Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детСтом эталончик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.32 Кб
Скачать

9.Созылмалы атрофиялық кандидоздың клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз

10. Механикалық жарақат әсерінен ауыз қуысының шырышты қабатының пайда болған өзгерістердің клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз Механикалық зақым (механическая травма) жедел және созылмалы болып екі түрге бөлінеді.

Жедел механикалық зақым (острая механическая трама –trauma mechanicum acutum) жарақаттаушы ықпал аз уақыт ішінде және үлкен күшпен әсер еткенде дамиды. Жарақаттаушы ықпалдар: соғып алу немесе тістеп алу және әртүрлі өткір немесе 11өтпейтін заттармен жарақаттану (кейде мұқият жүргізілмеген дәрігерлік әрекеттер де кілегей қабықтың зақымдануына әкеліп соғады). Зақымдаушы ықпалдың күшіне байланысты кілегей қабық тіндерінде жаншылу (ушиб), қан құйылу (гематома) үрдістері дамып, жабынды эпителий қабатының бүтіндігінің бұзылуы әсерінен жұқа жара (эрозия), дәнекер тін қабатының бүтіндігінің бұзылуынан ойық жара (язва) пайда болады (1- сурет).

Ауыз гигиенасы нашар және организмінің жалпы реактивтілігі төмен адамда зақымдану эрозиясы мен жарасы екіншілік инфекцияның әсерінен асқынып, терең оңайлықпен жазылмайтын жарақат ошағына айналуы мүмкін. Кілегей қабықтың жедел зақымын анықтау қиынға соқпайды. Себебі, ауру анамнезін жинақтаған кезде зақымдаушы ықпал туралы мәлімет алуға болады. Созылмалы механикалық зақым (trauma mechanicum chronicum) жиі кездеседі. Жарақаттаушы ықпалдар: тісжегі әсерінен бұзылған тістердің өткір қырлары, қатты тіс шөгінділері, сапасыз көпірге ұқсас және алмалы протездер, ауытқи шыққан және қозғалмалы тістер, жағымсыз әдеттер (ернін, ұрттың кілегей қабығын тістелеу).

Созылмалы механикалық зақым ұзақ уақыт және аз күшпен әсер ететін ықпалдардан дамиды. Клиникалық ерекшелігі және ағым үрдісі зақымдану ошағының орналасуына, аурудың жас ерекшелігіне, екіншілік инфекцияның әсеріне, зақымдаушы ықпалдың күшіне байланысты және көбіне жасы ұлғайған адамдар арасында жиі кездеседі. Бұған кілегей қабықтың тургорының төмендеуі, тістердің патологиялық қажалуына және көптеп жұлынуына байланысты тістем биіктігінің кішірейуі себепкер болады. Сонымен қатар тіндердің қайта құрылу қасиетінің төмендеуіне байланысты жасы ұлғайған адамдарда зақымдану ошағы баяу жазылады.

Кілегей қабықтағы созылмалы зақымдану ошағы ауруды аса көп мазаламауы мүмкін, кейде шамалы ыңғайсыздық ,аздаған ауру сезімі, домбығу (ісіну) белгісі болуы мүмкін.

Созылмалы зақымдану көбіне кілегей қабықтың катаралды қабынуы, оның бүтіндігінің бұзылуы (жұқа және терең жара), пролифермативті (өсу) үрдістері (қызылиек бүртіктерінің және жиегінің өсуі), тіл бүртіктерінің өсуі (папилломатоз), жабынды эпителийдің шамадан тыс мүйізгектенуі (лейкоплакия) түрінде кездеседі.

Кілегей қабықтың катаралды қабынуы. Бұл кезде зақымдану ошағында қызару (гиперемия), домбығу (отек) және клеткалар шоғырлануы (инфильтрация) байқалады. Қабыну үрдісінің айқындылығы әсер етуші ықпалдың (тітіркендіруші) күшімен және әсер ету уақытымен тығыз байланысты. Егер тітіркендіруші әсер жойылмаса, қабыну ошағында жалқықтану үрдісі (алғашында сарысулы, ал кейінірек іріңді) орын алады. Іріңді жалқықтану кезінде кілегей қабықтың жоғарғы қабаты бұзылысқа ұшырап, беті фибринді немесе іріңді қақпен жабылған жұқа жара (созылмалы зақымдану эрозиясы-хроническая траматическая эрозия) пайда болады және ауырып мазалай бастайды. Зақымдаушы фактордың әсерін дер кезінде тоқтатып, емдеу шараларын жүргізсе қабыну үрдісі басылып, эрозия тыртықтанбай тез арада жазылады.

