Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

атанған Мұхтар Әуезов шығармалары әлемдік классиканың төрінен орын алған. «Табиғатынан керемет дарынды жаратылған Мұхтар Әуезовтің ұлттық данышпанымыз Абаймен туыс, елдес, жерлес болуы – оның өмірлік тағдырына шешуші ықпал жасаған факторлардың бірі», – деген Р. Нұрғалиевтің сөзі ойымызға оралады. [127, 210]. Расында да, Абай мен Әуезовтің табиғат суретін берудегі ұқсастықтарын олардың бір ортадан, бір мекеннен шыққандығынан іздеуіміз керек. Бір топырақтан шыққан қос суреткердің тілінде, өнерінде, ой дүниесінде ортақ қасиеттер болуы заңды құбылыс қой. Оның үстіне өзінің рухани ұстазы ретінде М. Әуезовтің Абайды өмір бойы пір тұтқаны белгілі. Осы жөнінде М. Қаратаевтың айтқан сөзіне ден қойсақ: «...Мұхтар жасынан Абай өлеңдерін оқи өсіп, Абай поэзиясының барлық нәрін, нұрын, шырынын бойына сіңірді десек, оның әдебиетте Абай дәстүрін эстафета ретінде мирас тұтып, ілгері тартқанын да атап айту керек» [252, 8]. Яғни Әуезовтің Абай өлеңдерін оқып, одан нәр алып өскенімен қоса, әдебиетте Абай дәстүрін ары қарай жалғастырғанын көруге болады.

Өскен ортасы, көз ашқалы көріп білген, иісі бойына сіңген табиғат дүниесі: жер мен су, тау мен дала, әрбір сайы тарих шежіресін шертіп тұратын қазыналы, құтты Шыңғыстау – Абай мен Шәкәрімнің ата мекені, тал бесігі Мұхтардың жазушы болып қалыптасуына әсер еткен. Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығының бірі табиғат келбетін суреттеу екенін ғалым Р. Бердібаев атап көрсетеді. «Оның шығармаларында туған жер табиғатының түрлі кезеңіне тән суреттер өрнектеліп түскен. Біз табиғатта соншама ғажайып көрік, таусылмас, көнермес ажар бар екендігін қазақ әдебиетінде М. Әуезов творчествосынан айрықша танып өскенбіз. Ол халқымыздың ең таңдаулы табиғат жыршысы десек, ағат болмас», – деп бағабереді [106, 181].

М. Әуезовтің барлық шығармасында дерлік табиғат көріністері суреттеліп, оқиғамен, кейіпкер көңіл-күйімен ұштастырылып қаламгер шеберлігін танытып жатады. М. Әуезовтің алғашқы әңгімелерінде суреттелген пейзаж көріністері кейіннен «Абай жолы» роман-эпопеясында қоюлана тереңдей түскен. «Алғашқы әңгімедегі әуендер кейін, көптеген туындыларында қайта өрбіп, дамып, өрлеп отырады» [127, 213].

341

Жазушының жиырмасыншы жылдары жазған алғашқы әңгі- ме-повестеріндегі табиғат суреттері кейіннен «Абай жолы» ро- ман-эпопеясында дамып күрделене түседі. «Кейін Әуезовтің атақты эпопеясында жазғаны да сол дала, сондағы ауыл, сол бір қоғамдық орта болатын. Мұндағы айырмашылық – Жидебайдағы бұрынғыша мешеу, езілген ауылды енді қазақтың ұлы ақыны Абайдың даналығы мен жарқын бейнесі нұрландырады да, Мұхтарды үміт пен сенімнің шамшырағындай ертеңгі сәулелі күнге шақырады» [252, 5].

