Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детСтом эталончик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.32 Кб
Скачать

3 Жасқа дейінгі балаларда жгс пайда болу себептері.

АҚШҚ жастық морфологиялық ерекшеліктеріне және жергілікті тінді иммуниттетке байланысты болады.

Гистогематикалық барьердің жоғары өткізгіштігіне.

Нуклеин қыщқылдарының және гликогеннің төмен деңгейімен эпителий беткейінің жіңішке болуына байланысты клеткалы иммунитет реакциясының төмен деңгейі,дәнекер тінінің талшықты құрылысының және базальді мембрананың әлсіз диференцациясы (қатты васкуляризация, төмен функциональді белсенділіктегі мес клеткаларының құрамының төмен болуы және т.б.)

  • Патогенез сұрақтары толығымен зерттелмеген.

  • Вирусты инфекция вирусты бөліктердің адсорбциясынан және вирустың клеткаға енуінен басталады.

  • Вирус гематогенді және неврогенді жолмен таралады.

  • Ең маңыздысы лимфа түйіндері және ретикулоэндотелиальді жүйе элементтері болып табылады.

  • Басты рольді қорғаныс иммунитетінің арнайы және арнайы емес факторлары алады.

19.Балаларда зең аурулары сүттеменің этиологиясы мен патогенезі. Кандидоз (кандидоз – candidosis, син. – молочница, поверхностный бластомикоз, микоз дрожжевой, кандидомикоз, монилиаз, ондиомикоз, эндомикоз) шартты – патогенді ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар туындататын ауру. Ауыз ішінде ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтардың 80-ге жуық түрлері бар. Олардың ішінде патологиялық үрдістерді жиірек туындататындары Candida текті саңырауқұлақтар: Candida albicans, Candida tropicalis, Candida psendotropicalis, Candida crusei, Candida Kephir. Бұл саңырауқұлақтар ауыз кілегей қабығының қатпарларында тісжегі қуыстарында, түбір өзектерінде орын тебеді. Candida albicans адам ауызында резиденттік микрофлора ретінде 50-70% жағдайда кездеседі және ешқандай ауру белгілерін туындатпайды. Сонымен бірге олар сау тері бетінде де кездеседі. Candida текті саңырауқұлақтар бірклеткалы, бүршіктене көбейетін саңырауқұлақтарға жатады, домалақ немесе сопақ пішінді, көлемі 5-7 мкм болып келеді. Олар қышқыл ортаны (рН-5,8-6,5) жақсы көреді және белоктарды, майларды, көмірсуларды ыдырататын ферменттер бөліп шығарады.

Candida текті саңырауқұлақтар сүттен жасалған тәтті тағамдарда, жеміс-жидек, көкөніс беттерінде, өте-мөте бұзылған алма, алмұрт және жүзімде жақсы дамиды.

Candida текті саңырауқұлақтардың жоғары вирулентігі организмнің иммундық қорғанысы әлсіреген кезде байқалады (құрт ауруы, обыр, адамның иммунитет тапшылығы инфекциясы, лейкоз, ұзақ уақыт кортикостероидтар, цитостатиктер, иммунодепрессанттар қабылдаған кезінде, әртүрлі радий және рентген сәулелерімен емдеу жүргізген жағдайларда).

Ұзақ уақыт антибитиктер мен антибактериалдық дәрілер (мысалы, метронидазол) қабылдаған кезде микробтар тепе-теңдігінің жойылуы (дисбактериоз) Candida текті саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туғызады. Антибиотиктер ауыз ішімен қатар ішек жолында да дисбактериоз туындатады. Соның нәтижесінде В, С, РР витаминдер жетіспеушілігі дамып, ауыз кілегей қабығының функционалдық жағдайы өзгеріп, кандидоз ауруына шалдыққыш болады.

Организмде зат алмасу бұзылуын туындататын аурулар кезінде де (сусамыр, гипопаратиреоз) кандидоз дамуы мүмкін.

