Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
14
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

mother. In the article we reveal the image of Turkic women who became known for their comprehensive actions, leaving an indelible mark in history.

Key words: mythology, concept, legend, Saint, epoch, runic, genius, sacred, intellect

Түркі әйелдері сонау көне заманнан бастап қоғамда ерекше орынға ие болған. Олардың бойына тән сыпайылық, мейірімділік, ибалылық, имену, ұялшақтық, ұяңдық қасиеттер сипат алады. Түркі әйелдері қарт адамдар мен ерлерді қадір тұтып, ізет көрсетіп, оларды өздерінен жоғары бағалайды. Әрине, түркі әйелдерінің ерлерден өздерін төмен ұстау қасиеті басқа халықтарда ерсі көрінуі мүмкін. Десек те, әйелдің мінез-құлқына, кешірімділігіне, еріне деген сыйластығына қарай отбасының керегесі берік, шаңырағы шайқалмай, айқай-шусыз болады. Еріне деген сыйластығы, сыпайылығы, әдептілігі әйел мінезін ерлердің психологиясынан ерекшелендіреді. Сондықтан да, ертедегі атааналарымыздың арасында ажырасу, некені бұзу сияқты теріс қылықтар болмаған. Әйелдердің бұл психологиялық ерекшеліктері әлі де сақталынып келеді. Бұл қасиет анасынан қызына, келініне ақыл, өсиет арқылы беріледі. Түркі әйелдеріне тән тағы бір ерекше сипаттардың бірі – ерлерден өздерін төмен ұстау қасиеті. Бұндай тәрбиелік әдеттер басқа халықтарда ерсі көрінуі мүмкін. Десек те, әйелдің мінез-құлқына, кешірімділігіне, еріне деген сыйластығына қарай отбасының керегесі берік, шаңырағы шайқалмай, айқай-шусыз болады. Еріне деген сыйластығы, сыпайылығы, әдептілігі әйел мінезін ерлердің психологиясынан ерекшелендіреді. Сондықтан да, ертедегі ата-аналарымыздың арасында ажырасу, некені бұзу сияқты теріс қылықтар болмаған. Әйелдердің бұл психологиялық ерекшеліктері әлі де сақталынып келеді. Бұл қасиет анасынан қызына, келініне ақыл, өсиет арқылы беріледі. Ер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктеріндегі ұлттық тәрбиенің орнын қаламгерлеріміз оқырмандарын баулу мақсатында көркем шығармаларында суреттейді.Ежелгі түркі халқы дүниетанымында әйелді – отбасының жаны, тірегі, жарығы, әрі жылуы ретінде таныған. Оның ең алдымен ана екендігін ешқашан да ұмытпаған. Осыдан барып ежелгі түрк отбасында әйел культі – анаға деген табынушылық пен құрмет пайда болған. Ерте түркілердің ағыздарындағы әйел бейнесінің қалыптасуында әйелдің құрметті орында болғандығы аңғарылады. Бұл «Ұлы Ана», «Ұлы Құдай Ана», «Ақ Ана» тайпа және ру анасы культтерінен көрінеді.Түркі халықтарының әйелге қатысты көзқарасы қасиетті болғандығын байқаймыз. Сонымен қатар түркі жазба ескерткіштерінен, эпостардан, аңыздардан әйелді құдай культі ретінде де есептегендігін көреміз. Түркі халықтарында әйел мен ердің тең деңгейде болғандығын да байқаймыз. Әйел ер адаммен бірге атқа мініп, әскери қимылдарға қатысып, зор жетістіктерге жетті. Тіпті мемлекет деңгейіндегі істерге де араласып, өз үлесін тигізіп отырды.Тарихта өшпес із қалдырып, өздерінің жан-жақты іс-әрекеттерімен танымал болған түркі әйел тұлғаларын ашу барысында, әсіресе олардың сырты мен іші үйлескен сұлулығы, мінез байлығы, ақыл-парасаты жөнінде айтылады. Батырлар жырындағы, аңыз әңгімелердегі әйел кейіпкерлері туралы қорытынды ретінде сипаттама беріп өтейік.

Тарихымызда даңқы өзге де елдерге жайылған Тұран патшасы Томирис – батырлық пен қайсарлықтың; Құртқа, Назым – қазақ әйеліне тән ақыл-парасат пен көрегенділіктің, Жібек – сұлулық пен сымбаттың, сонымен қатар, қайсарлықтың; Айман мен Ақжүніс – әйел үшін таптырмайтын қасиет – қулық пен айлакерлік, тапқырлықтың; Домалақ ене – көрегенділік пен қарапайымдылықтың, ал Баян, Айша бибі – сұлулықпен бірге махаббатқа адалдықтың, сезімге тұрақтылықтың: Данагүл – атына заты сай даналық пен ақылдылықтың; Ақбике – парасаттылық пен инабаттылықтың символы; және де Дарабоз ана, Айғаным ана, Бопай ханым – өздерінің кемеңгерлігімен ел билеуге араласып, көптеген игі істер жасап, халықтың «анасы» деген үлкен құрметке ие болғанын өзерінің атынан-ақ көреміз. Бұлардың әрқайсысы көрегенділікті, тапқырлықты, адалдықты, махаббат пен сұлулықты үйлестіре білген ақыл-парасаттың иелері.Ел арасында сақталған жыр дастандарда, аңыздарда сонау түбі бір түркі кезеңінен бастап тарихта есімі қалған ұлы әйел тұлғаларымыз туралы іздене отырып, барынша сипаттама бердік. Ғасырлар бойы ел аузында сақталып келген ұлы мұраларымызда ерекше орын алып, сұлулығымен, басқа да ізгі қасиеттерімен ән-жырға арқау болған қайсарлық пен даналықтың иесі әйел заты екені айдай анық. Ақыл-парасаты сай әйелдер тек өз отбасында емес, бүкіл ауыл-аймаққа зор беделге ие болып, олардың жақсы атағы алысқа тарап отырған.Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен біте қайнасып жатқан гендерлік ерекшеліктер тіліміздің інжу-маржандары мақал-мәтелдерде, тұрақты сөз тіркестерінде де кең қамтылған.Түркі мақал-мәтелдері өз бастауын сонау көне жазба ескерткіштерінен - даналардың, ойшылдардың, шешендердің сөздерінен бастау алса

261

керек.В.А.Маслованың айтуынша, әуел бастан еркектік пен әйелдік қасиеттер мифологияда, мәселен славяндардың Жер-ана және Аспан-әке, ежелгі қытайлық Инь және Янь концепцияларында, андрогиндар жайлы ежелгі грекаңызында да және барлық әлемді сипаттайтын негізгі бинарлық дихотомия ретінде бекіген[1,122б.].

