бойынша

А. Байтұрсынұлы еңбегі бойынша

 

1-тарау (Глава І)

 

1

Звуки

Дыбыстар

2

Транскрипция

Айтылу

3

Азбука

Әліппе

4

Алфавит

Әліпби

5

Надстрочные и подстрочные знаки

-

6

Письменность

Жазу

 

2-тарау (Глава ІІ)

 

7

Фонетика

Дыбыс жүйесі

8

Фонетика гласных звуков

Дауысты дыбыс жүйесі

9

Закон сингорманизма

Үндестік заңы

10

Гласные звуки

Дауысты дыбыстар

11

Твердые гласные

Жуан дауыстылар

12

Мягкие гласные

Жіңішке дауыстылар

13

Широкие гласные

Ашық дауысты

14

Узкие гласные

Қысаң дауысты

15

Склонение

Тәуелдеу (септеу)

16

Спряжение

Жіктеу

17

Слог

Буын

18

Гортанный гласный звук

-

19

Небный гласный звук

-

20

Зубной звук

-

21

Губной звук

-

22

Обратное действие гласных

-

23

Выпадение гласных (құла ат – құлат)

-

24

Слияние гласных (келме емін – келмеймін)

-

25

Долгие гласные (ін, ашу. Долгая гласная в

-

 

киргизском языке слышатся нечасто) [72, 20б.]

 

26

Фонетика согласных звуков

Дауыссыз дыбыстар жүйесі

28

Диалект

-

29

Переход согласных между гласными звуками

-

 

(қап-қабым)

 

30

Переход конечной согласной под влиянием

-

 

начального звука суффикса (жазшы-[жашшы],

 

 

қызсың-[қыссың])

 

 

3-тарау (Глава ІІІ)

 

289

31

Имена

 

 

Атауыш сөздер

32

Часть речи

 

 

Сөз таптары

33

Имя

 

 

Зат есім

34

Местоимение

 

 

Есімдік

35

Глагол

 

 

Етістік

36

Имя числительное

 

 

Сан есім

37

Наречие

 

 

Үстеу

38

Союз (да, де, та ,те; тағы, егер)

 

Шылау

39

Послелог (менен, бұрын, соң, үшін, сайын...)

Жалғаулық

40

Частица

 

 

Демеу

41

Коренные имена существительные

 

Түпкі // түбір зат есім

42

Производные имена существительные

Туынды зат есім

43

Единственное число

 

Жекелік айырыс

44

Множественное число

 

Көптік айырыс

45

Падежи

 

 

Септіктер

46

Родительный падеж

 

 

Ілік септігі

47

Дательный падеж

 

 

Барыс септігі

48

Винительный падеж

 

Табыс септігі

49

Исходный падеж

 

 

Шығыс септігі

50

Местный падеж

 

 

Жатыс септігі

51

Сравнительный падеж

 

-

52

Именительный падеж

 

Атау септігі

53

Имена прилагательное

 

Сын есім

54

Коренные имена прилагательные

 

Түбір сын есім

55

Производные имена прилагательные

 

Туынды сын есім

56

Относительные прилагательные

 

Сыр сыны

57

Сравнительная степень

 

Талғаулы шырай

58

Превосходная степень

 

Таңдаулы шырай

 

4-тарау (Глава ІV)

 

 

59

Личное местоимение

 

Жіктеу есімдігі

60

Притяжательное

местоимение

(«жұрнақтар

-

 

арқылы көрінеді, мысалы –мыз, быз» автордан

 

 

тікелей аударма)

 

 

 

61

Возвратное местоимение

 

Өздік есімдігі

62

Указательное местоимение

 

Сілтеу есімдігі

63

Вопросителное местоимение

 

Сұрау есімдігі

64

Местоимения

самостоятельного

(автор

-

 

тоқталмаған)

 

 

 

 

5-тарау (Глава V)

 

 

65

Положительная форма

 

Болымды қалып

66

Отрицательная форма

 

Болымсыз қалып

67

Предикативный аффикс

 

Жіктік жалғаулар

68

Залог

 

 

Етіс

69

Принудительный залог

 

Өзгелік етіс

70

Страдательный залог

 

Ырықсыз етіс

71

Возвратный залог

 

 

Өздік етіс

72

Взаимный залог

 

 

Ортақ етіс

73

Наклонение

 

 

Рай

 

 

 

 

74

Повелительное наклонение

 

Билік рай

75

Желательное наклонение

 

Қалау рай

76

Первое прошедшее время (бардым)

 

Өткен шақ

77

Древнее будущее время (барғаймын)

 

Келер шақ

78

Настоящее условное время (барсам)

 

Осы шақ

79

Прошедшее совершенное время (барыппын)

-

80

Деепричастие

 

 

Көсемше

81

Совершенное деепричастие

 

Үнемді көсемше

290

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]