
81
.pdf
Уақытты пайдалану (9 "а", 9 "б", 10 "б" сыныптары, 16 сағаттан, пайызбен)
|
|
|
Мектепте |
|
|
|
|
|
|
|
|
18% |
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||
|
|||
|
|
||
3% |
34% |
|
Интернет желілері |
|
|
||
14% |
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
17% 14% |
|
Хобби (тренировка, үйірме, |
|
|
||
|
|
||
|
|
репетитор) |
Серуендеу
1 кесте. Жоғарғысыныпоқушыларыныңуақытынпайдалануыныңүлестіккөрсеткіші
2 кесте. Уақытты пайдалану ережелері мен техникаларынан хабардар болу жəне қолдану дəрежесі(пайызбен)
3 кесте. Үлгерімі əр түрлі оқушылардың үй тапсырмасын орындауға жұмсайтын уақыты (сағатпен)
341
Қорытындылай өтсек, зерттеу жұмысын жүргізген кезде, оқушылардың көп бөлігі тайм менеджмент туралыестімегеніжəнекүнтəртібінқұрастырмайтыныанықталды. Өзініңкүнделіктіуақытынбөліпкөрсет дегентапсырмағақиналып, уақытыныңқайдакетіпжатқанынамəнбермейтінікөрінді. Солсебептіжүйелік уақытты басқару оқушыларға келесі нəтижелерге қол жеткізуге көмектеседі: мақсаттарға жету үшін маңызды екенін түсіну; сіздің мақсаттарыңызға тезірек қол жеткізесіз; объективті түрде айқын жəне анық жұмыс жоспары бар жəне кем емес жұмыс кестесі; адам əлдеқайда ұйымдаса, уақыт жұмсалмайды, алақандай мəселелер мен алшақтатулар азаяды; оқушы шешімдердің тиімділігін арттыру, маңызды мəселелерге назар аударуға қабілетті болады; оқушы неғұрлым көп уақытқа жетеді жəне қалған уақыт басқа мақсаттарға жету үшін пайдаланылуы мүмкін; оқушылардың өздері жақсы ұйымдастырылғандықтан, мұғалімдермен жұмыс істеу жеңілірек жəне жағымды болады; оқушылар шығармашылыққа көбірекбостандықалады, себебіоларжеткіліктіуақыттыбосатады; оқушылардыңөздеріүшінбосуақыты көбірекболады.
Пайдаланылғанəдебиеттер:
1.АнохинаН.Ф. Чтомешаетвамработать? Ловушкидлявремени// Мотивацияиоплататруда. – 2015. – №3. – С. 202–207.
2.КобзаревИ.Ю. Ньютониеговремя. – М.: Знание, 1978.
3.КовиС. Главноевниманиеглавнымвещам. – М.: АльпинаПаблишер, 2014. – 328 с.
4.ЭльконинД.Б. Вопросыпсихологииучебнойдеятельностимладшихшкольников. – М.: Институтпрактическойпсихологии, 1996. – 304 с.
ƏЛЕУМЕТТІКПЕДАГОГТЫҢОҚУШЫЛАРДЫҢБОЙЫНДАРУХАНИАДАМГЕРШІЛІКҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУМҮМКІНДІКТЕРІ
Əненова У.Т.
Философияжəнесаясаттануфакултеті ПедагогикажəнеБілімберуменеджменткафедрасы Əлеуметтікпедагогикажəнеөзін-өзітанумамандығы 4 курсстуденті Ғылымижетекші: п.ғ.к., профессорм.а. ƏлқожаеваН.С. e-mail: lave_umit@mail.ru
Түйін: Бұл мақалада авторлар оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндіктерін қарастырған. Сонымен қатар мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тəрбиелеудің маңыздылығысипатталған.
Резюме: В данной статье авторы рассматривают возможность формирования духовных и моральных ценностейучащихся. Такжеописываетсяважностьдуховно-нравственноговоспитанияшкольников.
Summary: In this article, the authors consider the possibility of forming the spiritual and moral values of students. Also, the importance of the spiritual and moral education of schoolchildren is described.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттердібүгінігіұрпақтыңбойынасіңіру, жақсылыққаүйретебілуасамаңызды. Бұлтұрғыдаəлеуметтік педагогтіңрөліасазор. Өйткені, олоқытументəрбиелеудіңқазіргіəдістемесінжеткіліктімеңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыраалады.
Белгілі педагог Ш.Амонашвили: «Əр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті таныпбілуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сəтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім əр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», ‒ деген болатын [1]. Бұдан болашақ əлеуметтік педагогтың шеберлігі мен білімділігі оқушылардың бойына рухани адамгершілік құндылықтарды сіңіруде маңыздылығы зор екенін байқауғаболады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында: «Жеке адамның шығармашылық, рухани дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жекебасыныңдамуүшінжағдайжасауыарқылыинтеллектілігінбайыту– қазіргібілімберу жүйесіндегібастыміндеттердің бірі», делінген[2].
Жаңа ғасыр толқыны əкелген жаңалықтарға сəйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Əр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға əсер ететін рухани
342
адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шартыболыптабылады.
Адамгершілік тақырыбы – мəңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік əр адамға тəн асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, əдет-ғұрпында. Əр адам адамгершіліктікүнделіктітұрмыс-тіршілігінен, өзінқоршағантабиғаттанбойынасіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», ‒ дейді. Демек, шəкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасыменсанасуынаықпалетерісөзсіз[3].
Рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мəні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақылпарасатын дамытуынаяғнисəнді де мəнді өмір сүруіне қызмететеді.
Рухани-адамгершілік білім берудің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған жəне бойында адамгершілік қасиеттері бароқушытұлғасынқалыптастыру болып табылады.