Ұмай ана - ертедегі Ұлы Даланы мекендегентүркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тәңір иесі. Ұмай анаға қазақтардан баска хакастар,қырғыздар, алтайлықтар,тувалықтар,шорлар және түріктер табынған. Бүл жайындағы деректер Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде, ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған. Қазақ даласына ислам діні дендеп енген соң Көк тәңірімен қатар аталатын Ұмай ана есімі ендігі жерде өз мәнін солғындатып, бөбектер мен аналардың жебеуші піріне айналды. Ұмай ана тәрізді қасиетті бейнелер финнугор халықтары фольклорында да бар[2].Түркілердің «Ұмай ана» түсінігінде әйел тегіне деген текті ұғым жатыр. Көне түркілердің мифиологиясында «Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебейтін періште деп есептеледі. Бізге жеткен деректерде ерте дәуірде Алтай тауын мекендеген түркі жұртты құрық бойы қар жауған бір қатты қыста қырылып қалады. Осы қақаған аязда Айсұлу атты қыз бөстекке оранып аман қалады. Аруды Алтайдың үңгірін мекен еткен Аю батыр тауып алып, Айсұлуды сұлқ жатқан жерінен Ұмай ананың көмегімен тірілтіп алады. Көп ұзамай Аю батырдан Айсұлу жүкті болады. Аю батыр үйде жоқта толғақ қысқан Айсұлуды Ұмай ана жебеп, бір ұл бір қызды дүниеге әкеледі. Содан түркі қауымы рулы елге айналып, бүгінге күнге жетеді[3,53б.].Яғни, бұл көне аңыздан ұғатынымыз «Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебеуші, әрі қорғаушы мейірімді рухани күш ретінде көрініс табады. Махмұд Қашқари жазып қалдырған түркі халықтарының мақал-мәтелдерінде Ұмай ана туралы да бар: «Умайқа табынса, оғул болур – Ұмайға табынса, ұлды болар [4,40б.]. Ұмай жебеуші әйел культі хакастардың діни наным-сенімдерінде ерекше орын алады. Ұмай культі Хакасияның солтүстігінде тұратын кызылец тайпасынан басқа барлық хакас тайпалары арасында кеңінен таралған [5,135 б.].Ұмай жебеуші әйел хакас тілінде Ымай идже деп аталады. Хакастардың түсінігі бойынша Ұмай адамдардың көзіне көрінбейді және аспанда бұлттардың арасында болады. Ол сол жерден балалардың дүниеге келуін қадағалайды және оларды түрлі аурулардан сақтайды. Егер емшектегі нәресте құлап қалса, оған қатты ауыр тимейді, себебі Ымай идже оны қолдайды, ал егер де нәресте ұйықтап жатып түсінде күлсе, Ымай идже онымен ойнап жатыр, егер селк ете түссе, не болмаса жыласа — шошытады деп есептеген. Ымай идже нәрестені«хурай, хурай» деген сөздерімен жұбатады. Ұмай жебеуші әйелдің көңілін аулау және тамақтандыру үшін баланың аузына май жағып қойған. Хакастардың нанымы бойынша Ұмай Ымай-тасхыл тауында өзінің шіркеуіндегі балалардың жанын сақтаушы ретінде де танылған. Хакастар Ымай иджені ақ шашты қария, адамдарға мейірімді және жаны ашитын деп түсінген. Бәлкім содан болар, сагайлар оны Пай идже, яғни, бай, қайырымды, не болмаса Улуг ах ине — Ұлы ақ ана деп атаған.Қарттардың түсіндіруі бойынша ымай сөзі хакас тілінде емшектегі нәрестенің жанын (немесе өмір күшін) білдіреді. Нәрестенің дүниеге келуімен бірге оның ымайы да пайда болады деп есептеген. Бала кеудеден суалғаннан кейін, яғни, екі-үш жастан кейін (бұрын хакас әйелдері балаға екі-үш жасқа дейін кеуде берген) ымай, хакастардың түсінігі бойынша хутқа — ересек адамның өмір күшіне айналған. Ымай баланың кіндігінде немесе жас баланың еңбегінде болады деп есептелген. Бәлкім сагайлардың кіндікті ымай деп атағаны осыған байланысты болар.Босанған кезде босануға жәрдем беретін әйел инейджи көмектескен және баланың кіндігін де ол кескен. Кескен кезде инейджи былай деп айтады: «Ымай идже, кіндікті кесеміз! Оны сақта!». Егер кіндік шеше бұрын әйелді босандырған кезінде бала қайтыс болса, ондай жағдайда ол былай деп айтуы тиіс: «Менің қолым емес, Ымай идженің қолы. Менің үлесім емес, Ымай идженің бақыты!»[6,5б.].Хакас түсінігіндегі Ұмай культі жәрдем беруші әйел ретінде танылған. Яғни, жаңа туған сәбидің аман-есен дүниеге келуімен және емшектегі нәрестені желеп-жебеуімен байланысты. Хакастардың түсінігі бойынша Ұмай — жер бетіндегі барлық балалардың «рухани» анасы, жас балалардың жанын сақтаушы, жүкті әйелдердің қорғаушысы, босануға жәрдем беруші әйел. Қорытындылай келе түбі бір түркі халқының барлығы дерлік Ұмай анаға табынған. Ұмай ананың жас нәрестені қорғап, желеп-жебеп жүруі барлық түркі халықтарына тән. Ұмай әйелдің бала көтеріп, дүниеге ұрпақ әкелуінің қорғаушы пірі ретінде танылған. Сонымен қатар Ұмай — Құдай-Ана ретінде көрініс тауып, адам баласы арман-тілектерінің орындалуы үшін осы Ұмайға жалбарынған. Кейбір түркі халықтарында Ұмайды От-Ана деп те атаған. Ал от – қазақтарда күні бүгінге дейін қасиетті нәрсе. Ш.Уәлиханов ол туралы: «От әулие, киелі болып саналады. Ошақтағы отты басуға немесе түкіруге болмайды. Қарғыс ұрады. Жаңа түскен келін, әуелі

