Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детСтом эталончик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.32 Кб
Скачать

41.Балаларда жедел одонтогенді остеомелит кезіндегі негізгі тексеру әдістерін атаңыз. Шағым-анамнез-қарап тексеру

42.Балаларда одонтогенді остеомелит кезіндегі қосымша тексеру әдістерін атаңыз. Жедел ағымды одонтогенді остеомиелит дамыған алғашқы күндері рентген суретінде тек патологиялық емес процестер, яғни бұрынғы созылмалы периодонтиттегі өзгерістер ғана көрінуі мүмкін. Алғашқы сүйек тіндерінің өзгерісі тек 10—14 тәулікте немесе 2—3 аптадан соң көрінеді. Жақ сүйектерінде сүйек қүрылымы анық емес, кейін остеома, некроз ошақтары көрінеді.

Жедел ағымды остеомиелитте қан, несеп құрамында өзгерістер болады. Шектелген, диффузды түрінің жедел нормергиялық ағымында лейкоциттер 10-15x109/л, лимфоцит (70—8 0%) таяқша ядросы 15—20% өседі. ЭТЖ біртіндеп 15-тен 40-қа дейін көтеріледі. Несепте белок 0,066 г/л, лейкоциттер 20—25 көру аймағында.

Гиперергиялық қабыну реакциясында Нв мен эритроциттер азайып, лейкоциттер 18,0—20,0x109/л-ге дейін солға жылжып көбейеді және нейротрофильдердің жас түрлері дамиды. Соның ішінде миелоциттер көбейіп, лимфопения дамиды. ЭТЖ 50—60 мм/сағ. жоғарылайды. Несепте белок (0,033—3 г/л), гемотурия, цилиндрурия анықталады.

Жедел ағымды остеомиелиттің гиперергиялық ағымында қанда Нв мен эритроциттер азайып, лейкоциттер қалыпта немесе төмендеуі мүмкін. ЭТЖ қалыпта кейде төмендейді. Несепте өзгерістер науқастың жасына байланысты әртүрлі болады.

Науқастың қан сарысуында С-реактивті белок көбейеді. Альбуминдер мен глобулиндердің қатынасы өзгереді (глобулиндерге ауытқуы).

43.Балалардағы пародонтиттердің жіктелуі мен ағымының ерекшеліктерін жазыңыз. Пародонттың қабынуы (пародонтит) пародонт құрамына кіретін тіндер кешенінің қабынбалы-деструкциялануға ұшырауымен сипатталатын күрделі патологиялық үрдіс.

Пародонт қабынуы 11-12 жастағы жас өспірімдер арасында (8-10% жағдайда) да кездеседі және 30-50 жас арасында (таралуы 60-65%), қарқынды дамып, жасы ұлғайған адамдар арасында (50 жастан кейін) таралуы жиілей береді (65-90% құрайды).

Пародонт қабынуының жеңіл, орта және ауыр дәрежелерін, жайылу аймағына байланысты шектеулі және жайылған түрлерін ажыратады.

Ағымына байланысты жедел және созылмалы қабынуын, созылмалы қабынуының өршуін, ремиссиялану (қысқа уақытқа тұрақтануы) және түбегейлі тұрақтану кезеңдерін (фаза стабилизации) ажыратады.

Пародонттың жедел қабынуы сирегірек кездеседі, инфекция және әртүрлі механикалық тітіркендіргіштер әсерінен (терең енгізілген және өте кең жасалған жасанды сауыттар, салбырай қойылған пломбылар, тістердің жанасу беттеріндегі тісжегі қуыстары, кламмерлер иығы, тіс тасы) шектеле дамиды (2-4 тістер аймағында). Бұл кезде пародонты жедел қабынған науқас белгілі бір аймақта қызылиегінің қатты сыздап немесе солқылдап ауыратынына, ас шайнағанда ауыру сезімінің күшейетініне шағымданады. Қарап тексергенде: себепші ықпал әсер еткен аймақта 1-2 қызылиек бүртіктері және жиегі қатты қызарып, домбығады, сипап басқан кезде қатты ауырады, қызылиек сайынан сарысулы немесе іріңді жалқық бөлінеді. Қызылиек бүртігіне сүңгі тиіп кетсе қатты қанайды. Тісті көлденең қағып байқағанда ауыру сезімі анықталады, алғашқы кезде тіс-қызылиек бекімі бұзыла қоймайды. Тістің реннтген суретінде периодонт саңылауының жиектік бөлігі кеңейгені анықталады. Кейбір жағдайда терең отырғызылған жасанды сауыт жиегі бекім эпителийі мен айналма байлам талшықтарына қысым түсіріп, сыдыруы нәтижесінде пародонтальдық қалта пайда болады. Ықпал етуші әсерлер уақытында жойылмаса, жедел ағымды қабыну созылмалы қабынуға ауысады, пародонтальдық қалта тереңдей келе сүйек қалтасы пайда болады, тістераралық қалқан сүйек сорыла басталуы нәтижесінде (-сурет) қабыну аймағындағы тістер қозғалмалы бола бастайды.

Пародонт (сурет-7)қабынуының бұл түрі пубертаттық кезеңнен өткен және 35 жасқа дейінгі адамдар арасында жиі кездеседі. Ауру альвеола сүйегінің жылдам сорылуымен, ал созылмалы түрінде көптеген тістер аймағына таралуымен сипатталады. Бұл жағдайда сүйек тінінің жойылуы сүйектің тігінен және көлденеңінен, сонымен қатар осы екі сорылудың қосарлана кездесуімен сипатталады. Бұл ауруға қақтар санының және сүйек тініндегі деструктивті өзгерістің сәйкес келмеуі тән. Пародонттың қабынуының қарқынды дамуын кейбір жүйелі аурулармен ассоцияцалауға болады. Олар қант диабеті, Даун синдромы және пародонттың әртүрлі идиопатиялық аурулары. Қарқынды дамыған пародонт қабынуы өз ішінде екі түрде кездеседі. Екі түрі де сүйек тінінің жайыла сорылуымен суреттеледі және жас категориясына қарай бөлінеді.

  • Пародонт қабынуының А типтесіне 14-26 жас аралығындағы науқастар жатады.

  • Пародонт қабынуының В типтесіне қарқынды дамыған пародонт қабынуының 26 -35 жас аралығындағы науқастарды жатқызады.

Қарқынды дамыған пародонт қабынуының типтілігі емдеу барысының нәтижелігіне қарамай өте жиі өршиді.

Клиникалық тәжірибеде пародонттың созылмалы қабынуы, жайылған түрі жиі орын алады, дамуы ондаған жылдарға созылып, тиімді ем жүргізілмеген жағдайда тістердің өз беттерімен түсуімен аяқталады. Пародонттың созылмалы қабынуының клиникалық ерекшеліктері, ауырлығы, организмнің жалпы жағдайымен, оның реактивтілік деңгейімен тығыз байланысты.

Алғашында патологиялық үрдіс катаральды қабынудан басталады, одан әрі тіс-қызылиек бекімі, тістің тіреп-ұстаушы аппараты бұзылып, сүйек тіні сорылып, пародонтальдық қалта пайда болады.