С. Торайғыров «Адамның өсуі жолында екі азық бар: бірі – дене азығы, яғни материалдық азық, адамның тіршілігі үшін жағдайлар жасауы; екіншісі – рухты азықтандыратын ар азығы; ол əділдік болса ғана өседі, көріктене түседі десе, Əбіш Кекілбайұлы: Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін рухани ерлік, жалпақəлемінеқысылмай, қымтырылмайқарауүшінруханибайлықкерек» [4] –дейді. Екіжазушыныңда айтыпотырғаны– адамазығыруханибайлығыменоныңадамгершілігі.
Адамгершілікке тəрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары – оқушылардың белсенді өміршіл, саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларына жол бермеуді қалыптастыру. Олбаланыңжекебасыныңқалыптастырушыдамудыңасамаңыздыбірсаласы. Бұларқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тəрбиелі ұстаз шəкірттерге жан-жақты тəрбиені осы адамгершілік тəрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі бір мақсатқа жетелеу іс-əрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Соңында ғана ұстаз шəкірттерінің ізгілігін, адалдығын, кішіпейілдігінқалыптастырады.
Адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан былай дейді: «Əр адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға жақсылық тілеуі,өз елін сүюі,яғни еліне жауыздық тілемей, ізгіліктілеуі, пайдакелтіруі, зиянкелтірмей, басқаларғадазиянжасамауы– еңбастыміндетболуытиіс» ‒ деп ой тұжырымдайды. Егер болашақ ұрпақ тəрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, парасаттылыққа, адамгершілікке, сауаттылыққа тəрбиелеген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдіңөзектімəселесіболуытиіс.
Рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесі салауатты өмір сүру үшін білім мен тəрбиені іс-əрекетте көрсетеотырып, дағдығаайналдыратынбағыт. Бұлбағыттаболашақұрпақтəрбиесініңруханидамуыүшін үлес қосқан (XIX ғ. 2-жартысы) ағартушылардыңШ.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б., (XX ғ.) Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова т.б. еңбектерінде адамгершілікке, парасаттылыққа, сауаттылыққа тəрбиелеуде құндылықтарды игеруге арналғанбастыжолдепбілеміз.
Жоғарыдағы ағартушылардың еңбектерін оқып үйрене отырып, оқу-тəрбие ісінде кең қолдану нəтижесіндеоқушылардың салауаттыөмір сүру дағдыларынқұндылықтарнегізіндеқалыптастыру жүйесі құрылады:
1.Ар-ұятты сақтау. «Жаным – арымның садағасы» дегендей, ар, сезім, ұят, тəртіп сақтау ережесін санасынақалыптастыру.
2.Оқушының өзін-өзі құрметтей білуі. «Өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат – жаныңнан түңілсін» дегендей, өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі құрметтеу, өз өміріне, денсаулығына жаңаша көзқарасын қалыптастыру.
3.Өз құқығы мен тəртібін сақтау. Оқушы өмірдегі өзінің орнын, мектептегі, қоғамдағы өз құқығын қорғай білу, қоғамдық тəртіпті сақтай біліп, жақсылыққа, жақсы мінез-құлыққа тəрбиелену, жауапкершілікке, шешімқабылдауғаүйрену.
4.Əлеуметтікжағдайынөзгертуінекөңілбөліп, тұрмысынтүзеу. Өмірсүругеұмтылу, өмірсүруəдіс
–тəсілін, санасымендағдысынқалыптастыру.
5.Мінез-құлықмəдениетін қалыптастырып, жат қылықтар мен жағымсыз қасиеттерден бойынаулақ
салу.
6.Рухани ойлау дəрежесін өсіру оқушы өз бойына игі қасиеттерді қалыптастырып, əлемдік, ұлттық мəдениетке, жалпыадамзаттыққұндылықтарарқылыжетугеталпыну.
7.Қоршаған ортаны танып білуде – оны қорғауда, пайдалануда біртұтастық пен ұштастығын үйлесімділікдүниетанымы қажеттілігінанықтау.
343
8. Шығармашылық деңгейі өсіп, қабілетін арттыру үшін рухани қазына құндылығының деңгейін бағалау.
Адамның адамгершілік негіздері болмаса, ол еркінен, өмірлік бағдарынан тез айырылып, тағдырдың ойыншығына немесе қылмыс əлемінің құрбанына айналады. Ондаған, мыңдаған нашақорлар, маскүнемдер, қаңғыбастар, қамқорсыз балалар, жетімдер – бұл күннің шындығы. Əсіресе балар мен жасөспірімдеркеріжолғабейімболады.
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тəрбиелеу – ең алдымен оқыту үдерісінде қалыптасады. Əр түрлі пəндерді оқыту кезінде бастауыш сынып оқушыларының достық, жолдастық, өмірге деген белсенді көзқарас, Отан туралы ұғымдары қалыптасып дамиды. Үлкенді сыйлау, кішігеізеткөрсету, ата-аналардықадірлеу, еңбектенугеүйренеді. Бұлжастабалаларсапалы тəртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсіне білуге дағдыланады. Олар мектептегі оқу əрекетіне деген өзіндік қатынастарын, отбасында, қоғамда өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нəтижесінде бастауыш сынып оқушыларында дербес жəне қоғамдық мінез – құлық, адамгершілікқарым-қатынсыдамиды.
Жасжеткіншіктер5-9 сыныпоқушыларыөздерінересектерқатарынақосып, өзбетіментіршілікетемін деп қиял жетегімен кетеді. Бұл жастағы оқушылардың дамуына ұйымшылдық, тəртіптілік, қамқорлық, құнттылық, т.б. қасиеттерəсер етеді.