262

өз отауына кірмес бұрын,jатасының үйіне кіріп тағзым етуге тиіс, содан соң қалыңдық атасының отына бір қасық май тамызуы керек», – дейді [7,154 б.]. Яғни, Ұмай, сондай-ақ, жаңа шаңырақтың қамқоршысы, беріктігі мағынасын береді. Және де Орхон жазбаларынан көргеніміздей, Ұмай бүкіл елдің де жебеуші пірі деп есептелген.Түрік мифологиясы бойынша Ұмай ананы өмір ағашы деп те берген. Ұмайды ағаш ретінде есептеу ежелгі Қазақстан аңыздарынан да көрініс табады. Ертеде бір отбасының кенже баласы қатты сырқаттанып қалады. Өкінішке орай бала аурудан айықпайды. Бейшара анасы жайылып өскен ағашқа келіп, өзінің қайғы-шерін оған айтып береді. Сонан соң ұлының білезігін бұтаққа іледі. Жүре бергенде моншақ үзіліп, жерге шашылып, құлап түскен жерлерден құйттай бұлақтар шапшиды. Әйел бұлақтардан кішкенеден су құйып алып, науқас ұлына ғажайып суды апарып, ішкізеді. Бала сауығып кетеді.Ұмай туралы Орхон-енисей жазбаларынан да кездестіруге болады. Тәңiрі (Көк Тәңiрі) ең басты құдай екендігі мәлім, сондай-ақ, сол дәуірде түркі халқының өмірінде елеулі орын алған үш құдайдың болғанын байқаймыз. Бұл Тоныкөк ескерткiшiндегi мына жолдардан көрiнедi: «Тәңiр, Ұмай, қасиеттi Жер-Су осылар бізге жеңіс әкелді» [8,68 б.]. Бұл айтылған сөздерден Тәңірмен қатар, Ұмайдың, Жер-Судың түріктерді желеп-жебеп отырғанын байқауға болады.Жер-Су мен Ұмайдың - әйел тәңірлер екенін аңғаруға болады. Орта дүниенің басты құдайы Жер-Су, яғни күні бүгінге дейін Жерді біз Жер-Ана деп те атап жүреміз, ал Ұмайдың түркі дүниетанымындағы бейнесінен оның әйел тәңір екендігіне күмән қалмайды. М.Орынбековтың айтуынша: «Ежелгi түрiктер Ұмайды өте сұлу және қайырымды, күлiп-ойнайтын, күмiс шашымен аспанды жарқыратқан, күн сәулесiмен кемпiр қосақ шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келiншек, әйтпесе қыз ретiнде таныған» [9, 154-155 б.].Қатун-түркі билеуші әйелдерінің жоғары лауазымдық атағы. Қытай жазба деректерінде qaγatun<qa`atun<qatun\xatun түрінде сақталған. Көне түркі дәуірінде, руникалық жазба кезеңінде «қатун» атағы «қаған» атағымен бірге бір жұптық бірлікте қолданылған. «Қаған» мен «қатун» лауазымдық атақтары патша-патшайым және тағы сол тәрізді некелік-отбасылық қатынастар жүйесіне байланысты атақтармен тең тұрады [10, 146 б.]. Қатун мемлекеттік істерге өкілетті түрде қатысып жүрген.Елбілге-Қатун- Ел/il «мемлекет», «халық», «bilga», «дана», «білгіш» көне түркі мемлекеттеріндегі катун-патшайымдардың лауазымы мен тақтық аты. Екінші шығыс түркі қағанатының (682-744 жж.) бірінші қағаны және оның негізін қалаушы Елтіріс-қағанның (Қытайша Гудулу) үлкен әйелі (бәйбішесі) Елбілге-Қатун атанған. Күлтегіннің құрметіне қойылған ескерткіштегі жазбалар бойынша Елбілге-Қатун түркі елін қалыптастыруда өз үлесін қосқан, сонымен қатар қаған ретінде де таққа отырған. «Теңрі және ыдуқ Йер-Суб былай дейді: «Түркі халқы (turk bodun) өлмесін, (нағыз) халық болсын!» Тәңрі менің әкем Елтерісті көтеріп, қағандар санатына қосты және менің анам Елбілгені көтеріп, қатундар санатына қосты». Түркі патшайымы қатун мемлекеттегі орны мен мағызына қарай жоғарғы қағанмен бірқатарда тұрған [10,150б.]. Түркі халықтарының әйелге қатысты көзқарасы қасиетті болғандығын байқаймыз. Сонымен қатар түркі жазба ескерткіштерінен, эпостардан, аңыздардан әйелді құдай культі ретінде де есептегендігін көреміз. Түркі халықтарында әйел мен ердің тең деңгейде болғандығын да байқаймыз. Әйел ер адаммен бірге атқа мініп, әскери қимылдарға қатысып, зор жетістіктерге жетті. Тіпті мемлекет деңгейіндегі істерге де араласып, өз үлесін тигізіп отырды.Ел арасында сақталған жыр дастандарда, аңыздарда сонау түбі бір түркі кезеңінен бастап тарихта есімі қалған ұлы әйел тұлғаларымыз туралы іздене отырып, барынша сипаттама бердік. Ғасырлар бойы ел аузында сақталып келген ұлы мұраларымызда ерекше орын алып, сұлулығымен, басқа да ізгі қасиеттерімен ән-жырға арқау болған қайсарлық пен даналықтың иесі әйел заты екені айдай анық.Ақыл-парасаты сай әйелдер тек өз отбасында емес, бүкіл ауыл-аймаққа зор беделге ие болып, олардың жақсы атағы алысқа тарап отырған.Түркі халықтары мақал-мәтелдерін «ақыл сөзі», «нақыл сөз», «аталар сөзі», «көсем сөз», «дана сөзі», «қасиетті сөз» деп жоғары бағалап, қасиет тұтқан. Түркі халықтарының дәстүрлі дүниетанымында әйел бейнесі ерекше орын алған. Әйел - нәзік те қайратты, алғыр, салмақты да ширақ, төзімді жан. Ол дүниеге ұрпақ әкеліп, өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Бұл ұлы заңдылық.

Сондықтан әйел тіршіліктің мәні, жылулық пен мейірімділіктің, берекенің бастауы болмақ. Әйелдің басты міндеті - отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.

263

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М.: Академия, 2001. – 208 с.

2.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна Ltd. ЖШС, 2005. – 656 б. 3.Ш.Ыбыраев, П.Әуесбаева. Қазақтың мифтік әңгімелері. – Алматы: Ғылым, 2002. 4.Қашқарлы Махмуд. Түбі бір түркі тілі («Диуани луғат ит-турк») – Алматы, 1993. – 192 б.

5.Дыренкова Н. Умай в культе турецких племён // Культура и письменность Востока. — Баку: Издание ВЦК НТА, 1928. – Кн. II. – С. 134-139.

6.Бутанаев В.Я.Культ богини Умай у хакасов // Этнография народов Сибири. – Новосибирск, 1984. – с. 93-105. 7.УәлихановШ.Таңдамалы. –А.: Жазушы, 1985. – 558 б.