Жазушы суреттеуіндегі пейзаж шығармадағы кейіпкердің характерін, психологиясын тануға ерекше қызмет етеді. Шығарма сюжетінің өрбуіне себепкер болады. Оқырманды болатын оқиғаға алдын ала іштей дайындап қызықтыра түседі. Автордың әңгіме-повестеріндегі пейзаж көрінісі мен «Абай жолы» романэпопеясындағы табиғат суретінде ұқсастық байқалады. Себебі жазушы өзінің туған жері атамекенінің табиғатын, сол өңірдің тұрмыс-тіршілігін, қазақ өміріндегі болған оқиға шындығын жазды. Бұған М. Әуезовтің өз сөзі дәлел болады: «Романдардағы географиялық атаулар, пейзаж – бәрі де шындық. Әсіресе пейзаж – Абай туған даланың жай, жалаң көріністері ғана емес, тірі табиғаттың сырлы суреттері» [82, 110].

Халқымыздың бай ауыз әдебиеті, шешендік өнері М. Әуезовтің еркін сусындаған мөлдір айдыны еді. Өз атасы Әуездің әдемі әңгімелерінің әсерімен, кейін данышпан Абай шығармалары арқылы қалам ұстады. Жазушы өскен Шыңғыстау елінде Толстой, Пушкин, Лермонтов – ертеден сіңісті болған есімдер. Абай ауылына шығыс пен батыс елдерінің әдебиет, тарих, салтсана мұралары жетіп жатты. Мұхтар Әуезов осындай ортада туып, ұлы Абай гүл еккен бақшада ер жетті. Ол Абай мұрасына қанығып өсті. Сондықтан Абай мұрасының М. Әуезов шығармаларынан көрініс тауып, келісімді орын алуы – заңды нәрсе. М. Әуезов әңгімелерінен пейзаж суреттерін іздеп отырғанда бұл құбылысқа көзіміз анық жетті.

М. Әуезовтің табиғат келбетін бейнелейтін көркем тілмен жазылған суреттеме әңгімелері – «Қыр суреттері» мен «Қыр әңгімелері». «Қыр суреттері» әңгімесі жайлы академик З. Қабдолов өте жоғары баға берген. «Сөзбен салынған сұлу сурет емес пе? Шап-шағын әңгімеге кешкі ауылдың кейпі, көркі, демі,

342

тынысы түгел сыйып кеткен. Жан тебірентер жайдары пейзаж! Ал пейзаж – биік мәдениетті прозаға ғана тән белгі. Демек, Әуезов әңгімелері арқылы қазақ прозасына жаңа мәдениет дарыған» [240, 381]. Қазақ даласының кең жазық алқабы, ойпат-қыраты, тауы мен сайы, өзен-көлі, бұтасы мен тасы тамылжыған тілмен соншалық шебер бейнеленген. Табиғат құбылысындағы өзгерістер көз алдыңа жанды суретті елестетеді.

Бұл туындылар жас жазушының алғашқы әңгімелері болғандықтан, халқының бар тіл байлығының шұрайларын, өзінің рухани ұстазы Абайдың сөздік өрнектерін пайдаланғаны байқалады. Мысалы: «Ауылдардың арасымен жасыл сайды жарып аққан жіңішке өзен. Жаңа жамыраған қозылар енелерімен бірге, у-шуынан басылып, ауылдардың екі жағындағы адырларға тырағайлап өріп барады» [107, 344]. Абай: «Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су», – деп айтса, М. Әуезов: «Кейде тура ағып, кейде иіріліп, бұраң-шимай жасайды», – деп өзеннің ағысын қарасөзбен жетілдіре түседі. Ақынның образды суреттеуіндегі кейіптеу тәсілін жазушы түрлендіре, құлпырта жандандырады. Сұлу табиғат аясындағы көшпелі елдің тұрмысы Абайдың «Жаз», «Жазғытұры» атты өлеңдерінде тамашажырланған еді.