Ал егер зақымдаушы фактор жойылмаса, зақымдану эрозиясы жараға айналады. Созылмалы зақымдану жарасы (хроническая травматическая язва – ulcus chronicum braumaticum) немесе декубиталды жара (декубитальная язва – ulcus decubitale) зақымдаушы әсер аймағынан оған қарама қарсы аймақта орналасады. Жараның көлемі, тереңдігі және пішіні әртүрлі, жиегі тегіс емес, қызарып ісінген кілегей қабықпен және қабыну инфильтратымен қоршалған, беті кейде таза, кейде ақшыл-сұр қақпен жабылған болып келеді(-сурет). Сипап тексергенде жараның табаны және жиегі жұмсақ. Егер жара ұзақ уақыт емделмесе, жиегі және табаны қатая бастайды (пролиферациялану үрдісінің басым болуына байланысты). Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған және аздап ауырады. Ауыз гигиенасы нашар болса, жара анаэробты инфекция әсерінен асқынып тереңдейді, бетінде сасық иісті жасыл-сұр қақ пайда болады. Жара алғашқы кезде ауырып мазалайды, бара-бара ауру сезімі бәсеңдеп, ауру адам оған көңіл бөлмей қояды. Ұзақ уақыт (2-3 ай) емделмеген созылмалы зақымдану жарасы қатерлі ісікке ауысуы мүмкін (-сурет).

Зақымдаушы факторларды жойып, тиімді, кешенді емдеу шараларын жүргізсе, жара тез тыртықтанып жазыла бастайды.

11. Химиялық күйіктің әсерінен ауыз қуысының шырышты қабатының пайда болған өзгерістердің клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз Химиялық зақымдаушы ықпалдар ауыздың кілегей қабығына жедел және с4озылмалы түрде әсер етуі мүмкін.

Жедел химиялық зақым күнделікті тұрмыста жоғары концентрациялы химиялық препараттарды кездейсоқ қабылдау кезінде (байқамай дәрі құтыларын химиялық заттар құтыларымен ауыстырып алу), немесе өз өміріне қол жұмсау (суицид) мақсатында колдану кезінде кездеседі. Көбіне дәрігер-стоматологтың тәжрибесінде әртүрлі стоматологиялық емдеу шараларын жүргізгенде дамитын химиялық зақымдар орын алады. Олар мышьяк қойыртпағының, фенолдың (карбол қышқылы), формалиннің, резорциннің, азотқышқылды күмістің, тістің қатты тіндерін ерітуге арналған қышқылдардың (тісжегі қуысын композитпен пломбылау кезінде), тістерді ағартуға арналған пергидролды колданудың әсерінен дамиды. Кейде тістің қатты ауыруын басу үшін қолданылған спирт, иіссу, ацетилсалицил қышқылы да кілегей қабықты күйдіре зақымдауы мүмкін.

Жоғары концентрациялы химиялық препараттар (қышқылдар мен сілтілер) кілегей қабықты күйдіреді. Күйіктің клиникалық көрінісі химиялық агенттің концентрациясына, мөлшеріне және әсер ету уақытына байланысты дамиды. Қышқылдар әсерінен туындаған күйік кілегей қабықтың коагуляциялық некрозға (өліеттенуге) ұшырауы нәтижесінде дамиды және бұл кезде зақымдану ошағында тығыз ақ, сарғыш немесе ақшыл-сұр түсті жарғақ (пленка) пайда болады. Жарғақ астындағы тіндермен берік байланысқан және төңірегінде дереу қабыну үрдісі дамып, қатты ауру сезімі пайда болады.

