Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детСтом эталончик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.32 Кб
Скачать

44.Балаларда кездесетін идиопатиялық аурулардың этиологиясы мен жіктелуін жазыңыз

45.Балаларда тістердің жарақаттарының жіктелуі мен себепші факторларын айтыңыз

2-денгей

1.Жедел катаральді гингивиттің клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз. Қызылиектің жедел катаральды қабынуы (острый катаральный гингивит) көбінесе тістердің шығуы және ауысуы кезінде жиі орын алады. Жалпы соматикалық және жұқпалы аурулар кезінде де байқалады.

Қызылиегі жедел қабынған науқас қызылиегінің қатты сыздап немесе кернеп ауыратынына, тағам шайнағанда күшейе түсетініне, қанағыштығына, ауызынан нашар иіс шығатынына шағымданады.

Қарап тексергенде қызылиек қатты домбыққан және алқызыл түстенген, беті тегіс және жылтыр, бүртіктерінің, көлемі үлкейіп, ұштары доғалданған, оңай қанағыш келеді). Сипап басып тексергенде қызылиек қатты ауырады. Тіс сауыттары көпмөлшерде жұмсақ қақтармен жабылған. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін.

2. Созылмалы катаральді гингивиттің клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз. Қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы (хронический катаральный гигивит) ұзақ және баяу дамиды. Науқас негізінде қызылиегінің көбінесе тісін тазалаған кезде, ас шайнағанда аздап ауыратынына және қанайтынына шағымданады. Кейде аузынан нашар иіс шығып, әртүрлі дәм сезуі мүмкін. Қарап тексергенде қызылиек аздап домбығып, көкшіл-қызыл түстенген, қызылиек бүртіктерінің көлемі үлкейіп, жиектері білікке ұқсап қалыңдаған, ерте түлеуге ұшырау және мүйізгектену үрдісінің тежелуі әсерінен жабынды эпителий жұқарған (3-сурет), сондықтан кейде өте жұқа эрозиялар ошағын анықтауға да болады (сутегінің асқын тотығымен сынама жүргізу арқылы). Сүңгіліп тексергенде қызылиектің қанағыштығы байқалады. Қызылиек жиегінің қалыңдауына байланысты кейде жалған пародонтальдық қалталар көрініс береді, бірақ тіс-қызылиек бекімінің бұзылмағандығы анықталады.

Тістер беттеріне көп мөлшерде жұмсақ қақтар жиналған, ал мойын бөліктерінде қатты шөгінділер де кездеседі. Шиллер-Писарев сынамасы оң, қызылиек сұйықтығының мөлшері жоғарылағын және ауыз сұйықтығына көшкен лейкоциттер саны да көбейген. Кулаженко сынамасын жүргізген кезде теріс қысым әсеріне қызылиек капиллярлары өткізгіштігінің жоғарылағаны анықталады.

Қызылиек сұйықтығы сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Фильтрлейтін немесе сорғыш қағаз жолағының көмегімен алынған сұйық мөлшері де (Ненов сынамасының көмегімен) қабынудың ауырлығына байланысты жоғарылайды. Мысалы, РМА-индексі 0-10% болғанда қызылиек сұйықтығының салмағы 0,17 мг (қалыпты пародонт кезінде 0,03 мг), РМА индексі 10-20% болғанда – 0,23 мг, а РМА 40% дейін жоғарылағанда – 0,37 мг болады.

Қызылиектің катаральды созылмалы қабынуы кезінде қабынуы үрдісі шектеулі (1-2 тістің аймағында) немесе жайылған болуы мүмкін. Қабынудың ауырлығы патологиялық үрдістің қызылиек аумағын қамту деңгейіне байланысты, жеңіл дәрежесі кезінде тек қызылиек бүртіктері қабынады, орта дәрежесі кезінде қызылиек бүртіктері мен қызылиек жиегі қабынады, ал ауыр дәрежесі кезінде қабыну үрдісі альвеолалық бөлігіне де ауысады. Осыған байланысты РМА көрсеткіші қабынудың жеңіл дәрежесі кезінде 30% дейін, орта дәрежесінде – 30-60%, ауыр дәрежесінде 60% жоғары болады.

3. Гипертрофиялық гингивиттің клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз. Қызылиектің өсе қабынуының екі клиникалық түрін ажыратады: домбыққан және фиброзды.

