Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

…. Die Jünglinge, die ich liebe, Will ich viel die Cither spielen.

Die Cither will ich spielen,

Bis meine Nagel abgerieben sind,

Zu dieser Zeit will ich der Sanger sein,

Bis das Arsni-Fest zn Ende.

O! Arschyn-Bai, Arschyn – Bai,

Hast du für Arsni das Fest bereitet?

Wir haben weisse Sahne getrunken,

Giesse Airan dir auf`s Haupt!

Mein Kambar ist geizig,

Das Meer ist mit Steinen angefüllt ,

O Chysyr, o Iljas,

Ein goldenes Armband mache mir!

Meine Seele, mein Glaube ist Kambar.

Eine Madchenmutze hatte ich,

Die ist für meinen Kopf zu klein,

Als ich diese Mütze auf hatte,

Da jammerten hunderttausend Kambar,

Nimm den Schuh von Leder, Was zürnt deine Seele auf mich? Weshalb grüssest du mich nicht? Ist dein Vorhafre ein Prophet? (1)

Интересен тот факт, что в книгу «Cибирские татары. Из сокровищницы духовной культуры. Антология фольклора Сибирских татар», изданной в 2014 году в Казани попал и русский перевод «Камбар»а. Из примечаний становится ясным что этот перевод был сделан Ф.Ю.Юсуповым и Б.Н.Сабировой и впервые был напечатамн в ретроспективном издании IV тома “Proben der Volkslittratur der turkischen Stamme Südsibirien” (“Образцы народной литературы тюркских племен,

живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи”) в 2012 году в Казани: Скажи прововерным, Что ждет их впереди.

ВСудный день простит, если простит, Лишь только Он Один.

Утро начитайте с милосердия, Кого ни встретишь, не унижай того, Кто создан из земли.

Встепи поют соловьи,

Япою лучше соловья,

Влюбленная, высокомерная Камбар, Тайком пройдет, не поздоровавшись. Подай мне чернильницу, Читай слово Корана.

Когла ты слышал джигита Приветствие девушке? Сегодня десятый месяц, Арзихан сыграл свадьбу, То, что ел вчера, Легло на сердце кровью.

Пройдусь по струнам думбры моей

271

До истощения ногтей, Для джигитов кого я люблю,

Буду долго играть на думбре. Пройдусь по струнам думбры моей До истощения ногтей, На этом свете буду певцом,

Пока не пройдет свадьба хана. Эй, Аршинбай, Аршинбай, Ты справил свадьбу хану? Белые сливки выпьем мы, Кислый айран Вылей на голову хана.

Камбар моя изнемождена, Река наполнилась камнями, О Мой Хозер, О мой Ильяс, Сделай браслет золотой Для моей Камбар дорогой. У меня была тюбетейка, Мала стала мне.

Пока была та тюбетейка, Всем девушкам был нужен я.

Был у меня башмак розовый из кожи Почему ты обиделась на меня? Почему не приветствуешь меня тепло, Разве твои родители были пророками? Не ешь, Камбар, не ешь, Не считай меня врагом,

Не бери в добрые объятия яд. Почему хмуришь брови? Почму смотришь исподлобья, Почему себе за пазуху Суешь отраву?

Камбар не до шубы, Отделанной горностаем,

Пусть болит голова об этом у хана (2).

Но в этом переводе была допущена одна неточность. В переводе Юсупова и Сабитовой герой – Арзихан, а его возлюбленная героиня – Камбар. Когда как главным героем является Камбар, а его возлюбленную зовут Арзихан. Во всех вариантах «Арзу-Камбер», Камбер – мужественный герой, борющийся за свою любовь, а его единственная возлюбленная Арзу/Ариз/Арзихан.

1987 году защитившая кандидатскую диссертацию на тему « Любовный дастан «Арзу-Камбер», проф. Эсма Шимшек и своей работе перевела этот дастан, собранный радловым на турецкий язык:

Tanrıya dua edin, Kendini inanmış olarak adlandıranlar, Eger, o merhamet ederse,

Yarın ahirette de merhamet eder.

Erkenden dua edin,

Sayıya göre kendinize bir örnek alın, Eğer sen de görürsen, onu hor görme, Çünkü, herkes topraktan yapılmıştır.

Bülbül bozkırlarda uçar,

Ben bülbülden daha iyiyim,

Gururlu, Aşık Kamber,

272

Selam vermeden geç.

Mürekkep hokkası ile yazı kalemini getir, Kur`an`ın sözlerini oku,

Ne zaman, sadece duydun,

Bir delikanlının, bir kızı selamladığını?

Bugün ayın onudur,

Bugün Arzu Han`in düğünüdür,

Bu akşam yediğim yemekler, Kalbim için kan oldu.

At kılı kirişli (telli) sazı, Tirnaklarımla çalmak istiyorum, Sevdiğim delikanlı için,

Çok saz çalmak istiyorum.