Сілтілер әсерінен туындаған күйік кілегей қабықтың колликвациялық некрозға ұшырауы нәтижесінде дамиды. Бұл кезде жарғақ пайда болмайды, өліеттенген тін жұмсақ, балмұздаққа ұқсас және терең жатқан қабаттарды қамтиды. Кезкелген күйіктен соң қатты ауру сезімі дамиды. Бірнеше тәуліктен кейін (4-7) химиялық зақым ошағындағы өліеттенген тіндер біртіндеп ыдырауға ұшырап, астындағы эрозия немесе жара беті ашылады. Төмен концентрациялы химиялық заттар әсер еткен кезде зақымдану ошағында катаралды қабыну белгілері дамиды.

Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдарын анықтау аса қиынға түспейді. Клиникалық көрінісі мен зақымдану себебі қосалқы тексеру әдістерін қажет етпейді.

12.Инфекциялық ауру скарлатина кезіндегі АҚШҚ өзгерістердің клиникалық көріністеріне сипаттама беріңіз Скарлатина. Этиологиясы: ауру қоздырғышы- А тобының гемолиикалық стрептокогының серологиялық типтері.

Тамшылы контактілі жолмен жұғады. Инкубациялық кезең 3-7 күн.

Эпидемиологиясы: 2 жастан -6-7 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Шағымдары: 39-40 градус С дене қызуының жоғарлауына,тамағындағы ауырсынуға,тәбет төмендеуіне,аузының құрғауына.

Клиникасы: Аурудың бастапқы кезінде жоғары температура фонында тіл жабындымен жабылады.Тілдегі бұл өзгерістердің үлкен диагностикалық маңызы бар,аурудың жасырын формаларында ауыз қуысындағы өзгерістер айқын болады. 3-4 күні жабынды жіп тәрізді емізікшелермен қоса түсіп қалады,тіл беті тегістеліп,жалаңаштанады,саңырауқұлақ тәрізді емізікшелер қалады,мұны »малина» тәрізді тіл деп атайды.Жұмсақ таңдай,бадамша бездер шырышты қабықшасы қызарады,гиперемия ошағы шектелген 2 тәулікте гиперемияланған ошақта ұсақ нүктелі энантеме пайда болады,кейін олар ұрт,қызылиек шырышты қабықшасына таралып,3-4 күні теріде пайда болады.

Емі: Симптоматикалық. Эпителидің жоғары десквамациясымен күресу,шырышты қабықша құрғауында,қыжылдауында- антисептикалық шаю,ауырсынуды басатын,кератопластикалық заттар көрсетілген.

Ауыз қуысын гигиеналық күту,жарақаттаушы және инфицирлеуші факторлардан аулақ болу (кариозды қуыстарды дентимен жабу).

13.Инфекциялық ауру қызылша кезіндегі АҚШҚ өзгерістердің клиникалық көріністеріне сипаттама беріңіз Корь.Этиологиясы. Ауру қоздырғышы-РНК-құрамды,парамиксовирустар тобына жататын фильтрленетін вирус. Ауа-тамшылы жолмен жұғады. Инкубациялық кезеңі 7-14 күн.

Эпидемиологиясы: 6 айдан 4 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Клиникасы: Аурудың басқа симптомдары болмаған кезде,яғни продромальды кезеңінде ауыз қуысында бөртпелер пайда болады.

Клиникалық көрінісі қызба,жоғары тыныс алу жолдарының катарымен,терідегі макуло-папулезді бөртпемен,коньюктивитпен, ауыз қуысындағы өзгерістермен сипатталады.

Терілік бөртпелердің шығуына 1 -2 күн қалғанда қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарында түсті дұрыс емес формадағы дақ-қызылшлық энантема пайда болады. 1 -2 күннен соң олар бір-бірімен қосылады.