Кандидоздың дамуында ауыз кілегей қабығының жағдайы мен жергілікті иммунитетінің деңгейі жетекші рөл атқарады. Ауыз ішіндегі созылмалы қабыну ощақтарында (лейкоплакия, қызыл жалпақ теміреткі, созылмалы зақымдану ошақтары), қышқыл ортаның қалыптасуы саңырауқұлақтардың тез көбейіп, вируленттік қасиеттерінің артуына жағдай туғызады.

Кілегей қабық пен тері беттерінің шамадан тыс ылғалдануы (екі езу аймағында кандидоздық ауыздық дамиды) немесе құрғауы (Шегрен синдромы, сәулелер әсерінен сілекей бездерінің жарақаттануы) ондағы гуморалдық қорғаныс факторларын азайтып, дисбактериоздың туындауына жағдай жасайды.

Ауызда дұрыс күтімі жоқ алмалы-салмалы пластмассадан жасалған протездер саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туғызады. Протездердің көмірсулы ас қалдықтары көп жиналатын және ылғалды ішкі беттерінде қалыпты дене қызуы жағдайында олар өздеріне ыңғайлы орын тауып, асқан белсендігімен көбейеді.

Ауыз арқылы қабылданатын контрасептивтер мен жергілікті қолданылатын кортикостероидтар да (демікпе ауруы кезінде қолданылатын аэрозльдар) Candida типті саңырауқұлақтардың өсуіне жағдай туғызады.

Сонымен қатар кәсибі мамандығы жеміс-жидек, көкөністерді өңдеумен (консервілеу зауытының жұмысшылары), ылғалды ортамен (бассейн қызметкерлері, мәшине және ыдыс жуушылар) байланысты адамдарда, кондитер фабрикалары мен антибиотиктер шығаратын зауыт жұмысшылары арасында ауыз кандидозы жиірек кездеседі.

Ауыз кандидозымен емшектегі жас балалар мен созылмалы ауыр сырқаттары бар қарт адамдар жиі ауырады. Саңырауқұлақтар жас нәтрестеге ананың босану жолдарымен өткен кезде немесе сәбиді тамақтандыру кезінде гигиена сақтамаған жағдайда жұғуы мүмкін.

Кандидоздық инфекцияның даму патогенезінде Т-лимфоциттер қызметінің нашарлығы белгілі орын алады.

20.Балаларда зең ауруларын алдын алу шараларын атаңыз Алдын алудың ең маңызды шаралары: ауыз күтімін (гигиенасын) дұрыс сақтау, алмалы-салмалы протездерді дұрыс күтіп пайдалану. Ұзақ уақыт антибиотиктермен, антибактериалды дәрілермен, кортикостероидтермен емдеу курсын жүргізгенде, нистатин немесе леворин (тәулігіне 1500.000 ЕД), витаминдер жиынтығын (В1, В2, В6, С, РР) тағайындайды, ауызды сілтілік ертінділермен (сода, бура) шаю, алмалы-салмалы протездерді дұрыс күтіп күю туралы кеңес беріледі.

21.Жедел псевдомембранозды кандидоз этиологиясы мен патогенезі. Кандидоз (кандидоз – candidosis, син. – молочница, поверхностный бластомикоз, микоз дрожжевой, кандидомикоз, монилиаз, ондиомикоз, эндомикоз) шартты – патогенді ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар туындататын ауру. Ауыз ішінде ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтардың 80-ге жуық түрлері бар. Олардың ішінде патологиялық үрдістерді жиірек туындататындары Candida текті саңырауқұлақтар: Candida albicans, Candida tropicalis, Candida psendotropicalis, Candida crusei, Candida Kephir. Бұл саңырауқұлақтар ауыз кілегей қабығының қатпарларында тісжегі қуыстарында, түбір өзектерінде орын тебеді. Candida albicans адам ауызында резиденттік микрофлора ретінде 50-70% жағдайда кездеседі және ешқандай ауру белгілерін туындатпайды. Сонымен бірге олар сау тері бетінде де кездеседі. Candida текті саңырауқұлақтар бірклеткалы, бүршіктене көбейетін саңырауқұлақтарға жатады, домалақ немесе сопақ пішінді, көлемі 5-7 мкм болып келеді. Олар қышқыл ортаны (рН-5,8-6,5) жақсы көреді және белоктарды, майларды, көмірсуларды ыдырататын ферменттер бөліп шығарады.

