50
.pdfƏл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы Шығыстану факультеті
Қытайтану кафедрасы
Ухань университеті (ҚХР)
«″БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ″ ЖƏНЕ ″НҰРЛЫ ЖОЛ″ ЖОБАЛАРЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның МАТЕРИАЛДАРЫ
«Қытайды зерттеу» сериясы № 7
Алматы, 3-4 мамыр 2019 жыл
МАТЕРИАЛЫ международной научно-практической конференции
«КОНЦЕПЦИЯ И ПРАКТИКА ПРОЕКТОВ ″ОДИН ПОЯС - ОДИН ПУТЬ″ И ″НУРЛЫ ЖОЛ″»
«Исследование Китая», серия № 7
Алматы, 3-4 мая 2019 года
International Scientific and Practical Conference
«THE CONCEPT AND PRACTICE OF
″THE BELT AND ROAD INITIATIVE″ AND ″NURLY ZHOL″»
Almaty, May 3-4, 2019
Алматы «Қазақ университеті»
2019
«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:
т.ғ.д., профессор Н.Мұқаметханұлы (бас редактор) А. Түргенбай, А. Арзықұлов, М.Асыл (редакторлар)
Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Ғылыми Кеңесінің жəне
Қазіргі заман Қытайды зерттеу орталығының шешімімен ұсынылды
«″Бір белдеу – бір жол″ жəне ″Нұрлы жол″ жобаларының концепциясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 3-4 мамыр 2019 жыл. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 270 бет.
ISBN 978-601-04-3978-8
Бұл жинаққа «Бір белдеу – бір жол» мен «Нұрлы жол» жобаларына қатысты танымды тереңдетуге жəне оларды жан-жақты талқылаулар арқылы Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын, туындаған мəселелері мен даму болашағын саралауға арналған Қазақстан, Қытай жəне Түркия мамандарының баяндамалары мен арнайы мақалалары жинақталған. Материалдар авторлық нұсқада жарияланды, мақала көзқарасына автордың өздері жауапты.
ISBN 978-601-04-3978-8 |
© Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2019. |
2
«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»
МАЗМҰНЫ |
|
Бүркітбаев М.М. Болашақ ынтымақтастықты кеңейтетін бастамалар |
............6 |
Мұқаметханұлы Н. Қазақстан-Қытай өндіріс қуаты саласындағы |
|
ынтымақтастығы жөнінде ...................................................................................... |
8 |
................................................................. |
16 |
“ ” ............................ |
26 |
..................................................... |
48 |
............................................................................. |
53 |
“ ” ......................... |
64 |
................................................ |
68 |
“ ” ......................................................................... |
74 |
“ ” …………….....……………80
Алдабек Н.Ə. Қытайдың «Бір белдеу,бір жол» стратегиялық жобасы жəне
Қазақстандағы синофобиялық көзқарастың себептері ..................................... |
86 |
Айдарбеков З.С., Досжанова А. Геостратегический потенциал мегапроекта
«Один пояс-один путь»: динамика идей, приоритеты, направления .............. |
91 |
Мен Д.В. Социально-политические отношения Казахстана |
|
в системе «Один пояс-один путь» .................................................................... |
99 |
Байдаров E.У. Значение ЭПШП для Казахстана истран Центральной Азии |
|
в контексте регионального сотрудничества ..................................................... |
110 |
Мұсатаев С.Ш. «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы қазақ-қытай |
|
селбестігі.............................................................................................................. |
116 |
Ragıp Kutay Karaca Determining the Soft power of China; Belt and |
|
Road project ….....................................................................................................127
Оразақынқызы Ф. «Бір белдеу-бір жол» стратегиясының ынтымақтастық
басымдықтары |
....................................................................................................141 |
|
3 |
«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»
Жекенов Д. The Construction Of Community Of Common Destiny For Humanity |
|
(Theoretical Analyzes).......................................................................................... |
147 |
Бейсенбаев О. Қазақстан-Қытай қатынасындағы «Бір белдеу, бір жол» |
|
инициативасы: алғышарты мен концептуалдық проблемалары ................ |
155 |
Керімбаев Е., Набижанқызы З. Конфуций институттары жəне мəдени |
|
ықпалдастық ........................................................................................................ |
163 |
Сисенғали А.М. Роль воплощения проектов «Одного пояса-одного пути» |
|