Жасөспірімдердің немесе 10-11 сынып оқушыларының ғылымға, мамандықтаңдауға ынталары артады. Бұлар əділеттілік, борыш, ар-намыс, ұят, адалдық сынды моральдық ерекшеліктергк көңіл бөледі. Олар үлкендерменқарым-қатынасжасаудаөзін-өзітəрбиелеудіқажет етеді. Сондықтанбұл жастакөбірек ерік берген жөн.Жасөспірімдердің немесе 10-11 сынып оқушыларының ғылымға, мамандық таңдауға ынталары артады. Бұлар əділеттілік, борыш, ар ‒ намыс, ұят, адалдық сынды моральдық ерекшеліктерге көңіл бөледі. Олар үлкендермен қарым – қатынас жасауда өзін ‒ өзін тəрбиелеуді қажет етеді. Сондықтан бұлжастакөбірекерікберген жөн.
Əлеуметтік педагогтың оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудамынажүйегезейінқоюмаңыздыдепсанаймыз.
Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың сипаттарын көрсету барысында бүкіл адамзаттыққұндылықтарыныңпедагогикалықсанаттарынтөмендегідейжіктедік:
Бойғадарыту
Ойғадарыту
Машықтандыружолдары
Жаттығуəдістері.
Оқушыларды жағымсыз қасиеттерден сақтандыру мақсатында адамгершілік құндылық қасиеттер туралы ақпарат берудің маңызы зор. Оқушылар бос уақытында зеріккендіктен əдепсіз қылықтарға баруы мүмкін. Солсебептіата-ана, сыныпжетекшісіжəнеəлеуметтікпедагогбаланыңəрбірісінқадалағаныжөн. Адамгершіліккетəрбиелеу– адамгершілікқұндылықтардысіңіруғанаемес, соныменбіргеолардыңбойын жағымсыз қылықтарға, балалық еліктеуден жұққан теріс мінез-құлықтар мен іс-əрекеттерден арылтуды талап етеді. Оларды рухани-адамгершілік тұрғыдан тəрбиелеудің табысты орындалуы үшін, руханиадамгершілік нормаларының белгілі-бір түрлерінің оқушылардың бойында, атап айтқанда, іс-əрекет үстінде, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас барысында жəне тұрғылықты басқа ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластық сезімдерінде, сондай-ақ рухани-адамгершілік қасиеттердің қарапайым нормалары болып саналатын мейірімділік, қайырымдылық, сыпайылық, əдептілік, үлкен кішіні құрметтеушілік жəне қамқоршылық түрлерінде нышан беріп, көрінуін адамгершілік сана тұрғысынан сапалығын үнемі байқап, ретікелгендемадақтап, кейбіржағдаяттардышешудеақыл-кеңессұрап, келісіпотыру.
Қазіргіқоғамдарухани-адамгершілікқұндылықтардыжүзегеасырудыңмынадаймүмкіндіктерібар:
1.Рухани-адамгершілікқұндылықтардыкезкелгенпəндіоқытудыңмазмұнынаенгізу.
2.Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.
3.Жекепəнретіндежүргізілетінсабақтардыңбағдарламасынаенгізу.
Оқушылар оқу орнының табалдырығынан қандай да бір ғылым иемденіп қана емес, бірінші кезекте адам болып шығуы керек. Ол өз жүрегі мен жанын өмірге жəне басқа адамдарға айқара ашқан, жалған қағидалардыұстанбайтын, дүниегеөзкөзқарасыбартұлғаболуыкерек. Адамболудегенімізадамгершілік қағидаларменқұндылықтардыұстану, өмірдіңмəнінөзіңненемес, басқаданкөру. Солсебептідеұстаздың бастымақсаты– шəкірттерінадамболуғабаулудептұжырымдауғатұрарлық. Əрбірпəн, əрбірсабақ, əрбір тақырыпосымақсаттажүзегеасыруғабағытталуыкерек.
Адам мен дүниенің арақатынасын, адамның өзін-өзі тануын, сөйтіп өзін басқаға танытуын, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін əлеуметтік жəне этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мəн беру қазақ педагогикасының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, қазақ педагогикасы – шығыстық педагогикадағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен
344

зерделеу дəстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан педагогика болып табылады. Қазақ педаогогика ғылымының шоқжұлдыздары əл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқариден басталып, олардың бай мұрасы педагогика ғылымындағы ұлттық тарихымыздың бастау көздері болып табылатындығынайтуғаболады.
Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары
Рухани-адамгершілік құндылықтардың педагогикалық шарттарын жүзеге асыруды жоспарлау
Адамгершілік құндылықтардың шарттарын орындауды ұйымдастыру əдістері (əңгімелеу, сұхбат, дебат жəне т.б.)
Үйрету жолдары: кеңес беру, көрсету, машықтандыру жəне т.б.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгергендігін анықтау
Рухани-адамгершілік құндылықтардың педагогикалық шарттарын жүзеге асыруды сараптау, қорыту
Бойларындағы рухани-адамгершілік құндылықтарының нəтижесі жəне оның болашағы
1-сурет. Оқушылардыңбойындарухани-адамгершілікқұндылықтарынқалыптастыру жолдары
Рухани-адамгершілік білім нəрімен сусындаған əр адам өзін, өзі арқылы өзгені тануда мейірімді, қайырымды, кешірімді, ақыл-ойы толысқан, бойында «ұят», «ар», «намыс» секілді қасиетті ұғымдардың қалыптасуыменізгіқоғамқұруғақатысаалады.