Candida текті саңырауқұлақтар сүттен жасалған тәтті тағамдарда, жеміс-жидек, көкөніс беттерінде, өте-мөте бұзылған алма, алмұрт және жүзімде жақсы дамиды.

Candida текті саңырауқұлақтардың жоғары вирулентігі организмнің иммундық қорғанысы әлсіреген кезде байқалады (құрт ауруы, обыр, адамның иммунитет тапшылығы инфекциясы, лейкоз, ұзақ уақыт кортикостероидтар, цитостатиктер, иммунодепрессанттар қабылдаған кезінде, әртүрлі радий және рентген сәулелерімен емдеу жүргізген жағдайларда).

Ұзақ уақыт антибитиктер мен антибактериалдық дәрілер (мысалы, метронидазол) қабылдаған кезде микробтар тепе-теңдігінің жойылуы (дисбактериоз) Candida текті саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туғызады. Антибиотиктер ауыз ішімен қатар ішек жолында да дисбактериоз туындатады. Соның нәтижесінде В, С, РР витаминдер жетіспеушілігі дамып, ауыз кілегей қабығының функционалдық жағдайы өзгеріп, кандидоз ауруына шалдыққыш болады.

Организмде зат алмасу бұзылуын туындататын аурулар кезінде де (сусамыр, гипопаратиреоз) кандидоз дамуы мүмкін.

Кандидоздың дамуында ауыз кілегей қабығының жағдайы мен жергілікті иммунитетінің деңгейі жетекші рөл атқарады. Ауыз ішіндегі созылмалы қабыну ощақтарында (лейкоплакия, қызыл жалпақ теміреткі, созылмалы зақымдану ошақтары), қышқыл ортаның қалыптасуы саңырауқұлақтардың тез көбейіп, вируленттік қасиеттерінің артуына жағдай туғызады.

Кілегей қабық пен тері беттерінің шамадан тыс ылғалдануы (екі езу аймағында кандидоздық ауыздық дамиды) немесе құрғауы (Шегрен синдромы, сәулелер әсерінен сілекей бездерінің жарақаттануы) ондағы гуморалдық қорғаныс факторларын азайтып, дисбактериоздың туындауына жағдай жасайды.

Ауызда дұрыс күтімі жоқ алмалы-салмалы пластмассадан жасалған протездер саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туғызады. Протездердің көмірсулы ас қалдықтары көп жиналатын және ылғалды ішкі беттерінде қалыпты дене қызуы жағдайында олар өздеріне ыңғайлы орын тауып, асқан белсендігімен көбейеді.

Ауыз арқылы қабылданатын контрасептивтер мен жергілікті қолданылатын кортикостероидтар да (демікпе ауруы кезінде қолданылатын аэрозльдар) Candida типті саңырауқұлақтардың өсуіне жағдай туғызады.

Сонымен қатар кәсибі мамандығы жеміс-жидек, көкөністерді өңдеумен (консервілеу зауытының жұмысшылары), ылғалды ортамен (бассейн қызметкерлері, мәшине және ыдыс жуушылар) байланысты адамдарда, кондитер фабрикалары мен антибиотиктер шығаратын зауыт жұмысшылары арасында ауыз кандидозы жиірек кездеседі.

Ауыз кандидозымен емшектегі жас балалар мен созылмалы ауыр сырқаттары бар қарт адамдар жиі ауырады. Саңырауқұлақтар жас нәтрестеге ананың босану жолдарымен өткен кезде немесе сәбиді тамақтандыру кезінде гигиена сақтамаған жағдайда жұғуы мүмкін.