и «Нұрлы жол» ................................................................................................... |
174 |
Жамантаева Г.Ə., Батаева А.А. |
|
“ ” ....................................... |
181 |
Сатбай Г.Қ., Коспаганбетова Н.Х.«Бір белдеу-бір жол стратегиясы» |
|
аясындағы Қазақстан мен Қытайдың білім мен мəдениет саласындағы |
|
ынтымақтастығының даму болашағы .............................................................. |
184 |
Оразбекова А.Р. Қазақстан-Қытай транспорттық байланыстары жəне «Батыс
Қытай – Батыс Еуропа» жобасы........................................................................ |
189 |
Арзықұлов А.А. «Бір белдеу-бір жол» бастамасы жəне шекара маңы сауда
орталықтары ........................................................................................................ |
197 |
Асыл М.Б., Түргенбай А.А. Стратегия «Экономического пояса Шелкового
пути»: новый этап в отношениях между РК и КНР ........................................ |
204 |
Алмабекова А.М. Достық көпірі – «Бір белдеу-бір жол» ............................. |
212 |
Əбиденқызы А., Мəсімханұлы Д. Қазақ жəне қытай тілдеріндегі тыйым |
|
сөздердің этно-мəдени ерекшеліктері .............................................................. |
217 |
· . |
||
….......................................................................................................................“ ” |
225 |
|
Алиханқызы Г., Қалиолла А. Қытай тілі фонетикасының өзге де тілдер |
|
|
фонетикасынан ерекшелігі мен маңыздылығы ............................................... |
227 |
|
Абдырақын Н. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы шетел əдебиетінің |
|
|
Қытайға ықпалы ................................................................................................. |
235 |
|
4 |
|
|
«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ» |
|
Досымбекова Р.Ө. Ұлттық колорит жəне рeалиларды аудару |
|
амалдары .............................................................................................................. |
244 |
Жайлауова З.Б. Проблемы перевода с китайского на русский язык, |
|
возникающие в связи с ростом глобального влияние Китая .......................... |
249 |
Қатбаева Г., Мұстафақызы К. Қазақстанның «Бір белдеу – бір жол» |
|
құрылысындағы орны мен рөлі ......................................................................... |
255 |
Аманова Ф. Роль и место Казахстана в строительстве«Одного пояса – |
|
одного пути»....................................................................................................... |
263 |
5
«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»
БОЛАШАҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТЕТІН БАСТАМАЛАР
М. Бүркітбаев
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бірінші проректоры Қазақстан, Алматы
Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынас орнағалы бері екі ел қатынастары үрдіс дамып келеді. Екі жақты жəне көпжақты халықаралық байланыстар барлық салалар бойынша өзара тиімді жүргізілуде. Замануи жаһанданық жəне аймақтық интеграциялар Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты одан əрі дамытып, екі елдің стратегиялық əріптестіктік қатынастары жаңа даму кезеңеңіне қадам басты.
ҚХР төрағасы ұсынған «Бір белдеу-бір жол» бастамасы арада өткен бес жыл уақыт ішінде көптеген маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекеттер арасындағы өзара келісімдерге келуі, қаржы институттарының құрылуы, бастаманың жүзеге асуына тиісті шаралардың қолға алынуы оның болашағының зор екенінің айғағы. Жібек жолы экономикалық белдеуінің бағдарламасы транспорттық инфрақұрылымды кеңейтуге, сол арқылы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарын дамытуға арналған. Əрине, бұл транспорттық инфрақұрылымға негізделген жаңа сауда-экономикалық серіктестікте Қытай Халық Республикасының жетекші рөл атқаратыны белгілі. Қазақстан да өзінің тиімді географиялық жағдайы мен ресурстық потенциалын пайдалана отырып, Қытай мен Еуропа арасында жаңа көпірлік рөл атқарып отыр.
Қазақстан өзінің транспорттық инфрақұрылымын көрші елдер жəне аймақтарды бірегей сауда-экономикалық жүйеге біріктіру мақсатында пайдаланып, дамытып келеді. Бұл жерде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың посткеңестік жəне жалпы еуразиялық аймақта саудаэкономикалық интеграция бойынша көптеген бастамаларын атап өтуге болады. Солардың бірі, əрі бірегейі – «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты.