Saz çalmak istiyorum, Tırnaklarım aşınıncaya kadar,

O an için şarkıcı olmak istiyorum,

Arzu`nun düğünü (töreni) sona erinceye kadar

Hey Arşın bey, Arşın bey,

Arzu için düğün (tören) hazırladın mi? Biz beyaz kaymak (ayran) içtik, Ayranı canına (derine) dök,

Benim Kamber`im cimridir, Deniz taşlarla doludur,

Ey Hızır, ey İlyas,

Bir altın bilezik yapın bana,

Benim canım, benim inancım Kamber’dir.

Benim bir şapkam vardı,

O benim başıma küçük gelmektedir,

Ben, bu şapkayı taktığımda,

Yüzbinlerce Kamber feryat etti.

Deriden ayakkabı al,

Kalbin neden bana kırğın,

Niçin beni selamlamıyorsun?

Senin ceddin, bir peyğamber mi?

Yeme Kamber`im yeme,

Beni düşmanın sanma,

Koyunun temiz etine,

Zehir kattılar yeme.

Niçin kaşlarını çatıyorsun,

Niçin gözlerini kapıyorsun,

Koyunun temiz etine,

Niçin zehir katıyorsun?

Senin kürkünde az kaplama (astar) var,

273

Kamber, düşmanca zihniyetli degil, Arzu`ndan geri kaldın,

Torbanı bedenine sar (3, 315)

В вышеуказанном сборнике «Cибирские татары. Из сокровищницы духовной культуры. Антология фольклора Сибирских татар» были собраны четыре (с переводом пять) варианта Тобольско-татарской версии «Камбар», в том числе вариант Радлова, оригинал текста и его перевод, а также перевод Юсупова и Сабитовой. Два оригинальных текста были записаны Ф.Ахметовой в Тюменском районе Тюменской области и Тобольском районе Тюменской области. В книге также есть три варианта «Камбер», переведенные на русский язык. Из примечаний выясняется, что оригинал этих русских переводов, был зафиксирован Ф.Ахметовой в разных регионах Тюменской области и был сдан в архив (Мирасхану) Института Языка, Литературы и Искусства имени Г.Ибрагимова АН Республики Татарстан.

Литература

1.Die Sprachen der Türkischen Stamme Süd-Sibiriens und der Dsungarischen steppe, von Dr. W.Radloff. I Abtheilung. Proben der volkslitteratur. IV Theil

2.Cибирские татары. Из сокровищницы духовной культуры. Антология фольклора Сибирских татар. Казань: Казанский Государственный Университет, 2014, 648 с.

3.Şimşek E. Arzu ile Kamber hikayesi üzerinde mukayeseli bir araştırma. Elazığ: T.C. Fırat Universitesi, 1987, 341 s.

274

3-секция ОТАНДЫҚ ФИЛОЛОГИЯ:

ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ПАРАДИГМАЛАР

Исаева Ж.И.

Ф.ғ.к. доцент Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

ҰЛЫ ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ: ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ҚҰРАМЫНДА ҰШЫРАСАТЫН МИФТІК БЕЙНЕЛЕР МЕН ТАРИХИ ТҰЛҒА АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ

Резюме: В этой статье расматривается мифические образы и имена исторических деятелей, которыевстречаются фразеологизмах являются культурным наследием нации.

Resume This article deals with the mythical images and the names of historical figures that occur in phraseologısms are the cultural heritage of the nation.