Ұлы ойшыл, кемеңгер Əбу-Насыр əл-Фараби «Адамдар бақытты болуы үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғамдаізгіқоғамболады. Солсияқты, халықтардыңбəрібақытқаұмтылып, бірінебірікөмектесіпотырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді» дегендей, осы асыл мұраларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып, білім беру ұйымдарынан бастау алған рухани-адамгершілік тəрбиесін қоғамның барлық саласынаенгізгенсайын егеменеліміздіңертеңіайқын, болашағы жарқын боларысөзсіз[5].
345
Қазіргі педагогикадағы тəрбие теориясының мазмұндық-құрылымдылық жүйесіне сəйкес əлФарабидің тəрбие тұжырымдамасы бойынша: адамдарды қосатын, байланыстыратын дəнекер, тұтқаадамгершілікболыптабылады,адамдарадамзаттегінежататындықтан, өзарабейбітшілік, татулықсақтауы лəзім, адамдаржақсымінез-құлықпенақыл-парасатқаиеболғанкездеміндеттітүрдебақытқажетеді, шын мəніндеқастерлі, қайырымды, инабаттыболады.
Рухани-адамгершілік білім – ол тек оқушының өзгеруі емес, ең алдымен мұғалімнің өзгеруі, өйткені бұл құндылықтарды оқулықтардан алу, тіпті жақсы дəрісті оқып алу арқылы түсіну мүмкін емес, оның барлығы өмірлік тəжірибеден алынады. Сондықтан да мысалы, мұғалім салауатты өмір салты туралы қаншалықты əдемі айта білсе де, егерде өзі темекі шегетін болса, оның басқаны үйреткенінен не пайда? Мұғалім тұлғасы оқыту үдерісінен де маңызды, өйткені рухани-адамгершілік білім – оқушының ішкі жан дүниесін ашуға мүкіндік беретін жанды білім. Сүйе білетін, мейірімді, өзінің қарапайымдылығы жəне шыдамдылығымен кез-келген баланы баурап алатын ұстаз оқушының жақсы мінезінің қалыптасуына зор үлесінқосады.
Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тəрбиесі арқылы толыққанды жетілгеназаматетіптəрбиелеу– қоғамымыздыңбастымақсаты. Рухани-адамгершіліктəрбиесіндемұғалім оқушынытұлғаретіндетаныпбіліпқанақоймай, оныңдамуындакешегіні, бүгінгіні, болашақтыкөребілуі қажет.
Пайдаланылғанəдебиеттер:
1.АмонашвилиШ.А. Основыгуманнойпедагогики. Кн. 1,2. Каклюбитьдетей. –М., 2012.
2.Қазақстан Республикасы азамат тарихының жаңа əлеуметтік-экономикалық мінез-құлықын қалыптастыру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан, 1999. 33-40
3.В.А. Сухомлинский. Балағажүрекжылуы. –Алматы, 1976.
4.ТорайғыровС. Социализм. 1918. // Избранное. – Алма-Ата: Жазушы, 1971. -256с.
5.Сарбасова Қ.А. əл-Фарабидің адамгершілік тəрбие туралы идеяларын іске асыру// ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық ғылымдарсериясы. – 2007. ‒№2
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІТӨЗІМДІЛІККЕТƏРБИЕЛЕУШАРТТАРЫ
ƏбдіханА.Қ.
Əлеуметтікпедагогикажəнеөзін-өзітанумамандығының 4 курсстуденті Ғылымижетекшісі: ағаоқытушыЖұмабековаҚ.Б.
Əл-ФарабиатындағыҚазҰУ abdihanaigerim@gmail.com
Елбасының бұл жылғы Жолдауы Еліміздің алдағы жылдарға жоспарланған стратегиялық мақсаттармен міндеттерінайқындалғанбүкілхалыққа, жалпыортақ еңбекқоғамынаүндеген асамаңызды құжат болып табылады. Елбасының биылғы Жолдауы ‒ еліміздің өркендеуінің алғышарты. Əр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені Перзидент Жолдауы еліміз үшінжылсайынғыбастықұжат. ЕлбасымызН.Ə. НазарбаевтыңҚазақстанхалқынажолдауында: «Ұлттық бəсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.Егемендік алған тəуелсіз Қазақстанның əлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі. Орта мектеп – білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Егемен еліміздің болашағы, оның əлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тəрбиенің бастауы – ұстаз қолында»-деп атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын[1].
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пəнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалықпсихологиялықсауаттылық, саясиэкономикалықбілімділікжəнеақпараттықсауаттылықталапетілуде. Ол заманталабынасайбілімберудежаңалыққажанықұмаршығармашылықпенжұмысістеп, оқументəрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Мектепте кез келген пəнді өту барысында балаға берілген тапсырма дұрыс шешімін тапқанға дейін оның бойындағы төзімділік пен шыдамдылығы жақсы нəтижеге жетелейтін бірден бір қасиеті болып тасбылады. Сабақ барысында əр педагог өз пəнін ғана емес баламен
346
психологияжағынандажұмысжасайалатындайдеңгейдеболуыкерек. Бұладамгершілікқұндылықтарына негізделген басқаша ойлауға шыдамдылық, түсіністік пен ынтымақтастыққа дайындығын көрсетуге қабілетті тұлғаны тəрбиелеу үшін аса маңызды жəне айтарлықтай деңгейде тұлғаны əлеуметтендіру үдерісін жандандырады, қақтығыссыз өзара іс-əрекет етуге мүмкіндік береді. Осы жағдайдарда, білім жүйелеріалдындатұтасалғандатөмендегідейміндеттертұр:
‒рухани, ұлттық мəдениеттен бастау алатын əлеуметтік белсенді шығармашылық тұлға тəрбиелеуге жəрдемдесу;
‒оқушылардатөзімділікжөніндеұғым қалыптастыру;
‒сынипікірлер, топбойыншажұмысістеудағдысындамыту, диалогжүргізебілужəнеөзұстанымын дəлелдеу, талқыланатынмəселелердіымыралықжолменшешебілу;
‒өзгепікірлергешыдамдылықтанытуғатəрбиелеу;
‒оқушылардың құқықтық мəдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру; нақты қатынас мүмкіндіктеріне жағдай туғызу, білім мекемесі, отбасы, қауымда коммуникативтік байланыстар қалыптастыру;
‒білім процесінің барлық қатысушыларында этномəдениет дəстүрлері негізінде адамгершілік құндылықтаржүйесінқалыптастыру үшінжағдайтуғызу.