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанда автомобиль жəне темір жолдар салуға, аэропорттар мен тағы басқа да транспорттық инфрақұрылым нысандарын салуға бағытталған. Бұл Қазақстан экономикасын модернизациялаудың, оның жаһандық үдерістерге кіруінің ұлттық бағдарламасы. Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу-бір жол» бағдарламасын тоғыстыру жүзеге асыру күн тəртібіндегі маңызды мəселе. Екі бағдарламаның өзара əрекеттестігі, Қазақстан мен Қытай арасындағы ғана емес, аймақ көлеміндегі əлеуметтік-экономикалық интеграцияның жаңа деңгейін көрсетеді.
Қос бағдарламаны тоғыстыру барысында көптеген инвестициялық жобаларды қаржыландыру көзделген. Бұл жобалар тек транспорттық инфрақұрылымға ғана емес, одан да кең экономикалық селбестікке, яғни
6
«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»
Қазақстан мен Орталық Азияның басқа мемлекеттеріндегі өндірісті арттыру бойынша халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Қазірдің өзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық өзара əрекеттестік пен өзара байланыс деңгейі жоғары деуге болады. Тараптар тауар айналымының едəуір биік деңгейіне көтерілді, бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Ал «Нұрлы жол» жəне «Бір белдеу-бір жол» бағдарламаларының тоғысуы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық жəне саяси өзара əрекеттестіктің одан да жоғары деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді.
Қазақстанның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» стратегиясы аясында қолға алынып, бүгінде жүзеге асырылып отырған жобалар таяу жылдары еліміздің экономикасына сүбелі үлес қосатын нысандарға айналары анық. Қолға алынған «Жібек жолының экономикалық белдеуі» Еуразия халықтарының экономикалық байланысын нығайтуға, өзара ынтымақтастықты кеңейтуге арналған. Оны жүзеге асыру барысында ежелгі Жібек жолы бойында орналасқан елдерге өзара тиімді экономикалық серіктестікті орнатуға, біртұтас транспорттық инфрақұрылым құруға, сауда қатынастарын дамытуға тамаша мүмкіндіктер туындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 сəуірде Ресейге жасаған өзінің тұңғыш ресми сапары барысында, тілшілердің сұрақтарына берген жауабында «Бір белдеу – бір жол» жобасы аясында Қытай, Ресей жəне Қазақстанға ортақ келешекте жүзеге асырылатын бастамаларға тоқталып, жылдық сауда айналымын 2,5 триллион долларға жеткізуге мүмкіндік беретін жобаның Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу-бір жол» бағдарламасын тоғыстырудың маңызды екенін, оның жоспарда тұрғанын айтты. Сондай-ақ ол «Бір белдеу – бір жол» бастамасын еуразиялық экономикалық одақтың басқа бағдарламаларымен ұштастыру бүкіл еуразиялық кеңістіктің экономикалық дамуына жаңа серпін береді ", - деп атап көрсетті.
Демек, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу-бір жол» бағдарламасы өз жалғасын табады, өзара ынтымақтастық байланыстар нығая түседі деп айта аламыз. Өйткені жақында ғана Пекинде өткен екінші реткі «Бір белдеу-бір жол» саммиті де, аталмыш жоба аясында өзара ынтымақтастықтың дамитыны анықталды. Сондықтан екі ел ғалымдары тізе қоса отырып, «Бір белдеу-бір жол» мен «Нұрлы жол» концепцияларын жəне оның қазірге дейінгі практикада жүзеге барысындағы маңызды тəжірибелер мен жетілдіре түсуге тиісті шаралары ғылыми түрде жан-жақты саралап, теориялық əрі практикалық маңызы бар тұжырымдар мен нақты ұсыныстар жасауын үміт етемін.
Біз бірлесе отырып ғылыими-зерттеулер жүргізіп, екі бағдарламаны ұштастыра отырып, ынтымақтасып жеңіске бірге жетуге ақыл-кеңес айтар болсақ, жұмысымызды оңтайландырып отыратын болсақ, ежелгі Жібек жолы
7
«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»
қайта жаңғырады, адамзат өркениеті өседі, достық ынтымақтастық дами түседі.
Демек, «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу-бір жол» жобалары екіжақты, көпжақты ынтымақтастық аясын кеңейтетін жобалар. Ендеше ҚазақстанҚытай арасындағы достық ынтымақтастық қатынастың табысты болуына өз үлесімізді қосайық, əріптестер.