8.Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – М.: Изд-во АН, 1951. – 452 с. 9.Орынбеков М. Ежелгi қазақтың дүниетанымы. – Алматы: Ғылым, 1996. – 164 с. 10.Авторлық ұжым. Ұлы даланың ұлы қыздары. I том. – Алматы: Ұмай, 2003. – 264 б.

Ескеева М. Қ. Ф.ғ.д. профессор.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану кафедрасы. Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы.

КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация: В статье рассматриваются особенности лексической системы языка орхоно-енисейских и таласских письменных памятников. Древнетюркские общественно-социальные лексемы анализируются в сравнительном плане с материалами казахского языка.

Ключевые слова: тюркские языки, древнетюркские письменные памятники, лексика, лексический фонд, семантика.

Annotation: The article deals with the peculiarities of the lexical system of the language of the Orkhon-Yenisei and Talas written monuments. Lexemes characterizing social relations in the language of monuments are analyzed in comparison with the data of the Kazakh language.

Key words: Turkic languages, ancient Turkic written monuments, vocabulary, lexical Fund, semantics.

Түркі халықтарының ғана емес, жалпы адамзат өркениетінің рухани-мәдени құндылықтарының бірі – Орхон-Енисей, Талас жазбаларының тілі ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бері түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи лексикологиясының арқауы қызметін атқарып, лексикалық қордың лексика-семантикалық даму үдерісін, түркі тілдерінің өзара туыстық қатысын белгілеудің негізгі шарты болып келеді. «Әрбір тілдің лексикалық қоры, қат-қабат сөз байлығы, сайып келгенде, сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен тікелей байланысты, сол халықтың халық болып қалыптаса бастаған ұзақ дәуірінің жемісі, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, толығып, кемелденіп, жаңарып отыратын асыл да абзал мұрасы, сол халықтың мәдени, рухани өмірінің айнасы болып саналады» [1,50]. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі бір-біріне өте жақын болғанымен, өзара диалектілік ерекшеліктері де аңғарылады. Ескерткіштер тіліндегі мұндай ерекшеліктер негізінен фонетикалық алмасулар арқылы ажыратылады, тұтас лексикологиялық жүйенің жалпы тұрпаты мен жалпы мазмұны сақталған. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерінің сөздік қоры қазіргі түркі тілдері дамуының көнетүркілік лексикалық қабатын құрайды.

Түркологияда көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тілінің өз ішіндегі өзгешеліктерінің бірнеше себебі белгілі: арадағы уақыттың алшақтығы (ХІІ ғасыр), сол кездегі мемлекет құрамындағы түркі ру-тайпалары (түркі, қарлұқ, түргеш, қырғыз, қыпшақ, оғыз, тардұш, тоғызоғұз, оноқ т.б.) тілдерінің бір орнында өзгермей тұрмауы; сол тілдердің өзара айырмашылықтарының болуы; ескерткіштердің жазу емлесі негізінен консонантты принципке сүйенуі; ескерткіштерді күні бүгінге дейін оқып-аударып келе жатқан зерттеушілердің өз тұсынан қосып, алғандарының аз еместігі [2,291292]. Көне түркі жазба ескерткіштерінің жазылу кезеңі әр түрлі мерзімді қамтитынын және көне түркі жазуын іргелес аймақтарды мекендеген бірнеше түркі тайпалары қолданғанын ескерсек, диалектілік ерекшеліктердің орын алуы заңды құбылыс. Сондықтан кейбір ескерткіштерді жекелеген түркі тілдерінің немесе олардың диалектілерінің мұрасы ретінде қарастыруды ұсынған түркітанушы ғалымдардың пікірлері (қырғыз, хакас, тува, алтай, ұйғыр т.б. немесе қазақ тілінің үйсін, дулат диалектілеріне қатысты) түркітану ғылымында орнықпады, мамандар тарапынан қолдау таппады.

264

Қазіргі таңда көне түркі жазба ескерткіштері барлық түркі халықтарына ортақ мұра ретінде қарастырылады. Көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі өзгешеліктер сол кездегі Түрік қағанаты құрамына енген көне түркі тайпаларының өзіндік тілдік ерекшеліктері айқындала бастағынан көрсетеді.

Зат, құбылыс, қасиет, іс-әрекет туралы түсініктің адамзаттың ой-санасында бейнеленуіне және орнығуына ықпал ететін сөз мағынасы, яғни лексикалық мағына таңба деңгейіндегі сөздің жалпы сапалық қасиеттері арқылы – сөздің семантикасы, прагматикасы, синтактикасы арқылы анықталатын күрделі құрылым. Семантикалық мәні тұрғысынан лексикалық мағынаның құрылымы сигнификативті және денотатты аспектілерге ажыратылатыны белгілі. Сөздердің мағыналық жағынан сараланып, жаңа ұғым атауы болып қалыптасуы жалпы тіл біліміндегі номинация теориясының қағидалары негізінде іске асатын құбылыс.

Заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі, олардың негізгі белгілерінің тілде бұрыннан бар сөздердің семантикалық белгілерімен аналогиялық сабақтастықта өрбуі жаңа ұғым атауын қалыптастырып, нәтижесінде санада таңбаланған ұғым бейнесі лингвистикалық сипат алады, яғни лексикалық қордың баюына ықпал етеді. Лингвистикалық таңбалар да кез-келген коммуникативтік мақсатта шартты көрсеткіш ретінде қолданылатын барлық таңбалар сияқты семиологияның жалпы қағидаларын басшылыққа алады. Лингвистикалық таңбалардың белгілі бір мазмұнға, мағынаға, ұғым атауына бағытталып, коммуникативтік, танымдық әрі эмоционалдықэкспрессивтік қызмет атқарады. Тілдік таңба басқа таңбалардан (заттық, графикалық, акустикалық, жарық/от, қимыл/әрекет, ым, сын-қасиеттік, сандық т.б. сияқты таңбалардан айырмашылығы ең бірінші осы танымдық қызметі арқылы және кең ауқымды универсалдылығымен, түрлену мүмкіндігінің молдығымен, таңбалар жүйесінің күрделілігімен, эмоционалдық-экспрессивті сипатымен ерекшеленеді. Тілдік таңбалар денотаттың қасиетін, сапасын, іс әрекеті мен қимылын, мөлшерін, көлемін т.б. сипаттайтын жалпы белгілердің бірін негізге алады. Ол белгі денотаттың ең маңызды сапалық қасиеті болуы шарт емес, таным иесінің қабылдауына байланысты денотаттың кезкелген белгісі/уәжі маңыздылыққа ие бола алады. Аталым теориясы осы ерекше басымдық берілген белгілердің лингвистикалық материалға айналуына, яғни осы белгілер арқылы жаңа атаудың қалыптасу себептеріне негізделеді. Лексикалық материалды атаудың негізгі құралы болып табылатын уәжделу үдерісінде демотивация (көмескілену), ремотивация (ауысу) құбылыстары қатар жүріп отырады. Алғашқы атаулардың туындылығы көбіне этимологиялық және тарихи талдау арқылы анықталатыны белгілі. «Түркі тілдері дамуындағы жалғамалылыққа дейін флексиялық, синтетикалық кезеңдердің болғаны» [3,25] жайлы теориялар, көне түркі жазба ескерткіштерінің, жалпы түркі тілдерінің бастапқы тұлғасы мен бастапқы мағынасын анықтаудың өте күрделі екенін көрсетеді.