Көркем сөз өрнегі болып, тілде қалыптасқан және қолдануға дайын тұрған фразеологиялық тіркестер логикалық ойдың дамуы барысында жаңа туындаған мақал-мәтелдердің құрамына еніп, негіз болып қолданылуын көруге болады [, 81 б.]. Сонымен қатар, халықпен бірге туып, бірге жасасып келе жатқан тілдің бай саласы фразеологизмдер құрамында ұшырасатын мифтік бейнелер мен тарихи тұлғалар атаулары да ұлт мәдениетін дәйектейді: Дәуіттің қоржынындай; Сүлейменнің жүзігіндей; Мұсаның асасындай; [2, 82 б.] Бұл атауларға осы саладағы зерттеушілер еңбектеріне сүйене отырып, мынандай лингвомәдени сипаттама жасауға болады. Ол үшін мәдени, ғылымитарихи деректерге жүгінеміз. Соған сәйкес діни ұғымдардың үш заты кереметке ие болған. Дәуіт - (Давид) өте ұзақ жасаған, ақылы мен күші сай ерекше жаратылған жан деп суреттеледі. Адамның өмірін, мінез-құлқын, табиғатын реттеуші «қасиетті» діни кітаптар осы Дәуіт пайғамбар арқылы жаратылған. Қасиетті кітап Дәуіттің қоржынында сақталғандықтан, халық бір нәрсені кие тұтып, қадірлесе, «Дәуіттің қоржынындай» деп атап кеткен. Сүлеймен - (Соломон евр. Шелемо) Дәуіттің ұлы, мейірімді, данышпан патша болған, желдің бағытын, құстардың тілін білген. Алланың әмірімен оған жындар қызмет етіп, су астынан асыл тастар жинаған. Су патшасы Сүлейменнің алты қырлы, жұлдыз пішіндес «қолынан келмейтіні жоқ» сиқырлы жүзігі болыпты. Шайтан Сиқыр жүзікті алып қойып, Сүлеймен сиқырынан ада болады. Тіліміздегі «Жүзігі барда, Сүлеймен, жүзігі жоқта сүмірейген» деген мәтел осыған байланысты туындаса керек. Мұса - (Моисей, евр. Моше) Құранда айтылатын Алланың елшісі, «Бес кітапты» жазған. Мұсаның таңғажайып асасы болған, соның құдыретімен 12 бұлақтың көзін ашып, шөл даланы суға толтырған. «Мұсаның асасындай» деген тіркес қиюы келмей, орындалмай тұрған істің қиюласып, тез бітіп кетуіне байланысты туған. Ел жайлауға, жайлаудан қыстауға көшкен кезде көштің алдында шолушы жүріп отырады екен. Сол бір жылы Бөлтірік ауылы шолушы шықпай тұрып, ерте көшіп кетеді. Соның салдарынан көп қақтығысқа ұшырап Бөлтірік ауылының ержетіп қалған баласы қаза болады. Қас-қарая бере қақтығысып қалған қарсы топ та ағайын адамдар екен. Бір-бірін жыға танығаннан кейін «Ой, бауырымдап» көріседі. Екі жақта қапыда қаза болған бауырларының өліміне қатты күйзеліп сүйек иесі не айтса да, соған келіспек болады.

Енді екі жақ болып, қарақылды қақ жарып, тура билік айтатын ара ағайын іздейді. Ақыры: «Төмен барсаң, Жәләл мен Шоқай бар, Жоғары барсаң, қырық мың қойлы Тоқай бар»,-деп Шоқай датқаға жүгінгенді жөн көреді[3,341] Ел ішінде «Абылай аспас сары бел» деген қанатты сөз бар. Оның мәнісі былай: «Аралбайдан туған Бәйтелі батыр төре тұқымынан адам өлтіріп, құнды болады. Абылай хан билерін жинап алып, құныкерге өлім жазасын бұйырғанын хабарлайды. Ханның сегіз биінің бірі – немере ағасы Байдалыға Бәйтелі жаутаңдап қарай берсе керек. Сонда Байдалы би « несіне қарайсың, лақ құрлы жоқсын ба, бауыздайын деп жатқанда олда, бақырады ғой», - дейді.

275

Байдалының сөзінің астарын түсінген Абылай өлім жазасын кешіріп: « Жеті жарғыдағы» құн төлеудің нарқы атам заманнан белгілі.Ал қара бұқара төре тұқымын өлтірсе, бұдан былай екі кісінің құнын тартады. Сондықтан Бәйтеліге осы жаза қолданылсын дейді. Байдалыдан басқа билер бас шұлғып мақұлдайды. Байдалы: «Тақсыр, хан ием, есік алдында сіздің торы төбелі тұлпарыңыз байлаулы тұр, соның төбеліндегі түгі көп пе, жоқ тура денесіндегі түгі көп пе?», - депті. Абылай: «Әрине, тұла денесіндегі түгі көп», - дейді. Байдалы би сөзін жалғап: «олай болса төре тұқымы ат төбеліндей аз. Мен жаңа тетелес інім Жәнекеңе «Бекше мен Аралбай бір әкеден, Байдалы Бекшеден, Бәйтелі Аралбайдан туған. Байдалы тетелес немере інісін еркелетіп Жәнекең деп атаған. Содан Бәйтелі аты ұмтылып Аралбайдан тарайтын бір тайпа ел Жәнекең руы атанып кеткен»: «Бауыздайын деп жатқанда лақ та бақырады ғой, бақыр», - дедім. Ол бақырып аруақ шақырса, ұранға шаппайтын ел болмайды. Сізге қамтуыңыздағы қалың бұқара қарсы шығады. Арғысы Арғын, бергісі Мейрамның бес баласы дүрліксе хан болып тұра алмайсыз. Сондықтан адамның адамнан артықшылығы жоқ, төре тұқымына екі құн төлей алмаймыз. Бір кісінің құнын төлеуге, оны даулап отырған адамыңыз нағыз төре болса, талша мойнымыз қылша. Ал, бірақ Бәйтеліні жалалы болған адамы күңнен туған, түбі шикі.Сондықтан жарты құн төлейміз», -деген екен. Сонда Абылай: «Сегіз биім, сегіз биімнің ішіндегі семіз биім» деп Байдалының келісіміне тоқтапты.Сол даудан кейін Байдалы «Абылай аспас сары бел» атанып кеткен[4, 263].