Бүгінгі конференцияға сəттілік тілеймін! 2019 жыл 3 мамыр
ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ӨНДІРІС ҚУАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫЖӨНІНДЕ
Мұқаметханұлы Нəбижан
т.ғ.д., профессор, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан nabizhan.muhametkhanuly@gmail.com
Мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы өндіріс қуаты саласында ынтымақтастықтық қатынастарының қалыптасу тарихи процессі, оның алғышарттары, екі елдің өндіріс қуаты саласында қол қойған ынтымақтастық келісімшарттары жəне оның іске асырылуы мен болашақ даму беталыстарына талдау жасалады. Автор, екі ел арасындағы өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастықтар екі елге де пайдалы, даму болашағы зор, дегенмен əлі де назар аударуға тиісті мəселелер бар деп санайды.
Түйін сөздер: Өндіріс қуаты, ынтымақтастық, даму, преспектива, назар аударатын мəселелер.
КАЗАХСТАНСКО-КИТАЙСКОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО В СФЕРЕ ПРОИЗВОДИТЕЛЬНЫХ СИЛ
Аннотация. В статье анализируются исторический процесс, предпосылки, достигнутые соглашения сотрудничества между Казахстаном и Китаем в области производственных мощностей. А так же расматривается пути реализации и будущие тенденций развития в сотрудничества в этой области. Автор считает, что сотрудничество между двумя странами в области производственных мощностей выгодно обеим странам и имеет огромный потенциал развития. И в то же время существует ряд проблем, которые требуют тщательного рассмотрения.
Ключевые слова: производственные мощности, сотрудничество, развитие, перспективы, проблемные вопросы.
KAZAKHSTAN-CHINESE COOPERATION IN THE SPHERE OF PRODUCTION
FORCES
Abstract.The article analyzes the historical process, the prerequisites, agreements reached cooperation between Kazakhstan and China in the field of production capacity. It also looks at ways to implement and future development trends in cooperation in this area. The author believes that cooperation between the two countries in the field of production capacity is
8
«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»
beneficial to both countries and has great potential for development. And at the same time, there are a number of problems that require careful consideration.
Keywords: production capacity, cooperation, development, prospects, problem issues.
Қазақстанмен Қытай қатынастарындағы өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастық – екі елдің стратегиялық əріптестік қатынастарының жаңа кезеңіндегі тың нəтиже ретінде, сондай-ақ ол əлі де дами түсетін ынтымақтастық моделі реттінде зерттеуге тұратын маңызды тақырып деп санаймын.
1. Қазақстан Қытай арасында өндіріс қуаты ынтымақтастығының орнауы
1992 жылы Қазақстан мен Қытай дипломатиялық қатынас орнатқаннан бері, екі елдің əрбір саладағы достық ынтымақтастық қарым-қатынастар кеңістігі біртіндеп кеңею жəне өрлеу динамикасында келеді. 2002 жылы Қазақстан мен Қытай арасында татукөршілік жəне достық ынтымақтастық қатынас орнады, 2005 жылы ол стратегиялық əріптестік қатынасқа айналды, 2011 жылы жалпыбеттік стратегиялық əріптестік қатынас деңгейіне көтерілді.
2013 жылы қыркүйекте Қытай төрағасы Си Цзиньпин Орта Азия мемлекеттеріне жасаған алғашқы сапарында алдымен Қазақстан Республикасына келді. Ол сапар барысында Назанбаев университетінде жасаған баяндамасында: «Инновациялық ынтымақтастық моделімен Жібек жолы экономикалық белдеуін ортақ құрайық» деген халықаралық инициативасын ұсынды. Бұл ұсыныстың дəуірлік, геосаяси жəне геоэкономикалық маңызы зор еді. Сондықтан оған Қазақстан дереу үн қосты. Сол жылдың 11 қарасшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылға арнаған Қазақстан халқына Жолдауында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатын жариялады [1]. Бұл жаңа саясаттың басты мақсаты - экономикалық құрылымдық трансформацияны ілгерлетіп, пəрменді түрдеэкономиканы өсіру. Сондықтан «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты қатынас-транспорт, өнеркəсіп, энергетика, əлеуметтік имфрақұрылымдарды дамытуды басты орынға қойды. Сонымен Қазастанның болашақ даму жоспары Қытай инициативасымен ұштасып, екіжақтың «Бір белдеу-бір жол» аясындағы «саясаты сайкесіп», екі ел қатынастарын жаңа тарихи кезеңге көтерді. Сондай-ақ екі елдің өндіріс қуаты саласында ынтымақтастық орнатуына саясаттық негіз қалады. Содан бастап «Қытай мен Қазақстан өндіріс қуаты саласында ынтымақтасудың жолдарын қарастыра бастады»[2].