Домбыққан түрінде қызылиегі қабынған науқас қызылиегінің қатты қанағыштығына, тағам шайнағанда сыздап ауыратынына, косметикалық ыңғайсыздыққа, ауызынан жағымсыз иіс шығатынына, темір дәмін сезінетініне, кейде қатты ұлғайған қызылиек бүртіктерін шайнап алатынына шағымданады.

Қарап тексергенде қызылиек жиегі қатты қалыңдаған, тістераралық бүртіктердің көлемі әртүрлі дәрежеде домбыға ұлғайған, тығыздығы жұмсақтау (борпылдақтау), қызылиек жиегінің үшбұрышты иректі деңгейі бірдей емес, әртүрлі деңгейде өскен бүртіктер тістер сауытын әртүрлі деңгейде жауып, кейде тістеу қыры мен шайнау беттеріне дейін жетіп, тағам шайнағанда жиі жарақаттанады (4-сурет). Ұлғая қабынған қызылиек көкшілдеу – қызыл түсті, беті жылтыр, сүңгілеп байқағанда оңай қанайды және біразға дейін басылмайды. «Жалған» пародонтальдық қалталар анықталады, бірақ тіс-қызылиек бекімінің бүтіндігі сақталған, қызылиек сұйықтығының мөлшері жоғарылаған. Ауа шоғырымен үрлей әсер еткенде, қызылиек бүртіктерінің қозғалмалығы байқалады және тістер сауытынан оңай ажырайды. Доғал аспаппен (түймелі сүңгімен) қызылиек бүртігін басқан кезде шамалы ойық пайда болады. Қызылиек өсе қабынған аймақтағы тістер беттерінде көп мөлшерде жұмсақ және қатты шөгінділер анықталады.

Ұлғайған қызылиек бүртіктерінің ұштары кейде өліеттенуге ұшырап, қызылиектің өліеттене-жаралана қабынуымен асқынуы мүмкін.

Қызылиектің өсе қабынуының үш дәрежесін ажыратады:

1-ші немесе жеңіл дәрежесі - ұлғайған (өскен) бүртіктер тіс сауытының 1/3 бөлігін жабады;

2-ші немесе орта дәрежесі – бүртіктер тіс сауытының ½ деңгейін жаба өскен;

3-ші немесе ауыр дәрежесі – бүртіктер тіс сауытының ½ бөлігінен артық бөлігін жаба өскен.

Қызылиектің өсе қабынуы алдыңғы тістердің ерін жақ бетінде жиірек орын алады.

4. Жаралы гингивиттің клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз Қабынудың жедел ағымды түрінде науқас бойын билеген әлсіздікке, басы ауыратынына, асқа тәбетінің шаппауына, бұлшық еттерінің сыздап, сүйегінің сырқырауына, дене қызуының әртүрлі деңгейге жоғарылауына, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, қызылиек аймақтарының қатты сыздап немесе солқылдап ауырып, ас шайнатпайтынына, аузынан жағымсыз иіс шығып, сілекейі қойылып, түкіре алмайтынына, ауызын ашу да қиындағанына (тризмге байланысты) шағымданады.

Қарап тексергенде: сырқатының ауырлығына қарай науқастың жалпы жағдайы әртүрлі болады. Қызылиектің жаралана қабынуының ауырлық дәрежесі қабыну үрдісінің аумағына ғана байланысты емес, организмнің уыттану белгілерінің дамуына да тәуелді болады.

Қабынудың жеңіл дәрежесінде науқастың жалпы жағдайы өзгеріске ұшырай қоймайды. Шағын аймақта қызылиек бүртіктері мен қызылиек жиегінің бөлігі некроздануға ұшыраған. Сондықтан түстері ақшыл-сұрланған немесе қоңыр-сұр кір түстенген. Өліеттенген тін қабатын аспаппен ақырын қырып алған кезде орнында қанағыш келетін, беті жалаңаш эрозиялы немесе жаралы ошақтар ашылады (6-сурет).

Қабынудың орта дәрежесінде патологиялық үрдіс қызылиек бүртіктерін, жиегін және бекіген қызылиектің біраз бөлігін қамтиды,науқастың жалпы жағдайы да біраз зардап шегеді.