Эпителидің беткі қабаттарының дегенерациясы және некрозы салдарынан Филатов-Коплик дақтары шығады.Ол тері бетінен көтеріліңкі орналасқан,ақ-сары түсті,шеттері ашық қызыл шеттікпен көмкерілген аймақ.Тампонмен сүрткенде кетпейді. И.О.Новик оларды «әк шашырандысы» деп сипаттайды.Жиі олар жоғары жақтың үлкен азу тістердің тұсындағы ұрт шырышты қабықшасында орналасады.Ұзақтығы 2-3 күнге созылады,теріде бөртпелер пайда болғанда жоғалады,бірақ ұртта гиперемия сақталып қалады.Жалпы жағдайы нашарлаған кезде,интоксикация күшейген жағдайда жараны стоматит,жақ остеомилиті,басқа сүйектер остеомиелиті дамуы мүмкін. Ауыз қуысы санацияланбаған науқастарда асқынулар дамуы мүмкін.Қызылша кезінде ағза реактивтілігі ,инфекцияға қарсыласу қабілеті төмендейді,сондықтан балаларда созылмалы герпетикалық инфекцияның өршуіне әкеледі.

ОГС,скарлатина,РГС,молочницамен ажырату диагностикасын жүргізеді.

Емі: ОГС,РГС алдын алу үшін аппликация түрінде вирусқа қарсы препарпттарды қолдану,ауыз қуысының гигиенасын қамтамасыз ету,еріндегі жарылуларда кератопластикалық препараттармен емдеу көрсетілген.

14.Инфекциялық ауру дифтерия кезіндегі АҚШҚ өзгерістердің клиникалық көріністеріне сипаттама беріңіз Дифтерия таңдай бадамша бездерінің,жұтқыншақ шырышты қабықшасының,жоғары тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталады,процесс қызыл иектерге де таралуы мүмкін .1-5 жастағы балалар ауырады. Клиникасы жедел басталады,баланың жалпы жағдайы нашарлап,дене қызуы 38 градус С дейін жоғарлайды.Тамағындағы ауырсынуға байланысты жұтына алмайды,жұмсақ таңдай,таңдай доғалары жәнебадамша бездер гиперемияланып,қатты ісінеді. 1-2 тәуліктен кейін жұтқыншақ ақ-сұр жабындымен толық жабылады,жабындыны алған кезде асты қанталап тұрады.Жабынды фибриннен,лейкоциттерден,эпителиден тұрады,сондықтан кейде түсі тотықты не кір-сұр түсті болады.Мұндай өзгерістер қызылиектеде жүріп жатады. Ауыздағы бөртпелер жақасты және мойын лимфа түйіндерінің айқын лимфаденитімен бірге қосарланады.

15.Көптүрлі экссудативті эритема кезіндегі АҚШҚ өзгерістердің клиникалық көріністеріне сипаттама беріңіз Көпформалы экссудативті эритема- жедел басталатын,жылдар бойы созылатын кең таралған ауру.5 жастан жоғары балаларда,жастарда,орта жастағы адамдарда кездеседі. Көпформалы экссудативті эритема (КЭЭ)- инфекциялық аллергиялық генездегі өзіндік жеке ауру не бірқатар медикаментозды препараттарды көтермеген жағдайдағы(антибиотиктер,сульфаниламидті препараттар, аспирин және т.б) токсикодермияның бір көрінісі болуы мүмкін.

КЭЭ 2 формасын ажыратады: 1.Инфекциялы- аллергиялық; 2. Токсико- аллергиялық.

КЭЭ инфекциялық аллргиялық формасы суық мезгілде ағзаның жалпы жағдайы төмендеген кезде жедел басталады.Көп жағдайда КЭЭ дамуына баспа себеп болады.

Қалтырау,жалпы әлсіздік,делсалдық пайда болады.Дене қызуы 38-39 градус С не одан жоғары болады.Балалар басының ауруына,көз алмаларындағы,бұлшықет,буындарындағы ауырсынуға шағымданады.Тамақ ауруы мүмкін. 1-2 күннен соң теріде диаметрі 1-2 см,ісіңкіреген,ортасы көкшіл- қоңыр жарылған көпіршік тәрізді шеттері өте айқын дақ пайда болады.Бөртпелер алақанның және табанның сыртына,шынтақтың сыртқы бетіне,шынтақ,тізе буындарының жазғыш беттеріне шығады.

Терілік элементтердің шығуы өте қатты қышумен сипатталады.Бөртпелер шыққан соң 2-3 күн өткен соң жалпы көріністер біртіндеп азаяды,тек кей балаларда температура және делсалдық 2-3 апта бойы сақталуы мүмкін.