Төзімділік дегеніміз – басымызға түскен əр түрлі сынақтарға төзу, ұстамды болу, қайраттылық пен қайсарлық таныту деген сөз. Яғни мектепте төзімділікке тəрбиелеудің анағұрлым маңызды шарттарына төмендегілер жатады: педагогтің жалпы жəне ұлттық мəдениеті, ынтымақтастық, өзара іс-қимыл мəдениеті; ұлттық мəдениеттің терең мағынасы, оның мінез-құлықта көрініс табуы; кəсіби шеберлік; төзімділікке психологиялық нұсқама, этномəдени қатынас; балалар ұжымына ерікті пікірлестер қауымдастығы ретінде қарау; қауымның ықпалын оқытушылық қабілеті, ұлттық жəне эмоциялық бай ортаныңмүмкіндіктерінпайдалану [2].
Мектептегіпедагогикалықүдерісоқушылардыңқатынасындатөзімділіктіқалыптастыруүшінбарлық жағдайлармен қамтамасыз етуі тиіс, бұл бірінші кезекте, біртұтас педагогикалық үдеріс төзімділікті білім кеңістігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мектеп қауымында төзімділік кеңістігін құрудың маңыздылығын айта отырып, біз, бірінші кезекте мұғалімнің өзінде педагогикалық (кəсіби) төзімділіктің болуынтүсіндіреміз. Педагогикалықтөзімділіктіңнегізгікөрсеткіштерідепмыналардыесептеугеболады: əрбір оқушыға жеке-дара ыңғай танытуы, мұғалімнің басқаның пікіріне сүйенуге дайындығы, бағалау пікірлеріндегі жағымдылық, оқушыға, ата-анаға, əріптеске педагогикалық жəне психологиялық қолдау көрсету, өзінің барлық оқушылары үшін табысты жағдай құра білу. Сөйтіп, педагогтің жеке жəне кəсіби қасиеттері оның өзіндік төзімділік мінез-құлқы оқушының тұлғасын қалыптастырудағы міндетті жағдай болыптабылады. «Оқытушы– оқушы» – өктемшілстильжағдайындатөзімділіккетəрбиелеумүмкінемес. Сондықтан аталған мақсаттарды жүзеге асыру міндеттерінің бірі мұғалімнің оқу процесін ұйымдастыру барысындабелгілібірдемократиялықтетігінжəнеоқушылардыңбір-біріменжəнемұғалімменқатынасын меңгеру болып табылады. Бұл жерде сөз «субъект-субъектілік» қатынас жөнінде болуы тиіс. Мектеп қабырғасында баланы бір жағынан басқаны маңызды жəне бағалы адам ретінде қабылдауға, екінші жағынан – өзіндік көзқарастарына сын көзбен қарауға үйрету қажет. Төзімділікке апаратын жол – бұл ең алдымен мұғалімнің маңызды эмоциялық, ақыл-ой еңбегі жəне психикалық шиеленісі, немесе ол өзін, өз стереотиптері, өз санасын өзгерту негізінде болуы мүмкін. Түрлі ұлтты балалар ұжымының тіршілік əрекетін ұйымдастыру жағдайында педагогтің этномəдени өзара іс-əрекетке нұсқамасы өте маңызды. Мұғалімнің педагогикалық қызметінің негізінде нақты сөз тұрғысында балалармен тікелей қарымқатынасыболуытиіс. Жəне бұлөз бетінше емес, тілектестікөзара іс-қимыл, түсіністікжолы. Егер педагог төзімді болса, онда ол ашық жарқын. Ол баланың дербестігін құрметтейді, оқушының мінез-құлқын субъективті, тең құқықтымағынада түсінеді. Өзара түсіністік мұғалімнің бала тұлғасының ерекшелігі мен тұтастығын ұғынып, зерттеуші жəне интуиция сезіміне сүйене отырып, оның жан құбылысының тереңдігіне бойлау арқылы диалог барысында пайда болады. Төзімді тұлғаны тəрбиелеу, егер оны өзге мəдениеттің ерекшелігіне түсіністікпен қарайтын педагог жүзеге асырған жағдайда нəтижелі болуы мүмкін. Өзгелерге шыдамсыз мұғалімнің оқушыда басқа адамдарға, басқа мəдениетке төзімділік қатынасын тəрбиелей алуын елестету қиын. Бала үшін маңызды жеке жəне кəсіби қажетті қасиеттерде басқа педагог балалар ұжымымен өзара іс-əрекет етудің арнайы шеберлігін меңгеруі тиіс. Е. М. Аджиева мұндайшеберліктердібестопқабөледі[3]:
1. Гностикалық;
2. Жобалау;
3. Құрылымдық;
4. Ұйымдастырушылық;
5. Коммуникативтік Гностикалық шеберлікте балалардың жеке ерекшеліктерін, олардың мүдделері, мұқтаждықтары,
ұлттықөзгешеліктері, менталитеті, əлеуметтікбелсенділіксатысыжəнетөзімділікдеңгейінанықтауғабаса
347
назар аударады. Балалар ұжымының адамгершілік-психологиялық ахуалын дұрыс анықтай білуге, қызығушылығынарттыруғамүмкіндікжасайды.