«Тірі сана мен тірі қарым-қатынас барысында тілді бұлжымас, қозғалмас жүйе деп қарастыру мүмкін емес. Адам үшін оны қоршаған тілдік орта да, ол адамның өзінің тілдік санасы да түгелдей дерлік көпдауыстылықтан, көпмағыналылықтан тұрады»[4,49]. Бұл орайда тілдің өзгермелі табиғатының астарында сақталатын архимазмұн мен архиформа реликтілерінің ақпараттылық әлеуеті және эмпатикалық негізде ғана тануға болатын рухани әлем бірінші орынға шығады. Тіл иесі – этностың рухани-мәдени-танымдық әлемі оның этногенездік құрылымын, этностық деңгейге дейінгі жүріп өткен жолын, дербес халық ретінде қалыптасқаннан кейінгі тарихын және олардың басқа этностық топтармен тарихи-әлеуметтік қарым-қатынасын қамти отырып, этнос тілінің мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктерінен көрініс береді.

Көпқатпарлы, көпвекторлы байланыс этнос тілінің мыңдаған жылдарды қамтитын бірнеше лексикалық қабаттарының глоттохронологиялық өріс аясына кіретін мазмұндық және тұлғалық құрылымының өзгеру, даму парадигмасы шеңберінде жүзеге асады. Тұтас мазмұндық аяның дербес семаларға ыдырауы дербес ұғымның мағынасына негіз болады. Мұндай лексика-семантикалық заңдылықтар ескерткіштер тіліндегі қоғамдық-әлеуметтік қатынастарды сипаттайтын тілдік бірліктерді де қамтиды:

alp «алып, батыр, күшті» КТк. 6: Edgü bilge kisig, edgü alp kisig jorïtmaz ermis «Игi бiлгiш

кiсiлердi, игi батыр кiсiлердi қозғалта алмады» Айд. I, 169 ~ қаз., тат. alïp; қар., қырғ., ққалп. alp. А.Н.Кононов жалпы түркiлiк alp сөзiн монғол тiлiндегi alban «служба» сөзiмен байланыстыра отырып, al «алу» етiстiгiнен таратады [5,97]. Левин Г.Г. тува тiлiндегi alban «служба, служебный» лексемасы мен көнетүркiлiк alp сөзiн салыстыру барысында «Мы определили тувинскую alban как поздний рефлекс древнетюркского alp» [6,85] деген қорытындыға келедi. Э.В.Севортян alp, alban

265

лексемаларын бiрлiкте қарастырудың семантикалық негiзi жеткiлiксiз деп санайтын пiкiрлердiң де бар екенiн көрсетедi ЭСТЯ, I, 139. Қазақ тiлi этнонимдер жүйесiндегi alban атауының да alp лексемасына қатыс-дәрежесi де анықтауды қажет ететiн мәселе, alban түркi-монғол тiлдерiне ортақ элемент болуы мүмкiн. Көне түркiлiк alp сөзi қазақ тiлiндегi alpamsadaj, alpawït лексемаларының, Alpamïs антропонимiнiң құрамында сақталған. Alïp сөзiнiң құрамындағы ï сына дыбысы қазақ тiлiнiң орфографиялық ережелерiне сай орнықса керек.

«дос, жолдас» Е.41. Енисей ескерткiштерiнде қолданылған моносиллабы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде қолданылмайды. Салыстырыңыз: қаз. т. аšïna. Көне түркiлiк лексемасы жалпы алтай тiлдерiне ортақ туыстық жақындықты бiлдiретiн *ač/aš моносиллабымен төркiндес болуы ықтимал: *ač→ača «родственник, родня» ДТД, 21; ačqï ata qarïndašï «дядя со стороны отца». Түркi тiлдерiндегi «туыс» мәнiн беретiн моносиллабы жалпы алтайлық ata ≈ ača ≈ aža ≈ eže т.б. гомогендi лексемалар тiзбегiнде қарастырылып жүр. Ескерткiштер тiлiнде «немере, туыс» мағынасындағы atï сөзi де қолданыста: Bu bitig bitigme atïsï jollïγ tegin КТк.13 «Бұл жазуды жаздырған туысы Иоллығ тегiн» Айд. I, 171; jeginimin atïmïn körtim «Я видел моих племянников и внуков» Е. 47. Көне түркi тiлiндегi atï «немере, туыс» сөзi мен қазiргi түркi тiлдерiндегi ata «әке, үлкен әке» сөздерiндегi генетикалық байланыс анық байқалады. Үлкен → кiшi оппозициялық қатынасын бейнелейтiн atï → ata лексемаларынан да *at моносиллабын ажыратуға болады.

arqïš-tirkiš: «керуен» – Мысалы: Ötüken ijir olurup, arqïš-tirkiš ïsar, neŋ buŋuγ ïjoq КТү. 8 «Өтүкен жерінде отырып, керуен жіберсең, еш мұңың жоқ» Айд.І, 169. Салыстырыңыз: іркес-тіркес.

baγ «родовое подразделение»: А.Аманжолов Енисей жазбаларындағы Altï baγ buduņ тiркесiн «Алты баулы халқым...» (Аманж. I, 48) деп аударады. ban «повязывать» Е.3. baγ, ban сөздерi ba «байла» моносиллабының аясында қарастырылады.