Тау ішіндегі қысқы түнде соққан желдің қаһарлы көрінісін, ақ боранның аласұрып ұйтқыған суығын жазушы соншалық үрейлі етіп жазады. «Ысқырып, бұлқынып, жынданып келе жатқан жолында беті қара жартас, жапырағынан айырылған әлсіз ағаш, қарауытқан кішкене қора көрінсе де – екпіндеп келіп, кеудесімен соғып, ақ түтек боранның қиыршықтанған тозаңын шашып, беттерін дамыл алмай көміп тұр» [107, 345]. Осы үзіндідегі «жапырағынан айырылған әлсіз ағаш» тіркесі Абайдың «Күз» өлеңіндегі «Жапырағынан айырылған ағаш, қурай» деген өлең жолымен дәлме-дәл келіп тұр. Абай тіліндегі кейбір сөз образдарын М. Әуезов туындыларында жиі қайталай береді. Жазушы кейде ақын сөздерін арнайы қажет жерінде пайдаланып отырса, кейде дәстүрлі түрде бала кезінен санасына, рухани жадына сіңісті болып кеткендіктен, машықты, үйреншікті тәсілменқайталапотырады.

Яғни рухани ұстазы Абай өлеңдеріндегі табиғат көріністері кейіннен өзінің әңгімелері мен «Абай жолы» роман-эпопеясын- да көркемдік шеберлікпен жалғасын тапқан. Қазақ поэзиясында табиғат лирикасының тұңғыш негізін салған Абай өлеңдеріндегі

343

пейзаж көріністерінің тамаша өрнектері М. Әуезов прозасында түрленіп, құлпырып, ажарлана түседі. Ойымызды нақты мысалдар арқылы салыстырған төмендегі кесте бойынша дәлелдейміз.

 

4-кесте

 

 

 

Абайда:

Әуезовте:

 

Қыз-келіншек үй тігер,

... үйлерден шыққан қолы бос, еріккен қыз-

 

Бұрала басып былқылдап,

келіншек екіден-үштен қосылып

 

Ақ білегін сыбанып,

қалжыңдасып, күлісіп-сыңқылдасып, су

 

Әзілдесіп сыңқылдап.

жаққа барып, біресе топтанып ойнап, дөң

 

...Жылқышылар кеп тұрса,

асып кетіп жатыр...

 

Таңертеңнен салпылдап.

 

 

Мылтық атқан, құс салған.

«Қыр суреттері»

 

Жас бозбала бір бөлек.

 

«Жаз»

 

 

Жазға жақсы киінер қыз-

Бұлардың тобынан жырылып қалған қыз ақ

 

келіншек,

көйлек, қара камзолымен ауылдың түсін

 

Жер жүзіне өң берер гүл-

ашып, даланың өзінше бір күйін еске

 

бәйшешек.

түсіргендей болады.

 

«Жазғытұры»

«Ескілік көлеңкесінде»

 

Сұр бұлт суық қаптайды

Қазіргі жарық түннің тыныштығының

 

аспан,

ортасында Кеңөзек ұйқыға кеткен сұлудай

 

Күз болып дымқыл тұман

болымсыз дымқыл тұманмен бусанып,

 

жерді басқан.

тыныс алған сияқты.

 

«Күз»

«Барымта»

 

Желсіз түнде жарық ай,

Бауырға қарай ығысып көшіп келе жатқан

 

Сәулесі суда дірілдеп.

ел жаппалап қонған еді. Ай жарық, түн

 

 

желсіз тынық.

 

«Желсіз түнде жарық ай»

«Оқыған азамат»

 

Шұрқырап жатқан

Әншейінде шыдамды жылқы дәл бұл

 

жылқының

уақытта ыстықта шын ауырлап, мең-зең

 

Шалғыннан жоны

болып тұрғандай. Бұлардың ыстықтан

 

қылтылдап,

мазасы бір кетсе, ызыңдап ұшқан, тынымы

 

Ат, айғырлар, биелер

жоқ көкбас сона, бүгелектен тағы

 

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

тыныштығы кетіп: суды аяқтарымен

 

Суда тұрып шыбындап,

шылпылдатып, құйрығымен екі жағын

 

Құйрығымен шылпылдап.

сабаланып, тыным ала алмай тұр...