Ағымының ауырлығы негізінен СОПР- дің зақымдалуымен байланысты ауыз қуысында КЭЭ шырышты қабықшаның бірден жайылмалы гиперемиясымен және ісінуімен немесе шектелген ісінген эритемамен басталады.Олардың фонында 1-2 күн өткен соң субэпителиалды көпіршіктер пайда болады,олар 2-3 күннен соң жарылып,орнында қатты ауырсынатын эрозия пайда болады.Эрозиялар бір- бірімен қосылып үлкен эрозияланған бөліктер түзеді,оның бетін сары-сұр жабынды басады,жабындыны алса,орны қанайды. Эрозиялар екіншілік инфицирленуі мүмкін.СОПР зақымдалуы өте қатты ауырсынумен жүреді.Еріннің қызыл етінде эрозиялар қанды қабыршақтармен жабылады,жақ асты лимфа түйіндерінің лимфадениті дамиды.Никольскии симптомы теріс.СОПР кезінде бөртпелердің кетуі 3-5 аптаға созылады.Қанда лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлауы байқалады. Инфекциялық аллергиялық КЭЭ ұзақ рецидивті ағымға ие. Көктем- күз мезгілдерінде өршиді.

Токсико аллергиялық КЭЭ бала дәрілік-аллергенмен контактіде болған кезде рецидив береді.Бөртпелі жайылмалы сипатта болуы мүмкін.Барлық науқастарда шырышты қабықша зақымдалады.

КЭЭ токсико-аллергиялық формасына мезгілдік рецидивтер тән емес.Оның дамуы жалпы симптомдармен бірге жүреді.Оның пайда болуының және рецидивтер жиілігі науқастың дәрілік аллергенмен контактіде болуына байланысты.Зақымдалу ауырлығы және рецидивтер ағымының ұзақтығы ағзаның иммундық жағдайына

16.Стивенс-Джонсон синдром кезіндегі клиникалық көріністерге сипаттама беріңіз Стивенс-Джонсон синдромы – көптүрлі жалқықты эритеманың ең ауыр түрі. Алғаш рет аурудың белгілерін 1922 ж. американдық педиатрлар A.M.Stevens және F.C.Johnson сипаттап жазған. Кейінірек бұл ауру «жедел кілегейлі қабық-тері-көз синдромы» (острый слизисто-кожно-глазной синдром), «қатерлі жалқықты эритема» деген аттаулармен сипатталған.

Ауру жедел дене қызуының 38-40°С көтеріліуімен, буындардың сыздап, тамақтың қатты жұтқызбай ауруымен және сілікейдің көп бөлінуімен басталады. Бірнеше күннен кейін дене қызуы төмендеп, 2-4 апта субфибрильді күйінде сақталады.

Науқастың осындай ауыр жағдайында кеуде, иық, тізе және алақан терісінде домалақ немесе сопақ пішінді қою-қызыл түсті, ортасында пурпуралы қан құйылу ошағы бар дақты бөрпелер пайда болады. Соңынан папулалар, везикулалар, күлбіреуікк бөрткендер қоса шығады. Олардың орнында бір-үш жетіден кейін қабықшылар пайда болып, бір аптадан кейін түсе бастайды және орындарында пигменттелген дақтар қалады. Осы кезде дене қызуы да қалыпқа келе бастайды.

Науқастардың үштен бір бөлігінің ауыз, жұтқыншақ, көмей және кеңірдек кілегейлі қабықтары жарақаттанады. Қатты қызарып, домбыққан кілегейлі қабық бетіне күлбіреуік және көпіршік бөрткендер шығып, аз уақыттан кейін жарылып, үлкен көлемді, қанағыш келетін эрозия ошақтарына айналады. Ауыз ішіндегі эрозия беттері ақшыл-сұр түсті өліетті қақпен немесе ақшыл-сары түсті фибринді қақпен, ал еріндер жиегіндегі эрозиялар қанды-сарысулы қабықпен жабылады. Бұл кезде кез-келген тағамды қабылдау және сөйлеу қиынға соғады, аймақтық лимфа түйіндері ұлғайып, ауыратын болады. Осымен қатар басқа ағзалардың да (көздің, мұрынның, жыныс мүшелерінің) кілегей қабығы жарақаттанып, әртүрлі қабыну үрдістері (катаральды, буллезді, эрозиялы) дамиды.