beglik: «бектік»: qaγanladïq: qaγanïn: jetіrü: ïdmïs: Tabγač budunqa: beglik: urï oγulïn: qul: boltï: silik: qïz oγulïn: küŋ boltï: КТү.7 «Қағандық қағанынан айрылды, табғаш халқына бектік ұлдары құл болды, сұлу қыздары күң болды» Айд.І, 172. Билеуші тап өкілдеріне, қағанның туыстары мен балаларына тән титуларлық лексема beg моносиллабы да көне түркілер антропожүйесіндегі екі құрамды атаулардың компоненті ретінде жиі қолданылады. Жалпы түркі тілдеріндегі bek ≈ beg ≈ bej ≈ bij түбірлес моносиллабтар кешеніне кіретін қазақ тіліндегі бек, би сөздері мағыналық жағынан сараланған. Түркі тілдеріндегі титуларлық лексемаларға тән ерекше белгі ретінде олардың моносиллабтық компонентін сақтай отырып, гендерлік негізде жіктелуін айтуға болады: бек → бегім, би → бике, бикеш, бибi, бүбi. Қазақ тілі антропожүйесі де бек, би моносиллабтары арқылы жасалған есімдерді кеңінен қамтиды. Қазақ тiлi антропожүйесiндегi bek моносиллабы арқылы жасалған есiмдердiң этномазмұнында «тектiлiк, әдептiлiк, мәдениеттiлiк» идеясы сақталған. böd: «таққа»: Bödke körügme begler, gü ïjaŋïltačïsiz КТк.11 «Таққа құмар бектер, сіздер жаңылысасыздар ғой» Айд.І,170.

bisük: «бесік, тұқым, ұрпақ»: Bir kisi ijaŋïlïsar, oγušï, budunï bisükiŋe tegi qïdmaz ermis КТк, 6 «Бір кісі жаңылса, руы, халқы тұқымына дейін қалмас еді» Айд.І,169. Bisük лексемасы ауыспалы мәнде қолданылып тұр. Салыстырыңыз: Ел болам десең, бесігіңді түзе.

eb «үй» Тон. 30; КТү. 48; БҚ. 25, 32; КЧ. 20; МЧ. II, 14, 24; Тал. III, т.б. Tutuq birle süņüsmiš, erin qop ölürmiš, ebin-barïmïn qalïsïz qop kelürti КТү. 41 «Тұтықпен соғысты, ерiнiң көбiн өлтiрдi, үйiн-

мүлкiн қалдырмай көп әкелдi» Айд. I, 180. Э.В.Севортян куман тiлiне тән тұлға ретiнде ijb//üb сөздерiн берсе ЭСТЯ I, 513, көне қыпшақ жазба ескерткiштерi тiлiнде eb, ijb, öb, ob, эb, эb’, ub, üb, öj тұлғалары қатар қолданылады. Қаз., құм., ноғ., ққалп., қырғ. üj; тат., башқ. öj.

el 1. «тайпалық одақ, мемлекет»; 2. «халық» Е. 3, 8, 11, 16 т.б. Орхон-Енисей әлiпбиiнде i, е дыбыстарының таңбалары ортақ, сондықтан ескерткiштер мәтiнiндегi el сөзi il түрiнде де оқылып жүр. Qaγanin anta ölürtimiz, ilin anta altïmïz КТү. 38 «Қағанын сонда өлтiрдiк, елiн сонда алдық» Айд. I, 179. И.А.Батманов бастаған зерттеушiлер эl түрiнде ДТД, 138, С.Е.Малов ijl Мал. 94 тұлғасында оқиды. М.Қашқари сөздiгiнде el түрiнде берiледi МҚ. I, 48; МҚ. II, 25. Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде аталған лексема - қаз., ққалп., ноғ. тiлдерiнде el; қырғ. эl; тат., башқ. ijl тұлғасында қолданылады. ellik: «елдік»: begleri: budunï: tüzsüz: üčün: Tabγač budun: teblegin: körlüg: üčün: armaqčïsïn: üčün: inili: ečili: kеksürtükin: üčün: begli: budunlïγ: yoŋušurtuqïn: üčün Türük: budun: elledik: Еlin: ïčγanu: ïdmïs:

КТү.6 «Бектерінің, халқының түзу еместігі үшін, табғаш халқының алдауына иланғаны үшін, өтірігіне көнгендігі үшін, інілі-ағалының дауласқанынан, бекті халқының жауласқанынан түркі халқы елдігінен айрылды» Айд.ІІ, 172.

266

еr «ер, ер адам, күйеу» СДЕ, 245 Bujruqï jeme bilge ermis erinč, alïp ermis erinč КТү. 3 «Бұйрықтары да бiлгiр ер едi, өздерi де алып ер болған екен». Айд. I, 171. Қазiргi түркi тiлдерiнде er ≈ ir ≈ ijr ≈ эr ≈ ar ≈ är түрiнде қолданылады: қаз., ққалп. er; башқ., тат. ijr; ноғ., құм. эr. Көне түркiлiк er моносиллабы Орхон ескерткiштерi тiлiнде кездесетiн erikli «ерiктi» Kültegin jiti otuz jašïņa qarluq budun erür barur erikli jaγï boltï «Күлтегiн жиырма жетi жасында қарлұқ халқы жүре бара ерiктi (нағыз) жау болды» КТү. 41, орта ғасыр және қазiргi түркi тiлдерiндегi erkek: е. қып. erkek/ijrkek, қаз., ққалп. erkek; тат., башқ. ijrkäk; ноғ., құм. эrkek «ер адам», erkin: қаз. erkin; ққалп. erkijn; құм., ноғ. эrkijn; тат., башқ. ijrken «еркiн, ерiктi» сөздерiне негiз болғаны белгiлi. ХIII ғасыр ескерткiшi «Китаб- у меджму-у терджуман түрки уа ’аджами уа моғоли уа фарси» сөздiгiнде «бойдақ» мәнiн беретiн erkek лексемасы тiркелген (Құрыш. 113).

«дос, жолдас» Е. 2, 51. Ešim, urïm azïšdïm Е.2 «Достарым, ұлдарым аздым» Аманж. I, 48. моносиллабы қазiргi қыпшақ тiлдерi бойынша қырым татарлары, қарайым, қарақалпақ тiлдерiнде мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да өзгерiссiз қолданылады. Зерттеушiлердiң пiкiрiнше лексемасы түрiк тiлiнiң диалектiлерiнде кездесетiн ešit «тең», «ұқсас», «айырмасыз» тұлғасымен түбiрлес болуы мүмкiн ЭСТЯ I, 588.

