Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детСтом эталончик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.32 Кб
Скачать

Пародонтальдық индекс (пи)

Бағалау

Клиникалық белгілері

0

Қабыну жоқ

1

Қызылиек жеңіл қабынған, бірақ тіс төңірегіндегі қызылиек толық қабынбаған.

2

Тіс төңірегіндегі қызылиек толық қабынған, бірақ тіс – қызылиек бекімі бұзылмаған.

4

Альвеола өсіндісінің қыры немесе тістераралық қалқан сүйектердің ұшы сорыла бастаған (рентгендік тексеру арқылы анықталады).

6

Қызылиек қабынған, пародонтальдық қалта бар, бірақ тіс қозғалмайды және шайнау қызметі бұзылмаған.

8

Қызылиек қабынған, пародонтальдық қалта бар, тіс қозғалмалы, орнынан ауытқыған, шайнау қызметі бұзылған (пародонт тіндеріндегі жоғары дәрежелі деструкциялық өзгерістердің нәтижесі).

ПИ = барлық баллдар қосындысы тістер санына

бөлінеді

ПИ = 0,1-0,2 – қызылиек клиникалық өзгеріске ұшырамаған.

0,1-1,0 – аурудың бастапқы сатысы және I дәрежесі;

1,5-4,0 – аурудың II дәрежесіне тән деструкциялық өзгерістер бар;

4,0-8,0 – аурудың III дәрежесі.

Қазіргі кезде ДДҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) эпидемиологиялық тексерулер жүргізген кезде қолдануға ыңғайлы және пародонттағы өзгерістерді емдеудің қажеттілігін көрсететін жаңа индекс (CPІTN) ұсынды.

ДДҰ индексі – CPІTN

Кодтары

0 – пародонт сау.

1 – қызылиек қанағыш.

2 – тіс тасы бар.

3 – тереңдігі 4-5 мм пародонтальдық қалта бар.

4 – тереңдігі 6 мм және оданда терең қалта бар.

Пародонттың жағдайы төменгі тістер тұсында тексеріледі

17/16 11 26/27

47/46 31 36/37

Кодқа байланысты емдеу қағидалары:

1 – ауыз гигиенасын сақтау;

2 – тіс шөгінділерін алу және ауыз гигиенасын сақтау;

3 – тіс шөгінділерін алу және кешенді емдеу (қалталарды ашық немесе жабық кюретаждау);

4 – тіс шөгінділерін алу және кешенді емдеу (қиықтап кесіп тазалау операциясын жасау, ортопедиялық емдеу әдістерін жүргізу.

Қарап тексеру кезінде қызылиектің түсіне, консистенциясына (тығыздығына) жете мән беру керек. Патологиялық үрдістің шектеулі (бір немесе бір топтағы тістер аймағында) немесе жайылмалы (көпшілік тістер аймағында) болуын да анықтау қажет. Қызылиекті сұқ саусақпен сипап басу арқылы қалталардан жалқық бөлінетінін де анықтауға болады.

Қызылиек сайын сүңгілеген кезде қабыну үрдісі бар болса, қанағыштық анықталады, ал қабыну үрдісі жоқ жағдайда қызылиек қанамайды.

Қызылиектің қанағыштығын 16,12,24,32,36,44 тістер тұсында анықтауды H.P.Muhlemann, S.Son (1971) жылы ұсынған. Қанағыштықты бағалау көрсеткіштері (критерийлері):

0 – қанағыштық жоқ;

1 – дәрежелі қанағыштық – қызылиек сайын сүңгілеген кезде нүктелі қан құйылу ошағы пайда болады;

2 – дәрежелі – қанды дақ пайда болады;

3 – дәрежелі – тісаралық кеңістік қанға толады;

4 – дәрежелі – қатты қанағыштық, қан бірден қызылиек сайын толтырып, сыртқа аға бастайды. Ескерте кететін жай, қанағыштық симптомы CPITN индексінің құрамына кіреді.

Пародонталдық қалталардың тереңдігін ДДҰ ұсынған арнаулы (d =0,5 мм) градуирленген (милиметрлік өлшемдермен белгіленген) сүңгімен (-сурет), штифтермен немесе рентгенайқынды ерітінділердің көмегімен анықтайды.

Пародонттың қатты тіндеріндегі деструкциялық үрдістердің ауырлығын анықтауда рентгендік тексеру әдісінің маңызы зор. Осы мақсатта ауыз іштік және ауыз сырттық нысаналы ренгенографиялық,үлкейтілген панорамалық ренгенографиялық, ортопантомографиялық, визиографиялық, компьютерлік дентальді ренгенографиялық әдістер қолданылады. Пародонттың қабынуы кезінде рентген суретте сүйек тінінде қабынуға байланысты сорылу үрдісі байқалады және ол альвеола қырының қатты сүйек қабатынан басталып, кемік сүйекке ауысады, ал емдеу шаралары жүргізілмеген жағдайда тістераралық қалқан сүйектердің толық сорылуымен аяқталады.

Егерде ортопантомограф болмаса, пародонттың сүйек тіндері жайлы толық мәлімет алу үшін кемінде 4-6 рентгенсурет жасау керек. Рентгенсуретті арнаулы үлгімен (схемамен) 16,15; 21, 25, 26 және 41, 45, 46; 35,36 тістер аймағында жасаған өте тиімді болады.

18.Балалардағы жедел ұшықты стоматит ауруы туралы түсінік. Этиологиясы мен эпидемиологиясы жайында айтып беріңіз. ЖГС – біріншілік герпетикалық инфекцияның көрінісі, барлық АҚШҚ ауруларының ішінде бірінші орынды алады.

- 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалардың қарапайым герпесті вируспен инфицирленуі 60% құрайды,15 жаста -90 %.

- Әр 7-10 балада ЖГС рецидивтенуімен созылмалы формасына ауысады.

Жиі 6 айдан 3 жасқа дейінгі балаларда ЖГС жиі кездеседі.