Науқастардың қанында лейкоцитоз (10.000-16.000), таяқшаядролы ауытқу, кейде эозинофилия (12% дейін), лимфопения, анемия анықталады. Аурудың өте ауыр түрлері өліммен аяқталуы да мүмкін.

Аурудың салыстырмалы диагностикасы. Көптүрлі жалқықты эритеманың екі түрін бір-бірінен, акантолиздеуші және акантолиздемеуші күлбіреуікшеден, ауыздың жедел герпестік қабынуынан, екіншілік мерезден ажырата білу керек.

17.Десквамативті глосситің клиникалық көріністеріне сипаттама беріңіз Тілдің түлей қабынуы (десквамативный глоссит – glositis desquamativa) немесе көшпелі қабынуы (мигрирующий глоссит), географиялық тіл (географический язык) – тілдің жіпке ұқсас бүртіктерінің жабынды эпителийінің мүйізді қабатының уақытынан ертерек ошақты және көшпелі түлеуімен сипатталатын қабынуы.Аурудың себебі анықталмаған. Бұл жағдай әртүрлі жастағы адамдар арасында, көбінесе балаларда кездесе береді және бір жанұяда бірнеше ұрпақта анықталуы мүмкін. Сондықтан тұқымқуалаушылыққа байланысты ауру екені туралы да болжамдар бар.

Тіл үстіндегі жабынды эпителийдің ерте түлеуіне қозғау салушылар қатарына әртүрлі дәрілер қабылдау, жалқықты диатез, тістердің шығуы, асқазан-ішек жолы аурулары, әр себептен іші өтуі, коллагеноздар, вирустық инфекция, организмнің созылмалы сенсибилизациялануы, вегетативті-эндокриндік бұзылыстар жатады.Ауру ешқандай ыңғайсыздық тудырмай ұзаққа созылуы мүмкін, кейде өз бетімен ұзақ уақытқа білінбей кетеді н Клиникалық көрінісі. Патологиялық үрдіс тілдің үстінде белгілі бір аймақта эпителийдің күңгінттенуі әсерінен ақшыл-сұр түсті, аумағы біраз көлемді (диаметрі бірнеше миллиметр) ошақтың пайда болуынан басталады. Біраздан кейін ол аймақ домбығып, беті біраз көтеріледі және орта бөлігінде жіпке ұқсас бүртіктердің ертерек түлеуі нәтижесінде ашық-қызыл жас шикі ет түсті эрозияға ұқсаскөбіне домалақ пішінді, беті тегіс ошақ пайда болады. Кейде түлеу ошағының пішіні сақина немесе жарты айға ұқсас келеді, аздап ісінген саңырауқұлаққа ұқсаған бүртіктер айқын көрінеді. Оның төңірегінде астындағы тіндерден әлі толық ажырамаған мүйізді қабаты бар эпителий ақ тсүті білік түрінде және түлеуге ұшырамаған эпителийлі аймақ сақталады емесе ауық-ауық қайталанып тұруы мүмкін.Ерті түлеу аймағы біртіндеп төңірегіне жайыла келе біраз көлемге ие болады, шекарасы анықтығын жоғалтып, көрші тіндерге сіңіп кетеді. Кешікпей ошақтың орта аймағында мүйзгектену үрдісі қалыпқа келе бастайды, кезекті түлеу үрдісі көрші немесе алыстау аймаққа ауысады. Түлеу ошағының саны бір немесе бірнешеу болады. Түлеу үрдісі мен қалпына келу үрдісі толассыз ауысып тұратындықтан, олардың шекарасы кейде ауысып та кетеді. Ескі ошақтар аймағында жаңа ошақтар толассыз пайда болуы нәтижесінде түлеу аймақтарының көлемі мен түстері әртүрлі болып, тілдің үсті географиялық картаға ұқсас көрініс береді. Мұның өзі бұл ауруды «географиялық тіл» немесе «тілдің көшпелі қабынуы» деп атауға негіз болды. Түлеу ошағы көбінесе тілдің үстінде, бүйір беттерінде орналасады, орнын жиі-жиі ауыстырып тұрады.Тілдің түлеу қабынуымен сырқат адамдар, олардың ішінде балалар аса көп шағым айта қоймайды. Көбіне түлеудің бастапқы сатысында тілінің ысып-күюіне, шаншуына, ащы және қышқыл тағамадардан ашып ауыратынына, тілінің сырт көрінісінің мазаламайтынына шағымдануы мүмкін. Кейде «қатерлі ісік емес пе» деген ой да (канцерофобия) мазалауы мүмкін. Әртүрлі жүйке күйзелістері аурудың ағымын ауырлатады.Ауру бірде ұзаққа созылады, кейде өз бетімен басылып кетіп, біраз уақыттан соң қайталануы мүмкін. Тілдің түлеу қабынуы 50% жағдайда қатпарлы тілмен қатарласа орын алады.Патогистологиялық зерттеулер жарақат ошағында дәнекер тінде аздаған домбығуды және қабыну инфильтратын, паракератоздану, спонгиоздану, эпителий қабатының жұқарғандығын көрсетеді.Тілдің түлей қабынуын екіншілік папулезді мерез кезіндегі, В1, В2, В12 витаминдер жетіспеушілігі кезіндегі өзгерістерден, кандидоздан тілдің аллергиялық қабынуынан ажырата білу керек.