Ал екі елдің «Саясат сəйкестігі» жоғары дəрежелі басшылардың өзара сапарларын көбейтті. Сапарлар барысында екіжақ «Бір белдеу-бір жол» аясында бірқатар ынтымақтастық келісімшарттарға қол қойды жəне оны біртіндеп іске асырып келеді.
2014 жылы желтоқсан айында ҚХР премьер министрі Ли Кэчан Қазақстан Республикасына сапармен келді. Екі ел үкіметтері жалпы құны 14 милрд доллар тұратын 30-дан астам ынтымақтастық келісімшартқа қол
9
«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»
қойды. Сондай-ақ «Жібек жолы экономикалық белдеуі құрылысын ортақ ілгерлету мемурандумына» қол қойып, жалпы құны 18 милрд доллар тұратын Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жобасы шартын жасады. Сондай-ақ екіжақ алғашқы қадамда 16 ерте өнім беретін жоба жəне 63 болашақта жасалатын жобалардың тізімін бекітті. Онда цемент, металлургия, айнек жасау, тау-кен өндірісі, химия, энергетика жəне электр қуаты қатарлы салалар қамтылған.
2015 жылы науырызда Қазақстан Республикасы премьер министрі Карім Мəсімов Қытайға жасаған сапарында, екі ел өндіріс қуаты жəне инвестиция ынтымақтастығы мемурандумына қол қойды, сонымен қатар металлургия, мұнай өңдеу, су электрстаниясы, машина жасау, түсті металл, əйнек жасау қатарлы жалпы құнды 23,6 млрд доллар тұратын өндіріс қуаты ынтымақтастық келісімшартына қол қойды. 2015 жылы желтоқсанда ҚР мен ҚХР премьер министрлері «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтерінің бірлескен мəлімдемесін» жариялады. Онда «Тезарада «Жібек жолы экономикалық белдеуі мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұштастыруды жоспарлау бірлескен қызметін бастау» айтылды.
2015 жылы 31 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жасаған сапарында, Қазақстан мен Қытай мемлекет басшылары «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы жалпыжүздік стратегиялық əріптестік қатынастың жаңа кезеңі жөнінде бірлескен Дикларацияға» жəне өндіріс қуаты мен инвестиция ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық рамкалық келісімшартқа қол қойды. Міне, бұл екі елдің даму стратегиясының түйіліскенін көрсетеді. Сондай-ақ ол Қытайдың шет елмен қол қойған ең алғашқы өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастық келісімшарты болып табылады [3].
Осы келісімшартының жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін, Қытай салааралық қызмет механизмін, өндіріс қуаты ынтымақтастық Қорын құрды. Оның аясында 51 жобаны іске асыру белгіленді. Сондай-ақ 23 млрд доллар тұратын 25 келісімшартқа қол қойды. Соның ішінде машина құрастыру, политилэн Астана қаласында жеңіл поез жолын салу, металлургия, темір қорыту, цемент қатарлы жобалар қолға алынды.
Демек, жоғарыдағы келісімшарттардың жасалуы жəне олардың іске асырыла бастауы, екі ел арасында өндіріс қуаты саласында ынтымақтастық қатынастарының қалыптасқандығын көрсетеді.
2. Қазақстан-Қытай өндіріс қуаты ынтымақтастық қатынасының дамуы
2016 жылы 2 қырыкүйекте Қазақстан мен Қытай үкіметтері «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері «Жібек жолы экономикалық белдеуі» құрылысы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты ұштастыру жоспары» деген құжатқа қол қойды. Бұл «Жоспарда» қатынас-транспорт саласында негізгі импрафқұрылымдарды өзара жалғау ынтымақтастығын нығайту, Қытай-Қазақстан – Батыс Азия; ҚытайҚазақстан- Ресей-Батыс Еуропа жəне Қытай-Қазақстан-Оңтүстік Капказ-
10