Кандидоздық инфекцияның даму патогенезінде Т-лимфоциттер қызметінің нашарлығы белгілі орын алады.

23.Балаларды тілдің құрылымын атаңыз. Тіл(язык- lingua) • Еттен тұратын ағза,ас шайнауға,жұтуға,соруға,сөйлеуге,дәм сезуге қатынасады.Тілдің ұшын,денесін,түбірін,беттерін (үстіңгі,астыңғы,бүйір беттері) ажыратады.Төрт түрлі бүртіктермен қамтылған: жіпке ұқсас,саңырауқұлаққа ұқсас,жапыраққа ұқсас,науаға ұқсас.

• Жіпке ұқсас бүртіктер-нитевидные сосочки (papillae filiformes) 500 тал 1 кв.смде.Оларға тактильді сезімталдық тән. Грибовидные сосочки –papilae fungiformes.Қантамырларына бай,дәм сезу баданалары орналасқан. Жапыраққа ұқсас бүртіктер- papille foliatae. Науаға ұқсас бүртіктер- papillae vallatae.Саны 9-11.

24.Тіл ауруларының жіктелуін атаңыз. Тілдің көптеген жарақаттарының ішінде өз бетімен дамитын немесе дербес ауруларына тоқтала кету керек. Олар: қатпарлы тіл, қара түкті тіл, тілдің түлей және ромбыға ұқсас қабынулары. Қатпарлы тіл (складчатый язык – Lingva plicata) балалар мен ересектер арасында кездесе береді және оны көптеген зерттеулер тілдің пішіні мен көлемінің туа дамыған ауытқуына жатқызады. Қатпарлы тіл кезінде тілдің көлемінің біраз үлкейгені байқалады және бетінде әртүрлі бағытта орналасқан терең сайлар (қатпарлар) кездеседі, балаларда ересек адамдарға қарағанда қатпарлар саны аздау және аса терең болмайды. Ең терең және ұзын қатпар көбіне тілдің ортасында орналасады, ал қалғандары осы қатпардан жан-жаққа тарала орын алады (сурет-1). Қатпар түрлері әр адамда әртүрлі болып келеді: бірде жапырақ сабағына, кейде ми қатпарына ұқсас келеді. Қара түкті тіл (черный волосатый язык – lingva vilossa nigra) – тілдің жіпке ұқсас бүртіктерінің ұзарып, жабынды эпителийінің шамадан тыс мүйізгектенуімен сипатталатын ауру. Бұл ауру сирек кездеседі, көбіне орта жастағы және мосқал тартқан ер адамдарда анықталады. Себебі анықталмаған. Тілдің жіпке ұқсас бүртіктерінің ұлғаюына бейімдеуші жағдайлар қатарына асқазан-ішек жолы ауруларын, әртүрлі жоқпалы ауруларды, витаминдер жетіспеушілігін (А және В тобындағы), зиянды әдеттерді (шылым шегу, ащы, қышқыл, тұзды тағамдарды жиі жеу, ішу) жатқызуға болады. Қара түкті тіл өкпе туберкулезімен, Аддисон ауруымен ішімдіктер сырқат адамдарда, кейбір дәрілік заттарды ұзақ уақыт қабылдаған жағдайларда орын алуы мүмкін. Жіпке ұқсас бүртіктердің ұлғаюында вирустардың, ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтардың да үлесі бар деуге болады. Тілдің түлей қабынуы (десквамативный глоссит – glositis desquamativa) немесе көшпелі қабынуы (мигрирующий глоссит), географиялық тіл (географический язык)тілдің жіпке ұқсас бүртіктерінің жабынды эпителийінің мүйізді қабатының уақытынан ертерек ошақты және көшпелі түлеуімен сипатталатын қабынуы.

  • Аурудың себебі анықталмаған. Бұл жағдай әртүрлі жастағы адамдар арасында, көбінесе балаларда кездесе береді және бір жанұяда бірнеше ұрпақта анықталуы мүмкін. Сондықтан тұқымқуалаушылыққа байланысты ауру екені туралы да болжамдар бар.