 

«Жаз»

«Үйлену»

 

Абайдың табиғат лирикасын суреттеудегі шеберлігі мен М. Әуезовтің пейзаж жасаудағы жазушылық тәсіліндегі ортақ

344

ұқсастықтарды байқауға болады. Соның ішінде әсіресе екі сөз зергерінің өздеріне тән ұлттық өрнектері мен суреттеу шеберлігіндегі сәйкестіктерді атар едік.

М. Әуезовтің отызыншы жылдары жазған әңгімелерінің ішінен табиғат көрінісін суреттеген «Бүркітші» әңгімесін даралап алуға болады. Өйткені бұл әңгімеде жазушы саятшылық өнерді өте келісті бейнелеген. 30-жылдардағы әңгімелерінде жазушы тақырыбын кеңес өкіметін жазуға қарай ойыстырады. Біз бұл әңгімені тақырып, идея жағынан талдап жатудан аулақпыз, бізге қажеті – жазушының суреткерлік шеберлігі.

М. Әуезовтің 30-жылдары жазған әңгімелерін жаңа көзқараспен пайымдап талдау жасаған ғалым Т. Сыдықовтың «Бүгінгі шындық және Мұхтар Әуезов» атты мақаласында «Бүркітші» әңгімесі туралы мынадай пікірі бар: «Мұхтар табиғаттың даналығына, сұлулық, сұңғылалығына, жаратушылық құдіретіне ел назарын аудару, сүйсінтіп, тамсандыру үшін образдылық, бейнелілік, поэтикалық сипатқабөлеугеқараулық жасамайды» [253, 69].

Әңгіме екі аңшы Бекбол мен Жәнібектің аңға шыққалы жатқанын баяндаумен басталады. Жылқы заводының бригадирі Оспанқұл оларға күтпеген жерден суық хабар әкеледі: заводтың бірнеше жылқысы қолды болған екен. Оспанқұл кәнігі аңшы Бекболдан сол төңіректегі тау-тастарды тінтіп, жылқыны ұрлаған жауды тауып алуға көмектесуді өтінеді. Бекбол бұл төңіректің ұңқыр-шұңқырын, жер жағдайын жақсы білетін қарт аңшы. Бекболдың баптап ұстап отырған құсын былай деп сипаттайды: «Оның қолындағы бала бүркіт Қаракер оң аяғының көк тұяқтарын салдырлатып, томағасын қаға бастады. Бұл құсты Бекбол осы аз күннен бері ғана өз қасына алып, енді баулып жүр еді. Мазасыз мінезі көп, әлі тентек, сабырсыз құс. Әрдайым томағасын қағып түсіріп, жарық дүниені жалаң бас күйде көргісі келеді» [254, 71]. Жазушы құстың өзіне осындай мінездеме береді. Яғни саятшылық өнерді, құс баптаудың қыр-сырын жақсы біледі деген сөз. Автор ол өнерді оқырманға түсінікті әрі қызғылықты тілмен әсерлі жеткізеді.

Аңшының баулыған қыран бүркітінің қимылын жазушы табиғатпен тұтастықта өте әсерлі суреттейді. Абайдың саятшылық өнерді көркем бейнелейтін «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңіндегі құбылыспен үндес шыққан. Абай аңшының құс

345

салып түлкі алуын түрлі-түсті бояумен бейнелеп, көзге тірі сурет елестетеді. «Бүркітші» әңгімесінде бұл құбылыс былай берілген: «Қызылбалақ Жәнібектен оқ бойындай өтіп барды да, тағы бір рет, соңғы рет ызғығандай боп, төстиіп, сопаң етіп өрлеп шығып алып, сол сәтінде жарқ беріп, шұғыл бұрылып төмен қарай зу етіп, құлай жөнелді. ...Тура тастаған тастай шаншылып кеп, қорым тастың аржақ қабатына бір-ақ жоқ болды. Жәнібек те шауып барып, атынан түсіп ұмар-жұмар боп қалды» [254, 71].