«Біреуде ақың кетсе Бигелдіге бар, бір жерің сынса Бигелдіге бар» паремиологиялық қолданыстардағы Бигелді би 1860 ж. Қазіргі Алматы облысы, Күрті ауданы «Жертораңғы» совхозында туған екен. Әкесі Жошы, оның әкесі Қабан батыр (шын аты Зорбай) оның әкесі Қарабек батыр бәрі өз туысында батыр, мерген, саяткер, әр би кісілер болыпты.Бигелді де жас кезінен сол аталарының жолымен батырлықтың да, ақындықтың да, билік, шешендіктің де, саясаткерліктің де жолын мықтап ұстаған. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болып ер жеткен. Бигелді оның үстіне сынықшы болыпты. «Біреуде ақың кетсе Бигелдіге бар, бір жерің сынса Бигелдіге бар», - дейді екен ауыл адамдары. Бигелді бидің осы өнері өзінің баласы халық ақыны Балтағұлға дарыған деседі ел

[3,335] .

«Әлібек қартайыпты, әділдігінен айныпты» деген қолданыстың астарын дағы Төле бала ауыл сыртында қозы бағып жүргенде, жанынан өтіп бара жатқан қос аттың бірі: «Әлібек қартайыпты, әділдігінен айныпты» - деп ренжіп бара жатқанын естіп қалады. Төле олардың алдарынан шығып, сәлем беріп: - О у, ағалар әкем Әлібектің билігіне ризамысыздар, жоқ наразымысыздар?- дейді.

- Наразымыз балам. Әкең әділ билік айтпадыдепті[4,49 б].

«Төле биден бата алмаса жол болмайды» деген мәтел бар.Майқы биден кейінгі ақыл , сезім жағынан төрт құбыласы тең түгел, дана би деп Төле биді айтады. Қазақтың жауы көп болған ғой. Көбіне қорғанып жүрген. Жауға қарсы аттанарда елдің басшылары, билері, игі жақсылары Төле биге барып бата алады екен. «Төле биден бата алмасаң, жол болмайды» деген сөз содан шықса керек. Төле бидің бір ауыз сөзі оларға ақжол болады екен.

Ұлы жүздің батыры Бұғыбай жөнінде «Бұғыбай бастаған қол адаспайды» деген сөз бар. Бұғыбай қараңғы түнде де күндізгідей барар жерін дұрыс бағдарлай алады екен [5, 131].

Ел аузында «Жау шапса да, Көшей саспайды» деген сөз бар. Көшей Жәнібек бидің арғы атасы.Көшей нар тұлғалы, болмыс – бітімі ерекше болған адам көрінеді. Оның сирек қозғалатыны томрық мінезі жайлы аңыз көп. Тағдырдың нұры бұл кісінің ерекше қасиеттері жетерлік екен. Шақшақ батыр өзінің айтулы замандастарының бірінің қызына түсіп, қызға өзінің алты ұлының ішінен қалағанын таңдауға ерік береді. Алтауы да ақберен жігіт, басқа бесеуінің жауынгерлік даңқы атырапқа жайылып жатса да қыз Көшейді таңдайды. Қыздың жеңгесі:

-Сен Шақшақтың батыр ұрпақтарының бірінің етегінен ұстамай мал соңында жүретін нәуетек Көшейге неге қызықтың? – деп кінәлағанда, қыз:

-Сендер ештеңе аңғармайды екенсіңдер ғой. Көшей қой бағып жүргенде оның үстінен үнемі ақ бауыр бұлт көшіп жүреді. Аспан мен жерді жалғастырған өзге жанды көрген емеспін,- дейді

[5,195].

«Өзіміздің Қылышбай айтқан сөзі қылыштай». Қылышбай Ержанұлы 1851 жылы Мойынқұмда туылған шешен екен. Қылышбай жас кезінен бастап бұрынғы шешен билер айтқан сөздерді ел арасына тарататын болған. Оның шешендігін, әділдігін мойындаған ел адамдары: «Өзіміздің Қылышбай, айтқан сөзі қылыштай» деп атап , ел арасына таралып кеткен екен [3, 211].

276

«Нау құрымай, дау құрымас». Бір күні Нау шешеннің лақтайын деп тұрған ешкісі жоғалып кетеді.Ол ұрыны іздеп тауып алады. Ұры: « Бір ешкінің орнына екі ешкі беремін ал» , - деп жалынады. Нау шешен оған көнбей, екеуі ханға барады. Хан үш ешкі ал, тағы ал деседе көнбейді. Сонда хан: « Сенің ешкіңнің несі бар дейді?», - деп сұрайды.

- Ешкімнің іші толған лақ еді Саусам сүті бал еді. Қап-қап құрты бар еді Қарын –қарын май бар еді,

Сойсам терісі бұтыма қап еді, Мүйізі пышағыма сап еді.............дейді.

«Сонда ешкіңнің төлеуін айтыңызшы»,- дейді хан. - Төлеуіне төрт ешкі

Айыбына алты ешкі. Өзімен он ешкі,

Билік ақысы бір ат,.............. депті. Сонда әлгі ұры бір ат, он ешкі беріп құтылған екен. « Нау құрымай, дау құрымас» деген сөз осыдан қалса керек [5,585].