jurt «жұрт, ел, қоныс, туған жер, иелігіндегі жер» КТү. 49; Тон. 19: Usun bunta atlï jurtda üguzke qalur erti «Үйсiн мұнда атты жұртта жатып қалып едi» Айд. II, 107 ~ қаз. žurt; қырғ., ққалп. žuwrt; ноғ. jurt; башқ. jort; тат. jort/jïrt. Түркi тiлдерi бойынша jurt лексемасының «Отан, туған жер», «елдi мекен», «халық», «мал жаятын орын», «киiз үй», «көшкен ауылдың, үйдiң орны» мағыналары белгiлi. jurt сөзi jur «жүру» және етiстiктен есiм сөз тудыратын -t аффиксi арқылы жасалуы мүмкiн (ЭСТЯ IҮ, 255). Ескерткiштер тiлiнде jorï«идти, ходить, передвигаться» етiстiгi де қолданылады: КТк. 4: Bunča jirke jorïtdïm «Сонша жерге жүргiздiм» (Айд. II, 169) ~ қаз., ққалп. žort; тат., башқ. jurt; ноғ. jort. Қыпшақ тiлдерiндегi тарихи негiз jurt/žurt моносиллабының мағынасын «көшпелi халық», «көшпелi халықтың мекенi (ауылы)» ұғымдары арқылы анықтауға болады. žorγa, žortuwïl, žorγala сөздерiнiң құрамынан да *žor моделi ажыратылады. Jurt лексемасы тұлғалық жағынан да, мазмұндық жағынан да бiрнеше даму сатысынан өткен алтай тiлдер тобына ортақ көне лексема: салыстырыңыз: žür, žügir, žüjrik, žïlžï, žïldam, т.б.

qaγanlïq: «қағандық»: qaγanladïq: qaγanïn: jetіrü: ïdmïs: Tabγač budunqa: beglik: urï oγulïn: qul: boltï: silik: qïz oγulïn: küŋ boltï: КТү.7 «Қағандық қағанынан айрылды, табғаш халқына бек ұлдары құл болды, сұлу қыздары күң болды» Айд.І, 172. qan: «хан»– Мысалы: qanïn: qodup: Tabγačqa: yana ičikdi: «Ханын қойып Табғашқа және бағынды» /Тон., 2/ [2, 104-б.]. qatun: «қатынды(ханым)»: Elteris qaγanïγ: ögüm: Elbilge qatunïγ: Teŋіri: töpesinte: tutup: jügürü: kötürmüs erinč: КТү.11 «Әкем Елтеріс қағанды, шешем Елбілге қатынды тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен» Айд.І, 173. qunčuyum:

«бикешті»: qaγan at: bunta: biz: bertimiz: siŋilim:

qunčuyum: bertimiz: КТү. 20 «Қаған атын мұнда

біз бердік, қарындасым бикешті бердік» Айд.І, 175.

 

*qad/kad → qadïn/kadïn «тесть, родственник по мужу или жене» Е. (СДЕ, 223) ~ ескi қып. qajïn Құрыш. 155; қаз., ққалп. qajïn; тат. kajen; башқ. qäjin. Жалпы алтай тiлдерiне ортақ *qad моносиллабының тарихи түбiрi *qa «родственники» ДТС, 399. *qa моносиллабы qarïn сөзiнiң құрамында сақталуы да мүмкiн. Негiзiнен қандық туыстықты бiлдiретiн *qa тұлғасының некелiк қатынастағы туыстықты бiлдiретiн атауларға да арқау болуы семантикалық даму заңдылығына қайшы келмейдi, түркi тiлдерiнде қандық туыстыққа қатысы жоқ «жора-жолдас» мәнiн беретiн qadaš сөзi де қолданыста.

sabčï «хабаршы» – Мысалы: Sarïγ atlïγ sabčï ijazïγ atlïγ ijalabaš edgü söz sab elti kelir, - tir, ЫрқБ.11. «Сары атты хабаршы мінсіз атты елші игі сөз, хабар жеткізе келер деген Айд.ІІІ, 160. sabčï

«хабаршы»:Alp er oγlï süke barmïš su ijirite eriklig sabčï türtmiš, - tir ЫрқБ.55. «Алып ер ұлы әскерге барды. Әскер жерінде ерікті хабаршы сендірді, - дер». Айд.ІІІ,165.

tür «заң», tör→töru «властвовать», БҚ. 2; КТү. 16: Ol törude üze ečum qaγan olurtï «ол билiк (өкiмет) басында ағам қаған отырды». Көне түркiлiк tür/tör лексемасы қазақ тiлiндегi tör «есiкке қарама-қарсы жақтағы силы қонақ отыратын құрметтi орын», tör → töre «этн. төретұқым (хан тұқымы, сыйлы, құрметтi адам, билiк басындағылар)» сөздерiмен төркiндес жалпы алтайлық тiлдiк модель. Монғол тiлiнде tör «үкiмет, мемлекет», «заң, ереже, тәртiп»; бурят тiлiнде «алдыңғы қатарлы, құрметтi». Tör сөзiнiң «ту, дүниеге келу» мағыналарын беретiн жалпы алтайлық tör лексемасына (қаз. törkin «әйел адамның туған үйi, туған-туысқандары, туған жерi», қырғ. törö «туу»; монғ. töröx «туу», törölx «тума, туған» қатыс-дәрежесiн әлi де анықтай түсу керек.

267

Лексикалық жүйеде толассыз жүріп жататын өзгерістер тіл дамуының әрбір хронологиялық кезеңіндегі интралингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға сай жүзеге асады. ҮІ-Х ғғ. түркі жазба мұралары тіліндегі сөздік қордың лексика-семантикалық ерекшеліктері де жалпытүркілік ортақ желіні сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерімен сараланады.

Шартты қысқартулар:

Айд. I

Айдаров Ғ. Күлтегiн ескерткiшi. –Алматы: Ана тiлi, 1995. –232 б.

Айд. II

Айдаров Ғ. Тоникуқ ескерткiшiнiң (ҮIII ғасыр) тiлi. –Алматы: Қазақстан,

 

2000. –120 б.

Айд.ІІІ

Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. –Алматы: Ғылым, 1990.– 220 б.

Аманж.

Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. – Алматы:

 

Мектеп, 2003. – 366 с.

ДТД

Древние тюркские диалекты и их отражение в современных языках. Под ред.

ДТС

И. А.Батманова. – Фрунзе: Илим, 1971. – 194 с.

Древнетюркский словарь. Под ред. В. М. Наделяева, Д. М. Насилова, Э. Р.

Малов

Тенишева, А. М. Щербака. – Ленинград: Наука, 1969. – 676 с.

Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – Москва–

МҚ

Ленинград: Издательство АН СССР, 1951. – 452 с.

М. Қашқари. Девону луғот ит турк. С.М.Муталибов. І том. –Ташкент: УзССР

ЭСТЯ

Фанлар академиясы нашриётининг боспахонаси, 1960. –499 с.

Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – Москва: Наука,

 

I т. 1974. –767 с.; ІІ т. 1978. –349 с.; III т. 1980.–395 с.; IҮ т. (соавт. Левитская

 

Л.С.) 1989.– 292 с.

КТү.

Күлтегiн, үлкен жазба

КТк.

Күлтегiн, кiшi жазба

Е

Енисей ескерткіштері

Тон.