Жобалау шеберлігі балалар ұжымында төзімділікке тəрбиелеудің мақсаты мен əдістерін анықтай отырып, келешектегімүмкінболатыннəтижелердіесепкеалып, өзараіс-əрекетжүйесінжобалауғажағдай жасайды. Ұжымда балалармен бірге бірлескен этномəдени іс-шаралар өткізуді жоспарлау, «жанасу нүктелерін» таба отырып, олардың бір-біріне деген өзара мүдделерін арттыру секілді жұмыстарды ұйымдастырады. Төзімділікке тəрбиелеу əдістерін əзірлеу барысында мүмкін болатын қиындықтар мен əдеттентыспедагогикалықжағдайларды(бəлкім, ұлттықсипаталатын) қарастырады.
Ал, құрылымдықшеберлікдегеніміз‒балалардытөзімділіккетəрбиелеубарысындаөзіндікəрекетінің жоғары деңгейін болжай білу. мұнда еркін шығармашылық атмосфера сақтай отырып жəне оны құруда жəнедамытудабалалардыбастамашыретіндепайдаланаотырып, балаларұжымыментəрбиелікіс-шаралар құрабілу сипатталады.
Ұйымдастырушылық шеберлікте төзімділікке тəрбиелеудегі түрлі формалар мен əдістерді шығармашылық түрде пайдалана білу, сондай-ақ жеке қызметі мен мінез-құлықты ұйымдастыра білу, төзімділіккетəрбиелеу тəжірибесінбайыту жəнежүйегекелтіру көзделеді.
Коммуникативтікшеберлік‒өзпікірлерінсақтапқалуға, өзіндікэмоциясыменкөңілкүйлерінбасқара білу, жанжал туған жағдайда балаларға сыпайы қарау. Сонымен қатар балаларда педагогтармен жəне бірбірімен өзара іс-əрекет ету қажеттілігін туғыза білу іс-əрекеттері жатады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бүгінгі таңда ең бастысы – педагогті өзінің жеке жəне кəсіби резервтерін пайдалануға үйрету, біртұтас педагогикалық қызметтің жеке жүйесін құру. Төзімділікке тəрбиелеу ісінде педагогтің жоғары кəсіби машығы– шеберлігі, білімі, шығармашылығыжəнеептілігініңжиынтығыдепесептейміз.
Қазіргі жаһандану жəне интеграция үдерістері дамып жатқан əлемде адамдардың қарым-қатынаста болуы жиі кездеседі. Төзімділікті жəне этнорелятивизмді тəрбиелеуге негізделген этномəдени құзыреттіліктердің негізін білмей, өзінің этноцентризмін, қате түсініктерін сезінбей, жеңбей тиімді көпмəдениетті диалог құру мүмкін емес. Біз көпмəдениетті қоғамда өмір сүріп жатқандықтан білім беру жүйесі тұлғада этникалық жəне əлемдік мəдениетті үйрену арқылы қалыптасатын сындарлы өзара əркеттестіктідамытуғабағытталған.
Қорыта айтқанда, төзімділік тұлғаны қоршаған қоғам, отбасы жəне барлық əлеуметтік орта арқылы қалыптасады. Бұл үдерісте мектептің алатын орны ерекше. Себебі мектеп негізгі əлеуметтік институттардың бірі болып есептелінеді. Мектеп балаға педагогикалық үдерісте қажетті нормаларды сақтап, басқа мəдениеттердің құндылықтарын құрметтей отырып, жаңа əлеуметтік мəдени жағдайда өмір сүруге, кезкелгенісбарысындаөзінтөзімділіккеүйретеді.
Пайдаланғанəдебиеттер:
1.ҚазақстанРеспубликасыПрезидентіН.Ə.НазарбаевтыңҚазақстанхалқынаЖолдауы, 2014 ж.
2.Орысша-қазақшаұғымдықтүсіндірмесөздік-анықтамалық. ‒Алматы: «Жетіжарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-
6
3. Е. М.Аджиев«Энергосберегающиетехнологии» ‒М.: 1990 г.
348
ƏЛЕУМЕТТІК ТƏРБИЕƏЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАТЕОРИЯСЫНЫҢКОНТЕКСІНДЕ
ИбрайА.Е.,
əл-Фарабиат. ҚазҰУ, Əлеуметтікпедагогикажəне өзін-өзітанумамандығының3 курсстуденті Ғылымижетекшісі: П. Т. Абдуллаева.,
Педагогикажəнебілімберуменеджментікафедрасыныңағаоқытушысы
Резюме
Социальная педагогика – наука молодая. Разрабатывается её теория, уточняется тезаурус, в частности, такое понятие, как «социальное воспитание». Автор статьи попытался раскрыть его, осмыслить теоретический «образ» социального воспитания. Рассмотрено использование термина «социальное воспитание». Для социального педагогастатьяпредставляетсовершенноконкретныйпрактическийинтерес.
Ключевые слова: социальное воспитание, субъекты воспитательной деятельности «теоретический образ» социального воспитания, пространство социального воспитания, его содержание и средства достижения результата, социальноевоспитание– специфичноенационально-культурноеявлениеКазахстана.
Summary
Social pedagogy is a young science. Its theory is developed, the thesaurus is specified, in particular, such a notion as "social upbringing". The author of the article tried to disclose it, to comprehend the theoretical "image" of social upbringnig. The use of the term "social upbringnig " is considered. For the social teacher, the article is of very concrete practical interest.