Ел аузында « Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады» деген ұлағатты сөз бар. Әділ сөйлеу, ойды шегелеп, нақты, жарып айту батырлық пен батылдықтан даналық пен білімпаздықтан туады. Халық осы үш атақты бидің әділ билігіне, шешендігіне, білімділігіне, тапқырлығына қарап осылай атаған [5, 157]. «Қырық сан қырым, отыз сан Руым, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт », он сан Ноғай бөлініп Орманбет би өлгенде Ноғайлы Қоғам, Қабан мен Майқы есімді белгілі аталар болыпты. Майқы тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған бас би екен[4,12 - бет]

«Шоған абыздың ықыласы, нұры түскен жер». Шоған Сүйерқұлұлы 1584-1642 жылдары өмір сүрген қазақтың атақты сәуегей абыз биі. Шоған бидің көрегендік, аталық, абыздық, көріпкел әулиелік қасиеті болған деседі халық.Бидің осы абыздық қасиетін жазушы Төлен Қаулынбаев «Өркен» газетінде (Қазан,1991) жан-жақты баян ете келіп,оның ұрпақтары жөнінде былай деп жазады:«Маған абыздың біліктілігімен әспеттеген әңгімелерде «Оның киесі, Қызыры бар еді» деген сөз де айтылады. Шаршы топқа есе жібермей ұтқыр сөйлейтін адамға назар салатын абыздың, қызығы, ұрпақтары өніп-өсіп, жұрттың қамы үшін күресетін Мәмбет балаларына қонғанға ұқсайды. «Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді» дегендей, Шоған абыздың ықыласы, нұры түскен болар, 1855 жылы Алжанның «Мәмбет ұрпағы» саны 1200 түтінге жетіпті. «Шоған абыздың ықыласы, нұры түскен» деген тіркесті текке қолданып отырған жоқпыз. Өйткені абыз аясына алып, жақсылардың жолымен тәрбиелеген Мәмбет бабаның ұрпақтары ел басына күн туғанда туған жерін қорғап, жаудың қабырғасын қақырата сөкті. Дұшпанға кезек бермей жер жастандырды. «Райымбек!» деп ата жауға қарсы жапқан халық үнінде тегеурінді күш, мол парасат болса, онда бүгінде ел жұртты құрметтеп айтатын. Шоған абыздың да біліктілігі мен көрегенділігі көрініс тауып, атойлағаны анық

[4,148] «Есей, ат сүрінгенше амал табады»,- Есей би әсіресе Төле би жанында көп жүрген.Алты әйел

алған Есей бидің бір әйелі Ташкент шаһарындағы өзбектің бір әкімінің қызы болады.Қазақ салтын білетін өзбектер Есейді күйеу деп сынамақ болады.Осы отырыста Төлені сынау үшін өзбектің бір байы ойда жоқта Төле биге «Есей қандай адам»- дейді.Сонда ол «Есей ат сүрінгенше амал табады»,-

дейді[3,137].

«Сегіз биім, сегіз бидің ішіндегі семіз биім». Байдалы Бекшеұлы 1727 жылы қазіргі Жезқазған облысында дүниеге келген би. Жасынан хандар, бектер, билер төңірегінде көбірек жүріп солардың аталы, баталы билік сөздерінен өнеге алады. Кейін атақты Абылай ханның қасындағы сегіз бидің ең беделді бас биі болады. Небір шиеленіскен ел дауы, жесір дауы, жер дауы Байдалы алдынан шешімін тауып отырған. Абылай хан оның асқан шешен, ақылды кеңесіне дән риза болып «Сегіз биім, сегіз бидің ішіндегі семіз биім» деп атаған. Бұл жерде Абылай хан оның дене бітіміне емес, ақыл парасатына, шешендік, тапқырлығына қарап айтса керек [3,262].

«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін атадан балаға таралып келе жатқан қанатты сөз бар. Энциклопедиялық әдебиеттерде «Майқы», «Байки», «Байқу» деп те аталып келген.Ол бір ғана қазақ жұртының ғана емес, бүкіл түркі тұқымдас халықтардың бас биі болғанға ұқсайды. Майқы би кезінде қазақ халқының бірлігін сақтап, біртұтас ел болу жолында, алғашқы ұлыс бірлігін құруда көп еңбек сіңірген қайраткер. Оның бұл жөнінде аңыз, әңгімелер де аз емес. Тарихи еңбектерде,