Тониқук ескерткіші

ЫБ

Ырық бітіг ескерткіші

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 380 б.

2.Қайдар Ә. Көне түркі жазба ескерткіштері кімге ортақ, кімге тән? // Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштері. – Астана, 2001. – Б.291-292 .

3.Сағындықов Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. –Алматы: Санат, 1994. –166 б.

4.Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. – Алматы: Раритет, 2007. – 360 б.

5.Кононов А. Н. Родословная туркмен. –Москва-Ленинград: Изд-во АН СССР, 1958. –С. 97

6.Левин Г.Г. Лексико-семантические параллели Орхонско-тюркского и якутского языков: (в сравнительном плане с алтайским, хакасским, тувинским языками). –Новосибирск: Наука, 2001. –203 с.

Рамазанова А.Х.

К.ф.н., доцент

Заведующий отделом «Фольклора малочисленных народов» Института Фольклора Национальной Академии Наук Азербайджана

PROBEN DER VOLKSLITTRATUR DER TURKISCHEN STAMME SÜDSIBIRIEN

В.В.РАДЛОВА – ПЕРВОИСТОЧНИК ИЗДАНИЯ И ПЕРЕВОДА ДАСТАНА «КАМБАР» («АРЗУ-КАМБЕР»)

Аннотация. Как известно, особое место в тюркской эпической традиции занимает дастан «Арзу-Камбер». Дастаны отображают историю, образ жизни, эпическое сознание тюркских племен и народов. Этот дастан много раз был собран из уст народных масс во многих регионах, был распространен в рукописной форме, был издан как книга в Турции, Ираке, Азербайджане, Южном Азербайджане, во многих странах Европы. Цель этой статьи исследование Тобольско-татарского варианта дастана «Камбар» зафиксированный и изданный великим

268

российским тюркологом В.В.Радловым. Автор приводит полный текст дастана, собранный Вильгельмом Радловым в виду его ценности, как первоисточник.

Abstract.It is known that the special place in Turkic epic tradition is taken epos "Arzu-Gamber". This epos was many times built from lips of many peoples in many regions, was widespread in a hand-written form, was published as the book in Turkey, Iraq, Azerbaijan, the Southern Azerbaijan, in many countries of Europe. This folklore text introduced as “bayatili dastan” (the epos with quatrains) among Azerbaijanians is presented as “hikaye” (tale), “masal” (story), “halk hikayesi” (folk tale) in other nations. It is interesting that being not very large this epos is still living nowadays among all Oghuz Turks such as – Azerbaijanians, Turkish, Gagauz, Turkmen, Turkmens from Kerkuk, Nogays, Crimea Tatars, even Urums and other Turk nations. More than forty variants of this epos have been collected from Turk nations by us.

Purpose of this article also research of Tobol-tatars version of this dastan, The author studies the text of epos "Arzu-Gamber". The author provides the full text of a dastan collected by Wilhelm Radlov in a type of its value, as the primary source.

Вступление. В 1872-ом году издается четвертый том выдающегося труда “Proben der Volkslittratur der turkischen Stamme Südsibirien” (“Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи”) великого ученого Василия Васильевича Радлова. В.В.Радлов (ученый немецкого происхождения Вильгельм Фридрих Радлов) является основателем Российской тюркологии, а его десятитомник самым масштабным сводом материалов о тюркских племенах, проживающих на дальних степях Азии. В данном труде он опубликовал материалы, зафиксированные им в длительных научных экспедициях по Хакасии, Алтаю, Туве, Южной Сибири, Казахстану, Узбекистану, Киргизии, Шории, Северной Монголии и другим территориям азиатского региона, где проживали тюркские племена и народы.

Вышеуказанный IV том “Proben der Volkslittratur der turkischen Stamme Südsibirien” (“Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи”) посвящен материалу Барабинских, Тобольских, Тарских и Тюменских татар (тюрков). В.Радлов в этом томе собрал материалы, зафиксированные в 1859-1871 годах. В четвертом томе «Образцов…» были собраны 119 образцов устного народного творчества, в том числе «41 сказка, 29 песен и баитов, 23 преданий и родословных, 16 дастанов и отрывков из них» (2). Интересен и тот момент, что фольклорные образцы, собранные в этом томе были переведены Радловым на немецкий язык.

«Камбар» на страницах «Proben….». Одним из дастанов, попавших в этот том является «Камбар», который под разными именами бытовал у многих тюркских народов. В.Радлов напечатал этот дастан и на языке оригинала, а также перевел его на немецкий язык:

Aiтıн алда jатыны, му`мiнlарнiн атыны, рахiм кылса шулар кылгаi! Тана макшар кунундо!

Тагат кылын танбiлан, ыбрат алын санбiлан, кiмнi курсан кам курма, аслы топрактан болган.

Сахрадан булбуллар утар, мiн hам булбулдан бiтар, таккабiр ашык Камбар, казып саламсiс утар.

Кiлтiр дауат каламiн, угын ку`ран каламын! кацан iшiтмiшiн бар jiгiтнiн кыска саламiн?

Бугун аiга он болды, Арзi Канга тоi болды,

269

кiца бугун iцкан ашым jурагiма кан болды.

Кыл домбраны цiртаiн! тырнагыман jурутаiн! узiм суiган jiгiтларга домбраны куп цiртаiн.

Кыл домбраны цiртаiн! тырнакларым тосканца! бу заманда бакшы болаiн Арзi тоjы усканца!

Аi Аршын Баi, Аршын Баi, Арзiга кылдынма тоi?

ак каiмагын бiс ашаган, ан аiранын башына куi.

Камбарiм карык болыпты, дарjа ташка толыпты,

jа Хызырым, jа Ылjас, алтын бiлалiкнi jaса! jанiм iманiм Камбардi.

Бiр каlабацiм бар iдi, ул башыма тар iдi, шул каlабацiм барында jус мын Камбар зар iдi.

Ал башмагын саур iдi, мана нiк jанiн аурыды? ак саламiн нiк бiрмасiн? атакан паiгамбарм iдi.

Jima, Камбарiм, jiма!

Мiнi тушманым тiма! аlаl коiнын кушiна заhар катмышлар, jiма! Кашынны нiк кiрасiн? кусiннi нiк сузорсун? аlаl коiнын кушi заhар нiк кошасын?

Ас тоныннын астары, jок тыр Камбар кастары, Арзiннан калдын jатып

цал башына дастары (1, 268) Предоставляем также перевод на немецкий: Die Spiese, die ich heute Abend genossen,

Ist für mein Herz zu Bint geworden.

Die Cither mit Pferdehaaar-Saiten

Will mit den Nageln ich in Bewegung setzen,

270

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]