Қабынудың ауыр дәрежесінде науқастың жалпы жағдайы өзгереді; науқас енжар, көңіл-күйі төмен, бет терісі жер түстес, толық жаба алмағандықтан ауызы жартылай ашық және жұтына алмағандықтан сілекей ағады (көбінесе балаларда байқалады). Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған және ауырғыш келеді, дене қызуы 38-39° С дейін жоғарылайды. Қан құрамында лейкоциттер саны көбейіп, лейкоцитарлық формуланың солға ауытқуы, эритроциттердің шөгу жылдамдығының жоғарылағаны анықталады.

Қызылиегі қатты қызарып ісінген, екі жақ қызылиек бүртіктері өліеттеніп, қоңыр-сұр түсті борпылдақ тінге айналған, аршығышпен немесе ылғалданған мақта анжымен сүрткенде оңай алынады және оңай қанағыш жаралы ошақтар беті ашылып қатты ауырады, өліеттенген тіннен ажыраған кейбір жаралы ошақтар беті кір-сары немесе кір-сұр түсті өліетті-фибринді қақпен жабылған және ол қақ оңай алына қоймайды. Өліеттенген тіндер жойылғаннан кейін тістер мойыны ашылып, тістераралық кеңістіктер үңірейіп қалады. Тілдің үсті қатты өңезденген, тістер көп мөлшерде жұмсақ қақпен кейде қатты шөгінділермен жабылған.

Қызылиектің созылмалы өліеттеніп-жаралана қабынуы жедел қабынудың (ем жүргізілмеген немесе дұрыс емделмеген жағдайда) барысы ретінде дамиды. Бұл кезде науқас қызылиегінің аздап сыздап ауыратынына, толассыз қанайтындығына, ауызынан нашар иіс шығатынына, әлсіздікке шағымданады. Қызылиек домбыққан, іркілген қызыл-қошқыл немесе көкшіл-қызыл түстенген, өліеттенген бүртіктер жойылған, жаралы қызылиек жиегі білікке ұқсап қалыңдаған, тістераралық кеңістіктер ашылып үңірейген.

Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, аздаған ауырғыштығы байқалады.

Созылмалы қабыну үрдісі көбінесе жеңіл және орта дәрежеде дамиды.

Альвеола өсіндісінің рентгенсуретінде тістераралық қалқандардың ұшында кеуектену белгілері және периодонт саңылауларының кеңейгені орын алады.

Қызылиектің өліеттеніп-жаралана қабынуы қан аурулары, жүйелі аурулар, организмнің жедел және созылмалы уланулары, жүре дамыған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) кезінде де орын алуы мүмкін.

Патогистологиялық зерттеулер анықтаған өзгерістер: қызылиектің жоғарғы қабатында жаралы ақаулар анықталады. Өліеттенген тінде көптүрлі микроорганизмдер: кокктар, таяқшалар, фузобактериялар, спирохеталар көптеп кездеседі. Эпителий қабатында акантоздану, жартылай атрофиялану үрдістері орын алады. Эпителий астындағы тінде сегменттіядролы лейкоциттермен инфильтраттану ошақтары, дегрануляцияланған толықша жасушлардыңң көбеюі орын алады.

Дәнекертінді құрылымдардың құрылуы баяулаған, инфильтраттар аймағында коллагенді талшықтар бұзылып бөлшектенген (фрагментацияланғн), қан тамырлары кеңейіп, төңірегіндегі тіндер домбыққан.

Қызылиек қабынуының әр түрлерін пародонт қабынуынан, қан ауруларының ауыздағы белгілерінен (нейтропения, лейкоз, агранулоцитоз), аллергиялық аурулардан, ауыр металдар тұздарымен улану және созылмалы уыттану жағдайларынан, ауыздың герпестік қабынуы кезіндегі қызылиек қабынуларынан, адамның иммунитет тапшылық вирусы (ВИЧ) инфекциясы кезіндегі ауыз кілегейлі қабығының жарақаттарынан ажырата білу керек.

5.Ұшықты стоматитттің ағымына қарай жіктелуінің клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 1-4 күнге созылады. Бұл кезең герпестік вирус жұққаннан кейін басталады және олар жақын орналасқан лимфа түйіндеріне жетіп, көбейе бастайды. Сондықтан осы және продромальдық кезеңде аймақтық лимфа түйіндері ұлғаяды және ауырады. Ауру жедел басталады, ауырлығына байланысты дене қызуы 37-41° С көтеріледі, жалпылай уыттану белгілері - әлсіздік, организмнің салғырттық, дімкәстік, бас ауруы, бұлшық еттерінің сыздауы, лоқсу және құсу, іші өтуі байқалады. Бала тынышсызданып, ұйқысы қашады, тері түсі бозғылтанады, тамақ қабылдаудан, емшек емуден бас тартады.