277

энциклпедияларда Майқы бидің сол азаматтық еңбектері толығырақ жазылмағанымен, аздап аталып келеді.Майқы би 120 жасқа жетіп дүние салған дейді. Елге еткен қызметтері мен қатар, қазақтың шешендік сөз өнерін бастан айтулы шешен, бас би болған деседі ел. Майқы би жүзден асқан шағында дүние салып, бүкіл Дешті Қыпшақ жұрты оны арулап қояды. Жылын атап, еске түсірген соң сол дәуірдің өзге билері төбе билікке таласып, бірінен –бірі сөз асырмақ болады. Бұрын Майқы би айтып кеткен билік , шешім, жарғыларды олар өз аттарынан айтып тарата бастайды. Бір жолы Бәйдібек батыр ауылында бір топ би бас қосып, екі ел арасындағы дауды қарамақ болады. Олар бірнеше күн айтысып, тартысады. Киіз үй сыртында билер тартысын тыңдап отырған әр тараптан келгендер «Біздің бидің биі былай дейді», « Сіздің елдің биі солай дейді» деп, әркім өз биін көтермелеп дәріптеп жатады. Сонда Майқы бидің алдын кесіп, сөзін тыңдаған көне көз қария:

- Сендер несіне таласасыңдар? Бұл кешегі Майқы би жарықтың айтып кеткен сөзі ғой. « Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би», - деп орнынан тұрып жүре беріпті [4, 9,15].

Қазақта: «Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен» деген сөз бар. Төле би кезінде қазақ хандығын қазақ елінің бірлігін нығайтуға қызмет еткен қайраткер болған. Төле тек жалғыз ұлы жүз немесе Жаныстың ғана қорғаны болмай бүкіл алаш азаматтарын желеп-жебеп, өміріне өріс,көңіліне кеңіс тілеп, батагөй болып жүрген. Қара қылды қақ жарып, әділ билік айтқан. Сондай–ақ, «Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсінде Төле биден асқан би жоқ» деп әспеттелуінде сом алтындай тұлғаның барына, тануға себездеп сәуле құяды. Бұлардың бәрі де Төле бидің данышпандығына, асқан шешен, тапқырлығына берілген бағалар [6, 16].

Қазақта қасқайтып жол көрсетіп, шаң шығарып, ермек салған себептен « Қасымқанның қасқа жолы» дейді. Сол Қасым ханның сызығымен елге жарлық жүргізген жағдайдан « Есім ханның ескі жолы» дейді.

Бір заң үш би шығарған, Жеті жарғы деген заң.......

Ноғайлыдан бөлініп, Қол салған бұрын қазаққа, Жобасын ескі түзеткен,

Еңсегей бойлы Есім хан........ [6, 56].

«Елге бай құт емес, би құт». Төле бидің қоғамдық қызметі, әсіресе, 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығынан кейін айқынырақ көзге түседі. Қыз анадан, бота енеден ажырата аңырағанда, азынаған осынау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған шапқыншылық заманда халыққа қарадан шыққан билер де, ұйытқы, ұйымдастырушы болады. «Елге бай құт емес, би құт» дейтін нақыл сөзді Төле би сол кезде айтыпты.

Қорыта айтқанда, Ұлы дала фольклорындағы фразеологизмдер құрамында ұшырасатын мифтік бейнелер мен тарихи тұлға атауларының лингвомәдени сипатын, этнолингвистикалық уәждерді ең алдымен ұлттық менталитеттен іздеген жөн. Этнос өмірімен тығыз байланысты бұл аталы сөздерді арнайы зерттеудің, олардың түп негізін ашып-айқындаудың танымдық, тәрбиелік мәні зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қайдар Ә.Халық даналығы. – Алматы: Толғанай Т., 2004.-558 б. 2.Нұрмұханов А.Түркі фразеологиясы. – Алматы, Ғылым, 1998. –149- 151

3.Қазақтың би-шешендері, – Алматы, «Жалын» 1993 ж -320 б.

4.Н.Төреқұлов. Билер сөзіақылдың көзі, Алматы, «Қазақстан» 1996ж

5.Нысанбек Т. Даланың дара дәлмәрлары. – Алматы, 2005, -553 б.

6.Қазақтың мифтік әңгімелері. –Алматы, «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2001 ж

278

Акабаева М.О.

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің «6D020500 Филология» мамандығының докторанты

ТІЛДІК ЖАҒДАЯТТЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ МЕДИА МӘТІНДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЭКСПРЕССИВТІК СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ

Аннотация. Как известно, в современной языковой ситуации, сложившейся в Казахстане, происходят изменения в своей социальной функции казахского языка в обществе. А также, казахский язык еще не полностью выполняет свои социальные функции. В условиях двуязычия в стране все еще обеспечивает полный уровень сферы жизни русского языка, который является официальным языком. Поэтому сегодня можно сказать, что официально – деловая форма казахского языка все еще формируется.

Abstract. As you know, in the modern language situation in Kazakhstan, there are changes in the social function of the Kazakh language in society. And also, the Kazakh language does not fully fulfill its social functions. In the context of bilingualism, the country still provides a full level of the sphere of life of the Russian language, which is the official language. Therefore, today we can say that the official business form of the Kazakh language is still being formed.