18.Қатпарлы тіл кезіндегі клиникалық көріністерге сипаттама беріңіз. Қатпарлы тіл (складчатый язык – Lingva plicata) балалар мен ересектер арасында кездесе береді және оны көптеген зерттеулер тілдің пішіні мен көлемінің туа дамыған ауытқуына жатқызады. Қатпарлы тіл кезінде тілдің көлемінің біраз үлкейгені байқалады және бетінде әртүрлі бағытта орналасқан терең сайлар (қатпарлар) кездеседі, балаларда ересек адамдарға қарағанда қатпарлар саны аздау және аса терең болмайды. Ең терең және ұзын қатпар көбіне тілдің ортасында орналасады, ал қалғандары осы қатпардан жан-жаққа тарала орын алады (сурет-1). Қатпар түрлері әр адамда әртүрлі болып келеді: бірде жапырақ сабағына, кейде ми қатпарына ұқсас келеді. Қатпарлардың тереңдігі де әртүрлі болады, табанында және қабырғаларында жіпке ұқсас бүртіктер болмайды, олар көбіне жиектерінде орналасады және 30-50% жағдайда тілдің түлей қабынуымен қатар кездеседі Қатпарлы тіл кезінде ешқандай шағым бола қоймайды, бірақ көпшілік адамдарды тілдерінің ерекшелігі мазасыздандырады. Ауыз күтімі нашар адамдарда тіл қатпарларында микроорганизмдер, оның ішінде саңырауқұлақтар көбейіп, қабыну үрдісі дамып, қызып-күйіп, әртүрлі ас қабылдағанда ашып ауырады.

Қатпарлы тілін кейін байқап, шағым айта келген адамдардың көпшілігі тілдерінде ертеректе мұндай қатпарлар болмағанын, тілдерінің көлемі кейін ұлғайып, қатпарларының да кейін пайда болғаны туралы мәлімет береді. Көріп байқағанда, бұл адамдардың тілдерінің көлемдерінің біршама ұлғайғандығы, домбығуы байқалады. Біздің көзқарасымыз бойынша тілдің көлемінің ұлғаюы оның жиі-жиі домбығуына байланысты. Тілдің кілегей қабығы созыла келе, одан әрі созылу мүмкіндігі жойылған кезде біртіндеп жыртыла бастауы мүмкін. Бұл үрдісті жүкті әйелдердің қарын терісінің созылып, май қабатының жыртылып, сайлардың пайда болуына ұқсас үрдіс деуге болады. Акушерлік тәжрибеде бұл сайларды

Қатпарлы тіл Мелькерссон-Розенталь синдромының бір белгісі болып саналады және сонымен қатар акромегалия, Даун ауруларымен сырқат адамдарда да кездеседі.