Key words: social upbringnig, the subjects of upbringnig activity "theoretical image" of social upbringnig, the space of social upbringnig, its content and means of achieving the result, social upbringnig is a specific national and cultural phenomenon of Kazakhstan.
ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіН.Ə. Назарбаевөзінің«Қазақстан‒2030» дамустратегиялық бағдарламасында: "Қазақстанжаңамемлекетретіндекөптегенимпериялардың: Оттоман, Австро-Венгрия, алмүлдетаяуда‒ КеңесОдағыныңжантəсіліметкенінкөргендəуірдедүниегекелді.
Бізжаңамемлекетті, жаңанарықтықэкономикаменжаңадемократияныкөптегенөзгедежастəуелсіз мемлекеттеросытəріздіжолдыбасынанкешіптеүлгергенуақыттақұруүстіндеміз.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскенауқымдануменұлғайыпкележатқанөзаратəуелділікдəуіріндеөмірсүріпотырмыз"‒депкөрсеткен. [1]. БұлмəселеҚазақстанРеспубликасының«Қазақстан-2030» дамустратегиясынасəйкесқоғамныңқазіргі заманғы тұрғыдан дамуын адамның əлеуметтік əлеуетін дамытусыз мүмкін емес. Əлеуметтік – экономикалық жəне саяси жаһандық өзгерістердің ғана емес, сонымен қатар осы мəселелердің антропологиялық жəне педагогикалық аспектілері туралы ойлануға тиістіміз: заманауи демократиялық қоғамүшінқолайлыəлеуметтікқұндылықтарды, ұлттықжəнемəдениқұндылықтардысақтау, дамытужəне тəрбиелеу. Ал осы орайдағы міндетіміз – қазіргі заманғы адамды нақты қоғамның нормалары мен ережелеріне ендіру ғана емес, сонымен бірге, оларды жеке тұлғалық, əлеуметтік сұраныстар мен қажеттіліктерменбіріктіруболыптабылады. Нарықтыққоғамда, ҚазақстанРеспубликасыныңазаматтарын барыншаинтеллектуалдық, руханижəнеадамгершілік, кəсібидамыған, дағдарыстыңалдыналужəнеоның одан əрі іргерілеуін қамтамасыз ете алатын ұрпақты тəрбиелеу қоғамдағы негативті тенденцияларды жою үшін маңызды ресурстарды толық пайдалану арқылы тұрақтандыру жəне еліміздің дамуындағы іргелі мəселелерін шешуге болады. Бұл тұрғыда ел болашағы өскелең ұрпақтың білімі мен тəрбиесінде, өмірге дайындығында, саясижəнеəлеуметтікдайындығыныңсапасынабайланыстыболады.
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңінде талап етілетін адамның осы жəне басқа сапалық қасиеттерін тəрбиелеу мəселелерін жəне оны түсіну мен іске асырудың түбегейлі жаңа тұжырымдарын көрсетеді. Сондықтан, соңғы жылдарда сапалы қасиеттерге ие жеке тұлға қалыптастыру жəне тəрбиелеу қоғамның əлеуметтіксұранысыболыпотыр.
Өзініңəрекеттеріарқылыжаңадемократиялыққоғамқұруғақабілеттіазаматжəнеалдыңғыұрпақтың ұжымдық тəжірибенің тасымалдаушысы ретінде өзін шығармашылық жағынан дамыта алатын, өзін өзі реттей жəне өзін өзі тəрбиелей алатын, қарым-қатынаста белсенді, бірегей бірліктегі тұлға тəрбиелеу қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты əлеуметтік тəрбиелеудің тиімді іске асырылуы, оның жаңартылғандамупарадгимасы, оладамныңқалыптасуүдерісіндесапалыжаңакөзқарастыбілдіредіжəне ерекше маңызға ие болады. Оның жаңа сапасы жас ұрпақты басымдық ретінде əлеуметтік тəрбие мəртебесініңшеңберіндекөріністабады.
Əлеуметтік тəрбиенің жаңа парадигмасының негізінде адамның рухани, моральдық, эстетикалық, физикалықдамуынажүйеліжəнемақсаттыəсеретуретіндедүниеніңдүниетанымдықпозицияларынжəне
349
əлеуметтікпедагогикалықпроцестіңмəнітуралытүсініктер, баламенжасөспірімніңтабиғаты, əлеуметтіктəрбиелеу қызметініңмақсаттарыменміндеттеріжатыр.
Əлеуметтік тəрбиенің пайда болуы, дамуы жəне қалыптасуы туралы теориялық түсінік үшін, ең алдымен, адамəлеуметтікқатынасретіндеəлеуметтікқарым-қатынастыңнəтижесіболыптабылады. Яғни, əлеуметтік тəрбиелеудің жаңа парадигмасында тəрбиелеу үдерісі əлеуметтік тұрғыдан: адамның əлеуметтік өмірдің барлық түрлері ‒ отбасы, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамның басқа да институттары тұрады. Əлеуметтік өмірдің осы жəне басқа да нысандары мен көріністері шын мəнінде əлеуметтікнысандарыболыптабылады.
Əлеуметтiк педагогика адамның əлеуметтiк тəрбиесiн, яғни бүкiл өмiрi барысындағы əлеуметтiк ортаның тəрбиелiк ықпалының нəтижесiн қарастыратындықтан, бүгiнгi педагогикалық еңбектерде «тəрбие» ұғымының өзi «əлеуметтендiру» ұғымымен қатар өзара сабақттастықта қарастырылып жүр. Тəрбиелеу, əлеуметтендiру түсiнiктерiнiң мақсат-мiндеттерi өте жақын. Адамның əлеуметтiк тəрбиесiнiң қоғамдағыорныменрөлiнанықтауоның«даму», «əлеуметтендiру» үрдістерi арқылыанықталады.