  • Тіл үстіндегі жабынды эпителийдің ерте түлеуіне қозғау салушылар қатарына әртүрлі дәрілер қабылдау, жалқықты диатез, тістердің шығуы, асқазан-ішек жолы аурулары, әр себептен іші өтуі, коллагеноздар, вирустық инфекция, организмнің созылмалы сенсибилизациялануы, вегетативті-эндокриндік бұзылыстар жатады.

  • Ауру ешқандай ыңғайсыздық тудырмай ұзаққа созылуы мүмкін, кейде өз бетімен ұзақ уақытқа білінбей кетеді немесе ауық-ауық қайталанып тұруы мүмкін.

25.Десквамативті глосситің этиология мен патогенезін атаңыз. Тілдің түлей қабынуы (десквамативный глоссит – glositis desquamativa) немесе көшпелі қабынуы (мигрирующий глоссит), географиялық тіл (географический язык) – тілдің жіпке ұқсас бүртіктерінің жабынды эпителийінің мүйізді қабатының уақытынан ертерек ошақты және көшпелі түлеуімен сипатталатын қабынуы.

  • Аурудың себебі анықталмаған. Бұл жағдай әртүрлі жастағы адамдар арасында, көбінесе балаларда кездесе береді және бір жанұяда бірнеше ұрпақта анықталуы мүмкін. Сондықтан тұқымқуалаушылыққа байланысты ауру екені туралы да болжамдар бар.

  • Тіл үстіндегі жабынды эпителийдің ерте түлеуіне қозғау салушылар қатарына әртүрлі дәрілер қабылдау, жалқықты диатез, тістердің шығуы, асқазан-ішек жолы аурулары, әр себептен іші өтуі, коллагеноздар, вирустық инфекция, организмнің созылмалы сенсибилизациялануы, вегетативті-эндокриндік бұзылыстар жатады.

  • Ауру ешқандай ыңғайсыздық тудырмай ұзаққа созылуы мүмкін, кейде өз бетімен ұзақ уақытқа білінбей кетеді немесе ауық-ауық қайталанып тұруы мүмкін.

  • 26.Ерін ауруларының жіктелуін атаңыз. Еріндер қабынуы немесе хейлиттер (хейлиты -cheilitis) қатерсіз, еріндер аймағын (кілегей қабығын, жиектерін, терісін) жарақаттайтын патологиялық үрдіс. Еріндер қабынуын А.Л.Мешкиллейсон және С.А.Кутин (1983) екі топқа бөледі: өзіндік қабынулары (собственные хейлиты) және симптоматикалық қабынулары (симптоматические хейлиты). Еріннің өзіндік қабынуларына еріннің жапырақтана немесе түлей қабынуын (құрғақ және жалқықты түрлері), гландулярлы қабынуын (біріншілік және екіншілік), күн сәулесі және ауа-райы әсерлерінен қабынуын, жанаспалы аллергиялық қабынуын жатқызады. Екінші топтағы қабынуларға еріннің атопиялық, экземалы қабынулары, еріннің ұлғая қабынуы (Мелькерссон-Розенталь синдромы кезінде), еріннің витаминдер жетіспеушілігінен қабынуы, еріндердің созылмалы тіліктері кіреді.