Абай өлеңіндегі:

Көктен қыран сорғалап құйылғанда. Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, –

деген жолдарын еске түсіреді.

Өзге өнердің қолынан келмейтінін тек сөз өнері арқылы ғана сымбаттап, кескіндеп беретін сұлу мүсінді көз алдымызға елестетіп, жайып салған Абайдың бірнеше өлеңдері бар. Абайдың адамның портретін жасаған өлеңдері – шынайы классикалық биік туындылар. Әсіресе ару қыздардың келбетін жасаған өлеңдерін сөзбен салған сұлу сурет деуге болады. Абайдың «Білектей арқасында өрген бұрым», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Көзімнің қарасы» өлеңдерінде сұлу қыздың кескіні көркем шеберлікпен суреттеледі. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сұлу қыздардыңпортретінАбайөлеңдерінесүйеніпжасаған.

Портреттің ең үздік үлгілері ауыз әдебиетіндегі лиро-эпос- тық жырларда нақышын тауып, кейін жазба әдебиетте дамыды. Портрет жасаудың озық үлгілерін қазақ әдебиеттану ғылымында көркем сөз иелері Абай мен М. Әуезов жасап, өз шығармаларында құлпыртып, өзгеше өрнек туғызды.

Әдебиет зерттеушісі Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің сөзіне жүгінсек: «Әдеби портрет – кейіпкер мүсіндеудің мәнді құралдарының бірі. Портрет – адамның ішкі жан дүниесінің, көзқарасының, өсу, өзгеру жолының сыртқы айнасы. Кейіпкердің мәнді сипаттарын, ерекшеліктерін жинақтап меңзеуге портреттің орны ерекше. Көркем әдебиеттегі портрет адамның бет-жүзін, пішіні ғана емес, сонымен қатар қимыл-қозғалысын, рең өзгерісін, сөйлеу мәнерін, дауыс сипатын, киімін тағы басқа қамтиды», – деген портретке берген анықтамасы М. Әуезов жасаған мүсіндерге тән құбылыс екенін айтуға болады [255, 96].

346

М. Әуезовтің сұлу қыздардың портретін сипаттау кезінде «шолпы» сөзін әңгімелерінде, «Абай жолы» эпопеясында жиі қолданып отыратын тұстарын кездестіруге болады. «Шолпы» сөзі Тоғжанның символы ретінде бейнеленеді. Осы жерде К. Қанафиеваның пікірі ойымызға оралады: «Мысалы, күміс шолпы сыңғыры Абайдың көз алдына Тоғжан бейнесін елестете береді. Сонымен қатар бұл таза, шынайы махаббаттың символы іспетті. Абайдың уақыт өткен сайын Тоғжанға деген сағынышы ұлғая береді. Мына дүниеден қол үзіп, күдер үзген сәттерде жападан жалғыз қалып ауыр ойға шомған шақтарда қараңғы түнде жарқ еткен жұлдыздай Абай санасына шолпы сыңғыры оралады. Шолпы сыңғыры Абай үшін мөлдірліктің, тазалықтың, қол жетпес қиял-арманның бейнесі сияқты» [256, 196].

М. Әуезов «Кім кінәлі?» атты әңгімесінде Ғазизаның кескінін былай суреттейді: «Аз ғана уақыт өткен соң есік жаққа көзін салып отырған Ісләмнің құлағына ақырын сылдырлап келе жатқан шолпы даусы естіліп, біраздан соң үйге Ғазиза кірді. ...Сәнді киімді Ғазиза кіргенде, үйдің ішіне айрықша көрік, жарастық белгісі бірге кіргендей болды. Жастар біріне бірі қысылып қарап, ақырын амандасқанда Ғазизаның ақшыл беті дуылдап қызарып кетті» [107, 287]. Ғазизаның кескінін келістірген сәтінде жазушы Абайдың: «Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын» деген өлең жолын «ақырын сылдырлап келе жатқан шолпы даусы естіліп» деп қарасөзге айналдырып қолданады.