Продрамальдық кезеңде -ауыз кілегей қабығында жайылған қызару ошақтары пайда болып, ісіну, домбығу , балаларда сонымен қатар қызылиектің катаральды қабынуы байқалады, кейде қызылиек жиегі эрозияланып кетуі де мүмкін. Ересек балалармен үлкен адамдар ауыз ішінің ысып, күйіп, сыздап ауыратынына, қышуына, сілекейдің көп бөлінуіне шағымданады. Кілегей қабақта ішінде мөлдір сұйық бар ұсақ көпіршік бөрткендер шыға бастайды және топтаса орналасқандықтан сандары да әртүрлі болады. Бірнеше сағаттан кейін бөрткендер жарылып, орнында диаметрі 1-5 мм домалақ, сопақ пішінді беті ақшыл-сұр өліетті қақпен немесе сары-сұр фибринді қақпен жабылған эрозиялар пайда болады. Көптеген көпіршіктердің бірігіп барып жарылуынан пайда болған эрозиялар белгілі пішінсіз полигональды (көпбұрышты) болып келеді.

Көпіршік бөрткендер көбіне таңдайда, тілдің үстінде, қызылиекте, ұртта, ерінде орналасады. Ауыр жағдайда ерін, ерін жиектері мен жақын орналасқан тері аймақтары да жарақаттанады. Бөртпелер шыға бастасымен дене қызуы төмендей бастайды, кейде олар бірнеше рет қайталана шығып отыруы мүмкін. Осыған байланысты дене қызуының көтерілуі де қайталанады және бөртпелерді әртүрлі даму сатысында байқауға болады.

Пайда болған эрозия ошақтары 5-7 күнде жазыла бастайды және емдеу шаралары дұрыс жүргізілген жғдайда жазылуы жеделдейді.

Продрамальды кезеңде дамыған аймақтық лимфаденит пен қызылиек қабынуы аурудың барлық кезеңінде, тіптен эрозиялар жазылғаннан кейін де 5-10 күн шамасында сақталады. Аурудың орташа ұзақтығы 1-3 жетіге созылады.

Аурудың алғашқы кезеңінде сілекейдің рН реакциясы қышқылдау (рН-6,4-6,8) болып, сауыға бастағанда бейтараптана бастайды немесе әлсіз сілтілік ортаға ауысады. Лизоцимнің мөлшері төмендеп, интерферон жойылады. Гистологиялық зерттеулер нәтижесі герпестік көпіршік бөрткендердің тікенекті қабат ішінде спонгиоздану, баллонды және вакуольді дегенерациялану, акантолиздену үрдісінің нәтижесінде дамитынынын дәлелдеген. Осыған байланысты аурудың алғашқы 2-3 күнінде жарақат ошағынан алынған жақпа-таңбада көп ядролы алып жасушалар анықталады. Бұл жасушаларға бояулық және өлшемдік (диаметрі 30-120 мкм) көптүрлілік (полиморфизм) тән. Жасушалардың ортасында бірнеше ядролардан (2-3 тен оншақтыға дейін) тұратын конгломерат орын алада, ал ядрошықтар (нуклеолы) анықталмайды

6. Жедел псевдомембранозды кандидоз клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз Жедел жалған жарғақты ауыз кандидозы(сурет-17) немесе сүттеме (острый псевдомембранозный кандидоз полости рта – candidosis acuta pseudomembranosa, или молочница- soor) – аурудың жиірек кездесетін түрі. Көбінесе емшек жасындағы балалар мен қарт адамдарда кездеседі. Жасы ұлғайған адамдар ішінде бойында созылмалы сырқаты бар (сусамыр, қан аурулары, витаминдер тапшылығы, қатерлі ісіктер, ЖИТС) науқастарда жиірек кездеседі.

Сүттеменің клиникалық көрінісі- аздап қызырған, кілегей қабық бетінде ақ немесе ақ-сұрлау түсті ірімшікке ұқсас түйіршікті құрылымның немесе ұйыған сүтке ұқсас жұмсақ қақтың болуымен сипатталады ( сурет). Қақтың құрамына саңырауқұлақ клеткалары, жалған мицелийлер, түлеген эпителий және ас қалдықтары кіреді. Алғашқы күндері қақ оңай қырылып алынады, астындағы кілегей қабықтың аздап қызарып, ісінгені байқалады. Бірнеше күннен кейін қақтың түсі өзгеріп қоңыр-сұрланады және оңайлықпен алына қоймайды. Күшпен алған кезде астындағы тіндердің қатты ісініп қыздырғаны және қанағыштығы анықталады.