27.Ерін ауруларының этиология мен патогенезін атаңыз. Эксфолиативті түрі- Себебі әлі анықталмаған, патогенезінде орталық жүйке жүйесінің бұзылуы, генетикалық бейімділік, иммундық-аллергиялық, эндокриндік өзгерістер (оның ішінде қалқанша бездің қызметінің бұзылуы) белгілі орын алады. Гландулярлы түріне-ұсақ сілекей бездерінің туа біткен немесе жүре пайда болған аномалиялары себеп болады. Актиндік түрі-күн сәулесі әсерінен пайда болады. Меторологиялық түрі-желдің әсерінен. Жанаспалы аллергиялық түрі- Аурудың дамуына себепкер болатын организмдегі инфекциялық-аллергиялық факторлар, тұқым қуалаушылыққа бейімділік. Сонымен бірге ауру ангионевроздық ауруларға жатады деген болжам бар. Атопиялық түрі-атопиялық дерматит деген аурудың бір симптомы ретінде пай да болады. Экземалық түрі-жалпы экземаның әсерінен туындайды. Макрохейлит- Аурудың дамуына себепкер болатын организмдегі инфекциялық-аллергиялық факторлар, тұқым қуалаушылыққа бейімділік. Сонымен бірге ауру ангионевроздық ауруларға жатады деген болжам бар. Еріннің созылмалы тілігі- Еріннің анатомиялық құрылысы (ортасында терең бүрменің болуы) немесе созылмалы жарақат аурудың себепкері болуы мүмкін. Оның үстіне метеорологиялық факторлар, гиповитаминоздар, микробты флора.

28.Балалардағы жақсүйек-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарының туындауына әсер ететін факторларды атаңыз. Бет және мойын аймақтарының абсцестері мен флегмоналарын қоздыратын микробтарға стрептококктар, стафилококктар, диплококктар, пневмококктар, ішек таяқшасы микробы және басқа да анаэробты микробтар жатады. Бұл микробтар жекеше не болмаса үйлескен түрінде кездеседі. Көбінесе стафилококк және стрептококк табылады.

Инфекцияның тіндерге кірер қақпасы „бұзылған" тістер мен тіс түбірлері. Сондай-ақ инфекция ошағына тіс-қызыл иек қалтасы, бадамша безі, іріңді жақ сүйектің сарысулы ісігі, жақ сүйектің сынығы, сыздауықтар стоматиттер жатады. Егер жұмсақ тіндерде дамыған флегмона, ауыз қуысындағы тістерге байланысты болса, онда ол одонтогендік (тістен пайда болған) флегмона, ал остеомиелиттің асқынуынан пайда болған флегмона-остеофлегмона деп аталады. Аденофлегмона — лимфа түйіндері іріңдегенде және ірің қоршаған жұмсақ тіндерге жарып шыққанда пайда болады. Олар одонтогенді (тістен пайда болған) одонтогенді емес (тіске байланысты емес) деп бөлінеді.

29.Балалардағы жақсүйек-бет аймағының шиқан мен көршиқанның туындауына әсер ететін факторларды атаңыз. Бет шиқаны мен көршиқаны вирулентті патогенді стафилококктың (алтын немесе ақ) кей жағдайларда оның басқа микроб ассоциацияларымен сырттан енгенінде дамиды. Бұл дерттердің дамуына келесі себептер мүмкіндік тудырады:

— бет терісінің шаң басып кірлеуі, әсіресе майлы заттармен жұмыс жасағанда лас қолмен бетін сүртіп, қасу;

— терінің микрожарақаттары (түгін алу, қырынғанда кесіп алу, тырнап алу, қасты теру);

— температураның күрт өзгеруі;

— кейбір тері дерттері (экзема, сикоз, безеу);

— зат алмасуының бұзылуы, қант диабеті, авитаминоз;

— әр түрлі созылмалы дерттер, ауыр жұқпалы дерттердің әсерінен организмнің әлсіреп жүдеуі;

— жас өспірімдердің безеулерін сығуы;

30.Балалардағы жақсүйектердің жедел одонтогенді остеомелиттің этиологиясы мен патогенезін атаңыз. Жақ сүйектері остеомиелитінің қоздырғышы — ауыз қуысының тұрақты микрофлорасы: стафилококк, стрептококк, энтерококк, диплококк, Гр-таяқшалар т. б.