Жазушының Ғазизаның портретін сипаттау кезінде, Абайдың кескін жасау үлгісіне сүйенгені анық байқалады. Мәселен келесі бір үзіндіге назар аударсақ: «Екі жылдан бері қарай жаңа ғана көрген Ісләмға Ғазизаның түсі бұрынғысынан әлденеше рет сұлу болып, үйдің ішіндегі ала көлеңкелеу сәулемен ақшыл жүзі өзгеше нұрланғандай көрінді», – делінген [107, 287]. Ғазизаның сұлу көркі мен ақшыл жүзіне «нұрланғандай» деген сөздің қосылуы қыз келбетін әрлендіріп ерекше сипат туғызып тұр. Бұндай кескін жасаудың үлгісін Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңіндегі «Аласы аз қара көзі нұр жайнайды», «Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды» деген тіркестерді пайдаланғаны көрініп тұр.

347

Абай өлеңінде:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Жіңішке қара қасы сызып қойған Бір жаңа ұқсатамын туған айды [42, 70].

Осы өлеңдегі сұлу қызға берілген сипаттама «Абай жолы» эпопеясындағы Тоғжан портретіне дәлме-дәл келеді. Мәселен: «Орташа келген қырлы мұрыны енді анық көрінеді. Қырынан иегінің астында жұқа ғана бір толқындай боп нәзік бұғағы білінеді. Жылтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен ерекше аппақ нәзік мойнына қарай түсіпті» [156, 113]. Абайдың ару қызға арнап жазған өлеңіндегі әрбір деталь, штрих эпопеяда сомдалатын сұлу қыздардың портреттерінде тігісін тауып, құлпыра түседі.

Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді, Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын, [42, 70] –

деген ақын өлеңіндегі қыз кескіні эпопеяда одан әрі ажарлана түседі. «Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр білегі, жас баланың етіндей, ақ торғындай мойыны!» [156, 115]. Қыздың бетжүзіндегі, дене мүшесіндегі әрбір сипаттаулар Абай өлеңінде кескінделген мүсінге өте жақын келеді. Ақын өлеңiндегi әр тiркестi пайдалана отырып, жазушы Тоғжанға портрет бергенде үнемі «аппақ жұмыр білегі», «ақ торғындай мойыны» деп, Тоғжанға ғана тән «аппақ», «ақ» түстермен даралап көрсетеді.

Эпопеяның «Бел-белесте» тарауында қаралы көш Бөжей қыздарымен бірге кетіп бара жатқан ат үстіндегі Тоғжан портреті былай беріледі: «Ат үсті жүріс, шырқап айтқан дауыс және құрбы қыздары – Бөжей қыздарына жаны ашуы бар, баршасы Тоғжанның қазіргі жүзін бір түрлі мағыналы нұрға малғандай. Ақ маңдай, аппақ жұмыр мойнына, қолаң жібек шашына бетінің үлбіреген қызылы соншалық жарасып тұр» [156, 145]. Тоғжан келбетін ерекше даралап тұрған ақ маңдай, қолаң жібек шаш, үлбіреген қызыл бет деген сипаттаулар «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінен алынғаны байқалады.

348

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды.

… Қолаң қара шашы бар жібек талды, Торғындай толқындырып көз таңдайды [42, 70].

Осы сияқты ұқсас сипаттауларды қыздың бет-ажарындағы сұлулығы мен жүзіндегі қимылынан да көруге болады. Яғни сұлулық келбетін аша түсетін бетіндегі әрбір қимылы оның ішкі жан дүниесін ашып береді. Мысалы «Абай дәл байқады ма, жоқ па? Бірақ шыға берген Тоғжанның аппақ жүзі қайтадан тағы бір рет, соңғы рет қою қызғылтпен ду ете түскендей көрінеді. Және сонымен қатар жымия күлген ерні аппақ маржандай тістерін айқын көрсеткендей болды. Үнсіз күлкімен езу тартып кеткен сияқты» [156, 116]. Тоғжанның әдеппен жымия күлген ерні, үнсіз езу тартып күлгені оның аппақ маржандай тістерін ғана айқындап тұрған жоқ, ішкі жан сұлулығын да аша түсіп, көрген жанды өзіне баурып тартады. Жазушының Тоғжан кескінін жасаған осы сипаттауларын Абай өлеңіндегі мына сөздерден алғаны нақтылы көрініп тұр. Салыстырып көрелік:

Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі, Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы,

Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды [42, 70].