Əртүрлі зерттеулердегі əлеуметтік ұғымы [2; 3; 4] қоғамға ғана емес, сондай-ақ адамға тұтастық жəне əлеуметтікқатынастардыңбірбөлігіретіндетəнбірегейтабиғатсаласыретіндеанықталады. «Əлеуметтік» ‒ бұл тек қоғамның ғана емес, адамның да қасиеті. Бүгінде ол кез келген əлеуметтік-экономикалық, саяси көріністерді бейнелейтін тұжырымдама ретінде кеңінен қолданылады; белгілі бір топқа тиесілі мақсат ретінде, тұтастай өкілдермен байланысу мүмкіндігі; немесе қоғамның əлеуметтік саласының дамуына байланысты белгілі бір топқа жəне оның шекарасындағы өмірлік қызметке қатысы бар тұжырымдама ретіндеғанатар.
Əртүрлі авторларда «əлеуметтік» ұғымы осындай негізгі мағыналарға ие: бұл бірлескен қызметтің немесеадамиқарым-қатынастыұйымдастырудыңтəсіліретіндеəлеуметтіксиноним. [5, б. 110-145];
бұл ұғым əртүрлі топтар мен қауымдастықтардың өкілдері ретінде қоғам арасындағы қарымқатынастардыңжиынтығынбілдіреді;
еңбек жағдайлары мен адамдардың өмірін мемлекеттік (немесе мемлекеттік емес) қамтамасыз ету көлемінкөрсетеді.
«Əлеуметтік» феноменін түсіну, бір жағынан, бұл кез-келген əлеуметтік үдерістің ерекше белгісі, екінші жағынан, ол əлеуметтік қатынастардың ерекше сапалық қасиетімен байланысты деп айтуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда тəрбие берудің мəні əлеуметтік құбылыс ретінде кең қоғамдық мағынада байланысты. «Əлеуметтік» қоғамның жалпы сипаттамаларына, ондағы əлеуметтік топтарға, əлемнің көп өлшемділігіне жəне тəрбие берудің өзі жатады. Мемлекет жəне қоғам тəрбиелеу үдерісінің бастамашысы жəне ұйымдастырушысыболғанкезде, əлеуметтіктəрбиетуралыəңгімелеузаңдылық. Оладамныңəлеуметтену үдерісіндепедагогикалыққұралдарменпайдаболатын белгілібірмəселелердішешугебағытталған.
Бұл тұрғыда əлеуметтік тəрбие қоғамдағы адамның қажеттіліктерін ескере отырып, педагогикалық қолдау ерекшелігін көрсетеді. Сонымен қатар, əлеуметтік тəрбие қоғамның түрлі факторларына жəне жағдайынанегізделгенжəнеоныңқажеттіліктеріменмүмкіндіктерінкөрсетеді; адамныңөміргебейімделу барысындабелгілібірəлеуметтік-мəдени(мəдени, экономикалық, саяси, демографиялық) құбылысретінде көрінісбереді.
Əлеуметтік институт ретінде тəрбие берудің түпкілікті жобасы индустриалды қоғамда жүрді жəне ғылыми, табиғисəйкестілікпедагогикасыныңнегізінқалаушылардыңбірі
И.Г. Песталоцци. Ол ұсынған тəрбие тұжырымдамасы əлеуметтік тəрбиелеудің алғашқы теориялық тұжырымдарының біріне жатқызылады. XIX ғасырдың аяғында Марбург университетінің профессоры П. Наторп былай деді: «Песталоцци сөзінің толық мағынада, əлеуметтік педагог əлеуметтік тапсырысты тек адамның шынайы адамзаттыққа көтеру құралы ретінде қарастырады». Песталоцци алғашқы педагогиканың терминдері мен тұжырымдамалары, қоғамның тəрбиелеудің əлеуметтік аспектілері жəне тəрбие беру мүмкіндіктері туралы түсінікке ие. «Оқу құралы ретінде жасанды көмекші құралдарды қолдануғаболмайды, текбалаларғатəнтабиғилықтықолданукерек, олардыңкүнделіктіқажеттіліктерімен үнемі тіршілікəрекетікерек» ‒деген. [6, б. 145-147].
Əлеуметтік тəрбиенің дамуын жəне қалыптасуын түсіну арқылы біз «тəрбиелеу» түсінігіне мəн береміз. Ғылыми əдебиетте оның кемінде үш мəні бар. Олардың бірі (шартты түрде бірінші болып) тəрбиегекеңіненқолданылады, яғни«өміртəрбиелейді», «отбасыменмектептəрбиелейді», «жершарының əр шаршы метрі тəрбиелейді» жəне т.б. Яғни айтқанда, өсіп келе жатқан адамға табиғи жəне əлеуметтік ортаныңəсері.
Тұжырымдаманың тағы бір мағынасы (екінші) белгілі Ресей ғалымы А.В.Мудриктің айтуынша: тəрбиеніадамныңдамуынамақсаттытүрдежағдайжасаушыретіндеқарастырукерек. Яғни, тəрбиеберу– жекеадамдымақсаттыбағытта, жүйелітүрдеқалыптастыру. Ағаұрпақтардыңтəжірибесінберужəнеигеру, сананы қалыптастыру, тəрбиеленушілердіңсезіміндамыту жəнемінез-құлықдағдыларынқалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тəрбие үрдісінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, бұл процеске
350