Көптеген авторлар бойынша одонтогенді инфекция ошағын стафилококк монокультурасы немесе стрептококктар тудырады. Кейде остеомиелитте стафилококктың бета-гемолитикалық стрептококпен ассоциациясы кездеседі. В. И. Кочеровец (1981) барлық одонтогенді остеомиелитпен ауыратын адамдарда анаэробты флораның 3—4% өлімінің (фузобактерия, бактероид, пептост-рептококк т. б.) ассоциациясын, сонымен бірге 70% ауруда анаэробты стафило— стрептококктың көптеген антибиотиктерге резистентті түрін тапқан. Клиникалық және эксперименталдық мәліметтерге қарағанда инфекцияның пайда болуы мен дамуы тек микроорганизм қасиетіне емес организмнің төзімділігіне де байланысты. Сүйектегі іріңді-өлеттену процесінің дамуында организм реактивтігі, туа және жүре пайда болған иммунитет бұзылыстары орын алады.

Жақ сүйектері остеомиелиті дамуында жергілікті иммунитет жағдайы, созылмалы одонтогенді ошақ, оның өршуі жергілікті клетка және гуморальдық реакция балансын бұзады. Микробтар мен оның өнімдерінің үнемі сүйек миына әсерінен оның құрылысын, қорғаныш реакциясын, клеткалық потенциясын бұзады.

Іріңді процестің периодонттан сүйекке өтуіне анатомиялық ерекшеліктері: қан, лимфа тамырлары, нервтер өтетін майда тесіктердің болуы көмектеседі. Жедел ағымды периодонтит пен созылмалы периодонтиттердің өршуінде сүйек тіні едәуір сорылып тіс түбірі ұшында қайта құрылу процесі жүреді де альвеола қабырғасындағы табиғи тесіктер кеңейеді. Нәтижесінде іріңді экс-судат периодонттан сүйекке еркін өтеді.

31.Балалар жақсүйектеріндегі одонтогенді остеомелиттердің жіктелуі. Жақ сүйектерінің остеомиелиті одонтогенді, травмалық, гематогенді, арнайы болып бөлінеді. 3 фазада өтеді: жедел ағымды, жеделдеу, созылмалы. Процестің жайылуына қарай шектелген, жайылған түрі бар. В. И. Лукьяненко (1968), М. М. Соловьев, И. Худояров (1970) шектелген, ошақты және диффузды түрлерін ажыратады. ІІІектелген остеомиелитте процесс 2—3 тіс пародонт тұсында орналасады. Ошақты түрінде процесс альвеолды өсіндімен қоса жақ сүйегінің денесі мен бұтағының бір жерінде орналасады. Диффузды түрінде жақ сүйегінің жартылай немесе толық тотальды зақымдану белгісі болады.

Соңғы жылдары дене температурасы көтерілмей, жаланкөз түзілмей атипті түрде өтетін остеомиелит жиі кездеседі. Бұл остеомиелиттің біріншілік түріне жатады.

Одонтогенді остеомиелиттің көптеген жіктеулері анықталған. Ең толықтауы Н. М. Александров (1954), Г. И. Семенченко (1958), В. И. Лукьяненко (1968), М. М. Соловьев, И. Худояров (1979) жасаған жіктелу.

Н. М. Александров (1954) созылмалы остеомиелиттің өршуін ажыратып, процестің асқынуы бар-жоғын көрсетеді.

В. И. Лукьяненко (1968) созылмалы остеомиелитке аурудың ауырлық дәрежесін (жеңіл, орташа, ауыр) көрсетуді ұсынады.

А. Г. Шаргородский (1985) созылмалы остеомиелиттің продуктивті немесе деструктивті процеспен қосылуын ажыратады.

32.Балалардағы тістердің жарақаттарының туындауына әсер ететін факторлар. Тістердің жарақаты – бұл тістің, оны қоршаған тіннің анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы немесе тістің тіс қатарындағы тұрған орнының өзгеруі. Бірмезетте әсер етуші себептердің әсерінен болған жедел және ұзақ уақыт тіске үлкен күштің әсерінен болған созылмалы жарақаттарды ажыратады.