Сүттеме қағы көбінесе ұрт, таңдай, тіл, ерін кілегей қабығы беттерінде орналасады, ауыр жағдайларда жұтқыншаққа, көмейге және өңешке қарай жайылуы мүмкін.

Науқас адамдар көбінесе ауызының ысып-күюіне, ашып ауыруына, ащщы тағамдар қабылдағанда ауру сезімінің күшеюіне, жұтынудың қиындағанына шағымданады.

7.Жедел псевдомембранозды кандидоз диагностикасы және диф-диагностикасы Ауыздың жедел жалған жарғақты кандидозын лейкоплакияның түрлерінен (жазық, веррукозды және жұмсақ лейкоплакия), қызыл жалпақ теміреткіден, екіншілік папулезді мерезден, Фордайс гранулемаларынан ажырата білу керек.

Қызыл жалпақ теміреткі кезіндегі беттері мүйізгектенген папулалар мен лейкоплакия кезіндегі мүйізгектену ошағы (жедел жарғақты кандидоз) көрінісіне ұқсас келеді, бірақ қырып байқағанда беттері алынбайды және Candida текті саңырауқұлақтарды анықтауға арналған бактериоскопиялық зерттеулердің нәтижелері теріс болады.

Фордайс түйіршектері (гранулы Фордайса, син.-железы Фордайса, болезнь Фордайса) май бездерінің ауытқып орналасуының нәтижесі. Олар – диаметрі 1 мм жуық, кілегей қабықтың эпителий қабатының бетіне жақын біраз көтеріңкі және тары дәніне ұқсас шашырай орналасқан ұсақ май бездері. Фордайс түйіршектері ұрт аймағында (артқы бөліктерінде және тістердің тістесу деңгейінде), ерін кілегей қабығында, жиектерінде жиірек орналасады, бір-бірімен бірге орналасып, табақшаға ұқсас құрылым түзеді. Қырып байқағанда беттері алынбайды және бактериоскопиялық зерттеулер жүргізгенде бірен-саран ғана саңырауқұлақтар анықталуы мүмкін.

Тілдің жалған жарғақты кандидозды қабынуын оның түлей қабынуынан ажырату керек. Бұл кезде тіл үстінде түлеуге дайын ісінген ақ түсті аймақ, төңірегіндегі түлеген аймақтардан көтеріңкі орналасады және 1-2 күннен кейін толық түлеп, шикі ет түстенеді. Бірақ тағы 1-2 күннен кейін қайта қалпына келеді.

8 .Созылмалы гиперпластикалық кандидоздың клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз Созылмалы гиперпластикалы ауыз кандидозы (хронический гиперпластический кандидоз рта – candidosis oris hyperplastica) кезінде қатты қызарған кілегей қабық бетінде түйінге немесе табақшаға (бляшкаға) ұқсас қалың және тығыз байланысқан ақ немесе ақ-сұр түсті қақ пайда болады ( сурет). Бұл қақ Candida текті саңырауқұлақтардың эпителий қабатына еніп, көптеп көбеюі нәтижесінде пайда болады және көбіне тілдің үстінде, таңдайда орналасады, қырғанда күшпен алынады және астында қатты қызарып, эрозияланған аймақтың беті ашылады. Ауру ұзақ дамыған кезде қақтың құрамына фибрин сіңіп, сары-сұр түсті жарғаққа айналады («кандидозды лейкоплакия» ошағы). Қатты таңдай жарақаттанған жағдайда бүртікті гиперплазиялану үрдісі (папилломатоз) байқалады. Аурудың бұл түрі ұзақ уақыт кортикостероидты дәрілер, иммунодеприсанттар қабылдаған адамдарда дәл уақытында және тиімді емделмеген жедел түрінен дамиды. Науқас адамдар ауыздың құрғауына дәм сезудің бұзылуына, ащы тағам қабылдағанда болатын ауру сезіміне, ауызынан жағымсыз иіс шығуына шағымданады. Бұл кезде тері мен тырнақтар да жарақаттануы мүмкін, аймақтық лимфа түйіндері (көбінесе балаларда) ұлғаяды.