Қоғамда бейресми түрде төртінші билік атанған бұқаралық ақпарат құралдары бүгінгі ақпараттық дәуірде айрықша маңызға ие болып отыр. Академик Р.Сыздықова қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің даму барысында көркем әдебиет стилінің жетекші орын алатынын, яғни доминанта стиль екенін айта келіп, былай дейді: «Сөз жоқ, бұл күнде тіл тәжірибесінде публицистиканың, көпшілік информация құралдары баспасөздің, радио мен телевидениенің де рөлі күшейе түскенін мойындау қажет. Бірақ қайткенде де қазақ көркем әдебиеті, әсіресе оның проза саласының тілі өзінің басшылық, үлгілік позициясын бере қоймаған тәрізді» [1, 81 б.]. Сонда да болса әдеби тілдің публицистикалық стилі деп аталатын функционалдық тармағы, әсіресе үстіміздегі ғасырдың соңғы он жылдықтарында қоғамдық сананың, әсіресе құқықтық, саяси сананың қауырт өсуімен, техникалық, электрондық құралдардың айрықша дамуымен байланысты жетекші функционалдық стильдердің біріне айналды [2, 41 б.]. Әсіресе, өз мүдделерін көздей отырып, бірінші кезекте осы БАҚ-қа жүгінеді. Кеңестік цензурадан құтылған БАҚ кейде тіпті белгілі бір ұйымдардың немесе қалталы азаматтардың жекеменшігіне айналып кеткендей де әсер қалдырады. Бір қарағанда, қоғам өмірінің алуан саласын түгелдей қамтуы тиіс БАҚ кейде өзі қажетті деп тапқан мәселелерді ғана нысанға алатыны да жасырын емес. Әсіресе, мемлекеттік маңызы бар сайлау сияқты науқандар қарсаңында БАҚ-тың және оның ар жағында тұрған жеке, яки заңды тұлғалардың ұстанымы мен мақсаттарының шынайы бет-бейнесі танылуы заңды. Жалпы БАҚ-тың ақпаратты жеткізу формасына орай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді баспасөз. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі туралы айтқанда лингвистика ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге келіп тіреледі. Үлкен айырмашылығы сол, бұқаралық коммуникацияда аталмыш ұғымға жаңа мағыналық реңктер үстеледі. Олар негізінен ақпараттық құралдардың медиалық қасиеттеріне сәйкес туындайды. Мысалы, теледидардан берілетін мәтін тек сөздерден ғана тұрмайды, ол бір мезгілде бірнеше деңгейде қаралады: вербалды деңгей, бейнекөрініс және дыбыстық жеткізілімдер біріге отырып, аса көлемді және көп қырлы бір тұтастықты құрайды.

Функционалды стилдің жүйесінде тілдік қолданыстардың шынайы сипаты көрінеді. Сондықтан да тілдің стильдік бөлінуі оның қоғамдық функциясы мен коммуникативтік қолданысы арқылы шешіледі. Сонымен қатар ол функциялардың ерекшеліктері мен салалары тілдің құралдардың бөлінуіне де әсер ететін айқындап отыру керек.

Функционалды стилистика категориялары қоғамда қалыптасқан тілдік жағдайға байланысты бекітіледі. Тілдің қоғамда қолданылу формаларының белгілі бір қоғамға сәйкес жүзеге асырылуы қажеттілікке және әрекет түрлеріне де байланысты болады.

Осындай тілдік жағдайда тілдік құзіреттілік пен тәжірибенің әртүрлі түрлері қалыпатасып жатыр. Бүгінгі күні қазақ тілінің тасымалдаушыларын олардың тілдік қолданыстарына қарай және қос және көптілділік деңгейлеріне былай бөлуге болады: а) тек қана қазақ тілінде сөйлейтіндер; ә) тек қана орыс тілінде сөйлейтіндер; б) қазақ – орыс тілдерінде бірдей сөйлейтіндер; в) орыс тілін

279

білетіндер және оны тек қана тар диапазонда қолданатындар (тұрмыстық деңгейде); г) қазақ тілін тек қана тұрмыстық деңгейде қолданатындар.

Қазақтардың коммуникативтік – сөйлеу тәжірибесінде біз атап өткен қазақ орыс тілдерінде бірдей сөйлейтіндер, көбіне қала және қалаға жақын орналасқан жерлердің тұрғындары. Оларға қатысты тілдік қолданыстың екі жақты қырын қарастырған дұрыс: олар өздерінің отбасында қазақ тілінде сөйлеп, жұмыста және отбасынан тыс жерлерде орыс тілін көп қолданады. Қостілділіктің қалыптасу деңгейін әртүрлі. Бұл жерде координативті қостілділікті айтуға болады, яғни қостілділік белгілі бір коммуникативтік жағдайларға байланысты айқындалады.