  1. 33.Балалардағы тістердің жарақаттарының жіктелуі. Тістің соғылуы (тамыр-нерв шоғырының зақымдануымен немесе зақымдануынсыз).

  2. Тістің шығуы

  • Толық емес (тамыр-нерв шоғырының зақымдануымен немесе зақымдануынсыз).

  • Енгізілген (тамыр-нерв шоғырының зақымдануымен немесе зақымдануынсыз).

  • Толық

  1. Сыну

  • Тістің сауытының сынуы: а) эмаль аймағында; б) эмаль және дентин аймағында тіс қуысының ашылуымен немесе ашылуынсыз

  • Тіс мойнының сынуы а) тіс түбінен төмен – қызыл иек қалтасының, тіс түбінен жоғары – қызыл иек қалтасының

  • Тіс түбірінің сынуы, улпаның жыртылуымен немесе жыртылуынсыз, сынықтардың: көлденең, ұзыннан, қиғаш, жарықшақтық ығысуымен немесе ығысуынсыз а) мойын аймағының, б) ортаңғы аймақтың, в)жоғарғы аймақтың.

  1. Жарақаттың бірлескен түрі

  2. Тістің ұрық жапырақшасының жарақаты

34.Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында дамитын аллергиялық ауруларның түрлерін және этиологиялық факторларын атаңыз. Көпформалы экссудативті эритема- жедел басталатын,жылдар бойы созылатын кең таралған ауру.5 жастан жоғары балаларда,жастарда,орта жастағы адамдарда кездеседі. Көпформалы экссудативті эритема (КЭЭ)- инфекциялық аллергиялық генездегі өзіндік жеке ауру не бірқатар медикаментозды препараттарды көтермеген жағдайдағы(антибиотиктер,сульфаниламидті препараттар, аспирин және т.б) токсикодермияның бір көрінісі болуы мүмкін.

КЭЭ 2 формасын ажыратады: 1.Инфекциялы- аллергиялық; 2. Токсико- аллергиялық.

КЭЭ инфекциялық аллргиялық формасы суық мезгілде ағзаның жалпы жағдайы төмендеген кезде жедел басталады.Көп жағдайда КЭЭ дамуына баспа себеп болады. КЭЭ токсико-аллергиялық формасына мезгілдік рецидивтер тән емес.Оның дамуы жалпы симптомдармен бірге жүреді.Оның пайда болуының және рецидивтер жиілігі науқастың дәрілік аллергенмен контактіде болуына байланысты.Зақымдалу ауырлығы және рецидивтер ағымының ұзақтығы ағзаның иммундық жағдайына байланысты.

Стивенс-Джонсон синдромы теріде және шырышты қабықшада генерализденген көпіршікті бөртпелердің болуымен сипатталатын,жедел дамитын токсико- аллергиялық ауру(басқаша аты жедел шырышты-терілік-көздік синдром).

Көктем-күз мезгілдерінде жасөспірімдер,мектеп жасындағы,сирек мектепке дейінгі балалар ауырады.

Лайелл синдромы: КЭЭ ең ауыр формасының бірі- Лайелл синдромы,не оны эпидермальды токсикалық некролиз деп атайды.Ауру жедел басталып тез өршді.Науқастың жағдайы өте ауыр болады,терісінде ірі эритематозды дақтар және көпіршіктер пайда болады.Эпидермис тері бетінен ажырай бастайды нәтижесінде,тері жабындысы жалаңаштанып,үлкен эрозиялы беткейлер түзеді.СОПР,көз,асқазан-ішек жолы,жыныс ағзалары,ішкі ағзалар,ЛОР ағзалары зақымдалады.

Медикаментозды стоматит.

Антибиотиктер,сульфаниламидті препараттар,анестезиялаушы заттар,вакциналар,қан сары сулары және т.б заттар ауыз қуысында да көрінетін жанама әсерлер беруі мүмкін.

Медикаментозды стоматит дәрілер жақпағанда не кейбір медикаменттерге сенсибилизация кезінде пайда болады.