Қыздың маржандай тісін, бұлбұлдай күлкісін, әдепті сөзін тізбелеп көрсетіп, сөзбен қыздың суретін салған ақынның хас шеберлігін осыдан танып білеміз.

«Абай жолы» роман-эпопеясындаТоғжаннан кейін ерекшесомдалатын, өзінің бар сұлулығы, іңкәрлігі, өнерпаздығымен оқырман жүрегін өзіне баурап ынтық ететін кейіпкер – Әйгерім бейнесі. Әйгерім Абайдың асыл жары, ақылшы серігі болып, эпопеяның барлық жеріндеөзініңасылмінезімен, іс-әрекетімен, ақыл-парасатымен жан-жақты сомдалады. Тоғжаннан айнымаған Әйгерімнің бойындағымінсізбарсұлулықтыжазушыАбайөлеңінесүйеніпбейнелейді.

Абайдың Әйгерімге арнап жазған «Көзімнің қарасы» өлеңіндегі қыздың сұлулығы мен мінезін суреттеу шеберлігін М. Әуезов эпопеяның «Тайғақта» тарауында пайдаланып, дамыта түседі.

349

Кең маңдай, қалың шаш, Я бір кез, я құлаш Ақ тамақ, қызыл жүз

Қарағым бетіңді аш! – [42, 187]

деген қыздың қалың шашы, кең маңдайы, ақ тамағы, қызыл жүзі

– баршасы сұлулықтың нышандары. Қыздың бет әлпетіндегі барлық деталь эпопеяда Әйгерім портретіне қона қалған. Абайдың алғаш Әйгерімді көрген сәтіндегі мүсіні эпопеяда былай сипатталады: «Орта бойлы, дәл Тоғжанның өз бойындай. Бар мүсіні келіп тұр. Бет бітімі, ақ қызылы жаңа Ербол айтқандай, айнымаған Тоғжан. Бұның да жібек талды, қолаң қара шашы бар»

[156, 308].

Қара көз, имек қас, Қараса жан тоймас. Аузың бал қызыл гүл

Ақ тісің кір шалмас, [42, 188] –

деген қыздың көзін, қасын, аузын, тісін барлығын жеке-жеке тізіп, ақын сөзбен сурет салады. Осы суреттеме эпопеяда құлпырып, ажарлана түскен. «Сыпайы жымиып, күліңкіреп кірді. Мінсіз аппақ тістер қолмен қойғандай екі бетіндегі нәзік жарастық қызылы, асығып күткен қызыл арай таң сәрідей» [156, 308]. Ақын өлеңіндегі қыздың «ақ тістер»і мен «қызыл гүлі» сол қалпында алынады да, оған жазушы образды тіркестер үстемелейді. Яғни «ақ тістерін қолмен қойғандай» деп оқырманның көз алдына образды елестетеді. Өлеңдегі суреттемені қарасөзге айналдырып, оған бейнелілік туғызады.

Қыр мұрын, қыпша бел Солқылдар соқса жел Ақ етің үлбіреп,

Өзгеше біткен гүл [42, 188 ]. –

Ақын өлеңіндегі «қырлы мұрын» деген бір ғана эпитетті тіркесті М. Әуезов кеңейтіп, оған ерекше сипат беріп, көркейте, құлпырта суреттейді. Мысалы: «Мұрын-аузы да, бір қарағанға ма, дәл сол сағынышты ғашығының Абайға ерекше ыстық көрі-

350

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]