Координативті қостілділікте тілдің жеке тасымалдаушысы қарым -қатынастың түрлі жағдайлары мен мақсатына байланысты ешқандай қиналыссыз бір тілден екінші тілге көшіп отырады. Мұны жалпыұлттық жағдайда өзіндік ерекшеліктері бар тілдік тәжірибенің моделі деп қарастыруға болады. Өйткені қазақ тілінің қолданылуы аз салаларда негізгі орынды орыс тілі алып отыр: техникалық сала, жаңа технологиялар саласы, т.с.с.

Қазіргі кездегі қазақ тілінің толық қолданылатын қоғамдық өмір саласы әр түрлі. Б.Хасановтың айтуы бойынша қазақ тілі 15 негізгі және 57 кіші салаларда қолданылады [3, 120]. Бүгінгі күні іс қағзадарын жүргізу саласына мемлекеттік тілдің қарқынды енгізлуі ол қазақ тілінің ресми – іскери стилін дамтуға үлкен мүкіншілік туғызып отырғанын да атап өткен жөн. Бірақ орыс тілінің елімізде әліде болса, өзінің алғашқы позициясына бермеуі қазақ тілінің өмірдің маңызды салаларындағы функциясына кеңейтуге қалыпты жағдай туғызбай отыр. Қазақ тілі мен орыс тілінің арасындағы осы функционалдық шекаралар бүгінгі күні анық белгіленіп отыр. Ал оның қандай деңгейде екені туралы әлі де болса әлеуметтік лингвистикалық еңбектер жеткіліксіз. Әсіресе қазақ – орыс қостілділігінің өмір салаларындағы бүгінгі функциясын айқындау туралы сүбелі еңбек тіптен де жоқ деуге болады. Сондықтан да Д.Н.Шмелевтің «В условиях двуязычия ситуация и тема разговора могут вызвать переход от одного языка к другому» [4, 72] деп айтуы бойынша тілдік коммуникацияның жүзеге асуында түрлі және стилситикалық қырынан қызық құбылыстар пайда болуы мүмкін. Екі тілдің функционалдық тұрғыдан өзара қарым – қатынасы тіл мәдениеті қырынан назар аударуды да қажет етеді.

Сонымен қатар кейбір жағдайлардағы орыс тілінің немесе қазақ тілін орташа деңгейде білетіндердің қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс қолданбауы сол тілдің сөйлеу мәдениетінің бұзылуына әкелетіні де анық «култьтура речи на одном языке билингва в известной степени вызывает такой же уровень и на его втором языке» [5, 129] деген тұжырымға сәйкес келеді. Ал «Мейлі дұрыс болмасын, бірақ айтса болды» деген сөйлеу қызметінің моделі дұрыс емес, ол тілдің дұрыс қолданулына кері әсерін тигізетіні белгілі.

Қазақ тілінің 1987 жылға дейінгі әлеуметтік функциясының тар болуы оның ішкі құрылымына да әсер еткені белгілі. Нақты айтатын болсақ, оның функционалдық стильдерінің тар аяда қалып ресми – іскери стилінің әлі де ақсап жатуына әкеп соқтырғаны белгілі. Осыған байланысты қазақ тілінің арнайы терминологиялық лексикасының жүйелілігі баяу дамуда.

Қазақ тілінің маңызды өмір салаларында қолданысының аз болуы ондағы номинативтік бірліктердің – терминдердің, арнайы фразеологияның жоқ болуына немесе аз болуына әкеп соқтырған. Мысалы, қазақ тілінің қазіргі кездегі ғарышты (космосты) игеру мен электронды – есептеу жүйелерінде қолданылмай келе жатқанын атауға болады. Э.Сепир қытай тілінің ғылыми терминдердің пластында дамымағаны туралы (өзінің кезеңіндегі) былай дейді: «барлық тілдердегі сияқты мұндай терминология, қажет болса, ешқандай қиындықсыз жасалады» [6; 320]. Осыған қарағанда өте парадоксальды жағдай туындайды.: тілдің белгілі бір салада қолданылмауы оның белгілі бір стилінің де дамымауына әкеп соқтырады. Сондықтан да мұндай жағдайдан шығу тілдік дамудың жоспарлы болуын және ғылыми негізделген тілдік саясаттың жүргізілуін талап етеді. Әсіресе, кейбір қазақ ұлты өкілдерінің арасындағы өзінің ана тіліне деген, оның коммуникативтік – мәнерлі ресурстарына деген тілдік нигилизмді жеңу қажет. Сонымен қатар лингвистикалық зерттеулерді оның функционалдық мүкіншіліктеріне қарай ауыстыруды қарастырған жөн.

Әсіресе қазіргі кезде елде туындап отырған үлкен проблема мемлекеттік тілдің іс қағаздары саласына қарқынды енгізілуіне байланысты мәселелерді шешуге арналған арнайы зерттеулердің болуын қамтамасыз ету. Осыған байланысты мына бір тұжырыммен келіспеу қиын «тіл түрлі қоғамдық функция атқаруы үшін, ол тілдің белгілі бір деңгейде өңделгені дұрыс» [7, 131].

280

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]